Салык салу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 19:18, реферат

Краткое описание

Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық экономикалық қозғалысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет әдістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық инструменті, мемлекеттің кірістерін және бюджеттін әдістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты біздің еліміздің экономикасында көптеген жаңа мәселелер мен қажеттіліктер пайда болды.Олар жаңа мамандар мен жаңа теориялық және тәжірибелік дисциплиналардың,соның ішінде салық салу жүйесін негіздеді.

Содержание

I БӨЛІМ. Шетел тұлғаларына салық салудағы Қазақстан Республикасының Салық жүйесінің экономикалық мәні
1.1 Cалық салуда Қазақстан Республикасының Салық жүйесі..................... 4
1.2. Нарықтық экономикадағы салық реформалары және салықтық
қатынастар үйлесімі ...................................................................................... 9
1.3. Шет ел тұлғаларына жеке табыс салығының экономикалық мәні.......... 18
ІІ БӨЛІМ. Шетел тұлғаларына салық салу ерекшеліктерін талдау
2.1. Жеке табыс салығын төлеушілер және салық салу
обьектілері, жеке тұлғалардың салық салынбайтын табыстары 22
2.2. Жеке табыс салығының ставкалары және салық деклорациясы 18
2.3. Резидент еместердің табысына салық салу ерекшеліктері 23
ІІІ БӨЛІМ. Шетел тұлғаларына салық дағы проблемалар,
оны шешу жолдары 29
ҚОРЫТЫНДЫ 32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 33

Прикрепленные файлы: 1 файл

shetel_tulgalaryna_salyk_salu_erekshelikteri.doc

— 262.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының  Салық кодексіне сәйкес салықтың 9 түрі бар. 2005 жылы акциз салығына қосымша  ретінде «экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы»  қосылды.

Салықтың  түрлері:

1.корпорациялық  табыс салығы.

2.жеке табыс салығы.

3.қосылған  құн салығы.

4.акциздер.

5.жер қойнауын  пайдаланушылардың салықтары мен  арнаулы төлемдері.

6.әлеуметтік  салық.

7.жер салығы.

8.көлік салық.

9.мүлік салық.

Алым дегеніміз-белгілі  бір қызмет түрін бастар алдында  немесе осы қызмет түріне құық берер кезде төленетін міндетті төлем.Сонымен қатар алым- анықталған құқықтық мәтебені бергені үшін төлем болып саналады.

2002 жылы алымның 13 түрі  болды. 2003 жылдан бастап «елтаңбалық  алым» алынып тасталды. 2005 жылы  алымдарға өзгерістер енгізілді, яғни: «жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік үшін алым» және «кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін» және «туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу үшін» алымдары қосылды.

Алымдардың  түрлері:

1.заңды тұлғаларды  мемлекеттік тіркегені үшін алым.

2.жеке кәсіпкерлерді  мемлекеттік тіркегені үшін алынатын  алым.

3.жылжымайтын мүлікке  құқықтарды және олармен жасалған  мәмілелердің мемлекеттік тіркегені  үшін алым.

4.радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.

5.механикалық  көлік құралдары мен тіркемелерді  мемлекеттік тіркегені үшін алым.

6.теңіз,өзен  кемелері мен шағын көлемді  кемелерді мемлекеттік тіркегені  үшін алым.

7.азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым.

8.дәрі-дәрмек  құралдарын мемлекеттік тіркегені  алым үшін.

9.автокөлік  құралдарының Қазақстан Республикасының  аумағы арқылы жүру алымы.

10.аукциондардан  алынатын алым.

11.елтаңбалық  алым.

12.жекелеген  қызмет түрлерімен айналасу құқығы үшін лицензиялық алым.

13.телевизия  және радио хабарларын тарату  ұйымдарына радио жиелік спектрін  пайдалануға рұқсат беру үшін  алым

Төлемақы-белгілі бір  қызмет түрін пайдаланған кезде  төленетін міндетті төлем.

Төлемақының 9 түрі бар. 2005 жылы төлемақыға өзгеріс енгізілді. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақыға қосымша ретінде «қалааралықжәне алықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы» төлейді.

Төлемақының түрлері:

1.жер учаскелерін  пайдаланғаны үшін төлемақы.

2.жер бетіндегі  көздердің су ресурстарын пайдаланғаны  үшін төлем ақы.

3.қоршаған  ортаны ластанғаны үшін төлемақы.

