Шет ел салық жүйесінің ерекшелігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2012 в 18:00, реферат

Краткое описание

Инновация – жаңа практикалық әдісті тарату және қолдануды құрудың комлекстік үрдісі немесе ғылыми-техникалық шешімнің, адамдардың, ұсыныстапдың, жаңа идеялардың тәжірибеге енуі, іске асырылуы және де соңында қолданылуы. Инновация туралы осындай көптеген түсініктемелер беруге болады. Инновация ұғымын бірнеше мағынамен түсіндіруге болады, бірақ та ең бастысы “инновация” мен “жаңалық” терминдерін айыра біліп, ол ұғымдардың мағынасын білу керек. Жаңалық қандай да қызмет саласында оның тиімділігін жоғарылату бойынша фундаменталды, қолданбалы, тәжірибелік жұмыстардың рәсімделген нәтижесі болып табылады.

Содержание

Жоспар
Кіріспе

Инновацияның түсінігі рөлі мен функциялары
Кәсіпкерліктің инновациялық қызметі
ҚР 2015 Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттiк бағдарламасы
Инновацияны инвестициялау тимділігі және ұйымдастыру негіздері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

ин саясат бага.doc

— 114.00 Кб (Скачать документ)

Кәсіпкерліктің инновациялық қызметі

Кәсіпкерліктің инновациялық қызметі – бұл жаңа немесе өнімнің  жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің  жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуеттік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен қатар жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.

Инновацияның екі тұрпаты  ажыратылады:

-         өнімділік;

-         үрдістік.

Жаңа өнімді өндіріске  енгізу инновацияның түбегейлі өнімділігі ретінле анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технологияға негізделеді, не тіршілікте қолданылып жүрген технологияның жаңа түрінде пайдалануын ұштастырады.

Процестік инновация  – бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс тәсілін және технологияны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісті ұйымдастыруды өзгерту.

Жаңалық дәрежедегі инновация  негізінде жаңа, яғни өткен, отандық  және шетелдік тәжірибеде ұқсастығы  жоқ және жаңа нәрсенің салыстырмалы жаңалығы болып ұсақталады. Негізінде өнімнің жаңа түрлері, технологиясы және қызмет көрсетуі басымдық, абсолюттік жаңалықтарға ие болады және үлгінің түп нұсқасы болып табылады. Инновацияның өмірлік кезеңі өзара байланысты процестердің және жаңалықтарды енгізу сатысының жиынтығын көрсетеді. Инновацияның өмірлік кезеңі уақыт аралығы ретінде идеяның дүниеге келуінен өндірістік өткізуден алып  тастағанға дейінгі инновациялық өнімнің негізінде анықталады.

Кәсіпкерліктің инновациялық қызметін әзірлеуде, енгізуде, жаңалықтарды пайдалануда қосылатындары:

-         жаңалық идеяны әзірлеу, зертханалық ғылыми жұмыстар, өнімнің

жаңа зертханалық үлшілерін, техниканың жаңа түрлерін, жаңа конструкцияны  және бұйымдарды дайындауда ғылыми-зерттеу  және конструкциялық жұмыстарды жүргізу;

-         өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін шикізаттар мен материал-

дардың қажетті түрлерін таңдап алу;

-         жаңа өнімді дайындауда технологиялық процесті әзірлеу;

-         қажетті өнімдерді дайындау үшін жобалау, жасау, сынақтан

өткізу және жаңа техниканың үлгілерін енгізу;

-         жаңалықтарды іс жүзіне асыруға бағытталған ұйымдастырушылық-

басқарушылық шешімдерді әзірлеу  және енгізу;

-         қажетті ақпараттық ресурстарды және инновацияны ақпаратпен

қамтамасыз етуді зерттеу және әзірлеу;

-         қажетті ғылыми – зерттеу және конструкторлық жұмыстарды

жүргізу үшін дайындау, оқыту, жаңа мамандық беру және

қызметкерлерді арнайы әдіспен  іріктеу;

-   лицензиялау, патенттеу, ноу-хау жұмыстарын жүргізу немесе қажетті

құжаттарды алу;

-         инновацияны жетілдіруді ұйымдастыру және маркетингтік

зерттеулерді жүргізу. 

