Асыл тастарға жалпы сипаттама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 12:56, реферат

Краткое описание

Минерал – химиялық құрамы және физикалық қасиеттері бір текті табиғи дене. Ол жер бетіндегі немесе жердің қойнауындағы физикалық – химиялық процестерге байланысты пайда болып, тау жыныстарын, кентастар мен метеориттерді құрайды. Минерал негізінен қатты денелер. Олар кристалды (пирит, галенит), аморфты (опал, лимонит) және метамикты (сырты кристалл тәрізді, ішкі құрылысы аморфты, шыныға ұқсас) болып жіктеледі. Әр минерал өзіне тән құрамды, кристалды құрылымы бар табиғи қосынды. Жекелеген кристалдар, дәндер және басқа денелер. Минералдық индивид деп, ал минералдық индивидтердің бірігіп түзілгендері минералдық агрегаттар деп аталады

Прикрепленные файлы: 1 файл

асыл.docx

— 702.72 Кб (Скачать документ)

КІРІСПЕ

 

Бүгінгі таңда Қазақстан жерінде  Менделеев кестесіндегі барлық элемент  кездеседі десек те артық емес. Әсіресе қазақ жерінде минералды  заттар көп таралған. Соның ішінде асыл заттарға ерекше көңіл бөлінеді.

Минерал – химиялық құрамы және физикалық қасиеттері бір текті табиғи дене. Ол жер бетіндегі немесе жердің қойнауындағы физикалық – химиялық процестерге байланысты пайда болып, тау жыныстарын, кентастар мен метеориттерді құрайды. Минерал негізінен қатты денелер. Олар кристалды (пирит, галенит), аморфты (опал, лимонит) және метамикты (сырты кристалл тәрізді, ішкі құрылысы аморфты, шыныға ұқсас) болып жіктеледі. Әр минерал өзіне тән құрамды, кристалды құрылымы бар табиғи қосынды. Жекелеген кристалдар, дәндер және басқа денелер. Минералдық индивид деп, ал минералдық индивидтердің бірігіп түзілгендері минералдық агрегаттар деп аталады.Табиғатта зерттелген минерал түрлері 2,5 мыңға жуық, жыл сайын 30-ға жақын жаңа минерал түрлері анықталады. Минералдардың көпшілігінде ионды құрылым кездеседі. Минерал құрауға Менделеев кестесіндегі инертті (асыл) газдар мен ураннан соңғы элементтердің бәрі қатысады. Олардың кейбіреуі минерал құрауда басты орын алады. Изоморфтыққоспалар минералдардың химиялық қасиеттерін өзгертеді. Минерал морфологиясы оның ішкі, құрылысына, пайда болу, қалыптасу жағдайларына қарай анықталады. Мысасылы, Қарағанды өңірінің талшықты родуситі – сұйық, ал бұршақ сияқты тығыз, борпылдақ родуситі –қою коллоид ерітінділерінің кристалдануынан түзілген. Жеке Минералдар сыңарларының өлшемі әр түрлі болады. Тарбағатай пегматиттерінен табылған кварц кристалдарының ұзындығы 6 метр, салмағы 72 тонна, қырларының ені 1 метрге жетеді. Кейбір коллоидтық минералдардың көлемі бірнеше м3 болады. Табиғаттағы минералдар сырт пішініне қарай көбіне дендриттер, сферолиттер, секрециялар, конкрециялар,дән, топырақ сияқты массалар, сталактиттер, сталагмиттер түрінде кездеседі. Минералдар экзогендік, эндогендік, метаморфогендік процестерде пайда болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Асыл тастарға жалпы сипаттама

 

