Разработка программы продвижения продукта (товара, услуги, организации)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 12:30, реферат

Краткое описание

Описание продукта: 100% Сок из красных фруктов. Изготовлен из мягких и легко усваиваемых фруктов. Приятный на вкус.
Особенности продукта: помогает восполнить потребность в Железе, Фолиевой кислоте, Йоде и других важнейших витаминах. Богат йодом и цинком, витаминами С, В1, В2, В6, В12, Биотином. Изготовлен без добавления сахара, молочного белка, глютена, консервантов, ароматизаторов, красителей.

Прикрепленные файлы: 1 файл

kanaeva_audit_umk_kz.pdf

— 718.52 Кб (Скачать документ)
Page 1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И.СƏТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Жоғары технологиялар жəне тұрақты даму институты
Қолданбалы экология кафедрасы
СТУДЕНТТІҢ ПƏНДІК
ОҚУ-ƏДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Экологиялық сараптама жəне аудит» пəні бойынша
«5В060800 –экология» мамандығы үшін
Алматы 2011

Page 2

2
Қ.И.Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ студенттеріне арналған «5В060800–экология»
мамандығы бойынша «Экологиялық сараптама жəне аудит» пəнінің оқу-
əдістемелік кешені / Құрастырған: Қанаева З.Қ. -Алматы: ҚазҰТУ, 2011.____б.
Курс бағдарламасын доцент, химия ғылымдарының кандидаты Қанаева
Зылиха Қожамқұлқызы «5В060800–экология» мамандығының жоғарғы оқу
орындарына арналған типтік бағдарламасының негізінде құрастырған.
Құрастырушы: Қанаева Зылиха Қожамқұлқызы
доцент, химия ғылымдарының кандидаты
Аңдатпа (аннотация) «Экологиялық сараптама жəне аудит» пəнінің оқу-
əдістемелік
кешені
типтік
жəне
жұмыс
бағдарламаларына
сəйкес
құрастырылған, пəннің негізгі мазмұнын сипаттайды. Оқу-əдістемелік кешенде
пəннің оқу бағдарламасы «Syllabus», пəннің тематикалық жоспары, қажетті
оқулықтардың тізімі, студенттердің өз бетімен жұмыстарына тапсырмалар, пəн
бойынша оқу процесінің күн тізбелік кестесі, өз бетімен бақылау үшін тест
тапсырмалары келтірілген.
Болашақ экологиялық- сарапшылардың кешендi ғылыми көзқарастары мен
дағдыларын
қалыптастыру
үшiн
Қазақстандағы
экологиялық сараптама
қызметiнiң құқықтық-ұйымдастыру негiздерiн, арнайы экологиялық зерттеулер
мен экологиялық негiздемелер жəне түрлi басқару iстерi мен тiкелей қарым-
қатынаста экологиялық сараптаудың əр түрлi саладағы ерекшелiктерiн меңгере
бiлу, оның мемлекеттiк жəне қоғамдық түрлерiнiң жобалау кезiндегi егжей-
тегжейiне дейiн ғылымның басқа салаларынан алған бiлiмдерiн пайдалана
отырып, жоспарланып отырған қызметтiң шын мəнiндегi отанымызға тигiзер
пайдасы мен зиянын бағалай бiлетiн, оларды ақыл таразысына салып дұрыс
шешiм қабылдай алатын мамандар дайындауға көмектесу осы оқу-əдістемелік
кешеннің мақсаттарының бiрi.
Сызба -4. Кесте -12.
Пікір
жазған :
Қ.И.Сəтбаев
атындағы
ҚазҰТУ
доцент, техника
ғылымдарының кандидаты Керейбаева Г.Х.
© Қ.И.Сəтбаев
атындағы
Қазақ
ұлттық
техникалық университеті, 2011

Page 3

3
1 ПƏННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS
1.1 Оқытушы туралы мəліметтер:
Сабақ жүргізетін оқытушы Қанаева ЗылихаҚожамқұлқызы
Байланыс түрі 257-71-37, 72-96
Кафедрада болатын уақыты бекітілген сабақ кестесі бойынша
1.2 Пəн туралы мəліметтер:
Пəн атауы “Экологиялық сараптама жəне аудит”
Кредит саны 3
Өткізу орны ҚазҰТУ
1-кесте
Оқу жоспарының көшірмесі
Курс
Семестр
Кред
ит
тер
Дəрістер,
1 аптадағы
академиялық
сағаттар
Лаб
.
саба
қ
тар
Тəжіри
белік/
семин.
сабақт.
СӨЖ
*
СОӨЖ
*
Барлығы,
1 аптадағы
академ.
сағаттар
Бақылау
түрі
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
4
7
3
2
-
1
3
3
9
емтихан
1.3 Алдыңғы реквизиттер: оқылатын пəнді игеруге қажетті бұрын
өтілген пəндер - экология, химия, тарих, математика, информатика.
1.4 Соңғы реквизиттері: пəнді оқыту барысында алынған білімдерді
қолданатын мамандықтың жұмыс оқу жоспарында келтірілген пəндер тізімі:
өндірістік
экология, ауыл
шаруашылығы
экологиясы, геоэкология,
биологиялық экология, қоршаған орта мониторингі.
1.5 Пəннің қысқаша мазмұны: “Экологиялық сараптама жəне аудит”
пəні студенттердің экологиялық ойлау қабілетін дамытады жəне табиғатты
қорғау мəселелерін экологиялық тұрғыдан шешуге үйретеді.
Пəн жетінші семестр бойы 3 кредит көлемінде оқытылады. Пəннің
мақсаты – студенттерге мемлекеттік экологиялық сараптама жəне аудит
жөнінде
теориялық
білім
беру, негізгі экологиялық
сараптама
жəне
аудиттерінің бағалау жобаларын, анықтау факторларын, қоршаған ортаға
тигізетін əсерінің шараларын жан - жақты қарастыру жəне т.б. шаралар. Пəнді
оқыту міндеттері: Пəнді оқыған кезде студенттер «5В060800–экология»
мамандығының біліктілік талабына сəйкес білім алуы керек. Студенттер
курстың соңында келесі салаларда білім жəне іскерлікті игеруі тиіс:
Ø табиғатта жəне жəне қоғамда болып жатқан процестер мен құбылыстар
туралы жалпы түсініктері болуы керек;
Ø адамзат
қоғамының
экономикалық
дамуымен
байланысты
ғаламдық
экологиялық проблемаларды,
Қазақстан Республикасының табиғатты
пайдалану басқармасының негізгі принциптерін білу керек;
Ø қоршаған орта объектілеріне өнеркəсіп орындарының əсерін бағалай білу
керек;
Ø қоршаған ортаны инженерлік қорғау əдістері туралы түсініктері болуы
керек;

Page 4

4
Ø табиғатты қорғау
саласында
қабылданатын
техникалық
шешімдердің
экономикалық тиімділігін бағалау жағынан тəжірибе алу керек;
Ø экологиялық сараптама жəне аудиттің мағынасы мен мазмұнын білу керек;
Ø Қазақстан Республикасының экологиялық сараптаманың заңдарын, қорғау
принциптерінің бағалау жобаларын, құжаттарды сапалы дайындай білуі
керек;
Ø Проблема бола қалған жағдайдағы сараптама бағалауды дер кезінде шеше
білу керек, жан – жақты көзқарас пен экологиялық шараларды орнымен
шеше білуі керек.
1.6 Тапсырмалардың тізімі мен түрлері жəне оларды орындау кестесі:
2-кесте
Тапсырмалардың түрі жəне оларды орындау мерзімі
Бақы
лау түрі
Жұмыс
түрі
Жұмыстың тақырыбы
(нақты бетін көрсету
керек)
Ұсынылатын
əдебиетке сілтеме
Тапсыр
у
уақыты
1
2
3
4
5
уызша
сұрау
ҚР Экологиялық ко-
дексімен танысу
Нег. 3[64-66]
1
ауызша
сұрау
ҚР
экологиялық
сарап-тама
заңдылықтары
Нег. 1[71-73],
2
Б.ж.№1
Атмосфераны қорғау
заңының жобасына
сараптама жүргізгенде
қойылатын
сұрақтарды зерттеу
Негізгі 4 [5-8],
5 [16-23]
Қосымша
18 [89-124]
3
Инд. н/е
т.ж.
жасау
индивидуалдық
немесе
топтық
жобаны қорғау
Негізгі 4 [5-8],
5 [16-23]
Қосымша18[89-124]
4
Б.ж.№2 1 - 3 дəрістер
Нег. 3[64-66] 1[71-
73], Қосымша
18 [89-124]
5
ауызша
сұрау
4, 5 дəрістер, ӨЖ
Негізгі
4 [5-8], 5 [16-23]
Қос.18[89-124]
6
Ағым-
дық
бақылау
Коллок
виум
1-4 дəрістер бойынша Негізгі
1[71-73],3[64-66]
4 [5-8], 5 [16-23]
Қос.18[89-124]
7
1.
Аралық
бақылау
АБ
1-6 дəрістер бойынша 1[71-73],3[64-66]
4 [5-8], 5 [16-23]
18[89-124]
8
Реферат Студенттің таңдауы
9

Page 5

5
бойынша
Ағым-
дық
бақылау
Б.ж.№3 Атмосфераны
қорғау
заңының əдістемелік –
нұсқауларының
шешім-дерін
сараптамалармен
келісіп талқылау жəне
жобаларын, құжатта-
рын өңдеу
Негізгі
4[35-41],
6[64-78]
Қосымша
8[6-19]
10
ӨЖ
Су
объектілерін
қорғау шараларының
əдісте-мелік
шешімдерін
са-
раптамалармен келісіп
талқылау
Негізгі 5 [35-44],
6 [93-99]
Қосымша
18[126-164]
11
Б.ж.№4 Жер ресурстарын
ұтымды пайдалану
жəне өндіріс қалдық-
тарын өңдеу шарала-
рын талқылау
Негізгі
5[45-53],
6[103-128],
Қосымша
18 [165-175]
12
Ағым-
дық
бақылау
ауызша
сұрау
Экологиялық аудитті
уақытша өткізу құжат-
тарының инструкция-
сын талқылау
Негізгі 7 [16-23],
Қосымша
18[178-240]
13
ауызша
сұрау
«Өнеркəсіп террито-
риясындағы зиянды
заттардың концен-
трациясын есептеу»
4[35-41],
5 [35-44, 45-53],
6[64-78, 93-99,
103-128]
14
2.
Аралық
бақылау
АБ
7-15 дəрістер
бойынша
7[16-23],
18[6-19,126-164,
165-175,178-240
15
Қор.бақ
ылау
емтихан Барлық өтілген
материалдар бойынша
Нег. əдебиеттер
1.7 Оқуға ұсынылатын əдебиеттер тізімі:
Негізгі əдебиеттер:
1. Закон РК «Об экологической экспертизе» от 18 марта 1997 г.
2. Закон РК «Об охране окружающей природной среде» от 15 июля 1997 г.
3. Қоршаған ортаны қорғау. Нормативтік актілер жиынтығы. Алматы:
ЮРИСТ, 2004. -234 б.
4. РНД 211.3.02.01-96 Временная инструкция о порядке проведения
экологического аудита (оценка воздействия на окружающую среду и
здоровье населения ОВОСиЗ) для существующих (действующих)
предприятий в Республике Казахстан. – Алматы, 1996. -61с.

Page 6

6
5. РНД Инструкция по проведению государственной экологической
экспертизы предпроектных и проектных материалов в Республике
Казахстан.-Алматы, 1997. (ҚР-ғы
жобаалды
жəне
жобалауда
мемлекеттік экологиялық сараптау жұмыстарын жүргізу нұсқауы,
21.02.1997, Алматы).
6. Каримов
А.Н., Мажренова
Н.Р., Сармурзина
А.Г. Экологиялық
сараптама, бағалау, бақылау. – Алматы, 2003. -175 б.
7. Есполов Т.И., Абралиев О.А. Табиғатты пайдалану экономикасы. –
Алматы, 2005. -255 б.
8. Экологическая экспертиза:Учебное пособие /В.К.Донченко,
В.М.Питулько, В.В.Расторгуев и др., Под ред. В.М.Питулько,-М.:
Издательский центр «Академия», 2004.-480 с.
9. Букс И.И., Фомин С.А. Экологическая экспертиза и оценка воздействия
на окружающую среду (ОВОС). Учеб.пособие. М., Изд-во МНЭПУ,
1999г.(электронная версия).
10.Экологический учет и аудит. Под ред. Л.З. Шнейдмана. М., 1997г.
11.Экологическая экспертиза .Учебное пособие. Пер с англ. / Под ред.
Говорушина Н.И. М.: Экспресс, 1995 г.
12.Макаров
С.В., Каменская
Ю.Ю. Экологическое
аудирование.
Методическое пособие. / под ред. В.В.Тарасова. М.: 1994 г.
Қосымша əдебиеттер:
13.Дончева А.В. Экологическое проектирование и экспертиза. – М., 2001. -
281с.
14.Максименко Ю.Л., Горкина И.Д. Оценка воздействия на окружающую
среду: Пособие для практиков – М.:РЭФИА, 1996. -134с.
15.Букс И.И., Фомин С.А. Экологическая экспертиза и ОВОС. –М.: Изд-во
МН ЭПУ, 1999.
16.Бейсенова Ə., Самакова А., Есполов Т., Шілдебаев Ж.. Экология жəне
табиғатты тиімді пайдалану. – Алматы, «Ғылым», 2004.
17.Мұқаұлы С., Үпішев Е.. Табиғат пайдалану экономикасы. – Алматы,
«Экономика», 1999.
18.Акбасова А.Ж., Саинова Г.Ə. Экология: Жоғары оқу орындарына
арналған оқу құралы.-Алматы: Бастау баспасы, 2003ж.-290 бет.
19.Стадницкий Г.В., Родионов А.И. Экология. - М.: «Высшая школа»,
1988.-272 с.
20.Новиков Ю.В. Экология, окружающая среда и человек. - Учеб. пособие
для вузов. М.: 1998.320 с.
21.Степановский А.С. Охрана окружающей среды. - Москва: 2000 г.
22.Мусина У.Ш. Теоретические основы охраны окружающей среды.
Учебное пособие. - Алматы: КазНТУ, 2000.
23.Жакупов Т.Е., Сейсембиев М.Ж., Тяжин Ж., Калита Н.Л. Установление
категории опасности веществ и предприятий по их воздействию на
атмосферу. Метод. указание к практическому занятию по охране
окружающей среды. Алматы.1994.

