ҚР салық жүйесінің даму кезеңдеріне сипаттама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 19:03, доклад

Краткое описание

Салық жүйесінің мәнін түсіну үшін, біз ең алдымен салық дегеніміз не екенін білуіміз қажет. Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзат даму тарихында салықтар ежелден бері келе жатқан міндетті төлемдер. Салықтар мемлекет өмір сүруінің негізі. Кейбір ғалымдар салық-өркениетті қоғам үшін ақы деп айтады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Артыкбек Тогжан.doc

— 65.50 Кб (Скачать документ)

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Экономика және бизнес жоғары мектебі

Есеп және аудит  кафедрасы

 

 

 

 

 

   СРС

Тақырыбы:  «ҚР салық жүйесінің даму кезеңдеріне  сипаттама»

                     

                       Орындаған: Артықбек Т.

                                                                                Қабылдаған: Ахметов Ә.

 

 

 

 

 

Алматы 2013

Қазақстан Республикасының салық  жүйесінің даму кезеңдері

Салық жүйесінің  мәнін түсіну үшін, біз ең алдымен  салық дегеніміз не екенін білуіміз қажет. Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзат даму тарихында салықтар ежелден бері келе жатқан міндетті төлемдер.  Салықтар мемлекет өмір сүруінің негізі. Кейбір ғалымдар салық-өркениетті қоғам үшін ақы деп айтады.

Сонымен салық дегеніміз, ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодекске» сәйкес,  мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген,  белгілі бір мөлшерде жүргізілетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер.

Осы салықтар түрлерін, оларды құру мен алудың нысандары  мен әдістерінің, принциптерінің, салық  заңдары мен нормативті актілердің, салық қызметі органдарының жиынтығы мемлекеттің салық жүйесін құрайды.

Салықтар мемлекеттің  құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.Мемлекет құрылымының  өзгеруі,өркендеуі қашан да болса  оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. 
        Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту,тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланылады.

Экономикалық  жағынан салық жүйесі мемлекеттің, аймақтардың және муниципалды құрылымдардың қызметін қаржылай қамтамасыз етуге байланысты әр түрлі мемлекеттер, мемлекет пен салық төлеуші арасындағы, әр түрлі салық төлеушілер арасындағы, сондай-ақ оған тікелей қатысушы заңды және жеке тұлғалар арасындағы күрделі өзара байланысты әлеуметтік-экономикалық қатынастардың жиынтығын құрайды.

Салық жүйесіне қажетті негізгі талаптар мыналар:

  • салық құрамы дәл анықталуы қажет. Ол үшін салық заңдылығында мемлекетте алынатын салықтардың толық тізімі мазмұндалуы керек;
  • салық жүйесі салық төлеушілер үшін салықтан жалтару тиімсіз болатындай етіп жасалуы тиіс; 
  • салық жүйесінің қарапайымдылығы. Бұл әсіресе, салықтың дұрыс төленуі үшін бақылауды жүзеге асыруда маңызды; 
  • салық жүйесі салық төлеушінің өз қаражатын өндіріске салуына ықпал етуі керек.

Қазақстан Республикасында салық жүйесінің даму кезеңдері:

 

 

 

Кезеңдер

 

 

Салық жүйесін құрудың негізгі мақсаты

Салықтардың жалпы саны

Орталықтандыру

деңгейі

Қол жеткізілген нәтижелері

  • Бірінші кезең

 

 

 

 

 

1992-1994ж

Мемлекеттік бюджеттің  кіріс бөлігін қалыптастыру және экономикадағы және салықтық қатынастардағы тәртіпсіздікті реттейтін ұлттық салық жүйесін құру

13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар, 11 жалпыға міндетті жергілікті  салықтар мен алымдар енгізілді

Төмен

16 жалпы мемлекеттік және 27 жергілікті салық түрін қарастыратын заң актілері пакеті қабылданады.

  • Екінші кезең

 

 

 

1995-1998ж

 

 

 

 

 

Макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу және барынша  жоғары әлеуетті әрі бәсекеге қабілетті  кәсіпорындарды ынталандыру жолымен  бюджеттің кіріс бөлігін барынша көбейту.

Салықтар саны Президент Жарлығына сәйкес 11-ге дейін қысқартылды

   Орташа

Экономикалық  өсуге негіз болған макроэкономикалық  тұрақтандыруға қол жеткізу.

Салық салынатын  базаны тарылтуды тоқтату.

  • Үшінші кезең

 

 

 

1999-2001ж

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін арттыру және әлемдік салық тәжірибесі қызмет ететін тәртіп ескерілетін, салықтық реттеуді ұйымдастырудың жаңа принциптеріне көшуге байланысты экономикалық өсуге қол жеткізу

17 салықтар мен  басқа да міндетті төлемдер  мемлекеттік бюджет негізін құрады 

Жоғары

Экономикалық  өсуді бастау. Тұрақтандыру және салық  салынатын базаны кеңейтуді бастау.

