Әлеуметтік қамсыздардыру саласындағы құқықтық қатынастардың түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 20:23, реферат

Краткое описание

Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастар қоғамдық қатынастардың бір түрі болып табылады. Олар бір мезетте әлеуметтік қорғану құқығын жүзеге асырудың ерекше нысаны болып табылады.
Кез келген құқықтық қатынастар сияқты әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастар құқықтық нормалардың әсерімен туындайды, өзгереді және тоқтатылады. Сол себепті, құқықтық қатынастар ретінде қатынастар қатысушылары (субъектілері) арасындағы байланыстар, сонымен қатар, олардың өзара құқықтары мен міндеттері аталады. Яғни, әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастар құқықтық қатынастар болып табылады, себебі олар тиісті заңдардың нормаларын қолдану кезінде туындайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастар РЕФ ҚҰҚЫҚ.doc

— 114.00 Кб (Скачать документ)

Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың материалдық емес игіліктері немесе объектілері ретінде әлеуметтік қамсыздандыруда заңды мәнге ие фактілерді санауға болады. Заңдар бұлармен әлеуметтік қамсыздандырудың қандай да бір түріне құқықты, сонымен қатар шын мәнінде немесе жалған бұзылған, осы себепті қорғалатын құқықты байланыстырады. Оларға мыналар жатады:

· процедуралық құқықтық қатынастардың объектілері – бұл мемлекеттік органдардың әлеуметтік қамсыздандырудың нақты бір түрін тағайындау туралы шешім қабылдауына қатысты әрекеттері. Бұларсыз (шешімдерсіз) материалдық құқықтық қатынастарды, яғни зейнетақыларды, жәрдемақыларды, өтемақыларды төлеуді немесе өзге де қызметтер көрсетуді не жеңілдіктерді белгілеуді жүзеге асыру мүмкін емес;

· процессуалдық құқықтық қатынастардың объектілері – бұл жоғары тұрған органдардың азаматтың заңдарда белгіленген мөлшерде әлеуметтік қамсыздандырудың нақты бір түріне қатысты бұзылған құқығын қалпына келтіру жөніндегі шешім қабылдаумен байланысты әрекеттері.

Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың мазмұны. Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың мазмұны болып оның субъектілерінің құқықтары мен міндеттері табылады.

Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың субъектілері құқықтар мен міндеттерге ие және көп жағдайда оларды өздері дербес жүзеге асырады. Бұл құқықтар субъектінің белгілі бір түрде әрекет етуінің және міндетті тұлғадан әлеуметтік қамсыздандырудың белгілі бір түрін көрсетуге қатысты белгілі бір әрекеттерді талап етуінің заңды мүмкіндігін білдіреді. Осы құқықтардың қатарына әлеуметтік қамсыздандырудың белгілі бір түрін пайдалану және осы құқықтар бұзылған жағдайда мемлекеттің құзыретті органдарына көмек көрсету үшін қолдану құқығы да кіреді. Субъективтік құқыққа нақты міндет сай келеді. Мысалы, құқық қабілетті азамат әлеуметтік қамсыздандырудың белгілі бір түрін (мысалы, зейнетақыларды) алуға құқылы. Азаматтың бұл субъективтік құқығына мемлекеттік органның азаматқа белгілі бір әлеуметтік игілікті беру міндеті сай келеді.

Алайда, бұл әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастардың қарапайым екенін білдірмейді. Әлеуметтік қамсыздандырудағы құқықтық қатынастардың басым көпшілігі күрделі де, екіжақты да, екі жақ субъектілерінің құқықтары мен міндеттерінің кешенімен де болады.

Материалдық құқықтық қатынастардың мазмұны болып азаматтың әлеуметтік қамсыздандырудың нақты бір түріне мемлекет белгілеген мерзімдегі және мөлшердегі субъективтік құқықтары және оларға сәйкес мемлекеттің әлеуметтік қамсыздандырудың осы түрін беру туралы немесе оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдау міндеті табылады. Мысалы, белгілі бір жасқа толған кезде азамат жасына байланысты зейнетақы алуға субъективтік құқығын иеленеді, мемлекеттің осы құқыққа сәйкес міндеті болып тұлғаға аталған зейнетақыны беру туралы немесе осындай зейнетақыны төлеуден бас тарту туралы шешімін қабылдауы табылады.