 

Кәсіпкерліктің инновациялық қызметі  көптеген жағдайда жаңа техника мен  технологияның техникалық деңгейінің көрсеткіштерінде айқындалады. Нарықтық экономикада жағдайында инновациялық қызметінің тиімділігін талдау қиындайды және көп сатылылығын білдіреді. Талдаудың бірінші кезеңінде  — жаңа техниканы және технологияны қолдану қажеттігін көрсеткіштер және жаңа техника мен технологияның тииімділігі.

Техникалық-ұйымдастырушылық  деңгейінің экономикалық тиімділігін  арттыру көрсеткіштері және өз деңгейінің көрсеткіштері, яғни техниканың, технологияның, ұйымдастырудың, басшылықтың және ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстар жөніндегі көрсеткіштерді әдіснамалық тұлға айру қажет. Ең ақырында өндірістің техникалық-ұйымдастыру деңгейі өндірістік процестің негізгі элементтерін пайдалану деңгейінде байқалады:еңбек, еңбек құралдары, еңбек заттары. Міне, сондықтан да, мұндай экономикалық көрсеткіштер, еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну, айналым қаражатының айналымдылығы ретінде өндірістің қарқынды ресурстарын пайдалануды қамтитын жаңа техника мен технологияның экономикалық деңгейін арттыру көрсеткіші болып табылады. Жоғарыдағы аталған көрсеткіштер (еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну және айналым қаражатының айналымдылығы) қарқындатудың жеке көрсеткіштері деп аталады. Бұларды талдау техникалық-ұйымдастырушылық деңгейінің нысаны бойынша жүргізу қажет. Жеке көрсеткіштермен қатар қорытындылайтын көрсеткіштер де пайдаланылады.

Техникалық және ұйымдық дамудың экономикалық тиімділігін арттыру шаралары мына төмендегі топтарға бірігеді:

-         еңбек өнімділігінің үстелуі, жұмыс істеушілердің саны және еңбекақы қорының салыстырмалы ауытқкы;

-         материалдық қайтарымның үстелуі (материалды қажетсінуі), материалдық ресурстардың шығындарының салыстармалы ауытқуы;

-         айналым қаражатының айналым жылдамдығының үстелуі, (босатып алу немесе байлау) айналым қаражатының салыстырмалы ауытқуы;

-         қарқындату есебінен еңбек, материалдық және қаржы ресурстарын тиімді пайдалануда өнімді шығару мөлшерінің үстелуі;

-          пайданың немесе өнімнің өзіндік құнының үстелуі;

-          кәсіпорынның төлем қабілеттіліг және қаржы жағдайының көрсеткіштерінің үстелуі.

Қолданылатын техникалық және технологиялық шешімдердің үдемелігі өндірістің мүмкіншілігімен тығыз байланысты. Өндірістің технологиялық деңгейінің ең үлкен дәрежесі технологиялық әдістік заттарға технологиялық қарқындылық және технологиялық басқарылатын процестерге, оның бейімделу-ұйымдық деңгейіне әсер етуіне байланысты болады. 

 

ҚР 2015 Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттiк бағдарламаның қабылдау мақсаты

  Қазақстан Республикасының  Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк  стратегиясы (бұдан әрi - Стратегия) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Елдегi жағдай туралы және 2002 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң оныншы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi.

       Стратегия  Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге  арналған мемлекеттiк экономикалық  саясатын қалыптастырады және  экономика салаларын әртараптандыру  арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан  қол үзу арқылы елдiң тұрақты  дамуына қол жеткiзуге бағытталған.

       Стратегияны  ойдағыдай iске асыру экономиканың  адам капиталын, өндiрiлген және  табиғи капиталды тиiмдi пайдалануға  негiзделген тұрақты өркендеуiне  алып келетiн оның құрылымында  сапалы өзгерiстер жасауға, Қазақстанның  әлеуметтiк дамудың және қоғам құрылысының сапалық жаңа деңгейiне шығуына ықпал етуi керек.

