Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2012 в 15:07, реферат
Стандарттаудың халықаралық сипатын атап өте отырып, өнімдердің сыйысушылығын, өзара алмасушылығын, адам денсаулығы мен өмірі, қоршаған орта қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, оның қажеттігін тани отырып, 1992 жылғы наурызда ТМД елдерінің үкімет басшылары "Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келісімді саясат жургізу туралы" Келісімге қол қойды.
Мемлекетаралық стандарттау туралы түсінік.
Мемлекетаралық стандарттау - бұл Мемлекетаралық мүддені білдіретін обьектілерді стандарттау.
Стандарттаудың халықаралық сипатын атап өте отырып, өнімдердің сыйысушылығын, өзара алмасушылығын, адам денсаулығы мен өмірі, қоршаған орта қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, оның қажеттігін тани отырып, 1992 жылғы наурызда ТМД елдерінің үкімет басшылары "Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келісімді саясат жургізу туралы" Келісімге қол қойды.
Келісімге қатысушылар алдында тұрған негізгі міндеттер:
Қазіргі уақытта балтық жағалауы елдерінен өзге бұрынғы КСРО-ның барлық республикалары Келісімге қатысушылар болып саналады. Құрамына стандарттау жөніндегі тиісті ұлттық органдардың жетекшілері кірген стандарттау, метрология, сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық кеңес құрылған болатын .
Мемлекетаралық кеңес жұмысының тиімділігін арттыру үшін, Минскі қаласында ұйымдық міндеттерді орындайтын техникалық секретариат құрылды.
ТМД елдерінің стандарттау жөніндегі ұлттық органдары
Мемлекеттердің аттары |
Ұлттық стандарттау органдарының аттары |
1 |
2 |
Азербайжан республикасы Армения республикасы Беларусь республикасы Грузия республикасы Қазақстан республикасы
Қырғызстан республикасы Молдова республикасы Ресей федерациясы Тәжік республикасы Түркменстан республикасы Өзбекстан республикасы Украина
|
Азмемстандарт Арммемстандарт Белстандарт Грузстандарт Қазақстан Республикасының мемстандарты Қырғызстандарт Мемдепартамент - Молдова. Ресей мемстандарты Тәжікмемстандарт Түркменбасмем инспекциясы Өзмемстандарт Украина мемстандарты
|
Мемлекетаралық
стандарттау жөніндегі
Оған мыналар жатады:
Мемлекетаралық стандарттау жұмыстарын жүргізу үшін бұрынғы КСРО техникалық комитетіне стандарттау жөніндегі мемлекетаралық комитет мәртебесі берілген. Шағын комитеттер, тұрақты және уақытша жұмыс топтары стандарттау жөніндегі мемлекетаралық комитеттің ұйымдық құрылымын құрайды. Қазіргі уақытта оған нақты өнім топтары немесе қызмет бағыттарын бекітіп беру арқылы стандарттау жөніндегі мемлекетаралық комитеттің номенклатурасын оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде.
Мемлекетаралық стандарт мемлекетаралық стандарттау саласындағы негізгі нормативтік құжат болып саналады.
Мемлекетаралық стандарт (МЕМСТ) - бұл стандарттау жөніндегі мемлекетаралық Кеңес қабылдаған стандарт.
Мемлекетаралық стандарттардың (МЕМСТ) келесі түрлері ажыратылады:
Мемлекетаралық стандарттарды құруға қойылатын талаптарды әзірлеу тәртібі МЕМСТ 1.5-99 "Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі жұмыстар жүргізу Ережесі. Стандарттарды құруға, баяндалуына, рәсімделуіне және мазмұнына қойылатын жалпы талаптарда" баяндалған.
Мемлекетаралық стандарттарды тіркеудің әзірленген тәртібіне сәйкес, қабылдаған жылын өзгертумен, оның бұрынғы тіркеу номері сақталады. Егер стандарт бұрын қолданылған бірнеше МЕМСТ-тар негізінде әзірленген болса, онда оған осылардың бірінің номері беріледі.
Жаңадан әзірленген стандарттар, техникалық комитет беретін жаңа номермен тіркелуі тиіс. Тікелей қолдану жолымен, экономикалық өзара көмек кеңесі (СЭВ) стандарттарын қолдану туралы шешім қабылданған.
01.01.92-01.01.93 жылы қолдану мерзімі өткен барлық МЕМСТ-тарға оларды қайта қарағанға дейін олардың қолданыс мерзімін шектеу алынып тасталды.
Келісімге қатысушы мемлекеттерді мемлекетаралық стандарттармен қамтамасыз ету, оның алдағы уақыттағы таралымын көбейту үшін, 2 данадан мемлекеттерге беретін әрбір МЕМСТ техникалық секретариат арқылы жүзеге асырылады.
Информация о работе Мемлекетаралық стандарттау туралы түсінік