Асыл тастар — минералдар мен тау жыныстарының көркем бұйымдар және зергерлік әшекей заттар жасауға пайдаланылатын ерекше тобы. Оларға өрнекті, түс бояулары қанық, мөлдір әрі жарық сәулесін сындырып, шашырата алатындай оптикалық қасиеті бар көптеген минералдар мен тау жыныстары жатады. Мұндай тастардан жасалынған бұйымдар атадан балаға мұра болып қалып отырады, сондықтан олар механикалық және химиялық әсерлерге төзімді болуы керек. Асыл тастарды Қазақстан жерінде адамдар бағзы заманнан танып, қолдана білгені археологиялық мәліметтерден белгілі болып отыр. Мысалы, Солтүстік және Батыс Қазақстанда біздің заманымыздан бұрынғы 3-мыңжылдықта тастан жасалған тас білезіктер мен әр түрлі әсем бұйымдардың бөліктері табылған. Бесшатыр зираты және Есік қорғанынан табылған моншақтар қызғылт-сары ақықтан жасалған. Батыс Қазақстан облысында табылған сармат мәдениетіне тән моншақтар тау хрусталі мен кәрібтастан тұрады. Түрлі-түсті нефрит, ақық және т.б. тастардан істелінген зергерлік бұйымдардың бөліктері Отырар мұражайына қойылған. Асыл тастар ретінде құрамы мен тегі әр түрлі 100-ге жуық минералдар мен тау жыныстары пайдаланылады. Бұл тізім әшекейлік жаңа тастармен үнемі толықтырылуда. Асыл тастардың құндылығына көптеген жағдай әсер етеді. Біріншіден, олардың таралу дәрежесіне байланысты. Мысалы, өте әдемі деген тастың өзі табиғатта кең таралған жағдайда құнсызданады. Бір кездердегі иризаттық қасиеті бар асыл тас – лабрадор Канада мен Украинада үлкен кендерінің ашылуына орай, қаптама тастар қатарына түсті. Екіншіден, әсемдік әлеміндегі өзгеріске байланысты бұйымдардың түр-түсінің өзгеріп отыруы әр түрлі сұраныс тудырады. Мұнымен қатар, кейбір тастарға қатысты ұлттық және діни ғұрыптар сақталады. Үшіншіден, асыл тастардың кен орындары әлемдегі санаулы елдердің еншісіне тиіп отыр.

 

 

1.2 Асыл тастардың түрлері

 

Асыл тастардың құндылығына  байланысты зергерлік, зергерлік-әшекейлік  және әшекейлік болып, 3 топқа бөлінеді. Өз кезегінде зергерлік және зергерлік-әшекейлік  тастар бірнеше қатарға жіктеледі. Зергерлік тастар: І қатар –  қызыл лағыл (рубин), зүмірет (изумруд), алмас, көк жақұт (көк сапфир); ІІ қатар – александрит, қызғылт-сары және күлгін жақұт (сапфир), асыл қара опал, асыл жадеит; ІІІ қатар – демонтоид, шпинель, ақ және оттай қызыл опал, көгілдір зүмірет (аквамарин), топаз, родолит, турмалин; ІV қатар – хризолит, циркон, кунцит, ай тас (адуляр), күн тас (ферриортоклаз), сары, жасыл және қызғылт берилл, пироп, альмандин, бирюза, аметист, хризопраз, цитрин.  Зергерлік-әшекейлік тастар: І қатар – лазурит, жадеит, нефрит, малахит, янтарь, түтін түстес және түссіз тау хрусталі; ІІ қатар – агат, амазонит, күрең қызыл гематит, родонит, құбылма дала шпаты, обсидиан, эпидот. Әшекейлік тастарға яшма, мәрмәрлі оникс, обсидиан, гагат, тасқа айналған ағаш, лиственит, өрнекті кремень, пегматит, авантюринді кварцит, флюорит, селенит, агальматолит, түсті мәрмәр, т.б. жатады. Тастың мөлдірлігі (тазалығы) мен ақаусыздығының да үлкен мәні бар. Бұл қасиеттері бойынша І қатардағы тас ІІ қатарға немесе одан да  төмен түсуі мүмкін. Ал зергерлік бұйымдарда асыл тастың өңделу дәрежесінің күрделілігі мен сапасы есепке алынады. Асыл тастар кендерінің әлемдегі таралуы біркелкі емес. Мысалы, алмас негізінен Оңтүстік Африкада өндіріледі, онда тағы зүмірет, көгілдір зүмірет (аквамарин), аметист, малахит кездеседі. Азияда қызыл және көк лағылдың, жадеиттің, бирюзаның, ақықтың әлемдік қорлары бар. Австралия асыл опат, родонит, хризопраз және көк лағылымен әйгілі. Солтүстік Америкада бирюза, нефрит, турмалин кендері тараған. Оңтүстік Америка зүмірет, топаз, ақық және аметист кендеріне бай.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Асыл тастардың Қазақстанда  таралуы

 

