Азаматтық тәрбие берудің әдіс-тәсілдері құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2013 в 19:47, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың маңыздылығы: Ұзақ жылдар бойы қалыптасқан балалар мен жастар ұйымдарының өз қызметін тоқтатуы, бұқаралық ақпарат құралдарының зорлық-зомбылықты насихаттауы, индивидуализм мен ішіп-жеп пайдалану психологиясы жастарды тәрбиелеу ісіне үлкен зиян келтіреді. Мәнді өлшемде азаматтық, натриоттық тәрбиенің ғана емес, сонымен қатар азамат-патриоттың жеке басын қалыптастыру идеясының беделі түсіп, оған сенім жойылды.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................3
1 Азаматтық тәрбие туралы жалпы сипаттама...............................................4
1.1 Жастардың азаматтық тәрбиесіндегі қазіргі кезеңдегі келелі мәселелер туралы....................................................................................................................4
1.2 Қоғамның және мемлекеттің азаматтық тәрбиеге тигізер әсері.............12
2 Азаматтық тәрбие берудің әдіс-тәсілдері құралдары...................................14
2.1 Сабақтың тақырыбы: қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері...............................................................................................................14
2.2 Азаматтық – отбасы өмірін өз деңгейінде сүре білу................................17
2.3 Азаматтық тәрбиені жеке тұлғаға сіңіру шаралары................................19
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................26

Прикрепленные файлы: 1 файл

Азаматтык тарбие.doc

— 406.00 Кб (Скачать документ)

Құндылық бағыттары — жеке тұлғаға қатысты ішкі және сыртқы ара қатынасының түрлі деңгейі мен формаларынан тұратын; жеке тұлғаның қоршаған дүниені, өзінің өткен өмірін, бүгінгісі мен болашағын, сондай-ақ, өзіндік "Мен" деген сезімінің мәнісін ұғынудың ерекше формалары; жеке тұлғаның дамуының когнитивті, эмоциялық-себеп-салдарлы және тәрбиелілік саласының бірлігі мен ара қатынасын білдіретін интегралды жеке тұлғалық қасиет құндылық бағыттары — адамгершілік сананың өте тиянақты және терең көрінісі, ол тек жекелеген іс-қылықтары мен себеп-салдарында ғана емес, мінез-құлық пен іс-әрекеттің бүкіл барысында көрініп, сананың жалпы бағыттылығында жеке тұлғаның бастапқы өнегелілік ұстанымын іске асырады. Мақсат пен міндеттерге сәйкес барлық тәрбиелік ықпалдардан тұратын болғандықтан құндылық бағыттарды жеке тұлғаның тәрбиелілігінің интегралды көрсеткіші.

Психологтар "құндылық" ұғымымен қоғамға қатысты әлеуметтік-тарихи мағынасы мен іс-әрекеттің белгілі бір құбылыстарының жеке тұлғалық мәнісін силаттайды. Олар құндылық деп, біріншіден, өнегелілік, жеке тұлғаның (адамдар тобының, коллективтің) және оның іс-әрекетінің нәтижесін; ал екіншіден, құндылық санаға қатысты адамгершілік пен арман-мұраттары, жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен бақыт ұғымдары сияқты түсініктерді айтады.

Кейбір зерттеушілер құндылық деп адамның мінез-құлқында көрінетін жалпы әлеуметтік бағыттылық деп түсінеді. Ал тағы бір зерттеушілер оны жеке тұлғаның қандай да бір әлеуметтік құндылықтарға субъективті қатынасы ретінде қарастырады. Ал енді біреулері "құндылық бағыттары" ұғымын психологиялық тұрғыдан ұғынады.

Д. Н. Узнадзе құндылық бағыттарды, бір жағынан, құбылыстардың белгілі бір семантикалық сипаттамасының, объектінің субъект үшін маңыздылығының санада көрініс тауып, санада бекемделу формалары ретінде қарастырса, екінші жағынан, іс-әрекетке әзірлік формасы ретіңде, тиісті жағдайларда жүзеге асатын сана мен іс-әрекет процестерінің бірлігі ретінде қарастырады.

