Мектеп дейінгі мекемедегі музыкалық тәрбие әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2014 в 11:24, реферат

Краткое описание

Л.С. Выготскийдің айтуынша, тұтастай алғанда тәрбие, атап айтқанда, оқыту ісі дамытудан «озық» жүріп отыруы, сөйтіп, оны соңынан ілестіріп отыруы тиіс. Музыкалық дамыту тәрбие мен оқыту процесіне байланысты. Даму дәрежесі балалардың музыка сабақтарындағы мінез-құлқымен, дербес ісіндегі творчестволық көріністермен айқындалады. Егер бала өз талабымен құмарта ән салып, билеп, музыкамен әуестеніп, бұларды мәнерлі де дұрыс істесе, онда оның музыкалық дамуының жеткілікті дәрежеде жоғары екендігі туралы айтуға болады.

Содержание

1 Музыкалық тәрбие және даму
2 Музыкалық тәрбиенің міндеттері
3 Музыкалық тәрбие арқылы баланың жағымды көңіл-күйін дамыту

Прикрепленные файлы: 1 файл

Музыкалық тәрбие.docx

— 30.29 Кб (Скачать документ)

Мектеп дейінгі мекемедегі музыкалық тәрбие әдістемесі

Жоспар.

1 Музыкалық тәрбие және даму

2 Музыкалық тәрбиенің міндеттері

3 Музыкалық тәрбие арқылы баланың жағымды көңіл-күйін дамыту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Музыкалық тәрбие және даму

Музыкалық тәрбие дегеніміз – музыкалық өнердің ықпалы арқылы баланың жеке басын қалыптастыру – музыкалық ынтасын, қажеттерін, қабілетін, музыкаға эстетикалық көзқарасын қалыптастыру деген сөз. Бала музыканың әр түрін өзінің қабылдау ерекшелігін, жасын ескергенде ойдағыдай меңгереді.

Музыкалық дамыту – баланың музыка ісіндегі белсенділігінің нәтижесі. Әр баланың дербес ерекшелігінің өзіндік мәні бар.

Дамыту былайша жүреді:

- эмоциялар саласында  – қарапайым музыкалық құбылыстарға  еліктеуден бастап шамалы әсерлі  және әр түрлі эмоционалды  реакцияларға дейін;

- сезу, қабылдау және есту саласында – жеке музыкалық дыбыстарды айыра білуден бастап музыканы тұтас, айқын және ынтаықыласпен қабылдауға, дыбыстың биіктігін, ырғақтарды, тембрді, динамиканы саралауға дейін;

- ықыласын білдіру саласында  – тұрақсыз әуестенушіліктен  тұрақтылыққа көше бастауға, қажеттілікке  айналдыруға, алғашқы музыкалық  талғам білдіруге дейін;

- орындаушылық қызмет  саласында – көрсету, еліктеу  әрекеттерінен бастап ән айтудағы  және музыкалық-ырғақтық қимылдағы  дербес мәнерлі және творчестволық  көріністерге дейін.

Музыкалық тәрбие беру мен дамыту ісі дұрыс ұйымдастыруды және нысаналы оқытуды талап етеді.

Музыкаға үйрету – тәрбиелеуші процесс; оның барысында педагог музыкалық тәжірибе жинақтауға, ең қарапайым мәліметтер, білім, дағдылар алуға көмектеседі. Өз тарапынан бала оны белсенді түрде меңгереді.

Л.С. Выготскийдің айтуынша, тұтастай алғанда тәрбие, атап айтқанда, оқыту ісі дамытудан «озық» жүріп отыруы, сөйтіп, оны соңынан ілестіріп отыруы тиіс. Музыкалық дамыту тәрбие мен оқыту процесіне байланысты. Даму дәрежесі балалардың музыка сабақтарындағы мінез-құлқымен, дербес ісіндегі творчестволық көріністермен айқындалады. Егер бала өз талабымен құмарта ән салып, билеп, музыкамен әуестеніп, бұларды мәнерлі де дұрыс істесе, онда оның музыкалық дамуының жеткілікті дәрежеде жоғары екендігі туралы айтуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Музыкалық тәрбиенің  міндеттері

Осы тарауда баяндалған барлық қағидалар балалар бақшасындағы музыкалық тәрбиенің міндеттерін айқындап беруге мүмкіндік туғызады, бұл қағидалар баланың жеке басын жан-жақты және үйлесімді тәрбиелеудің жалпы мақсатына бағындырылып, музыкалық өнердің өзгешелігі мен мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп құрылады:

1. Музыкаға деген сүйіспеншілік пен құштарлықты тәрбиелеу. Бұл міндет баланың естіген шығармаларының мазмұнын   тереңі-рек сезіп, түсінуіне көмектесетін   музыкалық   қабылдағыштығын, музыканы есте ұстау қабілетін дамыту жолымен шешіледі. Музы каның тәрбиелік ықпалы жүзеге асырылады.

