Хор капелласының жетістіктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 11:37, реферат

Краткое описание

Хор (грек. choros) — ежелгі грек театрындағы трагедия мен комедияларда өнер көрсететін орындаушылар тобы. Оның даму эволюциясы салтанатты хор лирикасының пайда болуымен тығыз байланысты. Дионис құдайдың құрметіне арналған хор әндерінен драманың өмірге келгені белгілі. Осыған орай хор алғашында басты рөл атқарды. Мысалы, трагедияхоры 12 — 15, ал комедия хоры 24 қатысушыдан (хоревтен) құралды. Б.з.б. 4 ғасырдың аяғында хор театр спектакльдеріне қатыспайтын болды, ол тек халық мерекелерінде ғана бой көрсетіп отырды.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Хор
2. Қазақтың хор капелласының пайда болуы.
3. Хор капелласының алғашқы ұйымдастырушылары
4. Хор капелласы ұжымының репертуары
5. Хор капелласының жетістіктері
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Хор капелласы. Султанова М. СКО-102-21.docx

— 369.55 Кб (Скачать документ)

 

 

 

5В010200 - «Бастауышты оқыту  әдістемесі және педагогикасы»

 

 

 

 

Тақырып: Хор капелласы

 

 

 

 

                                        Қабылдаған: Байғонова Д

                                        Орындаған: Султанова М

                                        Тобы: СКО-102-21

 

 

 

 

Шымкент 2013ж.

 

 

Жоспар:

 

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Хор

2. Қазақтың хор капелласының пайда болуы.

3. Хор капелласының алғашқы ұйымдастырушылары

4. Хор капелласы ұжымының репертуары

5. Хор капелласының жетістіктері

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Хор (грек. choros) — ежелгі грек театрындағы трагедия мен комедияларда өнер көрсететін орындаушылар тобы. Оның даму эволюциясы салтанатты хор лирикасының пайда болуымен тығыз байланысты. Дионис құдайдың құрметіне арналған хор әндерінен драманың өмірге келгені белгілі. Осыған орай хор алғашында басты рөл атқарды. Мысалы, трагедияхоры 12 — 15, ал комедия хоры 24 қатысушыдан (хоревтен) құралды. Б.з.б. 4 ғасырдың аяғында хор театр спектакльдеріне қатыспайтын болды, ол тек халық мерекелерінде ғана бой көрсетіп отырды.

1) вокалдық музыка орындаушылар  ұжымы. Хор дауыс құрамына байланысты  біртектес (әйелдер, ерлер, балалар  хоры) немесе аралас болып келеді. Аралас хор сопрано, альт (әйел дауыстары), тенор, бас (ерлер даусы) партияларын орындайтын төрт топтан құралады. Егер хор құрамында аталған партиялардың бірі болмаса, онда ол жартылай аралас хор делінеді. Әрбір хорлық партия хор шығармасының ыңғайына қарай бірнеше дара партияларға (1 және 2-сопрано) бөліне алады. Аралас хор құрамында ең кемінде 12 адам (яғни 3 топты құрайтын 4 партиядан: сопрано, альт, тенор және бас даусынан), ал кәсіби хор құрамында 100 — 120 адамға дейін болады. Мысалы, Қазақтың мемлекеттік хор капелласы, М.Е. Пятницкий атындағы орыстың халық хоры, т.б.

2) Хорға арналған музыкалық шығарма.

3) Ішекті музалық аспаптардың,  қос, үш, т.б. бір дыбысты ішектер  тобы

Қазақ театрында  алғаш рет режиссер Әзербайжан Мәмбетов 1967 жылы қойған М.Әуезовтің “Қара қыпшақ Қобыланды” спектаклінде хор пайдаланылды.

