Бастауыш сыныпта оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі музыканың рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2014 в 16:22, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзетілігі: Қазақстан білім беру жүйесі мемлекеттік деңгейде ірі оң өзгерістерге ұшырап жатқаны белгілі. Білім сатыларының барлығын дерлік қамтып отырған бұл іс-шара мектепке дейінгі мекемелерден бастап, орта білім беру сатысы және жоғары білім беру сатысына дейінгі жүйелі жұмысты алға қойып отыр.
Музыка өнерінің мақсаты- өскелең ұрпақты тамыры терең ұлттық өнер қазыналарымен сусындату, дүниежүзілікүздік музыка өнерінің шығармаларына баулу, олардың әсемдік пен эстетикалық көзқарасын кеңейте отырып, олардыңәсемдік пен эстетикалық көзқарасын кеңейте отырып, оған деген аялы қатынасын орнату.

Содержание

Кіріспе ---------------------------------------------------------------------------------------3
1. Жас ұрпақты тәрбиелеуде эстетикалық тәрбиенің алатын орны
1.1. Оқушыларға эстетикалық білім берудің жолдары -----------------------------6
.Бастауыш сыныптағы эстетикалық тәрбие - оқу тәрбие процесінің негізі-9
. Эстетикалык тәрбиенің өнер әдістері арқылы дамуы ------------------------13
2.Эстетикалық тәрбиенің музыкалық білім берудегі ерекшелігі
2.1.Музыканың эстетикалық білім берудегі рөлі -----------------------------------17
2.2.Қазақ фольклоры арқылы оқушыларға музыкалық-эстетикалық тәрбие берудің педагогикалық негіздері -------------------------------------------------------20
2.3. «Отан – менің ата-анам» атты сабақтың желісі --------------------------------24
Қорытынды ---------------------------------------------------------------------------------29
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ----------------------------------------------------------27

Прикрепленные файлы: 1 файл

музыкалык тәрбие.doc

— 176.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Білім және Ғылым министрлігі

Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті

 

 

 

 

Курстық жұмыс

 

Тақырыбы: Бастауыш сыныпта оқушыларға эстетикалық  тәрбие берудегі музыканың  рөлі

 

 

 

Тексерген: Сұлтанова Н.К

Орындаған: Маямерова Б.М

ПМНО(ССО) – 3 курс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  Семей - 2010

                              

 

                                                   Жоспар:

        Кіріспе ---------------------------------------------------------------------------------------3

1. Жас ұрпақты тәрбиелеуде  эстетикалық  тәрбиенің алатын орны

     1.1. Оқушыларға  эстетикалық білім берудің жолдары -----------------------------6

    1. .Бастауыш сыныптағы  эстетикалық тәрбие - оқу тәрбие процесінің негізі-9
    2. . Эстетикалык тәрбиенің өнер әдістері арқылы дамуы ------------------------13

2.Эстетикалық тәрбиенің  музыкалық  білім берудегі ерекшелігі 

 2.1.Музыканың  эстетикалық білім берудегі рөлі -----------------------------------17

 2.2.Қазақ фольклоры арқылы оқушыларға музыкалық-эстетикалық тәрбие берудің педагогикалық негіздері -------------------------------------------------------20

     2.3. «Отан – менің  ата-анам» атты сабақтың желісі --------------------------------24

Қорытынды ---------------------------------------------------------------------------------29

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ----------------------------------------------------------27

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                 Кіріспе            

Курстық жұмыстың өзетілігі: Қазақстан білім беру жүйесі мемлекеттік деңгейде ірі оң  өзгерістерге ұшырап жатқаны белгілі. Білім сатыларының барлығын дерлік қамтып отырған бұл іс-шара мектепке дейінгі мекемелерден бастап,  орта білім  беру сатысы  және жоғары білім беру сатысына  дейінгі жүйелі жұмысты алға қойып отыр.

