Стратегиялық жоспарлау – менеджменттің функциясы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2013 в 10:52, реферат

Краткое описание

Көпшілік қауымға белгілі «Стратегия» термині, гректердің «Strategos» сөзінен туындаған, өз тілімізге аударғанда «генерал өнері» немесе «адамдарды басқару өнері» деген түсініктерді беріп, болашақта мақсатты бағытталған және шешуші іс-қимыл тобын, жиынтығын көрсетеді немесе «Стратегия» іске асырылуы мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін бөлшекті, жан-жақты және кешенді жоспар. Көне Қытайда біздің дәуірімізге дейінгі 480 жылдары «Стратегия өнері» атты кітап жазылған, бұдан біз стратегия ұғымы адам, қоғам өмірінде өте ерте кезден қолданылып келе жатқандығын көреміз.
Стратегиялық жоспарлау – оған жету жолында шешім қабылдау мен оны ұйымдастыру үшін мақсаттарды таңдау процесі. Ол бүкіл басқару шешімдері үшін оның негізін қамтамасыз етеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

СРМ РЕФЕРАТ стратегиялық жоспарлау.docx

— 43.47 Кб (Скачать документ)


 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Стратегиялық жоспарлау – менеджменттің функциясы ретінде

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған:Кыдыралиева  Ельнура

 

Кіріспе

Көпшілік қауымға белгілі  «Стратегия» термині, гректердің «Strategos»  сөзінен туындаған, өз тілімізге  аударғанда «генерал өнері» немесе «адамдарды басқару өнері» деген түсініктерді беріп, болашақта мақсатты бағытталған  және шешуші іс-қимыл тобын, жиынтығын  көрсетеді немесе «Стратегия» іске асырылуы мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін бөлшекті, жан-жақты және кешенді  жоспар. Көне Қытайда біздің дәуірімізге  дейінгі 480 жылдары «Стратегия өнері» атты кітап жазылған, бұдан біз  стратегия ұғымы адам, қоғам өмірінде өте ерте кезден қолданылып келе жатқандығын  көреміз.

Стратегиялық жоспарлау  – оған жету жолында шешім қабылдау мен оны ұйымдастыру үшін мақсаттарды  таңдау процесі. Ол бүкіл басқару  шешімдері үшін оның негізін қамтамасыз етеді.

Стратегиялық жоспарлау  – көптеген мемлекеттер, ірі және орта компаниялар соңғы кездері  кеңінен қолданып жүрген арнаулы  білім (қызмет) саласы. Ол басқаруда  ертеден қолданылып келеді, бірақ  жиі және кең көлемде қолданылуы екінші дүниежүзілік соғыс кезінен  басталды және тек әскери ғана емес, сонымен қатар азаматтық қызмет пен бизнес сферасында да кеңінен  қолданылғандықтан қазіргі кезде  жеке ғылым саласы ретінде қалыптасты.

Стратегиялық жоспарлаудың мәні айқындалған, шекті қор көлемі бойынша дамудың магистральді бағытын, қазіргі экономиканың қолайлы тұстарын дұрыс пайдалану және жағымсыз жақтарының әсерін бейтараптандыру арқылы болашаққа  нақты қойылған мақсатқа қол жеткізетін іс-әрекеттерді анықтауда.

Стратегиялық жоспар, ұзақ уақыт бойы тұтас болып қана қоймай, сонымен бірге тұрақты өзгеріп  отыратын іскерлік, әлеуметтік ортаның  әсерімен қажет болған жағдайда, оларға түзетулер енгізуге болатындай жеткілікті түрде икемді болуы тиіс.

Стратегиялық жоспар жасау  болашаққа мұқият, жүйелі дайындықты білдіреді. Стратегиялық жоспарлау  – бұл бірінші кезекте жоғары буын жетекшілерінің міндеті. Орта буын және төменгі буын жетекшілері тиісті ақпараттар беру арқылы және кері байланысты қамтамасыз ете отырып, осы жұмысқа  қатысады.

Қазақстан Республикасында  ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлар 10-15 жылдар аралығына жасалынады. Бұл  жоспарда халық шаруашылығының ұзақ мерзімді мақсаттары, міндеттері және ұлттық экономиканың бірінші кезекті  дамуы қажетті бағыттары, олардың  іске асу кезеңдері және мемлекеттің  әлеуметтік-экономикалық саясатының жалпы  бағыты белгіленеді.