Page 7

7
24.Куркина
Л.А., Куркина
С.Н. Геоэкология. Метод. указание
к
лабораторным занятиям. Алматы, 2001.
25.Практикум по экологии и охране окружающей среды. М.: Владос, 2000.
26.Калыгин В.Г.Промышленная экология. М.:2000 г.
27.Информационный экологический бюллетень Республики Казахстан.
28.Колтыгин А.В. Экологическая экспертиза в литейном производстве.
Учебное пособие. М.: Издательство «Учеба», 2004.- 117 с.
29.Салова Т.Ю., Громова Н.Ю. и др. Основы экологии. Аудит и экспертиза
техники и технологии. СПб., 2004.-331 с.
30.Никеров Н.С., Сухих Р.Д. Экспертно-статистический метод оценки
качества продукции / учебное пособие. С.-Петербург, 1995 г.
31.Черп О.М., Виниченко В.Н., Хотулева М.В. Экологическая оценка и
экологическая экспертиза. М., СоЭС, 2001г.
32.Замятина З.Н., Комарова Л.Ф. Экологическая экспертиза и ОВОС.
Барнаул, 2003г.
33.Васильев С.А., Фомин С.А. Экологическая экспертиза и ОВОС. М.,
МНЭПУ, 2003г
34.Хотулева М.В. Инвестиционные проекты и местное сообщество .М.,
СоСЭС, 2003г.
35.Ерофеев Б.В. Экологическое право М., 2002г.
1.8 Білімді бақылау жəне бағалау
3-кесте
Бақылау түрлеріне қарай рейтингтік % бөлу
№ Қорытынды бақылау
түрі
Бақылау түрлері
%
Қорытынды бақылау
100
Аралық бақылау
100
1 Емтихан
Ағымдық бақылау
100
Ағымдық бақылаудың қорытындысын өткізу мерзімі пəн бойынша оқу
процесінің күнтізбелік кестесімен белгіленеді (4-кесте). Ағымдық бақылау саны
пəннің оқу-əдістемелік кешенінде көрсетілген пəннің мазмұнымен жəне оның
көлемімен анықталады.
4-кесте
“Экологиялық сараптама жəне аудит” пəні бойынша
Бақылаудың барлық түрлерін тапсырудың күнтізбелік кестесі
Апта
1 2 3 4 5
6
7
8 9 10 11 12 13 14 15
Бақылау
түрлері
Т Т Б
1
Т Б
2
ӨЖ К
л
АБ
1
Р Б
3
ӨЖ Б
4
Т
Т
АБ
2
Бақылау
саны
1 1 1 1 1
1
1
1 1 1
1
1 1 1
1

Page 8

8
Бақылау түрлері: Т – тəжірибелік сабақ; Б – бақылау жұмысы; Кл –
коллоквиум; АБ – аралық бақылау; Р – реферат; ӨЖ - өздік жұмыс
Пəннің қорытынды бағасы шкала бойынша (5-кесте) анықталады.
5-кесте
Студенттердің білімдерін бағалау
Баға
Əріптік
эквивалент
Рейтингтік балл
(пайызбен %)
Балмен
Өте жақсы
А
А-
95-100
90-94
4
3,67
Жақсы
В+
В
В-
85-89
80-84
75-79
3,33
3,0
2,67
Қанағаттанарлық
С+
С
С-
D+
D
70-74
65-69
60-64
55-59
50-54
2,33
2,0
1,67
1,33
1,0
Қанағаттанарлықсыз
Ғ
0-49
0
Модуль жəне аралық аттестация бойынша бақылау жүргізуге арналған
сұрақтар
1 модуль:
1. Экологиялық сараптама пəні, мақсаты мен мазмұны
2. Экологиялық сараптаманың принциптерi
3. Қазақстан Республикасының экологиялық сараптама заңының мəні.
4. Экологиялық сараптама неге сүйенеді?
5. Қоршаған ортаға əсердi бағалау қажеттілігі.
6. ҚОƏБ мерзiмiне жəне объектiлердiң көлемiне, масштабына қарай
қандай түрлерге бөлiнедi?
7. Экологиялық сараптаманың объектiлерiне не жатады?
8. Экологиялық сараптама субъектiлерi кімдер бола алады?
9. ҚР Үкiметiнiң, Министрлiктердің, мемлекеттiк комитеттердің жəне
ведомстволардың экологиялық сараптама саласындағы құзыретi.
10. Экологиялық сараптама қандай түрлерге бөлінеді жəне олардың мəні
не?
11. Дельфи əдiсiнің тиімділігі; ҚОƏБӨ қалай жүзеге асады?
12.Мемлекеттiк экологиялық сараптамаға берiлетiн құжаттарға қандай
талаптар қойылады?
13.ЭС мен қоршаған ортаға əсердi бағалауды ұйымдастыру
14.Мемлекеттiк сараптама жүргiзу үшiн құжаттардың қарастырылу тəртiбi
қалай жүргізіледі жəне оның негiзгi қағидалары
15.Жобаның мемлекеттiк сараптамалау категориясы, оның
жүргiзiлу
мерзiмi қалай анықталады, iстi жүргiзу үшiн қажеттi мамандар саны
жəне МЭС жүргiзудiң төлем ақысы

Page 9

9
16.Мемлекеттiк
сараптама
комиссиясының
жұмыс
тəртібі; МЭС
қорытынды тұжырымдары
17.Қоғамдық экологиялық сараптаманың мазмұны мен міндеттері
18. ҚЭС ұйымдастыру мен өткiзу шарттары қалай жүргізіледі?
19. Кəсіпорындарды, объектілер мен кешендерді, үйлер мен ғимараттарды
орналастыруға, салуға, қайта жаңартуға, дамытуға, техникалық жаңа
жарақтандыруда ж.т.б. . қоршаған ортаға тікелей немесе жанама əсер ете
алатын
объектілер
салынуы кезіндегі
экологиялық
қауіпсіздік
талаптары.
20. Халық шаруашылығында биологиялық жəне потенциалды қауіпті
химиялық заттарды қолдануға қойылатын экологиялық талаптар.
21. МЭС жүргiзудiң белгiленген мiндеттi тəртiбiнің бұзылуы
22. Қоршаған орта алаңындағы стандарттар жүйесi неше топтан тұрады?
23.Ауа сапасының тазалығын анықтауға қандай стандарт белгіленген?
2 модуль:
24.Экологиялық аудиттің мақсаты мен міндеттері жəне түрлері.
25.Аудиторлық қызметтің негізгі принциптері
26.Экологиялық аудиттің объектілері.
27.Экологиялық аудитті жүргізу процедурасы
28.МЭС мүшелерiне жалақы төлеу тəртiбі, ҚЭС қаржыландыру тəртiбі
қандай?
29.Табиғат қорғау шараларын қалай
ұйымдастырады? Мониторинг
дегеніміз не?
30.Каспий теңізі бассейні неліктен трансшекаралық сипаттағы сыртқы
экологиялық қатерлерге душар болуда?
31.Қазақстан қай жылы Базель конвенциясына қосылды?
32.Хельсинки конвенциясының мəні не?
33.Трансшекаралық сипаттағы экологиялық қатерлердің алдын алу жəне
жою үшін қандай мəселелерді шешу керек?
34.Экологиялық сертификациялау жүйесінің ұйымдастыру құрылымы.
35.Атмосфераның ластану деңгейiн қалай бағалайды?
36.Жер бетi суларының сапасы мен ластану дəрежесiн қалай анықтайды,
қандай əдістер қолданылады?
37.Жер бетi сулары ресурстарын бағалау критерийлерi
38.Су қоймаларының ластануының дəрежесiн анықтаушы факторлар
39.Су қоймаларының экологиялық күйiн бағалау белгiлерi қандай?
40.Жер бетi суларының ластануына əсердi бағалау кезiнде мемлекеттiк
экологиялық сараптама жасау үшін қандай шарттар белгiленедi?
41.Литосфераның күйiн бағалаудың қандай геохимиялық геодинамикалық
критерийлерi бар?
42.Жер асты суларының күйiн бағалайтын көрсеткiштер
43.Топырақ қабатына қандай əсерлер болуы мүмкiн?
44.Топырақ қабатының техногендi ластануын бағалаудың кластарға бөлiнуi

Page 10

10
45.Топыраққа антропогендiк қызмет нəтижесiнде жасалатын əсердi бағалау,
атмосфераға əсердi бағалау жұмысына қарағанда зерттелуі қандай
дəрежеде?
Аралық аттестация бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар тізімі:
1.
ҚР экологиялық сараптама заңының мəні, Экологиялық сараптама пəні,
мақсаты мен мазмұны, ЭС принциптерi, түрлері жəне олардың мəні
2.
Қоршаған ортаға əсердi бағалау қажеттілігі. ҚОƏБ мерзiмiне жəне
объектiлердiң көлемiне, масштабына қарай қандай түрлерге бөлiнедi?
3.
Экологиялық сараптаманың объектiлерi мен субъектiлерi
4.
ҚР Үкiметiнiң жəне Министрлiктердің, мемлекеттiк комитеттердің жəне
ведомстволардың экологиялық сараптама саласындағы қызмет аясы.
5.
ҚР-ң қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы
мен жергiлiктi өкiлдi жəне атқарушы органдардардың экологиялық
сараптама саласындағы құзыретi.
6.
ҚОƏБ нұсқаларының тиiмдiсiн таңдап алу
7.
Мемлекеттiк экологиялық сараптамаға берiлетiн құжаттардың талаптары
8.
ЭС мен қоршаған ортаға əсердi бағалауды ұйымдастыру
9.
Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүргiзуге қажеттi оқиғаны
анықтау белгiлерi, МЭС
қандай шарттарға сəйкес болғанда ғана
жүргiзiледi?
10.
Шарттар жəне басқа да нормативтi-əдiстемелiк құжаттардағы
аспектiлердi ескеру
11.
Мемлекеттiк сараптама жүргiзу тəртiбi жəне оның негiзгi қағидалары
12.
Жобаның
мемлекеттiк сараптамалау
категориясы, оның
жүргiзiлу
мерзiмi, iстi жүргiзу үшiн қажеттi мамандар саны жəне МЭС жүргiзудiң
төлем ақысы
13.
МЭС жұмыс жиналыстары, қорытынды тұжырымдары
14.
МЭС-ның қоршаған ортаға əсердi бағалаудан жəне ҚЭС–ның МЭС
айырмашылығы қандай?
15.
ҚЭС ұйымдастыру мен өткiзу шарттары қалай жүргізіледі? ҚОƏБӨ қалай
түсінесіз?
16.
Шешiм қабылдаудың негiзгi белгiлерi қандай болу керек?
17.
Құрылыс жұмыстары жүргізілуі кезінде орындалатын шаралар мен
объектілерді пайдалануға беру кезіндегі экологиялық талаптар.
18.
Ауыл шаруашылығындағы объектілерге жобалау кезіндегі қойылатын
талаптар мен объектіні пайдалануға берілердегі талаптар қандай?
19.
Мелиоративті жұмыстарды жобалау, жоспарлау жəне жұмыстарын іске
асыру кезіндегі қорғау шаралары.
20.
Радиоактивтік материалдарды қолдануға қандай экологиялық талаптар
қойылады?
21.
Қоршаған ортаны зиянды биологиялық, физикалық əсерлерден қорғау
шаралары.
22.
Қоршаған табиғи ортаны тұрмыстық жəне өндiрiстiк қалдықтардан қалай
қорғауға болады?

Page 11

11
23.
Əскери жəне қорғаныс объектілеріне, əскери қызметтерге жəне Жердің
озон қабаты мен климатын қорғауға қойылатын экологиялық талаптар
24.
МЭС жүргiзудiң белгiленген мiндеттi тəртiбiнің бұзылуы, ЭС -ның
нəтижелерiнің бұрмалануы
25.
МЭС-ның оң қорытындысы болмайынша, ҚОҚ саласында лицензиялар
беру не объектiлер салуды жəне өзге де қызметтi жүзеге асыруға неліктен
болмайды?
26.
Қоршаған ортаны стандарттау жұмыстары мен қадағалау объектiлерi
27.
Ауа сапасының тазалығын анықтауға қандай стандарт белгіленген?
28.
Экологиялық
аудиттің
мақсаты
мен
міндеттері
жəне
түрлері,
принциптері, объектілері.
29.
Экологиялық аудитті жүргізудің қандай түрлері болады?
30.
Экологиялық аудиттің ЭС қандай айырмашылығы бар?
31.
Өнеркəсіпке аудит жүргізудегі жетістіктер
32.
Экологиялық аудит процедурасының қорытындысы жəне ол қанша
бөлімнен тұрады?
33.
Қай кезде тыйым салу шарасы қолданылады?
34.
Қазақстан қай жылы Базель конвенциясына қосылды? Хельсинки
конвенциясының мəні не?
35.
Трансшекаралық сипаттағы экологиялық қатерлердің алдын алу жəне
жою үшін қандай мəселелерді шешу керек?
36.
Сертификат дегеніміз не, оны кімдерге береді? Экологиялық талаптар
бойынша сертификациялау жүйесін құрудың принциптері, міндеттері
жəне мақсаты.
37.
Экологиялық сертификациялау бойынша жұмысты жүргізудің жалпы
реті. ҚО басқару жүйесінің сертификациясы. Рұқсат- лицензиялар қай
уақытта жəне кімге беріледі?
38.
Атмосфераның ластану деңгейiн қалай бағалайды?
39.
Жер бетi суларының сапасы мен ластану дəрежесiн қалай анықтайды,
қандай əдістер қолданылады? Жер бетi сулары ресурстарын бағалау
критерийлерi
40.
Су қоймаларының ластануының дəрежесiн анықтаушы факторлар, Су
қоймаларының экологиялық күйiн бағалау белгiлерi.
41.
Жер бетi суларының ластануына əсердi бағалау кезiнде мемлекеттiк
экологиялық сараптама жасау үшін қандай шарттар белгiленедi?
42.
Топырақ қабатына қандай əсерлер болуы мүмкiн? Топырақ қабатының
техногендi ластануын бағалаудың кластарға бөлiнуi. Топыраққа
антропогендiк қызмет нəтижесiнде жасалатын əсердi бағалау атмосфераға
əсердi бағалау жұмысына қарағанда зерттелуі қандай дəрежеде?
43.
Литосфераның
күйiн
бағалаудың
геохимиялық
критерийлерi,
геодинамикалық белгiлерi. Жер асты суларының күйiн бағалайтын
көрсеткiштер.
1.9 Курстың саясаты мен процедурасы: студенттер міндетті түрде сабаққа
қатысуға, барлық бақылау түрі бойынша уақытында есеп беруге міндетті,

Page 12

12
сабаққа қатыспаған күндерін қайта тапсырады. Сабаққа екі рет кешігіп келу, бір
рет қатыспаған болып есептелінеді. Бақылау түрлерін тапсыру тапсырмаларды
орындау графигіне сəйкес ретпен жүргізіледі.
2 НЕГІЗГІ ТАРАТЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР МАЗМҰНЫ
2.1 Курстың тақырыптық жоспары
6- кесте
Академиялық сағат саны
Тақырып атауы
Дəріс
Тəжіри
белік
СОӨЖ
ауд
СОӨЖ
офис
СӨЖ
1. Кіріспе
2
1
1
2
3
2. ҚР «Қоршаған ортаны қорғау
туралы», «Экологиялық сараптама
туралы» заңдылықтары
2
1
1
2
3
3. Экологиялық
сараптаманың
құрылысы.
2
1
1
2
3
4. Қоршаған ортаға əсердi бағалау
процедурасы
2
1
1
2
3
5.
Мемлекеттік
экологиялық
сараптаманың жүргізу формалары
жəне стадиясы
2
1
1
2
3
6.
Мемлекеттік
экологиялық
сараптамаларды
өткізу мерзімі
(уақыты)
жəне
құжаттарды
дайындау жүйелерінің іске асу
мерзімі
2
1
1
2
3
7. Мемлекеттік экологиялық
сараптаманың қорытындысы.
Қоғамдық экологиялық
сараптама. ҚЭС-ға заңды,
нормативті сұраныстар
2
1
1
2
3
8. Шаруашылық жəне өзге де
қызметке қойылатын экологиялық
талаптар
2
1
1
2
3
9. Химиялық заттарды қолдануға
қойылатын экологиялық
талаптарға сараптама
жұмыстарын жүргізу
2
1
1
2
3
10. Қазақстан Республикасы
табиғат қорғау заңдарының
экологиялық сараптама саласында
бұзылу түрлері туралы
түсініктер. Қоршаған ортаны
2
1
1
2
3

