Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2015 в 10:56, реферат
Мұғалім: Қазіргі заман қыз тәрбиесі мен ұл тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деп бекер айтылмаса керек. Халқымызда ерте кезден –ақ адамгершілікті, әдепті жоғары бағалай білген. Отбасы - қоғамның бір бөлшегі, ал отбасының алтын қазығы - әйел адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі - өнеге көрген қыз бала қайда болса да, келін болғанда да көргенділігін көрсетеді. Ал жақсы тәрбие алған ұлдар жау келгенде де жайдақ атқа міне шабатын өжет, батыл, адал, жеріне, туған халқына ыстық ықыласты, үлкенге де, кішіге де қамқор бола білген ғой. Әдептілік, инабаттылық, сыйласу жағынан халқымыз алдына жан салмаған.