Қазақстан Республикасында  алғашқы стратегиялық жоспар Президентіміздің 1997 жылғы «Қазақстан 2030: Гүлдену, қауіпсіздік  және барлық қазақстандықтардың тұрмыс жағдайларын жақсарту» үндеуіне сай 1998-2000 жылдар аралығына сай жасалынды.

Стратегиялық  жоспарлау

 

     Теорияда және  практикада жоспардың құрамына, құрылымына, құрылу уақытына және  де т.с.с. көрсеткіштеріне байланысты  жоспарлау өте көп түрлерге бөлінеді:

Соның ішінде ең біріншісі  мазмұнындағы экономикалық-саяси кәсіпкелікке байланысты:

  • Стратегиялық жоспарлау;
  • Тактикалық жоспарлау;
  • Оперативтік жоспарлау;

Көп жылдан бері әскери басшылар стратегия терминін қолданып келеді. «Стратегия» гректің – «генерал өнері» деген сөзінен шыққан. «Стратегия»  термині осы уақытқа дейін  жарыс, бәсеке мағынасында қолданылып келгенмен, қазіргі кезде бұл  атау кәсіпорын қызметінің жалпы  концепциясын білдіреді.

Стратегия дегеніміз ұйымның  міндетті ісін орындауды және мақсатына  жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты  жоспар жиынтығы болып саналады.

Стратегиялық жоспарлау  дегеніміз басшы қабылдаған әрекеттер  мен шешімдер жиынтығы, сол арқылы ұйымның өз мақсатына жетуі үшін басшы арнайы стратегияны іздестіреді.

Стратегиялық жоспарлау  басқару шешімін қабылдауға қажетті  құрал болып саналады. Оның басты  міндеті – ұйымдағы жаңадан енгізілгендерді  жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлау басқару қызметінің төрт түрін қамтиды: ресурстарды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу, ішкі үйлестіру  және ұйымдық стратегиялық болжамдау. 

    

Стратегиялық  жоспарлаудың өзіндік белгілері.

 

1. Стратегияны көпшілік  жағдайда жоғарғы басшылар тұжырымдайды, және жасайды, алайда оны жүзеге  асыруға басқарудың барлық деңгейіндегілердің  қатысуы көзделеді.

2. Стратегиялық жоспар  жеке бір ұйымға ғана емес, бүкіл корпорацияның болашағы  үшін жасалады.

3. Стратегиялық жоспар  көлемді зерттеулермен және нақты  деректкрмен негізделуі тиіс. Қазіргі  әлемдегі бизнесмен тиімді бәсекелесу  үшін, фирма сапа, рынок, бәсеке  және басқадай факторлар туралы  толып жатқан ақпаратты ұдайы  жинауы, әрі талдауы тиіс.

4.  Стратегиялық жоспар  фирманың айқындылығын, дербестілігін  білдіреді, мұның өзі олардың  белгілі бір жұмыскерлерді тартуына  ықпал етеді.

5. Стратегиялық жоспарды  жасағада, ұзақ уақыт бойы тұтастығын  сақтаумен қоса, қажет болған  жағдайда жетілдіруді және қайта  бағыттауды жүзеге асыратындай  икемді болуы тиіс.

Жоғарыда айтқандай «Стратегия»  термині, гректердің «Strategos» сөзінен  туындаған және «генерал өнері» немесе «адамдарды басқару өнері» деген  түсініктерді беріп, болашақта мақсатты бағытталған және шешуші іс-қимыл тобын, жиынтығын көрсетеді.

Қандай деңгейдегі экономика  болмасын басты мақсат, міндет бұл  іс-қимыл тобы, жиынтығының нақты  жағдайға байланысты ғылыми негізделініп, тұжырымдалынып және цифрлар тілімен  немесе сапалық, сандық көрсеткіштермен  сипатталынуы. Бұл міндеттерді шешу, іске асыру кез-келген мемлекеттің (жоспарлауды экономиканы дамытудағы басты құралдардың бірі деп есептейтін) төл істерінің бірі.

Қазіргі замаңғы түсінікте  және мемлекеттік басқару, реттеу істерінде  және кәсіпорындар, ұжымдар деңгейіндегі қолданылуда «Стратегия» бөлшектеніп  нақтыланған, жанжақты және кешенді, іске асырылуы мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін жоспар болып саналады. Стратегиялық жоспарлар негізінен сандық емес сапалық жоспарлау. Оның индикативтік жоспарлардан айырмашылығы мақсаттылығында, мазмұнында. Стратегиялық жоспар мәні – белгісіз болашақ және ішкі, сыртқы тұрақты өзгерістер жағдайында, ұтымды мүмкіндіктерді пайдалана жағымсыз құбылыстарын жеңе отырып нақты қойылған мақсатқа жетудің магистралды (басты) даму жолын, қызметтерін және іс-қимылдарын жасау. Осы түсінікте бұл жоспарлау  үкімет басқару, атқару органдарының экономиканы  реттеу, оның макроэкономикалық, микроэкономикалық  тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі  басты құралдарының бірі десек қателеспейміз.

