Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 10:50, реферат
Антон Семенович Макаренко 1888 жылдың 1- наурызында Ресей империясы Харьков губерниясының Сумск уездінде дүниеге келіп. 1939 жылы 1- сәуірде Мәскеу облысы Голицыно станциясында қайтыс болған. Вагон бояу шеберханасының жанұясында дүниеге келген. Оның қарындасы және ағасы – Виталий болған. Қарындасы бала кезінде қайтыс болған. Антон Семенович – Совет Үкіметінің педагогы және жазушысы. Педогогика тәжірибедегі бұрын болмаған қараусыз калған жетім балаларды жалпылай қайта тәрбиелеудің тәжірибесін жүзеге асырды.
Астана қаласы
Білім және ғылым министрлігі
Реферат
Гуманитарлық колледжі
Тақырыбы: «Антон Семенович Макаренко»
Тобы: 2 ивтк
Тексерген: Ташенова Ш.М.
Өткізген: Әбдірашит А.А.
2013-2014 оқу жылы
Антон Семенович Макаренко
Антон Семенович Макаренко 1888 жылдың 1- наурызында Ресей империясы Харьков губерниясының Сумск уездінде дүниеге келіп. 1939 жылы 1- сәуірде Мәскеу облысы Голицыно станциясында қайтыс болған. Вагон бояу шеберханасының жанұясында дүниеге келген. Оның қарындасы және ағасы – Виталий болған. Қарындасы бала кезінде қайтыс болған. Антон Семенович – Совет Үкіметінің педагогы және жазушысы. Педогогика тәжірибедегі бұрын болмаған қараусыз калған жетім балаларды жалпылай қайта тәрбиелеудің тәжірибесін жүзеге асырды. Авторитарлық пен анархизмге бағытталған тәрбие теориясын сынаған. Өз жұмысында тұлға мен қоғамның диалектикалық бірлігі және адамның шығармашылық күшіне деген сенім қағидасын басшылыққа алды. Балалардың оқуы мен оларды еркін өндірістік шығармашылық жұмыспен тәрбиелеуді біріктіре алды. Ұжымдық тәрбие теоретиктерінің бірі, ол: ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу; тұлғаны сыйлау мен оған талап қою; параллельді әрекет ету қағидаларын жасаушы. Отбасылық тәрбие теориясын дамытқан. Адамгершілікке тәрбиелеу үшін бала бойында жауапкершілікті, жігерді, намысты, мінезді және тәртіпті тәрбиелеу керек деп түсінген. Жыныстық тәрбие мәселесін азаматты тәрбиелеудің жалпы жүйесінен бөлмеуді ұсынған.
Қысқаша өмірбаяны:
1897 жылы теміржол училищесіне оқуға түседі.
1901 жылы жанұясымен Крюков қаласына көшіп кетеді.
1904 жылы Кременчуг қаласының
төрт жылдық училищесін
1914-1917 жж аралығында Полтав мұғалімдер институтында оқып, қызыл дипломмен бітіреді. Диплом қорғауға арналған тақырыбы – «Жаңа педагогиканың тоқырауы».
1916 жылы армияға шақырылған,
бірақ көзінің нашар
1917-1919 жж аралығында теміржол мектебінің басқарушысы болған.
1919 жылы Полтава қаласына
келеді. Полтава әкімшілігінің
1935 жылдың 1 маусымында Киев
қаласына көшіріледі. 1936 жылға дейін
сонда еңбек колониясының
1937 жылы наурыз айында
Киевтен Мәскеу каласына
1939 жылы 31-қаңтарда Еңбек
Қызы Ту орденімен
1939 жылы 1 сәуірде қаласырты
поездінің вагонында қайтыс
Жанұясы:
Әйелі – Галина Стахиевна Макаренко (1891—1962)
Асыранды қызы - Олимпиада Витальевна Макаренко (Виталий ағасының қызы)
Асыранды баласы - Лев Михайлович Салько (1914—1957).
Негізгі еңбектері:
«Педагогикалық поэма»;
«Төбедегі жалаулар»;
«Ата-аналарға арналған кітап»;
«Тәрбие процесін ұйымдастыру әдісі» т.б.
