Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2014 в 09:46, реферат
Еңбек тәрбиесінің әлеуметтік-экономикалық мәселелері адамзат қоғамының барлық даму сатысында зерттеу нысанасы болып отырды. Алайда жазу-сызуды білмеген, ғылым мен мәдениеттен мешеу дәуірдің өзінде де, балаларды еңбекке тәрбиелеу отбасы, тайпа мүшелерінің ортақ ісі болған. Демек, адамның өз ұрпағын еңбекке қоғамдық өмірге икемдеп үйретуі адамзат қоғамымен бірге жасасып келе жатқан тарихи процесс. Сондай-ақ әрбір халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі көптеген ғасырларға ұласқан өзіндік тарихи тағылымы мен ой-пікірлері, ғылыми-танымдық идеялары да бар.
Қазақ ғұлама-ағартушыларының еңбек тәрбиесіне көзқарастары
Еңбек тәрбиесінің әлеуметтік-
Тағы бір топ – диқандардың әулеті,
Ең керекті жұрт ол, биік дәулеті.
Қатынасып, ыңғайыңды бергейсің,
Ас-тағамнан еш кемшілік көрмейсің.
Одан жанның бәрі пайда табады,
Ішпек-жемек күллі дәмін алады, – деп,
өзара ұйымдасқан, ынтымақтас
диқаншы адамдар тобының бір-
Малшылыр бар берекелі іс тындырған,
Күллі жылқы алдарында мыңғырған.
Бәрі ақкөңіл, шыншыл, елдің адалы,
Адамдарға жоқ еш зиян, залалы.
Жемек, кимек, мінбек айғыр,байталдар,
Жүк таситын жануарлар, шайқалған,
Қымыз, сүт, май, ірімшік, айран, сүзбе, құрт,
Киіз, перде – қолдарында күллі құт.
Бұл адамдар құтты жандар, пайдалы, – деп, адамдарды бір-біріне жақсылық жасап, қайырымды болуға, еңбек адамдарын құрметтеп, бағалауға үндейді. Әдептілік, тәрбиелілік, білімділік адамға өзінің өмір сүріп отырған қоғамдық жағдайларының әсері арқылы қалыптасып, дамитындығын үлкен философиялық ой-тұжырымдарымен түйіндейді. Сондай-ақ адамдардың еңбек іс-әрекеті, кәсіби мамандығы да өзінің өмір сүрген қоғамдық ортасына, оның талаптарына тәуелді болатынын, адамның мінез-құлқы, көзқарасы, білімділігі, тәрбиелілігі, еңбексүйгіштігі т.б.қасиеттері де қоғамның даму деңгейіне сәйкес қалыптасатындығын дәлелдейді. Сондай-ақ, Жүсіп Баласағұни «Қолөнершілермен қалай қатысу жөні» деген толғауында:
Қолөнерші қолдарында түрлі өнер,
Қол өнерін пайдаланып күн көрер.
Бұлар да бір ең қажетті кісілер,
Жақын жүргін, көп-көп пайда түсірер.
Темірші, етікші, балташы, терішілер,
Сыршы, зергер, садақшы, жебешілер.
Бұл дүние ғажабын істейтұғын осылар,
Өнердің кереметтерін істейтұғын осылар.
Таусылмайды санын тізсең олардың,
Аңғар өзің, мен сөзімді доғардым, – деген толғауынан қолөнері үдерісіндегі еңбектің бір түрін меңгеру адамға өмірлік азық, рухани байлық екенін ескертеді, ол оқушылардың қоғамдық өмірден өз орнын таба білуге септігін тигізетінін, бұл еңбектің түрі оларды ізгілікке, еңбек
. Ұлы ағартушы Абай өзінің өлең-жырларында, қарасөздерінде жастарды адал еңбекке, отырықшылыққа, егіншілікті кәсіп етуге, өнер, білімге шақырды. Ол еңбекпен келген табыстың адал да дұрыс жолға бастайтынына, ақылмен істелген істің нәтижелі болатынына сенді:
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар
Еңбегің мен ақылың екі жақтап, –
деп жырлайды ақын. Адамның бойында жағымсыз қасиеттерді болдырмау үшін ұстаз оның ғылым мен білімге деген құмарлығын арттырып, дамыта түсуі қажеттігін өсиет етеді. Осыған орай ақыл мен еңбектің мәніне ерекше тоқталып, оларды адамның жеке басының басты ерекшелігі деп түсіндіреді. Сондықтан:
Бақпен асқан патшадан
Мимен асқан қара артық,
Сақалын сатқан кәріден
Еңбегін сатқан бала артық, –
деп ой түйіндейді. Ұлы ақын жастардан бір өнерді үйреніп, пайдалы іспен шұғылданып, адал еңбекпен мал табуды талап еткен еді. Саналы жастарға:
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан! –
деп қоғамның пайдалы бір азаматы болуды насихаттайды. Абай ел қыдырып, ас ішіп, аяқ босатар, жатып ішер жалқау жастарды сынай келіп:
Тәуекелсіз, талапсыз мал табылмас,
Еңбек қылмас еріншек адам болмас.
