Көлік құралдарына салынатын салықтың экономикалық мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 20:57, доклад

Краткое описание

Көлік құралдарына салынатын салық – мемлекет пен көлік құралдары арасындағы экономикалық қатынасты реттейтін салық. Көлік құралдарын иелері көлік құралдарын иемдену барысында республиканың автокөлік жолдарын пайдаланады. Ал осы автокөлік жолдарын қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады. Сондықтан да көлік салығының экономикалық мәні зор.

Прикрепленные файлы: 1 файл

срсп көлік.doc

— 71.00 Кб (Скачать документ)

Көлік құралдарына  салынатын салықтың экономикалық мазмұны

 

Көлік құралдарына салынатын  салық – мемлекет пен көлік  құралдары арасындағы экономикалық қатынасты реттейтін салық. Көлік  құралдарын иелері көлік құралдарын иемдену барысында республиканың  автокөлік жолдарын пайдаланады. Ал осы автокөлік жолдарын қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады. Сондықтан да көлік салығының экономикалық мәні зор.

Көлік құралдарына салынатын  салық тікелей нақты салық  болып табылады.

Меншік құқығында салық  салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу не оралымды басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері көлік құралдарына салынатын салықтың төлеушілері болып табылады.

Лизинг алушы қаржы  лизингі шарты бойынша берілген салық салу объектілері бойынша көлік құралдары салығын төлеуші болып табылады.

Мыналар көлік  салығын төлеушілер қатарына жатпайды:

  • ҚР Үкіметі белгілейтін көлік құралдарына қажеттілік нормативтері шегінде бірыңғай жер салығын төлеушілер;
  • меншікті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде пайдаланылатын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілерді қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер;
  • мемлекеттік мекемелер;
  • салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша – Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген адамдар;
  • салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша– меншігінде мотоколяскалары мен автомобильдері бар мүгедектер;
  • салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша – Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистік Еңбек Ері, «Халық қаһарманы» атағын алған, үш дәрежелі Даңқ орденімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
  • ауыл шаруашылық құрылымынан шығу нәтижесінде пай ретінде алынған, пайдаланған мерзімі жеті жылдан асқан жүк автокөліктері бойынша жеке тұлғалар.

ҚР-нда мемлекеттік  тіркеуге жататын және есепте тұрған көлік құралдары, тіркемелерді қоспағанда, салық салу объектілері болып табылады.

Мына көлік құралдары  көлік салығының салық салу объектілері болып табылмайды:

- жүк көтергіштігі 40 тонна  және одан асатын карьерлік  автосамосвалдар;

- мамандандырылған медициналық  көлік құралдары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     Көлік құралдарына салынатын салықтың ставкалары

 

Салық салу объектісі

Салық ставкасы (АЕК)

  1. Двигатель көлемі мынадай жеңіл автомобильдер (текше см.):

1100-ге дейін қоса алғанда

1100-ден жоғары 1500-ді қоса

1500-ден жоғары 2000-ды қоса

2000-ден жоғары 2500-ды қоса

2500-нан жоғары 3000-ды қоса

3000-нан жоғары 4000-ды қоса

4000-нан жоғары 

2. Жүк көтергіштігі  мынадай жүк таситын арнаулы  автомобильдер (тіркемелерді есептемегенде):

1 тоннаға дейін қоса алғанда

1 тоннадан жоғары – 1,5 тоннаны қоса

1,5 тоннадан жоғары – 5 тоннаны қоса

5 тоннадан жоғары

3. Шынжыр табанды машиналар  мен механизмдерді қоспағанда, өздігінен  жүретін машиналар мен пневматикалық  жүрістегі механизмдер

4. Автобустар:

12 отыратын орынға дейін қоса алғанда

12-ден жоғары – 25 отыратын орынды қоса

25 отыратын орыннан  жоғары

5. Мотоциклдер, мотороллерлер,  мотошаналар, көлемі шағын кемелер  (двигателінің қуаты 55 кВт-тан  артық емес)

Мотоциклдер (двигателінің қуаты 55 кВт-тан жоғары)

6. Катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар, яхталар (двигательдің қуаты мынадай ат күшіне тең):

160-қа дейін қоса  алғанда

160-тан жоғары 500-қоса

500-ден жоғары 1000-қоса

1000-нан жоғары

7.  Ұшу аппараттары

 

 

4,0

6,0

7,0

12,0

17,0

22,0

117,0

 

