Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2014 в 08:33, лекция
1. Сөйлесуді жүргізу өнері.
2. Қарым-қатынас әдебі.
3. Қарым-қатынастағы арақашықтықтың маңызы
11. Тақырып. Қарым-қатынас әдебі және тілдік қатынас
Дәріс жоспары
1.Сөйлесуді жүргізу өнері.
Ежелгі дәуірлерден бері адам баласы жанды сөздің әсер ету құпиясының сырын танып білуге ұмтылуда. Сөйлеу сәтінде ойды дәл айту, сөзді орынды қиыстыру және сол мезетте тауып айту қажеттілігі қазіргі дейін сөздің күшті қару ретіндегі рөлін артырады. Аристотель: «әрбір нақты пәнге қатысты сендірудің мүмкін болар амалдарын табу қабілеттігін туғызар» деп, сөйлеу мәселесіндегі басты назар аударатын тұсы – оның сендіру құралы екендігін айтады.
Мыңдаған жылдар аясында адамдардың өзара қарым-қатынасына қатысты мiнез-құлық ережелерi қалыптасқан. Олар орта ғасырлардан бастап этикет деп аталды. Антикалық дәуiрде-ақ адамдарды әсем мiнез-құлыққа арнайы баулуға көңiл бөлiне бастағаны белгілі. Сыртқы сұлулық пен адамгершiлiктiң үйлесiмiн ежелгi гректер “калокагатия” (грек тiлiнде “колос” – әсем, “агатос” – мейiрiмдi) деп атаған. Адамның сұлулығы мен күштiлiгiнiң үстiне әдiл, дана, өр, ақылды болуы талап етiлген. Дара тұлғаның ішкі мәдениетінің, сыпайылығының, адамгершілік қасиетінің айқын көрінісі деп саналатын сөз әдебі тіл қатудың, сөз жұмсаудың қоғам қабылдаған, жұртшылық ұйғарған, ұлттық сипатқа ие ережелері мен тәртібіне негізделеді. Бұлар сөз мәдениетінің этикалық сапаларын құрайды.
Сөз этикасына моральдық принциптерге, мәдени-ұлттық дәстүрге негізделген сөйлесу әдептері жатады. Сөз этикеті белгілі бір жағдаятта тілдесудің, сөз саптаудың тәртібіне тән ережелерді сақтауды талап етеді. Әдеп нормалары сабақтас екі жүйеден бастау алады: бірі – ұлттық этикалық ұстанымдар, екіншісі – жалпыадамзаттық этикалық құндылықтар. Қазіргі таңдағы этикалық нормаларды құрайтын бұл компоненттерді айыра білу – адамның өз ортасында дұрыс әрекет етіп, көздеген мақсатына жетуінің басты шарты. Сөз этикасы – дүниетанымдық, этикеттік компоненттерден және эстетикалық элементтерден тұратын күрделі құрылым. Әдеп адамдар арасындағы қарым-қатынастың жоғары мәдени деңгейде ұйымдастырылуының басты шарты болғандықтан, ол жеке субъектілердің адами құндылықтарды түсінуіне, оны сөз жүзінде ғана емес, іс-әрекетінде де көрсете білуіне байланысты.
2.Қарым-қатынас әдебі.
Қарым-қатынас әдебі
бойынша студенттерге сөз
Егер де «сырт киіміне қарай қарсы алып, ақыл-ойына қарай шығарып салуға» сүйенсек, адами қарым-қатынаста мән берілетін сөз – ойдың «сырт киімі» болғандықтан оларды таңдап, іріктеп қолдану керек. Әрине адамды сөзіне қарап бағалау жөн болмаса да бір жағынан оның сөзін ескермей адамға баға бере алмаймыз. Осы орайда Сократ: «Сөйлеп көріңіз, мен сіздің кім екеніңізді айтайын», - деген екен. Сөйлесуге дайындалу кезеңдері:
- не айтарыңды білу;
- мәліметтерді айтуда рет-ретімен келтіру;
- сөзбен кескіндеу;
- жадыда бекіту, есте сақтау;
- сөз сөйлеу.
