Халық мақтанышына айналған балалайка, шертер. Жаңа жыл әнін үйрету

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 20:22, лекция

Краткое описание

Мақсаты: Білімділік : әр аспаптың шығу тарихы жайлы түсінік беру, жасалу ерекшелігі, дыбыс бояуың түсіндіріп, аспаптар туралы білімдерін жетілдіру; Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Шертер – ежелгі шекті аспап. Шертерде домбыра сияқты ойнайды. Шертердің көлемі домбырадан көп кіші, бірақ сыртқы түрі қобызды еске салады, оған жұмыр түр беріп, сыртын терімен қаптайды, аттың қылынан екі шек тартылады. Аспап бір ғана бұрандалы болып келеді, шектің бір басы бұрандаға, екіншісі басына бекітіледі. Шертер аспабы аңыз, ән, ертегілерді айтқанда қолданылған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word (4).docx

— 555.80 Кб (Скачать документ)

Тақырыбы: «Халық мақтанышына айналған балалайка, шертер. Жаңа жыл әнін үйрету.»

Мақсаты: Білімділік : әр аспаптың шығу тарихы жайлы түсінік беру, жасалу ерекшелігі, дыбыс бояуың түсіндіріп, аспаптар туралы білімдерін жетілдіру;

Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: өнерге деген қызығушылығын арттыру және оны құрметтеуге баулу. 
Түрі: жаңа сабақ

Көрнекілігі: музыкалық аспаптар суреті

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:
  • Сәлеметсіңдер ме, балалар! Отырыңдар! Бүгін сабақты мен беремін, менің аты – жөнім Төретай Әнел Рүстемқызы

Психологиялық дайындық:

    • Қанекей, балалар, ыңғайланып отырайықшы. Енді бір – бірлеріңнің көздеріңе қарап, жымиып күліңдер. Әрқашан осындай көтеріңкі көңіл – күйде болыңдар! Жүздеріңнен күлкі кетпесін. Бүгінгі сабағымызды да көңілді, жарқын жүзбен бастайық.
    • Балалар, сабаққа дайынбызба?
    • Оқу құралдарымыз түгел ме?
    • Олай болса сабағымызды әдеттегідей үй тапсырмасын сұраудан бастайық.
  1. Үй тапсырмасын тексеру:

(сұрақ - жауап арқылы  бекіту)

  1. Жаңа сабақ
  • Балалар, біздің бүгінгі тақырыбымыз халық мақтанышына айналған балалайка,шертер.
  • Балалар балалайка мен шертер аспаптарын білеміз ме?
  • Ал,  осы аспаптардың шығу тарихын білеміз ме?
  • Олай болса мұқият, зер салып тыңдаймыз. Мен сіздерге балалайка,шертер

аспаптарының  шығу тарихын  айтып берейін.

 Балалайка — орыстың үш ішекті музыкалық аспабы. Алғашқыда екі ішекті болған. Жеке орындауда да, басқа аспаптармен қосылып әнді, биді сүйемелдеуге де пайдаланылған.

Прима Балалайканың үстіндегі  екі ішегі бірдей бірінші октаваның  ми нотасына, ал астындағы ішегі  бірінші октаваның ля нотасына бұралады.

  • Балалар балалалайканың әнуенін естіп көрелік.(балалайка әуені ойналады)
  • Әуеннің екпіні қандай? (тез)
  • Әуен қалай ойналады?(көңілді, көтеріңкі)

Шертер – ежелгі шекті  аспап. Шертерде домбыра сияқты ойнайды. Шертердің көлемі домбырадан көп  кіші, бірақ сыртқы түрі қобызды  еске салады, оған жұмыр түр беріп, сыртын терімен қаптайды, аттың қылынан  екі шек тартылады. Аспап бір  ғана бұрандалы болып келеді, шектің бір басы бұрандаға, екіншісі басына бекітіледі. Шертер аспабы аңыз, ән, ертегілерді  айтқанда қолданылған. Ол бақташылар арасында кең тараған. Қазақтың көне музыкалық  аспаптарының біріне жататын ол шертіп ойнау тәсіліне байланысты шертер деп  аталған. Шертер екі немесе үш ішекті болып келеді. Ертедегі шертерлер  ағаштан ойылып, шанағы көнмен (терімен) қапталған. Дыбыс күші қапталған  терінің жұқа-қалыңдығына, ішегінің жуан-жіңішкелігіне байланысты. Пернесі  болмайды, ішегіне ызған жылқы  қылы тағылады. Жалпы тұрқы 650 — 700 мм. Ойнау тәсілі домбыраға жақын  болғанымен, жасалуы жағынан қылқобызға көбірек ұқсайды. Бұл аспаптың өткен  ғасырларда негізінен малшылар арасында кең тарағандығы жайлы халық  аңыздарында айтылады.

 

  • Балалар шертердің әнуенін естіп көрелік.(шертер әуені ойналады)
  • Әуеннің екпіні қандай?
  • Әуен қалай ойналады?

 

 
Қызығушылығын ояту. (ребус шештіру) «Балалайка»

 

        К    (қобыз, домбыра, дауылпаз,гитара,скрипка,сырнай,асатаяқ)

«Шертер»

    

Т     Р

(шаңқобыз, жетіген, адырна,сазген)

 

  • Балалар алдымызда қандай мейрам келе жатыр?(жаңа жыл мейрамы, тәуелсіздік мейрамы)
  • Жаңа жыл мейрамын сендер қалай тойлайсыңдар?(отбасымызбен)
  • Жаңа жыл мейрамында ән айтып, би билеисіңдер ме? (ия)
  • Жаңа жылға байланысты әндер білесіңдер ме?

Біз бүгін сол жаңа жыл  мейрамына байланысты ән үйренеміз. Алдымен әнді тыңдап алайық.

  • Әннің екпіні қалай?
  • Ән қалай орындалады?

Енді мен сендерге әннің  сөздернін алдыларыңа таратамын. Енді сөзге қарап бір шумағын айтып  көрейік (әнді орындау). Енді барлық шумағын  айтып көрейік (әнді толық орындату).

 

 

 

Ән айту: «Жаңа жыл» 

Бекіту:

  1. Қандай аспаптармен таныстыңдар?
  2. Балалайка аспабыны қай ұлттың аспабы?
  3. Балалайка аспабының неше шегі болады?
  4. Балалайка аспабының әуені қалай ойналады?
  5. Шертер дегеніміз қандай аспап?
  6. Шертер аспабы қай аспапқа ұқсас?
  7. Шертер аспабының әуені қалай ойналады?
  8. Балалайка мен шертер аспаптарын мына әуендерден ажыратып беріңдерші?(домбыра, қобыз, балалайка, шертер әуендері ойналады).
  9. Қандай ән үйрендік?
  10. Әннің екпіні қандай екен?
  11. Бүгінгі сабақ ұнады ма?
  12. Көңіл - күйлерін қандай? 
     
    Қорытынды:
  • Оқушыларды бағалап шығу

Үйге тапсырма беру:

Жаңа жыл әнін жаттау, балалайка мен шертердің суретін  салу

  • Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!

 

 


Информация о работе Халық мақтанышына айналған балалайка, шертер. Жаңа жыл әнін үйрету