Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 14:21, реферат
белгілі қоғам қайраткері ғұлама түрколог, жазушы, публицист, педагог А. Байтұрсыновтың өмір жолы қостанай облысы, жангельдин ауданы Ақкөл жағасындағы Сарытүбек деген жерде басталды. Алдымен ауыл мектебінде, кейін Торғайдағы орыс-қазақ училищесін бітірген.
Ахмет Байтұрсынов
Белгілі қоғам қайраткері, ғұлама түрколог, жазушы, публицист, ағартушы-педагог Ахмет Байтұрсыновтың өмір жолы қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы
Ақкөл жағасындағы Сарытүбек деген жерде басталды. Алдымен
ауыл мектебінде (1882-84), кейін Торғайдағы орыс-қазақ училищесін (1891), Орынбор мұғалімдік мектебін бітірген
1895-1909 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде мұғалімдік қызмет атқарды. Отаршылыдыққа қарсы күрес үшін бірнеше рет тұтқындалды, жер аударылды (1909).
1913-17 жылдары «Қазақ» газетінің редакторы, 1918-19 жылдары Алашорда қатарында, ал 1919 жылдан қазақ өлкесін басқаратын әскері – революциялық комитеттің мүшесі, 1922-25 жылдары Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы Ғылыми әдеби комиссиясының төрағасы, халық ағарту комиссары, 1925-29 жылдары Қазақ Халық ағарту институтында және ҚазПИ-де оқытушылық қызмет атқарды. 1938 жылы халық жауы ретінде ұсталып, өлім жазасына кесілді. 1988 жылы
ел алдында ешқандай кінәсі жоқ екендігі анықталып, толық ақталды.
А.Байтұрсынов өзінің барлық саналы өмірін қазақ қоғамныда білім-ғылымның дамуына, мектеп ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне бағыштады. Ол ауыл мектептерінде,
семинарияларда бала оқытты, оқу тәрбие жұмысын жетілдіру саласында
көп ізденді, «Әліпби», «Тіл құралы», «Әдебиет танытқыш» атты кітаптарды қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб алфавитінің жайы, терминдер, қазақ тілін оқытудың әдістемесі туралы көптеген мақалалар жазады.
Байтұрсынов алғаш ағартушылық ой-пікірлері сонау 1913-17 жылдары
Орынборда шыққан «Қазақ» газетінде жарияланған мақалаларынан айқын көрінеді. Ол туған халықының білім-ғылымға ұмтылуын әр қазақтың ең болмаса бастауыш білім алуын
аңсады. «Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, бастауыш
мектепте үйренетін білім де сондай керек»-деп
жазды.
Байтұрсынов мұғалімдерді педучилищелер ашып
арнаулы оқу орындары арқылы даярлаудың тиімділігін айта келе, ондай
оқу орындары қазақ даласында жоқтығын ескеріп, орыс мектептерінен
де қазақ медреселерін оқып бітірген жастардың талаптыларын мұғалімдік жұмысқа қоса пайдаланайық деген ұсыныс жасайды. Медреседе оқығандардың педагогика, әдістемеден хабарсыз, ал орыс
мектептерінде оқығандардың мұсылманша хат білмейтіндігін қынжыла сөз етеді. Олардың білімін жетілдіру үшін жаз айларында 1-2 айлық қысқа мерзімді курс ашуды ұсынады. Сонымен қатар ол бастауыш мектептерінде қандай пәндер оқытытлу керек дегенге арнайы
тоқталып, ол пәндерді оқу, жазу, ұлт, дін, ұлт тарихы, есеп, қолөнер, жағрафия, жаратылыс болу керек
екендігін нақтылап көрсетті. Байтұрсынов осы пәндердің оқулықтарын шығарудың қолға алынғанын, алайда арнайы баспахана
болмағандықтан кейбір оқулықтарды шығару ісіндегі қиыншылықтарды қынжыла баяндайды.
Ол қазақ мектептеріне ең зәру ісі – оқулық жазумен айналысады. Ол үшін ең алдымен қазақ тілінің фонетикалық жүйесін зерттеумен айналысты.
«Тіл құралын» жазбас бұрын ең алдымен жазу графикасын жөндеп алудан бастаудың қажеттігін сезінген Байтұрсынов 1912 жылдан бастап, «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің беттеріне араб таңбаларын жетілдіру, лингвистикалық терминдерді тілге енгізу (дыбыс, әріп, жуан, жіңішке, т.б.) туралы ой-пікір қозғады.
Оның араб жазуын қаза тіліне икемдеген нұсқасын қазақ жұртышылығы, әсіресе мұғалімдер жылы лебізбен қабылдады. Себебі, бұл реформа қазақ тілінің табиғатына, яғни сингармонизм заңдылығына сүйеніп, ғылыми түрде жасалған еді. Сондай-ақ Байтұрсынов ұсынған емле 1913 жылдан бастап мұсылман медреселерінде де, орыс-қазақ мектептерінде де қолданыла бастады.