4.жануарлар  дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.

5.орманды  пайдаланғаны үшін төлемақы.

6.ерекше қорғалатын  табиғи аумақтарды пайдаланғаны  үшін төлемақы.

7.радиожиілік  спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы.

8.кеме жүретін  су жолдарын пайдаланғаны үшін  төлемақы.

9.сыртқы (көрнекі)  жарнаманы орналастыру үшін төлемақы.

Мемлекеттік баж дегеніміз-уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың  немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар і қимылдар жасағаны үшін және құжаттарды бергені алынатын міндетті төлем.

Мемлекеттік баж салығы-төленетін  қызмет тізімі заңды және жеке тұлғалар мүддесі үшін жасалатын әрекеттерді іздену арыздарын қамтиды.

Кеден төлемдері:

  • кеден бажы;
  • кеден алымдары;
  • алдын ала шешім қабылдағаны үшін төлемақы;
  • алымдар.

 

1.2. Нарықтық экономикадағы салық реформалары және салықтық қатынастар үйлесімі

 

Салықтар мемлекет қазынасына қоғамның жиынтық табысының бөлігін  мәжбүрлеп алудың нақты нысаны ретінде мемлекеттік құрылым және басқару жүйесінің экономикалық кеңістіктің барлық артықшылықтары мен кемшіліктерін бейнелейді.

Салық реформасы салық  салу жүйесінің қызмет ету жүйесін  ауқымды қайта құру және оны басқару  механизмін өзгерту негізінде салық  қатынастарын шектеулі немесе түбегейлі қайта құруды білдіреді. Аталған қайта құруды салық қатынастары мемлекет дамуының экономикалық, әлеуметтік немесе саяси жадайларының елеулі өзгерістерге сәйкес келмеуімен байланысты салық саясатының негіздерін қайта қарастыру қажеттілігімен шарттастырылған.

Кез келген салық реформасын жүргізудің, соңғы нәтижесі ел экономикасын дамытудың  басым міндеттерін  шешуге бағытталған. Ол- мемлекеттік  бюджеттің кіріс бөлігін толтыру  үшін салық түсімдерінің қажетті  деңгейін қамтамасыз ете отырып, ұлттық экономиканы көтеру.

Салық кірістерінің қажетті  көлемін қамтамасыз ету, салық жүйесінің  фискалды функциясының тиімділігіне тәуелді. Сондай-ақ экономикалық өрлеу басым  дәрежеде салық салу жүйесінің басқа  функцияларын, яғни реттеуші және ынталандырушы функцияларын табысты жүзеге асырумен анықталады. Сондықтан салық реформалары, ең алдымен, салық жүйесі өзінің функцияларын тиімді орындауымен тығыз байланысты.

Экономикалық ғылым  және тәжірибе салық реформаларының жалпы сыныптамасын ұсынған. Мазмұны бойынша салық реформалары жүйелік және құрылымдық реформаларға бөлінеді. Жүйелі салқ реформасы кезінде бүкіл салық салу жүйесінің тұжырымдамалық және әдістемелік ережелерінің ауқымды құрылымдануы жүргізіледі. Бұл кезде салықтар тізбесі түбегейлі өзгереді, тікелей және жанама салықтардың ұзақ мерзімді басымдықтары белгіленеді.

Құрылымдық салық реформалары  неғұрлым жалпы нысанда салықтар құрылымымен және салықты ұйымдастыруға  байланысты салық салуды қайта құруды білдіреді. Бұл салықты қайта  құрулар ең бірінші, салық салу базасын анықтау бойынша,салық мөлшерлемелерін тағайындау, салық жеңілдіктерін ұсыну тетіктерін түбегейлі ұайта құру бойынша өзгерістерді қамтамасыз етуге бағытталған.

Нарықтық экономиканы  қалыптастыру барысындағы Қазақстан  Республикасының салық реформаларына көз жүгіртейік. Бұл реформаларды 4 кезеңге бөліп қарастыруға болады. Салық реформаларының I кезеңінде, 1991-1994 жылдары салық жүйесінің негіздері қалыптаса бастады. II кезеңде, 1995-1998 жылдары салық жүйесі ықшамданып, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті қолдау барысындағы шараларға негізделген салық жүйесі қызмет етті. III кезең, 1999-2001 жылдары экономикалық өрлеу тұрақтылып, мемлекеттік бюджет кірістерін жоғарлату көзделді. VI кезеңде, 2002 жылдан бастап нарықтық экономика талаптарына жауап беретін, экономикалық тұрақтандыруға бағытталған тұжырымдамалық жаңа салық жүйесі қабылданды.

