Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 07:40, реферат
Өлкеде қалыптасып келе жатқан зиялылар, мұғалімдер, дәрігерлер, саяси айдаудағылар зерттеу жұмыстарын жүргізді. Отаршылдық пиғылдағы патша өкіметі XIX ғасырдың екінші жартысында көптеген жергілікті өлкетану қоғамдары мен бөлімшелерін ашады. Жергілікті өлкетану қоғамдарының міндеттері «географиялық, статистикалық, этнографиялық және жаратылыс тарихи материалдар жинап, өндеу және тарату, ғылыми экспедицияларды жарақтандыру» болды.
Әбілқайыр хан жөнінде мағлұмат беретін әдебиеттер баршылық. Ал, қазақ тарихының Геродоты атанған А.И. Левшин «Абулхаир хан повелевая большою частью Меньшей орды и простирая власть свою на некоторые роды Средней, он думал о пользе народа своего...» деп көрсетеді.
Ш. Уәлиханов, А. И. Левшин жазғандай, қиын саяси жағдайда «Әбілқайыр хан иығына ауыр жүк алып Петербор сарайына үндеудің ұйытқысы болуға және ендігі ыдырап болған, қазақ одағының сыртқы саяси бағытына түбірлі бетбұрыс жасау жауапкершілігін көтеруге мәжбүр болды» деп ой түйіндеуінен біздер көп нәрсені аңғарамыз.
Көптеген мақалалар мен басылымдарда Қазақ хандығының Ресей бодандығына қабылдануы қазақ халқының салт-дәстүрін, тұрмысын зерттеуге деген қызығушылықтан туғаны тілге тиек етіледі. Алайда, бұл қызығушылық патшалықтың отарлау саясатын жүзеге асыру үшін жергілікті халықтың тарихын тереңірек білуге құштарлығынан туындағаны ескерілмейді. Ол зерттеулерді Ресей әкімшілігінің шенеуніктері, әскери ведомствоның қызметкерлері және әйгілі миссионерлердің жүргізгені-ақ осыған дәлел болады.
Қазақстанды зерттеуде 1845 жылы
құрылған Орыс географиялық қоғамы үлкен
роль атқарды. Шын мәнінде бұл
қоғам Қазақстандағы ғылыми-
Белгiлi орыс ғалымдары П.П. Семенов-Тян-Шанский, Н.М. Пржевальский, Г.Н. Потанин өлкенi зерттеуге ғана емес, сонымен бiрге Қазақстанда 19 ғ-дың 2-жартысы мен 20 ғ-дың басында демократиялық ғылыми ойдың қалыптасуына да зор үлес қосты. Осы аса iрi ғалымдар, сондай-ақ В.В. Григорьев, Н.Ф. Костылецкий, Е.П. Михаэлис, П.Е. Маковецкий, А.А. Блек қазақтың ағартушы-демократтары — Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, Абай Құнанбаевтардың рухани өсiп-толысуына тiкелей ықпал еттi.
Радлов пен Левшин материалдарының айтарлықтай құндылығы - өз заманы үшін де, осы заманғы тарихшылар үшін де маңызды фактілерді, көзқарастарды тізбелеп келтіретіндігінде. Өйткені зерттеуші басқа тарихи деректерден тасада қалған нақты оқиғалардың шынайы дәлелдерін табуы мүмкін.
XIX ғасырдың 70 жылдарында Қазақстанды аралап көп саяхат жасаған В.В. Радлов былай деп жазды: «Менің бұрынғы Жарғының қолданылуын қадағалауыма жеткілікті жағдайлар болды. Ол тәртіп орнатқан және қазақтармен көрші тұратын отырықшы егіншілерді қорғауды қамтамасыз еткен. Бірақ тәртіп орнатылуына байланысты халықтың әл-ауқаты төмендеген. Семей маңындағы толық бағындырылған Ішкі орда мүлдем дерлік күйзелген, сонымен бірге Үлкен ордаға жақындаған сайын халықтың байлығы арта түседі». XIX ғасырдың 20 жылдарындағы реформаның құны осындай болды.
Аса көрнекті түріктанушы ғалым В.В.Радлов өзінің он томдық шығармалар жинағының «Түрік тайпалары қазақ халықтық әдебиетінің үлгілері» деген үшінші томын түгелдей қазақ фольклорына арнады. Ол қазақтардың шешендік өнерінің зор екенін, олардың табиғи дарынының молдығын және осының аркасында әрқашанда ырғаққа және тіпті жай сөйлескеннің өзінде ұйқасқа мән беретінін ерекше атап өткен. В.В.Радлов қазақтардың жоғары поэтикалық мәдениетін атап көрсетті. Ол халық жадының қаншалықты күшті және қазақ тілі мен оның поэзиясы дамуының деңгейі қаншалықты жоғары екеніне көзбен көріп көз жеткізді. Қазақтардың ауызша халық шығармашылығының, фольклорлық жанрының байлығына қайран қалған ол қазақ әдебиетін дидактикалық, эпикалық және лирикалық жанрларға бөлген.
Ш.Уәлиханов пен В.В.Радловтың тәжірибесі қазақ фольклорын болашақтағы жинаушылар мен зерттеушілер үшін үлкен мектеп болды.
Өлкеде қалыптасып келе жатқан зиялылар, мұғалімдер, дәрігерлер, саяси айдаудағылар зерттеу жұмыстарын жүргізді. Отаршылдық пиғылдағы патша өкіметі XIX ғасырдың екінші жартысында көптеген жергілікті өлкетану қоғамдары мен бөлімшелерін ашады. Жергілікті өлкетану қоғамдарының міндеттері «географиялық, статистикалық, этнографиялық және жаратылыс тарихи материалдар жинап, өндеу және тарату, ғылыми экспедицияларды жарақтандыру» болды.
Алға қойылған міндеттер
барлық аудандарда бірдей дәрежеде жүзеге
асырылмағанмен, олар ғылыми даярлығы
бар әр түрлі адамдарды біріктірді.
Өлкетану қоғамдарының жанынан шағын
кітапханалар, өлкетану карталары, этнографиялық
экспонаттар коллекциялары
Патша өкіметінің отарлау
саясатының қарама-қөайшылықтарына
қарамастан орыс ғалымдарының Қазақ
Даласын зерттеу жұмысында
Жоғарғы екі ғалымға да біздің халқымыздың жарық жұлдыздай ағып өткен ғалымы Шоқан Уәлиханов дұрыс баға берген. Сондықтан мен сол екеуіне көбірек тоқталдым әрі олардың негізгі еңбектерін дұрыс көрсеттім. Ал Дальдің де ең негізгі ғылыми жетістігі де айтылып өтті, бірақ ол негізінен тек орыс халқына ғана еңбегі ұшан-теңіз.
Жоспар
КІРІСПЕ.......................
17 ғ-дың соңы — 18 ғ-дың
басында Қазақстанды орыс
Радлов, Даль және Левшин........................
Дальді Қазақстанға телуге
бола ма?...........................
Белгілі тарихшы және мемлекет
қайраткері А.И.Левшин жайында мадақсөз..............
В.В. Радлов және оның «Түрік
тайпалары қазақ халықтық әдебиетінің
үлгілері» еңбегі..............
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................