Ағылшын сабағын қызықты өткізу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2014 в 10:21, доклад

Краткое описание

Сондықтан мұғалім оқушыны ынталандыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабақты төмендегідей жолдармен өткізуіне болады:
- Сабақта тақырыпқа байланысты схемаларды, кестелерді, суреттерді кең көлемде қолдану;
- Интерактивті тақтаны қолдану арқылы тақырыпқа қатысты слайд-шоу, бейнетаспаларды көрсету;
- Сабақты ойын түрінде өткізу;
- Сабақта техникалық құралдарды тиімді қолдану;

Прикрепленные файлы: 1 файл

хах1.docx

— 24.75 Кб (Скачать документ)

Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың қызығушылығын арттыруда қолданылатын тәсілдер.  
         Ағылшын тілі — халықаралық тіл. Ағылшын тілі Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Жаңа Зеландия, Аустралия және басқа елдердің ана тілі болып есептеледі. Одан басқа көптеген мемлекеттерде ресми тілі болып саналады.  
             Ағылшын тілі — БҰҰ-ның алты тілінің бірі болып саналады. Ағылшын тілі — дүние жүзіне ең кең таралған тіл. Алты құрлыққа кең тараған бұл тілде қазір 400 млн-нан астам адам сөйлейді. Қазақстанда да ХХ-ғасырдың 50-жылдарынан бастап Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде, өзге де жоғары және орта оқу орындарында ағылшын тілі оқытылып мамандар дайындалды. Жеке пән түрінде мектеп бағдарламаларына енгізілді.  
Елбасымыз өз жолдауында үш тілді меңгеру қазақстандықтардың өздері үшін міндетті шарт екендігін және 2020 жылға қарай ағылшын тілін меңгерген халықтың үлесі кем дегенде 20 пайызды құрауы қажет екендігін атап өтті.  
Қазіргі кезде мектептерде ағылшын тілін меңгеруге аса көп көңіл бөлінген. Барлық мектептерде дерлік ағылшын тілі бастауыш сыныптардан бастап оқытыла бастады. Мектеп оқушылары ағылшын тілінде еркін сөйлеуді мақсат етеді, себебі олар өзінің болашақ оқуы мен қызметіне шетел тілінің кажет екендігінін жақсы түсінеді.  
Қазіргі таңда ағылшын тілі мұғалімдерінің басты мәселесі оқушылардың шет тілін оқуға деген қызығушылығын дамыту. XXI ғасыр жаңа технологиялар ғасыры. Сондықтан қазіргі күні шетел тілін түрлі жаңа технологияларды қолдана отырып оқушы қызығушылығын арттыруға және шет тілін жылдам әрі тиімді үйреніп алуға болады.  
Сондықтан мұғалім оқушыны ынталандыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабақты төмендегідей жолдармен өткізуіне болады:

 
- Сабақта тақырыпқа байланысты схемаларды, кестелерді, суреттерді кең көлемде қолдану;

 
- Интерактивті тақтаны қолдану арқылы тақырыпқа қатысты слайд-шоу, бейнетаспаларды көрсету;

 
- Сабақты ойын түрінде өткізу;

 
- Сабақта техникалық құралдарды тиімді қолдану;

