Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2013 в 11:44, реферат
Алғашқы қазақ суретшілердің бірі Әбілхан Қастеев өзінің талантымен және жанқиярлық шығармашылығымен Қазақстанның бейнелеу өнері тарихындағы жарқын құбылысқа айналды. Оның есімі ұлттық тарихымыз бен мәдениетімізге өмірі мен талантын өз халқына толықтай арнап, шексіз беріле еңбек еткен Ш. Уәлиханов, М. Әуезов, С. Мұқанов Ш. Айманов, А. Марғұлан, Қ. Сәтпаев сынды атақты қайраткерлерімізбен қатар тұр.
Қазақ бейнелеу өнері мен қолөнерінің шеберлері
Алғашқы қазақ суретшілердің бірі Әбілхан Қастеев өзінің талантымен және жанқиярлық шығармашылығымен Қазақстанның бейнелеу өнері тарихындағы жарқын құбылысқа айналды. Оның есімі ұлттық тарихымыз бен мәдениетімізге өмірі мен талантын өз халқына толықтай арнап, шексіз беріле еңбек еткен Ш. Уәлиханов, М. Әуезов, С. Мұқанов Ш. Айманов, А. Марғұлан, Қ. Сәтпаев сынды атақты қайраткерлерімізбен қатар тұр.
Әбілхан Қастеев 1904 жылдың 1 қаңтарында Талдықорған облысының Жаркент ауданындағы Шежін ауылында кедей малшының отбасында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол байдың жалшысы болады. Жаркент қаласында, кейіннен Түріксіб теміржол құрылысында жұмыс істейді. Ол сол кездің өзінде үнемі сурет салып, өзінің дарыны мен шеберлігінің арқасында айналасындағыларды таң қалдырады. 1929 жылы тағдыр оны Алматыға алып келіп, екі жылдай Н.Г. Хлудовтың көркемсурет студиясында білім алады.
Ә. Қастеев 1930 жылы алғаш рет Мәскеуге сапар шегеді. 1934 ж. ол Алматыдағы көркемөнерпаздар слетіне, Абай портретін жазудан және оның шығармаларына иллюстрациялар жасаудан республикалық жарысқа, Мәскеудегі Мемлекеттік Шығыс халықтары мұражайындағы Қазақстан суретшілері туындыларының бірінші көрмесіне қатысады. Осы уақыттан бастап Әбілхан Қастеев халықаралық, бүкілодақтық, республикалық және қалалық көрмелерге тұрақты түрде қатысып отырады.
1934-1936 жылдары Әбілхан Қастеев Мәскеуде тұрып, Н.К. Крупская атындағы кешкі халық шығармашылығы көркемсурет студиясынан сабақ алады. 1937 ж. КСРО Суретшілер одағына мүшелікке қабылданады. 1930-1940 жылдар аралығында суретші «өткен өмірге» деген ойлары бейнеленген «Ескі және жаңа тұрмыс» атты үлкен акварельдік топтама жұмысын жазады. 1942 ж. Алматыда суретшінің шығармашылық қызметінің 15 жылдығына арналған тұңғыш жеке көрмесі өтеді. Осы жылы суретшіге Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері атағы беріледі. 1944 жылы ол Қазақ КСР Халық суретшісі атағын алады.
Әбілхан Қастеевтің шығармашылығы сан қырлы. Ол Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, Амангелді Иманов, тағы да көптеген қазақ халқының ұлы тұлғаларының портреттеріне бірнеше рет тоқталды. Акварельмен жазылған пейзаждары және кескіндемелік шығармалары топтамаларының мазмұны терең. Әр кезеңде салынған: «Қазақстан жерінде», «Тың туралы», «Республикамыздың жері мен елі», «Бесжылдық құрылысы», «Қазақстан байлығы» атты туындылары еліміздің көркем шежіресіне айналды.
1967 ж. Әбілхан Қастеевке
«Қазақстан жерінде» атты
Оның есімі республикамыздың көшелері мен мектептеріне, мұражайларына берілді. Солардың ішінде Шымкент көркемсурет училищесі, Жаркент қаласындағы өнер мұражайы, тағы басқалары бар. 1976 ж. Алматыда жаңадан ашылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер мұражайында ерекше жаратылған қылқалам шеберінің шығармашылығына арналған мемориалдық зал ашылды. 1984 ж. Мемлекеттік өнер мұражайына Әбілхан Қастеевтің есімі берілді. Оның туындылары Қазақстанның көптеген ірі мұражайларында, сонымен қатар Ресей, Украина және Қырғызстанда, алыс және жақын шетелдердің жеке жинақтамаларында сақтаулы.
