Жұмыссыздық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 16:46, реферат

Краткое описание

Жұмыссыздық дегеніміз – барлық қоғамда болып тұратын құбылыс. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде, мысалы, АҚШ-та, еңбекке қабілетті тұрғындврдың жұмыспен толық қамтылуы жұмыссыздық мүлдем жоқ дегенді білдірмейді.
Жұмыссыздық әлемдегі ортақ проблемалардың бірі болып табылады. Және де ол бір жүйеден екінші жүйеге өтетін елдерде кеңінен байқалады. Ол өзімен бірқатар жаңа проблемаларды алып келеді. Мысалға мұндай процесс Қазақстанда да жүріп жатыр. Сонымен қатар жұмыссыздық проблемасы адамдармен де тығыз байланысты және соларға тікелей әсер етеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жұмыссыздық.docx

— 17.61 Кб (Скачать документ)

 

                               Жұмыссыздық

     Жұмыссыздық  дегеніміз – барлық  қоғамда болып тұратын құбылыс. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде, мысалы, АҚШ-та, еңбекке қабілетті тұрғындврдың  жұмыспен толық қамтылуы жұмыссыздық мүлдем жоқ дегенді білдірмейді.

    Жұмыссыздық  әлемдегі ортақ проблемалардың  бірі болып табылады. Және де  ол бір жүйеден екінші жүйеге  өтетін елдерде кеңінен байқалады.  Ол өзімен бірқатар жаңа проблемаларды  алып келеді. Мысалға мұндай процесс  Қазақстанда да жүріп жатыр.  Сонымен қатар жұмыссыздық проблемасы  адамдармен де тығыз байланысты  және соларға тікелей әсер  етеді. Жұмысынан айрылу олардың   табысының  азаюына, өмір сүру  деңгейінің төмендеуіне, сонымен  қатар психологиялық стресске  алып келеді. Осы себепті көптеген  саясат адамдары өзінің сайлаулы  компанияларында жұмыс орындарын  жасауға көп көңіл бөледі.

    Жұмыссыздықты зерттеу олардың  пайда болу себептерін анықтайды,  мемлекеттің тарапынан шаралар  қолдануды қажет етеді. Бірақ,  сонымен қатар көптеген экономистердің  ойынша жұмыссыздық қажет нәрсе,  оны зұлымдық ретінде қарастыруға  болмайды. Өйткені жұмыссыздықтың  ең маңызды пайдалы жақтарына  оның сапалы еңбекті, бәсекелестікті  тудыратынын алуға болады.

      Жалпы, жұмыссыздық  дегеніміз  – халықтың  активті бөлігінің  жасауға қабілетті жұмыс таба  алмауы . Ал, жай тілмен айтқанда, жұмыссыздық негізінен жұмыс  орнына сай келетін адамдардың  азаюынан, адамдар санының көбеюінен  пайда болады

      Жұмыссыздық  әлемде әлі күніге  шешімін таппай келе жатқан  мәселелердің бірі ретінде оны  кқптеген ғалымдар зерттеп өздерінің  әр қилы теорияларын ұсынды. Солардың  бірі ретінде Дж. Кейнсті атауға  болады. Дж. Кейнс қазіргі заманғы  макроэкономиканың негізін құраушы.  Оның еңбектері жұмыссыздыққа  қарсы күрес,ақша-несие саясаты  сияқты елеулі мәселелерді қозғап  өтті. Дж. Кейнспен қатар осы бағытта  Дж. Хикс, П. Самуэльсон, Р. Харред  тағы басқа ғалымдар атсалысты.

       Бүкіл әлемнің  ең өткір  проблемаларының біріне айналған  жұмыссыздықпен күрес мәселесі  әлемнің әр шалғайларындағы саясаткерлерді, ғалымдарды, азаматтардың алдыңғы  өкілдерін қатты толғандыруда. Қазіргі  күні бұл дертпен ұйымдасып  күресу мақсатында бірқатар халықаралық  ұйымдар жұмыс істеп келеді. Солардың  алдыңғы қатарында Халықаралық  еңбек ұйымы (ХЕҰҚ) бар. БҰҰ-ның  осы саладағы маманданған мәселесі  болып табылатын бұл ұйым 1919 жылы  Версаль шарты негізінде құрылған болатын. 1946 жылдан бастап ол БҰҰ аясында ресми мәртебеге ие болдв. Халықаралық еңбек ұйымы уақытын регламенттеу, жұмыссыздықпен күрес, өндірістегі қайғылы оқиғалармен, кәсіптік аурулармен күрес, еңбек қатынастарында балалардың, жасөспірімдердің және әйелдердің құқықтарын қорғау секілді мәселелермен шұғылданады.

       ХЕҰ есебі бойынша 2010 жылы әлемде 200 млн адам жұмыссыздықтың зардабын  тартқан. Бұл көрсеткіш 2007 жылғы  қорытындымен салыстырғанда жұмыссыздар  қатарының 27,6 млн адамға арта  түскендігін білдіреді. ХЕҰ болжамы  бойынша 2011 жылы жұмыссыздық жағдайы  әлемдегі ең ауқымды  проблемалардың  бірі болып отыр. Бұл жылғы  болжам бойынша 203,3 млн адам  жұмыссыз ретінде тіркеледі. Сонымен  қатар, ХЕҰ 2007-2010 жылдар аралығында  халықтың жұмыссыздық деңгейі,  әсіресе дамыған елдерде өсе  түскенін мәлімдей келе, жұмыссыздықпен  күрес мәселесінде Қазақстан,  Бразилия, Таиланд секілді елдер  жақсы жетістіктерге жетіп келе  жатқандығын атап көрсетті.