 

6,0

9,0

12,0

15,0

 

3,0

 

 

9,0

14,0

20.0

 

1,0

10,0

 

 

6,0

18,0

32,0

55,0

әрбір киловатт қуатта айлық  есептік көрсеткіштің 4,0 %


 

Жеңіл автокөліктердің 7 АЕК ставкасы бойынша салық салынатын  двигателінің көлемі 1500-ден жоғары – 2000 текше см-ді қоса, 12 АЕК ставкасы бойынша салық салынатын 2000-нан жоғары – 2500 текше см-ді қоса, 17 АЕК ставкасы бойынша салық салынатын 2500-ден жоғары – 3000 текше см-ді қоса және 22 АЕК ставкасы бойынша салық салынатын двигателінің көлемі 3000-нан жоғары – 4000 текше см-ді қоса алған көлемде болған кезде салық сомасы двигательдің аталған көлемінен асқан әрбір әрбір бірлік үшін 7 теңгеге ұлғайтылады.

 

 

 

 

 

 

Салық төлеудің белгіленген  мерзімі аяқталғанға дейін пайдалану  мерзімі 6 жылдан асқан жеңіл автокөлік  құралдары бойынша мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:

ТМД елдерінде шығарылған автокөлік құралдары үшін:

6 жылдан – 15 жылға  дейін қоса алғанда                   - 0,3;

15 жылдан жоғары –  25 жылды қоса                          - 0,2;

25 жылдан жоғары                                                       – 0,1;

двигатель көлемі мынадай  басқа автокөлік құралдары үшін:

3000 текше см-ге дейін қоса алғанда                          - 0,5;

3000-нан жоғары –  4000 текше см-ді қоса                 - 0,7;

4000-нан жоғары                                                           - 1,0.

Пайдалану мерзімі 20 жылдан асқан ТМД елдері шығаратын жеңіл автокөліктер мен мотоциклдер бойынша жеке тұлғалар үшін түзету коэффициенті 0.

Белгіленген салық төлеу  мерзімі аяқталғанға дейін пайдаланылу  мерзімі 7 жылдан асқан ТМД елдерінде шығарылған жүк таситын, арнаулы автокөлік құралдары бойынша мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:

7 жылдан – 14 жылға  дейін қоса алғанда        - 0,5;

14 жылдан – 20 жылды  қоса                             - 0,3;

20 жылдан жоғары                                             - 0,1.

Салық кодексімен шетелде  шығарылған жүк автокөліктеріне  пайдалану мерзіміне қарай түзету коэффициенттерін қолдану қарастырылмаған.

Пайдалану мерзіміне  байланысты ұшу аппараттарының салық ставкаларына мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:

1999 жылғы 1 сәуірден  кейін ҚР-ның шегінен тыс жерлерден  сатып алынған ұшу аппараттарына:

пайдаланылу мерзімі 5 жылға  дейін қоса алғанда               - 1,0;

пайдаланылу мерзімі 5 жылдан жоғары – 15 жылды қоса  - 2,0;

пайдаланылу мерзімі 15 жылдан жоғары                              - 3,0.

1999 жылғы 1 сәуірге  дейін сатып алынған, сондай-ақ 1999 жылғы 1 сәуірден кейін алынған  және ҚР-нда 1999 жылғы 1 сәуірге  дейін пайдалануда болған ұшу  аппараттарына:

пайдаланылу мерзімі 5 жылға дейін қоса алғанда               - 1,0;

пайдаланылу мерзімі 5 жылдан жоғары – 15 жылды қоса  - 0,5;

пайдаланылу мерзімі 15 жылдан жоғары                              - 0,3.

Көлік құралының пайдаланылу  мерзімі көлік құралдарының паспортында (әуе кемесін ұшуда пайдалану  жөніндегі нұсқамада) көрсетілген  көлік құралы шығарылған жыл негізге  алына отырып есептеледі.

Катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар, яхталардың пайдаланылу мерзіміне қарай салық ставкаларына мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:

5 жылға дейін қоса  алғанда                                     - 1,0;

5 жылдан жоғары –  10 жылды қоса алғанда          - 0,5; 

10 жылдан жоғары –  20 жылды қоса алғанда        - 0,3;

20 жылдан жоғары –  30 жылды қоса алғанда        - 0,2;

30 жылдан жоғары                                                    - 0,1.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Заңды және жеке тұлғалардың әртүрлі көлік құралдары бойынша көлік  құралдарына салынатын салықты есептеу және төлеу механизмі

 

Бұл салық түрінің  ерекшелігіне қарай өзінің белгіленген  есептеу мен төлеу тәртібі  бар. Атап айтсақ, салық төлеушілер салық заңдылығына сәйкес салық  салу объектілерін әрбір көлік құралы бойынша салық ставкасын және түзету коэффициенттерін негізге ала отырып, салық кезеңі үшін салық сомасын дербес есептейді. Сондай-ақ салықты салық салу объектісінің тіркелген жері бойынша бюджетке төлеуі қажет.

