Техногендік шығарылымдардың қоршаған ортаға әсер ету деңгейін азайтатын ұсыныстар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 10:15, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстанда жылына мыңдаған тонна өндірістік және ауылшаруа-шылығының қалдықтары пайда болады. Кен орындарындағы қалдықтардың негізгі бөлігін ашық резервуарларда жиналып, сақталған мұнай қалдықтары құрайды. Өз кезегінде ашық орындарда жиналған мұнай қалдықтары жер қойнауына сіңіп, жер асты суларын, топырақ құнарлығын, осы аумақтағы сирек кездесетін өсімдік атаулының көзін жойып, күн сәулесі әсерінен ауаға тарап, қоршаған ортаның экологиялық жағдайын нашарлатуда. Сондықтан мұнай өндіруші аймақтардағы қатты мұнай қалдықтарын кәдеге жарату және қайта өңдеу негізгі мақсаттардың бірі болып саналады.

Содержание

Кіріспе

1. Мұнай өнеркәсібі
2. Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта
3. Қалдықтар туралы жалпы түсінік
4. Тұрмыстық қалдықтарды бірнеше бағытпен өндеу
5. Өндірістік қалдықтарды залалсыздандыру
6. Мұнай қалдықтарын жою негіздері
7. Техногендік шығарылымдардың қоршаған ортаға әсер ету деңгейін азайтатын ұсыныстар
Қорытынды
Пайдаанған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мұнай.doc

— 106.00 Кб (Скачать документ)

 

5. Өндірістік қалдықтарды залалсыздандыру

 

Қалдықтардың классификациясы келесі белгілер бойынша айқындалады:

қалдық түзілу орны (өндіріс  саласына байланысты);

өндіріс циклінің кезеңі;

қалдық түрі;

қоршаған ортаға және адамға зиянды әсері;

қолдану бағыты;

қолданыс эффектісі;

утильдеу технологиясының  қаншалықты қарастырылып, зерттелгені.

 

Отандық стандарт бойынша  «Зиянды заттар классификациясы  және ортақ қауіпсіздік талаптары», барлық өндіріс қалдықтары қауіптілігі  бойынша 4 классқа жіктеледі: бірінші  классқа – аса қауіпті, екінші классқа – жоғары қауіпті, үшінші классқа – орташа қауіпті, ал төртінші классқа –қауіптілігі аз қалдықтар жатады.

Егер де қалдықтарда  сынап, калий хлорқышқылы, үшхлорлы сурьма, мышьяк оксиді және басқа да улы заттар болса, олар бірінші классқа  жатқызылады.

Хлорлы никель, хлорлы медь болатын болса екінші классқа жатады.

Классификациялардың негізінде  орталық жинақтау схемалары жасалады, оларды екінші ретті пайдалануға  асыру және ол қалдықтардың қоршаған ортаға зиянды әсерін болдырмауы қарастырылады. Барлық қатты өндірістік қалдықтарды 2 түрге бөлеміз :

1 улы қалдықтар

2 улы емес қалдықтар

Улы қалдықтар өзі  бірнеше топқа жіктеледі, олардың  кейбіреулері төменде көрсетілген:

-құрамында мышьягы бар органикалық емес қатты қалдықтар және шламдар, сынабы бар қалдықтар, құрамында: қорғасын, цинк, сурьма, висмут,кобальт және т.б. қалдықтар;

құрамында фосфор және фторы  бар қалдықтар мен шламдар, қолданысқа жарамайтын және тыйым салынған пестицидтер;

гальваникалық өндіріс  қалдықтары;

-мұнайхимия және мұнайөңдеудегі қалдықтар;

-хромқұрамды қалдықтар,шламдар,темір карбонильдері бар қалдықтар.

 

Улы қалдықтарды жиюдың, жинақтаудың, зиянсыздандырудың және көмудің тәсілдері мен тәртібі  химиялық заттардың қауіптілік класын ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс, сонымен  бірге жұмысшылардың қауіпсіздігін, қоршаған территорияның ластануын болдырмауды және қамтамасыз етуі керек.

Құрамында улы заттары  бар қатты қалдықтарды қоймада  ұстауға, сонымен қатар өндіріс  алаңдарында шламды жинағыштарды және шлам жиналуын орналастыруға рұқсат етілмейді.

