Шетелдегі тәуекел-менеджмент саласындағы негізгі тенденциялары мен жетістіктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2013 в 20:29, реферат

Краткое описание

Тәуекел - бұл кәсіпкерліктің маңызды элементі. Тәуекел адамдардың кабылдайтын шешімдерінің дұрыс нәтижелілігіне әсер ететін көптеген шарттар және факторлармен байланысты қызметтердің кез келген түрлеріне тән. Тарихи тәжірибе көзделген нәтижелерге жетпеу тәуекелі тауарлы-ақшалай қатынастар және шаруашылық айналым қатысушыларының бәсекелестігі жалпылылығында көрінетіндігін көрсетеді. Сондықтан капиталдық қатынастардың пайда болуы және дамуымен байланысты тәуекелдің түрлі теориялары пайда болады, ал экономикалық теорияның классиктері шаруашылық қызметтегі тәуекел мәселелерін зерттеуге көп көңіл бөледі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

СРС РИСК.docx

— 20.38 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым министірлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

 

 

 

СӨЖ

 

 

Тақырыбы: Шетелдегі  тәуекел-менеджмент саласындағы негізгі тенденциялары мен жетістіктері

Тексерген : Шарапиева М.Д

Орындағандар:Зиядинова Ә.Т

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2013ж.

Тәуекел - бұл кәсіпкерліктің маңызды элементі. Тәуекел адамдардың кабылдайтын шешімдерінің дұрыс нәтижелілігіне әсер ететін көптеген шарттар және факторлармен байланысты қызметтердің кез келген түрлеріне тән.  Тарихи тәжірибе көзделген нәтижелерге жетпеу тәуекелі тауарлы-ақшалай қатынастар және шаруашылық айналым қатысушыларының бәсекелестігі жалпылылығында көрінетіндігін көрсетеді. Сондықтан капиталдық қатынастардың  пайда болуы және дамуымен байланысты тәуекелдің түрлі теориялары пайда болады, ал экономикалық теорияның классиктері шаруашылық қызметтегі тәуекел мәселелерін зерттеуге көп көңіл бөледі.

Тәуекелсіз кәсіпкерлік болмайды. Ең көп табысты жоғары тәуекелді  нарықтық операциялар әкеледі. Алайда барлық жерде шек керек. Тәуекел  міндетті түрде максималды жіберілетін  шекке дейін есептелуі тиіс.

Тәуекел табиғаттың түрлі құбылыстары  және қоғамның қызмет түрлерінің ерекшелігінен  туындайтын мүмкін болатын жоғалтулар қаупімен түсіндіріледі. Экономикалық категория  ретінде тәуекел өзімен бірге болуы мүмкін немесе болмауы да мүмкін жағдайларды ұсынады. Мұндай жағдайдың туындауы салдарынан келесідей үш экономикалық нәтиже болуы мүмкін: жағымсыз (ұтылыс, зиян, шығын), нольдік, жағымды (ұтыс, пайда, табыс).

Шетелдегі тәуекел менеджменті  негізінен алып қарағанда қаржылық, капитал,  инвестициялық тәуекелдерді басқаруға арналған тәрізді. Мәселен, капитал салымының тәуекелінің алдын алу үшін ықтималдық теориясы қолданады.

Шетелдік тәжірибеде капитал салымы тәуекелін саналы анықтау әдісі ретінде ықтималдық теориясы ұсынылады.

Бұл әдіс инвестициялық  жобаның өткен мерзімдегі нәтижелермен байланысты ықтималды  болашақтағы  ақшалай  ағымдарын  нақты   анықтауға мүмкіндік береді.Егер капитал салымы жобасы бірінші мерзімде қабылданатын болса, онда келесі мерзімдерде ол қабылдануы мүмкін. Егер түрлі мерзімдердегі  ақша ағымдары бір-бірінен тәуелсіз болатын болса, онда әр уақыт мерзімі  үшін ақша ағымдарының нәтижелерін  ықтималды орналастыруды анықтау қажет. Түрлі мерзімдердегі  ақша ағымдары арасында байланыс болған жағдайда бұл тәуелділікті қабылдап, оның негізінде келешектегі жағдай қалай болатынын елестетіп көруге болады.

Қаржылық жағдай тұрақтылығының баланстық  моделі кеңінен танымал. Бұл модель негізінде қаржылық тәуекел облысы анықталады және кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық деңгейі талданады:

Ф + З + Дс = Ис + Кт + К + Р

мұндағы Ф – негізгі  құралдар немесе басқа айналымнан тыс  активтер;

З – запастар мен шығыстар;

Дс – ақшалай қаражаттар, қысқа  мерзімді қаржылық салымдар, дебиторлық қарыздар және басқа активтер;

Ис – меншікті қаражаттар көздері;

Кт – орташа, ұзақ мерзімді несиелер және қарыздық қаражаттар;

К – қысқа мерзімді несиелер;

Р – кредиторлық қарыздыр.

