Тақырыбы: Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы. Басқарудың ұйымдастыру –құқықтық нысандары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 14:18, реферат

Краткое описание

Басқару құрылымы деп қызметтің атқарылуы мен дамуын қамтамасыз ететін, тәртіпке келтірілген, өзара тұрақты байланыстардың біртұтас элементтер жиынтығын айтады.

Содержание

1 Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы.........................................
2 Басқарудың ұйымдастыру –құқықтық нысандары.................................
2.1 Басқару қызметінің нысандарының түсінігі мен түрлері..................
2.2 Мемлекеттік басқарудың әкімшілік-құқықтық нысандарының түрлері.............................................................................................................
2.3 Басқару қызметінің әдістерінің түсінігі мен түрлері..........................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы.doc

— 62.00 Кб (Скачать документ)

Реферат

Тақырыбы: Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы. Басқарудың ұйымдастыру –құқықтық нысандары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

1  Басқарудың  ұйымдастырушылық құрылымы.........................................

2  Басқарудың  ұйымдастыру –құқықтық нысандары.................................

2.1  Басқару   қызметінің нысандарының түсінігі мен түрлері..................

2.2  Мемлекеттік  басқарудың әкімшілік-құқықтық нысандарының түрлері.............................................................................................................

2.3  Басқару   қызметінің әдістерінің түсінігі мен түрлері..........................

3

4

4

 

4

6


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1  Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы

 

Басқару құрылымы деп қызметтің атқарылуы мен дамуын қамтамасыз ететін, тәртіпке келтірілген, өзара тұрақты байланыстардың біртұтас элементтер жиынтығын айтады.

Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымына, қойылған міндеттер мен  мақсатқа жету жолдарын көрсететін функцияларға сәйкес, басқару процесі шеңберінде жүзеге асырылатын басқарушылық әрекетінің бөлісу формасы мен кооперациясы деп түсінік беруге де болады. Бұл тұрғыдан басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын, оның құрамына кіретін органдар мен онда қызмет атқарушы адамдардың өзара байланысты міндеттерін атқаруды, құқықтары мен жауапкершіліктерін ең қолайлы бөлісу жүйесінің түрі деп те атауға болады.

Басқару элементтерінің байланыс қатынастары деңгейлері мен өкілеттіктері  — оның құрылымының ең басты, негізгі  түсініктері.

Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының элементтері жеке жұмыс істеушілер (бастықтар, мамандар, қызметкерлер), сол сияқты, белгілі бір функционалдық міндеттерді орындайтын басқару аппаратының органдары немесе осы аппаратта қызмет атқаратын мамандар болуы мүмкін.

Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының мамандану элементтерінің екі бағыты бар.

Біріншіден, ұйым бөлімшелерінің құрылым құрамына байланысты маркетингті  жүзеге асыратын басқару құрылымының, өндіріс менеджментінің, ғылыми-техникалық процестің тізбектері өзара ажыратылады.

Екіншіден, функциялардың  жалпы сипаттамасына байланысты жоспарлаумен шұғылданатын, ендірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыратын, ұйымда барлық процестерді бақылайтын, басқару процесінің міндетін орындайтын органдар қалыптасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2  Басқарудың ұйымдастыру –құқықтық нысандары

 

 

2.1  Басқару  қызметінің нысандарының түсінігі мен түрлері

 

Атқарушы биліктің  басты міндеті — заңдардың орындалуын қамтамасыз ету.  Бұл міндет  әртүрлі басқару  нысандарында  жүзеге асырылады.

Басқарудың әкімшілік — құқықтық нысаны – бұл атқарушы органның (лауазымды тұлғасының) өз құзырлығы шегінде жүзеге асырылатын және нақты салдарлар  тудыратын, оның әрекетінің сырттай  көрсетілген   әрекеті.

 

 

2.2  Мемлекеттік  басқарудың әкімшілік-құқықтық нысандарының түрлері

 

Мемлекеттік  басқарудың әкімшілік-құқықтық нысандарының мынадай түрлері болады:

1) әрекетінің  сипатына қарай:

а) құқықтық;

б) құқықтық емес;

2) мақсаттылығына  байланысты:

а) ішкі — ішкі ұйымдастыру мәселелерін шешуге қолданылады;

б) сыртқы -органның міндеттері мен функцияларын орындау мақсатында қолданылады;

3) көрсетілу  әдісіне қарай:

а) ауызша және жазбаша;

б) конклюдентті.