Музыка өнерінің мақсаты- өскелең ұрпақты  тамыры терең ұлттық  өнер қазыналарымен сусындату, дүниежүзілікүздік музыка өнерінің  шығармаларына баулу,   олардың  әсемдік пен эстетикалық көзқарасын кеңейте отырып,  олардыңәсемдік пен эстетикалық  көзқарасын  кеңейте отырып,  оған деген  аялы қатынасын орнату.

Көркеми  талғамын қалыптастыру, сұлулық пен әсемдік дүниесіне өзтарапынан ойлы пайыдауларын  білдіруге тәрбиелеу болып табылады.

Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі қоғам  амуындағы жалпы адамзат құндыықтарына деген,  адамның өзіндік  дара қасиетіне  деген үндеуді сипттайтын  бүгінгі жағдайы айқындау. Қалыптасқан  әлеуметтік-экономикалық жағдай, іскерлікқасиеттерң жоғары адамгершілік қасиеттерімен үйлесімді   келген  тұлғаны қалыптастыруды  міндеттейді. Міне,  осыған байланысты жеткіншектердің  музыкалық тәрбиесінің әлеуметтік маңызы да арта түсуде.

Жеткіншектердің музыкалық тәрбиесімен білім алуында халықтың мәдени мұрасының, кәсіби  музыка үлгілерінің рөлі ерекше. Кіші сынып  жасынан бастап  баланың табиғи түрде  әсемдікке әсерлене  білуі,  көркем дүниелерге тамсануы, сұлулықты сезіне  білуі қалыптаса бастайды.  Қазіргі кезде  жас  жеткіншектер тәрбиесінің мазмұнын халықтың ғасмырлар бойы  тарихи даму барысында  жинаған өнер туындылармен  сапаландыру қажеттігі туындайды.

ҚР қосымша және бастауыш музыкалық  білім беру мазмұнын модернизациялаудың  теориялық негіздеріне алдымен:

- болмыстағы  құбылыстардың жалпыламалық  байланысы туралы,  үкіметтіңмузыка мектептерінің, өнер мектептерінің  және арнайы  музыкалық дарынды  мектерінің  жұмысын жетілдіру мәселесіне байланысты  құжаттары басты орында тұруы  керек.

Бүгінгі таңда республикамызда болып жатқан түрліәлеуметтік-экономикалық процестерде, халықтың ұлттық сезімін оятуды, жеткіншектерді   ұлттық және  жоғары музыка өнері арқылы патриоттыққа тәрбиелеу жұмыстарын жақсартуды  талап етеді.

Жеткіншектердің музыкалық дамуындағы нақты міндеттерді  шешуге қолайлы ерекшеліктерді  әрбір музыкант-педагог басшылыққа алуы тиіс:

- оқушының өзіндік санасының дербестілікке және тәуелсіздікке ұмтылысы;

- жеткіншектің музыка шығармаларына әсерленуі,  белсенділігі;

- өнер туындыларының  көркемдік идеясын түсінуі және т.с.с.

Зерттеу  объектісі:  оқушылардың музыкалық-эстетикалық білімі

 Зерттеу пәні: оқушылардың музыкалық білімін теориялық және әдістемелік тұрғыда  дамыту процесі.

 Курс жұмысының мақсаты: Бастауыш сыныпта эстетикалық тәрбие арқылы музыканы сүюге баулу жолдарын зерттеу;

  Курс жұмысының міндеттері:

     - оқушыларға  эстетикалық білім берудің жолдарын айқындау;

- бастауыш сыныптағы  эстетикалық тәрбие - оқу тәрбие процесінің негізі екенін негіздеу;

- эстетикалык тәрбиенің өнер әдістері арқылы дамуын анықтау;

- музыканың  эстетикалық білім берудегі рөлін көрсету;

- Қазақ фольклоры арқылы оқушыларға музыкалық-эстетикалық тәрбие берудің педагогикалық негіздері

    -  «Отан – менің  ата-анам» атты сабақтың желісін  қарастыру;

Зерттеудің болжамы: -егер оқушыларға эстетикалық тәрбие арқылы білім беруді  қазіргі педагогикалық тұрғыда оқытып , тәрбиелесе, әр оқушының музыкаға деген көзқарасы қалыптасады.

