ҚР территориясында әрекет ететін стандарттау бойынша нормативтік құжаттар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 00:34, реферат

Краткое описание

І. Стандарттау жөнінде қысқаша мәлімет
ІІ. ҚР территориясында әрекет ететін стандарттау бойынша нормативтік құжаттар
ІІІ. ҚР – да қолданылатын стандарттар
IV. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 37.08 Кб (Скачать документ)

Сәйкестікті міндетті растау дегеніміз не?

Сәйкестікті міндетті растау – өнімнің  белгіленген техникалық регламенттердің  талаптарына сәйкестігін растау жүзеге асырылатын процедура.

Сертификаттау қандай болады?

Сертификаттау – міндетті және ерікті болады.

Сертификаттарды кім береді?

Менщіктік нысандардан тәуелсіз, өнім (қызмет көрсету) өндірушілерден (орындаушылардан), өнімдерді (қызмет көрсетулерді) жабдықтаушылардан  және тұтынушылардан тәуелсіз, штатта сәйкестікті растау бойынша сарапшы-аудиторлары  бар және Қазақстан Республикасының  заңнамасында қарастырылған жағдайларда, сәйкестікті бағалау саласындағы  аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген, бекітілген қызмет бағыты бойынша зертханалары бар ұйымдар.

Сертификаттау объектілерінің жалпы техникалық талаптары қайда орналасқан?

Түрлі ресми құжаттарда (Техникалық регламенттер, ҚР СТ ГОСТ-тар, Санитарлық ережелер (СЕ), Гигиеналық нормалар (ГЕ), Құрылыс нормалары және ережелері (ҚНЖЕ, түрлі халықаралық стандарттар және тағы басқалар).

Сәйкестік сертификаты сынау жүргізбей беріле ме?

Кейбір жағдайларда сертификат тек қана ұсынылған құжаттар негізінде сынау жүргізбей беріле алады. Ол үшін іс жүзінде арнайы сертификаттау сызбалары бар.

СТ-1 шығу тегі сертификаты дегеніміз не?

Бұл - өнімнің белгілі бір елде әзірленгенін немесе жеткілікті дәрежеде қайта өңделгенін растайтын құжат. Кеденде (контрагентке) өнімді өткізу кезінде талап етіледі.

СТ-KZ шығу тегі сертификаты дегеніміз не?

Бұл - өнімнің Қазақстан Республикасында толығымен шығарылғанын немесе жеткілікті дәрежеде өңделгенін/қайта өңделгенін растайтын құжат. Сондай-ақ онда тауардың қазақстандық мазмұны бейнеленеді.

Сәйкестік туралы декларация дегеніміз не?

Сәйкестік туралы декларацияны, егер, ол техникалық регламентте қарастырылған  болса, сәйкестігі міндетті растауға жататын өнімге, сонымен қатар ерікті түрде сәйкестігін міндетті растауға жатпайтын кез келген өнімге қатынаста өндіруші (орындаушы) ресімдейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының  «Сертификаттау туралы» заңы 
 
Сертификаттау туралы ҚР-дағы өнімдерді, сапа жүйелері мен өндірістерді /бұдан әрі процестерді/, сертификаттаудың құқықтық негіздерін белгілейді, сертификаттау саласындағы қатынастарды реттейді, сертификаттауға қатысушылардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін анықтайды. 
 
Жалпы ережелер 
 
1-бап. Заңда пайдаланатын негізгі ұғымдар 
 
Осы заңда мынадай ұғымдар пайдаланады. 
 
1/ тіркеу – уәкілетті мемлекеттік органның сертификаттау жөніндегі орган немесе сынақ зертханасы /орталығы/ ретіндегі белгілі бір салада жұмысты жүзеге асыруға ұйымның құқылы екендігінің ресми тануы; 
 
2/ тіркеу аттестаты – белгіленген қызмет саласында сертификаттау жөніндегі органның немесе сынақ зертханасының нақты жұмыстарды орындауға деген құқығын куәландыратын, мемлекеттік сертификаттау жүйесі ережелеріне сәйкес берілетін құжат; 
 
3/ аудит /сертификаттаудағы/ – сертификаттау жөніндегі тіркелген органдардың /немесе/ сынақ зертханаларының, орталықтарының қызметіне тәуелсіз талдау жасау, сондай-ақ өтініш берушінің бастамасы бойынша жүргізілетін сертификатталған өнімдердің, процестердің, жұмысы мен қызметінің белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылау; 
 
4/ Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі /мемлекеттік сертификаттау жүйесі/ -- өз құзырет шегінде сертификаттау саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың және ҚР-дағы сертификаттау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін белгілейтін нормативтік құжаттардың жиынтығы; 
 
5/ сертификаттау жөніндегі органдардың және сынақ лабораторияларының қызметін мемлекеттік бақылау – стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының және оның мемлекеттік қадағалау жөніндегі аумақтық бөлімшелерінің сертификаттау жөніндегі тіркелген органдар мен сынақ лабораторияларының нормативтік құжаттарды бұзу фактілерін анықтауға, жолын кесуге, жоюға бағытталған қызметі; 
 
6/ сәйкестік туралы декларация – жеткізіп берушінің, дайындаушының, сатушының өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын, мемлекеттік сертификаттау жүйесі белгілеген нысандағы құжаты; 
 
7/ өтініш беруші – өнімді, процесті, жұмысты, қызмет көрсетуді, сертификаттауға ұсынған және оның сапасы мен қауіпсіздігіне жауап беретін жеке немесе заңды тұлға /дайындаушы, сатушы, атқарушы/; 
 
8/ сәйкестік белгісі – мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ережелеріне сәйкес қолданылатын, осы өнімнің, процестің, жұмыстың, қызмет көрсетудің нақты стандартқа немесе басқа нормативтік құжатқа сәйкес екендігін, қажет сенімнің қамтамасыз етілетінін көрсететін белгіленген тәртіппен қойылған белгі; 
 
9/ инспекциялық бақылау – сертификаттау жөніндегі тіркелген органдардың тарапынан сертификаттклған өнімнің, процестің, жұмыстың, қызмет көрсетудің белгіленген талаптарға сәйкестігіне бақылау жасау; 
 
10/ өнімнің бірдейлігі – белгілі бір өнімді өндіру, оның айналасы, пайдаланылуы саласында айырым белгілері бойынша біркелкі танылуын қамтамасыз ететін рәсім; 
 
11/ сынақ зертханасы – өнімнің құжат талаптарына сәйкестілігін жүргізетін орталық; 
 
12/ сертификаттау жөніндегі нормативтік құжат – сертификаттау жөніндегі қызметтің алуан түрлеріне немесе оның нәтижелерін қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды белгілейтін стандарттау туралы құжат;


Информация о работе ҚР территориясында әрекет ететін стандарттау бойынша нормативтік құжаттар