Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 19:09, лекция
Типті бекіту мақсатында өлшем құралдарына сынақ жүргізуге өтінішті (бұдан әрі - өтініш), Қазақстан Республикасының сауда және индустрия министрлігінің метрология және техникалық реттеу комитетіне тапсырады (одан әрі Комитет).
Типті бекіту мақсатында өлшем құралдарына сынақ жүргізуге өтінішті (бұдан әрі - өтініш), Қазақстан Республикасының сауда және индустрия министрлігінің метрология және техникалық реттеу комитетіне тапсырады (одан әрі Комитет).
Типті бекіту мақсатында өтініш беруші өтінішпен қоса мынадай құжаттарды ұсынады:
Шет елдік өндірушінің құжаттар мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен ұсынылады.
Өтінішпен қоса ұсынылған құжаттарды жұмыс үшін «ҚазМетрИн» РМК тапсырылады. «ҚазМетрИн» РМК өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында эксперименттік зерттеулер жүргізуге өтініш берушімен келісім шартқа отырады.
Эксперименттік зерттеулер жүргізу туралы жұмысының орындау мерзімі келісім шарт бойынша төленген күннен бастап 3 (үш) ай.
Типті бекіту мақсатында өлшем құралдарының сынағы өтініш берішумен келісімге келген және уәкілетті органмен немесе мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталығымен бекітілген ҚР СТ 2.6-2003 талаптарына сәйкес жобасымен немесе типтік бағдарламен жүргізіледі, бекітілген орнатылған тәртібі бойынша типтік бағдарламаға өзгеріс немесе қосымша толықтырып енгізуге болады.
Өлшем құралдарының типін бекіту туралы шешімді типті бекіту мақсатында және бекітілген типке сәйкестікке өлшем құралдарын сынаудың дұрыс нәтижелерінің негізінде техникалық реттеу және метрология (Комитет) жөніндегі уәкілетті орган қабылдайды және 5 жыл мерзімге, ҚР СТ 2.21-2007 А қосымшасына сәйкес пішін бойынша өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификатпен расталады.
Информация о работе Өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында сынақтар жүргізу тәртібі