       Экономиканы  мемлекеттiк реттеу әдiстерi мен  тетiктерiн жетiлдiру жөнiндегi жекелеген  ұсыныстарды негiздеу үшiн Стратегияның  тиiстi бөлiмдерiнде импортты алмастыратын  және экспортқа бағдарланған саясатты iске асыру жөнiндегi шет елдердiң тәжiрибесi, оның iшiнде экспорттық саясаттың әрқилы түрлерi мен кезеңдерi, сондай-ақ әлемдiк рыноктарда бәсекелестiк артықшылыққа қол жеткiзуге мүмкiндiк беретiн факторлар келтiрiлген.

       Жалпы алғанда Стратегияны iске асыру нәтижесiнде 2015 жылға қарай ел экономикасы сервистiк-технологиялық дамуға өтуге дайын болуы керек.

      Индустриялық  саясат дегенiмiз мемлекеттiң бәсекеге  түсуге қабiлеттi және тиiмдi ұлттық  өнеркәсіпті қалыптастыру үшiн кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасауға және қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешенiн бiлдiредi.

      Индустриялық-инновациялық  дамудың мемлекеттiк стратегиясы  2010 жылға дейiнгi кезеңге арналған  стратегиялық жоспарда белгiленген  мақсаттарға қол жеткiзудi қамтамасыз етуi, сондай-ақ одан кейiнгi жылдары қазақстандық экономиканың сервистiк-технологиялық бағыттылығын қалыптастыру негiздерiн құруы тиіс.

      Стратегияның  басты мақсаты шикiзаттық бағыттан  бас тартуға ықпал ететiн экономика  салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу; ұзақ мерзімді жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылады.

      Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету  саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.

      Бәсекеге  түсу қабiлетi дегенiмiз қазақстандық  кәсiпорындардың экспортқа шығарылатын  өнiмдердi өндiру қабiлетiн бiлдiредi. Басқаша айтқанда, өңдеушi өнеркәсiптiң өнiмi осындай әлемдiк стандарттарға сәйкес келуi керек және баға бойынша бәсекелесуге қабiлеттi болуы тиiс.

      Экономиканың  шикiзаттық секторын дамыту Үкiметтiң  салалық және секторлық стратегиялары  бойынша жүзеге асырылады.

      Стратегияның  мiндеті:

      өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу  қарқынын 8-8,4 % мөлшерiнде қамтамасыз  ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде  3 есе арттыру және ЖIӨ энергия  сыйымдылығын 2 есе төмендету;

      өңдеушi өнеркәсiптiң негiзгi қорларының өнiмдiлiгiн  арттыру;

      кәсіпкерлiк  ахуалды, құрылымды қалыптастыру  және жеке секторды ынталандыратын  әрi бәсекелестiк артықшылықты жетiлдiретiн  қоғамдық институттарды ұстау,  қосылған құнға барынша қол жеткiзе отырып, нақты өндiрiстерде қосылған құн тiзбегiндегi элементтердi игеру;

      ғылымды  көп қажет ететiн және жоғары  технологиялық экспортқа негiзделген  өндiрiстер құруды ынталандыру;

      елдiң  экспорттық әлеуетiн қосылған  құны жоғары тауарлар мен қызметтердiң мүддесiне қарай әртараптандыру;

      сапаның  әлемдiк стандарттарына көшу;

      дүниежүзiлiк  ғылыми-техникалық және инновациялық  процестерге қосылу арқылы әлемдiк  шаруашылық жүйесiне және өңiрлiк  экономикаға ықпалдасуды үдету  болып табылады.