Page 13

13
қорғау стандарттары жəне
жиынтық əсер
11.
Экологиялық
аудиттің
теориялық негіздері
2
1
1
2
3
12. Экологиялық сараптамаларға
қаржы бөлу. Экологиялық
сараптама қорытындысының
орындалу талаптарына мемле-
кеттік экологиялық бақылау
жүргізу
2
1
1
2
3
13. Экологиялық
сертификациялау
2
1
1
2
3
14. Территорияны экологиялық
бағалау
2
1
1
2
3
15. Литосфераны ластаушы əсердi
бағалау
2
1
1
2
3
Барлығы
30
15
15
30
45
2.2 Дəріс сабақтарының конспектілері
1 -дəріс тақырыбы: Кіріспе. Экологиялық сараптама пəнінің мақсаты
мен мазмұны, мiндеттерi жəне оның принциптерін жүргізу əдістері.
Табиғат пен оның байлықтары Қазақстан республикасы халықтарының
өмiрi мен қызметiнiң, олардың тұрақты əлеуметтiк экономикалық дамуы мен
əл-ауқатын арттырудың табиғи негiзi болып табылады.
Қазiргi жəне болашақ ұрпақтардың мүдделерi үшiн қоршаған ортаны
қорғаудың құқықтық, экономикалық жəне əлеуметтiк негiздерiн белгiлеу үшiн,
сонымен бiрге экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге, шаруашалық жəне
өзге де қызметтiң табиғи экологиялық жүйелерге зиянды əсерiн болғызбауға,
алуан түрлiлiктi сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға
экологиялық сараптама жүргiзiлiп отырылады.
Экологиялық сараптама мен қоршаған ортаға əсердi бағалаудың жəне түрлi
ластаушылардың құрамы мен қасиеттерiн талдап бақылаудың теориялық
негiздерiн, оларды ұйымдастыру мен жүргiзудiң принциптерiн, экология
саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарымен, құқықтық негiздерiмен
таныстыра отырып, əр жағдайға байланысты қажеттi ережелер мен қаулы-
қарарларды пайдалана бiлу, түрлi нұсқаулар мен əдiс- тəсiлдердi орнына сай
жаңа деректер мен ақпараттарды қолданып қорытынды жасау, пəн аралық
принципте
экологиялық
бағыттағы
пəндердi бiртұтас
кешендi тұрғыда
қарастыру концептуалды негiзi болып табылады. Болашақ экологиялық-
сарапшылардың кешендi ғылыми көзқарастары мен дағдыларын қалыптастыру
үшiн
Қазақстандағы
экологиялық
сараптама
қызметiнiң
құқықтық-
ұйымдастыру негiздерiн, арнайы экологиялық зерттеулер мен экологиялық
негiздемелер жəне түрлi басқару iстерi мен тiкелей қарым- қатынаста
экологиялық сараптаудың əр түрлi саладағы ерекшелiктерiн меңгере бiлу, оның
мемлекеттiк жəне қоғамдық түрлерiнiң жобалау кезiндегi егжей-тегжейiне

Page 14

14
дейiн ғылымның басқа салаларынан алған бiлiмдерiн пайдалана отырып,
жоспарланып отырған қызметтiң шын мəнiндегi отанымызға тигiзер пайдасы
мен зиянын бағалай бiлетiн, оларды ақыл таразысына салып дұрыс шешiм
қабылдай алатын мамандар дайындауға көмектесу осы пəннің мақсаттарының
бiрi.
Бұл пəн экологиялық мамандықтар дайындайтын ғылымның тек химия
саласында ғана емес, сонымен қатар салааралық экологиялық сараптамашы
мамандар үшiн, биологиялық жəне табиғи ресурстар, қолданбалы экология, əр
түрлi зиянды жəне қауiптi заттар өндiрiстерi мен объектiлерi, жоба алды жəне
жобалау кезiнде, сонымен қатар əр бiр объектiнiң iске қосылуы мен жұмыс
iстегеннен кейiнгi оның қоршаған ортаға əсерiн бағалау, кешендi бақылау мен
талдауда
қорытынды
дайындаумен
шұғылданатын
жəне
табиғат қорғау
саласында қызмет ететiн басқа мамандар үшiн пайдалы.
Экологиялық сараптаманың мақсаты (4-бап) объектiлердегi жүргiзiлген
сараптаманың
толықтығын,
жоспарланған
басқару,
шаруашылық,
инвестициялық жəне оның басқа қызметiнде қоршаған орта мен адам
денсаулығына, сонымен қатар əлеуметтiк, экономикалық жəне экологиялық
əсерiн талдау арқылы бағалауды қамтиды. ҚР стандарттары мен нормаларына
сəйкес экологиялық талаптардың орындалып, ғылыми негiзде талданып,
қорытындыланып, тиiстi органдарға ақпарат берiп, ол объектiнiң iске қосылуы
жөнiндегi қаулы шығару шешiмдерi алынады.
Экологиялық
сараптама жоспарланған
құрылыс
объектiлерi мен
шаруашылық, инвестициялық жəне басқа да қызметтер нəтижесiнде қоршаған
орта мен адам денсаулығына зиянды əсерлердiң алдын алу, өндiргiш күштердiң
жоспарлары түрде сол аймақта орналастырылуы, олардың қоршаған ортаға оң
əсерiн ғана ескере отырып, дамытуды мақсат етедi (3-бап).
Экологиялық
сараптама
мен
қоршаған
ортаға
əсердi бағалаудың
мiндеттерiн (ҚР экологиялық сараптама заңында 1 тарау, 4-бап) жалпы түрде
төмендегiдей 3 топқа топтастыруға болады.
1. Сараптау объектiсiнiң
тиiмдiлiгi тұрғысынан, жобаның
немесе
жоспарланып отырған қызметтiң қауiпсiздiк дəрежесiнiң қоршаған ортаға əсерi
мен қаупi туралы берiлген мəлiметтерiнiң нақтылығы, ол объектiнiң сол
ауданда орналастырылуының, жердiң таңдалып алынуының дұрыстығының
жəне соңында алынған ақпарат нəтижесiнде экологиялық шарттардың өзгеруi
мен өндiргiш күштердiң дамуына əсері туралы экологиялық болжамды
қамтамасыз ету, оның экологиялық зиянды əсерлерiнiң болмайтыны сияқты
олардың əлеуметтiк, экономикалық жəне экологиялық зардаптарының да
болмайтынына кепiл болатын жан-жақты объективтi, ғылыми зерттеудi жəне
талдауды ұйымдастыру (қоршаған ортаға əсердi бағалаудың мiндеттерi).
2. Сарапталып отырған объектiнiң экологиялық стандарттарға сəйкестiгi,
жоспарланып отырған немесе əрекет етушi объектiнiң стандарттарға сəйкестiк
дəрежесiнiң объектi иесi дайындаған құжаттарындағы қауiпсiздiк дəрежесiнiң
қоршаған ортаға əсердi бағалаудағы дұрыстығы, мемлекеттiк экологиялық
бақылау жүргiзудi қамтамасыз етуi, сонымен қатар объективтi ғылыми

Page 15

15
негiзделген тұжырымдарды жəне қорытындыларды сарапталушы объектiнiң
қызметiнiң iске асырылуы үшiн мемлекеттiк органдарға мерзiмiнде беруi
(мемлекеттiк экологиялық сараптаудың мiндеттерi).
3. Жоспарланып отырған қызметтiң болуы мүмкiн керi өзгерiстерiнiң
қоршаған ортаға жəне онымен байланысты əлеуметтiк, экономикалық жəне т.б.
зардаптарынан туындайтын қиыншылықтардан алдын алу, халық арасында
əлеуметтiк-психологиялық
қайшылықтарды
болғызбай
тiл
табысу жəне
болашақта келiспеушiлiктердi болдырмау үшiн хабарландыру (қоғамдық
экологиялық сараптаманың мiндеттерi).
Экологиялық сараптама принциптерiне (ҚР сараптама заңы 1 тарау, 5-
бап) соның iшiнде
заңда
бекiтiлiп, өңделiп iске
асырылып
жүрген
принциптердiң
(ғылыми
негiздiлiк, мiндеттiлiк, тəуелсiздiк, басқа
органдармен
бiрге
iс-қимылдың
ұйымдастырылуы, жариялылығы,
экологиялық
қауiпсiздiктiң
артықшылығы, кешендiлiгi, ақпараттың
толықтығы, жауаптылығы мен шыншыл болуы) бiрнешеуiне тоқталып
өтейiк:
1. Экологиялық
сараптама
тұжырымдарының объективтiлiгi мен
ғылыми негiздiлiк принципi – бұл мемлекеттiк экологиялық сараптама жəне
қоршаған ортаға əсердi бағалау ғылыми-зерттеу процесi екенi жəне оны бүгiнгi
күнгi ғылыми-техникалық жетiстiктердi, жаңа əдiс-тəсiлдердi қолдана отырып,
экологиялық сараптаманың қорытындылары мен шешiмдерi объективтi сипатта
жəне экологиялық мүдделердi қорғаушы, сонымен қатар ғылыми деректерге
негiзделген, қорытындылары ғылыми тұрғыда дəлелденген болып, бiлiктi
сарапшы мамандардың жасауы тиiс. Сарапшының мiндеттерiн қарастыратын
болсақ, сарапшы экологиялық сараптаманың объективтi, сапалы жəне кешендi
жүргiзiлуiн қамтамасыз етсе, сараптаманы нормативтер мен ережелер жəне
стандарттарға сүйене отырып, экологиялық сараптаманың қорытындысын
қажеттi айғақтармен дайындауы қажет (Қазақстан Республикасының заңы
“Экологиялық сараптама туралы”, 20-бап, 5 бөл, 1,3,5 Егемен Қазақстан, 1997,
21 март). Сонымен қатар, зерттеу нəтижесiнде тек жiберiлген қателер
анықталып
қоймай, ол
қателiктердiң
зардаптары
көрсетiлiп, шешiм
қабылдайтын органдарға немесе жеке тұлғаларға ұсыныстар мен кемшiлiктердi
жою үшiн не iстеу қажеттiгi көрсетiледi.
Бұл принцип қоршаған орта мен адам денсаулығын жəне өмiрiн қорғай
отырып, экологиялық жəне
экономикалық
мүдделердiң
үйлесiмдiлiгiн
қамтамасыз етедi. Өйткенi объективтiлiк пен ғылыми негiздiлiк экологиялық
зиянды əрекеттерден қорғану кепiлдiгi мен адамның салауатты өмiрi мен
бақытты тiршiлiгiне құқықтылығын қамтамасыз етедi.
2. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың (МЭС) мiндеттiлiк принципi
- қоршаған ортаны қорғаудың, шаруашылық шешiмдi қабылдауға бастама
болатын, барлық
жоба
бойынша
жұмыстардың
жүргiзiлуi мен
қаржыландырылуы мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысы оң
болған жағдайда ғана мiндеттi шара болып табылады. Бұл принцип мемлекеттiк
экологиялық
сараптаманың
жүргiзiлуi алдында
сарапталатын
объектiнiң

Page 16

16
қауiпсiздiк ережелерiнiң талаптарына сəйкестiгiн есепке алу жəне оған
қызметiн бастау үшiн экологиялық сараптама шешiмiнiң қаулысы берiлмей
МЭС
мiндеттiлiгi туралы
хабарландырылады. Мемлекеттiк
экологиялық
сараптама
шешiмiнiң
дұрыс
болуы
iске
асырылатын
объектiнiң
қаржыландырылуының шарттарының бiрi бола алады, сонымен бiрге сараптама
шешiмiнiң дұрыс болмауы қаржыландырылмайтын объект екенiн көрсетедi.
Бұл принцип халықаралық-құқықтық қызметке де қатысты , яғни халықаралық
келiсiм
бойынша
мемлекеттiк
экологиялық
сараптама
талаптарының
мiндеттiлiгiн орындамау – келiсiмнiң орындала алмауына негiз бола алады.
Экологиялық сараптаманың мiндеттiлiгi көбiнесе қоршаған ортаға зиянды əсер
ете алатын жобалар мен бағдарламаларға қатысты болады.
3. Сараптама органдары мен сарапшылардың өз өкiлеттiлiгiн жүзеге
асыруда тəуелсiз болу принципi – мемлекеттiк экологиялық сараптаманың
тиiмдi болуының
негiзгi шарттарының
бiрi экологиялық
сараптаманы
ұйымдастырушы органның жəне сараптамашының қызметi мен қаржы жағынан
тəуелсiз болуында. Бұл экологиялық комиссия мен оның мүшелерiнiң өз
ойларын еркiн айтуға, фактiлердi ғылыми негiздегi əдiстермен белгiлi құқықтық
дəрежеде қорытынды жасауға мүмкiндiк бередi. Экологиялық сараптаманы
ұйымдастыру
мен
өткiзуде
сараптаушы
органдардың
меңгерушiлерiне
Қазақстан Республикасының заңдары мен басқа да нормативтi құқықтық
актiлерi олардың еркіндігi мен қызметiне кепiлдеме бередi (ҚР Экологиялық
сараптама заңы, 18-бап). Сонымен қатар, сарапшының сараптама жүргiзуiне
байланысты қызметiне мемлекеттiк органдар мен лауазымды кiсiлердiң
араласуына тыйым салынған. Мемлекеттiк экологиялық сарапшының құқығына
немесе басқа да материалдық зиян келтiретiндей жағдайға себепшi болғандарға
сот жəне əкiмшiлiк жаза қолданылады, ал ол iстерге кiнəлiлер Қазақстан
Республикасының заңдары бойынша сотқа тартылады.
Сарапшы органдардың тəуелсiздiгiне өз қызметтерiнiң атқарылуы кезiнде
заң жағынан кепiлдiк берiледi, бiрақ экологиялық сараптама жəне оның
органдары мен құрылымдары табиғат ресурстары жəне қоршаған ортаны
қорғау министрлiгiнiң құрамында болып, ол министрлiктiң iшкi тəртiп
ережелерiне қарай оның қарамағындағы меншiк иесi бола отырып, қызметiн
атқарады делiнген. Демек, табиғи ресурстар жəне қоршаған ортаны Қорғау
Министрлiгi табиғат ресурстарының меншiк иесi жəне оны тұтынушы болып
əрi сол меншiкке экологиялық сараптаманы да өзi жүргiзушi болып табылады.
Яғни, бұл министрлiк өзiнiң меншiгiндегi қызметтердi тексередi жəне өздерiне
экологиялық сараптама жүргiзедi.
Табиғат ресурстары жəне экология министрлiгiнiң бекiтiлген ережелерiнде
төмендегi функциялар көрсетiлген.
1. Жұмыс тапсырысшы ретiнде (заказчик) болу.
2. Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк – экологиялық
сараптама жүргiзу.
Министр негiзгi Бас экологиялық сарапшыны тағайындайды (табиғат
ресурстары жəне экология Министрлiгi туралы Қазақстан Республикасының
20.11.1997, № 1622 ережесi, 53-бап). Бұл жерде тəуелсiздiктiк шектеулi екенi

