Қазақ тілі сабақтарындағы тіл дамыту жұмыстарын жүргізудің тиімді жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2013 в 20:08, доклад

Краткое описание

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің негізгі мақсаты - тіл дамыту, дұрыс, сауатты жазып, оқушының ауызша және жазбаша ойын грамматикалық және стилистикалық жағынан дұрыс сөйлем құрап, жүйелі сөйлеуге үйрету.
Қазақ тілін оқытуға байланысты тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі мақсаты – дұрыс, сауатты жазып, оқушының ауызша және жазбаша ойын грамматикалық және стилистикалық жағынан дұрыс сөйлем құрап, жүйелі сөйлеуге үйрету, сөздік қорын байыту.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тіл дамыту қазақ.ppt

— 1.64 Мб (Скачать документ)

Сөйлеу тілі –адамның  мәдениетінің,

ақыл – ойының даму  деңгейінің  маңызды 

 көрсеткіштерінің  бірі.

                                                    С. Жиенбайұлы.

 

 

 Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің негізгі мақсаты - тіл дамыту, дұрыс, сауатты жазып, оқушының ауызша және жазбаша ойын грамматикалық және стилистикалық жағынан дұрыс сөйлем құрап, жүйелі сөйлеуге үйрету.

 

Қазақ тілін оқытуға байланысты  тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі мақсаты – дұрыс, сауатты жазып, оқушының ауызша және жазбаша ойын грамматикалық және стилистикалық жағынан дұрыс сөйлем құрап, жүйелі сөйлеуге үйрету, сөздік қорын байыту.

 

«Тіл дамыту дегеніміз – тілдік  норманың жетілу, ширау, даму дәрежесі»  М. Балақаев.

 

Тіл дамыту –қазақ тілін оқытудың, білім мен тәрбие берудің ең маңызды да салмақты мәселесі. Ол арқылы жасөскінді тіл өнеріне баулу, туған тілінің қыры мен сырын терең меңгерту, ойын жатық та көркем етіп жеткізе білу, мәдениетті де сауатты жаза білу әрекеттері жүзеге асады.

Сөздік жұмысын жүргізудің де  бірнеше тәсілі бар, мен, мысалға  мына бір түрлеріне тоқталайын: 1. жаңа сөз үйретуде оның орысша  аудармасыен қоса суретін көрсетіп (сурет астында сол заттың аты  қазақша жазылады) оны бірнеше  қайталап оқытып, мағынасын түсіндірсе  бұл жұмыс әлдеқайда ұтымды  болып шығады.

2. Р.Ю. Мартынованың әдісі  бойынша қазақшадан орысшаға,  орысшадан қазақшаға; астынан-үстіне,  үстінен астына қарай оқыту  әдісін де пайдалануға болады.  Бұл оқытудың тиімділігі сөздер  қайталанып отырады. Мыс: Күз-осень,  сарғаяды – желтеют, салқын  – прохладно.

3. Сөздік жұмысын жүргізгенде  «Екі тілді қатар үйренейік»  ойынын пайдалануға да болады.  Мысалы: Вы – сіз, 

     След - із  

    Думай – ойла,

   Играй – ойна.

Жоқ – нет,

Лицо – бет.

Поэт – ақын,

Близко – жақын.

 

 

 

. 1. Сауалнамалық сұрақтар:

а) масайрау –

ә) пырақ –

б) бөкебай –

сөздерін тағы қалай айтуға  болады.

Қарсы мәндес сөздерді тауып  жаз:

Ұсақ –

Қуаныш –

Аптап –

Сөздердің мағыналас қатарын  тап:

Зор –

Сүтей аппақ –

Діңкесі құру –

ІІ. Сұрақ – жауап әдісі (ауызша)

«Ананың көңілі балада, баланың  көңілі далада» – мақалын қалай  түсінесіз?

«Көктем» – дегенде есіңе  не түседі?

«Көктем сәні» не?

Жазба жұмысы:

ІІІ. «Көктем» тақырыбына шығарма  жаз.