Қулық-сұмдық, ұрлықпен мал жиылмас,
Сұм нәпсің үйір болса, тез тыйылмас.
Зиян шекпей қалмайсың ондай істен,
Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас,
– деп, ұрлық түбі қорлық екенін ескертеді, адал тапқан мал мұратқа жеткізетінін, еңбек түбі зейнет екенін өнеге етеді.
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын, – деп, алға қойған мақсатқа жетуге кедергі, бөгет болатын адамның бойындағы талапсыздық, жалқаулық сияқты мінез-құлықтарды сынай отырып:
Адам болам десеңіз,
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз, –
деп, қоғамға пайдалы азамат болу үшін адамға қандай ізгі қасиеттердің қажет екендігіне ерекше тоқталды.
Қазақ халқының ағартушы демократы Ш.Уәлиханов «Қазақ туралы жазбалар» атты шығармасында: «...Көшпенді қыр қазағы үшін мал – ішім-жемі, киетін киімі, ол үшін мал бүкіл тіршілігінен де қымбат. Қазақтардың алғаш сәлемдесуі мына төмендегідей: «мал-жаның амандықта ма» дейтін лебізден басталатыны белгілі. Үй ішінен гөрі мал жөнінде алдымен хабардар болу көшпендінің тұрмысын сипаттайды» – деп жазады . Шоқан еңбекті: құнды еңбек, таза еңбек, табиғатты өзгертетін, адам оны өзіне жарататын – материалдық еңбек деп, бірнеше топқа бөледі. Бұның барлығы еңбек тәрбиесінің туындысы, сол арқылы әрбір жеке адамның көтерілген рухани биігі, байлығы, табысы деп ой қорытады. Қазақ даласында тұңғыш орыс-қазақ мектептерін ашып, оларға оқу құралдарын жазған ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин еді. Ол өзінің «Қазақ хрестоматиясы» және «Қазақ мектептерінде орыс тілін үйренуге басшылық» атты еңбектерінде еңбек тәрбиесін бірінші орынға қояды. «Өмірдің негізгі мәні – еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін мұқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат-ләззатын көре білу – кісіліктің басты белгісі», – деп, неғұрлым адам өз еңбегінің қоғамдық маңызын терең түсінсе, соғұрлым оның жұмысы нәтижелі, еңбегі жемісті болады деген пікірді алға тартады. Ыбырайдың «Қыпшақ Сейітқұл», «Киіз үй мен ағаш үй», «Дүние қалай етсең табылады», «Бай мен жарлы баласы», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Сәтемір хан», «Таза бұлақ» және т.б. әңгімелері еңбек тәрбиесі мәселесін көтереді. Мәселен, «Бай мен жарлы баласы» әңгімесінде жастайынан шаруаға араласқан, жас болса да өмір тәжірибесін көп көрген кедей баласы Үсен көбіне тәжірибеге сүйеніп, ақыл-парасатқа салып, көшкен елдің жаңа қонысын тауып алады. Ата-аналарымен аман-сау табысады. Мұндағы бай баласы Асан әке дәулетінің арқасында еш нәрседен хабары жоқ, бейқам өскен, ерке бала. Тіпті естіген, білгенін де көңіліне тоқымаған, ондайларды қажет деп ескермеген жалқау бала болса, ал Үсен кедей баласы, өмір мектебінің сара жолдарынан өткен, еңбек үстінде шыныққан еңбек адамы ретінде суреттеледі. Ы.Алтынсаринның «Сәтемір хан» әңгімесінде кішкентай ғана ақсақ құмырсқаның қайта-қайта құлағанына қарамастан қабырға арқылы үйдің төбесіне шыққанын көріп отырған Сәтемірге мынандай ой келеді: «Өзі ақсақ құмырсқа еңбектене отырып өзінің мақсатына жетті, ал мен болсам түк бітірмей өмір сүріп жүрмін. Маған мына құмырсқадан өнеге алу керек екен» деп, ақырында өз елінің ақылы толған патшасы болыпты. Бұл әңгімеден еңбек үлкен мұратқа жеткізіп, қуаныш әкелетінін, ол қуаныш қажеттіліктен туған мақсатқа жету идеясын көрсетеді. Ы.