Page 17

17
көрiнiп тұр. Сондықтан, министрлiк өз қарауындағы табиғи ресурстардың
экологиялық
сараптамасын
өзi жасағандығынан
оның
құрамындағы
сарапшылар əрине тəуелсiз сараптама жасайды деп айту қиын.
Бұл принцип ведомостволық ұғымымен толықтырылса жоғарыда айтылған
кемшiлiктерден арылып, сарапшылардың тəуелсiздiк кепiлдiгi пайда болып,
комиссияның объективтi қорытынды жасауға мүмкiндiгi туар едi. Өйткенi,
экологиялық сараптама өзiнiң қызметiн тəуелсiз орындап жеке ведомстваның
мүддесiн емес, экологияның мүддесiн жақтауы, қолдауы қажет. Сонда ғана
экологиялық сараптаманың мақсаты мен мiндеттерi орындалған болады.
4. Жариялылық
принципi- сараптау
жүргiзу
кезiнде
алынатын
деректердiң, қабылданған шешiмдердiң iске қосылайын деп отырған объектiнiң
қабылданған шешiмдердi есепке алуы, қоғам мүшелерiнiң жəне қоғамдық
ұйымдардың дұрыс ақпарат алып, оны шешiм қабылдаушы органдарға жеткiзе
алуы, экологиялық ақпараттың дұрыстығы мен жариялылығы қоғамдық
ұйымдардың
мемлекеттiк
экологиялық
сараптама
жүргiзуге
белсендi
қатысуына мүмкiндiк
бередi (сараптаушылар
комиссиясы
мүшелiгiне
тағайындау, халықты экологиялық сараптау нəтижесiмен таныстыру жəне т.б.).
5. Экологиялық
сараптаманың кешендiлiк
принципi жəне
оның
əртүрлiлiгi.
Экологиялық сараптама-сараптаманың сапалы, объективтi жəне кешендi
жүргiзiлуiн қамтамасыз етуi қажет.
Экологиялық сараптама жасалатын объектiнiң қоршаған ортаға жəне адам
денсаулығына əсерi жан-жақты бағалануы тиiс. Сондықтан сараптамашылар
тобының əртүрлi мамандардан құралуының маңызы зор. Əрбiр объект
жоспарланып отырған қызметiне қарай, əсерiне қарай мамандар тобы төмендегi
ғылыми мамандықтар бойынша
топталғаны жөн: медицина, санитария,
экология, гигиена, биология, химия, география, геофизика, геология,
топырақтану, гидрология, гидрогеология, азаматтық жəне өндiрiстiк құрылыс,
сарқынды
сулар
мен
атмосфера
ластағыштарын
тазалау, социология,
құқықтану, жүйелi талдау, экономика, экоинформатика.
Сарапшы өзiнiң бар тəжiрбиесi мен бiлiмiн қолданып, жасалатын
сараптамаға өзiн жауапты сезiнуiнiң мəнi үлкен. Экологиялық мүдделердiң,
яғни, адам
денсаулығы
мен
қоршаған
ортаның сапасы
экономикалық
мүдделерден жоғары тұруы қажет. Барлық табиғат қорғау заңдары экологиялық
мүдделердi қорғайды. Экологиялық заңдарды бұзумен, бiз тек қоршаған ортаға
ғана емес, өзiмiзге де зиян келтiремiз.
6. Экологиялық
сараптаманың
басшылыққа
алатын
принциптерiн
қарастырып жəне оларға теориялық талдау жасаған соң, сараптау қызметiнiң
тiреушi болып саналатын принциптерiне потенциалды экологиялық қауiптiлiк
принципiн қосуға болады. Бұл принцип бойынша жоспарланып отырған
қызметтiң барлық түрiне ешқандай айырым жасамай экологиялық сараптама
жасалуы
тиiс. Экологиялық
қауiптiлiк
принципiн iске
асыру кейде
қиындықтарға да ұшырасады. Заңда бекiтiлген принциптер мемлекеттiк
экологиялық сараптама жүргiзiлуi кезiнде ғана түгел орындалуы шарт.
Негізгі əдебиеттер 1[64-66], 2[3-5], 6[27-32]

Page 18

18
Қосымша əдебиеттер 1[5-8], 3[3-7]
Бақылау сұрақтар:
1. Экологиялық сараптама пəні, мақсаты мен мазмұны
2. Экологиялық сараптаманың принциптерi
3. Ғылыми негiздiлiк принципінің мəні
4. Мiндеттiлiк принципінің мəні
5. Тəуелсiздiк, кешендiлiк принциптері
6. Ақпараттың толықтығы, жауаптылығы мен шыншыл болу принципі
7. Жариялылық, экологиялық қауiпсiздiктiң артықшылық мəндері
2 -дəріс
тақырыбы: ҚР «Қоршаған
ортаны
қорғау
туралы»,
«Экологиялық
сараптама
туралы» заңдылықтары.
Қазақстан
Республикасы экологиялық сараптама мен қоршаған ортаға əсердi бағалаудың
құқықтық жəне
нормативтi-əдiстемелiк
негiзi. Экологиялық
сараптама
саласындағы ҚР заңдары, құрылымы. Қоршаған ортаға əсердi бағалау. Заказ
берушінің міндеті мен еркі туралы.
Экологиялық
сараптама
iсiнiң
құқықтық
реттелуi-экологиялық
менеджменттiң бiр түрi болып табылатын, табиғи қорларды рационалды
қолдану жəне экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету болашақ сараптамашы
бiлiмiнiң
құрамдас
бiр
бөлiгi болып
табылады. Бұл
бiлiм
Қазақстан
Республикасының экологиялық сараптама жəне қоршаған ортаға əсердi бағалау
(ҚОƏБ) саласындағы үкiметпен басқару органдарының заңдары мен заң
күшiндегi актiлерi негiзiнде
қалыптасады. Сонымен
бiрге
экологиялық
сараптама
мен
ҚОƏБ-ның нормативтi-техникалық
негiзi өз
кезегiнде
техникалық-нормативтi құжаттарға (стандарттарға, нормаларға, ережелерге
т.б.) жəне əдiстемелiк материалдарға (əдiстемелiк құралдарға, нұсқауларға,
əдiстемелiк нұсқауларға жəне т.б.) сүйенедi. Бұл құжаттар мен нұсқаулар
ғылыми зерттеу институттары мен осы саладағы маманданған ведомоствалар
тарапынан
дайындалып
бекiтiледi. Эколог-сараптамашының
немесе
осы
саладағы зерттеушiнiң бастапқы адымы ретiнде ҚР жəне шет елдердегi қазiргi
уақытта қолданылып жүрген экологиялық сараптама (ЭС) жəне ҚОƏБ
жөнiндегi нормативтi-құқықтық құжаттарды оқып, танысып талдау болуы
қажет.
Экологиялық сараптама саласындағы ҚР заңдары, құрылымы.
Қазiр Қазақстандағы экологиялық сараптама мен ҚОƏБ саласындағы
заңдар жүйесi ҚР конституциясының экологиялық сараптама заңына сүйене
отырып Қазақстан Республикасы халқының денсаулығына, қоршаған ортаға,
олардың шаруашылық жəне басқа қызметтерiне əсерiн реттеу үшiн 18.03.1997
№ 85-1 қабылданған.
Қазақстан Республикасының қоршаған табиғи ортаны қорғау заңының
15.07.1997 № 160-1 он бiрiншi тарауы мемлекеттiк экологиялық сараптаманың
жалпы қағидаларына (ЭС) арналып, оның түрлерi, мақсаты мен принциптерi
(63-бап), экологиялық сараптаманың объектiлер мен субъектiлерi (64-бап)
қарастырылған.
Экологиялық сараптама заңы.

Page 19

19
Бұл заң экологиялық сараптама саласындағы түрлi қатынастарды терең əрi
қоршаған орта сапасының нормаларын нақты бекiтiп, белгiлi бағытта реттеу
меселелерiн дамытуға
негiзделген. Бұл
заңда
алғаш
рет
экологиялық
сараптаманың əрi мемлекеттiк (3-тарау, 13-28 бап), əрi қоғамдық (4-тарау, 29-32
бап) түрлерiне анықтама берiлiп, олардың принциптерi мен түрлерiнiң толық
мəн-мазмұндары айқындалған.
Бiрiншi тарау экологиялық сараптаманың анықтамалары мен терминдерiне
арналған (1-бап). Онда шаруашылық жəне басқа қызметтердiң қоршаған орта
саласы мен экологиялық талаптарға нормативтiк сəйкестiгiн, объектi iсiнiң
терiс əсер етпейтiнiн жəне оның зиянының басқа зардаптары болмайтынын
сараптау арқылы алдын ала анықтауға бағытталған.
Қоршаған ортаға əсердi бағалау (16-бап)
Жаңа объектiлердi жобалау кезiнде, ескi немесе бұрынырақ салынып қайта
iске қосылатын объектiлер үшін немесе іске жарамайтын объектiлердi жою
кезiнде олардың қоршаған ортаға келтiретiн əсерiн бағалау қажет болады. 1969
жылы Европада (Скопе-Югославия) құрылған қоршаған орта мен адам
денсаулығына əсерлердi бағалау жөнiнде қабылданған көптеген əдiстемелiк
зерттемелердiң маңызы зор (Scientific Committee On Problems of Environmental
(Scope). Scope5: Environment Impact Assessment: Principles and Procedures).
Ондағы мақсат бiрiншiден, адам əрекетi нəтижесiнде қоршаған ортаға əсер
жөнiндегi адамдардың бiлiмiн тереңдетiп жетiлдiре түсу, екiншiден, осы
өзгерiстер қандай шамада жəне қандай механизмдермен адам денсаулығымен
оның ауқаттылығына əсер етуiн бағалау. Əсiресе бұл əсерлердiң үлкен көлемде,
яғни дүниежүзiлiк маңызы ескерiлiп, соған сəйкес жобалар дайындау олардың
жасалуы кезiнде ескерiлетiн принциптер мен əдiстемелер, сол кезеңдерде
баяндалған шартнамалар көптеген мемлекеттер тарапынан қолдау тапқан.
Қазақстан Республикасының “Қоршаған ортаны қорғау туралы” заңындағы
(15.07.1997 № 160-1) ХI тарауы экологиялық сараптама туралы болса, оның 16-
бабы қоршаған ортаға əсердi бағалауға арналған.
Қоршаған ортаға əсердi бағалау (ҚОƏБ) ұғымы, қоршаған табиғи ортаға,
адам денсаулығы мен ауқаттылығына қатысты жобаланған əр түрлi iс-
əрекекеттердiң əсерiн болжауға, оларды түрлi алаңдарда ақпарат ретiнде
пайдалану жəне қажеттi шешiмдер алу үшiн пайдалануға арналған.
Бұл процестiң негiзгi мазмұны, оның жаңа немесе бұрыннан жұмыс жасап
жатқан объектiлердiң қайтадан жұмыс жасау жобаларын бекiтуде, экологиялық
мүдделелердi жан-жақты есепке ала отырып, оларға техника-экономикалық
жəне саяси-əлеуметтiк баға беру болып табылады.
Дүниедегi əр түрлi дамыған мемлекеттерде қоршаған ортаға əсердi əр түрлi
бағалайды. Өйткенi экономикасы нашар дамыған, халқы өте кедей халық,
тамақ, киiм, оқу, денсаулық салаларында артта қалған мемлекеттер халқының
тiршiлiгiн қалпына келтiру үшiн экологияны экономиканың дамуы үшiн құрбан
етедi, оларға дұрыс өмiр сүру, қоршаған ортаның əсерiн бағалаудан əлде қайда
маңызды. Бiрақ, экономика саласындағы артта қалудың деңгейiнiң өте терең
болуы, экологиялық мəселермен санаспау, соңында антропогендiк iс əрекет
нəтижесiнде экологиялық апатты болдырмау мүмкiндiгiн азайтады. Сондықтан

Page 20

20
əлсiз экономикалы, нашар дамыған мемлекеттерде қоршаған ортаның ластануы
“кедейлiкпен
ластану”, ал
экономикасы
күштi дамыған
мемлекеттерде
қоршаған
ортаның
сапасының
төмендеуi “молшылықтан
ластанумен”
сипатталады.
Бұл мемлекеттер, табиғаттың саяси-əлеуметтiк жағдайларының əсерiн
есепке ала отырып жасалатын объектiлердiң жұмыс iстеуiне, жұмыс iстеу
кезiнде қолданылатын шикiзатты жəне басқа да қорларды тиiмдi пайдалануына,
олардың қоршаған ортаға келтiретiн керi əсерiнiң мейлiнше аз болуын ескере
отырып, қоршаған ортаны деградацияландырмайтын жобаларды iздестiру
жолдарын қарастырады.
Мiне, сондықтан да қоршаған ортаға əсердi бағалау (ҚОƏБ), қоршаған
ортаның
бiр
тұтастығын
бұзбай
пайдаланатын
толыққанды
осындай
жоспарлардың бiр бөлiмi болып табылады.
Қоршаған ортаға əсердi бағалау (ҚОƏБ) мерзiмiне жəне объектiлердiң
көлемiне, масштабына қарай (регионалды, облыстық, аудандық жобалар,
электростанциялар, су қоймалары, үлкен зауыт-фабрикалар, комбинаттар жəне
т.б.) үш түрлi уақыт маусымына бөлiнедi.
1. Құрылыс жұмыстары жаңадан басталған этапта ауыр жер қазғыш
техника жəне құрал-саймандардың орналастырылып уақытша салынатын
жолдар мен түрлi құрылыс кешендерiнiң салынуы кезiнде қоршаған орта
сапасы шаң-тозаң мен шудың əсерiнен деградацияланып, əлеуметтiк өзгерiстер
пайда болады.
2. Құрылыс жұмыстары бiткен соң қаншалықты құрылыс орындары
көгалдандырылса, жаңа жолдар мен арықтар салынса да құрылыс жұмыстары
нəтижесiнде
түзiлген
қалдықтарды
көмген
шұқырлардың, жолдардың
бағыттары мен орындарының өзгеруiнен ағатын сулар рельефiнiң өзгеруi жəне
басқа да өзгерiстер нəтижесiнде қоршаған ортаның өзгеруi болмай қоймайды.
3. Бiрнеше жылдар жұмыс iстеуi нəтижесiнде бұл өңiрде түрлi өңдеушi
өнеркəсiп орындары жұмыс iстеуi халық санының өсуiне, ал бұл халыққа жаңа
қызмет салаларының ашылуына негiз болады.
Ұзақ мерзiмдi түрлi жобаларды iске асыруда экономикалық жəне саяси
мүдделердi де ескере отырып, дəстүрлi тəжiрибелердi қолданып, қоршаған
ортаны мейлiнше өзгерiске ұшыратпайтын жаңа халықаралық əдiстемелiк
бағалауды жəне жобаларды негiзге алып жүргiзу қажет.
Экологиялык сараптама жасалуға тиіс құжаттама тапсырысшыларының
құқықтары
ҚР Экологиялық
сараптама заңының
6-тарау 35-бабында
көрсетілген.
Мұнда тапсырысшылардың: сарапталатын объекттерге қатысты немесе
сараптама объектілерінің жекелеген талдамалары мен негіздемелері бойынша
жазбаша немесе ауызша түсіндірмелер, ескертпелер мен ұсыныстар беруге;
экологиялык сараптаманың алдын ала жəне түпкiлiктi қорытындыларымен
танысуға; қосымша, қайталап немесе бакылаушылык экологиялык сараптама
жүргізудің орындылығы туралы мəлімдеуге; егжей-тегжейлі зерттеулер мен
есептеулерді талап етпейтін түзетулерді, өзгерістерді дер кезінде енгізуге

Page 21

21
құқығы бар. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген
заңдары, шарт ережелері не өздерінің құқықтары бұзылған жағдайларда
қоғамдық сараптама кызметін көрсету кезінде шартты бұзуға; экологиялық
сараптама жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген
заңдарының бұзылуынан келтірілген зиянды өтеу туралы сотка шағым жасауға
құқығы бар екендігі жайында айтылған.
Экологиялык сараптама жасалуға тиіс құжаттама тапсырысшыларының
мынадай міндеттері бар (ҚР Экологиялық сараптама заңы, 6-тарау 36-бап).
Ø экологиялык сараптамаға қажетті материалдардың сапалы дайындалуы
мен бepілyiн қамтамасыз етуге;
Ø экологиялык сараптама
субъектілеріне
сарапталатын
объектілер
жөнінде
кажетті
материалдар
мен
консультациялар, мəліметтер,
есептеулер, косымша талдамалар беруге;
Ø қоғамдык пікipдi ескере отырып, сараптама объектісін одан əрі icкe
асыру жөнінде шешімдер кабылдауға міндетті.
Мемлекеттік экологиялык сараптама жүргізу кезінде:
Ø белгіленген тəртіппен сарапшылык жұмыстарына акы төлеуге;
Ø сараптама қорытындысында баяндалған экологиялык сараптаманың
нұсқауларын,
ұсыныстарын
орындауға,
кемшіліктер
мен
жаңсактықтарды дер кезінде жоюға;
Ø сараптама органдары белгілеген мерзімде жобаларды экологиялык
сараптамадан қайта өткізуге табыс етуге міндетті.
Негізгі əдебиеттер 2[66-68, 76], 6[6-12]
Қосымша əдебиеттер 3[12-16]
Бақылау сұрақтар:
1. ҚР қоршаған табиғи ортаны қорғау заңы қай кезде қабылданды?
2. Қазақстан Республикасының экологиялық сараптама заңының мəні.
3. Экологиялық сараптама неге сүйенеді?
4. Нормативтi -техникалық құжаттарды кімдер дайындап бекiтедi?
5. Қоршаған ортаға əсердi бағалаудың қажеттілігі.
6. ҚОƏБ мерзiмiне жəне объектiлердiң көлемiне, масштабына қарай
қандай түрлерге бөлiнедi?
7.
Экологиялык
сараптама
жасалуға
тиіс
құжаттама
тапсырысшыларының құқықтары мен міндеттері
3 -дəріс тақырыбы: Экологиялық сараптаманың құрылысы
Экологиялық
сараптаманың
объектісі мен субъектісі. Қазақстан
Республикасының
экологиялық
сараптамаларының
мемлекеттік
концепциялары. Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк органдарының
экологиялық сараптамалаудағы қызмет аясы. Экологиялық сараптаманың
түрлері. Олардың негізгі бағыттары жəне функциясы.
Экологиялық
сараптаманың
объектiлерiне (1-тарау, 6-бап) табиғат
ресурстарына қатысты жоспарлаудың алдындағы, жобалау алдындағы жəне
жобалау құжаттары, келiсiм шарттар, оның iшiнде халықаралық келiсiмдер; ҚР
қоршаған ортаға əсер ететiн, қабылдауға дайындалған заң жобалары мен басқа