Мәмбетов Әзірбайжан Мәдиұлы (1.9.1932 Ресей Федерациясы, Волгоград облысы Палласовка ауданы Савинка селосы) — режиссер, педагог, қоғам қайраткері, Қазақстанның (1970), Қарақалпақстанның (1972) және КСРО (1976) халық артисі, Қазақстанның Халық Қаһарманы (2000). 1952 жылы Алматы хореография училищесін, 1957 жылы Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік театр өнері институтының (қазіргі Мемлекеттік театр өнері академиясы) режиссерлік факултетін (проф. Н.И. Горчаков пен А.А. Гончаровтың мектебі бойынша) бітірді. 1957 — 1995 жылдары Қазақтың мемлекеттік академия, драма театрында режиссер, директор, Мосфильм киностудиясында стажер-режисер, Қазақфильм студиясының көркемдік жағын басқарушы, бас режисер қызметтерін атқарған.

Қазақтың хор капелласының пайда болуы.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік  хор капелласы, Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік хор капелласы –  концерттік өнер ұжымы. Капелла Мемлекеттік  филармонияның жанынан 1935 жылы құрылған. Алғашында Д.Д. Мацуцин басқарған  аралас хор ретінде ұйымдастырылды. 1939 жылы хор үкімет қаулысымен Қазақ  Мемлекет хор капелласы болып  қайта құрылды. Қазақ хор өнерінің қалыптасуының алғашқы кезеңдерінде капелланы Б.Лебедев, Б.Орлов, Б.Байқадамов, Г.Виноградова сынды музкалық мамандары басқарды. 1959 – 91 жылы капелланың көркемдік жетек. КСРО халық артісі, профессор А.Молодов болды.

Хор капелласының алғашқы  ұйымдастырушылары

Сонау 1939 жылы мемлекеттiк  хор – Қазақтың мемлекеттiк хор  капелласы болып қайта құрылыпты. Содан бері, міне, қаншама жылдар бойы өнерін жоғалтпай сақталып келе жатыр. Тұңғыш ұйымдастырушысы әрi көркемдiк жетекшiсi Борис Лебедев  болса, одан кейінгі уақытта Латиф Хамиди,  Бақытжан Байқадамовтар осы жолды ары қарай жалғастырыпты.

Дмитрий Дмитриевич Мацуцин (4.11.1898, Верный (қазіргі Алматы) — 30.1. 1980), сонда композитор, дирижер, фольклоршы, педагог. ҚазКСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1978). 1926 ж. Мәскеу консерваториясының хор-дирижерлік факультетін (профессор П.Г.Чесноковтың класы бойынша), ал 1930 ж. этногр. бөлімін (проф. А.Д. Кастальскийдің класы бойынша), 1935 ж. осы консерваторияның аспирантурасын (проф. Д.М. Данилиннің жетекшілігімен) бітірген. 1933 ж. М.Әуезовтің “Еңлік-Кебек” пьесасына музыка жаза отырып, Қазақстандағы шығарм. жұмысын бастады. Осы жылдардан бастап М. Қазақ драма театрының муз. жетекшісі, филармонияның хор дирижері болып, ұйғыр театрының оркестрін басқарды. Сондай-ақ 1935 — 41 ж. Алматы муз. уч-щесінде ұстаздық етті. М. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1944 — 58 ж. Құрманғазы атындағы консерватория мен музыквлық училищедегі педагогтік қызметін жалғастырды. Мацуцин ұлттық музыка мамандарын тәрбиелеуде елеулі еңбек сіңірді. Ол қазақтың 100-ден аса ән-күйін дауыс пен фортепиано үшін және хорға өңдеп жазды. Ұлттық театрларда қойылған: С.Сейфуллиннің “Қызыл сұңқарлар” (1937), Ғ.Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” (1938), Ә.Тәжібаевтың “Майра” (1957), Ә.Әбішевтің “Кім менің әкем?” (1958), т.б. пьесаларға және орыс, ұйғыр драмаларына, симфон. оркестрге арнап музыка жазды. Сондай-ақ оның скрипкалық триоға арнаған “Қазақ әуендері” сюитасы (1936), қазақ әндері тақырыбында фортепианоға арнап жазған 12 пьесасы (1951) бар. Қызыл Жұлдыз (1943), “Құрмет белгісі” (1959) ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Латиф Хамиди (1906-1983) - композитор, ҚазССР-нің халық артисі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Ташкент ағарту институтын, 1-ші Мәскеу музыкалық техникумының теориялық-композиторлық факультетін профессор Б. А. Яворскийдің классы бойынша, Мәскеу консерваториясы жанындағы Татар опералық студиясын бітірген. Л. Хамиди көптеген хорлық өңдеу, әндер, романстар, вальстар жазды, солардың ішінде “Қазақ вальсі” және “Бұлбұл” композитордың атын танымал етті. Ол сондай-ақ, патриоттық, тарихи тақырыптарға да музыка жазды. Композитор шығармашылығының қанат жаюы “Абай”, “Төлеген Тоқтаров” (А. Жұбановпен бірлесіп), “Жамбыл” операларынан да анық байқалады. Хамиди музыкалық мәдениет тарихында қазақтың халықтық музыкасын жинаушы - этнограф және музыкалық, оқулық басылымдардың авторы ретінде қалды. 1933 жылдан Алматы қаласында тұрды. Қазақ ССР-інің халық артисі, өнер қайраткері. 1933 жылдан қазақтың халық әндері мен күйлерін жинап, нотаға түсіруге ат салысты.