Құндылық бағыттар адамның мінез-құлқының ең маңызды қозғаушысы болып табылады, оның іс-әрекетінің себеп-салдарын анықтайды. Адамның құндылық бағыттары мен мотиві арасындағы байланысын адамның қажеттілігін қанағаттандыруға, оны "заттандыруға", яғни қажетті объектіні табуға ұмтылысы арқылы түсіндіруге болады. А. Н. Леонтьевтің пайымдауынша, қажеттілік қанағаттандырылмайынша өзінің объектісін танымайды, ал ол объекті табылуы тиіс. Тек осындайда ғана қажеттілік заттық мағынаға ие болады, ал қабылданған зат қозғаушы және бағыттау іс-әрекетіне ие болып, мотивке айналады, Сонымен, адам үшін "жеке тұлғалық мәні" бар, яғни өз алдына құндылық болып келген зат қана оның іс-әрекетінің мотиві бола алады.

Құндылық бағыттары субъектінің іс-әрекетінің мотивін анықтайтын болғандықтан, олар сол іс-әрекеттітаңдау мен оның жүзеге асу барысына да әсер етеді, Осылайша құндылық бағыттары адам, оның қажеттіліктері мен қоршаған ортасы арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.

Сонымен, жеке тұлғаның құндылық бағыттарының әлеуметтік-этикалық мазмұнын қамтамасыз ететін іс-әрекеттің алуан түрлерінің интеграциясы, факторы болып табылады.

Теориялық-таным ретінде құндылық дегеніміз, біріншіден, объектіге деген когнитивті қатынасқа, яғни көңіл-күйі басымырақ, субъектінің бойында құндылық сана мен жалпы әлеуметтік мәдени факторлар әсерімен қалыптасқан, мақсат-мүддеден, ұнатудан, нұсқаулардан, тұратын қатынас. Екіншіден, ол — сананың ішіндегі құндылық "бағыттары" яғни логикалық-әдіснамалық параметрлер, олардың негізінде көзқарас, дәлелдің, білімді ұйымдастырудың формалары мен тәсілдері таңдалып алынады үшіншіден, санадағы құндылық — объективті шынайы заттық білім, ол дәл осы шынайылық, дұрыстық, ақпараттың арқасында қоғам алдында маңыздылық пен құндылыққа ие болады (А. А. Микешина).

Дүниетаным тек дүние туралы жалпы мағлұматтардың жиынтығы ғана емес. Ол, сонымен қатар, қоғамның саналы мақсат-мүдделері мен адамгершілік, әлеуметтік, гуманистік құндылықтар — өмірдегі мінез-құлықтың бағытын таңдауды, оның қоғам мен өз өзіне деген жауапкершілікті қатынасын анықтауы.

Жеке тұлғаның дүниетанымы қалыптасуының жолдары мен тәсілдері. Дүниетанымның қалыптасуы, педагогикалық процесс ретінде, объективті түрде әдіснамалық идеялардың реттелген жиынтығын оқушылар игілігіне айналдыруды талап етеді. Оқушылар материалистік диалектиканың мынадай заңдары мен категорияларын игерулері қажет: дүниенің материалдығы мен танымдылығы; қозғалыс — материяның өмір сүру формасы ретінде; материяның бірінші, сананың екінші болуы; қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі; себепті байланыс — болмыстың жалпы заңы; сандық өзгерістердің мөлшерден шығып кетуі мен олардың сапалық өзгерістерге айналуы; дамудың толассыздығы мен толасуы; себеп пен салдар диалектикасы; құбылыс — мәнділіктің көрінісі ретінде; мүмкіндік пен шындық; практика — таным негізі, ақиқат критериі.

Дүниетаным қалыптасуының біртұтас процесі білім берудегі бірізділік пен оқу пәндері арасындағы байланыс арқылы жүзеге асады. Білім беру, процесс ретінде ұстаз бен оқушының бірлескен іс-әрекетімен сипатталады, іс-әрекеттің мақсаты — оқушыларды дамыту, олардың бойында білім, білік, дағдыларды, яғни нақты бір іс-әрекеттің жалпы бағыттық негізін қалыптастыруы.

