Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2015 в 23:52, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (2002- ) ҚР Президентінің 2001 ж. 17 қазандағы Жарлығына[1] сәйкес комитет ҚР Үкіметінің 2001 ж. 16 қарашадағы қаулысымен [2] 2002 ж. 1 қаңтарда құрылды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық.docx

— 14.53 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (2002- ) ҚР Президентінің 2001 ж. 17 қазандағы Жарлығына[1] сәйкес комитет ҚР Үкіметінің 2001 ж. 16 қарашадағы қаулысымен [2] 2002 ж. 1 қаңтарда құрылды.

ҚР Үкіметінің 2002 ж. 10 қаңтардағы қаулысымен [3] комитет туралы ереже бекітілді. Мемлекеттік мекемелері оларды көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың аумақтық органдары- мемлекеттік мекемелері мен көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптауды жүзеге асыратын орталықтар-мемлекеттік мекемелерге бөлу жолымен қайта ұйымдастырылды.

Ережеге сәйкес комитет ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құзіреті шегінде бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асырған ҚР [[Денсаулық сақтау]] министрлігінің ведомствосы болып табылды. Комитеттің көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау аумақтық органдары: көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау орталық басқармасы; аймақтық темір жол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиятуық қадағалау басқармалары; әуе көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармалары; бөлімшелік темір жол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармалары болды.

Комитеттің бұрынғы негізгі міндеттері

Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу; санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды зерделеу, халықты санитарлық-эпидемиологиялық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және олардың орындалуын бақылау. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 9 желтоқсандағы қаулысымен [4] комитеттің әуе көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы оны комитеттің Солтүстік-Батыс және Оңтүстік-Шығыс аймақтық әуе көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармаларына бөлу жолымен қайта ұйымдастырылды. Комитеттің көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталық басқармасы оны Солтүстік-Батыс және Оңтүстік-Шығыс аймақтық әуе көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама басқармаларына бөлу жолымен қайта ұйымдастырылды. ҚР Үкіметінің2004 ж. 29 қазандағы қаулысымен [5] комитет туралы ереже және оның құрылымы бекітілді. Комитет ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құзіреті шегінде бақылау-қадағалау және іске асыру функцияларын, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ҚР [[Денсаулық сақтау]] министрлігінің ведомствосы болып табылады.

Комитеттің негізгі міндеттері

Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың мониторингін жүргізу, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ халықты санитарлық-эпидемиологиялық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады. Комитеттің көліктегі аумақтық бөлімшелері бар: көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау орталық басқармасы; аймақтық темір жол және әуе көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадагалау басқармалары; бөлімшелік темір жол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармалары. Комитетің құрылымы: басшылық; эпидемиологиялық бақылау басқармасы; эпидемиологиялық бақылау бөлімі; карантиндік және зооноздық жүқпалы аурулар бөлімі; санитарлық-гигиеналық бақылау және санитарлық-эпидемиологиялық нормалау басқармасы; санитарлық-гигиеналық бақылау бөлімі; санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы. ҚР Үкіметінің 2005 ж. 21 шілдедегі қаулысымен [6] комитет қарамағындағы ұйымдар атаулары қайта аталды. Комитет туралы ережеге өзгерту енгізілді: комитеттің аумақтық органдарының атаулары "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылды; көліктегі санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау орталық басқармасы көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық қадагалау бас басқармасы болып қайта аталды

 


Информация о работе Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті