Стратегиялық жоспарлаудың кәсіпорындағы негізгі ролі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2015 в 12:54, реферат

Краткое описание

Индикативтік жоспарлау шеңберінде ол ұзақ мерзімді мақсаттарды анықтап нақтылы бағыттарды көрсетіп және оларды қалай іске асыру жолдарын айқындайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

стратегия.docx

— 23.57 Кб (Скачать документ)

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУДЫҢ КӘСІПОРЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ РОЛІ

 

 

Индикативтік жоспарлау шеңберінде ол ұзақ мерзімді мақсаттарды анықтап нақтылы бағыттарды көрсетіп және оларды қалай іске асыру жолдарын айқындайды.

 

 "Қазақстан-2030" бағдарламасында  көрсетілген стратегиялық болашаққа  қол жеткізу үшін ұзақ мерзімді  келесі басымдықтарды іске асыру  қажет болды:

·                    Ұлттық қауіпсіздік

·                    Ішкі саясатта саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы

·                    Шетел инвестициялары мен ішкі қорлардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу

·                    Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты

·                    Энергетика ресурстары

·                    Инфрақұрылым

·                    Кәсіби мемлекет 

"Қазақстан-2030"  стратегиясының жеті басымдығының біріне энергетика ресурстары кіреді. Бұл басымдықтың негізгі мақсаты мұнай мен газ өндіруді және сараптауды қалыпты экономикалық өрлеу мен халықтың тұрмысын жақсартуға жәрдемдесетін табыс алу мақсатында жедел арттыру жолымен Қазақстанның энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану. Ал бұл жоспарды толығымен дұрыс орындау үшін стартегиялық жоспар  дұрыс жасақталу керек. Стратегиялық жоспар негізгі мақсаттарға қол жеткізудегі басымды мәселелер  мен ресуртарды анықтаудағы әрекеттердің басты  бағдарламасы (Кунц).

Стратегиялық менеджменттің негізгі мазмұнын мыналар құрайды: кәсіпорын бизнесін белгілеу мен негізгі мақсатын анықтау; фирманың сыртқы ортасын талдау; оның ішкі жағдайын талдау; фирманың шаруашылық аймағы деңгейінде стратегияны таңдау мен дайындау; әртараптандырылған фирманың портфелін талдау; оның ұйымдық  құрылымын жобалау; компания стратегиясы мен нәтижелерінің кері әсерін қамтамасыз ету; стратегияны, құрылымды және басқаруды жетілдіру. Осы негізгі ережеге сүйене отырып мұнай және газ  саласындағы стратегиялық жоспар нақты анықталып тиімді іске асырылуы қажет.

 

          Нәтижесінде, 15 жыл ішінде ұлттық экономиканың көлемі  1997  жылғы 1,7 триллион теңгеден 2011 жылы  28 триллион теңгеге  өсті. Қазақстанның мұнай-газ кешені күллі экономиканың локомотиві болып табылады және басқа салалардың дамуына ықпалын тигізеді. Біз экономиканың заманауи, тиімді мұнай-газ және тау-кен өндіру саласын құруға тиіс едік. Біз бүгін  шикізат секторының табысын болашақ экономиканы  құру үшін пайдаланудамыз.

Елдің ІЖӨ-де мұнай-газ саласы  үлесінің тұрақты өсу қарқыны байқалады, ол 1997 жылғы 3,7%-дан   2006  жылы  14,7%-ға және 2011 жылы   25,8%-ға өсті.

Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы, стратегиялық жоспары экономикалық өзгеріске бейімді етіп құралу керек. Стратегияның негізгі мәні - кәсіпорынды қоршаған ортаға бейімдеу. Тек осы жағдайға сәйкес болғанда ғана аман қалып және әрі жақсы дамуына мүмкіндік болады. Стратегияны үдеріс ретінде қарастыруға оның үш белгіленген сатылары дәлел болады: стратегиялық талдау, стратегиялық таңдау, стратегия мен менеджменттің іске асуы.

Стратегиялық талдаудың  негізгі мақсаты ақпарат жинау. Бұл талдаудың ішкі және сыртқы екі кезеңі бар. Негізгі мақсаты талдаудың күшті және әлсіз жақтарын анықтау мақсатында ішкі талдау жүргізіледі. Стратегия мен менеджментті іске асыру стратегиялық талдау мен таңдауға қарағанда әлдеқайда қиындау үдеріс. Іскерлік стратегияны жүзеге асыру үшін төмендегі жағдайларды ескеру қажет: ресурстар негізінің тепе-теңдігі; ұйымның құрылымы мен мәдениетінің көзделген стратегияны қабылдауға дайындығы; стратегияны іске асыру барысында менеджменттің өзгерістерге дайындығы; кешеннің даму бағыттары туралы материалдық-техникалық шешімдерді негіздеу, ұсынылған стратегия және сапа мәселелерін өндіріс деңгейіндегі ұйымның дайындығы, бизнестің ішкі және сыртқы қатысушыларын осы стратегияның әсері.