Аналитикалық-жүйелік іс-әрекеттің  нәтижесінде (түсінікте, арман-мұраттарда, теорияларда) білім де, іс-әрекет әдіс-тәсілдері де бар. Бұл сананың әртүрлі жақтары, бірақ бұл процесте ең басты орында білім тұрады. Осының барлығы оқушы бойында білім мен білікке қоса ойлау мен әрекет ете алуды дамытуды талап етеді, ғылыми білім құрылымында екі деңгей бар: эмпирикалық және теориялық. Олар объективті болмысты көлемірек, тереңірек және толығырақ суреттеуі бойынша ажыратылады. Дүниетаным жекелеген білімдерден емес, заманның талабына сай білімдердің құрылымын қамтитын, әдіснамалық идеялар, теориялар мен принциптер негізінде ұйымдастырылатын жүйе. Оқушылардың меңгерген білімдер жүйесі әрдайым қозғалыста болады, басқа жүйелермен қатынасқа түсіп, оларды пайдалану міндеттеріне сәйкес жалғасады.

Білім беру — оқушылардың ғылыми білімдерді, білік пен дағдыларды меңгерудегі, шығармашылық қабілеттілігінің, дүниетанымы мен адамгершілік-эстетикалық көзқарастарының дамуындағы белсенді оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру мен ынталандырудың мақсатты педагогикалық процесі. Оқыту, адамның іс-әрекетін белгілі бір білімдерді, білік пен дағдыларды меңгерудің саналы мақсаты билеген кезде қызмет-әрекет ретінде жүзеге асады. "Түсініктерді, ұғымдарды, заңдарды оқушылардың басына жаттанды түрде сіңіруге болмайды. Оларды оқушының өзі, мұғалімнің басшылығымен, көмегімен қалыптастыруы қажет. Түсініктердің пайда болуы, заңдарды жете түсіну — оқушының ойлау мен іс-әрекетінің белсенді процесі" (М. Н. .Скаткин).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Білімнің мазмұны өмір талабына, дүниежүзілік стандартңа сай дамып, қоршаған ортаға байланысты материалдардан нәр алады. Білімнің мазмұны — өсіп келе жатқан ұрпаққа не үйрету, сондай-ақ оқыту мақсатын анықтау туралы мәселелерді шешуге байланысты. Осыған орай мектепте Л.Н.Толстойдың айтқанындай "Қайда, қашан, кімді және не үшін оқытады?" деген сұрақтарға қарай оқытудың мазмұны туралы мәселе әр қилы шешіледі. Бұл сұрақтарға тағы бір сұрақ қосуға болар еді. "Кім оқытады?" Білімнің мазмұны ұстазға да байланысты.

Білімнің мазмұны шәкірттердің ақыл-ойын, дене күш-қуатын жан-жақты дамыту, дүниеге ғылыми көзқарастарын қалыптастыру және оларды қоғамдық өмірге, еңбекке дайындауға қажетті негіз болатын білім мен іс-керліктің және дағдының көлемі мен бағыты. Білімнің мазмұны өмір өзгерісімен ұштасып жатады, қоғамның талап тілегіне сай болады.

Қазіргі жалпы білімнің мазмұны білім, іскерлік, дағдының бүгінгі ғылыми ілімге сай болып, ғылымның әр саласынан пәндер арқылы шәкірттерге дәріс беретіндей мүмкіндік беріп, жоғары білім алуға немесе өмірге дайындау, шәкірттерді өндірістік қарым-қатынасқа үйрету,  мамандық таңдау, білімін үздіксіз жолмен дамыту, ғылыми техникалық революциядан қалып қоймау, бүгінгі компьютерді игеру, интернет жүйесін меңгеру, өмірге саналы көзқараспен қарау т.б. Қысқасы жалпы орта білім беру дегеніміз — жастарды өмірге дайындау. Білімнің мазмұны - өмір мектебі. Соны игеру керек. Ғылыми техникалық революция ғылымға, білімге есер етеді, ал білім, ғылым сол революцияны іске асырады.

Жалпы орта білімнің мазмұнын анықтайтын білімнің көздері бар. Білімнің көзі дегеніміз - бұлақтың көзіндей бірімен-бірі диалектикалық тұрғыда байланыста болатын жүйелі ғылым, дін, мәдениет, өндіріс, рухани байлық, әлеуметтік қатынас тәжірибесі, әр түрлі қоғамдық сананың түрлері мен мазмүны т.б. салалар. Осы салалар ғылыми түрде зерттеліп, сарапталып оқушыларға пән ретінде ұсынылады.

