Адам - ғалам ғажайып жеке дара

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2014 в 20:00, доклад

Краткое описание

Жаратылыс көркі адам қатынасынан тыс,өз алдына жарасты әдемілік әлемі екенін Л.Н.Толстой көзқарасынан аңғаруға болатын тәрізді: «...қас қағым сәтте-ақ құдірет күш билеп,сұлулық мені баурап алатын...Кейде тіпті қаракөлеңке бақта жападан-жалғыз отырып, мынау көлге,мынау жағалауларға қарай-қарай, жанарым арқылы сұлулық жаныма құйылып жатқандай ғажайып жерге берілетінмін».Ұлы жазушы толғанысына назар аударсақ, әдемілік-жаратылыс ғаламатына таңдана, тамашалай қарайтын адам жанына сырттан құйылатын, сырттан даритын ізгілік нұры.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Адам.docx

— 16.51 Кб (Скачать документ)

 

                      Адам - ғалам  ғажайып жеке дара

 

Жаратылыс көркі  адам  қатынасынан  тыс,өз  алдына  жарасты әдемілік  әлемі екенін Л.Н.Толстой көзқарасынан аңғаруға болатын  тәрізді: «...қас қағым сәтте-ақ құдірет күш билеп,сұлулық мені баурап алатын...Кейде  тіпті қаракөлеңке  бақта жападан-жалғыз  отырып, мынау  көлге,мынау жағалауларға  қарай-қарай, жанарым  арқылы  сұлулық  жаныма құйылып  жатқандай  ғажайып  жерге  берілетінмін».Ұлы жазушы толғанысына  назар  аударсақ, әдемілік-жаратылыс  ғаламатына  таңдана, тамашалай  қарайтын  адам  жанына сырттан құйылатын, сырттан  даритын  ізгілік нұры.

    Венгр  ақыны  Шандор  Петифидің «Тауда»  дейтін өлеңінде  де  адам  қарсы  алдындағы  кең  дүниені сүйсіне тамашалайды. Сұлулық онан оқшау, өз  алдына  жеке-дара  көрінетін қасиет тәрізді.Туған  жер  көркі  жан  ләззатына бөлейтін  қандай  толғаныстар  түрін де біз  қазақ  қаламгерінің  кез-келгенінен  қалағанымызша  таба  алатынымыз  хақ.

   Бұл  тұрғыдан  қазіргі заман  эстетикасында  «табиғатшылар»  тобына  жататын  біріңғай  ой-пікірлердің  салаланып  шығуы кездейсоқ  емес.Н.А.Дмитриева, Г.Недашивин, Г.Поспелов, тағы  басқа  біраз ғалымдар сұлулықтың  физикалық, биологиялық  негізгі, нақтылы-табиғи  мазмұны бар  дейтін көзқарасты ұстанады. «Табиғатшылардың» пікірі бойынша,  адамсыз-ақ табиғаттың өз-көркі  өзінде, ол-жалпы  дүниенің болмысының, жаратылыс  құбылыстарының жіктелмес  төл қасиеті.

    Бұл  көзқарас  дәстүрі  тым  әріде жатқанын  атап айту керек.Теңдестік, ырғақ, түс-тұрпат  белгілері  сұлулық  сипатымен  тығыз  байланысты  екені  талай  заманнан аян.Адам рухы  араласып, Адам қатынасымен байыған табиғат  жайлы біздің  бүкіл біліміміз  көркемдік  таным  өрісінде  сұлулыққа сүйсіну, сезіну ерекшеліктерімен  мейлінше  сабақтас көрінеді.Суретші  қашан да өз төңірегінің  көгілдір  көркіне  ден  қояды  да, жай көз жете  аңғара  бермейтін  сұлулық  сырын  ашады.

    Ғалам ғажайыбы-адам  баласының  қиялына  қанат  бітіріп, қуаныш  ұялатып, көңілін  өсіретін  шабыт  жебеушісі.Жаратылыс зерттеуші  ғалымдардың  көпшілігі  әдемілік  негізін әдетте  тек  жанды-жансыз  табиғат  әлемінен  ғана  іздеген. Төл  қасиетті  сезіну сұлулық  мағынасын  тап  басу  ұғымымен  парапар.Эрнет  Геккель  табиғат  сұлулығымен  теңдесе  алатын  баяу, ырғақ, сандар арақатынасы(пропорциясы), үндестік, үйлесім, өлшемдестік жарасымына керемет  қызығын сүйсінген. Жер қойлауы,жыныстар  көркі  академик  А.Е.Ферешанның «Россиядағы тастар  мәдениеті  тарихынан»(1946) дейтін кітабының негізгі  тақырыбы  болған.ХХ ғасырдың  әйгілі  математигі  Р.Фейнманның  кейінгі бір еңбегінің  де күретамыры-жаратылыс жарасымы  сұлулық  идеясы: «Табиғат қарапайым  да,  біртұтас бірегейлігімен-ақ  ғаламат көрікті».

  Табиғат  құбылыстарының  теңдестік,ырғақтың,арақатынасының  белгілерінің өзі  әдемілік  ұғымымен  барынша байланысты. «Жыр  өнері  туралы»дейтін  эстикалық еңбегінде-ақ  Аристотель сұлулық сыры  заттың  көлемі  мен  орналасу  тәртібінде  деп  көрсеткен. Жаратылыс  көркінің  құрылымдық  белгілеріне  Платон-өлшем  мен  теңдестікті, Леонардо да Венчи-арақатынас  жарасымен  жатқызады.Зерттеушілердің  қай-қайсысын  ашауыз да, сұлулықты  қашан да  тек  осы  жарастық  қатынасынан,  теңдестік  сазынан, түр  мен  ырғақ, бая  құбылысынан тапқан.


Информация о работе Адам - ғалам ғажайып жеке дара