Ал Цицеронның түйіндеуінше, сөйлесуді жүргізуде: тыңдаушылар назарын өзіңе ыңғайлау, іс мәнісін баяндау, даулы сауалдар туындату, қарсыластарыңыздың пікірін жоққа шығару, өз жеңісіңізбен аяқтау енеді.
Сөйлесу өзге адамдармен жылы да жағымды қарым-қатынас орнатуға және оны сақтауға мүмкіндік береді, әр түрлі салада жетістікке жетуге көмектеседі. Әріптесті қызықтыра отырып, оған әсер ету үшін, өз бағытына икемдеп, баурап алу үшін қажетті адаммен тіпті қарсыластармен сөйлесе білу үшін сөзді орынды үйлестіре білу аса қажетті.
Назар аударту – тілдік қарым-қатынас психологиясының негізгі тетіктерінің бірі. К.Д.Ушинскийдің бейнелі сипаттауынша, назар аудару – адам сана-сезімінің есігі іспеттес, сөз басында оны жайлап сыналап аша отырып, сөйлеуші арнайы амалдарға жүгінеді, оны сөз сөйлеудің басынан аяғына дейін ашық қалпында ұстауға ұмтылады. Бұл арада бірден –бір тиімдісі – мұқият болуға тікелей шақыру да; әсерлі жағы – композициялық, тілдік және әдістемелік амалдарға жүгіну.
Сөйлеуші сөз сөйлеуге қолданатын құралдар: дыбыстық, визуальдық, тілдік (вербальдық – латынша verbum – сөз, сөйленер сөзбен тікелей байланысты дауыс, интонация және вербальды емес-жест, мимика, тұрысы). Қарым-қатынастың осы сияқты барлық канадары ақпаратты ұсыну үшін де, сондай-ақ қажетті әлеуметтік-психологиялық атмосфераны туғызу, қалыптастыру үшін де қолданылады, серіктестігінің санасына, да, сезіміне де әсер етуге көмектеседі. А.Мехрабян зерттеулері бойынша, толық хабарды адамдардың 55%-ы ым-ишара мен іс-қимылдар арқылы, 38%-ы ақпараттар арқылы және 7% сөз арқылы қабылдайды.
Сөз басын бастапқы кідіріс арқылы бастау, тыңдаушыға сөйленер сөзді қабылдауға әзірленуге мүмкіндік береді. Алайда бұл кідірістің ұзақтылық мөлшерін дұрыс үйлестіре білу немесе кей жағдайда одан мүлде бас тартуға тура келеді.
Іскерлік кездесулер мен баяндамалар оқылғанда: проблемалық жағдаяттарды қарастыру; интонациялық мәнерлілік, дауыс күшін, жоғары-төмендігін, сөз ырғағын елеп-екшеу; баяндаудағы көркемдігі; көрнекілік және техникалық құралдарды пайдалану; көпшілік назарын қалпына келтіру үшін аудиторияға қаратпа, ескертпе шегелей сөйлеу қажет. Мәтін бойынша оқығаннан сөйлеу әлде қайда қиынырақ, жанды сөз ғана тыңдаушыға жағымды әрі көбірек әсер етеді.
Сөйлеу үрдісінің әдебі мен сөйлеу мәдениеті де үлкен мәнге ие болады. Сөйлеушінің тіл мүкістігі сөзді басқалардың қабылдауына кері әсерін тигізеді. Қолданылған сөдің жалпыға мәлім мағынасы немесе стилистикалық нормаға сәйкессіздігі сөз мақсатын түбімен жоққа шығаруы мүмкін. Ол тыңдаушыға жағымсыз эмоциялар туғызады. Дұрыс қолданылмаған әрбір сөз күлкі мен мысқыл туғызады. Кейде әр жердің диалектілік ерекшеліктері болады (осындай ерекшеліктерді ескермеу әр түрлі түсінбеушіліктер мен кедергілерге алып келеді).
