Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2012 в 19:01, реферат
Инновациялық үрдістерді мемлекеттік басқару қажеттілігінің өсуі, оның экономика және жалпы қоғамдағы маңызының өсуіне байланысты.
Инновацияның ықпалынан экономика құрылымы да өзгеруде. Ресурстарды қолданудың тиімділігінің өсуі есебінен, оның бір бөлігі басқа сала қызметтеріне босатылып және қайта бөлінеді. Мысалға, ауыл шаруашылығындағы бос емес үлесі қысқарып, ал қызмет көрсету саласында жоғарлайды. Сонымен қатар, инновация жаңа өндірістің,саланың пайда болуының себебі де болып келеді.
Инновация қоғамның экономикалық ұйымын да өзгертеді. Жаңа қоғамдық институттар және шаруашылық ұйымдар (мысалы, венчурлік фирмалар) пайда болуда. Жеке меншік құрылымында жылжулар жүріп жатыр. Басқару технологиясы ұшталуда: вертикальді әсер ету горизонтальдімен толықтырылып немесе ауыстырылып отырады.
Инновациялық үрдістерді
мемлекеттік басқару
Инновацияның ықпалынан экономика құрылымы да өзгеруде. Ресурстарды қолданудың тиімділігінің өсуі есебінен, оның бір бөлігі басқа сала қызметтеріне босатылып және қайта бөлінеді. Мысалға, ауыл шаруашылығындағы бос емес үлесі қысқарып, ал қызмет көрсету саласында жоғарлайды. Сонымен қатар, инновация жаңа өндірістің,саланың пайда болуының себебі де болып келеді.
Инновация қоғамның экономикалық ұйымын да өзгертеді. Жаңа қоғамдық институттар және шаруашылық ұйымдар (мысалы, венчурлік фирмалар) пайда болуда. Жеке меншік құрылымында жылжулар жүріп жатыр. Басқару технологиясы ұшталуда: вертикальді әсер ету горизонтальдімен толықтырылып немесе ауыстырылып отырады.
Экономиканы мемлекеттік реттеу мазмұны да кейбір өзгерістерге ұшырайды.
Инновациялық үрдістер көбінесе әлеуметтік маңызға ие болуда. Жаңашылданған экономикалық өсу халықтың өмір сүру деңгейін көтерумен қатар жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз ету арқылы жұмыспен қамту мәселесін шешуге көмектесіп, білім беру және денсаулық сақтау деңгейін көтеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қазіргі тарихи кезеңде инновацияның таралу үрдісі көптеген әлеуметтік қақтығыстарда бір ұлтты қамтамасыз ететіндей әр түрлі әлеуметтік және экономикалық субъектілерді бірге жинайды.
Қазіргі кезде инновациялық үрдістің белең алуы экологиялық мәселелерді шиеленістірді. Дегенмен, тек инновация арқылы адам мен табиғат арасындағы арақатынасты үйлестіреді.
Өткен жүзжылдық шаруашылық
өмірдің
Әлемдік инновациялық үрдіске интеграциялану елдегі ғылыми техникалық базаның болуы, сонымен қатар, шет елден келетін инновацияның енуін қамтамасыз ететін механизмерсіз мүмкін емес. Мемлекеттің халықаралық еңбек бөлінісіне кіру деңгейі мен тиімділігі, оның әлемдік нарықтағы тауарлар мен қызмет көрсетудің позициясымен, сонымен қатар, білікті мамандардың бар болуымен мінезделеді. Ұлттық экономиканың ғаламдық бәсекеқабілеттілігі инновациялық үрдістердің даму деңгейіне тәуелділігі – инновацияның жалпы мемлекеттік мағыналығының маңызы аспектісі.
Инновациялық үрдісті мемлекеттік реттеу қажеттілігі тек оның жалпы ұлттық мағынасымен ғана емес, экономикалық мазмұнымен кесімді. Бір жағынан, нарықтық экономикада инновация – бәсекелестерімен салыстырғандағы өндірістік шығындардың төмендеуімен, нарықтық сұранысты қанағаттандыру арқылы шаруашылық субъектілердің табыстарын көбейтудің негізгі құралы. Басқа қырынан қарасақ, классикалық нарықтық механизмнің жүзеге асу шартында ғылыми техникалық нәтижелерді алу және олардың шаруашылық тәжірибеге кіруі қиындатылады. Нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесіне қарасақ, ғылыми техникалық даму сұрақтарында нарықтың автоматизміне сенуге болмайды. Жаңалықты қолдану жалғыз ғана кәсіпорын не аймақтың мәселесі емес, ол қоғамдық көрініс алады, себебі, әр елдің әлеуметтік экономикалық тиімді дамуы сол елдің инновациялық үрдісінің қаншалықты жақсы дамуына байланысты. Инновациялық үрдістерді басқарудың орталықтандырылған әдісінің басымдығы әлемдік тәжірибеде дәлелденген.