Стратегиялық басқарудың маңызды құрастырушысы стратегиялық жоспарды жүзеге асыру болып табылады. Ал бұл ең алдымен стратегияны іске асыруға мүмкіндік  беретін ұйымдық мәдениетті жасау, еңбекті  мотивациялау  және ұйымдастыру жүйесін жасау, ұйымда белгілі бір икемділікті жасау және т.б.

Фирманың стратегиясын жасау және жүзеге асыру бойынша менеджердің міндеті бес өзара байланысқан бөліктерден тұрады:

1. Коммерциялық қызметтің  түрін анықтау және оның дамуының  стратегиялық бағыттарын қалыптастыру, яғни дамудың мақсаттары мен  ұзақ мерзімді болашағын белгілеу  қажет;

2. Жалпы мақсаттарды жұмыстың  нақты бағыттарына айналдыру;

3. Қажетті көрсеткіштерге  жету үшін таңдалған жоспардың  шебер жүзеге асырылуы;

5. Жасалған жұмыстарды  бағалау, нарықтағы жағдайды талдау, алынған тәжірибе, өзгерген жағдайлар, жаңа идеялар немесе жаңа мүкіндіктер  тұрғысынан қызметтің  ұзақ мерзімді негізгі бағыттарына, мақсаттарына, стратегияға немесе оның жүзеге асырылуына түзетулер енгізу.

Стратегияны жүзеге асыру мәселесі стартегиялық тұрғыда  жұмыс істеу үшін және оның белгіленген мерзімі сақталуы үшін не істеу қажет екенін түсінуден тұрады. Басқа сөзбен айтқанда, мұндағы шеберлік стратегияның орнын анықтау бойынша әрекеттерді, оның кәсіпшілік орындалуын және жақсы нәтижелерді алуды дұрыс бағалаудан тұрады.

Стратегияны жүзеге асыру жұмыстары алғашқы әкімшілік міндеттердің аясына жатады, ол келесі негізгі кезеңдерді көрсетеді:

·                    стратегияны табысты орындау үшін ұйымдық мүмкіндіктерді жасау;

·                    бюджетті қаражаттарды пайдалы орналастыру мақсатында басқару

·                    стратегияның жүзеге асуын қамтамасыз ететін фирманың саясатын анықтау

·                    өте тиімді жұмыс үшін қызметкерлерді мотивациялау

·                    қажет болған жағдайда стратегияны жүзеге асыру бойынша өте жақсы нәтижелерге жету мақсатында олардың міндеттері мен жұмыстардың сипат түрін өзгерту

·                    сыйақы мөлшерін белгіленген нәтижелерге жетумен ұштастыру

 

          Компанияның стратегиясын тиімді жүзеге асыру үшін ішкі саясатты  өзгерту қажеттілігі стратегиялық өзгерістердің дәрежесіне, ішкі саясаттың стратегия талаптарынан қаншалықты ауытқитынына және стратегия бірлескен мәдениетпен қаншалықты жақсы келісетініне тәуелді.

Шетелдік фирмаларда стратегиялық жоспарлау тәжірибесінде келесі ерекшеліктерін бөліп қарастырайық.

1.     Жоспар әдетте келешекте әрекет етудің бір ғана стратегиясын құрайды.

2.     Жоспарда фирманың барлық әлсіз және күшті жақтары бағаланады.

3.     Жоспарда болжамдар мен алдын ала ұйғарымдар, тұжырымдар көрсетіледі.

4.     Көптеген жоспарда тәуекел бағаланбайды, бірақ әртүрлі мүмкін болатын іс әрекет нұсқаларын қарастырғанда ескеріледі.

5.     Барлық жоспарлар фирманың қаржылық қызметтерінің негізгі көрсеткіштерінің бейнелейтін, күтілетін мақсаттар негізінде құрылады. 

6.     Ұзақ мерзімді жоспарда қажетті инвестицияның көлемі, күтілетін табыстар мен шығыстар, ұзақ мерзімде төленетін дивиденттер туралы мәліметтер бейнеленеді.