 
          Пәнге деген қызығушылықты арттыруда ең көп қолданылатын тиімді тәсіл сабақты ойын түрінде өткізу болып табылады . Сабақты ойын түрінде өткізу оқушылардың грамматиканы, лексиканы тез меңгеруге, сөйлеу және есту қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Сонымен қатар ойынды сүйіспеншілікпен мұғалімдер де, оқушылар да ойнайды. Себебі ойын балалар үшін еліктіргіш сабақ болып табылады. Ойын кезінде жақсы оқитын оқушылар да, нашар оқитын оқушылар да тең. Сол себепті ойын кезіндегі теңдік сезімі, оқушының тапсырманың қолынан келетінін сезінуі, еркін атмосфера әрбір оқушыға өз бойындағы ұялшақтық сезімін жеңуге, өз ойын еркін білдіруге, топта бірлесе жұмыс істеуге көмектеседі. Ойындар келесідей маңызды әдістемелік тапсырмалардың орындалуына мүмкіндік туғызады:  
1. Балалардың сөйлеу арқылы араласуына психологиялық дайындығын жасауға;  
2. Балалардың тіл материалын көп қайталауына табиғи қажеттілікті қамтамасыз етуге;  
3. Сөйлеудің жалпы алғанда күтпеген жағдайға дайындығы болып табылатын оқушылардың қажетті сөйлеу үлгісін таңдап алуға жаттықтырады.  
          Белгілі ғалым М.Ф. Стронин өзінің “Ағылшын тілі сабағында қолданылатын жаттықтырушы ойындар” кітабында ойындарды келесідей категорияларға бөлді: лексикалық ойындар, грамматикалық ойындар, фонетикалық ойындар, орфографиялық ойындар және шығармашылық ойындар.  
Сонымен қатар сабақта электронды кітаптарды пайдаланудың да маңызы өте зор. Себебі ол оқушының танымдық көзқарасын қалыптастыруға, ізденісін ұлғайтуға, шығармашылық қабілетін арттыруға, өзіндік жұмыстарды тез орындауға көмектеседі.  
         Оқу процесінде жаңа технологияларды қолдану аса маңызды. Өзімізге белгілі жаңа технологияларды қолдануға көп үлес қосып жүрген зерттеуші ғалымдар қатарына У.С.Полат, Е.Н.Дмитреева, С.В.Новиков, Т.А. Помелова жатады. Шыныменен жаңа технологияларды оқыту үрдісінде қолдану үлкен рөлге ие болып, барлық сфераларда қолданылуда. Интернет-технологиялар ақпаратты іздеуге, халықаралық ғылыми жобаларды әзірлеуге,ғылыми зерттеулер жүргізуге үлкен мүмкіндіктер туғызады.  
           Сондықтан ағылшын тілі сабағында оқушының оқу-танымдық көзқарастарын дамыту үшін, ең алдымен ағылшын тіліне деген қызығушылығын артырудың жолдарын іздестіруіміз керек. Сондықтан, тіл үйренушілердің тілге қызығушылығын арттыру ең біріншіден ұстаздарға байланысты.

             Білімнің бастауы - бастауышта, шет тілін оқытуды бастауыш мектептен бастау керектігі көптеген елдердің тәжірибесінде сүйене отырып бастаған еді. Сол мектептердің бірі- Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы «1 сыныптан бастап ағылшын тілін оқыту» бағдарламасы бойынша эксперимент өткізуде. Экспериментке екі 1-інші сынып қатысады. Сыныптар екі топқа бөлініп, аптасына екі сағаттан оқытылады. Оқу-әдістемелік топтамасы ретінде Кембридж баспасының Қазақстан мектептеріне бейімделген “Primary Colours 1” оқулығы алынған. Авторлары Диана Хикс және Эндрю Литлджон. Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Қазір ағылшын тілін білу – уақыт талабы.

         Бірінші жарты жылдың қорытындысы бойынша оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығы байқалуда. Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың білім –біліктілік, танымдық, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерін қолданамыз. Ойын әдісі арқылы оқыту олардың, пәнге деген қызығушылығын арттырады, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір оқушының жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттықтырады. Жақсы құрастырылған және де үздік әдіспен ұйымдастырылған ойын практикалық, тәрбиелік және дамытушылық жағынан оқыту тәсілі болып табылады.

           Ағылшын тілін үйрету барысында көбінесе әндерді қолданамыз. Ән тілдік қарым-қатынас құралы ретінде жаңа сөздер мен сөз тіркестерінен құралып, оны әуенімен қоса айтқанда оқушының сөздік қорының көбеюіне ықпал етеді. Ән, өлең тыңдау кезінде таныс лексика оқушы есінде тез жатталады. Шет тілінде ән айтып үйрену барысында оқушы дыбыстарды дұрыс атап үйренеді, сөйлемге дұрыс екпін қояды. Әнмен жұмыс барысында оқушының көңіл күйі көтеріліп, тілге деген қызығушылығы арта түседі.Сабақ барысындағы әндер жас ерекшелігі ескеріліп таңдап алынуы керек.