Стратегиялық жоспарлау  тек макродеңгейдегі басты реттеу құралдары болып қоймай, сонымен  бірге аймақтар, яғни облыстар деңгейінде де басты басқару, реттеу құралы болып  саналады. Себебі облыстар экономикасы  жалпы ұлттық экономиканың ажырамас бөлігі.

 

 

 

 

 






 

 

 

1-схема. Стратегиялық  жоспарлау  моделі

Схемада ең елеулі басқару  функциялары келтірілген сол  арқылы жоспарлар жүзеге асырылады.

Ұйым міндеті - ол ұйымның  негізгі және жалпы мақсаты болып  саналады.Ұйым міндетін компанияның  өмір сүруінің негізгі себебі деп  те айтуға болады.

Ұйым мақсаты – ол ұйымның  қажетті және жеткілікті нәтижесі.

Ұйым мақсаты төмендегідей сипаттарға тән:

− қол жетімділігі

− нақты орындалуы

− бақылау және өлшеу  мүмкіндіктерінің болуы.

Сыртқы ортаны бағалау  және талдау. Бұл кезеңде обьектінің қарым – қатынас жасайтын элементтері мен сыртықы қоршаған орта факторларының жан –жақты бағалау процесі жүргізіледі.Соның негізінде әр фактордың тиімділігі анықталады.

Стратегиялық альтернативаларды  таңдау. Қазіргі кезде ұйымда және оның қызметінде жиі қолданылатын төрт негізгі стратегиялық альтернативаларды атауға болады:

1. Шектеулі ұлғаю стратегиялық альтернативасы – обьектінің нақты қол жеткен нәтижелерін ары қарай ілгері мүмкіндіктерін сипаттайды.

2.Ұлғаю стратегиялық альтернативасы – өткен мерзім ішіндегі көрсеткіштерді салыстыру арқылы обьектінің ілгері даму мүмкіндігін сипаттайды.

3. Қысқарту стратегиялық альтернативасы – ол кәсіпорынның жағдайы төмен болғанда қолданылады. Қазіргі кезде оның екі формасы жиі қолданылады:

а)қайта құру;

б) мүлдем жойылып кету.

4. Үйлестіру стратегиялық альтернативасы  - ол стратегиялық альтернативалар қосындысы деп аталынады. Оны өте ірі компаниялар қолданады. Себебі олар халық шаруашылығының бірнеше салаларында жұмыс жасайды. 

 

Тиімді менеджмент стратегиясы

 

Жапон менеджерлері 70-жылдың орта тұсында өздеріне мынадай сұрақтар қойды: «Компанияның ұзақ мерзімдік  мақсаты қандай?», «Компания орта өзгерісіне қалайша бейімделеді?», «Жұмыскерлерді қалайша тиімді пайдалануға  болады?».

Қойылған сұрақтардың  жауаптарын мынадай негізгі қағидалардан аңғаруға болады:

1.Тиянақты шешім  стратегиясы. Америка мен Жапонияның таңдаулы фирмалары өндірісті ұдайы жетілдіріп, жұмысты ең жаңа және таңдаулы әдістермен орындау үшін ақша бөледі, берілген, жақсы үйретілген ұжымның өсуі мен дамуына күрделі қаржы жұмсайды.

2. Тәуекел стратегиясы. «Біз ең таңдаулы адамдарды таңдап аламыз жәнеде олар қателескен жағдайда көмектесіп, іскерлікті одан әрі дамытуға ықпал етеміз».

3. Менеджмент идеясының  стратегиясы. Әрбір бизнесте ең бағалысы ақша, тауар, жабдық немесе ғимарат емес, идея бағалы.

Инновациялық фирманың жоғарғы  басшысы қонымды идеяны үнемі  көтермелеп отырады. Істе сәтсіздік  болған жағдайда шыдамдылық танытады.