Page 22

22
да
құқықтық-нормативтi актiлер, шаруашылық
қызметi кезiнде табиғат
ресурстарын пайдаланушының қоршаған ортаны жəне халықтың денсаулығын
қорғау жөнiндегi талаптарының орындалуын бағалау (экологиялық аудит),
табиғи
ресурстарды
пайдалану, лицензия
мен
сертификат алу үшiн
дайындалған жəне қоршаған ортаны қорғау құжаттары жатады.
Сонымен қатар экологиялық сараптаманың объектiлерi ретiнде ерекше
құқықтық мəртебе беру үшiн арнайы қорғауды талап ететiн территориялар мен
экологиялық аймақтары да жатады.
Экологиялық сараптама субъектiлерi - (1-тарау, 7-бап) кез келген
объектiлерде
мемлекеттiк
экологиялық
сараптаманы
ұйымдастыру
жəне
жүргiзу бөлiгiнде - Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау
саласындағы орталық атқарушы органы жəне оның жергiлiктi жерлердегi
органдары; Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы
орталық атқарушы органы мен оның жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерi
мемлекеттiк
экологиялық
сараптама
жүргiзуге
тартатын
министрлiктер,
мемлекеттiк комитеттер мен өзге де орталық жəне жергiлiктi атқарушы
органдар; қоғамдық экологиялық бiрлестiктер, ғылыми мекемелер жəне оларды
құратын экологиялық -сараптама органдары; экологиялық сараптама жүргiзуге
тартылған жеке адамдар бола алады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының экологиялық
сараптамалаудағы қызмет аясы екiншi тарауда қарастырылған (10-12
баптар).
Қазақстан
Республикасының
үкiметi шет
елдiк
объектiлер
мен
кешендерiнiң мемлекеттiк экологиялық жəне басқа мемлекеттiк сараптамалар
жасау тəртiбiн, олардың Қазақстанның заңдарымен үйлесiмдiлiгiн, Қазақстан
мүддесiн қорғауды естен шығармау мəселелерiн қамтиды.
ҚР Үкiметiнiң жəне орталық атқарушы органдарының
экологиялық
сараптама саласындағы қызмет аясы:
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
Ø Шет мемлекеттер
аумағында
орналасқан
жəне
ҚР-ның
мүдделерiн
қорғайтын объектiлер мен кешендерге Мемлекеттiк экологиялық сараптама
жүргiзу қажет болған жағдайда шет мемлекеттермен өзара iс-қимыл жасау
мəселелерiн шешедi;
Ø Экологиялық ж.б. да мемлекеттiк сараптамалардың өзара iс-қимыл тəртiбiн
белгiлейдi;
Ø ҚР-ң
қолданылып
жүрген
заңдарына
сəйкес
экологиялық
сараптама
саласында өзге де мiндеттердi жүзеге асырады.
2. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, ведомстволар:
Ø экологиялық сараптаманың талаптарына қатысты бөлiгiнде мемлекетаралық
жəне мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етедi жəне
ұйымдастырады;
Ø экологиялық сараптама ұсыныстарын iске асыруға бағытталған ғылыми -
техникалық шешiмдердің енгiзiлуiн ұйымдастырады;

Page 23

23
Ø халықты экологиялық сараптама қорытындылары туралы сенімді ақпаратпен
қамтамасыз етудi ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жүзеге асырады;
Ø Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына, қоршаған
ортаны қорғау жөнiндегi нормалар мен ережелерге сəйкес экологиялық
сараптама саласында өзге де мiндеттердi жүзеге асырады.
ҚР қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы мен
оның жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерінiң мемлекеттiк экологиялық
сараптама жүргiзуге ерекше құқығы бар орган болып табылады.
ҚР-ң
қоршаған
ортаны
қорғау
саласындағы
орталық
атқарушы
органының қызмет аясы:
Ø мемлекеттiк экологиялық сараптаманы ұйымдастырады жəне жүргiзедi.
Ø экологиялық сараптама жүргiзу мəселелерi жөнiнде мемлекеттiк əдiстемелiк
басшылықты жүзеге асырады;
Ø қоршаған ортаға əсердi бағалауды, мемлекеттiк экологиялық сараптаманы
жүргiзу жөнiнде нұсқама-əдiстемелiк құжаттарды белгiленген тəртiппен
əзiрлейдi жəне бекiтедi;
Ø шаруашылық жəне өзге де қызметтi реттейтiн құжаттарды, ондағы
экологиялық талаптарды толық есепке алу бөлiгiнде, үйлестiрiп отырады
жəне бекiтедi;
Ø экологиялық сараптама саласында қоршаған ортаға əсер етудi бағалау
проблемалары жөнiндегi ғылыми зерттеулердi үйлестiрiп отырады;
Ø жоспарлау, жобалау құжаттамасын
əзiрлеу кезiнде
табиғат
қорғау
нормалары мен ережелерi талаптарының орындалуын қамтамасыз ету
бөлiгiнде
министрлiктердiң, ведомстволар
мен
ұйымдардың
тиiстi
қызметтерін бақылауды жəне үйлестiрудi жүзеге асырады;
Ø консультациялар, бiрлескен экологиялық сараптамалар жүргiзу, ғылыми
жəне əдiстемелiк талдамалар алмасу, осындай жұмыстарға шетелдiк
мамандарды тарту мақсатында белгiленген тəртiппен басқа мемлекеттердiң
экологиялық сараптама органдарымен өзара iс қимыл жасайды;
Ø табиғат қорғауды (ТҚ) жобалауға, нормалауға, экологиялық сараптама
саласындағы жұмыстарға белгiленген тəртiппен лицензиялар берудi жүзеге
асырады;
Ø сараптама комиссиясының адам құрамын белгiлейдi, оларда штаттан тыс
сараптамашылар ретiнде жұмыс iстеуге отандық жəне шетелдiк ғалымдар
мен мамандарды, министрліктердің, мемлекеттiк комитеттердің, өзге де
орталық жəне жергiлiктi атқарушы органдардың, қоғамдық бiрлестiктер мен
табиғат қорғау ұйымдарының өкiлдерiн тартады;
Ø министрліктерден, мемлекеттiк комитеттерден, өзге де орталық жəне
жергiлiктi атқарушы органдардан, заңды
тұлғалардан
мемлекеттік
экологиялық
сараптама
жүргiзуге
қажеттi анықтамалық
басқа
да
материалдар алады;
Ø сараптама объектiсiн iске асыру кезiнде министрліктердің, мемлекеттiк
комиссиялардың, заңды тұлғалардың мемлекеттiк экологиялық сараптама
шешiмдерi мен талаптарын орындауына бақылауды жүзеге асырады.

Page 24

24
Жергiлiктi жердегі атқарушы органдардардың жəне өкiлдiктерінің
экологиялық сараптама саласындағы қызмет аясы:
Ø экологиялық
сараптамалар
жүргiзу
үшін
қаржыландыру
көздерiн
анықтайды;
Ø экологиялық сараптаманың əр алуан түрлерiн жүзеге асыру кезiнде
қолданылып жүрген заңдар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге
асыруды ұйымдастырады;
Ø Халыққа өздерi қабылдаған шешiмдерге сəйкес жүргiзілетiн экологиялық
сараптама нəтижелерi туралы хабарлап отырады;
Ø Атқарушы органдар мамандандырылған сарапшылық органдармен жəне
жекеленген азаматтармен сараптама жұмысын жүргiзуге шарттар жасасады.
Экологиялық сараптама табиғи ресурстарды пайдаланушылардың зиянды
қызметінің бетін қайтаруға бағытталған ескерту шарасы болып табылады.
Ескерту бағытындағы мағынасының мəні шаруашылық қызметінің шешімдерін,
оның нəтижелерін айнала ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды
пайдалану, қоғамның экологиялық қауіпсіздік талабына жауап бере алатын
сəйкестілігін алдын-ала тексеру. Экологиялық сараптама мынадай түрлерге
бөлінеді:
- мемлекеттік экологиялық сараптама;
- ведомстволық экологиялық сараптама;
- қоғамдық экологиялық сараптама;
- ғылыми экологиялық сараптама.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы (МЭС)— мемлекеттік қоршаған
табиғи ортаны қорғау саласына сенім берген органы тағайындайды — табиғи
ресурстар жəне қоршаған ортаны қорғау министрлігі. Министрліктің жасаған
қорытындысы
ведомстволар
кұжаттары
үшін
күшінде, міндетті
түрде
орындалуы қажет. Міндетті мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын
объектілер
тізбесі, оны
жүргізу тəртібі Қазақстан
Республикасының
заңдарымен белгіленеді. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы өнім (жұмыс,
қызмет) міндетті мемлекеттік экологиялық сараптама жүрізуге жатқызылса,
оның оңды қорытындысыз Қазақстан Республикасының аумағында оны
жүргізуге немесе оған əкелуге тыйым салынады.
Ведомстволық
экологиялық
сараптама
тиісті
ведомстволардың
бұйрығымен жүргізіледі. Оның жасаған қорытындылары сол тиісті ведомство
кұрылымының ішінде өз күшін сақгайды, егер ол мемлекеттік экологиялық
сараптаманың қорытындыларына қарама-кайшы келмесе.
Қоғамдық
экологиялық
сараптама
- қоғамдык
бірлестіктердің
ұсынысымен ұйымдастырылады жəне мемлекеттік емес құрылымдармен
жүргізіледі. Олардың жасаған қорытыңдысы ұсыныс формасы ретінде болады.
Ғылыми экологиялық сараптама - ғылыми мекемелер немесе жоғары оқу
орындары ұсынысымен жүргізіледі. Сонымен қатар, жеке ғалымдар немесе
ғылыми мекемелер, ұжымдар инициативасымен жасалуы мүмкін, бірақ
олардың қорытындысы ақпаратгық сипатта болады.
Экологиялық сараптама мен қоршаған ортаға əсердi бағалаудың теориялық
негiзiне экологиялық факторларды үнемi есепке алу, сараптау əрекеттерiнiң,

Page 25

25
қимылдарының экологияның басқа салаларымен кешендi байланыстағы мақсат
- мiндеттерi, экологиялық негiздеме жүргiзiлетiн объектiлер мен субъектiлер
типi жəне олардың негiзгi қызметтерi жатады. Бұл процестi шаруашылық
қызметтiң экологиялық сүйемелдеуi (ШҚЭС), дəлiрек айтсақ, шаруашылық
қызметтiң экологиялық реттелуi деуге болады, өйткенi бұл жұмыс идеяның
пайда болуынан бастап, ол ойдың iске асырылуы үшiн барлық iс-əрекеттiң
қоршаған орта сапасының өзгеру мүмкiндiгiн де ескере отырып, объектiнi
жұмысқа қосу кезiнде жəне барлық қуатымен бiр шама уақыт iстегеннен кейiнгi
нəтижелердi есепке алады.
Мемлекеттiк экологиялық сараптама субъектiлерi 3 жақты болуы тиiс:
Ø тапсырыс берушi;
Ø жалдаушы;
Ø тұтынушы;
Тапсырыс берушi билiк жүргiзушi мемлекеттiк құрылым, осындай сарапты
тағайындау құқығы берiлген. Табиғи ресурстар (ТР) министiрлiгi жəне оның
территориялық органдары, ал қажет кезiнде - мемлекеттiк органдар.
Жалдаушы – экологиялық сараптама тапсырысын орындаушы. Оның
орындаушысы – жеке мамандар, сонымен қатар тұтас ғылыми – зерттеу
институттары
болуы мүмкiн. Экологиялық
сараптама
комиссиясының
құрамына жетiк органдар таңдап алып, белгiленген мамандар кiредi.
Тұтынушы – осы қоғамдық қатынас жүйесiнде кəсiпорын немесе мекеме
болады, яғни объектiсiнiң иесi, эксперттiк талдау заты болған.
Негізгі əдебиеттер 1[71-73], 3[66-68], 6[8-9]
Қосымша əдебиеттер 1[18-20], 3[16-18]
Бақылау сұрақтар:
1. Экологиялық сараптаманың объектiлерiне не жатады?
2. Экологиялық сараптама субъектiлерi кімдер бола алады?
3. ҚР Үкiметiнiң экологиялық сараптама саласындағы құзыретi.
4. Министрлiктердің, мемлекеттiк комитеттердің жəне ведомстволардың
экологиялық сараптама саласындағы қызмет аясы.
5. ҚР-ң қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы
органының құзыретi.
6. Жергiлiктi өкiлдi жəне
атқарушы
органдардардың
экологиялық
сараптама саласындағы қызмет аясы.
7. Экологиялық сараптама қандай түрлерге бөлінеді жəне олардың мəні
не?
4 -дəріс тақырыбы: Қоршаған ортаға əсердi бағалау процедурасы
ҚОƏБ жүргізудің əдістері (анкеталау, интервью алу, Дельори əдiсi жəне
дискуссия пiкiр-талас). ҚОƏБ құрылымының екi саласы. Қоршаған ортаға
əсерді бағалаудың кезеңдері.
Шет елдерде кез келген салынатын өндіріс орны жобасы экологиялық
сараптамадан өтеді. Мысалы, Германияда сараптама жұмыстарын мемлекеттік
органдар да, қоғамдық ұйымдар да жүргізуге құқылы. Бұл жөнінде арнайы
федералдық заң бар. Сонда экологиялық сараптама жүргізудің міндеттері мен