Шәкірттерге берілетін пәндік сабақтары білімнің мазмұнын құрайды. Олар тарихи, әлеуметтік тұрғыда сарапталып оқулықтарға енгізіледі. Политехнизм, компьютерлендіру, интернет т.б. білім мазмұнының көздеріне жатады.

Оқу жоспарларын, бағдарламаларын, оқу құралдарын, оқулықтарды балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне сай жасайды. Сондықтан бүгінгі күні бастауыш сыныпқа арналған базистік оқу жоспарларынан басқа жоғары сынып оқушыларына арналған 25 вариантты оқу жоспарларын қабылдап, пәндерді тереңдетіп оқуға үйретіп жатырмыз;

Қазақстан жағдайында 2002 жылғы деректер бойынша көптеген ұлттық мектептер: оның ішінде 3389 қазақ, 2505 орыс, 2066 аралас, 99 өзбек, ұйғыр, неміс, дүнген, кәріс, поляк тілінде жұмыс істеуде, сөйтіп жалпы орта білім беруге өз үлестерін қосуда. Ана тілінде жоғары білім алғысы келгендер қалаған елде білімдерін жалғастыруға мүмкіндіктері бар. Президенттің "Болашақ" бағдарламасы бойынша да білім алып, шетелдерде оқып жүрген жастар баршылық.

Білімнің мазмұны шәкірттердің ақыл-ойын, дене күш-қуатын жан-жақты дамыту, дүниеге ғылыми көзқарастарын қалыптастыру және оларды қоғамдың өмірге, еңбекке дайындауға қажетті негіз болатын білім мен іскерлік және дағдының көлемі мен бағыты оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары оқулықтарында берілген.

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Бейсенбаева А.А. Теория и практика гуманитарного школьного образования. Алматы. 1998г.
  2. Джадрина М.Ж. Дидактические аспекты дифференциации содержания школьного образования. Алматы 2000г.
  3. Дидактика средней школы. Под. Ред. М.Н. Скаткина М.1982г.
  4. Жампеисова К.К. Формирования основ педагогической культуры старшеклассников. Дисс. доктора пед.наук, Алматы. 1996г.
  5. Леднев В.С. Содержание образования. М.1989 г.
  6. Сериков В.В. Образования и личность. Теория и практика проектирования ледагогических систем. М. 1999г
  7. Скаткин М.Н. Проблемы современной дидактики. М. 1984г.
  8. Теоретические основы содержания общего среднего образования. Под ред. В.В. Краевского, И.Я. Лернер. М. 1983г
  9. Педагогика. Лекциялар курсы. - Алматы, 2003.
  10. Қазақ Совет энциклопедиясы. 12 томдық. - Алматы, 1973-1975.
  11. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Астана, 2000.
  12. Еукушкин В.С.Дидактика. - Ростов на Дону, 2003.
  13. Хрестоматия по педагогике. - М., 1972.
  14. Лихачев Б.Т. Педагогика. - М., 2000. 7.Айтмамбетова Б.Р. Совет мектебіндегі білім берудің мазмұны. 18-лекция. -Алматы, 1991.
  15. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы. - Алматы,1999.
  16. Бегалиев Т.Б. Педагогика. Қысқаша лекциялар курсы. - Тараз, 2002.
  17. Философия.   Жоғары   оқу   орны   студенттеріне   арналған   оқу   құралы. Алматы, 1992.
  18. Жарықбаев Қ.Б. Психология. Алматы, 1993
  19. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана, 1998
  20. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Екі томдық. Т.2. Ааматы, 1961
  21. Қазақстан Республикасының Білім беру заңы. Астана, 2000
  22. Выготский Л.С. Избранные педагогические исследоваыия. М., 1956
  23. Ашпматое Ш.,  Шаханов М. Төрт ана немесе туған жерге табан тіреу. //Егемен Қазақстан, 23 қырқүйек, 1995.
  24. Журнал «Ұлт тағылымы», 5-10 беттер.// №4, 2003 ж.
  25. Журнал «Педагогика», 37-38 беттер - №3-2007 жыл.

 


Информация о работе Азаматтық тәрбие берудің әдіс-тәсілдері құралдары