 Зерттеу пәні: бастауыш мектеп педагогикасы

Зерттеу әдістері: оқушыларымен мен мұғалімдер  арасында сауалнама жүргізу, педагогикалық тұрғыда бақылау, озық  эстетикалық педагогикалық тәжірибелерді талдау.

Жұмыстың құрылымы: Курстық  жұмыс  кіріспеден,   2 бөлімнен,  пайдаланған әдебиеттер тізімі тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Жас ұрпақты тәрбиелеуде  эстетикалық  тәрбиенің алатын орны

1.1.Оқушыларға  эстетикалық білім берудің жолдары

          Адам сезімін тәрбиелеу мәселесі көпжақты факторлармен шешімін табады, соның ішінде онер басты роль атқарады. Өнер арқылы адам өзінінің шынайы  көңіл күйін білдіреді, өнердің өзінен үйрене отырып, оның қиын күрделі тілін түсіне білуге  ұмтылады, рухани жан дүниесін эстетикалық  талап тұрғысынан тәрбиелейді. Өнердің құндылығы сонда, ол адамның адамгершілік дамуына бағытталган. Нағыз әсем өнер ғана адам жанына рухани азық болады, адамның адамгершілік сезімін молайтады. Өнердің бастау бұлағы - сурет салу өнері. Тамыры тереңге кеткен өнер атаулы өзінің нәрін сурет  өнерінен алады. Соңдықтан сурет салуды үйрену — жас ұрпақтың танымдық ой-өрісінің  кеңеюіне, өнер әлемін тануына апарар жол боп табылады.   Бүгінгі таңда өскелең ұрпаққа қазақ қолөнер кәсіпшілігі эстетикалық тәрбие беруде тиімді құралы болып отыр.

      Тұрмыстық заттар мен құралдарын әшекелеуде қолөнер кәсібі, эергерлік өнер дамып эстетикалық мәні бар өнер шығармаларына айналып отыр.       Қазақтардың қолданбалы өнері  негізінен тұрмысты әшекейлеу үшін пайдаланғаны белгілі. Оның ішінде ең көп тарағаны ою-орнек өнері. Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнердің барлық түріне ортақ әсемдеп, әшексйлеудің негізі болып келеді. К Маркс: "Көне заман өнерлерінің шығармашылығы бізге әлі де болса көрермендер ләззатын беріп келеді және белгілі бір мағынада алғанда қол жетпес үлгі өнеге болу маңызын да сақтап отыр" – дейді. [6, 58]

 Қолөнердегі көңілге қонымды мәнерлер мен ондағы  қолданылған әдістер архитектурада кеңінен орын алып келеді.   Өнер арқылы тәрбие беру жүйесінде музыка мен театр ерекше  маңызға  ие.

     Әдемі ән әуені, тамаша музыка адамдардың жан дүниесін жадыратып, көңіл-күйін сергітеді, ой-өрісін байыта түседі. Жалпы музыка әуені адамдарға алғаш келген күндерінен бастап-ақ зор әсер етеді. Өйткені, ол жан дүниесінің азыға іспеттес, сондықтан ол эстетикалық тәрбиенің негізгі бір басты саласы боп саналады.

     Музыка тілмен жеткізе алмайтын адамның тереңде жатқан нәзік сезімнің құралы. Атамыз Абай "Құлақтан кіріп бойды алар, әсем  мен тәтті күй" - десе, Л. Н. Толстой, "Жақсы музыка- көңіл-күйдің, жан-сезімнің шежіресі"-деген.