Тыңдаушы мен серіктестер типтері:
Бұл арада И.В.Гете сөзімен айтсақ: «әркім өзі түсінетін нәрселерін ғана еститіндігін» есте ұстау артық емес.
Сөйлеу әдебі дегеніміз – адамгершілік нормаларының бағдарлау құндылықтарының жұмыс мақсатына, серіктестеріне қатынасын анықтайтын тәртіп ережелерінің жиынтығы.
Сөйлеушінің эрудициясы, өзін ұстауы, сенімділігі, өзіне сын көзқараста болуы оның әдебіне байланысты. Сөйлесу үрдісі әдебінің аса мәнді элементтерінің бірі – тыңдаушыға құрметпен, жылылықпен қараудан туған такт, ашықтық, елгезектік. Әдеп пен тактіні білмеген сөйлеуші ақыл айтып, білгішсіну, үйрету тонына немесе беделді тұжырымдамаларға жүгінудің қажетсіздігі бола тұрса да осы бағытқа оңай түсіп кетеді. Бұл әсірісе академиялық және іскерлік қатынаста ерекше маңызды.
Сөйлесу әдебі бойынша сөз бастар алдында «Мен сөзімді неден бастарымды білмей тұрмын», «Мен шынымды айтсам, арнайы әзірленуге уақытым болмады», «Шамасы сіздер әлі білмейсіздер, оқыған жоқсыздар, естігін жоқсыздар» үлгісіндегі фразаларды айту өте қате. Жалпы «мен» есімдігін шектен тыс қолдану мен өмірлік тәжірибеңізден шексіз мысалдар айту орынсыз. В.Писарек осындай көріністі «мақтанпаздыққа ерік беру» деп атап, «бұлайша тыңдаушыларды қорлау ауыр күнә» деп есептеген. Осы орайда И.Томан «Сіз» сөзін қаттырақ айтып, «мен» сөзін солғынырақ бәсең айтуға кеңес береді. Әр жағдайда сөйленер сөздің мақсатына сәйкес сөздің жалпы ырғағы, жылдамдығы мәселен, минутына шамамен 120 сөзден тұрады. Тым асығыс минутына 140 сөз сөйлеу тыңдаушыларға оны түсінуге, ұғуға кері әсерін тигізеді. Сөйлеу сәтіндегі сезімдер сөздің көмегі мен интонация арқылы аңғарылады. Қарапайым сөзді мың сан құбылта интонация арқылы дыбыстауға болыды. Мысалы, «Сәламатсыз ба?» сөзін ашық та жарқын, салқынқанды, мысқылдаған кейіпте айтуға болады.
Адам өзінің сөздік қорын молайту үшін кітаптарды көп оқу керек. Психологтардың деректері бойынша, бала 3600 сөзді қолданса, 14 жастағы жеткіншек – 9000, орта білім деңгейіндегі ересек 11700 сөз, ал жоғары білім деңгейіндегі ересек адам орташа есеппен 13500 сөзге дейін қолданады.
Айтылған сөздің мағынасын жете түсіну үшін бір секунттай уақыт керек болса, аудитория алдында сөз алған лектор тыңдаушыларының айтылған сөздің дыбыстық және мағыналық жағын 1 минутта 60-70 сөзді қабылдай алатынын ескрген жөн.
Сөз деңгейгіде ақпарат алысудың негізгі құралы - сөз, тіл болса, бейсөздік деңгейде сөзден басқа коммуникация белгілері қызмет көрсетеді.
Бейсөз тәсілдер адамның эмоциялық реакцияларының айнасы ретінде оның ортақтасу барысындағы көңіл-күйін түсінуге жәрдемдеседі. Мысалы, сөзіне сенбей тұрсақ, серігіміздің бейсөз тәртібіне мән береміз. Ым-ишаралар адамның сөз астарында жатқан шынайы (жасырылған) ниеттерін анықтауға көмектеседі.
Бейсөз
құралдарға оптикалық-
Мысалы, келіскенде не келіспегенде біз басымызды, ұрысқанда не мақтағанда қолымызды, амандасқанда не қоштасқанда денемізді басқаша қимылдатамыз. Қол қимылының жылдамдығы әр ұлт өкілдерінде әр түрлі келеді: бір сағатта финдер - 1, француздар -20, италиялықтар - 80, мексикалықтар - 180 рет кимылдатады екен.