2004 жылы қазақтың біртуар
суретшісінің туғанына 100 жыл толды.
Оның әрқашан да аса
ҚАСТЕЕВ Әбілхан (1904—1973) — қазақ
кескіндемешісі және акварельшісі, Қазақ
ССР-ы халқының суретшісі. Жаркент (қазіргі
Алматы облысы) қаласының жанындағы Шежін
ауылында дүниеге келген. 1929 жылдан 1931
жылдары Қастеев Н. Хлудовтың көркем студиясында
оқыды. (Н. Хлудовтың Қазақстанда тұрған
кезінде). Содан кейін 1934 — 1937 жылдары
Мәскеу қаласында Н. Крупская атындағы
көркем студияны жалғастырды. Танымал
туындылары: «Колхоздағы сүт ферма», «Мақта
жинау», «Колхоздың тойы», «Қыз алып қашу»,
«Сатып алынған қалыңдық», «Алтын астық»,
«Ақсай карьері», «Медеу мұз айдыны», «Түрксіб»,
«Талас жағалауы», «Қапшағай даласы».
Сонымен қатар Кенесары Қасымов, Абай,
Шоқан Уәлиханов, Жамбылдың портреттері
Ерекше танымал болып табылатын портреті
– «Амангелді Иманов»портреті. Әбілхан
Қастеевтің көп еңбектерін Алматы қаласы
Т.Г. Шевченко атындағы Қазақ көркем галереясынан
көруімізге болады. Қастеев есімі Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік өнер мұражайына
және Қазақстанның бірнеше қалаларындағы
көшелерге берілген. Ғалымбаева Айша Ғарифқызы.
1917/1918 жылдары туылған, қазақ кескіндемешісі
және кино суретшісі, Қазақстан халық
суретшісі (1967). Қазақ қыздарының арасынан
шыққан алғашқы суретші. Оның еңбектерінде
қазақ әйелдерінің көркем бейнесі талантты
және нәзік бейнеленген. Алматы көркемсурет
училищесін, одан кейін Мәскеу жалпыодақтық
кинематографистер институтының, мода
өнері факультетін бітірген. Суретшінің
кез-келген туындысынан халқының өнеріне
деген ерекше махаббатты көруге болады.
Негізгі еңбектері: «Батыр Ана», «Сәукеле»,
«Көктем және күз» және т.б. Ш. Уәлиханов
атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,
«Құрмет Белгісі» және Еңбек Қызыл Ту
ордендерінің кавалері . СИДОРКИН Евгений
Матвеевич – 1930 жылы Киров облысы Лебюжье
аулында туылған.1957 жылы Ленинградтағы
Репин атындағы архитектура, мүсін және
кескіндеме институтын аяқтағаннанкейін
Е.М.Сидоркин Қазақстанға келеді. Негізгі
еңбектері: «Ақсақал» (1959) линогравюрасы,
қазақ халық ертегілері тақырыбында автолитография
сериялары «Көңілді алдағыштар» (1959), М.
Әуезовтің «Абай жолы» (1960) романына иллюстрациялы
сериялар, «Қазақ эпосы» (1962), «Қазақтың
ұлттық ойындары» (1964) , «Сәкен Сейфуллинді
оқи отырып» (1965) әдебиетіне сериялар және
т.б. Сидоркин Е.М. Ш. Уәлиханов атындағы
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Қазақстандық
гарфика өнері жоғары наградаларға ие
болған (олардың ішінде Лейпциг және Краковтағы
алтын медальдар), беделді көрмелерге
қатысуы оның әлемдік деңгейдегі шеберлігін
таныту факторы ғана емес, Қазақстанды
әлемге танытуға бірден бір септігін тигізді.
Республикалық “Өнер” баспасынан көзі
тірі кезінде шыққан «Менің Қазақстаным»
атты альбомы сурет шеберінің соңғы альбомы
болып табылады. ИСМАИЛОВА Гульфайрус
Мансұрқызы . 1944 жылы (кезінде Врубелмен
оқыған) жастарды көркемсуреттің қыр-сырына
ғана емес, форма мен түсті шығармашылық
және сезімдік тұрғыдан қабылдай білуге
үйреткен көркемсурет профессоры А. М.
Черкасск көркемсурет училищесінің А
класына оқуға түседі. Ол өзінің қалауы
бойынша ұстазының көзінің дәлдігін, түс
құбылыстарының нәзік құбылуы, адам денесінің
әдемілігін түсіну, қоршаған ортаның формасы
мен бояуларын қабылдауды үйренуге талпынған.