Алтынсаринның еңбек арқылы дүниетанымды қалыптастыру туралы көзқарасы қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Адам өмірінде еңбек бақыт, қанағат пен қуаныш әкеледі және еңбек адам өмірінің физиологиялық қажеттілігі болып табылады. Ы.Алтынсаринның көптеген шығармалары өмірдің мәні және мағынасы еңбекте екендігін дәлелдейді, ол адам өмірін еңбек әрекетінсіз мәнсіз деп есептейді. Еңбек әрекетінің біткені – өмірдің біткені. Ал біреудің еңбекгімен күн көру – арамтамақтың және ақымақтың, яғни адалдық қасиеттің жоқтығы.. Ы.Алтынсарин адал еңбек етуді, қанағат қыла білуді адамгершілік қасиет деп санады. Оның «Біз өзіміздің адал еңбегімізбен тіршілік етіп отырмыз дей алатын адам – шын бақытты адам» дегені соның нақты айғағы. Ыбырай өзінің осындай тәрбиелік мәні зор әңгімелерінде, жалқаулықты айыптап, алғырлықты, өнерге, еңбекке бейімділікті марапаттайды. Жеткіншек ұрпақты еңбекке тәрбиелеуде ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы ағартушы-педагогтар мен қоғам қайраткерлерінің ой-пікірлері мен педагогикалық идеяларының алатын орны ерекше. Олар: Ш.Құдайбердиев (1858–1937 ж. ж.), А.Байтұрсынов (1873–1938 ж. ж.), Ж.Аймауытов (1889–1931 ж. ж.), М.Жұмабаев (1893–1938 ж. ж.), М. Дулатов (1885–1935 ж. ж.), С.Торайғыров (1893–1920ж. ж.). Осы аталған ағартушылардың шығармашылық мұраларының басым бағыты қазақ халқының жеткіншек жас ұрпақтары мен азаматтарын еңбекке тәрбиелеу арқылы жан-жақты жетілген жеке тұлғаны қалыптастыру болды. Мәселен, Ш.Құдайбердиев «Міндеу мен күндеу» деген өлеңінде жастарға былайша ой тастайды:
Ерінбесең еңбекке дәулет дайын,
Жаратқан жоқ жатсын деп бір құдайың.
Ойласын деп ой берді, көруге – көз
Аяқ берді, тапсын деп басқан сайын.
Ақын жастарға «Өмірдегі байлық пен бақыт еңбекпен келеді, тек талаптанып, талпынсаң, ерінбей еңбек етсең ғана ол сенің қолыңа өзі келіп қонады. Үнемі біреуге телміріп көзіңді сатып өміріңді өткізбей маңдай теріңмен, адал мал жина. Абай айтқандай, «егіннің ебін, сауданың тегін үйрен», «қолөнерін кәсіп қыл, мал жұтайды, өнер жұтамайды, ол болашақ ұрпағыңа өмірлік азық болады», – деп ақыл-кеңес береді. Шәкәрімнің бұл ойын мына бір өлең шумақтары нақтылай түседі:
Егін сал, не сауда қыл, малыңды бақ.
Білім білмек – әр іске шебер болмақ.
Қолөнерден пайда қыл үйреніп-ақ.
Кетпес дәулет осы ғой.
Қолөнер – өзің өлсең, бірге өледі.
Сондағы қалғандар үйренеді.
Сен кетсең де өнерің елде қалып,
Талай жайға азық пен мал береді.
Бұл өлеңі арқылы қазақ
халқының балаларды еңбекке
Ел үшін еңбек етсең, халқың сүймек,
Біз үшін отқа, суға түсіп жүр деп,
Ер өлсе де, еңбегін ел өшірмес,
Неше мың жыл өтсе де, тарих білмек!
Немесе:
Адамды бағындырудың асылы еңбек,
Түбінде еңбексізді еңбек жеңбек.
Тұрмыс диірмен тасындай айналады,
Бүгінгі өр зорлыққа кезек келмек!
деген шумақтарынан да көреміз.
С.Торайғыров еңбекті қоғамдық-ұжымдық жұмыс ретінде де алып қарайды. Еңбек пен ұжым біртұтас, ақын-ағартушы өз әңгімелері мен ой-пікірлерінде бұл ұғымдарды бөлмейді. Болашақ ұрпақ үшін жақсы оқу елдің жалпы еңбегіне қосқан үлесі болып табылады, сондықтан С.Торайғыров өзінің барлық мақалаларында, көркем шығармаларында жастарды білім мен ғылымды табандылықпен меңгеруге, Отанның халық шаруашылығы мен мәдениеттің барлық салалары үшін білікті мамандарды күтіп отырғанын есте ұстауға шақырады. Мысалы:
Өнерлі ел бар мұқтажын жерден ембек,
Өнермен техникалы жұмсап еңбек,
А, құдай, өзі берден түк шықпайды,
Талаптанып, талпынсаң сонда бермек.
