Асыл металдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 20:12, реферат

Краткое описание

Асыл металдардың беріктігін арттыру үшін құрамына мыс, мырыш, никель, т.б. металдар қосады[2]. Олардың құймаларынан құнды бұйымдар, металл ақша, медальдар, тіс протезін жасайды. Коррозияға төзімді болғандықтан платина мен оның құймаларын электрод және терможұп жасауға, сондай-ақ химиялық өндірісінде әр түрлі құрал-жабдықтар жасауға пайдаланады. Ал платина және платиндік металдар катализатор ретінде әр түрлі катализдік процестерде, техникада қолданылады. Қазақстанда асыл металдардан алтын және күміс өндіріледі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Асыл металдар.docx

— 430.45 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

                           Замартас


   Замартас(изумруд) – минерал, силикаттар класына жататын берилдің жасыл мөлдір түрі. Химиялық формуласы Bе3Al2[Si6O18]. Гексогендік сингонияда кристалданып, ұзынша призма, баған пішінді болып түзіледі. Әдетте, жеке кристалл түрінде кездеседі, сирек друзалар түзеді. Ең ірі кристалл 1974 жылы Бразилияда табылған, оның салмағы 28,2 кг. Құрамында аздаған хром қоспасы (Cr2O3) болуына байланысты түсі қою жасыл, шыныдай жылтыр. Қаттылығы 7,5 – 8,0, меншіктік салмағы 2,6 – 2,9 г/см3. Замартас кристалдарының ірілігі 0,5×3,0 см-ден 35×45 см-ге дейін, салмағы 5 – 30 каратқа дейін жетеді. [1] Қышқыл интрузивті жыныстардың арасындағы пегматиттік желілерде немесе пневматикалық процестермен өзгерген гранит-грейзендерде түзіледі. Соңғы кезде жасанды түрлері синтез арқылы алынады. Замартастар зергерлік бұйымдарға ендірме жасауға пайдаланылады. Қазақстанда Замартас Оңтүстік Қу және Делбегетей кендерінде (Қарағанды облысы) кездеседі.

 

Сапфир


 

   Сапфир (гр. sappheivos - көк тас) — Ті мен Ғе қоспасы бар корундтың бір түрі. Электрондық аспап жасауда қоспалар мөлшері шамамен 0,001% синтетикалық cапфир монокристалдары ("лейкосапфир") пайдаланылады. Сапфир инфрақызыл техниканың оптикалық элементтері мен аспаптарын, ИС пен гибридті ИС-дың төсеніштерін жасауда, сондай-ақ ШӨ пластиналарды өңдеуге арналған абразивті зат ретінде

             Александрит


   ‎ Александрит – тотықтар класы, шпинельдер тобына жататын минерал; хризоберилдің бір түрі. Химиялық формуласы ВеAl2O4. Құрамында 1%-ға дейін Cr2O3 болады. Кристалдары тақта тәрізді келеді. Түсі күн сәулесінде жасыл, жасанды жарықта күлгін қызыл. Қаттылығы 8,5; меншікті салмағы 3,7 г/см3. Александрит гранит пегматиттерінде, түрлі құрамды грейзендерде, карбонатиттерде және осылардан түзілген қайраңдарда кездеседі. Салмағы 2 – 3 караттан жоғары, бояуы қанық мөлдір кристалдары 1-кластық асыл тас ретінде бағаланады.

  

       Топаз


   Топаз (гр. topazos – Қызыл теңіздегі аралдың атауы) – силикаттар класына жататын минерал. Хим. формуласы: Al2[SіO4](F,OH)2; құрамы (%-бен): Al2O3 – 62 – 48,2, SіO2 – 39 – 28,2, F – 13 – 20,4, H2O – 2,45; қоспалары: Fe2+, Fe3+, Cr, Mg, Tі, V, Ge. Ромбылық сингонияда кристалданып, кристалдары призма пішінді, агрегаттары әдемі друзалы, түйірлі тығыз масса түрінде болып келеді. Кристалдық құрылымының негізінде фтор, оттек атомдарынан тұратын төрт қабатты тығыз түйіннің октаэдрлік қуысында Аl атомдары, тетраэдрлікте Sі орналасқан болып келеді. Кристалдары қысқа бағаналы, призма пішінді қырлары өте көп, ең үлкені 120 кг. Түссіз, ашық көк, күлгін, сары, қызғылт сары, алқызыл, көбінесе мөлдір; жіктілігі жетілген, шыныдай жылтыр, қатт. 8, тығызд. 3,5 г/м3.