Оның көп шығармаларына тән нәрсе — әшекейлеу.
Ұлттық костюмдер, сәндік бас киімдер,
сәндік бұйымдар, маталардың жеңілдігі,
олардың оюлары, заттардың әртүрлі формалары
– Исмаилованың тақырыптық әлемі.. Оның
еңбегі V Бүкілодақтық кинофестивальда
«Захар Беркут» ( А. П. Довженко атындағы
студия), «Рустам и Сухраб» («Тәжікфильм»)
эпикалық фильмдерінің қатысуына қарамастан
ең үздік еңбек болып табылған. Қазақ киносының
тарихында алғаш рет қазақ халқының ұлттық
киімдері, тұрмысқа қажетті заттары және
жауынгерлік жарақтары бейнеленген осы
фильмге арнап 1500-ден астам эскиздер жасады.
Одан кейін суретші әр түрлі қалаларда
жұмыс істеді. 1971 жылы Г. Исмаилова Абай
атындағы Мемлекеттік акдемиялық опера
және балет театрының бас суретшісі болып
орналасты. Ленинградта Сурет Акакдемиясында
өзінің жары С. Сидоркинді кездестірді.
Ол Исмаиловаға деген махаббатының арқасында
қазақ мәдениетін және Қазақстанды жақсы
көрді. Олар жасаған графикалық жұмыстар
Абай жолы романына жасаған иллюстрациялар
мен графикалық жұмыстар қазақ халқының
ділін, дүниетанымын ашып көсете білді.
Оған қазақ мәдениетіне сіңірген еңбегі
үшін Қаз ССР-нің Мемлекеттік премиясы
берілген болатын. Бақытты және үйлесімді
өмірдің жемісі ретінде дүниеге келген
ұлы – Вади екі суретшінің де қабілетін
бойына сіңірген ол да суретші. Ол алған
білімі бойынша кескіндемеші, ал өмірде
еткен еңбектері жөнінен алғанда суреттемеші.
Сондай-ақ портреттер салуды жақсы көреді,
өзін қызық әрі талантты суретші ретінде
көрсетті. 1956-57 жылдары Г. Исмаилова көркемсурет
училищесінде сабақ береді.Алайда тағы
да кинематографиямен айналысуна тура
келеді – бұл жолы Е.Аронның «Ботагоз»
картинасындағы басты ролді сомдау тиеді.
СЫДЫХАНОВ Әбдірашид Аронұлы – 1937 ж. Гурьев
облысы Кулагин ауылында дүниеге келген.
1965 ж. Н.В. Гоголь атындағы көркемсурет
училищесін бітірді.( Алматы қ). 1965 ж бастап
көрмелерге қатысушы.1967 ж ССРО СО мүшесі.
1965 ж. бастап Алмтыда жұмыс істейді. 1980
жылдары суретші өзінің суреттеме тілінің
стилін өзгертіп, көрермендер мен сыншылардың
жоғары бағасын алған: «Тон киген қыз»
(1981, ГТГ, Москва), «Бозторғай әні» (1982),
«Ақ бұлақ» (1986), «Әдемі інгенді сауу» (1987,.
Қастеев атындағы ГМИ, Алматы), сондай-
ақ «Өз күшіктерін жеген ит» (1988,. Қастеев
атындағы ГМИ ), шығармалары жарық көріп,
Каспий жағалауындағы республикалардың
Бакуде өткен на Биеннале көрмесінде алтын
медальмен марапатталды. 1986 жылы Ш. Уәлиханов
атындағы Мемелкеттік сыйлықтың лауреаты
атағы берілді. 1990 жылы, Қазақстан Республикасының
өнерге еңбек сіңірген атағы берілді.
Құрмет орденінің құрметті иегері, “Тарлан”
сыйлығының лауреаты болды. Оның еңбектері
Қастеев атындағы Мемлекетік өнер мұражайында,
Мәскеудегі Мемлекеттік Треьяков галереясында,
Польшадағы Хута Катовица мұражайында,
АҚШ-тағы Зиммерли мұражайында, Франция,
Швейцария, Англия, Жапония, АҚШ, Израил,
Лихтенштейн жеке коллекцияларында орналасқан.
ШАЯХМЕТОВ Кәмил Махмұдұлы – Қазақ ССР
өнерінің еңбек сіңірген қайраткері Н.