Жасанды бағытсыз қолданылған ым, ишарат сөзге жалғандық, сенімсіздік тон береді. Оған қоса тыңдаушыларды жалықтыратын, сөзді мәнерлігін төмендететін қалапты, біріңғай ым, ишарат та қауіпті.
Акустикалық жүйеге паралингвистика және экстралингвистика жатады. Паралингвистика - бұл коммуникатор дауысының: тембрі, ырғағы, қаттылығы, жылдамдығы, интонациясы, логикалык екпіні. Экстралингвистика — бұл дауыстың өзі емес, оның айналасындағы құбылыстар: сөйлескендегі жөтел, күлкі, пауза, жылау т.с.с. Сөз болмаса да бұлардың коммуникациялық мағынасы зор. Сондықтан, коммуникацияның акустикалық әдістерінің мәнін танып-білу, оларды тиімді пайдалану ортақтасу барысын нәтижелі етеді.
Бейсөз жүйелік ішінде коммуникацияның кеңістігі мен уақытын ұйымдастыру (проксемика - кеңістік психологиясы) да үлкен роль атқарады. Бетпе-бет сөйлесушілер өз мақсатына тез жетеді, ал, адамның артынан бақырып-шақырған нәтижесіз қалуы мүмкін.
3.Қарым-қатынастағы арақашықтықтың маңызы
Әдеп бойынша сөйлесуде тыңдаушы мен серіктесініңбен арақашықтықты сақтау маңызды. Қалыпты дистанциядан ауытқу, алшақтау байланысты қиындатып, сөйлеушінің өзін жоғары ұстауын аңғартады. Әңгіме барысында дистанцияның тартылуынан байланыс пен сенім беки түседі. Көпшілік алдында тым жақын тұрып байланыс жасау міндетті емес. Мысалы, ресми жағдайда дистанция 4м (жиналыс, мәжіліс т.б.).
Адам екінші адамға қаншалықты арақашықтыққа жақындай алады? Батыс мәдениеті мен қазіргі күнде шығыс мәдениетінде де қабылданған нормалар төмендегідей.
0 – 45см – жақындық арақашықтық (ғашықтар, достар, туыстар);
45 - 120 – тұлғалық арақашықтық (әріптестер, таныстар);
120 - 400 – әлеуметтік арақашықтық, (мұғалім мен оқушы, сатушы мен алушы);
400 - 750 – қоғамдық арақашықтық (шешендер, лекторлар және тыңдаушылар).
Осы нормалардың ескерілмеуі салдарынан адамдардың бір бірін түсінісуіне кедергі туады. Мысалы, бейтаныс адамға тым жақын келу әдепсіздікке жатқызсса, керісінше, анасы баласымен, бауырымен, туысымызбен, досымызбен алыстан сөйлессек – бұл салқынқанды қатынастардың белгісі ретінде түсініледі.
Әлеуметтік ара қашықтық - 1,2-4 метрмен анықталады. Ол танымайтын адаммен байланысты білдіреді. Мұндай қашықтық директордың хатшысымен, өзге де қызметкерлермен қатынасында болады. Мұндай қатынас кезінде қабылдаушының назарын басқа жаққа аударуы әңгіменің аяқталғанын білдіреді. Көпшілік ара қашықтық 3,5 - 7,5 метрге дейінгі аралықты қамтиды. Ол мәжілістер, жиналыстар өткізуде қолайлы.
Жалпы адамаралық арақашықтық пен кеңістіктегі орындарына байланысты түрлі психологиялық құбылыстарға жол ашады. Мысалы, "аурухана палатасы", "вагон купесі" хронотропары. Бір купедегі пассажирлер, бір палатадағы аурулар тар кеңістікте бір уақытта тығыз байланыста болғандықтан, ешкімге айтпаған жан сырларын біріне-бірі ақтарып салатыны өте қызық.