Қазақстан Республикасының  салық жүйесінің негізі 1991 жылы қаланған, ол кезде КСРО-ның салық мәселелері бойынша құжаттар пакеті қызмет еткен. Әдеттегідей өз ережелерінің көпшілік жағдайында ол сол кездегі салық салудың ешқандай айырмашылығы болмады. Бірақ Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін, нарықтық қатынастардың  қалыптаса бастауына қарай, оның салық жүйесі де өзгерді. 1992 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген «Қазақстан Республикасының салық жүйесі туралы» заңына сәйкес келетін келесі салықтар алынды: Жалпы мемлекеттік салықтар; жалпыға бірдей міндетті жергілікті салықтар мен алымдар; жергілікті салықтар мен алымдар. Осы жылдар ішінде салық заңдылығына өзгерістер енгізіліп отырды, бірақ олар  жүйелі болған жоқ және өзінің бағытталуы бойынша нарықтық емес әкімшілік сипатта болды. Салықтар және бюджетке төленетін жылдар ішінде салық заңдылығына өзгерістер енгізіліп отырды, бірақ олар жүйелі болған жоқ және ззінің бағытталуыбойынша нарықтық емес әкімшілік сипатта болды. Салықтар  және бюджетке төленетн басқа да міндетті төлемдердің саны көбейе берді, сонымен қатар салық заңдылығына жаңа жеңілдік түрлері де толассыз, ретсіз енгізіле берді. Бірінші кезең, аяғында салық заңдылығы жүйесіз жинақталған, бір-біріне қайшы келетін және бүкіл салық жүйесінің қызметін қиындататын, заңдар және ішкі заңдық актілерге айналды. 1995 жылдың басында салық жүйесі өте күрделі, басқарылмайтын және тиімсіз жағдайға жетті, ал салық төлеушілерге жүктелетін ауыртпалықтың басымдылығынан, ол экономиканың барлық өрістеріндегі өндіріске кері әсерін тигізіп, қоғамдағы  экономикалық реформаларының тежеуішіне айналды.

1995 жылдың 1 шілдесінде  енгізілген «Салықтар және басқа да міндетті төлемдер туралы» Заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы жағдайдың оңалуына септігін тигізді. 1995 жылға дейін салықтар, жоғарыда аталып өткендей, жалпы мемлекеттік салықтар, жалпыға бірдей міндетті жергілікті салықтар мен алымдар, жергілікті салықтар мен алымдар болып үшке бөлінсе жне олардың жалпы саны 45 болса, енді салықтар жалпы мемлекеттік салықтар және жергілікті салықтар мен алымдар болып бөлінді және олардың саны 11-ге дейін қысқартылды. Салық реформасының екінші кезеңінде экономика субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметі үшін ыңғайлы жағдай құрумен, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге жағдайлар жасалды. Салық жүйесі бірінші кезеңмен салыстырғанда барынша ықшамдалды.

1999 жылы салық заңдарындағы өзгерістерге сәйкес салықтардың жалпы мемлекеттік және жергілікті болып бөлінуіне шектеу койылды, Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін «Салықтар, алымдар және бюджетке төленетін міндетті төлемдер» деп аталып, олардың саны 11-ден 17-ге дейін жетлізілді. 1998 жылы бюджеттен тыс қорлардың қысқартылуына сәйкес, салық жүйесіне әлеуметтік салық пен алымдардың түрлері енгізілді. Үшінші кезеңдегі салық реформасы құрылымдық реформаға жатты, өйткені салық салу базасын кеңейтуге, мемлекттік бюджетке түсетін салық түсімдерінің мөлшерін жоғарылатуға бағытталды.

2002 жылғы салық реформасы  жаңа, нарық талаптарына жауап  беретін 

Салық кодексінің енгізілуімен байланысты болды. Салық жүйесі жаңғыртуға және шаруашылық жүргізудің нарықтық қағидаларына көшуіне бағытталды. Салық реформасының төртінші кезеңі ерекшеліктеріне инвестициялық белсенділікті қолдау, салық салу базасын кеңейту, салық ауыртпалығын төмендету, интеграциялық ақпараттық салық жүйесін енгізу жатады.