 

 

6. Мұнай қалдықтарын жою негіздері

 

Мұнай қалдықтарын  пеште өртегенде, ауаға ірі көлемде  улы газ бөлінеді. Мұны қалдықтарды  жоюдың ұтымды жолы дей алмаймыз. Соңғы  үлгідегі пештерді алу үшін үлкен  инвестиция қажет екенін білеміз. Бірақ, қоршаған ортаны қорғау одан да құнды  екенін түсінгеніміз дұрыс.

Тағы бір  мәселе. Батыс аймақта  мың дана мұнай бұрғысының су астында қалу қауіпі бар. Олар 1960-1970-ші жылдары Кеңес  дәуірі тұсында Каспий теңізінің  жағасындағы кен орындарда пайдаланылған. Бұрғылар уақыт оздырмай жойылуы  қажет-ақ. Олар туралы дерек нақтыланып жатыр.

Қазір мұнай-газ  өндірушілерден де табиғатқа зиян көп. Жыл басынан бері табиғат қорғау прокурорлары мұнай мекемелеріне 25 тексеріс жүргізген.

Мұнайды өндірісінен  болған (алауларда газды жою және өртеуді қоспағандағы) ұшпа шығарындылары мұнай ұңғыма сағасынан, мұнай құмдарынан немесе мұнайды тасымалдау жүйесін iске қосу уақытындағы мұнай тақта тастарынан пайда болады. Ұңғымаларға қызмет көрсетумен, мұнай құмдары немесе мұнай тақта тастарымен, тазартылмаған мұнай өнімдерін (яғни ұңғымаға құйылатын газдар және сұйықтар, эмульсия, мұнай тақта тастары және мұнай құмдарын) тазартқыш құрылыстарына экстракциялау және сапасын жоғарылату үшін, жол-жөнекей газды кері айдамалау жүйелеріне және су ағызу жүйелеріне тасымалдаумен байланысты ұшпа шығарындылары осыған кіреді. Қорландыруға арналған қондырғылардан болған ұшпа шығарындылары өндірістен болған шығарындылармен топтастырылады, ол айырудан болған шығарындылармен топтастыруға қарағанда жақсырақ, себебі қорландыруға арналған қондырғылар көбінесе экстракция қондырғыларымен әсерлеседі және олардың шығарындылардағы салыстырмалы үлесін анықтау қиынға соғады. Бірақ қорландыруға арналған қондырғылар тазарту қондырғыларымен, когенерациондық агрегаттармен немесе өзге де өнеркәсiптiк объектілермен әсерлесуі мүмкін, және олардың шығарындылардағы салыстырмалы үлестерiн осы жағдайларда анықтау күрделі.

 

7. Техногендік шығарылымдардың қоршаған ортаға әсер ету деңгейін  азайтатын ұсыныстар

 

      Экологиялық мониторингтің негізгі мақсаты адам тіршілігіне байланысты қоршаған табиғи ортада қайтадан орны толмас өзгерістерді болдырмау үшін қоршаған ортаның нысандарының жағдайына бақылау жасап, олардың өзара байланыстылығы мол тәуелділігін және қоршаған ортаға әсерін бақылайтын мониторинг жүйесі келесідей:

- өндірістік нысаналары орналасқан ауданда атмосфераның жағдайына бақылау жүйелері;

- ластайтын  заттарды атмосфераға шығару  көздерінде бекітілген мөлшерлерін сақтауға бақылау жүйесі;

   -мұнай-газ кен орындарының жер қойнауындағы көмірсутегі шикізаттарын игеру, дайындау, жинақтау, өңдеу, тасымалдау үрдістерінде шығарылымдар құрамындағы газ қоспалары экологиялық тұрғыдан өте қауіпті және зиянды болуына байланысты өндірістік үрдістері шығарылымдарының техногенді әсерлерінің сипаттамаларын кешенді бағалау мақсатында кен орындарын игеру барысындағы зиянды заттармен табиғи ортаның ластану жіктемесінің сүлбесі жасалынған және ыстық лепті газ қоспаларының шығарылуы мен таралу көрсеткіштерін есептеп шығару.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

Қорытынды

 