Басқару қызметінің нысандарының ішінде ең көп тараған классификациясы  оны құқықтық  және құқықтық емес деп бөлу.

Құқықтық нысандар нақты айқындалған құқықтық салдарларға әкеледі, ал құқықтық емес нысандар құқықтық салдарларға әкелмейді. Құқықтық нысандарына мыналар жатады:

1) нормативті-құқықтық актілерді  дайындау және қабылдау (құқық  шығармашылық депте атауға болады);

2) жеке нормативті актілерді шығару (немесе құқық қолданушылық);

3) әкімшілік-құқықтық шарттар  жасасу;

4) әкімшілік — іс жүргізушілік  әрекеттер жасау;

5) заңды мәні бар өзге  де әрекеттерді жасау.

Нормативті-құқықтық актілерді  дайындау және шығару — бұл атқарушы билік органдарына заңнамамен ұйғарылған  және тек заңдардың  көмегімен ғана бұқаралық мүдделерді қамтамасыз ету мүмкін болмағанда әкімшілік норма шығармашылыққа мұқтажыдығымен байланыстырылған, заңдарды  орындау үшін арналған атқарушы биліктің қызметінің негізгі түрі.

Тек осы құқықтық нысандарда ғана өктемік өкілеттіліктер  айқын көрініс табады.мысалы, Президенттің заңды күші бар жарлық немесе өкімдер шығаруы, ҚР Үкіметінің қаулылар  мен өкімдер шығаруы.

Жеке құқықтық (әкімшілік) актілерді шығару — бұл көп жағдайда құқық қолданушылық болып табылады, яғни құқық нормасын адрестік қолдану бойынша қызмет, мысалы, қоршаған ортаны ластайтын кәсіпорындардға айыппұл санкцияларын салу;

Әкімшілік келісімшарт жасасу — бұл тараптарының біреуіне мемлекеттік  — өкімді  өкілеттіліктер берілетін  келісімшарт, мысалы, контракт жасасу.

Әкімшілік — іс жүргізшілік  әрекеттерді жасау — бұл қызмет нақты заңды  істерді шешумен байланысты қызмет және іс жүргізушілік нормаларымен толықтай реттелеген. Оның мынадай негізгі белгілі бар:

1) бұл қызметте өктемдік  өкілеттіліктер  жүзеге асырылады. Тиісті  қатынастарға азаматтарда, ұйымдарда қатысады, бірақ бұл қатынастарда басымдылықт бұқаралық  билік органдарына беріледі, мысалы, тіркей, пресс — конференция ұйымдастыру, дауыс беруді ұйымдастыру және т.б.

2) іс жүргізушілік қызметтің  нәтижесі  заңды істерді шешу, мысалы, заңды мәні бар құжаттарды қабылдау, азаматтылық беру, санкция қолдану және т.б.

3) іс жүргізушілік  қызмет іс жүргізушілік нормалармен  реттеледі; бұл нормаларда  процеске қатысушылар,  олардың құқықтары мен міндеттері, іс — әрекеттерді істеу тәртібі мен  мерзімдері анықталады,  құжаттарды, шғымдарды рәсімдеу ережелері, шешімді орындау анықталады.

Заңды мәні бар  өзге де іс — әрекеттерді жасау  — қандайда болмасын құқықтық салдарларды  туғызатындығын білдіреді. Атқарушы органдар  (немесе олардың лауазымды тұлғалары) әртүрлі азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге және басқару қатынастарының өзге де қатысушыларына нақты  іс-әрекеттерді  істеуге, белгіленген жағдайларда міндетті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға, көлік құралдарын жүргізу  құқығына, қару — жарақ алу, сақтау және пайдалану құқығына, аң немесе балық аулау құқығына және т.б.  куәлік сияқты  ресми құжаттарды беру. Осындай әрекеттердің және олардың  салдарларының заңды мәні бар екендігі сөзсіз, бірақ олар  аралық көрініс табады. Арнайы құқықтар беру  қабылданып қойған құқықтық актілердің негізінде жүзеге асырылады.

Басқарудың  құқықтық емес нысандарына мыналар жатады:

а)  ұйымдық;

б) материалды-техникалық әрекеттер.