  • Төртінші кезең

 

 

 

 

2002-2008ж

 

 

 

 

 

 

Әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды қаржыландыруды кеңейту  мақсатында салық салу субъектілерінің капитализацияланған құ-нын ұлғайтуды ынта-ландыру жолымен бюджет-тің кірісін барынша көбейту

2002 ж Салық  кодексі бойынша 9 салық, 12 алым және  9 төлемақы болған.

Жоғары

Мемлекет пен  салық төлеушілердің мүддесін теңгеруге  мүмкіндік беретін экономикалық өсуді тұрақтандыру

  • Бесінші кезең

 

 

2009 жылдан  басталады

 

 

 

 

Макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу және салық  есебін жетілдіру жолымен бюджеттің  кірісін барынша көбейту

13 салық ,6 алым  және 10 төлемақы бар

Жоғары

Мемлекет пен  салық төлеушілердің мүддесін теңгеруге мүмкіндік беретін экономикалық өсуді тұрақтандыру


 

ҚР салық  жүйесінің реформалану кезеңдеріне  келер болсақ, отандық әдебиеттерде 3 кезең көрсетілген.

  • Бірінші кезеңде- 1991 жылдың 9 шілдедегі Қазақ КСР Президентінің «Қаз КСР мемлекеттік салық қызметін құру туралы» Жарлығымен Қаз КСР-дың басты мемлекеттік салық инспекциясы құрылды. 16  жалпы мемлекеттік және 27 жергілікті салық түрін қарастыратын салық жөніндегі заң актілері пакеті қабылданды.
  • Екінші кезең- 1995 жылғы 24 сәуірдегі «Бюджетке төленетін салық және басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығы өз қаржы жүйемізді құруға ықпал етті. Ең бастысы, салық төлеу жүйесі ықшамдалып, салық саны 45-тен 11 –ге дейін қысқартылды. Қосылған құн салығы енгізілді.
  • Үшінші кезең – 2001 жылы 12 маусымда Қазақстан Республикасы жаңа салық кодексі қабылданып, ол 2002 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілді.
  • Төртінші кезең – 2002 жылдан бері қарай Салық кодексіне бірнеше толықтырулар мен өзгертулер енгізілді.

 Қазақ Ұлттық  Университетінің Экономика және  Бизнес жоғары мектебі факультетінің  деканы Ермекбаева Б.Ж. –ның  «Салық салу негіздері» атты  кітабында ҚР салық жүйесінің даму кезеңдері келесілерден тұрады:

 

  • 1-кезең (1992-1995 ж) – жаңа салық жүйесі базисінің, салық кезеңінің өңделуі және іске қосылуы. ҚР 1991 жылдың 25-желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасындағы Салық жүйесі туралы Заңның қабылдануымен бастау алады.  Бұл кезеңде салықтар мен міндетті төлемдерді 3 топқа бөлген: жалпы мемлекеттік салық, жалпыға бірдей міндетті жергілікті салықтар мен алымдар; жергілікті салықтар мен алымдар. Олардың жалпы саны 43-ке жеткен болатын. 
  • 2-кезең (1996-1998 ж) – нарықтық экономика талаптарына сай келетін салық жүйесін құруды аяқтау.  Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыруға бағдарланған және экономикадағы және салықтық қатынастардағы тәртіпсіздікті реттейтін ұлттық салық жүйесін құру мақсатында жұмыс атқарды. Бұл кезеңде салықтарды 11 түрге дейін қысқартты және салықтарды екіге жіктей бастады: жалпымемлекеттік салықтар және жергілікті салықтар. Кейінірек салықтар 18 түрге өзгерді.
  •        3-кезең (1998-2000 ж) – барлық қағидаларының ескерілуі арқылы салық жүйесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу. Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін арттыру және әлемдік салық тәжірибесі қызмет ететін тәртіп ескерілетін, салықтық реттеуді ұйымдастырудың жаңа принциптеріне көшуге байланысты экономикалық өсуге қол жеткізу мақсатында жүргізілген іс-шаралар жиынтығы ретінде көрініс табады.
  • 4-кезең (2001-2002 жылдан басталады) – Жаңа Салық Кодексі қабылданып іске қосылды. Салық кодексі 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Ол салық салудың ойластырылған құқықтық негізін құрудың түпкілікті міндетін шешуге бағытталған.  
    Жаңа Салық кодексіндегі 11 салықтардың, салық сипатындағы алымдардың 13, төлемақылардың 9 түрі болды.

 

Салық жүйесінің  дұрыс қызмет атқаруын қадағалап  отыратын органдар бар.




 


 

 

 

 

 

 

      Салық қызметі органдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасызету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін   орындауына салықтық бақылауды жүзеге асырады. 
   


Информация о работе ҚР салық жүйесінің даму кезеңдеріне сипаттама