Осылайша, инновациялық қызметті
мемлекеттік басқару
Салыстыру барысында бәрін де танып білуге болады. Қазақстан Республикасының қазіргі мемлекеттік инновациялық саясатының жағдайына баға беру үшін алдымен инновациялық қызметті мемлекеттік басқарудың шетел мемлекеттерінің тәжірибесін зерттеп, оқып білген жөн.
Зерттелу барысында Ресей Федерациясының, Өзбекистан Республикасының, Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік реттеу әдістері қарастырылады. Бұл ретте, Ресей Федерациясы мен Өзбекистан Республикасының әдістері Қазақстанның өткен жолына баға беруге қолданылады, ал АҚШ әдісі еліміздің инновациялық саласының дамуы үшін таңдалған әдісінің тиімділігін мінездеме беруге қолданылады.
XXI ғасырға басар алдына Ресей « әлі де болса бұрыннан қалған мықты, көпжақты, интеллектуалды, ғылыми техникалық потенциалы сақталған» мемлекет және «базистік инновация үшін кадрлық негіз болатын әр жақты дайындалған, инициативті ғалымдар,инженерлер, программистер, менеджерлер, экономисттердің болуы », әр түрлі табиғи ресурстар мен қаржы капиталымен қамтамасыз етілген геостратегиялық жағдайда. Мұның бәрі Ресейдің инновациялық даму жолына түсуіне нақты мүмкіндіктері мол екендігін көрсетеді. Дегенмен, индустриялды инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламалардың болмағандығынан осындай мықты потенциал қолданылмай отыр.
Ресей үкіметі бұл бағытта «1998-2000 жылдарға арналған инновациялық саясат концепциясы», « Ресей Федерациясының 2010 жылға арналған ғылым мен технологияны дамыту саясатының негізі», сонымен қатар, ғылым мен техника, технологиялардың дамуында кейбір шаралар қолданған. Дегенмен де,осы уақытқы дейін инновация саласын реттейтін бірде бір федералдық заң жоқ, ал Мемлекеттік Дума және Федерациялық Кеңестің қолдауымен қабылданған « Инновациялық қызмет және мемлекеттік инновациялық саясат туралы заң» іске әлі е болса қосылмаған.
Бұл ретте, ресейлік ғылым өзінің үкіметіне мұндай жағдайдан шығу үшін жүргізілген зерттеулер мен әр елдің инновациялық даму мәселелерін шешуге негізделген әр қилы жолдар ұсынуда, сонымен бірге Ресей Федерациясының 2030 жылға дейінгі инновациялық даму стратегиясы да бар.
Жалпы алғанда, Ресей Федерациясының ғылыми қоғамы қазіргі уақытта елде әлеуметтік - экономикалық және инновациялық - технологиялық дамуының екі жолын көрсетіп отыр:
- инерциялық нарықтық;
- инновациялық жарып шығу.
Бұл ретте барлық көрсеткіштер бойынша үкімет тәуекелділігі аз, бірақ тиімсіз инерциялық - нарықтық жолмен жүргенімен, инновациялық даму стратегиясына көп көңіл аударылуда.
Өзбекистан Республикасы индустриялды инновациялық даму жолының басында. Өзбекистан үкіметінің бұл жолдағы алғашқы қадамдары, Қазақстанның тәжірибесіне ұқсас келеді. Қазіргі таңда Республиканың минстрлер кабинетінің координациялық кеңесі жанындағы ғылым және технология орталығында инновациялық қызмет және технологияны коммерциялизациялау бағдарламасы дайындалу үстінде. Бұл бағдарламада қажетті инфрақұрылым құру қарастырылған: инновациялық қызметтің барлық аспектілері үшін құқықтық база; елдің инновациялық потенциалына мониторингке қажетті ақпараттық блок; технология мен ғылыми тауарларды ғылым саласынан өндіріске, ұлттық және шетел нарықтарына жеткізу; технологиялық менеджмент аумағында мамандар дайындайтын білім беру орталықтары.
Бүгінгі таңда Өзбекстанда «Өзбекстан Республикасындағы инновациялық қызмет туралы », «Технологияны тасымалдау жөнінде», «Коммерциялық құпия туралы», сонымен қатар, министрлер кабинетінің шешімі бойынша: «Екі қолданыстағы технологияны тасымалдау тәртібі туралы» заңдар іске қосылуда. Олардың қазіргі бар заңдармен («Зияткерлік меншік туралы») қолданылуы, ғылыми техникалық қызмет пен зияткерлік және өндірістік меншік объектілерін қолдану барысында арасында туындайтын құқықтық механизмдерін реттеуге мүмкіндік береді.