Қаржылық тәуекелді бағалау  үшін қаржылық тәуекел ықтималдылығын сипаттауға мүмкіндік беретін коэффициенттерді (мультипликаторлар) есептеуде негізделетін мультипликативті әдісті қолдануға  болады. Белгілі  көрсеткіштерді (коэффициенттерді) есептеу есеп берудің белгілі баптары арасындағы қатынасын анықтауда негізделеді.

Кәсіпорынның қаржылық тәуекелін компьютерлік имитациясы перспективалы болып табылады.Қазіргі  кезде тәуекелді бағалау бойынша  дайын бағдарламалық өнімдер  жиынтығы жасалған. Әр кәсіпорынның қаржылық  тәуекелді жекеше модельдеу мүмкіндіктері бар.

Жоғарыда аталғандар капитал және қаржылық тәуекелдерді басқаруға, олардың  алдын алуға бағытталған блсып  табылады.

1930-жылдары Энрико Ферми Италияда, 1940-жылдары  Лос-АламостеДжон фон Нейман мен Станислав Улам “Монте Карло” тәсілін ойлап тапты. Бұл модель  VаR-ды есептеудің ең тиімді тәсілі болып табылады.   VаR өз кезегінде инвестициялық тәукелдерді бағалаудың ең жоғарғы жүйесі болып табылады. Монте Карло тәсілінің мәні инвестициялық жобаның нәтижесіне әсер ететін факторларды біле тұра, берілген интервал аралығында кездейсоқ өзгеретін көпфакторлы модель құруға болатындығында болып табылады.

Сонымен қатар шетел мемлекеттерінде  тәуекел менеджментінде жақсы дамығын тағы бір әдістердің бірі “Мақсаттар ағашы” болып табылады.

Мақсаттар ағашын 1957жылы  Черчмен мен Акофф ұсынған. Бұл әдіс барлық шешімдерді жан жақты талдап, жоспарлауды талап етеді. Соның нәтижесінде мүмкін болатын барлық қауіп - қатерлердің алдын алуын қарастырады. Бұл өз кезегінде тәуекелдердің аз да болса алдын алуына жағдай туғызады.

Шетелдік тәжірибеде  тәуекелдерді бағалауда   аналогиялар әдісі қолданылады. Қаржы менеджерлері, мамандар түрлі  шығарылымдар немесе басқа кәсіпорындар тәжірибесі негізінде белгілі бір жағдайлардың болуы, қаржылық нәтижелер алу ықтималдылығын, қаржылық тәуекел деңгейін анықтайды. Осы әдіс негізінде көптеген кәсіпорындардың тактикасы мен стратегиясы құрылады. Бірақ әр кәсіпорынның өзіндік кадрлік, шикізаттық және салалық сипаттағы ерекшеліктері бар екенін ескеру қажет.

Тәуекелді бағалаудың негізгі әдісі  кәсіпорынның қаржылық жағдайын кешенді  талдау, оның қаржылық тұрақтылығы  пен төлемқабілеттілігін талдау болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын экспресс-талдау кеңінен тараған. Оның мақсаты – кәсіпорынның балансы мен қаржылық нәтижелер және оларды қолдану туралы есебі негізінде жалпы қаржылық жағдайын және даму динамикасын бағалау. Мұнда қаражаттарды (активтерді) орналастыру мен қолдануына, олардың көздеріне (меншікті капитал мен міндеттемелер, яғни пассивтер) назар аударылады.

Шетелде болсын, елімізде болсын негізінен  нарық тәуекелдерін зерттеуге аса  үлкен мән береді. Бірақ тәуекелдердің  нақты белгіленген классификациясы  жоқ. Себебі, тәуекелдердің түрлері  жылдан жылға өсіп, көбейіп отырады. Нарық тәуекелдерін зерттеудің шетелдік көптеген тәжірибелері бар. Солардың ішінде кеңінен таралғаны 80жылдары қалыптасқан “value at risk” болып табылады. Бұл концепция тәуекел шығындарын есептеуге бағытталған әдіс. Артынша осыған ұқсас тәсіл J.P. Morgan банкі ұсынған “RiskMetrics” болып табылады. Кейіннен осылай тәуекел шығындарын анықтау әдістері қаржы институттарында кеңінен қолдау тапты.

 

 


Информация о работе Шетелдегі тәуекел-менеджмент саласындағы негізгі тенденциялары мен жетістіктері