4. Стратегия әсерлілігі  фирмаға тамаша жұмыс қабілетін  сақтауға мүмкіндік береді. Менеджерлердің ықпал етушілігі тиімді басқару шешімдерін қабылдай білуіне байланысты. Бұл жағынан қарастырғанда жапондықтар ең тиімді шешім қабылдайтындарға жатады. Американдық немесе европалық шешім қабылдаудан, жапондық шешім қабылдаудың басты өзгешелігі – мұнда шешім қабылдау дегеніміз, қойылған сұраққа жауап беру.

5. Машықтанған  мамандарды таңдау стратегиясы – қарапайым адамдарға әдеттен тыс жұмыстарды орындауына ықпал ету.

Менеджмент тиімділігінің  және машықтанған мамандар стратегиясы  тиімділігінің басты мақсаты  – мақсат айқындалғаннан оның өлшем  әдісі мен ақы төлеу әдісі  белгілегеннен кейін фирманың әрбір  қызметшісінің дербес әрекет етуіне ықпал ету, яғни фирмада тиімді жұмыс  істейтін машықтанған қызметшілер  құрамының болуын қамтамасыз ету.

6. Жеңілдету стратегиясы – барлық жағдайды мүмкіндігінше қарапайым қалпында сақтау, төрешілдікке жол бермеу. Басқару құрылысын оңайлату.

7. Сапа стратагиясы. 50 жылдары проффессор Деминг американдық бақылау саласындағы мамандықтарды американдық басқару амалдарына үйретті. Осы жылдары жапондық менеджерлер, өз кезегінде, басқару амалдарын орташа және төменгі деңгейдегі мамандарға үйретпестен бұрын әуелі фирмадағы барлық деңгейдегі қызметшілерге үйретті.

8. Адалдық және  берілгендік стратегиясы – жекелеген қызметкерлердің қойылған мақсатты түсінуіне және өз еркіме жүзеге асырылуына жәрдемдесу, әрі қызметкерлердің фирмаға адал, шын берілгендігін талап ету.

9. Ынтымақтасу  стратегиясы – барлық қызметшілердің  шешім қабылдауға қатысуы.

Жапонияда еңбек  өнімділігін  арттыру  үшін, бірлесіп  әрекет ету  мен  бәсекелестікті  тиімді  пайдаланады. Компаниялардың  өзара  бәсекелесін, әлемдік  нарыққа  шығуы  көтермелеп  отырады, ал  компания ішіндегі  бәсекелестікке  жол  берілмейді.

 

Стратегияны бағалау мынандай сұрақтарға жауап беруі керек:

1.Стратегия ұйымның ішкі  мүмкіндіктерімен үйлескен бе?

2.Стратегия қандай дәрежеде  тәуекелділікті ескереді?

3.Ұжым стратегияны жүзеге  асыра алатындай ресурстармен  қамтамасыз етілген бе?

4. Стратегия сыртқы мүмкінділіктер  мен қауіптілікті ескере ме?

5. Стратегия ұжымның барлық  мүмкіндіктерін , ресурстарын тиімді, ұтымды пайдалану немесе қолдану  тәсілі ме?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қорыта келе стратегиялық жоспар, ұзақ уақыт бойы тұтас болып қана қоймай, сонымен бірге тұрақты өзгеріп отыратын іскерлік, әлеуметтік ортаның әсерімен қажет болған жағдайда, оларға түзетулер енгізуге болатындай жеткілікті түрде икемді болуы тиіс екеніне сенімім мол бола бастады.

Стратегиялық жоспар жасау  болашаққа мұқият, жүйелі дайындықты білдіреді. Стратегиялық жоспарлау  – бұл бірінші кезекте жоғары буын жетекшілерінің міндеті деп қорытындылағым келді. Орта буын және төменгі буын жетекшілері тиісті ақпараттар беру арқылы және кері байланысты қамтамасыз ете отырып, осы жұмысқа қатысады.

Сонымен стратегиялық жоспарлау – статегияны қалыптау бойынша жасау процесі, ұйымдағы əр қызметкердің атқаратын мəнін анықтау.

Ұйымдағы  стратегияны өңдеу – стратегиялық жоспарлаудың өзі үшін ғана жасалынған емес.

Ол өте күрделі жəне көп еңбекті керек ететін жұмыс, егер стратегия табысты іске асып жатса, маңызға ие болады, стратегиялық жүзеге асып жатқанын бақылау үшін жəне алға қойған мақсатқа жетуіне  сенімді болу үшін, ұйымдағы басқарушылар жоспар, бағдарлама, жоба жəне бюджет жасауы керек, жəне оларды басқарып отыруы керек.

Информация о работе Стратегиялық жоспарлау – менеджменттің функциясы ретінде