Металургия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 05:43, реферат

Краткое описание

XIX ғасырдың 20 — 30-жылдарында отаршыл өкімет билігі мен қазақ халқының арасындағы қарым-қатынас елеулі түрде шиеленісе түсті. Біріншіден, Кіші жүз бен Орта жүздегі хан билігінің жойылуы сұлтандардың, билердің және батырлардың едәуір бөлігінің наразылығын туғызды. Екіншіден, патша үкіметі қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі жерлерін әскери бекіністер салу үшін жаппай тартып ала бастады. Үшіншіден, бұрын Ресейге ешқандай алым-салық төлеп көрмеген қазақтарға ендігі жерде жасақ, түтін салығы, жол салығысияқты алым-салық түрлері көбейе түсті, қазақ өз жерін өзі жалға алып, пайдаланатын күй кеше бастады. Төртіншіден, патша үкіметінің әскери отрядтары қазақ ауылдарына шабуылжасап, күн көрсетпеді. Осының бәрі байырғы жергілікті халықты (номадтарды) қатты күйзеліске ұшыратты, олардың күн көрісін қиындатып жіберді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 44.31 Кб (Скачать документ)

Үкімет әскерінің өздерінің  ауылдарына бірнеше рет шабуыл жасағанына қарамастан, Кенесары патша үкіметінің Қазақстаңдағы өкілдеріне бірнеше  рет хат жазып, өздеріне қоныстарын қайтаруды сұрайды.

«Біздің ата-бабамыз, — деп  жазды Кенесары, — бізге мұра етіп қалдырған Есіл, Нұра, Ақтау, Өртау, Қарқаралы, Қазылық, Жарқайың, Обаған, Тобыл, Құсмұрын, Оқият, Тоғызақ төңірегі және Жайыққа дейінгі жерлер қазіргі патшаның тұсында бізден тартып алынып, оларға әскери бекіністер салынды. Енді біздің жерімізді күн сайын басып алып, оған бекіністер орнатып жатыр. Бұл әрекет халықты барынша ашындырып отыр. Мұның өзі біздің болашағымызға ғана емес, қазіргі тіршілігімізге де зор қауіп туғызып отыр». Бірақ бұған патша да, оның Қазақстандағы әкімдері де құлақ аспай, қайта отаршылдықты үдете түседі.

Орынбор генерал-губернаторына  жазған хаттарында: «Мен өзімнің қазақтарым егін егу, аң аулау жөне басқа да бейбіт кәсіптермен шұғылданған  кезде ғана тыныш өмір сүре аламын»  десе, енді бір хатында патша әкімдерін  достық-татулық қатынаста болуға шақырады: «Біз достық пен ынтымақта  өмір сүрсек, қандай жақсы болар  еді», — дейді.

Кенесары Қасымұлы патша  өкіметімен келісу әрекетінен еш нәтиже шықпағаннан кейін, қару алып күресуге бел байлайды. Бұл туралы патшаның өкімет орындарына жазған соңғы хаттарының бірінде: «1825 жылдан 1840 жылға дейін  патша өкіметінің әскерлері біздің ауылдарымызды он бес рет шауып  кетті. Сондықтан біздер, қазақтар, мұндай қысымға, талан-таражға, кісі өлтірушілікке  шыдай алмай, лажсыздан басымыздың ауған жағына көшіп жүрдік. Бірақ  олар сөйтсек те тыныштық бермеді. Сол  себепті де мен — Кенесары Қасымұлы, қаруланып алып, ұлы күресті бастауға аттандым», — дейді.

Азаттық жолындағы қозғалыстың  жеңілу себептері мен тарихи маңызы[өңдеу]


Сол тарихи кезеңде Қазақстанда  қалыптасқан қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономиқалық жағдайда бұл ұлт-азаттық қоғалыстың да түпкілікті жеңіске жетуі мүмкін емес еді. Ресей империясының қуатты, тұрақты әскери күші бар екенін былай қойғанда, жеңілудің басқа да себептері болды. Көтеріліске қатысқан үстем тап өкілдері арасында ауызбіршілік болмады. Өзін қолдамаған туыстарымен, қазақтың ауқатты топтарымен, Қоқан хандығымен, ақырында қырғыз ағайындармен күресіп, Кенесары өз күшін әлсіретті. Жікке бөлінген қазақ рулары көтерілісті көбіне өз аймақтарында қолдап, басқа аймақтарға ауысқанда, әсіресе Қоқан және Қырғыз жеріне басып кіргенде, оған қосылмады. Өзін қолдамаған ауылдарды қатаң жазалауы да көтерілісті әлсіретті.

Бұл ұлт-азаттық қозғалыстың  маңызы зор, ол Орталық Азия мен Қазақстан халықтарының тарихында өшпес із қалдырды, кейінгілердің азаттық, тәуелсіздік жолындағы күресіне үлгі-өнеге әрі тарихи сабақ болды. Кенесарының күресі, оның өзінің халықтың мақсат-мүддесіне шын берілгендігі, қолбасшылық өнері, ақылды саясаткер ретіндегі сирек кездесетін қасиеті XIX ғасырдың өзінде-ақ халық тарапынан қадірлеушілік туғызды. Патша өкіметі тұсында бұл қозғалыстың мүлде сөз болмауы, ал бола қойса, оны бұрмалап теріс түсіндіру себептері белгілі. Кеңес өкіметі түсында да бұл қозғалыс кертартпа, хандық-феодалдық мемлекетті көксеушілік деп теріс түсіндірілді. Оны тарихи шындық тұрғысынан дұрыс бағалаған ғалымдар қуғын-сүргінге ұшырады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ғана Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс өзінің шын бағасына ие болды. Осы қозғалыстың басы-қасында болған Кенесары хан мен оның басқа да қаруластарының есімдері тарихтан лайықты орнын алуда.[2]


Информация о работе Металургия