В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет
училищесін, Ленинградтағы Е. Репин атындағы
кескіндеме, мүсін және сәулет институтын
аяқтаған. Ю. Непринцевтен тәлім алған,
1956 жылдан бастап Алматы қаласында жұмыс
істеген. 1957 жылдан бастап, көрмелерге
қатысқан, осы жылдан бастап ССРО СО мүшесі.
1995 жылы Алматы қаласында дүние салды.
1970 жылдары Кеңес өнерінде суретшілердің
өмірдің мықты және терең көріністерін
бейнелеу, ірі жоспарлы шешімдерге талпыну
үрдісі едәуір артты. 70-жылдардағы шығармалары
— «Астық орушылар», «Көктемгі еңбек»,
«Қойшылардың өмірінен», «Даладағы ақ
қала», «Қойшы Рахымжановтың портреті»,
«Кәмшат Дөненбаева», «Қойшы Әлібек»,
«Комбайншылардың түскі асы» – Шаяхметов
таңдаған тақырыбы Қазақстанның еңбекші
халқын және табиғатын жырлау тақырыбына
арналды. Суретші шығармалары халықпен
және ұлттық дәстүрмен байланысты сезіну
қажеттілігінен туындаған. КЕНБАЕВ Молдахмет
Сыздықұлы – Қазақстан халық суретшісі,
В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет
училищесін аяқтады, В. И. Суриков атындағы
Мәскеу Мемлекеттік көркемсурет институтын
аяқтаған. Ф. Решетниковтен тәлім алған.
1956 жылдан бастап Алматы қаласында жұмыс
істеді. 1965-1980 жылдары – В. И. Ленин атындағы
Қазақ Мемлекеттік политехникалық институтының
сәулет-құрылыс факультетінің сурет және
кескіндеме профессоры, 1980 жылдан бастап
Алматы сәулет құрылыс институтының профессоры.
1949 жылдан бастап көрмеге қатыушы, 1955 жылдан
бастап ССРО СО мүшесі , 1993 жылы Алматы
қаласында дүние салды. Молдахмет Кенбаев
1950 жылдардағы суретшілер легіне жатады.
Ол өнерге бірден кірді. М. Кенбаев картиналары
халықтық сипатты кеңінен бейнелейді,
қазақ халқының салт-дәстүрін жырлайды.
М. Кенбаев суреттерінің көркемдік құнды
екендігін Мәскеудегі Мемлекеттік Третьяков
галереясы қоры және Ә. Қастеев атындағы
Мемлекеттік өнер мұражайында сақталғаны
дәлелдейді. М. Кенбаевтың үздік шығармалары-
«Асауды ұстау» (1961), «Әңгіме» (1957), «Қойшының
әні» (1956) – даланы өмірдің, әдеміліктің,
поэзияның бастауы ретінде жырлайды. Онда
адам мен табиғаттың үйлесімді бірігу
сезімінен туған қуаныш бейнеленген. М.
Кенбаевтың сіңірген еңбегі күнделікті
дәстүрлі әдемілікті көріп жырлай білгендігінде.
Оның суреттерінде қарапайым ғана көріністер
жер қожайынының және табиғаттың үйлесімді
әніне айналады. НАУРЫЗБАЕВ Хакімжан Исмаханұлы
– Қазақстанның алғашқы ұлттық кәсіби
мүсіншісі. 1925 жылы 25 тамызда Қостанай
облысында туды.1939 жылдан бастап, 1941 жылға
дейін Мәскеу көркемсурет мектебінде
сырттай білім алды. 1943 жылдан 1945 жылға
дейін Қаз ССР Кеңстік халық комитетінің
шақыруы бойынша Алматы көркемсурет училищесінде
оқып жүріп, мүсінші О. Кудрявцева және
С. Бесединаның шеберханасында жұмыс істеді.
Сол кісінің кеңесімен Мәскеу сәулет институында
оқып, бір жылдан кейін О. Кудрявцева және
С. Беседина шеберханасына Харків мемлекеттік
көркемсурет институтының мүсіндеме бөліміне
ауысады. 1951 жылы ол ХМСИ –ды үздік бітіріп,
«Атқа мінген Жамбыл» тамаша дипломдық
жұмыс жасайды. Сол жылы Наурызбаев Алматы
театр көркемсурет училищесінде мұғалім
болып қызмет атқарады. 1952 жылы ССРО СО
мүшесі болып, мүсіндеме бөлімін ашады
және 1964 жылға дейін шығармашылық шеберхананы
басқарады. Қазақ ССР халық суретшісі.