Бақытжан  Байқадамов (11.3.1917, Торғай — 16.6. 1977, Алматы) — композитор. Қазақстанның еңбек сіңерген өнер қайраткері (1957)[1]. Алматы мемлекеттік уиверситетін (1937), Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген (1954). 1941 жылы Қазақ радиосында хор жетекшісі, 1947—1949 жылдары әйелдер ән-би ансамблінің жетекшісі әрі дирижері болды. 1952 — 1960 жылдары Қазақ филармониясын басқарды. Осы жылдары “Почташы”, “Су тасушы қыз”, “Домбыра”, “Алма ағаштар жайнайды”, “Кел, достар”, “Теміртау жастарының әні”, “Айгөлек”, “Бөбегім” атты ойнақы әндері мен “Майра”, “Тойбастар”, “Он алты қыз” сияқты хорға арналған шығармалары дүниеге келді. 1969 жылдан өмірінің аяғына дейін Қазақ қыздар педагогикалық институтында ұстаздық етті. Байқадамов Бақытжан Қазақстанда көп дауысты хор музыкасы жанрын қалыптастыруда ерекше еңбек етті. “Жайлауға”, “Біз бейбітшілік үшін”, т.б. хорға арналған сюиталар, вокалдық композициялар, хорға арналған көлемді поэмалар (“Қыз арманы”, “Айтыс”, “Еңбек жемісі”) жазды. Физика, математика, музыка теориясы саласындағы білімін ұлттық музыка аспаптарын жетілдіру мақсатына пайдаланып, домбыраның үнділігін арттыратын жаңа өлшемдер жасап шықты. Көпшілікке танымал болған “Айгүл” ансамблін ұйымдастырып, эстрадалық жанрдың дамуына да ат салысты. Қазақ мемлекеттік хор капелласы Байқадамов Бақытжан есімімен аталады (1997).

1959 жылдан 1991 жылға дейін  хор капелласын КСРО халық  әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Анатолий Васильевич  Молодов басқарды.

 

Анатолий  Васильевич Молодов 1929 жылы 23 қазанда РКФСР Рязан облысы Касимовский ауданы Любовниково ауылында туған. Орыс.

Л.В. Собинов атындағы Саратов мемлекеттік консерваториясының дирижерлік-хор факультетін үздік (1954, профессор С.А. Заливухин мен доцент Л.С. Заливухиннің шәкірті) хор дирижері, арнайы пәндердің оқытушысы мамандығы бойынша; П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының аспирантурасын, КСРО Халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, профессор, мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты А.В. Свешников классы бойынша (1958) бітірген.

Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының профессоры (1980 жылдан).