А.Байтұрсынов 1926 жылы «Әліпбидің» жаңа түрін осы күнгідей суреттерімен берілген Әлеппе кітабын жазды. Ал бұл «Әліпбидің»1928 жылы Қызылордада шыққан 3-басылымы қазақ тілінде басылған кітаптар арасында былай
бағаланды: «Жаңа құрал қазақ тұрмысына үйлесімді суреттері бар... Ахметтің 7 рет басылған бұрынғы «Әліпбиі» қазақ жұртына орасан зор пайда келтірген
еді... Мынау жаңа «Әліпбиі» бұрынғысынан артық. Мұның мазмұны қазақ жағдайына сай болып шыққан. Әңгімелері бала үшін қызықты, жеңіл, заманға лайық.»
1912 жылы мектеп балаларына қазақша сауаттандыратын «Оқу құралын» жазған соң, көп ұзамай енді мектепті қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық жазуға кіріседі. Бұл оқулықтың фонетикаға арналған 1-бөлімі «Тіл құралы» деген атпен алғаш рет 1915 жылы жарық көрді. Морфологияға арналған 2-бөлімі 1914 жылы, ал синтаксиске
арналған 3-бөлімі 1916 жылы басылып шығарылды.
«Тіл құралы» - қазақ мәдениетінде бұрын соңды болмаған құбылыс. Оның қазақ жұртышылығ үшін мүлде тың дүние екендігін оқулықтың кіріспесінде автор арнайы
атап көрсетті. Ол осы оқулықта қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына тұңғыш қазақша терминдерді ұсынады. Күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан «зат есім, бастауыш, шылау,
баяндауыш, етістік, сан есім, одағай, есімдік» деген т.б. сан алуан
лингвистикалық ғылыми терминдердің баршасы А.Байтұрсыновтікі.
Қорытынды.
Бұл рефератта қарастырып өткеніміз А.Байтұрсынов, А.Құнанбаев, М.Дулатов және Ы.Алтынсариннің қазақ педагогикасына қосқан зор үлестері. Қазақстандағы ұлттық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер тарихының түп тамыры көне мәдени мұра-халықтық педагогика мен Орхон-Енисей
жазуларынан бастау алып, орта ғасыр ойшылдарның парасатты тәлімгерлік ой толғаныстарымен толысып, ХІV-XIX ғасыр ақын-жыраулардың терме, толғауларында жалғасып, ал ХІХ ғасырдың екінші жартысындыа өмір сүрген қазақтың ұлы ғұлама ағартушы-демократ ұлдары : Шоқан, Абайа, Ыбырай еңбектері арқылы өркен жайғанымен, шын мәнінде Қазан төңкерісіне дейін педагогика ғылымы дербес ғылымдық дәрежеге көтереліп жетпегенін көре аламыз. Оның себептері біріншіден, Қазақстанда қоғамдық ғылымдардың сан салалаы тараулары бір-бірінен
дараланып бөлініп шығып, ғылыми терминдері қалыптасып жетілмеген болатын.
Екіншіден, әр ғылымның салаларын жеке ғылыми тұрғыда зерттеуші ғалымдардың жоқтығы, үшіншіден, ғылым салаларын өрісттетерлік ғылыми техникалық матриалдық базаның болмауы.
Абай да, Ыбырай да, Міржақып пен Ахмет те келешегінен үміт күткен, өз халқын жан-тәнімен сүйген, хылқының мәдени көркейіп өсуі үшін бойындағы бар күш-жігерін аянбай жұмсаған нағыз патриот азаматтар еді. Бұл ғұлама ғалымдар өз заманының ақыл-ойшылдары, ірі қоғам қайраткерлері, олардың дарқын бейнелері мен іс-әрекетінен қазақ халқының әдени-экономикалық дамуын, қазақтың ұлт болып бірігуін, жаппай сауатты,
мәдениетті, оқыған ел болуын көксеген біртуар асыл азаматтар.
Қазақ педагогикасының дамып, өркендеуіне белсене ат салысып
мынадай үлес қосты: А.Байтұрсынов «Тіл құралы» - қазақ тілін үйрететін оқулық, «Баяншы»- мұғалімдерге арналған методикалық кітапша, «Әліпби» кітаптарын жазды, орыс
жазушыларының мысалдарын қазақ тіліне аударды; М.Дулатов «Есеп құралы» - математикадан оқу құралы, «Қирағат» - балаларға арналған оқу құралын жазып шығарды, Ы.Алтынсарин – қазақ балаларына алғаш мектеп ашты, Ырғызда қазақ қыздарына арналған мектеп-интернат ашты, «Қазақ хрестоматиясын», «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралын» жазып шығарды.
Қорыта келе, қазақ халқының абзал ұлдары, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі демократиялық бағыттағы қазақ зиялыларының ең ірі, ең беделді көшбасшылары қазақ ғылымы мен мәдениеті, оқу-тәрбие ісі тарихына сіңірген орасан зор еңбектерінің тарихтан өшпес орын алатынын бүгінгі демократия мен әділеттілік салтанат құрған дәуірде өмір шындығы дәлелдеп отыр.
Информация о работе А.Байтұрсыновтың педагогикалық еңбектері