Page 26

26
жолдары нақты көрсетілген. Мысалы, белгілі бір жерге өндіріс орындары, жол
немесе көше, басқа да нысандарды салу керек болса, алдымен оның қоршаған
ортаға зиян келтірмейтіндігі басты назарда ұсталады. Ол үшін ұсынылған жоба
жан-жақты
зерттеуден, яғни
сараптамадан
өтеді. Кейде
оған
көптеген
мекемелер мен ұйымдар қатысып қорытынды шығарады. Қашан рұқсат
етпейінше, сол жердің бір түп ағашын кесуге, одан біркүрек топырақ алуға жол
берілмейді. Экология мəселесіне жеңіл қарау, қоршаған ортаны бүлдіру,
зиянды қалдықтар тастау оларда болмайды. Олардағы сараптама екі түрлі
жолмен атқарылады.
Ø шағын жобаларды сараптау, мұны көбінесе шағын ұйымдар жүзеге асырады;
Ø үлкен жобаларды сараптау; Германияның барлық аймағын камтиды.
Жапония елінде
кəсіпорындар
белгілі
бір
префиктурада
салынатын
жағдайда оның қоршаған ортаға тастайтын қалдықтар заттары туралы тұрғын
халыкқа мағлұмат алдын-ала беріледі. Яғни, салынатын өндіріс орны мен
жергілікті əкімшілік арасында қоршаған ортаға зиянды затгар тастамау жөнінде
шарт жасалады. Тұрғын халық өндіріс орнының қоршаған ортаға бөліп
шығаратын зиянды заттары ең шекті мөлшерден асып кетпеуін бақылайды
Жылына бұл елде 2,5-3,0 мың экологиялық сараптама туралы шарт жасалады
екен.
Қоршаған ортаға əсердi бағалау процедурасы
Мақсаттарды қалыптастыру бұл процедураның жауапты жəне орталық
бөлiмi болып табылады. Ал мақсаттар, табиғат қорғау саясатының əдiстемесi
мен жобаларының жəне бағдарламаларының мазмұнын анықтайтын болады.
Егер мақсаттар шаруашылық қызметтер барысында қоршаған ортаға
əсердiң барлығы жан-жақты ескерiлетiнiне жеткiлiктi дəрежеде кепiлдiк бере
алатындай болса, онда ҚОƏБ процедурасы оны қамтамасыз ететiнi анық.
Мысалы, темiр-бетон конструкция комбинатының жобасы қарастырылып
жатқанда тек тұрғын үй проблемалары ғана қарастырылып қоймай, басқа да
əлеуметтiк мəселелерге (халықтың қол бос болмаушылығы (занятость) т.б.
үлкен орын берiлуi қажет. ҚОƏБ кезiнде бүгiнгi күнгi жəне болашақтағы
ұсынылатын техникалық шешiм қоршаған ортаға мейлiнше аз əсер ететiндей
болуына көңiл аударған жөн (ауа жəне су бассейндерiне, топырақ пен
жануарлар жəне өсiмдiктер дүниесiне).
Келесi кезең - ұсынылған нұсқалардың анағұрлым тиiмдiсiн таңдап алу.
Қойылған
мақсатқа
жетудiң
өзектілігіне
қарай
осы күнге
дейінгі
зерттеушiлердiң тəжiрибелерiне сүйене отырып, бұл мəселелермен терең
айналысып жүрген мамандардың ұсынысын пайдалану. Тың - жобалардың
шешiмдерi үшiн тiптi халықаралық тəжiрибеге де сүйену қажет.
Нұсқаларды таңдап алу кезiнде шешiлетiн мақсаттарды екi класқа бөлуге
болады: олар ақпараттық потенциалы жеткiлiктi жəне жеткiлiкгсiз. Бiрiншi
класс проблемалары үшiн бiлiм мен тəжiрибе жеткiлiктi деуге болады, мысалы,
ластанған суларды тазарту əдiсiн таңдау.
Екiншi класс проблемаларында күрделiрек, мысалы, технологияларды
енгiзген кезде бiр маманның ойы жеткiлiксiз, тiптi түрлi бөлiм мамандарының

Page 27

27
ой пiкiрiн де қанағат тұтқан, басқа тəжiрибелердi де қолдану үшiн түрлi
сараптамалардан кейiн ғана шешiм қабылданады.
Қоршаған ортаға əсердi бағалауды (ҚОƏБ) жүргiзгенде зерттеушiлердiң
топтарын проблемаларды теориялық жəне практикалық жағынан жақсы бiлетiн
бiлiктi мамандармен бiрге аралас саладағы мамандардың да қатысқаны жөн .
Осындай мамандардан топты құрған соң олардың ой-пiкiрлерiн алу
басталады. Мысалы, оларға ұсынылған су тазарту технологиясы негiзiнде таза
су алудың əлдеқайда оңай да пайдалы бағыттарын қалыптастыру жөнiнде өз
көзқарастарын ортаға салу тапсырмасы берiледi. Бұл проблеманы талқылау
жазбаша жəне баяндама түрiнде аралас жүргiзiлiп, бұл сұрақ-жауап əдiсiнiң
нəтижесi сараптамалық бағалаудың бiр түрi болып саналады. Сұраудың негiзгi
түрi анкеталау, интервью алу, Дельори əдiсi жəне дискуссия пiкiр-талас болып
табылады. Бұл əдiстердiң қайсысын таңдап алатыныңыз, шешудi қажет ететiн
проблемаға (алғашқы ақпараттың бар-жоқтығына, мерзiмiнiң (уақыттың) аз-
көптiлiгiне, ҚОƏБ жұмсалатын қаржы көлемiне) байланысты болады.
Анкеталау - анкета көмегiмен жазбаша формада жүргiзiледi. ҚОƏБ-да бұл
əдiстiң қолданылуы əдетте шектеулi болады. Интервью тəсiлi - əңгiме сұрақ -
жауап
түрiнде
жүргiзiледi. Əдетте
бұл
əдiстi жүргiзушi, проблеманың
құрылымын жақсы бiлетiн, қойылатын сұрақтарды терең мазмұнды етіп жəне
ретiмен қоя алатын жақсы маман болуы қажет.
Нұсқауларды таңдауда мамандардан жауап алудың пайдалы əдiсi Дельфи
əдiсi қолданылады.
Онда анкеталау көп турлы процедурадан тұрады, əрбiр тур соңында
нəтижелер жарияланып отырады жəне қатысушылар бiрiн – бiрi бiлмейтiн
болады. Бiрiншi турда
қойылатын сұрақтарға
аргументтер келтiрмей
жауаптандырылады да, параметрлер сандармен бағаланады. Соңында барлық
қатысушылардың бағалары оқылады. Сөйтiп ауытқуы өте үлкен болған
қатысушыдан дəлел талап етiледi немесе бағаны өзгерту талап етiледi.
Екiншi турға қатысушылар өз ойларын, жауаптарын аргументтеумен қатар
түзетiлген болса, түсiндiруi тур соңында бiрiншi турдағыдай нəтижелер
жарияланады
да, бағалардағы
ауытқулар
шамалы
болса, оны
түзетiп,
аргументтейдi. Келесi турларды өткiзу де осы нұсқамен жүргiзiледi. Үшiншi
турда əдетте бағалар ортақ шамаларға жақындай бастайды, бұл келесi турларды
жүргiзудiң қажет еместiгiнiң белгiсi болып саналады.
Дельфи əдiсiмен сауалнама (опрос) жүргiзудiң тиiмдiлiгi, бағалаудың
автоматтандырылғандығында, қатысушыларға жариялау жұмыстарын түзету
үшiн компьютердiң қолданылуында.
Пiкiр-талас (дискуссия)- қарастырылып отырған проблеманы ашық түрде
ұжымдық талқылау арқылы түрлi факторларды талдап, оларды оң жəне керi
əсерлерiн
айқындап, мамандардың
ұстанымдары
мен
қызығушылығын
анықтауда
кең
қолданылады. Пiкiр-талас
нақтылы ғылыми
техникалық
проблеманы шешу де пайдаланылады.
Сауалнаманың жоғарыда қарастырылған түрлерi бiр- бiрiн толықтырады
жəне белгiлi бiр дəрежеде бiрiн – бiрi алмастыра алады. Жаңа нұсқаларды

Page 28

28
генерациялау үшiн бұл айтылғандарды кешендi пайдаланған əлдеқайда тиiмдi
болады.
Нұсқаларды анықтаған соң келесi сатыны бағалауға кiрiседi. Ол үшiн
қойылған мақсаттардың орындалғанын немесе орындалмағанын бағалай алатын
белгiлердi қолдану қажет. Бұндай бағалаудың нəтижесiнде қолданылып жүрген
жəне жаңадан қолданылайын деп жатқан технологиялардың қоршаған ортаға
əсерiн салыстыруға, яғни қайсысында қандай өзгерiс, артықшылықтары бар
екенiн бiлiп жəне соған сəйкес қорытынды жасауға мүмкiндiк туады.
ҚОƏБ – көптеген əлеуметтiк – экономикалық факторларды ескере отырып
жүргiзiлетiндіктен, шешiмнiң тиiмдi болуы үшiн анықтаған белгiлердi де
кешендi түрде пайдаланады, сөйтiп əрқайсысының əр түрлi дəрежедегi
мақсатқа сəйкестiгi анықталады.
Əрбiр мақсатты сан жағынан сипаттау қажет, ол үшiн төмендегi əдiстердi
қолданады: тiкелей өлшеу, қосалқы (жанама)- белгiлер, субьективтi шкалалар.
Бiрiншi əдiсте тiкелей өлшеу жүргiзiледi, мысалы, атмосферадағы қатты
заттар мөлшерiн өлшеу арқылы ауаны тазарту жұмысының талаптарға сəйкес
атқарылғаны немесе жеткiлiксiз екенi анықталады.
Екiншi əдiс жанама анықтамалар жүргiзу арқылы, мысалы, ауаның
өнеркəсіп орнындағы ластануын жұмысқа келмеген жұмысшылар санын
есептеу арқылы, жұмыс күндерiнiң iшiндегi бұл шаманы анықтау өндiрiстiң
шығаратын жəне пайдаланатын заттары (өндiрiлген зат көлемiнiң) арасындағы
қатынастармен де анықталады. Дəл осы əдiспен əртүрлi өндiрiс орындарының
қоршаған ортадағы тұрғындардың денсаулығына əсерi бағаланады.
Бұл əдiстердi жүргiзу қиындықтар тудыратын болса, субъективтiк шкала
əдiсiн қолдануға болады. Ол үшiн нөлден жүзге дейiнгі шкала (0 100)
белгiленедi, онда “0”-ден төменгi жəне “100” ең жоғарғы баға деп алынады.
Мысалы, белгiлi бiр жобаның қоршаған ортамен гармониясы 100 дейiк, ал
өндiрiстiк пейзажы 0-ге тең болады. Бұл жағдайда жобаның қоршаған ортаға
əсерiн осы шкала аралығында бағалауға болады.
Егер
экспериментальды
мағлұматтар
болатын
болса, онда
түрлi
нұсқаларды
салыстыру
арқылы
əлдеқайда
жақсыларын
анықтау қиын
болмайды. Мысалы, құрылыс материалдарын шығаратын (кiрпiш, төсеме
кiрпiш
жəне
т.б.) технологиялық
топтамада
(циклда) атмосфераға
шығарылатын ластағыш заттар туралы деректер əрбiр iске асырылуы мүмкiн
жобаларда көрсетiледi. Яғни мұндай жобаларды бағалауда
басты белгiсі
ретiнде сандық сипаттамалар қолданылуы əбден мүмкiн. Жобаның қоршаған
ортаға ұзақ мерзiмдi əсерiн аспапты əдiс көмегiмен бағалау əркезде мүмкiн
болмайды. Бұндай жағдайда мамандардың пiкiрлерi жинақталып, содан соң
бағаланады.
Қоршаған ортаға əсердi бағалауды жүргiзуге өтiнiш – мəлiмдеме –
(ҚОƏБӨ) (заявление)
ҚОƏБӨ - келешекте iске асырылуға ұсынылған жобаның жан –жақты
қарастырылып (орналастырылатын орны, дамуының əр кезеңiндегi балама
қызметтерi, тұрғын
үй
қоры, халықты жұмыспен
қамтамасыз
етуi),

Page 29

29
инфрақұрылымы мен бүкiл əлеуметтiк –экономикалық саласы талданып
көрсетiледi.
Қоршаған ортаға əсердi бағалауды жүргiзу үшiн өтiнiштiң мазмұнында
iске асырылуға ұсынылған жобаның қоршаған ортаға мүмкiн болатын
ластағыш əсерiн, ластағыштардың негiзгi көздерiн жеке – жеке атап, мөлшерiн
көрсетiп, құнарлы топырақтан алынатын көлемдi, тарихи-мəдени құндылығы
бар ескерткiштердi жəне жоспарланып отырған қызметтiң жалпы қауiпсiздiк
дəрежесi көрсетiледi. Сонымен қатар ҚОƏБӨ -əсердiң негiзгi объектiлерiнiң
атауы, олардың iшiнде
өнеркəсiп
орнының
немесе
өндiріс
орнының
жұмысшылары, санитарлық - қорғаушы
жəне жұмысшы зоналары, əсер
тигiзетiн зонадағы тұрғындар, олардың iс-əрекет жүйесi, демографиялық
ерекшелiктер мен этникалық құрылымдары қарастырылады.
ҚОƏБӨ-тiң осы жəне басқа да көрсеткiштерi жобаланып отырған аудан
тұрғындарына тiкелей қатысты болғандықтан, олардың талаптарын қамтамасыз
ету, олардың
шешiмiнсiз жобаның
ары
қарай iске
асырылуы
мүмкiн
болмайтыны, егер олар наразылық тудырмайтын болса, олардың да обьективтi
бағасын алу, сонан сон ғана жоба заңды түрде өзiнiң дамуын жалғастыруы
мүмкiн.
ҚОƏБӨ iске асырылуы ұсынылған жоба қызметiнiң экологиялық жəне
онымен байланысты салалардың жан–жақты мүмкiндiгiнше толық талқылануы
жəне қажеттi дəрежеде тiркеленуiне байланысты. Сондықтан ҚОƏБӨ -
мемлекеттiк басқару органдарына, бақылау жəне басқарудың басқа да
органдарына, экологиялық бағыттағы қоғамдық органдарға, жобаның iске
асырылуын қадағалап отырған аудан халқына жiберiледi. Жергiлiктi жердегi
басқармаларда, өкiлдiк органдарда, əкiмшiлiктiң органдарында бұл мəселелердi
талқылау үшiн тиiстi рұқсаты мен ақпараты болуы қажет. Сондықтан, ҚОƏБӨ-
нiң мемлекеттiк жəне жергiлiктi жердегi тиiстi органдардың талқылауынан
өтуiн үнемi бақылау қажет, өйткенi қазiргi кезде көпшiлiк жағдайда халықпен
санаспай iске асырылып жатқан жобалар аз емес. Ал, бұл мəселелердiң халық
арасында талқылануы əлде қайда тиiмдi нəтиже беретiнi халықаралық
тəжiрибеде баяғыдан
белгiлi. Халықтың
бұл
процестi бақылауы
өз
аудандарындағы халық депутаттары арқылы, заң органдары мен жергiлiктi
əкiмшiлiктерi арқылы, кейде БАҚ, радио, теледидар, митинг жəне тағы басқа
жолдармен əсер етуi ықтимал.
Мүдделілердiң
хабарландырылу көлемi (аймағы) жобаның көлемiне
байланысты болады. Мысалы, өндiрiс орны үлкен алқапты алуы көзделiп
отырса (Iле ауданының Энергетик селосындағы темекi фабрикасы), ауданның
бiрнеше
селосының
халқы, тiптi басқа
аудандардың, облыстың
басқа
облыстармен байланысы ескерiлiп, республика көлемiнде қарастырылады.
Əрине, халықтың
дайындығы
болмағандықтан
жергiлiктi радио,
теледидарда хабарлар ұйымдастырып, мамандардың ой пiкiрлерi баяндалып,
жиналыста жоба жөнінде дайындалған қысқаша мазмұнды мəтінді тарату,
жиналыстарда мамандардың терең тоқталып талдауы
жəне т.б., оларға
жобаның пайдасы
мен зияны ақпарат мамандар тарапынан баяндалуы
нəтижесiнде қоршаған ортаның алдағы өзгерiстерi немесе басқа балама