Процедуралық құқықтық қатынастардың мазмұны болып азаматтардың әлеуметтік қамсыздандырудың белгілі бір түріне құқықтың туындауы үшін қажетті заңды фактілерді белгілеуге қатысты субъективтік құқықтары және мемлекеттің оларға сәйкес мәселені мәні бойынша шешу міндеті, яғни тексеру жүргізу және азаматтың субъективтік құқығын қанағаттандыру не олардан бас тарту туралы шешім қабылдау міндеті табылады. Мысалы, азамат асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы алуға қатысты субъективтік құқыққа ие, мемлекеттің осыған сәйкес міндеті болып азаматқа аталған зейнетақыға құқықты беретін заңды фактінің бар-жоқтығын тексеруі және оған аталған зейнетақыны беру не аталған зейнетақыны төлеуден бас тарту туралы шешім қабылдауы табылады.

Процессуалдық құқықтық қатынастардың мазмұны болып азаматтардың бұзылған құқықты қалпына келтіруге қатысты субъективтік құқықтары және мемлекеттің осыған сәйкес дауды мәні бойынша шешу және шешім қабылдау міндеті табылады. Мысалы, азамат еңбекке қабілеттігі қалпына келгенге дейін  мүгедектігі бойынша зейнетақы алуға қатысты құқығын бұзған лауазымды тұлғаның, мемлекеттік органның шешімін шағымдауға қатысты субъективтік құқықты иеленеді. Мемлекеттің тиісті міндеті болып дауды мәні бойынша қарауы және мүгедектігі бойынша зейнетақы төлемдерін төлеуді жалғастыру туралы немесе аталған зейнетақыны төлеуден бас тарту туралы шешім қабылдауы табылады.

Заңды фактілер. Әлеуметтік қамсыздандырудағы заңды фактілер – бұл құқықтық қатынастардың туындауымен, өзгеруімен немесе тоқтатылуымен байланысты нақты объективтік оқиғалар мен әрекеттер. Заңды фактілер құқықтық қатынастардың туындауына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына негіз болып табылады.

Заңды фактілер жалқы болуы мүмкін. Мысалы, зейнеткердің қайтыс болу фактісі зейнетақы төлеуге қатысты құқықтық қатынастардың тоқтатылуына әкеп соғады. Алайда, әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың туындауына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына әкеп соғатын заңды фактілердің ерекшелігі мынада – олар күрделі заңды құрамнан туындайды, бұл құрамға бір емес, екі не одан да көп заңды фактілер кіреді. Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың туындауына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына әкеп соғатын заңды фактілердің жиынтығы заңды құрам деп аталады. Мысалы, мүгедектігі бойынша зейнетақы алу үшін құқық қабілетті тұлға әлеуметтік қамсыздандыру органына өтінішпен жолданады, бұл орган, өз кезегінде, мүгедектің тұлғасын, оның кәсібін, мүгедектігінің тобын, мүгедектігінің себептерін анықтайды және зейнетақының осы түрін тағайындау туралы шешім қабылдайды. Аталған жағдайларды: мүгедектің тұлғасын, оның кәсібін, мүгедектігінің тобын, мүгедектігінің себептерін анықтау нақты тұлғаның мүгедектігі бойынша зейнетақы алуға құқығының туындауын анықтайтын заңды құрамды белгілеу болып табылады.

Әлеуметтік қамсыздандырудағы құқықтық қатынастар ұзақ мерзімді сипатқа ие. Сол себепті, оларды өзгерту негіздері туралы мәселе үлкен мәнге ие. Мұндай қатынастардың өзгеруіне негіз болып күрделі заңды құрамдар, яғни заңды фактілердің жиынтығы – азаматтың ерік білдіруі және мемлекеттік органның құқықтық қатынастарды өзгерту туралы шешім қабылдауы табылады. Мысалы, зейнеткерді зейнетақының бір түрінен екіншісіне ауыстыру үшін келесі заңды фактілер қажет: азаматтың өтініші, мұндай өзгеруге мүмкіндік беретін оқиғаның болуы, құзыретті органның ауыстыру туралы шешімі. Құқықтық қатынастардың өзгеруі белгілі бір тұлғада жаңа құқықтың көрініс табатынын растайтын жаңа заңды фактілер туындаған кезде орын алады, яғни қамсыздандырылатын тұлғаның құқық қабілеттілігінде өзгерістер туындайды.

Әлеуметтік қамсыздандырудағы құқықтық қатынастар қамсыздандырылатын тұлғаның өлімімен немесе құзыретті органның арнайы шешімімен (мысалы, егер мүгедектің еңбекке қабілеттігі қалпына келді деп танылса) не заңда белгіленген мерзімнің өтуімен тоқтатылады (мысалы, асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы алатын кәмелетке толмаған тұлға 18 жасқа толған кезде аталған зейнетақыны төлеу тоқтатылады).

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Әлеуметтік қамсыздардыру саласындағы құқықтық қатынастардың түсінігі