     Адамға рухани ықпал жасаудың тағы бір құралы – театр өнері. Жас ұрпаққа тәрбие беруде театрдың  ықпалы ерекше, себебі оның эмоциялық ықпал ету күші бір мезгілде жүздеген көрермендерді өзіне тартады. Театр өнерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол-әдебиет, сөз өнері, музыка, бейнелеу өнерлерінің амал-тәсілдерін  бойына жинақтаған синтездік өнер. Мұндай жиынтық сахна мен көрермендердің, олардың ойлары мен сезім-күйлерінің озара байланысын ортақтастығын орнатады . Жалпы сахна аясында адамның эстетикалық талғамының дамуына ықпал жасамайтын ұсақ-түйек нәрсе жоқ. Әртістің сахнаға шығуынан бастап, оның киген киімі, сөйлеген сөзі, өзін ұстай білуі, сөйлеу мәнері - бәрі көрермендерді сұлулық ләззатына бөлеп, талғамдарын қалыптастыруға, адамгершілік қасиеттерін шыңдауга үлкен ықпал етеді. Тіпті концерт залдары мен театрлардың, мәдениет сарайларының сахналары көрермендерге тек ізгілік пен әсемдіктің  жарқын үлгілерін ұсынады.    Келесі кезекте  жас ұрпақтың көркемдік  танымын қалыптастыруда, арман-қиялын дамытуда көркем әдебиет шығармаларын оқудың да игі әсері жоғары. Проза, поэзия арқылы бар жақсылықты сезініп,  әдемілік пен жақсы  істің әсерінен эстетикалық сана, талғамы артады, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік туғызады. Қазіргі әртүрлі информация тасқынының  мол шағында жастардың көркемдік-эстетикалық бағдарын айқындауға, талғам түсінігін дамытуда әдеби-көркем шығармаларының тигізер пайдасы орасан мол.    Эстетикалық тәрбие үрдісінде көрме залдары мен мұражайлардың  атқаратын рөлі ерекше. Бұл  бағыттағы   жұмыс біздің елімізде, жан-жақта дамытылған .  Мұражайда   немесе көркем сурет галериясында болған жастардың  жоғары  адамгершілік  қасиеттері  қалыптасады   рухани жан-дүниесі дамиды, тек жақсылыққа деген  құштарлығы артады.Өнер арқылы тәрбиелеуде оқушылардың қолымен жасалған   бұйымдары негізінде   арнайы көрмелер  ұйымдастырудың  да маңызы зор. Бұл оқушы жастарды үлкен өнерге тәрбиелеумен  қатар, олардың жақсы адамгершілік қасиеттерін  қалыптастыруға да ықпал етеді. Тұлғаның эстетикалық көзқарасын, дүниетанымы мен мұратын  бірлікте  қамтамасыз ету жүйесінде баспасөз, радио, кино, көгілдір  экран және кітапхана саласындағы  жұмыстардың  атқарып отырған қызметінің орны айрықша. Мәдениет  ошақтарының бұл түрлері бүгінгі таңда жастардың жан-жақты жетілуінде  айрықша мәнге ие болуда. Сондықтан өскелең  ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде,  соның ішінде эстетикальгқ тәрбиеде  оның құндылығына айрықша мән беріп, оларды тиімді пайдалану,  ұлтттық   ерекшелікке сай оңдағы жұмыстардың бағыттары мен мазмұнын жаңартып отыру қоғамның, мемлекеттік  саясаттың  маңызды  бір саласына айналып отыруы қажет.

Әсемдіктің таптырмас бұлағының бірі - табиғат. Ол адам баласының эстетикалық санасын  қалыптастыруда  оның беташары, қайнар  көзі боп табылады. Табиғат құбылыстары мен оның сұлулығын, әсемдік жаратылысын танып білуде, табиғатпен бірге  оған саяхат жасауда бала көңілінде   қуаныш сезім орнайды, көңіл қуанышы шарықтайды, ерекше бір сезімге бой  ұрады, жан-дүниесі  рахатқа батады. Соның негізіндс балада рухани серпіліс пайда болып, туған  еліне, жеріне, табиғатына деген сүйіспеншілігі артады.

Демек,  бұның бәрі адам жанын байыту, рухани дүниесін ізгіліктендіру, оның  өмірін  мәнді де сәнді етіп тәрбиелеуде  үлкен  қазына.

