Қашықтан оқытудың сапасын арттырудың жолдары мен мүмкіндіктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2012 в 11:43, реферат

Краткое описание

Қашықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және жекелеген қала (университет) шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу орындары ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде білімнің базалық және деректердің банкілік мәліметтеріне, клиент - сервер, мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші жүйелерге, электрондық оқулықтарға, оқу-әдістемелік материалдарға, қашықтықтан оқыту жүйесінің технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы уақытта оқыту тәсілдерінің ішінде кең тараған бес аспап әрі өміршең түрлері бола алатын оқулықтарға, бағдарламаларға еркін кіруге болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қашықтан оқыту.docx

— 30.58 Кб (Скачать документ)

 

Қашықтан оқытудың сапасын арттырудың

жолдары мен мүмкіндіктері

 «Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» өз бетімен ала алатын және алған білімін өмірдің түрлі жағдайларында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуына қамтамасыз ететін оқытудың жаңарған технологияларына көшу талабын қойып отыр. Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге сай оқытудың сапасын арттыру мәселесі жаңа оқыту технологияларын өз дәрежесіне сай қолдануға да тікелей байланысты.

Соңғы жылдары Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады. Стратегиялық проблемалар жөніндегі мамандар қашықтан оқыту формасын 21 ғасырдың білім беру жүйесі деп атап жүр. Бұрын технологияларға бағытталған қоғамдық прогрестің нәтижелері бүгінде ақпараттық аймақта орталықтандырылып жатқаны қашықтан оқытудың маңыздылығын арттырды. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін өркендетудің басты мақсаттарының бірі - оқушылардың кез келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Осылай еткенде ғана студенттердің бір елден екінші елге орын ауыстыруларына кедергілер туғызудан гөрі көзқарастар жүйелерінің бір арнаға тоғыстырылған идеяларымен қаруланып, білім беру ресурстарын өзара алмастыру жағдайында болашағы зор жаңа істерді өркендете түсуге мүмкіндік туады [1, 51б.].

Қашықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және жекелеген қала (университет) шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу орындары ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде білімнің базалық және деректердің банкілік мәліметтеріне, клиент - сервер, мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші жүйелерге, электрондық оқулықтарға, оқу-әдістемелік материалдарға, қашықтықтан оқыту жүйесінің технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы уақытта оқыту тәсілдерінің ішінде кең тараған бес аспап әрі өміршең түрлері бола алатын оқулықтарға, бағдарламаларға еркін кіруге болады.

Қашықтан оқыту (ҚО) - білім, білік дағдыларды алу үрдісі, бұл кезде оқыту процедураларының тұтас немесе белгілі бір бөлігі оқытушы мен студенттің территориялық алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады.         

Осы ережеде мынадай негізгі  ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

·        тьютор (Tutor) – білім алушылардың өзіндік жұмысына басшылық жасауды жүзеге асырушы қашықтықтықтан оқытуды оқытушы консультанты;

·        контент – ақпараттық толықтыру – мәтін, графика, мультимедиа және өзге де ақпараттық толықтыру;

·        тьюторлық сыныптар – компьютерлермен,  бейне мониторлармен және  басқа да ақпараттық коммуникативтік құралдармен жабдықталған сыныптар.

Білім алушыларды қашықтан оқытуға арналған оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету үшін қашықтық технологияларын қолданумен іске асырылатын  білім беру бағдарламаларының пәндері бойынша  электрондық оқу-әдістемелік кешен болуы керек.

Электрондық оқу-әдістемелік кешенін дайындауды  үлгілік оқу бағдарламаларына қатаң сәйкестендіріліп әзірленген,  бекітілген оқу жұмыс бағдарламасы бойынша  курсты әзірлеуші  жүзеге асырады.

Әрбір пәннің электрондық оқу-әдістемелік кешені  міндетті және қосымша комплектілерден тұруы керек.

Міндетті комплект мыналардан:

  1. үлгілік оқу бағдарламасынан;

 

 2. оқу жұмыс бағдарламасынан (пәннің мазмұны, күнтізбелік-тақырыптық жоспар, ұсынылатын әдебиеттердің тізімі (негізгі және қосымша), курстың модулдық бөлінуі,  қашықтық кеңестерін өткізу кестесі);

3.    дәрістердің  электрондық курсынан (дәрістерді жазу үшін аудио және бейне-кассеталар, CD-ROM дискілерді және т.б. қолдануға болады. Жаңа ақпараттық технологияларды атап айтқанда гипермәтін, мультимедиа  технологиясын қолдану арқылы дәрістерді көрнекі және мазмұнды түрде береді. Мұндай дәрістерді кез келген уақытта, кез келген қашықтықта оқуға болады);

4.     практикалық және семинарлық сабақтардың материалдарынан. ҚО семинарлары бейнеконференциялардың көмегімен жүргізіледі. Олар  пікірталасқа  оның дамуының кез келген жерінде кіруіне мүмкіндік береді және бұдан бұрынғы айтылған сөздерді оқып,  бірнеше қадам артқа қайта оралады. Оқытушы материалдың меңгерілуін пікірталасқа қатысушының белсенділік дәрежесі бойынша бағалай алады.