Геологиялық құрылымының күрделілігіне  байланысты Қазақстанда асыл тастардың  көпшілігі кездеседі. Олардың  ішіндегі ерекшелері: Делбегетейдің зүміреті (Шығыс Қазақстан), Сарыкөлболдының хризопразы (Орталық Қазақстан), Итмұрындының жадеиті (Орталық Қазақстан), көптеген кен орындарын түзейтін түрлі-түсті ақық, тау хрусталі, малахит, бирюза, т.б., сондай-ақ әшекейлік тастардың түр-түрлері Қазақстанның барлық аймақтарында кеңінен таралған. Олардың ішінде түрлі өрнекті әрі түсті яшма, тасқа айналған ағаштар, родусит, флюорит, лиственит, т.б. бар. Қазіргі кезде жоғарғы температура мен қысымда жасанды жолмен алмас, лағыл, сапфир, шпинель, көк шпинель, мөлдір александрит, зүмірет, т.б. алынады. Соның ішінде жақұт Қазақстанда Қарағанды облысындағы Шешенқара, Жәнет, Сымтас, Cемізбұғы кен қазбаларында кездеседі. Ал замартас Оңтүстік Қу және Делбегетей кендерінде (Қарағанды облысы) кездеседі Ал Орал мен Байқалсыртынан топазды кездестіре аламыз.

Шығыс Қазақстан табиғи түрлі –  түсті және өңдеуге келетін тастарымен ертеден бері даңқты өңір. Көз жасындай таза мөлдір сутас, әсем-жасыл хризопраз, қиялыңды жаулап алатын сантүсті зертас, ақшыл көк түсті күлгінтас, көл тұңғиығы немесе көктемгі шөп түстес зұмреттер, түтінтәріздес раухтопаз, сары балдай халцедондар, ертегідей, қайталанбас көріктас, оттай пирит, амазонит – міне қазақстандық асыл тастардың толық емес тізбесі осындай. Олар әшекейлер мен кәдесыйлар жасауға жұмсалады. Дәл осы жерде тас өңдеу мәдениетінің санғасырлық тарихындағы тәжірибе көмектеседі.

 Делбегетей зұмреттерін 50-шы  жылдардың аяғында геолог А.Г.Алексеев  ашқан болаты. Делбегетей қазба  орнын егжей-тегжейлі барлау ісі  В.Ф.Кощеевтің есімімен байланысты. Полиметалл кендері қазба орындарының  барлық жерлерінде пириттер кездеседі.  Риддердің, Зырян мен Ертіс  бойының қазба орындарында көріктастар  табылуда. Ал Аягөз ауданының  өз құпиясы бар. Ақжайлау бірегей  геожүйесі өзіне 140 минералдың  басын қосқан! Геологтар бұл жерден  төрт эндемикті – гагаринитті,  кенавитті, ифтисит пен кайсикхитті  тапқан, олар әлемнің басқа бірде-бір  жерінде кездеспейді Ал Тарбағатай  тауының сілемдерінде кеңес заманы  кезінде ақықтәріздес кварц –  сирек кездесетін түтінтүстес  айшықты аса көрікті тас табылған. Аягөз бөктерлерінің басты құпиясы  – бұл миаролдар. Көпіршік  қуыстарда кристалдар – топаздар, берилдер, аквамариндер, морион (тұманды  кварц)... гүлдеп тұр. Бұл кристаллдарға  миллиондаған жыл болған! Уақыт  көбейткен химиялық процестер  ғажап дүние – қымбат бағалы  тас гүлдер жасады. Асыл тасты  жұлдызгүлдер, орхидеялар, бақытгүлдер.

 

 

 

3 Асыл тастардың емдік  қасиеттері

 

Жақұт, көк жақұт, сапфир – оксидтер класының минералы, корундтың мөлдір түрі. Алмастан кейінгі ең бағалы асыл тас. Химиялық формуласы Al2O3, құрамындағы Fe, Tі иондары минералға көк не көгілдір рең береді. Тригональдық сингонияда кристалданады. Кристалдары қос пирамида, бөшке пішіндес агрегаттар түзеді. Тығыздығы 3,9 – 4,1 г/см3. Тарихтағы ең белгілі жақұт кристалдары Шри-Ланка, Мьянма және Үндістан жерінде табылған. Қазіргі кезде жақұт Австралияда көп өндіріледі.. Жақұт зергерлік бұйымдар жасауда қолданылады. Жасанды жолмен алынатын синтетикалық түссіз жақұт кристалдары микроэлектроникада, техникада, т.б. салаларда қолданылады

Опасыздық пен қоқыныштан қорғайды. Байырғы заманда сүйген жанын қарату үшін жақұт ұшқынымен  магниттелген ыдыстан тамақ берген. 
 