Page 30

30
ұсыныстардың болуына көңiл аудару, сөйтiп талқылау тек жобаның iске асуын
ғана шешпей, одан да пайдалы iс, халықтың қоршаған орта бiлiмдерiн
тереңдету жəне экология туралы əлдеқайда терең ойлар туғызуға əсерiн
тигiзедi. Осы ортада жобаның кейбiр қауiп - қатерге де жол ашуы мүмкiн
екенiн, оның көлемi мен зардаптарын жою мəселелерi талқыланып ашық
айтылған соң əртүрлi қауесеттiң алдын алуға, жобаның қиындықсыз iске
асуына оң əсерiн тигiзедi.
Жобаны талқылаудың барысында, барлық жақтар –жоба иесi, жергiлiктi
жер əкiмшiлiгi жəне тұрғындардың ортақ ой пiкiрге келу нəтижесiнде айтылған
ұсыныстарды
ескерiп, талқыланған жобаның
сол
өңiрде
экологиялық
жағдайларды бұзбайтынын есепке ала отырып, iске асыру халыққа да, ауданға
да тиiмдi ортақ мəмлеге келедi.
Екi ұғымды
салыстырғанда
айқындалатын – олардың
принциптiк
айырмашылығы, яғни мемлекеттiк экологиялық сапраптама қоршаған ортаға
əсердi бағалау кезiнде жүргiзiлген зерттеулер мен болжаулар нəтижелерiн
қайта бақылау деп қарауға болады.
ҚОƏБ жобасы негiзгi құжаттың құрамдас бiр бөлiгi ғана емес, бiржолы
аяқталған зерттеулер нəтижесi, əр түрлi органдар үшiн түсiнiктi түрде,
бағаланатын обьектiнiң келтiретiн барлық мүмкiн əсерлерi ескерiлiп, əрi
мамандарға, əрі мүдделi кiсiлерге түсiнiктi құжат болып саналады.
Бұл нəтиже ҚОƏБ құрылымының мазмұнды бiртұтас жəне дұрыс
үйлесiмдi жұмысымен түсiндiрiледi.
ҚОƏБ құрылымының екi саласы бар. Оның бiрiншiсi: көлбеу құрылым -
жобаның
барлық
элементтерi мен факторларының
бiрiздiлiкпен
өзара
байланыста
əрекеттесуiн
қарастырады. Мысалы, табиғи
факторлардың
атмосфера, гидросфера, литосфера, биота жəне əлеуметтiк ортамен мүмкін
болатын басқа əсерлерi қарастырылады.
Екiншiсi: тiкшiл құрылым– бұның мағынасы белгiлi бiр аймақтағы
көптеген табиғи процестердегi заңдылықтарды талдап, өзгеру жəне бұзылу
дəрежесiн бағалау, нəтижесi объект қызметi жобасының негiзi болып табылады.
Осы талдаудың негiзiнде болжамды бағалаулар жүргiзiледi де, ол ҚОƏБ-ның
негiзгi зерттеуi болып саналады. Сонымен, ҚОƏБ-ның əрбiр бөлiмi “көлбеу
құрылымның” үш деңгейiнен тұрады:
Ø спонтанды (iштейгi) ерекшелiктерi мен заңдылықтары;
Ø қазiргi жай-күйi;
Ø жоба бойынша мүмкiн болатын əсердiң салдарын бағалау.
Əрбiр бөлiмде тiкелей жəне жанама əсерлердiң басқа факторлар жағынан
ықпалы қарастырылып, əрбiр бөлiмнен шығатын қорытындыларды жинақтап
қолдана отырып, кешендi баға беру мүмкiн болады. Қоршаған ортаға əсердi
бағалауда мiндеттi түрде қауiп-қатердiң болу сипаты жəне оның тереңдiгi, оның
қоршаған ортаға əсерiнiң салдары мен жою жолдары көрсетiлуi қажет.
ҚОƏБ жобаларында объектiнiң жұмыс жасау мерзiмi аяқталған кезде оны
жою жұмыстары да есепке алынуы шарт. Қолданылып отырған халықаралық
келiсiмдер бойынша қоршаған ортаға үлкен зиян келтiретiн қауiп-қатер,

Page 31

31
апаттар, олардан сақтандыру жүйесi алдын-ала ескерiлуi қажет. Бұл сақтандыру
жүйелерi қауiптi деп
саналатын
барлық
объектiлердi қамтып, ҚОƏБ
жобаларында орын алуы керек.
Өндiрiс орындарының қауiпсiздiгiн бағалаудың негiзгi жолдары тиiстi
нормативтi-құқықтық құжаттарда келтiрiлген. Қазiргi кезде елiмiзде жобалау
мен экологиялық сараптау тəжiрибесiне белсендi түрде əлемнiң көптеген
дамыған жəне дамушы елдiрiнiң заңдарында бекiтiлген қоршаған ортаға əсердi
бағалаудың идеологиясы мен методологиясы енгiзiлуде.
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау заңы бойынша
өндiрiс жəне басқа өнеркəсiп орындарын, түрлi объектiлердi орналастыруда
төмендегi талаптарды орындау қажет: объектiлер қызметi кезiнде қысқа жəне
ұзақ мерзiмдi экологиялық, экономикалық, демографиялық, мiнез-құлықтық
зардаптарынан халықтың денсаулығы мен əлауқатының жоғары дəрежеде
болуы
қамтамасыз
етiлуi тиiс. Бұл
қойылған
талаптардың
орындалу
кепiлдiгiнiң толықтығы мен жеткiлiктiлiгi, ҚР қоршаған ортаны қорғау
саласындағы орталық атқару органдары мен оның жергiлiктi бөлiмшелерiнiң
тарапынан жоспарлау алдында, жобалау алдында жəне жобалау құжаттамасын
əзiрлеу кезiнде бағаланады.
Бұл қойылған шарттардың жоспарлау алдындағы, жобалау алдындағы жəне
жобалау құжаттарын дайындау кезiндегi толық орындалуын қамтамасыз ету
үшiн қоршаған ортаға əсердi бағалау процедурасының кезеңделiп (этапталып)
жүргiзiлгені жөн (1-сызба-нұсқа).
1-сызба-нұсқа
Қызмет тапсырушының
мақсат-мүдделерiн анықтау
үкiмет
органдарынан
жəне
мемлекеттiк
басқармалардан жоспарланып отырған қызметтi
əрi қарай зерттеп, қажеттi құжаттарды дайындау,
экологиялық шарт-тар мен талаптарды қамтитын
құжаттарды алу немесе үйлестiру
Қоршаған ортаға
жоспарланған қызметтiң
жасайтын əсерiн бағалайтын
жұмыстың көлемiн анықтау
Жоспарланып отырған
қызметтiң қоршаған ортаға
ықтимал əсерiн сипаттай алатын
материалдарды дайындау
Тапсырушының мақсат-мүддесiн жəне iске асыру қызметiнiң құжаттарын қоршаған ортаға
қолайсыз жағдайлар əсерiнен болуы ықтимал экологиялық əлеуметтiк-экономикалық жəне
басқа да жағдайларды ескерiп түзету
Қоғам мүшелеріне жəне қоғамдық тыңдау өткізу
үшін жоспарланып отырған бағдарламаға жан –
жақты ғылыми талдау жасау арқылы қоршаған
ортаға ықтимал əсерін анықтай алатын
материалдардың қайтадан қарастырылуы
нəтижесіндегі жаңа ұсыныстар дайындау; қызмет
тапсырушының экологиялық ықтимал
қолайсыздықтар жəне онымен байланысты
əлеуметтік-экономикалық ж.б. да салдарының
қоғамдық талдануы
Қоршаған ортаға əсерді бағалаудың кезеңдері

Page 32

32
Негізгі əдебиеттер 1[74-76], 3[68-69], 6[9-11]
Қосымша əдебиеттер 1[21-23], 3[18-21]
Бақылау сұрақтар:
1. ҚОƏБ қай уақытта жүргізіледі?
2. Бiлiктi мамандармен бiрге аралас саладағы мамандар тобын құру
қаншалықты қажет?
3. ҚОƏБ нұсқалардың тиiмдiсiн таңдап алудың пайдасы бар ма?
4. Дельфи əдiсiнің тиімділігі;
5. ҚОƏБӨ қалай жүзеге асады?
5 -дəріс тақырыбы: Мемлекеттік экологиялық сараптаманың жүргізу
формалары жəне стадиясы
МЭС-ға берiлетiн құжаттарға қойылатын талаптар. МЭС шарттары,
аспектiлерi.
Мемлекеттiк
экологиялық
сараптама
(МЭС)
Қазақстан
Республикасының экологиялық сараптама заңының үшiншi тарауының 13-28
баптарында орын алып, 16-бапта кең қарастырылған. Мемлекеттiк экологиялық
сараптама Қазақстан Республикасының орталық атқару органының жəне
жергiлiктi жердегi оның бөлiмшелерiнiң қоршаған ортаны қорғау саласындағы
қызметi болып табылады. Ол мiндеттi түрде орындалуы тиiс жəне табиғат
қорларын пайдалану мен оны қорғау жөнiнде құқықтық шешiмдер қабылдауға
негiз
болуы
қажет. Мемлекеттiк экологиялық сараптаудың
бағасы
оң
болмайынша жобаны iске асыру мүмкiн емес. Кейбiр жағдайларда қайтара
мемлекеттiк сараптау жүргiзу қажеттiгi пайда болады (13-бап, 2-бөлiм).
Арнайы бапта (14-бап, 1-10 бөлiм) мемлекеттiк сараптама мiндеттi түрде
жүргiзiлуi тиiс объектiлер келтiрiледi, əрi ол жобалардың техникалық-
экономикалық негiздеулерi, кешендi нұсқа жобалары, жекешелендiрiлген жəне
мемлекеттiк мүлiк иелерi мен табиғат қорларын сақтау жəне оны қорғау
салаларындағы негiздемелер ҚР заңдарына сүйене отырып жасалады.
Мемлекеттiк экологиялық сараптамаға берiлетiн құжаттарға қойылатын
талаптар (15-бап, 1(а,б) жəне 2-бөлiм) жеке-жеке барлық шарттарды талдап
келiп, жоспарланған қызмет пен шаруашылықтың санитарлық нормаларға эко-
əлеуметтiк жəне экономикалық əсерлерiнiң қоршаған ортаға, халықтың
денсаулығына ол шаруашылық қызметтiң барлық жұмыс iстеу мерзiмiндегi
келтiре алатын терiс əсерлерi көрсетiлген мəлiмдеме түрiнде берiлген соң
бағаланады. Бұл құжаттар жергiлiктi органдармен үйлесiм тауып, аз қалдықты
немесе қалдықсыз технологияларды пайдалану, тиiмдi энергия үнемдеушi,
кешендi (комплекстi) қайта өңдей алатын, мейлiнше аз табиғат ластағыш
заттарды бөлетiн, əрi оларды табиғатқа зиянсыз күйге келтiре алатын
қондырғыларының болуына көңiл бөлiнедi.
Халықаралық тəжiрибеге сүйенетiн болсақ, экологиялық сараптама (ЭС)
мен қоршаған ортаға əсердi бағалауды (ҚОƏБ) ұйымдастыру үшiн, төмендегi
ұғымдарды қарастырып, олардың мағыналарын талдаған соң, ЭС мен ҚОƏБ
принциптерi негiзiнде қажеттi құжаттарға сүйене отырып, белгiлi тəртiппен

Page 33

33
ұйымдастыру процедурасының өткiзiлуi мүмкiн. Ендi осы
ұғымдардың
əрқайсысына тоқталып өтейiк.
Дəйек (негiздеме) жəне
оқиға (основание
и
случай) мемлекеттiк
экологиялық сараптаманы жүргiзуге қажеттi оқиғаны анықтау белгiлерiне
мыналар жатады:
1. Өзiнiң құрамы мен көлемi жағынан нормативтi жəне құжатталған
талаптары белгiленген объектiлер мен жобалар.
2. Мемлекеттiк
мекемелердiң
немесе
тиiстi құқықты
органдардың
шешiмдерiнiң болуы.
3. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзуге құқықты осы саладағы
органның басты шешiмi.
4. Жергiлiктi жердегi органдардың немесе сол территорияда тұратын
тұрғындардың пiкiрлерi (анкеталар немесе референдум нəтижелерi).
Кез келген қызметтiң экологиялық қауiптiлiк принципiн көз алдымызға
елестете
алатын
болсақ
жəне
экологиялық
сараптаманы
жүргiзудiң
мiндеттiлiгiн ескерсек, онда заңда көрсетiлген объектiлердiң барлығына кез
келген уақытта келтiрiлген барлық құжаттар негiзiнде экологиялық сараптама
жүргiзiледi. Бiрақ, бұдан экологиялық сараптаманың мiндеттi түрде жүргiзiлуi
емес, тек жанама қажеттiлiгi туады, ал оның экологиялық сараптама
саласындағы мемлекеттiк өкiлеттi органдар тарапынан шығарылған шешiм
бойынша жүргiзiлуi туралы қарар алынады. Тек заң жүзiнде бекiтiлген сот
немесе арбитражды соттардың қаулысы негiзiнде қабылданған шешiм ғана
мемлекеттiк экологиялық сараптауды қайтара жүргiзуге тiкелей негiз бола
алады (ҚР Экологиялық сараптама заңының III тараудың 13-бабы).
Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу нұсқауында төмендегiдей
жағдайларға байланысты МЭС жүргiзiледi:
1. Үкiметтiң тапсыруы бойынша.
2. Үкiмет органдарының, территорияларда облыстық əкiмшiлiктерi мен
атқару органдары шешiмдерiмен.
3. ҚР экология жəне биоресурстар министрлiгiнің үкiмi бойынша.
4. Сот органдарының шешiмi бойынша.
5. Тапсырысшының (заказщиктiң) өтiнiші бойынша.
Заңда
алғашқы
мемлекеттiк
экологиялық
сараптама
жүргiзiлiп
оң
қорытынды алған объектiлерге қайтара экологиялық сараптама жүргiзу үшiн
кейбiр толықтырулар енгiзiлген:
- алғашқы
алынған
мемлекеттiк
экологиялық
сараптама
бойынша
жасалған ескертулердi жою жұмыстары;
- мемлекеттiк экологиялық сараптамадан оң қорытынды алынған соң
құжаттарға енгiзiлген өзгертулер;
- оң шешiм алынған МЭС-мерзiмiнiң аяқталуы.
Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзуде дəйек пен жағдаймен бiрге
ЭС жүргiзуге қажеттi шарттың анықталуы да өте маңызды. Заңдағы
шарттардың кейбiреулерiн ерекше атап өтуге болады. Мысалы, (мемлекеттiк
экологиялық сараптама заңының 3 тарауы, 15-бабы) мемлекеттiк экологиялық
сараптамаға берiлетiн құжаттар пiшімi мен мазмұны жағынан белгiленген

Page 34

34
шарттарға сəйкес болуы, яғни жоспарланып отырған қызметтiң жүзеге
асырылуы
кезеңiнде
оның
қоршаған
ортаның
жай
күйiне, халықтың
денсаулығына тигiзетiн əсерiне, жоспарланып отырған қызметтi iске асыру
туралы орталық жəне жергiлiктi атқарушы органдармен келiсу құжаттары,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы
орталық атқарушы органы белгiлейтiн тəртiпке сəйкес қоғамдық пiкiрдi ескеру
жəне т.б.
Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу тəртiбiнде заңдағы кейбiр
нормативтердi нақтылап МЭС төмендегi шарттарға сəйкес болғанда ғана
жүргiзiледi:
1. Сараптама жасауға қажеттi құжаттардың толықтығы белгiлi тəртiппен
тiркелiп алдын-ала тексерiлгендiгi.
2. Материалдардың нұсқаудағы (инструкцияға) белгiленген талаптарға
сəйкестiгi.
3. Сараптаушы комиссияның тағайындалуы жəне оның құрамының
бұйрық бойынша бекiтiлуi.
4. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзiлу мерзiмiнiң анықталуы
(бұл мерзiм 3 айдан аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн, МЭС заңы, 26-бап).
5. Сараптау нəтижесiн мүдделілерге жариялау.
Жоғарыда қарастырылған экологиялық сараптаманы ұйымдастыру мен
өткiзу шарттары мемлекеттiк сараптама үшiн де, қоғамдық сараптама үшiн де
қолданылады.
Бұл шарттар жəне басқа да нормативтi-əдiстемелiк құжаттар, сонымен
қатар табиғи, əлеуметтiк-экономикалық жəне т.б. факторларды есепке алу
тəртiбi жоба
алды
жəне жобалау
құжаттарында
көрсетiлiп
төмендегi
аспектiлердi ескерудi ұсынады:
1. Экожүйе компоненттерiнiң күйiн көрсететiн мөлшерлiк көрсеткiштер.
2. Территорияның қазiргi экологиялық күйiнiң бағасы.
3. Жобаланып отырған қызмет сипаты туралы деректер мен оның
қоршаған ортаға əсерiнiң түрлерi.
4. Халықтың денсаулығы, əлеуметтiк орта жəне экономикалық потенциал
туралы деректер.
5. Жобаланып отырған қызметтiң iске асуы нəтижесiнде қоршаған ортада
мүмкiн болатын өзгерiстер болжамы.
6. Табиғи ресурстарды немесе қоршаған табиғи ортаны пайдалану
жөнiндегi шектеулер.
7. Объектiнiң қоршаған ортаға жəне халыққа əсерiнiң зардаптарын
бағалау.
8. Объектiнiң немесе қызметтiң негативтi əсерiн азайту үшiн жасалатын
табиғат қорғау iстерiнiң тиiмдiлiгiнiң бағасы жəне сипаты.
Экологиялық
сараптамаға
берiлетiн материалдар
мен
құжаттарға
қойылатын талаптар (экологиялық негiздемелер, жобалар, инвестицияланған
жəне құрылыс жобалары т.б. құжаттар, нормативтi құжаттар сонымен қатар
техника
мен
технологиялардың
экологиялық
негiздемелерi) мемлекеттiк
экологиялық сараптама жүргiзу жөнiндегi нұсқауда көрсетiлген.