Топаз пневматолит және пегматит желілерінде кварц, дала шпаты, слюда, касситерит, турмалин, берилл, шеелит, т.б. грейзен құрамына кіретін минералдармен бірге кездеседі.[5] Топаздың түссіз мөлдір және бояуы әдемі кристалдары 2 – 3-класты асыл тастар ретінде зергерлік бұйымдар жасауда қолданылады. Қрі кен орындары Украинада (Волынь), Оралда, Байкал сыртында, Бразилияда, Жапонияда, Мадагаскарда, т.б. аймақтарда орналасқан.

 

 

         Турмалин


 

   Турмалин — силикаттар класының борлы силикаттар тобына жататын минерал. Химиялық формуласы (N3, Са)(Мв, А1)6ӀВ3А135і6(0, ОН)30] Сингониясы — тригондық, кристалдары — бағана тәрізді, агрегаттары — сояу, радиал-сәулелі, талшықты. Түсі — қызыл (рубеллит), қара (шерл), көк (индиголит), жасыл (верделит), түссіз, жылтырлығы — шыныдай, каттылығы — 7—7,5; жіктілігі жоқ, меншікті салмағы — 2,90—3,25.Пегматиттерде, гидротермалық кендерде, метаморфиттер мен метасоматиттерде кездеседі. Т. зергерлік істе, радиотехникада, оптикада қолданылады.

 

Опал


Опал (грек. opallіos, лат. opalus – асыл тас) – тотықтар класына жататын табиғи минерал.

Сипаттамасы


Химиялық формуласы SіO2ҺnH2O. Ондағы судың мөлшері 2 – 14%. Қоспа ретінде MgO, CaO, Al2O3, Fe2O3, т.б. кездеседі. Қыздырғанда судан бөлінеді, су жұтқанда мөлдірленеді. Сауыс, қабатша, топырақ, жалбыр тәрізді аморфты агрегаттар құрайды. Түсі ақ, сұр, кейде әдемі көкшіл, қызғылт-қара. Қаттылығы 5 – 6, тығыздығы 1,8 – 2,25 г/см3. Салқын судағы кремнеземнің коллоид ерітінділерінен, силикаттардың ыдырауынан, микроорганизмдердің тіршілік әрекетінен түзіледі. Кейбір таулы жыныстар Опалдан тұрады (гейзерит, диатомит, трепел). Қазақстанда кайнозой жыныстарында кездеседі. Опал құрылыс материалы ретінде, металдарды тегістеуде, т.б., ал әдемі түстілері әшекей тас ретінде қолданылады. Кендері Грузияда, Арменияда, Оралда, т.б. жерлерде кездеседі.

Морфологиялық ерекшеліктері


Әдетте, сыртқы формасы тамыл іркіліп жиналған тығыз шыны тәрізді масса түрінде байқалады. Кейде, ішінде марганецтің қара немесе қара қоңыр сулы тотықтарының дендрит тәрізді кірмелері болады. Бірқатар организмдердің — диатомей сауытының, губкалар инелерінің (спикулдерінід), радиолярия сүйектерінің, біршама фораминифераның және мүкше жануардың — бастық ұрамды бөліктері болады. Кремнеземнің коллоид ерітінділері (золь) осындай организмдердід тамағы болып есептелінеді. Организмдердің сутегінде кремнезем болғандықтан, көпшілік жағдайларда, олардың ерте заманда жойылған қалдықтары қазба байлық түрінде жақсы сақталады. Шөгінді жыныстарда опал химиялық тұнбалар түрінде пайда болады. Кейде ол шыны тәрізді массадан, кеуікті ақ немесе аздаған бояулы массадан пайда болған толық пластар құрайды. Опал, трепел, диатомит ішіпде организм кремнеземі сүйектерінің қалдықтары болады. Опалдың түстері өте көп әрі әдемі, псевдоморфозалар береді. Түстерінің әр түрлі болуы опалдың қоспасына байланысты.

Жаратылысы:


1) опал салқын су коллоид  ерітінділерінен бөлініп, шөгінді  түрінде дайда болады; 2) опал силикаттар  бұзылған кезде (оливин, змеевик, ортоклаз, микроклин тағы басқа) пайда болады; 3) органикалық опал — микроорганизмдердід тіршілігі мен әрекетіне байланысты түзіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ                                  МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

 ММ және Н кафедрасы

 

 

 

 

реферат

 

«Асыл металдар. Асыл тастар»

 

 

 

 

 

 

                                                                               Орындаған: Ахметчаев А. К.

                                                                                                                    МЕТ-10-2

                                                                                  Тексерген: Смагулова Ж.Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                        

 

                                     Қарағанды 2011


Информация о работе Асыл металдар