Сонымен кез келген салық  реформасының мақсаты, елдің серпінді әлеуметтік әлеуметтік-экономикалық даму негізі ретіндегі, болашақтық фискалды тетіктерді қалыптастыру болып табылады. Салық салу реформасы саяси, экономикалық және құрылымдық қайта құрудан кейін жүргізіледі. Өйткені, ол нәтижесінің тиімділігі жағынан неғұрлым инерциалы болып келеді. Осыған байланысты салық реформалары салық жүйесінің  қызмет ету аясында анықталған кемшіліктерді және қателіктерді жою жолымен, тым ұзақ уақыт аралығында жүзеге асырылады. Аталып өткен Қазақстан салық жүйесінің реформаларын кезеңдерге бөлгенмен, әрбір кезең барысында тұрақты салық жүйесі қызмет етпейді, оған үнемі өзгерістер енгізіліп отырады. Салық қатынастарының жағымсыз жақтары елдің экономикалық дамуының объективті қадамымен анықталады. Нарықтық экономиканың салық реформалары кезекті және үздіксіз жүргізіліп отырады.

Салықтар өзінің мәні және мазмұнына қарай жинақтала  келіп, әр түрлі елдердің салық жүйесін  құрайтын, ұлттық ерекшіліктердің көптеген нысандары түрінде болады. Салықтар құрамы, құрылымы, оларды алу тәсілдері, мөлшерлемелері, қазыналық өкілдіктері, салық базасы, әрекет ету өрісі, жеңілдіктері бойынша бұл жүйелер бір-бірінен елеулі айырмашылықта болады және бастапқыда мүлдем салыстыруға келмейтіндей болып көрінеді. Бірақ неғұрлым мұқият талдау кезінде екі негізгі жалпы белгілерді айқындауға болады: 1) мемлекеттің салықтан түсетін кірістерді ұлғайтудың тұрақты нақты жолдарын іздеу; 2) салық жүйесін экономиканың теориялық жалпы қабылданған қағидалары базасында құру.

Әр түрлі елдердің салық жүйелері әр түрлі экономикалық, саяси және әлеуметтік шарттар негізінде құрылған. Әрине, олар оңтайлы емес, бұл оңтайлы жүйені құру үшін экономистерге және әлеуметтанушыларға талаптар ретін өңдеу қажет болды. Олардың ішінде неғұрлым маңыздылары мыналар:

- салық ауыртпалығын тарату біркелкілігі немесе басқа сөзбен айтқанда, әркім мемлекеттік кірістерге өзінің «әділетті үлесін» енгізуі;

- салықтар мүмкіндігінше  әр түрлі тұлғалармен экономикалық  шешімдерді қабылдауға әсерін  тигізбеуі қажет, немесе мұндай  әсер ең аз шамада болуы қажет;

- әлеуметтік-экономикалық  мақсаттарға қол жеткізу үшін  салықтық саясатты пайдалану  кезінде,салық салудың теңдік  және әділеттік қағидаларын бұзуды  ең аз шамаға жеткізу қажет;

- елдің экономикалық  өсуі және тұрақтылығын қамтамасыз  ету мақсатында салық саясатын пайдалануда салықтық құрылым әсер етуі қажет;

- салық жүйесі әділетті  болуы қажет және салық төлеушілерге  түсінікті болуы қажет;

- салықтарды басқару  және салық заңдылығын сақтау  бойынша әкімшілік шығындар ең  аз шамада болуы қажет.

Осы талаптар елдің салық жүйесінің сапасын бағалау үшін негізгі критерийлер ретінде пайдалануы мүмкін.

Салық жүйесін құру кезінде  әр түрлі салықты қолданудың салдарын қайта тарату күрделі проблемалардың бірі  болып табылады. Бұл салдар салықтарды алу тәсілінен, салық мөлшерлеме құрылымынан, салық базасын анықтаудан, және салықтың қызмет өрісіне тәуелді болады. Ел экономикасының салық жүйесіне әсері сұраныс және ұсыныс жағдайынан, нарықтар құрылымынан және жаңа салықтық жағдайларға бейімделу кезеңіне тәуелді болады. Салықтық өзгерістер баға өзгерістеріне әкеледі, бұл салық төлеушілердің кірістері және шығыстарына, салық ауыртпалығын таратуға әсерін тигізеді. Қайта таратудың соңғы нәтижесі барлық көрсетілген факторлардың өзара әсеріне тәуелді болады. Бұл өте күрделі үдеріс, бірақ жалпы ережелер және қорытындыларды жасауға болады.

Информация о работе Салык салу