Ұйымдық әрекеттер  мынадан көрініс табады:

- заңнамалардың  немесе өзге де актілердің  мағынасын түсіндіру;

- қызметкерлер  мен лауазымды тұлғаларды аттестациядан  және инструкциядан өткізу;

- басқару органдарының  жұмысын  тексеру және қорытындылау;

- төменгі басқару  органдарының  жетекшілерін қатыстыру арқылы отырыстар, мәжілістер өткізу , екі министрліктердің  алқаларын  біріккен отырыстарын және өзге де іс-шаралар өткізу.

Материалды-техникалық әрекеттер мыналармен байланысты:

а) органдардың  және лауазымды тұлғалардың  жұмысын қамтамасыз ету үшін ақпараттық- анықтама  жүргізумен;

б) іс қағаздарын жүргізу (хат алысу,  құжаттарды көбейту, көшірмесін дайындау, оларды сақтау);

в) тіркеу — есепке алу  жұмыстарымен,   қабылданған шешімдердің  негізінде  қажетті құжаттарды берумен (реестрге кіргізу,  тиісті нөмірін көрсету және т.б.).

 

 

2.3  Басқару  қызметінің әдістерінің түсінігі мен түрлері   

  

Мемлекеттік басқару  әдістері- бұл мемлекеттік органдардың  және олардың лауазымды тұлғаларының (ғни атқарушы билік субъектілерінің) басқару  объектісіне (яғни басқарылатындарға — бағынышты органдар, ааматтар және т.б. объектілерге, олардың санасы мен еріктеріне) тікелей және мақсатты түрде практика жүзінде әртүрлі ықпал ету тәсілдері.      

Мемлекеттік басқару әдістеріне мына белгілер тән:

1) мемлекеттік  басқару әдістері мемлекеттің  еркі бойынша қалыптасады және  содан туындайды;

2) ереже бойынша  олар мемлекеттік қызметті атқару  кезінде іске асырылады;

3) мемлекеттік  басқару субъектілері мемлекеттің  атынан және соның мүддесі  үшін пайдаланады;

4) мемлекеттік  — биліктік өктем өкілеттіліктер  берілген;

5) құқықтық және  ұйымдық нысандарға ие болады;

6) жан-жақты  бағыттылығы болады (бұл басқару  үрдісінің көп түрлілігі мен күрделілігі көрінеді).     

Мемлекеттік басқарудың тиімділігі.  Басқару міндеттерін және функцияларын жүзеге асыруда қандайда бір әдістерді дұрыс қолдануға байланысты болады, сондықтан осы әдістерді жетілдіру басқарудың жақсаруын білдіреді. Мемлекеттік басқару әдістері  мемлекеттік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылады. Осыған байланысты олар көбінесе бсқару қызметінің құқықтық нысандарында көрсетіледі.     

 Мемлекеттік  басқару әдістерінің түрлері:

1) универсалды  әдістері немесе негізгі: сендіру  мен мәжбүрлеу;

2) құқықтық әдістер  — практикада қолданғанда заңды  салдарға әкеледі, оларға мыналар  жатады: тікелей бөлу, ұсыныс, шешу, келісу;

3) құқықтық емес  (ұйымдық) — практикада қолданғанда заңды салдарлардың туындауына әкелмейді, оларға мыналар жатады: қаулы, бұйрықтар, түсіндірме, шешімді дайындау; көрмелер, жарнама, шешімнің орындалуын тексеру.

4) басқару ықпалының  мазмұны бойынша:

а) моралдық —  саяси  әдістер — бұл тәрбиелеу, моралдық қолдау, үгіттеу, насихаттау;

б) ұйымдық әдістер — үйлестіру, келістіру, бақылау, субъектінің өз жұмысын ұйымдастыру (нұсқау беру, сілтеу), қадағалау, тексеру;

в) әлеуметтік әдістер  — бақылау, эксперимент жасау,  байқау, анкета жүргізу, интервью алу;

г) психологиялық  әдістер — психологиялық аяу, дәлелдеу, кәсіби іріктеу мен оқыту, бедел;

д) әкімшілік  әдістер — әкімшілік юрисдикция, жарлық, бұйрықтар

е) экономикалық әдіс — баға, несие, материалдық  қолдау көрсету, сыйақы, жәрдемақы.   

 

Баяндама  келесі сайттардағы мәліметтерден құрылған:

 

  1. http://kazreferat.org
  2. referat.resurs.kz

 


Информация о работе Тақырыбы: Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы. Басқарудың ұйымдастыру –құқықтық нысандары