 

 

 

 

 

 

         1.2. Бастауыш сыныптағы эстетикалық тәрбие - оқу тәрбие процесінің негізі

             Мектептегі эстетикалық тәрбие беру жұмыстары оқу-тәрбие процестерімен өте тығыз  байланыста жүзеге асады. Оқушылардың оқу әрекетінде эстетикалық  тәрбиеге  қатысты теориялық білімдер беріліп, түрлі  шығармашылық жұмыстар атқарылады. Ол мақсатты   және жоспарлы түрде іске асады. Әрбір  пәннің эстетикалық бағыты, оқу материалдарының  мазмұны, сабақтар жүйесіндегі қолданылатын зстетикалық құралдар, мұгалімдер мен оқушылар арасындағы   қарым-қатынастар - бәрі оқушылардың эстетикалық сезімі мен мұратын, талғамын, қабілетін тыңдауда жүйелі түрде қызмет етеді.      Баланың  эстетикалық сезімі ерте оянады. Мектеп жасына дейінгі кезенде  ол сурет салуға, тақпақ оқуға, өлең айтуға  құштар болады.  Ендігі жерде мекгептің алдында тұрған  міндет, сол құштарлықты дамытып, эстетикалық тәрбие міндеттеріне сай әрбір оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру, дамыту, өнерге қатысты дара  қабілеттерін тәрбиелеу, оларға  мүмкіншілік туғызу. Бұл бағытта оқу жүйесінде эстетикалық пәндер жоғары  қызмет атқарады.

Олардың қатарына бейнелеу өнері, музыка сабақтары жатады. Әсемдік әлемінің таңгажайып сырын терең түсініп, көркемдік атаулыны шынайы сезініп, одан рухани ләззат алуға бағытталған бейнелеу өнері  «Сурет", "Живопись", "Композиция", "Мүсіндеу",  "Өнертану", "Көркем еңбек" салалары  бойынша  жүргізіледі. Бейнелеу өнерінің міндеті бізді қоршаған  заттар мен құбылыстардың  көрінісін, кескінін, түрін нақтылы суреттеуге, мүсіндеуге және композициясын  құруды үйрету. Бейнелеу өнерінің ерекшелігі оқушылардың көркемдік тұрғыда ойлауға, шығармашылық елесін, қиялын, есте сақтау қабілетін  жетілдіруде  ықпалы зор.    Қазіргі  кезде  жас ұрпаққа музыкалық – эстетикалық   тәрбиеде  нәтижелі  табысқа  қол жеткізілді . Музыка пәні сабағында  оқушыларга осы саладан теориялық білімдері беріледі, оның тарихымен таныстырады, музыканы тыңдау, ән салу өнеріне үлкен  мән беріледі. Оқушы жастарға сабақтар жүйесінде эстетикалық тәрбие  беру жұмыстары тек эстетикалық пәндерді оқытумен шектелмейді. Сонымен бірге мектепте  өткізілетін барлық оқу пәндерінің де оған қатысы бар. Атап айтсақ, тарих пәнда оқыту барысында адамзат қоғамның даму  барысындағы  әртүрлі халықтардың  мәдениеті мен өнерінің дамуын; география пәні бойынша Қазақстанның табиғат жағдайларын, оның әсемділігі  мен құдіретін,  жер, су, қазба  байлықтарын; әдебиет  пәні сабақтарында  сөз өнерін, оқу мәдениетін меңгеру, өмірді шынайы бейнесі тұрғысынан  түсіну; шет тілі сабақтарында мәнерлеп оқу, оқылатын тақырыптарга сай көркем бейнелерін суреттеу, ән үйрену, оны нақышына келтіре айту т.б. толып жатқан эстетикалық тәрбиеге қатысты міндеттерді шешу барысында да атқарылады.    Сабақтар жүйесінен бастау алған оқушылардың эстетикалық тәрбиесі, оқудан тыс кездерінде жалғасын табады. Оған оқушылардың сыныптан және мектептен тыс жұмыстарын жатқызамыз.

Информация о работе Бастауыш сыныпта оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі музыканың рөлі