Көлік құралдарына салынатын  салықты есептеу үшін келесі көрсеткіштерді білу қажет.

Көлік құралдарына салынатын салықты төлеу мөлшерін анықтаудың көрсеткіштері

Көрсеткіштері

Қысқаша сипаттама және төлеу тәртібі

1

Жеңіл автокөліктердің  двигатель көлемі (текше см)

Көлік құралының паспортындағы  мәлімет бойынша анықталады. Салық  төлеу үшін 1100-ді қоса және 4000-нан жоғары шек аралығына сәйкес келуі керек және осыған байланысты салық ставкасы 4 АЕК-тен 117 АЕК-ке дейін ауытқиды

2

Автокөліктің жүк көтергіштігі (тіркемелерді есептемегенде) тоннамен

1 тоннаға дейінгі қоса  және 5 тоннадан жоғары шектерге қарай есептеледі, осы шек аралығына 6,0-ден 15,0 АЕК-ке дейінгі аралықта ауытқитын салық ставкалары белгіленеді

3

Автобустарда отыратын орын саны

Отыратын орынға қарай 12-ге дейінгіні қоса және 25-нан жоғары  отыратын орындарға, 9,0-ден 20,0 АЕК-ке дейінгі реттелетін ставкалар бойынша есептеледі

4

Басқа да көлік құралдарының двигателінің қуаты (ат күшімен не киловатпен)

Қуаттың әрбір көрсеткішінен  АЕК-тен процентпен

5

Түзету коэффициенттері

Пайдалану мерзімі соңғы  пайдалану мерзімінен белгілі бір  жылдар  асқан автокөлік құралдарына қолданылады

6

Пайдалану мерзімі

Автокөліктің паспортында  көрсетілген шығарылған жылына қарай  есептеледі

7

Салық ставкасы

Автокөлік құралының  түріне, пайдалану мерзіміне, шыққан жеріне (ТМД, шетел) байланысты


 

Көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында салық кезеңінен аз уақыт болған жағдайда салық сомасы көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында болған кезең үшін салықтың жылдық сомасын 12-ге бөліп, оны көлікқұралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында іс жүзінде болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледі.

 

 

 

 

 

 

 

Салық кезеңі ішінде жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар өз қызметінде пайдаланатын салық салу объектілеріне меншік құқығын, сондай-ақ заңды тұлғалар салық салу объектілеріне меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығын берген кезде, салық сомасы мына тәртіппен есептеледі:

 

    1. беретін тарап үшін:

салық кезеңінің басында  қолда бар көлік құралдары  бойынша салық сомасы салық кезеңінің  басынан бастап көлік құралына меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында  немесе оралымды басқару құқығын  берген айдың бірінші күніне дейінгі  кезең үшін есептеледі;

салық кезеңінің ішінде сатып алынған  көлік құралдары бойынша салық  сомасы көлік құралына меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығын алған  айдың бірінші күнінен бастап көлік құралына меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептеледі;

  1. алушы тарап үшін – салық сомасы көлік құралына меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығын алған айдың бірінші күнінен бастап, салық кезеңінің соңына дейін немесе алушы тарап одан кейін аталған көлік құралына меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезеңі есептеледі.

Салық кезеңі ішінде жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғалар салық салу объектілеріне меншік құқығын берген кезде салық сомасы мынадай тәртіппен есептеледі:

  • көлік құралына меншік құқығын жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғаларға берген кезде жылдық салық сомасын тараптардың біреуі (келісім бойынша) есептеп, бюджетке енгізеді;
  • көлік құралына меншік құқығын жеке кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға, заңды тұлғаларға берген кезде бюджетке төленуге тиісті салық сомасын есептеу жоғарыда аталған тәртіп бойынша жүргізіледі.

Информация о работе Көлік құралдарына салынатын салықтың экономикалық мазмұны