(оқушылар жұмысы )

2.  Жаңа сөздер арқылы сөз  тіркестерін құрастыру. Бұл әдіс  жаңағы атап өткен сөздік жұмысын  толықтыра түсетін әдіс. Жаңағы  өткен жаңа сөздік жұмысын  есте сақтау үшін сол сөздермен  сөз тіркестерін, сөйлемдер құратып,  оны дәптерлеріне жаздырып отыру  қажет. Сонда тіл дамыту жұмысы  тиянақты іске асады. Мысалға  алар болсақ:

 Қияр – огурцы

Алды – взял(-а)

Астында жазуы бар суретті  көрсетіп, жазуын оқытып, қиярдың  өзін(суретін) бір оқушыға беремін. Сосын оқушыларға  Мен не істедім? Немесе Саша не істеді? деген  сұрақтарды орыс тілінде қоямын, содан алынған жауапты қазақ  тіліне аударамыз. Міне осыдан  барып сөз, сөз тіркесі, сол арқылы  сөйлем шығады.

Мысалы: Мынау не?

Қияр, немесе  бұл-қияр

Қияр қайда? Немесе – Қиярды  кім алды?

Қияр Сашада немесе – Қиярды  Саша алды. Деп диалог сұрақ-жауап  құралады. Тағы бірнеше сұрақ-жауап  әдісімен осы сөздерді қатыстырып  бірнеше сөз тіркестерін құратып, сөйлемдер құрастыруға да болады.

 

 

3.Байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.   Орыс тілді сыныптағы оқушылардың сөйлем құрауда сөздердің орын тәртібін сақтауда көп қателік жіберетіндігі белгілі. Мысалы: Асқар алды алма. Саша саған берді дәптер.

Жеке сөздер арқылы мақал-мәтел, антоним, синоним, сөз тіркестері, идиомалық  сөздерді, хат, өмірбаян, рецензия жаздыру, стилъдік қатемен жүмыс істеу  арқылы сөйлем күратуға бағыт  береді.

Жеке сөздермен сөйлем кұрастырудың тиімділігі бар. Мысалы, жеке сөздерді бастауыш етіп сөйлем қүрату, бастауыштың зат есімнен болуын талап ету арқылы тыныс белгілерін дүрыс қоюға дағдыландыруға болады. Айталық, Абай - реалист ақын. Ол бүгін мектепте баяндама жасады. Биыл елге кіріс мол кірді деген сөйлемдердегі «Абай, ол, кіріс» деген сөздерді беріп, осылай сөйлем кұрату пайдалы болмақ.

Тіл дамыту жүмысында мақал-мәтел және сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құратудың да пайдасы зор. Бүл жүмыс түрі арқылы оқушының ойын көрікті айта білуге, мақал-мәтелдердің тіліміздегі көркемдік ерекшелігін, оның тәрбиелік мәнін ұгуға деген дағдыны қалыптастырады.

Оқушы мақал-мәтелдерді кірістіріп сөйлем құрау арқылы еңбекке, білім алуға, өнерге, жақсы әдеттерге үйір болуга, жаман мінездерден безуге, ұқыптылыққа, тазалыққа, достыққа, шындыкка байланысты нақыл сөздерді үйренуге жақын болады. Мысалы, оқулықтардан, дидактикалық материалдардан достық, оқу-білім, енер, еңбек, елі, жері, Отаны, адамгершшік жөніндегі мақал-мәтелдерді таптырып, оның мағынасын қалай түсінетінін айтқызып, шығарма жұмыстарында пайдалануға бағыт береді.

Біріншіден - мәдени, әдеби сөйлей білу нормаларына үйрету, яғни орфографиялық дағдыны меңгерте отырып, окушыға мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.

Екіншіден, лексикалық жүмыстар жүргізу арқылы оқушының сөздік қорын байыту, тілдің лексика жэне фразеология бөлімдерінен кеңірекбілім беру.

Үшіншіден, жаңа сөздер үйрету, сөздерді үйрете отырып, жаңа сөздер жасайтын формаларды меңгерту арқылы сөз бен сөздің байланысын, сейлем қүратып үйрету, сөйлемнің қүрылысын білдіру аркылы синтакеистік лексикадан білім беру.

Төртіншіден, оқушының ойын жазбаша дұрыс, сауатты жаңа әрі сөйлей білуге үйрету. Жалпы, сауатты жазу дегеніміз эріптерді тастамай, шатастырмай жазу, ягни оқушыға буындап оқыту, создерде буынға дүрыс бөлгізу. Буынды дұрыс меңгерген оқушы сауатты жаза алады.

НАЗАР 

АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА 

РАХМЕТ!


Информация о работе Қазақ тілі сабақтарындағы тіл дамыту жұмыстарын жүргізудің тиімді жолдары