 

     Ұлттық компаниялардың  стратегиясының негізгі бағыттары деп мына төмендегілерді көрсетуге болады

·                    мұнай өнімдерін тасымалдаудың қауіпсіз және тиімді жүйелерін қалыптастыру;

·                    мұнай өнімдерін тасымалдау бойынша сапалы және бәсекелестікке жарамды болу;

·                    мұнай өнімдерін тасымалдаумен байланысты қосымша қызметтердің толық кешенін ұсыну;

·                    әріптестермен қатынастар құрылымын жетілдіру;

·                    өз қызметінің бәсекелестік қабілеті мен инвестициялық тартымдылығын арттыру;

·                    акционерлер мүдделерін қорғау мақсатында компанияның нарықтық құнын арттыру;

·                    компанияның кадрлық саясаты мен потенциалын нығайту. 

Шетел тәжірибелері мен ұлттық тәжірибені салыстыра келе мұнай өндіру көлемін қарқынды дамыту үшін мемлекетімізден тыс елдерде жоғары өнімді шикізаттар даярлау проектісіне қатысуға, жоғары технологияны қайта қамтамасыз етіп отыруға, мұнай өндіру аймағындағы өнім көлемін ұлғайту жолдарын қамтамасыз етуге геология тексеру жұмыстарын жиі жүргізіп тұруы қажет. Сонымен қатар мұнайды қайта өндіру және маркетингтік мақсатта сату көлемін ұлғайту үшін мұнай өндіру кәсіпорының санын ұлғайтып, сапалы мұнай өнімдерін шығару мақсатында мұнай өндіру қуатын модернизациялауымыз қажет.

Бұл мақаланың соңын қорыта келгенде  «Қазақстан-2030» стратегиясында  басты назар экономикалық өсуге аударылды, нәтижесінде, 15 жыл ішінде ұлттық экономиканың көлемі  ұлғайды. Елбасымыздың жаңа жарлығы бойынша  2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына ену үшін негізгі бағыттар мен ұсыныс жолдарын көрсететін болсақ

-шикізат беруден энергия  ресурстарын қайта өңдеу мен  аса жаңа технологиялармен алмасу  саласындағы ынтымақтастыққа көшу;

-нарықтағы жаңа экологиялылық  стандарттарына сай жанар-жағармай  материалдармен толықтай қамтамасыз  ету;

- инвесторларды елімізге  ең заманауи өндіру және қайта  өңдеу технологияларын беру шартымен  тарту;

-инвесторларға еліміздің  аумағында жаңа өндірістер құруға, шикізаттарды өндіру мен пайдалануға  мүмкіндік беру;

-инвестиция үшін және  технологиялар трансферті үшін  тартымды болу;

-барлық өндіруші кәсіпорындарға  зиянсыз экологиялық өндірісті  енгізу;

 

 

Пайдаланылєан әдебиеттер тізімі:

1.     Бердалиев К.Б. Стратегиялық менеджмент: Оқулық.-Алматы.: Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2011ж.

2.     Жұмамбаев С.К. Өндірістік менеджмент: Оқулық. Алматы: ЖШС РПБК "Дәуір", 2011

3.     Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент: человек, стратегия, организация, процесс. – М., 1995

4.     Ильин А.А. Планирование на предприятии.- М.: Новое знание, 2004г.

5.     Любшин Н.П. Комплексный экономический анализ хозяйственной деятельности. М., 2005г.

6.     Шмаров А. Успешное управление // Эксперт 14 мая 2001г. №18 (278

7.     .http://www.egemen.kz

8.     .http://www.kmg.kz/

9.     http://www.oilportal.kz

10.  «Басқару негіздері», оқу құралы. – Алматы: Экономика, 1997, авторлар ұжымы, 2,7 б.т.

11.  «Менеджмент», оқу құралы. – Алматы: Ценные бумаги, 2008, авторлар ұжымы, 1,4 б.т.

12. Контроллинг құралдарын қолдану // «Төртінші Рысқұлов оқулары». Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Алматы: Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалықуниверситеті. – 25-27 мамыр: 2009. – Б.386-391, 0,4 б.т.

13. Ұйымдардағы  стратегиялық  контроллинг   теориясы  мен    тәжірибесіне

14.  «Негізгі қорларды модернизациялау – тұраќты экономикалық дамуға өтудің негізі». Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Алматы: Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті. – 11 қыркүйек: 2009. – Б.305-310, 0,3 б.т.

 

 

 


Информация о работе Стратегиялық жоспарлаудың кәсіпорындағы негізгі ролі