Акциз салык

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2014 в 13:58, реферат

Краткое описание

Акциздік салық дегеніміз – сатылатын тауардың бағасынақосылатын, сатып алушы төлейтін салық болып табылады. Акциздік салық салынатын тауарларға Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауар, яғни спирттің барлық түрлері, темекі өнімдері, құрамында темекісі бар басқа да өнімдер және күнделікті қолданылмайтын басқа да бұйымдар жатады. Қазақстан Республикасы аумағында акцизделуге жататын тауарларды өндіретін немесе акциздеуге тиісті тауарларды импорттайтын немесе Қазақстан Республикасы аумағында ойын бизнесін жүзеге асыратын барлық заңды тұлғалар акциз салығын төлеушілер болып табылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Акциздер.docx

— 15.07 Кб (Скачать документ)

Акциздер.

Акциздік (жанама) салық дегеніміз – сатылатын тауардың бағасынақосылатын, сатып алушы төлейтін салық болып табылады. Акциздік салық салынатын тауарларға Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауар, яғни спирттің барлық түрлері, темекі өнімдері, құрамында темекісі бар басқа да өнімдер және күнделікті қолданылмайтын басқа да бұйымдар жатады.

Қазақстан Республикасы аумағында  акцизделуге жататын тауарларды өндіретін немесе акциздеуге тиісті тауарларды импорттайтын немесе Қазақстан  Республикасы аумағында (акциздеуге) ойын бизнесін жүзеге асыратын барлық заңды  тұлғалар акциз салығын төлеушілер болып табылады. Кәсіпорындарда акциз  салығы есептегенде:

Д-т: «Алынуға тиісті борыштар»  деп аталатын шоты;

К-т: «Акциз салығы» деп  аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

Кәсіпорындар мен ұйымдар  бұл жоғарыда айтылған салықтардан  басқа да өзінің меншігіндегі жерге, көлік құралына және мүлкіне  заңда бекітілген мөошерде салық төлеп тұруы тиіс. Салықтардың бұл түрлері есептелген уақытта кәсіпорынның бухгалтериясында:

Д-т: «Жалпы эәне әкімшілік  шығындар» деп аталатын шоты;

К-т: «Жер салығы»;

«Көлік құралына салық»;

«Мүлікке салық» деп аталатын оттар түрінде екі жақты жазуы  жазылады.

Сондай-ақ «Бюджетке төленетін  басқадай салықтар мен алымдар» шотында  Қазақстан Республикасы заңдарында қаралған басқадай салықтар, алымдар  мен міндетті төлемдер есептеледі. Бұл айтылғандардың қатарына:

  • Шығарылған бағалы қағаздарды тіркеу алымы;
  • Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салығы және тағы да басқалар жатады
  • Акциз (фр. accіse, лат. accіdere — кесу) — тұтыну тауарларының және көрсетілетін қызметтердің бағасына қосымша салынатын салықтың бір түрі. Республикада өндірілген және сырттан келетін тауарларға, бәсеке бизнесіне акциз салынады. Акцизделетін тауарларға спирттің барлық түрі, сусын, шырын, арақ-шарап, коньяк, шампан шарабы, сыра, темекі өнімдері, бекіре мен қызыл балық, олардың уылдырығы, алтын, платина немесе күмістен жасалған зергерлік бұйымдар, хрусталь бұйымдары, бензин (авиация бензинінен басқасы), дизель отыны тағы басқалар жатады (1998). Сапасы мен бағасы жақын (тұз, шырпы, қант тағы басқалар) тауарларға салынатын бірыңғай акциз, ортақ белгілеріне қарай (шараптың күші, матаның беріктігі тағы басқалар) жіктелетін тауарларға салынатын ажыратылған акциз, тауардың өлшем бірлігінен қатаң мөлшермен алынатын жеке акциз, сорттарының бағасы әртүрлі деңгейдегі бірыңғай тауарларға арналған орташа акциз деген түрлері бар. Қазақстан Республикасының үкіметі акциз мөлшерін бекітерде осы жайлардың бәрін ескереді. “Акциз туралы” Қазақстан Республикасының Заңы (24.12.1991) мен “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Президентінің Заң күші бар Жарлығында (24.04.1995), Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің қаулыларында акциз мәселелеріне байланысты көптеген шаралар жүзеге асырылдынауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салығы және тағы да басқалар жатады.

Салықтардың, алымдар мен  міндетті төлемдердің түрлері, мөлшері  және олардың төлеу тәртібі Қазақстан  Республикасы заңдарында қаралады. «Бюджетпен басқадай есеп айырысу» шотының кредитіне  тиісті шығындар есептелетін шоттардың  дебитінен еспетелген салық, алымдар  мен міндетті төлемдер сомасы, ал бұл  шоттың дебитіне тиісті төлем төленген шоттардың кредитінен төленген сомалар  жазылады.


Информация о работе Акциз салык