Алдыңғы ел малға емес, жерге сенбек,
Бар мұқтажы адамның жерден өнбек.
Басқаға малайлыққа жеккен күшті,
Жұмсасаң өзің үшін шындап терлеп,
Өнерге сай боп келсін бірлік, ерлік. С. Торайғыровтың ойынша, нақ осы тәрбие құралдары арқылы адамды еңбек өміріне даярлау, еңбекке деген дағдысын, сүйіспеншілігі мен құрметін дамыту, еңбек ләззатын ашып көрсету қажет.
Демек, «еңбек тәрбиесінің халықтық дәстүрлері – қазақ халқының тарихи, әлеуметтік-экономикалық даму барысындағы еңбек туралы өткендерден мұралыққа қалдырылған халықтық түсінік пен озық идеяларды пайдалану нәтижесінде жеткіншек ұрпақты дәстүрлі еңбекке тәрбиелеу үдерісі», – деп анықтауға болады. Ғасырлар тоғысында дербес елге айналып, саяси, мәдени, әлеуметтік-экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылып жатқан қазақ халқы жас ұрпақты дәстүрлі еңбекке тәрбиелеуге өте үлкен ыждағаттылықпен қараған. Мың жылдық тарихы бар адамзат қауымының қоғамдық құрылыс кезеңдерін басынан өткізіп, сан алуан нәубеттерге, қырғын соғыстар мен төңкерістерге, қитұрқы саясат пен мәңгүрттік моральға ұшырағанына қарамастан, қазақ халқы өзінің дәстүрлі шаруашылығы мен моральдық-этикалық көзқарасын жоғалтпады. Табиғи жаратылысына тән мінез-құлқы, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі ұрпақтан ұрпаққа жалғастырылып отырды. Сайын даланың азаматына тән еркіндік пен тәуелсіздік, қажырлылық пен төзімділік, еңбексүйгіштік пен кәсіпкерлік, еңбек адамын құрметтеу, табандылық, байыптылық, мейірімділік пен парасаттылық, сабырлық пен қанағатшылдық тәрізді қазақи ұлттық қасиеттер сақталды. Мұндай қасиеттерді қалыптастырған ұлттық тәрбиенің үлгілі дәстүрлері мен оның сол кезеңдегі халықтық идеясындағы мақсат, мұраты болса керек. Сол мақсатының ең бастысы, негізгісі – еңбек тәрбиесі. Қазақ халқының жеткіншек ұрпақты еңбекке тәрбиелеу тәжірибесінде әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени жағдайына байланысты мына төмендегідей кәсіби шаруашылығының салалары қалыптасты. Олар: мал шаруашылығы, диханшылық, аңшылық, күнделікті тұрмыстық шаруашылық, қол өнері. Осындай шаруашылық салаларына байланысты еңбек түрлері пайда болды. Олар: мал шаруашылығына байланысты қалыптасқан дәстүрлі еңбегі: жылқышы, қойшы, сиыршы, түйеші; диханшылыққа байланысты қалыптасқан дәстүрлі еңбегі: дихан, бағбан, сушы, т.б.; аңшылыққа байланысты қалыптасқан дәстүрлі еңбегі: саятшы, құсбегі, балықшы; күнделікті тұрмыстық шаруашылыққа байланысты қалыптасқан дәстүрлі еңбегі: тігінші, аспазшы, тоқымашы, етікші, арбашы, есікші, құдықшы, сатушы, су тасушы, диірменші, сабыншы, емші, оташы; қол өнерінде қалыптасқан дәстүрлі еңбегі: зергер, ұста, үйші, ағашшы.
Әдебиеттер
1. Қорқыт ата. /Аударған Ә. Дербісалин. – Алматы, «Қазақстан», 1993. – 108 б.
2. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. – Алматы, 1973. – 318 б.
3. Баласағұн Ж. Құтты білік. /Көне түркі тілінен аударған және алғы сөзі мен түсініктерін жазған А. Егеубаев. – Алматы, «Жазушы», 1986. – 616б.
4. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. – Алматы, «Ана тілі», 1993. – 125б.
5. Уәлиханов Ш. Таңдамалы. – Алматы, «Жазушы», 1986. – 560 б.
6. Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Екі томдық шығармалар жинағы. – Алматы. 1986. – 640 б.
Информация о работе Қазақ ғұлама-ағартушыларының еңбек тәрбиесіне көзқарастары