А.С. Макаренко жүйесiменен педагогикалық процестердi ұйымдастыратын мектептердiң оқу - тәрбие жұмыстарына тән негiзгi ерекшелiктер: бiрiншiден: - бiрде - бiр бала тәрбиешiнiң назарынан тыс ғалмау принципi.
Екiншiден - оқушыларға үлкен талап қойып, оның жеке басын құрметтеу принципi. А.С.Макаренко тәрбие мәселесі туралы.
А.С.Макаренко педагогикалық қызметте табысқа жетудің бірінші қолайлы шарты болып табылатын тәрбиенің мақсатын анық та және айқын елестете білу деп түсінді, онсыз ешқандай да тәрбие жұмысы мүмкін емес.
Оның айтуынша, қабілетсіз немесе “бұзылған” бала “сәтсіз педагогтардың” ойлап тапқандары, барлық “бұзылғандық, тәртіпсіздік және балалардың қылмескерлігі туа біткен және түзетуге болмайтын сапалар емес”.
Макаренко бүгінгі “бұзылған бала ертең қабілеті жануы мүмкін, отанының нағыз азаматы, Социалистік Еңбек ері болып шығады”,-деп есептеды. Макаренконың айтуынша, педагог оптимист болуға тиіс, алдағы бақытты балалық шақты көре білуі керек, адамға оптимизммен қарау керек.
А.С.Макаренко буржуазиялық және ұсақ буржуазиялық педагогиканы қатты сынға алды. Буржуазиялық және ұсақ буржуазиялық педагогика құрғақ жаттауға және баланың жеке басын басып-жанщуға, соқыр бағынуға негізделген авторитарлық педагогикадан “еркін тәрбие” анархистік теориясына негізделді.
Макаренко жұмыс бастаған
жылдары Горький атындағы колонияда
көптеген педагогтар “еркін тәрбие”
теориясының рухында
Адамды неғұрлым құрметтеген сайын, соғұрлым талап қоя білу керек. Макаренко адамның шығармашылық күштеріне, оның үлкен мүмкіншіліктеріне терең сене білді. Макаренконың гуманизмі оптимизммен тығыз ұштасады, әрбір тәрбиеленушінің жағымды жақтарын көре білді.
Макаренко педагогикалық
теория тәрбиенің практикалық
Ол еңбек тәрбиесі үрдісіндегі бұрмалаушылыққа қарсы болды.
Еңбекке тәрбиелеуге ерекше
мән бере отырып, Макаренко оқушылардың
бұлшық ет энергиясының тәрбие жұмысымен
байланыссыз өнімсіз шығынына қарсы
болды. Макаренко кейбір педагогтардың
сол кездегі америка
Қазір А.С.Макаренко атындағы Украинада медаль тағайындалып, 1965 жылдан бері ең озат мұғалімдер марапатталады. А.С.Макаренконың педагогикалық және әдеби мұрасынан бұрынғы кеңестер одағында 40 тан астам кандидаттық диссертациялар қорғалды, көптеген монографиялық еңбектер жазылды. Әсіресе, оның педагогикалық мұрасын жан-жақты зерттеуде шәкірттері ерекше роль атқарды. Атап айтқанда, Н.Э.Фере, В.Н.Терский, С.А.Калабалин, В.И.Клюшник, Ройтенберг және т.б. Қазіргі мектептерде, мектеп-интернаттарда және басқа да оқу-тәрбие мекемелерінде оның идеяларын басшылыққа алып отырады. Оның “Педагогикалық дастаны” көптеген шет тілдерге аударылды. Көп жылдар А.С.Макаренконың беделі берік болды. Бірақ соңғы жылдары жағдай өзгерді. Тәрбиені демократияландыру және ізгіліктендіру үрдістері педагогтарды бұрынғы құндылықтарды қайта бағалауға, қайта пайымдауға итермеледі. А.С.Макаренконың тәрбие жүйесіне сындар айтылып, баламалы көзқарастар пайда болды. Шет елдерде жарық көрген педагогикалық әдебиеттер мен ғылыми-зерттеу жұмыстарында көрнекті кеңес педагогы А.С.Макаренко, оның ішінде балалар коллективі бағытталған көзқарастар кең өріс алды.