Рисунок 1. Өңделген жақұт

 

Замартас-изумруд. Замартас – минерал, силикаттар класына жататын берилдің жасыл мөлдір түрі. Химиялық формуласы Bе3Al2[Si6O18]. Гексогендік сингонияда кристалданып, ұзынша призма, баған пішінді болып түзіледі. Әдетте, жеке кристалл түрінде кездеседі, сирек друзалар түзеді. Ең ірі кристалл 1974 жылы Бразилияда табылған, оның салмағы 28,2 кг. Құрамында аздаған хром қоспасы (Cr2O3) болуына байланысты түсі қою жасыл, шыныдай жылтыр. Қаттылығы 7,5 – 8,0, меншіктік салмағы 2,6 – 2,9 г/см3. Замартас кристалдарының ірілігі 0,5×3,0 см-ден 35×45 см-ге дейін, салмағы 5 – 30 каратқа дейін жетеді. Қышқыл интрузивті жыныстардың арасындағы пегматиттік желілерде немесе пневматикалық процестермен өзгерген гранит-грейзендерде түзіледі. Соңғы кезде жасанды түрлері синтез арқылы алынады. Замартастар зергерлік бұйымдарға ендірме жасауға пайдаланылады. Замартас қуаныш пен көңілділік сыйлайды. Ұмытшақ немесе көзі нашар көретін әйелдер мойнына таққан. Ұзақ өмір сүруге қолданылады. Ойды ширатады.

Рисунок 2. Замартастар

Топаз – силикаттар класына жататын минерал. Хим. формуласы: Al2[SіO4](F,OH)2; құрамы (%-бен): Al2O3 – 62 – 48,2, SіO2 – 39 – 28,2, F – 13 – 20,4, H2O – 2,45; қоспалары: Fe2+, Fe3+, Cr, Mg, Tі, V, Ge. Ромбылық сингонияда кристалданып, кристалдары призма пішінді, агрегаттары әдемі друзалы, түйірлі тығыз масса түрінде болып келеді. Кристалдық құрылымының негізінде фтор, оттек атомдарынан тұратын төрт қабатты тығыз түйіннің октаэдрлік қуысында Аl атомдары, тетраэдрлікте Sі орналасқан болып келеді. Кристалдары қысқа бағаналы, призма пішінді қырлары өте көп, ең үлкені 120 кг. Түссіз, ашық көк, күлгін, сары, қызғылт сары, алқызыл, көбінесе мөлдір; жіктілігі жетілген, шыныдай жылтыр, қатт. 8, тығызд. 3,5 г/м3.

Топаз ұмытшақтық пен ұйқы қашуды жазады. Көз тиюден сақтап, дәм сезу күшін арттырады

 

Рисунок 3. Топаз тасы

Александрит. Қан айналуды жақсартады, қанды тазартады. тамырларды бекіте түседі.

 

Рисунок 4. Александрит тасы

Гауһар. Күш жігер қосады, жүректі тыныштандырып, сағыныштан зеріктірмейді.

Рисунок 5. Гауһар тастар

 

Фируза. Адамдардың арасындағы жаулық пен араздықты бәсеңдетеді. Мойыннан тастамай жүрсе әйелдер сары ауруға ұшырамайды. Бұл тас адам секілді, жасына қарай түрін ақшылдан көгілдірге, көктен жасылға өзгереді. Бір қауіпті жағдай төнсе, фирузаның көз алдында күңгірт тартып жүреді. Жазылмайтын ауруы бар адам тақса ол мүлдем сөнеді.

 

Рисунок 6. Фируза тасынан жасалған әшекей буйымдар

Опал. Күдікті ойларды қоздырып, ұрысқа құмар тас. Қоқыныш туғызып, сескендіретін тас. Опалдың жүректі күдікті ойлармен тұмшалайтыны белгілі.

 

Рисунок 7. Опал тастары

Аметист. Араққұмарлықтан  қорғайды. Жүрекке деген сенімді, ойдан сейілтеді. Әйел адам жастығының астына жастанып жатса өте жақсы  түстер көреді. Бетті сипат өтіп, әжім мен секпілден кетіруге болады.

Рисунок 8. Аметист тастары

 

Агат. Тіл көзден сақтайтын тас. Бойдағы ауруды бәсеңдетіп, есту қабілетін жақсартады.

Гагат. Бұл таспен буын ауруларын емдейді.

Рисунок 9. Гагат тастары

Жадейт. Ол жетпіс жеті ауруға ем. Әсіресе ревматизмге жақсы.

Рисунок 10. Жадейт тасы


Информация о работе Асыл тастарға жалпы сипаттама