Музыкалық әдістемеде қолданылатын ойындар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2013 в 07:17, доклад

Краткое описание

Бүгінгі күні дидактика саласындағы орнықты мәселелердің бірі-білім берудегі ойын технологиясы. Музыка пәнін оқытудың тәжірибесі ойынның білімділік құндылығын дәлелдеді.
Адамның ойын әрекеті негізгі үш түрлі даму деңгейінен тұрады: кәсіптік, әуестену, оқу-жаттығу ойындары. Ойын сонымен қатар оқушылар мен студенттердің, мектеп жасына дейінгі балалар мен тәрбиешілердің бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технология ретінде қолдануға тиімді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Музыкалық әдістемеде қолданылатын ойындар.doc

— 51.50 Кб (Скачать документ)

Музыкалық әдістемеде қолданылатын ойындар

 

Бүгінгі күні дидактика саласындағы орнықты мәселелердің бірі-білім берудегі ойын технологиясы. Музыка пәнін оқытудың тәжірибесі ойынның білімділік құндылығын дәлелдеді.

Адамның ойын әрекеті негізгі үш түрлі даму деңгейінен тұрады: кәсіптік, әуестену, оқу-жаттығу ойындары. Ойын сонымен қатар оқушылар мен студенттердің, мектеп жасына дейінгі балалар мен тәрбиешілердің бірлескен  оқу  әрекетінің өзара байланысты технология ретінде қолдануға тиімді.

Мұғалімнің балалар ойынындарындағы рөлі маңызды және ерекше. Ол көбіне ойынды ұйымдастырушы, ойынның мазмұны жөніндегі кеңесшісі, әділ төрешісі сонымен бірге арасында олардың жолдасы бола алады.

Бастауыш сынып оқушыларының мектепке дейінгі негізгі әрекеті ойын десек, сабақта олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі керек. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады.

Дидактикалық ойындардың арнайы мақсаты бар және нақты міндеттерді шешеді.

Ойынның мақсаты: бағдарламадағы білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтық және пысықтау немесе тексеру сипатында болады.

Ойынның міндеті: балалардың қызығушылығын оятып, белсенділік арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнмен танылады.

Дидактикалық ойындарды ұйымдастыру мына негіздерге сүйенеді:

1. Балалардың іс-әрекетінде ойын түрлдерінде оқуды байланыстырып, және қызықты жеңіл ойын тапсырмалары арқылы оқу-тәрбие мәселесіне көшу.

2. Ойынның шарты мен оқу міндеттерінің күрделенуі.

3. Тапсырмаларды шешу арқылы оқушының ақыл-ой белсенділігінің артуы.

Дидактикалық ойындар оқушылардың өз бетінше жұмыс істей білуін дағдыландыруға әсер етеді, ойлау қабілеттерін, ізденістерін арттырады, сөздік қорын молайтуға көмектеседі.

Дидактикалық ойындарды пайдалануда мына төменгі шарттарды қолдану тиімді:

-егер бастауыш сынып мұғалімі оқушылардың ойын әрекетін ұйымдастыру жолдарын меңгертсе;

-ойынның түрлі типтерінің өзара әрекетін қамтамассыз ете білсе;

-бастауыш сыныптарда қолданылатын ойындар жүйесінде басымдылық дидиктикалық ойындарға берілсе;

Бастауыш сыныптардағы сабақтарды дидактикалық ойындарда өткен тақрыптарды пысықтау, қайталау кезінде қолданған дұрыс пайдалы.

Музыка сабағында балалардың қызығушылығын, белсенділігін арттыру мақсатында мынандай бірнеше музыкалық ойын түрлеріне тоқталсақ:

«Ырғақты аккомпанемент»

Оқушыларды екі топқа бөліп, бірнеше топ әнді орындайды, ал екінші топ ақырын шапалақпен белгілі ырғақты соғады. Мұндай «аккомпанемент» әннің ырғағын тез үйренуге көмегін тигізеді және әуенге жаңа өң береді.

Оркестр ойыны

Бұл ойынға қатысу үшін оқушыларға алдын-ала дайыналған музыкалық аспаптар тартылады (тұяқтас, сылдырмақ, ағаш қасықтар). Бұл аспаптарды балалар үйлерінен де алып келуге болады. Үнтаспадан музыканы тыңдау арқылы, оқушылар ырғақ соға бастайды, және басқа да оркестрде кездесетін аспаптарды қимылмен келтіру арқылы музыканы тыңдайды. Бұл «оркестр» ойынын ойнаған кезде шығарманың көңіл- күйін келтіре білген маңызды. Мысалы, көңілді-мұңлы, қатты немесе ақырын, нәзік немесе үрейлі. Бұл ойын тыңдаған музыканың көңіл-күйін ажыратуға және әуенді тез жадында сақтауға көмегін тигізеді.