Хор шығармаларынан 3 әдістемелік оқу құралының (1973, 1976,1983), музыкалық шығармапар жинағының (2000) авторы. Орыс, неміс және итальян (базалық) тілдерін білөді. «Нұр Отан» ХДП мүшесі.

1949 жылдан - Саратов қаласы тігін фабрикасы мен құрылыс техникумының хор жетекшісі. 1950 жылдан - Саратов қаласы әскери-медициналық академиясының көркемдік жетекшісі.

1955 жылдан - КСРО  Мемлекеттік академиялық хордың, А.В. Свешников басқаруындағы Мәскеу хор училищесі ұлдар хорының хормейстері. 1958 жылдан - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опөра және балет театрының бас хормейстері. 1959-1990 жылдары - ҚазКСР Мемлекеттік хор капелласының көркемдік жетекшісі, бас дирижері. 1959 жылдан - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының оқытушысы, профессоры. 1979-1986 жылдары,

1992-2000 жылдары  - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының хор дирижері кафедрасының меңгерушісі.

Қалалық Халық  депутаттары кеңесінің депутаты (1969, 1971). Әртүрлі конкурстардың, фестивальдардың әділқазы төрағасы және мүшесі. ҚР хорларының тұрақты консультанты. А.В. Молодов жетекшілік еткен Қазақстанның Мемлекеттік хор капелласына ҚР еңбек сіңірген үжымы құрметті атағы тағайындалып, 70-ші жылдардың соңында Кеңес Одағының Бүкілодақтық хор ұжымдарының сайысында Қазақстанның Мемлекеттік капелласы 1-ші орынды - сайыстың алтын жүлдегері атағын жеңіп алды. А.В. Молодов жетекшілік еткен Қазақстанның Мемлекеттік хор капелласы КСРО-ның: Ресей, Украина, Өзбекстан, Грузия, Армения, Эстония репсубликаларындағы мәдениет және әдебиет онкүндіктерінің тұрақты қатысушысы болған. ҚазКСР Халық әртісі (1970). КСРО Халық әртісі (1988).

Ал, қазіргі уақытта  капелланың көркемдік жетекшісі  және бас дирижері болып, Республиканың  еңбек сіңірген қайраткері Бейімбет Демеуов қызмет атқарады.

 

Бейімбет Кеңесбайұлы  Демеуов (1964) – хор дирижері, ҚР-інің еңбек сіңірген қайраткері (1999). 1989 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясының (қазіргі ұлттық консерватория) вокалдық-хор факультетін (профессор А.В. Молодовтың жетекшілігімен) бітірген. Оқып жүрген кезінен бастап Қазақтың мемлекеттік хор капелласында хормейстер (1988 – 1989) болып жұмыс істеді. Осы капелланың хормейстері (1990 – 1993), дирижері (1993 – 1995), бас дирижері (1995 жылдан) болып, қазақ композиторларының көптеген хор мен капеллаға жазылған шығармаларына дирижерлік етті. 2006 жылы Қазақтың мемлекеттік хор капелласы орындауында Демеуовтің дирижерлік етуімен ҚР-інің жаңа әнұраны түпнұсқа ретінде ресми түрде жазылды. Қазақ ұлттық консерваториясында педагогикалық қызметпен де (1998 жылдан оқытушы, 2004 жылдан аға оқытушы, ал 2007 жылдан доценті) айналысады.

Хор капелласы  ұжымының репертуары

         

 Алғашқы кезде капеллалық коллективке аспаптардың сүйемелдеуінсіз хор айту аса жеңіл тимеді. Хор үйренудегі жан-жақты профессионалды процестерді бірден меңгеріп кету қазақ капелласына қиынырақ соқты. Бұл жайларды жақсы түсінген капелла жетекшісі Б. В. Лебедев күнделікті репертуарды мұқият дайындап отырды. Творчестволық коллективтің қалайда алға талпынып, өсу жолдарын қарастыра бастады. Әншілердің есту қабілетін тәрбиелеуге мән берді. Дауыстың бірыңғай тегіс, ән айтуда сөздің анық естіліп, тыңдаушыларға жетуі, нақыш-бояулардың өзара үндесу үйлесімділігі сияқты хор өнерінің ішкі профессионалдық ерекшеліктерін өз мүмкіндіктерінше игеруге қатты көңіл аударды. Осындай іздену, толысу арқылы Қазақтың мемлекеттік хор капелласы ұзамай профессионалдық хор коллективіне айналды.