5.кеңестерден (телефон және электронды пошта, сонымен бірге телеконференциялар қолданылады);

6. зертханалық практикумнан (тапсырмалар, мысалдар, әдістемелік нұсқаулар, имитациялық үлгілеулер);

7.    студенттің өзіндік жұмысына және оқытушы–тьютордың жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалардан;

8. аралық бақылауды ұйымдастыру жөніндегі материалдардан (бақылау жұмыстары, тест тапсырмалары, жеке тапсырмалар);

9. қорытынды бақылауды ұйымдастыру жөніндегі материалдардан (емтихандық тестілеу тапсырмалары, емтиханға арналған сұрақтар, билеттер, емтихандық бақылау жұмыстары) тұрады.

Электрондық оқу-әдістемелік кешенін бағдарламалық қамтамасыз етілу функционалдылығы  мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес болуы керек.

Қосымша комплект курстық  жұмыстарды орындау жөніндегі әдістемелік  нұсқаулардан тұруы мүмкін; оқыту  сипатындағы компьютерлік  бағдарламалар, тренажерлар, репетиторлар, анықтамалық-әдістемелік материалдар, пәннің оқу материалдарын игеруге көмектесетін оқу және оқу-әдістемелік құралдарды және өзге де материалдарды орындаудың мультимедиалық нұсқаларынан құралады.

Қашықтықтан оқытудың сапасын арттыруда негізгі үш технология бойынша жүзеге  асырылуы  мүмкін:

·        желілік технология;

·        кейс-технологиялар негізінде қашықтықтықтан оқыту;

·        ТВ-технологиялар негізінде қашықтықтықтан оқыту (бейне дәрістер, теледидар дәрістері, радио-дәрістер, мультимедиалық дәрістер, бейне конференциялар, телеконференциялар).

Желілік-технология - білім алушы, оқытушылар, әкімшілік арасындағы интерактивті өзара әсері мен оның оқу-әдістемелік құралдармен жабдықталуын қамтамасыз етуде телекоммуникациялық желіні қолдануға негізделген;

Оқытудың желілік –технологиясына  жатады:

- Интернет желісін пайдалану;

-Электрондық поштаны пайдалану (электронды пошта тыңдаушыларға курстың негізгі мәселелері бойынша конфиденциалды хат жазысуға мүмкіндік береді);

-Телекоммуникациялық құрылғыларды пайдалану (мәтіндік файлдар, мультемедиялық технология, видеоконференция, телекөпір, онлайн-сабақ);

Қашықтықтан оқытудың сапасын арттырудың тиімді жолы мультимедиалық технолгияларды қолдану. Мультимедиалық технолгиялар мультимедиа өнімдерінің жасалу үрдісімен байланысты яғни, электрондық кітаптар, мүмкіндігінше энциклопедиялар, компьютерлік фильмдер [2, 9 б.]. Бұл өнімдердің өзіндік ерекшеліктері мәтіндік, графикалық, аудио-бейне, ақпараттық анимацияның бірігуі болып табылады. Мультимедиа технологиясы компьютерді тең дәрежедегі әңгіме-дүкен құрушыға айналдырып қана қойған жоқ, тыңдаушы үйден шықпай-ақ үлкен ғалымдар мен педагогтердің дәрістеріне қатысуына, өткен және қазіргі тарихи оқиғаларға куә болуына, әлемнің ең белгілі мұражайлары мен мәдени орталықтарына, жер шарының ең алыс және қызық түкпірлеріне сапар шегуіне мүмкіндік жасайды. Сондықтан бүгінгі уақытта мультимедиалық  технологияны қолдану сапасын, әсіресе шетелдермен желі арқылы білім алмастыруды арттыру керек.

Кейс-технология (ағылшынның сasе - портфель) - оқытушы-тьюторлардың дәстүрлі және қашықтықтан консультацияларды ұйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуальды және мультимедиалық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген.

Кейс технологиясын сапалы түрде оқытуда әдістемелік материалдармен іске асырылады.