Сурет салу ойыны

Қандайда бір күйді тыңдатар алдында оқушыларға мынандай тапсырма беруге болады: балалар, егер сендер композитор болсаңдар, мына күйді қалай айтар едіңдер?

Күйді тыңдап болған соң, осы күйдің желісі бойынша көз алдарына елестету арқылы суреттер салғызу. Бұл ойын баланың қиялын дамытуға үлкен көмегін тигізеді.

Музыкалық викторина

оқушылар тыңдаған музыкалық шығармаларын естерінде сақтау үшін немесе сол шығарманы тереңірек түсіну үшін қайталаудың орны бөлек. Ол үшін түрлі музыкалық викторина ұйымдастыру керек. Тыңдаған шығармаларынан үзінді тыңдатып, оны бірден ажыратуға дағдыландыру.

Музыка оқулығында «Атамұра» бағдарламасы бойынша «Төрт түлік» мал және «аңдардың айтысы» бірнеше тарауларды қамтылған.

Осы тауарларға байланысты «Қалай айтуды білемін» атты ойыны қызықты. Ол шағын төрт әннен тұрады (сұрақтары: кім қалай дауыстай біледі? Малдың төлін емізуге шақыру. Малдың төлін былай атайды).

Ойын барысында ойынға қатысушылар  әрбір жүргізішінің сұрақтарына жауап бере отырып, жан-жануарлардың мінез-құлқын, олардың сыртқы көрінісін, олар шығаратын дыбысты айнытпай салып беруі тиіс.

Ал, мұның өзі байқампаздықты, тапқырлықты, табиғат құбылыстарынан хабардар болуды талап етеді. Ойын аздап театрландырылып ойын-сауық түрінде өтеді. Мұнда ән-жыр айта білу, көрген білгеніне, есте сақтай білу қабілетіне мән беріледі.

«Аңдардың айтысы» атты ойында қатысушылар жүргізушінің талабына сай белгілір бір әндер орындап, онда аңдардың дауыстарын, қылықтарын бейнелеп, олардың өзіне тән ерекшеліктерін сипаттап көрсетеді. Мұның өзі хайуанаттар әлеміжөнінде нақты ұғымды, музыклық және әртісттік қабілетті, жеке және топтасып ән айта білу дағдысын жетілдіреді.

Мұндай ойындар халықтық педагогикада өте көп және мазмұндары, бағыттары да бірін-бірі қайталамайтындай сан-алуан, қызықты. Олар «Алақан соқпақ», «Тартыс», «Айгөлек», т.б.

Қай ойынды алмайық, бәрінде де белгілі бір ырғақтарды соғу, ән,күй,тақпақ, мәнерлі қимыл бір-бірімен алмасып жатады.

Балалар мен жастардың эстетикалық тәрбиесін дамытып, оқушыларды суырып салмалыққа, импровизациялық қабілеттерін дамытуға «айтыс» өнерінің орны ерекше.

«Айтыс»-қазақтың төл сөзі, ежелден айтысу, сөз жарысы, пікір таласы деген ұғымда қолданылып келген. Әдетте айтыс шешендік сөзбен де, өзара күй тарту арқылы да айтылған. Мұның қай түрін алып қарасақ та, сезімтал тақырыптылықпен, қисынсыз қиыстырылатын шеерлікпен қатар, халқымыздың ой-арманы мен ар- намысын қастелеген аталық ақыл -өсиет сезімді, халқына оның өнеріне деген сүйіспеншілік сезімі аңғарылады, музыкалық, әншілік,күйшілік дарындылығы байқалады.

Оқушыларды суырып салмалыққа, инпровизациялау қабілетін дамытуда айтыс өнерінің берері мол.

Балалар ойынының қызықты да пайдалы түрлерінің бірі- жаңылтпаш. Ол әуеннің сөзін анық айтуға, дикцияның дұрыс қалыптасуына, бала тілін ширатудың қолайлы құралы қалай болса солай мағынасыз айтыла салған сөз емес, керісінше дүниетанымдық тәрбиелік мәні бар.

Оқушы білімінің сапалы болуы сабақ жүйесінде, әр сабақтың ішкі мүмкіндігіне, оларды ұлттық дәстүрмен ұштастыра білуге, оқушыларды шығармашылықпен жүмыс істеп, білімдерімен дағдыларын біліктілікпен дамытуға көмектеседі.


Информация о работе Музыкалық әдістемеде қолданылатын ойындар