2. Балаларды алуан түрлі музыкалық шығармалармен таныс-тырып, олардың музыкалық әсерлерін байыта беру керек.

3. Балаларды музыканың ең қарапайым үғымдарымен таныс-тыру, музыка тыңдау, ән айту, музыкалық-ырғақтық  қимыл,   ба-лалардың музыкалық аспаптарында ойнау саласындағы дағдыларын дамыту қажет.

4. Эмоциялық әсер алғыштығын,   сенсорлық   қабілеттері   мен лад-биік дыбыстарды айыра білуін, ырғақ  сезуін  жетілдіріп, ән шілік дауыс пен қимылдарын әрлендіре түсу керек.

5. Ән айтудың қарапайым түріне және қимыл әдістеріне үйре-те беру, бүл істе музыкалық шығармалардың табиғи және әсерлі орындалуын қадағалау керек.

6. Алған әсерлері мен  музыка жөніндегі үғымдары негізінде  музыкалық талғамы пайда болған  балалардың алғаш көрінуіне жәрдемдесу  керек, ол үшін алдымен олардың  музыкалық шығар-маларды таңдауына, содан соң бағалай білуіне  көмектескен жөн.

7. Музыканың балаларға  түсінікті барлық түрлерінде: ойын  дар мен хороводтарда характерлік  образдарды беруде; үйренген би  қимылдарын өздері тапқан жаңа  үйлесімдерге пайдалануда; ойдан  шығарған шағын әндер мен қайырымдарды  айтуда твор-честволық белсенділікті  дамыта беру керек. Сонда дербес, үйрен-ген репертуарды күнделікті  өмірде қолдануға деген инициатива  мен талпыныс, музыкалық аспаптарда  ойнауға, ән салып, би би-леуге  деген құлшыныс қалыптасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Мектепке дейінгі балалық шақ-бөбекті әсемдік әлеміне неғұрлым кеңінен араластыратын кезең.

Эстетикалық тәрбиенің жарқын құралдарының бірі-музыка.

Баланы жан-жақты,  әрі үйлесімді дамыту музыканың атқаратын міндеті. Осы маңызды міндетті орындау үшін балада жалпы музыкалық қабілетті дамыту керек.

Музыкалық қабілеттің бірінші белгісі- музыкалық шығарманың сипатын характерін сезіну,естігеніне бірге қуану,не күйіну,эмоциялық әсерін көрсету,музыкалық образды түсіну қабілеті.Музыка баланы толғандырады,қабылдаушылық қабілетін оятады,өмір құбылыстарымен таныстырады,оларды бір-бірімен салыстыратын ой туғызады.

Музыкалық қабілеттің екінші белгісі-тыңдау қабілеттілігі,ең қарапайым музыкалық дыбысты тыңдап,ести білу мәдениетін байқайды.

Ең қарапайым қасиетін (аспаптардың жоғары және төмен тембрлік дыбысын) салыстырады, шығарманың ең қарапайым құрылымын (әннің бастамасын,қайырмасын, бөлімдерін) айырады, бір-біріне қарама-қарсы көркем образдарын айқындайды.

Музыкалық қабілеттің үшінші белгісі-музыкаға творчестволық көзқарастың көрінісі.Бала музыканы тыңдап отырғанда,көркем образды әнді,ойынды көз алдына елестете отырып,өзінше қабылдайды.Мысалы:маң-маң басқан аю,үркек қоян т.б. Музыка баланың сезімдеріне тікелей әсер ете отырып,оның патриоттық, адамгершілік сезімдерін қалыптастырады.Оның ықпалы үгіттеуден де, нұсқаулардан да анағұрлым күшті болады. Отан, Қазақстан, батырлық туралы айтқан балалардың әндерінен өз елдеріне деген сүйіспеншіліктерін көруге болады.Сондай-ақ,Қазақстан азаматы болғандықтан, әрбір бүлдіршін еліміздің рәміздерін, әсіресе, мемлекетіміздің Әнұранын есіне сақтап,жаттап алуын қамтамасыз еткен жөн. Әнұранның мазмұнын балаларға егжей-тегжейлі түсіндіріп,мереке күндері топ болып айтқызу –Отансүйгіштік, еліне деген мақтаныш  сезімін, ұлттық рухын күшейтуде айрықша мәні бар іс. Түрлі халықтардың жеке және хормен айтылатын әндері мен билері достыққа тәрбиелейді. Әсіресе біздің балабақшамыздағы орыс топ балаларының казақ тілінде ән шырқап  аудан көлемінде өткен «Тіл болашағы балабақшада» атты байқауда жүлделі орынға ие болғаны қазақ әні мен билеріне деген сүйіспеншіліктерін арттырады.