Өзбекстандағы нақты экономикалық жағдай мен ғылым және технологияның басқа салалардағы даму деңгейін әлемдік деңгеймен салыстырсақ, ғылыми техникалық саясаттың нақты стратегиясын таңдау қажет. Бұл ретте, ғылым, техника, технология дамуының әлемдік тәжірибесінен әйгілі үш принципті бөліп көрсетуге болады: жалпы, селективті, . Ғылым мен техниканың жалпы даму стратегиясы ғылыми зерттеулер және әр түрлі салалардағы технологиялық өңдеу қазіргі уақытта республикаға тиімсіз. Өзбекстанға ең тиімдісі селективті даму стратегиясы мен заимствования передовых научно-технических разработок.
Бірінші (селективті) ғылыми техникалық потенциалы мен оның мемлекеттік ғылыми техникалық саясатқа әсері негізінде экономиканың негізгі салалары үшін қолданылады. Екіншісі елдегі нашар дамыған және әлемдік деңгейден төмен, бірақ экономикаға қажетті бағыттар үшін. Осылайша, Өзбекстан үкіметіне әлі де елдегі инновацияны дамыту стратегиясын анықтау қажет.
Америка Құрама Штаттары инновациялық өндіріс түрлері дамуының маңыздылығының айқын мысалдарының бірі. АҚШ тың инновациялық дамуының жетістігін еске алғанда, американдық компанияларының бағасы мен сапасы жоғары, бәсекеқабілетті тауарлардың жаңа түрлерін шығару, өндірісті дамытуын тездету жөніндегі инновациялық қызметтің даму белсенділігінің тәжірибесін айта кету жөн. Кез келген өндірістік компания шығарылған тауарларының жоғары бәсекеқабілеттілікке жетуі елінің саяси ұстанымымен де тікелей байланысты. Американдық индустриялды инновациялық даму моделінің негізі бұл ұлттық компаниялардың өндіріс тиімділігін арттыруға бағытталған саясат. Бұл стратегияның маңызды бөлігі – өндіріс дамуын жеделдетуіне себеп болатын тиімді мемлекеттік мекемелер құру.
Соңғы жылдары АҚШ және басқа да алдыңғы қатарлы елдерде өндірістік компаниялардың бәсекеқабілеттілігін жоғарлатуға жағдай жасау, соның ішінде, перспективасы мол инновациялық жобаларды дайындауға қажетті конструкторлық - жобалық және ғылыми – зерттеулік бөлімшелерді дамытуға салынған қаржылық қаражаттар негізінде, сонымен қатар мамандар мен ғалымдардың шығармашылық еңбектерінің нәтижесін қолдануға рұқсат беретін патенттерді сатып алу.
Өндірістік компаниялардың тиімділігін жоғарлату үшін жағдай жасау, басқа да дамыған елдің шығарылған өніміне бәсекеқабілеттілік еңгейін жоғарлатуға АҚШ үкіметі мүмкіндік береді. Осыған орай, АҚШ тан артта қалған елдер де сол деңгейге жету үшін белсенді іс әрекеттер жасауда. Инновациялық қызметті дамытуды белсендіруге өндірістік компанияларды стимулдау маңызды құралдардың бірі болып келеді. Басқа елдегі жүріп жатқан іс әрекеттерді есепке ала отырып, АҚШ универсиитеттерге, мемлекеттік зертханаларға, техникалық институттарға қысымын көбейте отырып, ғылыми техникалық бағыттар бойыша жұмыстарды қаржыландыруы жоғарлатып отыр. Мұндай «ойын» өндірістің техникалық даму қарқынын жылдамдатады.
Дегенмен, АҚШ әрқашан да осындай мықты мемлекет болмаған, ол кезінде әлеуметтік экономикалық даму жолын таңдау алдында болған. АҚШ ты прогресстің жоғарғы сатысына алып келген өндірісті сапалы түрдегі эволюциялық жол.
XXI ғасырдың дамушы елдеріне бұл жол аса тиімді емес, себебі, қазіргі елдердің бәсекелестік деңгейінің көрсеткіштері АҚШ-тың экономикасы дамуынан анағұрлым көп. Американдық модельден алатын бағалы тәжірибе,ол саяси жағдайды жетілдіру және отандық компанияларды дамыту үшін экономикалық жағдайды жақсарту, инновациялық қызметті стимулдау.
Қазақстандағы инновацияны мемлекеттік басқарудың негізгі әдістері мен республикадағы инновациялық қызметті мемлекеттік басқару моделінің эволюциясын анықтау үшін республикадағы құқықтық база мен еліміздегі нормативті құқықтық актілердің қабылдану кезегін салыстыра отырып анықтау керек.