      Сөйтіп, қазіргі күнде бүкіл әлем  бойынша алғанда Қазақстан өз  ішіндегі жұмыссыздықты ауыздықтай  алған санаулы елдердің арасынан  бой көтеріп отыр. Оның үстіне 2012 жылдың наурыз айында Қазақстанда  "Жұмыспен қамту - 2020"бағдарламасы  қабылданды. Бұл бағдарламаның негізгі 

мақсаты –  тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамту  мен табысын арттыру болып  табылады.

       Әлемдік тәжірибеде халықты еңбекпен  қамту ісін басқарудың әртүрлі  моделдері қолданылды. Мысалы, американдық  модель еңбекке қабілетті азаматтардың  елеулі бөлігі үлесін өнімділігі  төмен, бірақ халықтың көп бөлігін  кеңінен қамтуына ұмтылатын жұмыс  орындарын құрумен ерекшеленеді. Сарапшылардың пікірінше, мұндай  жағдайда жұмыссыздар қатары  азайғанымен, халықтың кедей бөлігінің  жағдайы жақсара қоймайды. Ал  скандинавиялық модель мемлекеттік  секторда табысы орташа, еңбекақысы  қанағаттандырарлық жағдайдағы  жұмыс орындарын көптеп ашып, жұмыс күштерін солай тартуға  бағытталған. Үшінші еуропалық  модель еңбек өнімділігін арттыру  арқылы халықты жұмыспен қамту  мәселесінеорайластырылған. 

       Қазіргі кезде кімнің білімі  жоғары, біліктілігі артық болса,  сол адам тұрақты жұмыс орнында  еңбек ете алады. Демек, қазіргі  күні  кімнің білімі төмен –  сол адам жұмыссыздық деңгейіне  жиі түсетін болады.

       Елбасымыздың  Н. Ә. Назарбаев  жастар арасында "әр адам қз  кәсібінің шыңына шығу үшін  ол ең алдымен білімді болуы  керек" дегенді жиі айтады.

       Халықаралық еңбек ұйымының жұмыс  анықтауы бойынша, дәл сол сәтінде  жұмысы жоқ адам жұмыссыз деп  есептеледі. Жұмыссыздық қазіргі  кезде бірнеше түрге бөлінеді:

       - Фрикциялық;

       - Құрылымдық;

       - Маусымдық;

       - Циклдік;

       - Ерікті.

       Біздің елімізге құрылымдық жұмыссыздық  түрі тән. Құрылымдық жұмыссыздық  дегеніміз - көп жағдайда технологиялардың  өзгеруіне байланысты болып келеді. Елге жаңа технологиялар енгізгенде, халық сол технологияларда бірден  жұмыс істеп кете алмайды. 

       Кедейшілік - жұмыссыздықтың негізгі  көзі.

       Көптеген араб елдеріндегі қазіргі  толқулардың астарында кедейшілік  жатыр. Ал кедейшілікті тудыратын  басты факторлардың 

бірі - жұмыссыздық  болып табылады. Әлемде қазір 1 млрд адам кедейшілік құшағында. 2011 жылы БҰҰ-ның  кезекті отырысында кедейлік деңгейін төмендету талабын қойған болатын. Осы талап бойынша 2015 жылы әлемдегі кедей адамдар саны 0,7 млрд адамға дейін азайту керек. Бірақ бұл  оңай іс емес. Мысалы, әлемдегі ең бай  ел саналатын АҚШ-тың өзінде кедейшілік 13,2%-дан 14,3%-ға өскен, 43,6 млн адам кедей  деп табылған.

       Біздің Қазақстан ТМД елдерінің  арасында кедейшілікпен күресті  алғашқы болып бастаған бірден-бір  ел. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары  халықтың 40% кедей болып танылып,  оларға мемлекет тарапынан көмек  көрсетіліп отырды. Ал қазіргі  кезде Қазақстан ТМД-дағы ең  кедейшілік аз ел болып табылады.

       Қазақстан жұмыссыздықпен күресу  бағытында "2011-2014 жылдарына арналған  индустриялды-инновациялық даму" бағдарламасын қабылдады. 

      Сонымен, Қазақстан әлемді шарлаған  дағдарыс кезінде еліміздегі  жұмыссыздықты еңсеріп, халықтың  әл-ауқатын одан әрі жақсарту  бағытында жаңа бір қадам, нәтижелі  бастаманы көтеріп отыр.

     

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     Мазмұны:

1.Кіріспе

2.Жұмыссыздық  түсінігі

3.Жұмыссыздықтың  әлеуметтік-инновациялық салдары

4.Халықар

алық еңбек  ұйымы (ХЕҰ)

5.Кедейшілік  – жұмыссыздықтың негізгі көзі

6.Жұмыссыздықпен  күре

7.Қорытынды


Информация о работе Жұмыссыздық