Ұжым болып ән салу,билеу,ойнау көп ретте тәрбиелік міндеттерді шешеді.Ән айту бәрінің бірдей күш салуын қажет етеді,әнді дәл айтпайтын бала жақсы айтатын балаға қарап үйренеді.

Музыкамен айналысу мектеп жасына дейінгі баланың жалпы мінез-құлқына,мәдениетіне себін тигізеді.

Өнердің басқа түрлері сияқты музыканың танымдық маңызы да бар.Музыка балалардың эстетикалық және ақыл-ой тұрғысынан жетілдіре отырып,оның қабылдау және көз алдына елестету қабілетін жандандырады.

Музыкалық ырғақ сәтінде балалар рақаттана әндетіп, музыка ырғағына сай қимылдай жүріп, өздері ойлап тапқан жаңа биге көшеді. Би, халықтың жеке билері,пантомимо, әсіресе музыкалық ойын түріндегі драма балаларды өмір көріністерін бейнелеуге, бейнелі қимыл,мимика,сөз арқылы персонаждарды сомдайды.

Балалардың жас ерекшеліктеріне  байланысты музыкалық даму ерекшеліктері де жылдан-жылға өсе береді,баланың қабілеті белсенді музыкалық қызмет процесінде дамиды.

 Музыкалық дамудың  неғұрлым елеулі ерекшеліктері: есту сезімі,музыкалық есту қабілеті, ән айту, музыкалық ырғақ орындаудағы  қарапайым дағдылары, қимылдары.

Бір жасқа аяқ басқанда: нәресте туғаннан кейін 10-12 күнде дыбысқа елеңдейді, 4-5 айда қай дыбыстың қай жерден шыққанын аңғарады, әндеткен дауысқа құлақ түреді,ал 1 жасқа шыққанда бөбек ересек адамның салған әнін тыңдап, ілесе былдырлап, уілдейді.

Екі жасқа аяқ басқанда:музыканы қабылдағанда балалар жарқын контрасты  эмоциялар көрсетеді.Бала жоғары және төмен дыбыстарды,қатты және бәсең үнді айыра біледі, сылдырмақтармен ойнайды, әннің қайталанған сөздерін айтады.Әндеткен ересек адамға қосылады,ең қарапайым қимылдар жасауды меңгереді;музыка әуеніне ілесіп алақандарын соғады,аяқтарымен топылдатады.

Үш,төрт жасқа аяқ басқанда:балалардың сезімталдығы артады,заттар мен құбылыстарды,музыкалық қасиеттерді айыра алады,кейбір бала қарапайым әуенді дәл қайталап айта алады.  Төрт жасқа толар шағында балалар ересектердің азғана көмегі арқылы шағын әнді орындай алады.Бидің түрлі қимылдарын орындай алады.

Бес жасқа аяқ басқанда:бұл-балалардың көп нәрсені білуге құштар шағы,ол өте байқағыш келеді, музыканың  көңілді, қуанышты, сабырлы екенін, дыбыстардың жоғары-төмен, тез-баяу орындалатынын,әуеннің қандай аспапта орындалып жатқанын  ажыратады. Бала әнді қалай айту, қол ұстасып жүріп билеуде қалай қимылдауды біледі.

Алты және жеті жасқа аяқ басқанда:бұл кезең – мектепке даярлық кезеңі.Музыка туралы алған білімдерін тек сұрақ арқылы жауап бермей, музыкалық шығармаға өзінше сипаттама бере алады, музыканың бейнелеу құралдарын талдап музыка әуеніндегі әр түрлі сарындарды сезінеді. Бала музыка ерекшеліктерін айыра  біледі және оларды есіне ала отырып, музыканы тыңдағанда, ән мен би қимылдарын орындағанда белгілі бір образға сай қимыл жасайды. 6-7 жастағы балалардың даусы бұрынғыдан да бекіп,диапазоны кеңейеді,әншіліктері айқындалады,музыкаға деген жеке ынтасы мен қабілеті айқын көріне бастайды.

Ойын-мектеп жасына дейінгі балалар қызметінің негізгі түрі,оған хороводтар, сюжеттік-рөлдік әндер,қимыл ойындары енеді.

Музыкалық –дидактикалық ойындар балалардың музыкалық даму міндеттерін шешуге көмектеседі. Ритм сезімін қалыптастыруға, музыкалық қабілетін дамытуға, қандай да болмасын дағдыны түзетуге тәрбиелейді.