          Сонымен қатар электронды оқулықтарды да пайдаланамыз. Сабақта электронды оқулықтарды пайдалану арқылы оқушының шығармашылық қабілетін арттыруға, ізденісін ұлғайтуға, танымдық көзқарасын қалыптастыруға, өзіндік жұмыстарды тез орындап машықтануына негіздейміз.Электрондық оқулықта тәжірибелер мен басты кейіпкерлердің өмірі, анықтамалық сөздік, әр тарау бойынша тестік сұрақтар бар. Бұл мәлімет оқушылардың өзіндік ізденісін тудырады және осы бағытта жұмыс істеуге дағдыландырады.

           Оқушылдарының оқу-танымдық құзыреттіліктерін қалыптастыра отырып, танымдық іс-әрекет белсенділіктерін арттыру үшін, көрнекі құралдар, техникалық құралдарды жиі пайдалану қажет. Мұнда оқушыда кез-келген ақпаратты алғаннан кейін немесе мәтінді алғаннан кейін сол мәліметке қатысты өзіндік көзқарас туындайды. Яғни, адамның ішкі жан дүниесінде сезімдік, эмоционалдық із қалдырады, сол себепті мұғалім берілетін ақпараттарға жағымды қатынас туындатып, білімнің негізін қалайды.

          Оқушылардың таным белсенділігін ояту үшін, материалды ұмытпастай есте сақтау үшін көбінесе суреттермен жұмыс жасаймыз.

Оқушыға жалпыға бірдей қалыптасқан, дәстүрлі әдістермен әлемдік деңгейдегі озық технологияларды салыстыра, байланыстыра, өмір тәжірибесіне ұштастыра отырып білім беру, білімге дұрыс бағыттай білуге үйрету - әрбір оқытушының міндеті.

               Жетістіктерімізбен қатар қиыншылықтарымыз да бар дер едім. Қашан да жаңа бастаған істе көптеген кемшіліктер болары анық. Көш жүре келе түзеледі дегендей қателіктерді болдырмау мақсатында жұмыстар жасаудамыз. Ашық сабақтар өткізіп, сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырып, ағылшын тілі мұғалімдері бір-біріміздің сабақтарымызға кіріп тәжірибе алмасудамыз.Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың қызығушылығын ояту -басты мәселе. Шетел тілін меңгертуде қиыншылықтарды болдырмау үшін оқушылардың пәнге деген ынтасын әуестігін арттыру керек. Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткіземіз.

1.Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдаланамыз.

2. Сабақты түрлендіріп өткіземіз

3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдаланады.

4. Техникалық құралдарды тиімді қолданамыз

5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсетеміз. 
         Өзімнің жұмыс тәжірбиемде бүлдіршіндердің шет тілін өте тез қабылдайтынына және есте сақтау қабілеттерінің де жоғары болатындығына көзім жетті.

Бастауыш сынып оқушыларына шет тілін меңгертуде әр баланың психологиясына ауыртпалық түсірмейтіндей әр түрлі әдіс тәсілдерді тиімді қолдана білсең ғана сапалы білім бере алатынымыз хақ.

Қорыта айтқанда, шетел тілін меңгеру өте маңызды. Ол оқушылардың ой-өрістерін кеңейтеді, халықаралық достыққа, мәдениетке тәрбиелейді. Оқушының жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасауға бағыт алып отырған бүгінгі білім беру жүйесінде әлемдік стандарттар талабының негізгі компоненттерінің бірі деп танылған көптілдік оқытуға көңіл бөлу бүгінгі заман тапсырысы болып табылады. Шетел тілінің мұғалімі оқытудың жаңа технологиясын жан-жақты меңгеріп, соңғы жарық көрген ғылыми әдістемелік әдебиеттердегі тәжірибелі ұстаздардың оқыту әдістерін оқып үйреніп, оларды өз жұмысында орынды қолдана білуі керек. Елбасымыз Н.А.Назарбаев айтқандай “Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында”. Сондықтан біз-ұстаздар ХХІ ғасырдың біздің алдымызға қойып отырған барлық талаптарына сай болып, үздіксіз білімімізді көтеріп отыруымыз қажет.  
 


Информация о работе Ағылшын сабағын қызықты өткізу