Кейс-технологиясына арналған материалдар түрлері мыналар:

1.Әдістемелік нұсқалар. Оқу құралдары мен глоссарий. Оқушыларға оқу жоспарындағы пәндер бойынша электрондық тасымалдауышта (CD-ROM) оқу-әдістемелік материалдардың кешені (кейс) беріледі. Кешенді даярлауда ұжымдық  әдістер, жобалау әдістері пайдаланылады. Мұндай әдістер тыңдаушылардың белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін белсендіруге мүмкіндік береді.

2. Оқу, аудио, бейне материалдары.

3. Бақылау және емтихан материалдары.

4. Желілік тестілеу кешендерінен тұрады.

Қашықтықтан оқытуға арналған кейстердің сапалық қасиеттеріне курстың терминдері  мен ұғымдарына арналған гипертекстік құрылымды жатқызуға болады.

Гипермедиялық технологиялар  мәтінмен жұмыс істеудің және олардың бір-біріне хабар жіберуін ұйымдастырудың ыңғайлы мүмкіндіктерін жасайтын гипермәтіндік технологияларды дамыту болып табылады. Барлық қазіргі заман ақпараттық-анықтамалық жүйелер гипермедиа технологиясында жүзеге асады. Оқу мақсатындағы гипермедиа өнімдері үлкен көлемді материалды оқуға ғана емес, тыңдау, көру, материалды іріктеу, керекті жерін жазып алу, қажет рефераттарды дайындауға да мүмкіндік береді.

Кейстің құрамына белгілі  бір нормативті талаптар жоқ.  Кең таралған документтер мен дыбыс, анимация, графикалық кірістірулер, слайд-шоу пайдаланылады. Оқушы оқулықтың кез келген бетін  қағазға шығара алады, оқу материалдарына кез келген әдіспен қол жеткізе алады (Интернет, CD-ROM).

Қашықтан оқытуды ұйымдастырудағы маңызды кезең виртуальдық (синхрондық немесе асинхрондық) өзара іс-қимыл. Синхрондық өзара іс-қимыл студент пен оқытушының нақты уақыт режиміндегі қатынасты қарастырады. Бұл үшін  қашықтықтан оқыту жүйесінің чаттары немесе  бейне конференциялар қолданылуы мүмкін. Асинхрондық өзара іс-қимыл студент пен оқытушы нақты уақытта қарым-қатынаста болмаған жағдайда жүзеге асырылады, бұл жағдайда қашықтықтан оқытудағы байланыстар жіберу тізімдерінің немесе телеконференциялардың көмегімен электрондық пошта бойынша хат алмасу арқылы ұйымдастырылады.

Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады: туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау. Тыңдаушылар қашықтықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін  қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді темптегі  өз  бетінше жұмыс жасайды. Сондықтан тындаушылар өз бетінше жұмыстың 
техникасы мен әдістемесін, жоғарғы деңгейде білімді өз бетімен толықтыру негіздерін меңгеруі қажет. Сонымен бірге нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық  технологияның кұралдарымен жұмыс істей білуі тиіс [1, 49 б.].

Сонымен, қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы оқытушыларымыз бен окушыларымыз әлемдік ақпараттармен байланысуға, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шындауға зор мүмкіндік алады.

Қашықтықтан оқыту ақпараттық мәдениет деңгейі дидактикалық бағдарламалар білім саласында оқытуды басқару мен бақылауды автоматтандыру, студентке өз бетінше қайталанбайтын көпнұсқалы, көпдеңгейлі дидактикалық шарттар негізінде тапсырмалар беру, білім мен дағдыны объективті бағалау, ерекше ақпараттық материалдарды мультимедиалық формада беру, виртуалды өмірге енгізу т.с.с. жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізеді.

Оқытудың жаңа технологиясы қашықтықтан оқытуды пайдалану – сапалы білім негізі «Адам ұрпағымен мың жасайды», - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. «Надан жұрттың күні –қараң, келешегі тұман» ,-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ.

Сондықтан, қашықтықтан оқыту жүйесі Қазақстанда квалификациясы жоғары, интеллектуалдық сапасы күшті, кәсіби деңгейі дамыған, халықаралық деңгейдегі конкуренцияға төзімді қоғам құруға зор көмегін тиігізеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.    Журнал «Информатика и образование» //№ 2. -2006ж. (49-57 б)

2.   Журнал «Информатика негіздері» //№ 1. -2005ж. (9-14 б)

3.  Полат Е. С. Петров А.Е. Дистанционное обучение: каким ему быть? // Педагогика. - 1999. -№7. -С. 29-34.

4. Сайттар: www.e-gov.kz, www.albest.ru, www.tor.kz

 

 


Информация о работе Қашықтан оқытудың сапасын арттырудың жолдары мен мүмкіндіктері