Ертеңгілікте  эстетикалық тәрбие құралдарының бірі ретінде тек музыка ықпалымен шектеліп қалмай,сонымен қатар өнердің бірнеше түрін үйлестіріп пайдалануға да бол

4.Қабілет және тұлға  даралығы

Қабілеттерді бірнеше сипаттамалар арқылы сипаттайды. Ол сапалық пен сандыққа ие болады. Сапалық бойынша жиі жалпы қабілеттер (білімдерді игерумен іс-әрекеттердің әртүрлі түрлерін жүзеге асыруда өнімділік пен оңайлықты қамтамасыз ететін, тұлғаның индивидуалды – ерікті қасиеттер жүйесі) және арнайы немесе жекеше  (қандай да бір арнайы іс-әрекет аумағында – музыкалық, сахналық, математикалық, жоғары нәтижелерге жетуге көмектесетін, тұлғаның қасиеттер жүйесі). Жекеше қабілеттердің нышандарда ерекше қолайлы (оларды сензитивті деп атайды), соның барысында айқын көрінетін кезеңдер болады. Музыкалық, математикалық қабілеттер әдетте ерте, яғни 5 жасқа дейінгі кезеңде, баланың музыкалық есі мен естуі белсенді дамыған кезде көрінеді. Ал лингвистикалық және көркемдік қабілеттер – сәл кейінірек. Басында тек қана таланттардың нышандарының дамуына деген психиканың ерекше сезімталдық кезеңін сипаттай келе, соңында Н.С. Лейтеспен қолданылатын сензитивтік кезең түсінігі әртүрлі психикалық функциялардың (форманы, сөйлеудің дыбыстық жағын қабылдау) дамуының оптималды кезеңін сипаттап, даму психологияда толығымен қолданыла бастады. Сонымен қатар, қабілеттің көрінуінде деңгейлерге бөлінуі мүмкін – репродуктивті (қайта жаңғыртушы, яғни адамдарға нені үйретті, соны көрсетеді) және продуктивті, шығармашылық, талант және данышпандылық, онда адам субъективті немесе объективті жаңалық тудырады. Қабілеттер құрылымында тірек қасиеттерін бөледі, онсыз қабілеттердің көрінулері мүмкін болмайды (мысалы, көркемдік іс-әрекеттер үшін көру анализаторларының сезімталдығы, сенсомоторлы қасиеттер, бейнелі ес) және қабілеттердің дамуының жоғарғы шегін қалыптастыратын, алдыңғы қатарлы қасиеттер. Қабілеттер құрылымы туралы айтқанда, қабілеттер өздерін шыңдайтын, нышандар мен операцияларды бөледі. Сөйтіп, қабілеттерде табиғи және әлеуметтік мінездің синтетикалық болмысы бар, орнын толтыру мүмкіндігі сияқты сапаны игеретін жүйелі, құрылымға ие болады. Қандай да бір жеке қабілеттердің әлсіздігі іс-әрекетті толығымен игеруді болдырады. Және, керісінше оқшауланған қабілеттердің бары бірегей сәттілікті болдырмайды. Жеке қабілеттер бір-бірімен өмір сүреді, өзара әсер етеді және дарындылықтың феноменінің пайда болуын әкелед

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5.Музыкалық тәрбие арқылы баланың жағымды көңіл-күйін дамыту

Мәдениетті, ұлтшыл, өнерлі адам тәрбиелеуге өте үлкен екі күш керек, ол өнер және білім. Егеменді елдің ертеңі оқу-біліммен, өнегелі, тәрбиемен өлшенеді. Бала болашақта тұлға ретінде қалыптасуы бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті. Балабақшада тәрбие алып жатқан бүлдіршіндердің арасынан болашақ өнерпаздар, әншілер, жазушылыр, ақындар талай мамандық иелері шығуы мүмкін, «Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші солардың бойындағы қасиеттерді ерте бастан байқап, өнерге баулу ең алдымен ата-анамен тәрбиеші, ұстаздардың сезімталдығына, ізденімпаздығына көп байланысты. Сол тәрбиенің бір саласы – шығармашылық сала. Шығармашылық саланың ішінде музыкалық, эстетикалық тәрбие. Музыкалық, эстетикалық тәрбие дегеніміз – сұлулықты, көркемдікті сездіртіп үйрету, оны қойып қана қоймай, өз бойына сіңіре білуді әдет-дағдыларына айналдыру. Осы маңызды міндетті орындау үшін баланың жалпы музыкалық қабілетін дамытуда алдыма мынадай үш мақсат қоямын:

Информация о работе Мектеп дейінгі мекемедегі музыкалық тәрбие әдістемесі