Еліміздегі қауіпті  қалдықтарды жою мүлдем дұрыс жолға қойылмаған. Тіпті шағын қалдық өңдейтін цехтарды іске қосуды да меңгере алмай отырмыз. Осы уақытқа дейін қауіпті қалдықтарды жоюға арналған көптеген жоспарлар жасап, тиісті орындарға өткіздік. Бірақ солардың бірде-бірі қолдау тапқан жоқ. Менің қалдықтарды жою мақсатындағы жоспарларымды Елбасымыз көріп, қолдады. Тиісті орындарға тапсырма да берді. Өкінішке қарай, бәрі сонымен тоқтады. Егер біздің жоспарымыз жүзеге асса, еліміздегі қауіпті қалдықтар жойылып, табиғатымыз да тазарып, еліміздің экологиялық ахуалы жақсарар еді. Тіпті қалдықтарды қайта өңдеуден өткізу арқылы, шикізатқа айналдырып, қайта кәдеге асыруға болар еді. Бірақ әзірге еліміз қауіпті қалдықтар мәселесіне қырын қарап отыр.

Адамдардың шаруашылық қызметі қазіргі кезде биосфераны ластаушылардың негізгі көзі болып отыр. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары түсіп отырады.

 Осы калдықтардағы  әр түрлі химиялық заттар ауаға,  суға және топыраққа түсіп,  бір трофикалық тізбектен екіншісіне өте отырып, соңынан адам организміне келіп түседі.

Бүкіл жер шарында осы ластаушы заттардың түспеген жері жоқ деп  айтуға болады. Тіпті ешқандай өнеркәсіп  орындары жоқ Антарктиданы алайық. Бүл жерде адамдар кішігірім  гылыми станцияларда тұрып, ғылыми бақылаулар ғана жасайды. Ғалымдар осы заманғы өнеркәсіптердің әр түрлі улы заттарын осы Антарктидадан да тапқан. Олар бұл жерге басқа жерлерден ауа ағындарымен келіп түскен.

Табиғи ортаны ластаушы заттар әр түрлі болып келеді. Ол заттар өзінің табиғатына, шоғырлануына және адам организміне әсер ету уақытына қарай. әр түрлі жағымсыз ; нәтижелер туғызады. Осындай заттардың қысқа мерзімде болса да адамға әсері— адамның басын айналдырады, құсқысын келтіреді, тамағын жыбырлатып, жөтелтеді. Егер адам организміне осындай улы заттар көп молшерде әсер етсе қатты уланып есінен танады, тіптен өліп кетуі де мүмкін. Ондай улы заттарға ірі өнеркәсіптік қалалардың үстіне желсіз күндері жиналған қара түтіндер немесе өнеркәсіптік кәсіпорындардың қалдықтары мысал бола алады. Электр станциялары, түрлі-түсті металл өндіретін зауыттар, химиялық және мұнайды кайта өңдейтін кәсіпорындар атмосфераға үлкен түтін шығаратын мұржалар арқылы көптеген адам организміне зиянды улы заттарды ауаға шығарады.

Өнеркәсібі дамыған  елдерде ауаны ластаушы улы заттың бірі мұнай, тау-кен өндіру және целлюлоза-қағаз өнеркәсіптерінің жұмысы нәтижесінде ауаға шығарылады.

Мұнай қалдықтары адам организмін улап қана қоймайды, сонымен қатар адамдардың жүйке ауруларын туғызады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

1. Тілегенов  И.С., Қоқаев Ө.Ш., Әбілова Э.Ө., Әліпбаев  Ж.Р. «Амангелді газ» кен орнын  игеру барысында бөлінген жер  аумағындағы өндірістік процестердің  әсерінен болатын экологиялық  өзгерістерді бағалау. Алматы, 2008 ж, 210-214 б.

2. Тілегенов И.С., Қоқаев Ө.Ш., Исакова Л.Ә., Шығарылым газдарын алаулы шырақ қондырғыларында жандыруда зиянды заттарды болдырмау шараларын жасау. 2007ж, 88-96 б.

3. Тілегенов И.С., Қоқаев  Ө.Ш., Әліпбаев Ж.Р.  «Амангелді»  кен орны аумағында ұңғымаларды  бұрғылау жұмыстарының қоршаған ортаға әсерін бағалау.  2007ж, 97-100 б

4. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық /В. Усиков, Т. Казановская, А. Усикова, Г. Зөбенова. 2-басылымы, өңделген. - Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-934-7

5.Нұрсұлтанов Ғ. «Мұнай және газды өндіріп, өңдеу


Информация о работе Техногендік шығарылымдардың қоршаған ортаға әсер ету деңгейін азайтатын ұсыныстар