Капелла Қазақстан композиторларының  шығармаларын орындайды. Қазақ хор капелласы дүниежүзiнiң 20 тiлiнде шығармалар орындайды, репертуарларында орыстың және шетел классиктерiнiң  музыкасы оның iшiнде 35 кантата мен ораториялар, 20 сюита мен поэмалар бар. Капелланың алтын қорында 800-ге жуық туынды бар.

Басқа хорлар сияқты Қазақтың мемлекеттік хор капелласы да өз репертуарын қазақтың «Қараторғай», «Дудар-ай», «Елім-ай» сияқты халық  әндерін айтудан бастады. Хор  коллективі филармонияның солистері, ұлт оркестрі қатынасқан концерттерде молырак, айтып жүрді. Сондай-ақ, республиканың аудандары мен облыс орталықтарына барып өз өнерлерін көрсетіп отырды.

Абай әндері капелланың аспап сүйемелінсіз айтылатын хорына лайықталып өңделді, ақын өлеңдеріне композиторлар: Д. Д. Мацуцин  «Айттым сәлем, қалам қас» (1938), Л. А. Хамиди «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» (1939, 1968), Қ. Қожамияров «Сегіз аяқ» (1951), В. Г. Соколов «Көзімнің қарасы» (1953), С. Мұхамеджанов «Желсіз түнде жарық  ай» (1972), «Жыл мезгілдері» (кантата, 1975), Ғ. Жұбанова «Татьяна әні» ораториясында (1982)жеке әнші мен хор симф. оркестрдің сүйемелдеуімен орындалатын «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» (1974), «Татьянаның  хаты» телефильміндегі жеке әнші мен хор орындайтын «Желсіз түнде  жарық ай» (1976) әндерін жазды.

Қазақтың ұлттық хорларының бәрі де халықтық әндер негізінде туып, дамыды. Қазақтың халық әндерін өңдеу, көп дауысты хорга лайықтау тәжірибесі бірте-бірте жетіле түсті. Сол өңдеулердің нәтижесінен барып қазақтың қос дауысты және көп дауысты капеллалық хорлары келіп шықты. Отызыншы жылдардың аяғы мен қырқыншы жылдардық басында қазақтың профессионалдық музыка мәдениетінің да-муы нәтижесінде көп дауысты хорлардың репертуарлары жаңара бастады. Хор партитурасы көп дауыстылықтық жаңа жолдарымен байи түсті. Кейбір дауыстардың партияларының жекелене дамуымен қатар жаңа интонациялар, жаңа оралымдар мен жаңа ырғақтар пайда болды.

Қазіргі таңда капелланың репертуарында хорға арналып  өңделіп түсірілген халық әндері мен күйлері бар, сондай-ақ шығармалардың ірі түрлері сюита, поэма, кантата және ораториялар енген. Орыс және шет ел классиктерінің тамаша шығармалары, сонымен қатар, Қазақстан композиторлары -М.Төлебаев, Б. Байқадамов, Е. Рахмадиев, Ғ.Жұбанова, М. Сағатов, С. Мұхамеджанов, Қ.Қожамияров, М.Маңғытаев, Ж.Тұрсынбаевтардың шығармалары да репертуарда берік орын алған. Осындай шығармашылық-көркемдік әлеуеті биік капелла ұжымын Қазақстанда ғана емес, шет елге де өнер сапарымен шығуға жол ашты.

Қазақтың мемлекеттік  хор капелласы осы жылдар ішіндегі республикада құрылған профессионалдық  хор коллективтерінің жетекшісі  болды.

Информация о работе Хор капелласының жетістіктері