Алматы қаласындағы Абай Құнанбаев және
Ш. Уәлихановқа қойылған ескеркіштері
үшін Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығына
ие болды. Наурызбаев- қазақстан халық
суретшісі, профессор, Мемлекеттік сыйлық
лауреаты. ТЕЛЖАНОВ Қанафия Темір-Болатұлы
— Отандық мәдениеттің көрнекіт қайраткері,
Қазақстаннның бейнелеу өнерінің қалыптасуына
үлкен үлес қосушы. Телжанов 1927 жылы 1 мамырда
Омбы қаласында туылды, 1932 жылдан бастап,
Ленинградта тұрды. Суретшілік қызметін
Е. Репин атындағы суреттеме, мүсін және
сәулет институтының қабырғасында жүргенде-ақ
бастады. 1953 жылы институтты аяқтап, осы
жылы ССРО СО мүшелігіне кіреді. 1949 жылдан
бастап К. Телжанов барлық халықаралық
,бүкілодақтық, республикалық көрмелерде
— Венгрия, Чехословакия, Польша, Румыния,
Югославия, Финляндия, Бельгия, Болгария,
Индия, Цейлон, Ауғанстан, Бирма, Монғолия,
Канада, Швеция, Дания, Мексика және т.б.
елдердегі көрмелерге қатысқан. «Бабалар
жерінде», «Көкпар», «Домбыра үні, «Жамал»,
«Карлығаш», «Тыныштық», «Қазақстан 1918
жылы», «Алғашқы», «Күн сәулелі өлкеде»,
«ҮЙДЕ», «Жалын», «Әнші», «Ағым», «Шындық»,
«Бостандық», «Үміт», «Бақыттылар», «Абылай»,
«Бостандық үшін» және көптеген шығармалар
халыққа кеңінен танылған шығармалар
болды. Суретші шығармалары классикаға
айналған көп қырлы Қазақстанның өткені
мен қазіргісін терең философиялық түрде
бейнелейді.– Қазақстан Халық суретшісі
У. Таңсықбаев: » Телжанов картиналары
туған өлке қазақстан туралы әдемі әндер,
оның халқының жарқын болашағы үшін күресі
туралы «-деп бағалады. Қазақстан Республикасы
Ұлттық Академиясының академигі, Қазақстан
халық суретшісі, ССРО халық суретшісі
(1978). Тарихи және қазіргі заманғы тақырыптарға
арналған монуметтік шығармалары бар.
(«Әнші», 1967). Халықаралық Ғылым Академиясының
академигі, профессор. ДОСМАҒАМБЕТОВ Төлеген
(1940–2001). Қазақстан мәдениетінің біртұтас
кезеңі ұлттық мүсін өнерінің негізін
қалаушы Т.Досмағамбетовтің есімімен
байланысты. Қазақ халқының батырлық тарихын
бейнеленген оның жұмыстары республиканың
әрбір қаласында орналасқан. Олар Ақан-Сері,
Шоқан Уәлиханов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс
Жансүгіров, Ахмет Байтұрсынов, Мұхтар
Әуезов, Амангелді Иманов, Әліби Жанкелдин,
Ғани Мұратбаев, Қаныш Сәтпаев , Дінмұхаммед
Қонаевтың ескерткіштер және кеуде мүсіні
. Оның қаламынан Нұрсұлтан Назарбаев,
Олжас Сүлейменов, Бибігүл Төлегенова,
Әнуар Әлімжанов, Тоқтар Әубәкіровжәне
олардың ұлы замандастарының портреттері
туындаған Т.Досмағамбетовтің соңғы көптеген
жұмыстары Қазақстанның жаңа астанасы
– Астананың келбетін суреттеді. Ол Есіл
өзені арқылы өтетін көпірге орнатылған
– барыс мүсіні, Тағы бір мүсінді баланың
өмірін құтқарған қасқыр туралы аңызға
арнаған Ол мүсін Астана қаласының орталығында
тұр. Алматы көркемсурет училищесін және
Ленинград көркемсурет академиясын тәмамдаған.
Оқуын бітірген соң ССРО СО мүшесі болды,
ал 35 жасында респуликаның Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты және Қазақстан өнерінің
еңбек сіңірген қайраткері болды. Т. Досмағамбетовтің
өзі былай дейді: “Мүсін дегніміз – мыңдаған
жылдардың ескерткіші және әрбір суретші
өзіндік жаңалық қосуы керек”.
Информация о работе Қазақ бейнелеу өнері мен қолөнерінің шеберлері