 

      Стратегия мынадай қағидаттарға негiзделедi:

      жеке  сектормен серiктестiк;

      инвестициялық  және инновациялық ұсыныстардың  өнеркәсiптің шикiзаттық емес  салаларында өндiрiлетiн тауарлар  мен қызметтердiң бәсекелестiк  қабiлетiн арттыруға бағытталуы;

      өнеркәсiптi жаңғыртуға, оларға қолдау көрсету  жөнiндегi рәсiмдердiң жариялылығы  мен ашықтығына бағытталған жобаларды  iске асыруға мемлекеттiк қаржылық  және өзге қолдау көрсету;

      қосылған  құн тiзбегiн дамытуды қамтамасыз  ететiн салаларға мемлекеттiк қолдау көрсету шараларының кешендi сипаты;

      тең  бәсекелестiк жағдайларды және  салауатты бәсекелестiк ортаны  қалыптастыруды қамтамасыз ету;

      қандай  да болсын жеке сипаттағы жеңiлдiктерден  және преференциялардан бас тарту;

      индустриялық саясаттың бәсекелестiк артықшылықтарды қалыптастыруға бағытталуы.

      Аталған  қағидаттар сақталғанда және  экономика құрылымында түбегейлi сапалық өзгерiстер болғанда, ол  әртараптандырылған кезде алға  қойылған мақсаттар мен мiндеттердi шешу Қазақстанда тұрақты экономикалық дамуға қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi. Индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтарын анықтау Барлық әлеуеттi бәсекеге қабiлеттi, оның iшiнде экономиканың шикiзаттық емес бағытындағы салаларда жұмыс iстейтiн экспортқа бағдарланған өндiрiстер индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтары болып табылады. Ұзақ мерзiмдi стратегиялық мiндеттердi шешу мақсатында ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық өндiрiстердi дамыту үшiн жағдайлар жасауға ерекше көңiл бөлу қажет.

       Стратегияны iске асыру нәтижесi 2015 жылы мұнай және газ кен орындарын қарқынды игеру кезiнде өнеркәсiп өндiрiсi мен экономика құрылымының түбегейлi өзгеруiне әкелмейдi.

       Стратегияны  iске асыру:  ЖIӨ құрылымындағы  өнiмдердi шығарудың үлес салмағын 2015 жылы 46,5 %-тен 50-52 %-ке дейiн ұлғайту;

       ЖIӨ  құрылымындағы ғылыми және ғылыми-инновациялық  қызметтiң үлес салмағының қызметiн  2000 жылы 0,9 %-тен 2015 жылы 1,5-1,7 %-ке дейiн  көтеру;

       ЖIӨ  құрылымындағы өңдеу өнеркәсiбiнiң  үлесiн 2000 жылы 13,3 %-тен 2015 жылы 12-12,6 %-ке тө мендеуiнiң қарқынын баяулату (осы көрсеткiш салыстыру үшiн индустриялық саясатты жүргiзбесе 2015 жылы 10,9 %-тi құрайтын болады)   Стратегияны iске асырмаса, өнеркәсiп өндiрiсiндегi тау-кен салаларының қосылған құн үлесi 2015 жылы 55-56 %, оның ішiнде 2000 жылы 31,0 % және 25,6 % салыстырғанда мұнай өндiру - 50-51 % жетедi. Стратегияны iске асыруды ескере отырып, тау-кен өндiрiсi 45-47 % ғана құрайды. Бұл ретте ғылымды қажетсiнетiн және жоғары технологиялы өндiрiстiң үлесi 2000 жылы ЖIӨ 0,1 %-тен 2015 жылы 1-1,4 %-кe дейiн өседi.

       Өңдеу  өнеркәсiбiнiң қосылған құн құрылымында  сапалы өзгерiстер болады. Металлургия  және металдарды өңдеу үлесi өңдеу  өнеркәсiбiнiң қосылған құнының  жалпы көлемiнен 40,1 %-тен 27-28%-кe дейiн тө мендейдi, ал ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң үлесi 38,1 %-тен 45-46 %-ке дейiн өседi. Бұл ретте ғылымды қажетсiнетiн және жоғары технологиялы өнiм 2000 жылғы 0,6 %-ке қарағанда 9-11 %-тi құрайды.

Информация о работе Шет ел салық жүйесінің ерекшелігі