Page 35

35
Мемлекеттiк экологиялық сараптама процедурасы тiзбектелген сатылардан
тұрады да, сараптаушы органдар
сарапталушы объектiнi зерттеу жəне
бағалауды өткiзiп, негiздеменi тұжырымдап, шынайы сараптама қорытындысын
жасайды.
Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзудi қаржыландыру “Қазақстан
Республикасының
мемлекеттiк
экологиялық
сараптама
жүргiзу
мен
қаржыландыру жəне төленетiн төлемдер тəртiбi” құжаты негiзiнде жүргiзiледi.
Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу үшiн тағайындалатын төлем
көлемi ҚР экобиоресурстар министрлiгi жағынан қабылданып, бекiтiлген
нормативтi құжаттармен немесе үкiмет қаулысы бойынша анықталады (5 тарау,
33-бап).
Негізгі əдебиеттер 1[81-82], 3[70-71], 6[33-35]
Қосымша əдебиеттер 1[24-26], 3[21-23]
Бақылау сұрақтар:
1. Мемлекеттiк экологиялық сараптамаға берiлетiн құжаттарға қандай
талаптар қойылады?
2. ЭС мен қоршаған ортаға əсердi бағалауды ұйымдастыру
3. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүргiзуге қажеттi оқиғаны
анықтау белгiлерi
4. МЭС қандай шарттарға сəйкес болғанда ғана жүргiзiледi?
5. Шарттар жəне басқа да нормативтi-əдiстемелiк құжаттардағы
аспектiлердi ескеру
6 -дəріс тақырыбы: Мемлекеттік экологиялық сараптамаларды
өткізу мерзімі (уақыты) жəне құжаттарды дайындау жүйелерінің іске
асу мерзімі
Мемлекеттiк сараптама жүргiзу үшiн құжаттардың қарастырылу тəртiбi
жəне оның негiзгi қағидалары нұсқауда келтiрiлген (21.02.1997ж. бекiтiлген).
Мемлекеттiк экологиялық сараптамаға берiлген жобалау құжаттары
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық
атқарушы
органы
белгiленген
тəртiппен
тiркеу жүргiзедi. Мемлекеттiк
экологиялық сараптама жүргiзу туралы өтiнiштiң болуы жəне сараптамаға
берiлген
қажеттi материалдардың,
реквизиттердiң
болуы,
барлық
информацияның
толымдылығы, соның iшiнде
жоспарланып
отырған
шаруашылық қызметiнiң қоршаған ортаға əсерiн бағалауды жəне олардың
Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына жəне нормативтi
талаптарына сəйкес келуi т.б. жағдайлардың ескерiлгенi тексiрiледi.
Бұл
құжаттарды
сүйемелдеушi (сопроводительное) хатта
сараптау
жұмыстарының төленетiнi туралы (Қазақстан Республикасының Министрлер
Кабинетiнiң 29.06.1993ж. № 549 қаулысына сəйкес) объектi тапсырысшының
(заказщик) қолы қойылып, мөрi басылу керек. Материалдардың қарастырылуға
қабылдану
фактiсi Басмемсараптама немесе
облыстық
экология
жəне
биоресурстар басқармасының əдейi арналған журналына жазылады да, содан
кейiн облэкобиоресурстар бөлiмiнде немесе Басмемсараптаманың бiр бөлiмiне

Page 36

36
берiледi, сөйтiп олар əрбiр қызметтiң ерекшелiктерiне қарай бұл жобаның
сараптама жұмысын ұйымдастыруды бастайды.
Мемлекеттiк
сараптауға
берiлген құжаттарды
рұқсатсыз
қызмет
бөлмелерiнен алып шығаруға немесе басқа бiреуге беруге болмайды.
Сараптаманың алғашқы сатысында мемлекеттiк экологиялық сараптауға
берiлген құжаттардың толықтығы мен жоба материалдарының негiздiлiгi
нұсқаудың
бесiншi бабына
сəйкес өткiзiледi. Алдын-ала
сараптаудың
талаптарын
қанағаттандыратын
материалдар
ары
қарай
қарастырылуға
жiберiледi. Бұл сатыдағы талаптарға сай келмейтiн құжаттар одан ары
қарастырылуға
жiберілмей
қайтарылады. Ол
үшiн
қайтарылу себептерi
көрсетiлiп, жоба иелерiне хабарландырушы хат (уведомление) қоса жолданады.
Барлық құжаттар талаптарға сай болған жағдайда, жауапты қызметкер
жобаның мемлекеттiк сараптамалау категориясын, оны жүргiзу мерзiмiн, iстi
жүргiзу үшiн қажеттi мамандар санын жəне мемлекеттiк экологиялық
сараптама
жүргiзудiң
төлем
ақысын
анықтайды. Сонымен бiрге, ол
тапсырысшыға ескертпе хатпен (уведомление) құжаттарының қабылданғанын
жəне 30 күн iшiнде мемлекеттiк экологиялық сараптама жұмыс ақысының
төленуi туралы хабарлаушы хат жiбередi (iстелетiн сараптама жұмыстарының
көлемi жəне төленетiн құжат көшiрмесiмен бiрге).
Мемлекеттiк
экологиялық
сараптау
категориясының
күрделiлiгi
сарапталушы
объектiнiң
күрделiгiне
байланысты: жоспарланып
отырған
қызметтің қауіптілігіне, табиғи жағдайларының күрделілігіне, жоспарланып
отырған шаруашылық жəне басқа қызметтiң орналастырылған территориядағы
экологиялық жағдайға жəне сараптауға ұсынылып отырған құжаттардың
көлемiне байланысты болады.
Объектiнiң мемлекеттiк экологиялық сарапталу күрделiлiгi экологиялық
қауiптiлiк классификаторы бойынша анықталады. Сараптама жүргiзiлу мерзiмi
де объектiнiң күрделiлiгiне байланысты болады. Ол мерзiм 30 күн, 60 жəне 120
күн болуы мүмкiн. Классификациялау бойынша күрделi, орташа күрделiлiктi
жəне жай деп үш категориялы процедурамен жүргiзiледi.
Сараптама мерзiмi мемлекеттiк экологиялық сараптама басқармашылығы
немесе облыстық экологиялық басқармашылық ұйымдары жағынан ұзартылуы
мүмкiн, бiрақ ол мерзiм 6 айдан аспауы тиiс.
Егер сараптама жүргiзу төлем ақысы 30 күн iшiнде төленбесе, онда барлық
құжаттар объектi иесiне хабарландырушы хатпенен қайтарылып жiберiледi.
Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзудiң басталу мерзiмi төлем
ақысы жасалғаннан кейiн 30 күннен аспауы қажет. Бұл мезгiл iшiнде жауапты
қызметкер
сараптама
комиссияларының
мүшелерi бастығын, жауапты
хатшысына
кандидаттар
жөнiнде
ұсыныс
дайындайды. Сараптаушы
комиссияның
бастығы
жəне
жауапты
хатшы; сараптаушы
комиссия
мүшелерiнiң санын; сараптаушы комиссияның жеке мүшелерiнен сарапшылар
тобын
тағайындайды; сараптаушы комиссия
жұмысының
календарлық
жоспарының жобасын; сараптамашылар тобының жауаптысы үшiн техникалық
тапсырмалар дайындайды.

Page 37

37
Күрделi емес
объектiлердiң мемлекеттiк экологиялық сараптамасын
жүргiзу
мемлекеттiк
экологиялық
сараптаушы
органдардың
қатардағы
сараптаушылардан тағайындалған комиссия тарапынан жүргiзiлуi де мүмкiн.
Мемлекеттiк экологиялық сараптамашылардың штаттық сарапшысының
бюджеттiк
емес
объектiлердi сараптау
жұмыс
ақысының
төленуi “ҚР
мемлекеттiк сараптама жүргiзу мен қаржыландыру жəне төленетiн төлемдер”
құжаты негiзiнде жүргiзiледi.
Жауапты қызметкер мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу үшiн
техникалық тапсырманы дайындап, сараптаушы комиссияның əрбiр мүшесiмен
келiсiм – шарт жасап, бұл құжаттардың жобасы мен бұйрықты республикалық
мемлекеттiк
экологиялық
сараптама
басқару органына
немесе
оның
территориялық органдарына бередi.
Объектiнiң
мемлекеттiк
экологиялық
сараптамасы
Қазақстан
Республикасының
экология
жəне
биоресурстар
министрлiгi тарапынан
бұйрыққа қол қойылған күннен басталады.
Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзiлу мерзiмi сарапталушы
объектiнiң жұмыс көлемiне байланысты болады, бiрақ 120 күннен аспау керек,
ал жалпы МЭС жүргiзуге бөлінген уақыт алты айдан артық болмауы қажет.
Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың жауапты қызметкерi сараптау жұмысы
басталғаннан он күннен кейiн мемлекеттiк экологиялық территориялардың
органдарын жəне жергiлiктi жердегi басқарушы органдарды iстелейiн деп
отырған жоба туралы хабардар етуi тиiс.
Сараптамашылар
комиссиясының
Қазақстан
Республикасының
қолданылып жүрген заңдарына сəйкес өзiн құрған орган беретiн құқықтары мен
мiндеттерi болады (Мемлекеттiк экологиялық сараптама заңы, 3-тарау, 19-бап).
Сараптамашылар комиссиясын мемлекеттiк немесе қоғамдық экологиялық
сараптама тағайындауға, оған басшылық етуге жəне оны жүргiзуге құқығы бар
орган нақты объектiге экологиялық сараптама жүргiзу үшiн құрылады.
Сараптамашылар комиссиясының құрамында сараптаудың зерттеу бағыттары
бойынша топтар құрылады.
Сараптамашылар
комиссиясы
жұмысының
нəтижелерi сарапшылар
комиссиясының жиынтық қорытындысы түрiнде баяндалады. Сарапшылар
комиссиясының құрылымын, мазмұнын, қорытындысын iске асыру мен оған
шағым жасау тəртiбiн экологиялық сараптама жүргізуді ұйымдастырушы
сарапшылық орган белгілейді, сараптамашылар комиссиясының нақты жұмыс
тəртібін де сол бекiтедi.
Мемлекеттiк
сараптама
комиссиясының
жұмысы, сараптамашылар
комиссиясының мүшелерi мен тапсырысшы объектiнiң жауапты адамдары
жəне басқа да мүдделi ұйымдардың өкiлдерi қатысқан ұйымдастырушы
жиналыстан
басталады. Бұл
жиналыста: сараптамашылар
мемлекеттiк
экологиялық
сараптама
туралы
бұйрықпен
таныстырылады; сараптау
комиссиясының төрағасы объектінің мемлекеттік экологиялық сараптама
жүргiзу тəртiбiмен таныстырады; тапсырысшы өкiлi жоспарланып отырған
жобаның
сипаттамасымен
таныстырады; сарапшылардың
сараптама
топтарымен сараптаушы комиссия жұмыстарының күнтiзбелiк жоспарлары

Page 38

38
қарастырылады; əрбiр сарапшының жеке жəне сарапшылар топтарының
қорытындыларын дайындау мерзiмдерi белгiленедi; сараптама комиссиясының
қорытынды жобасын дайындау мерзiмi анықталады.
Ұйымдастыру жиналысының қорытындысы хаттама түрiнде жасалады
жəне оған қатысқан кiсiлердiң тiзiмi комиссия төрағасы мен жауапты хатшы
тарапынан қол қойылып бекiтiледi. Комиссияның əрбiр мүшесi мемлекеттiк
экологиялық сараптамаға ұсынылған жобамен танысып, əрқайсысы жеке-жеке
сараптама қорытындысын жазады. Бұлар комиссияның топтары алдында
талқыланады. Бұйрық бойынша қажет болған жағдайда сарапшылар объектiге
тiкелей баруы жəне басқа сала мамандарын комиссия мүшесi етiп қосымша
алуына
да
болады. Егер
сараптау
комиссиясы
қосымша
материалдар
қажеттiлiгiн талап ететiн жағдай туса, тапсырысшыдан комиссия төрағасы
ресми хабарландыру хат (уведомление) жазу арқылы ол қажеттерiн сұрай
алады.
Сараптаушы комиссияның жұмыс жиналыстары да хаттама түрiнде
жазылып комиссияның төрағасы жəне жауапты хатшы тарапынан қол қойылып,
жалпы iс қағаздарына тiркеледi.
Əрбiр сарапшы қорытындыларын топ жетекшiлерi жинап, əр топ атынан
өздерi қорытынды
дайындап, комиссия
бастығына
ұсынады. Сараптау
комиссиясының бастығы сарапшылардың қорытындыларын талдап, жиынтық
қорытындының жобасын дайындайды.
Соңғы жиналысқа дейiн сарапшылар комиссиясының жауапты хатшысы
тапсырысшыны
мемлекеттiк
экологиялық
сараптама
қорытындысымен
таныстырады
да, жиналысқа
дейiн комиссияға
құжаттарын
өткiзуiн
хабарлайды.
Сараптаушылар комиссиясының соңғы отырысында қорытынды жоба
талқыланады. Мемлекеттiк
экологиялық
сарапшылар
кеңесiнiң
бұл
отырысында кеңес төрағасы – Басмемэксараптама бастығы, ал облыстық
басқармаларда – экология жəне биоресурстар басқармасының бастығы немесе
бастықтың орынбасары өткiзедi. Оған тапсырысшы өкiлдерi, құжаттарды
дайындаушылар, басқа да мүдделi ұйымдар өкiлдерi қатысады. Сараптаушылар
комиссияның жетекшiсi сараптау комиссиясының жұмысы туралы баяндама
жасап, қорытынды жобасының тұжырымдарымен таныстырады. Мемлекеттiк
экологиялық сараптама қорытындысы жөнiнде шешiмдi қабылдауда тек
сараптау комиссияның мүшелерi қатысуы қажет.
Сараптаушылар комиссиясының соңғы мəжiлiсi де хаттама түрiнде
жазылып жəне қатысқандар тiзiмi сараптама комиссиясының жетекшiсi мен
жауапты хатшы тарапынан қол қойылып бекiтiледi.
Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысында ескертулер
болмауы керек. Ал егер ұсыныстар немесе толықтырулар болатын болса, олар
жоба шешiмдерiн бұзбайтын, оған əсер ете алмайтындай өзгеше, яғни
мазмұнын өзгерте алмайтындай болуы қажет.
Егер
сарапшылар
тарапынан
қорытындыға
байланысты
ескертулер
болатын болса, онда қорытындыдағы немесе құжаттардағы ескертулердi

Page 39

39
түзетiп қайтадан “ескертулерiмен” деген белгi жасап, сараптаушы комиссияның
барлық мүшелерi қол қояды.
Егер
бұл
аталғандардың iшiнде
бiреулерi өзгертулерiмен немесе
ескертулермен
келiспейтiн
болса
(мысалы
экологиялық
сараптама
процедурасының бұзылуы немесе
қорытындының кейбiр
баптарымен
келiсiлмеуi), онда
қорытынды қайтадан
қарастырылу үшiн мемлекеттiк
экологиялық сараптама басқару органдарына “ерекше пiкiр” таңбасымен жəне
келiспеушi сарапшының қолы қойылып, комиссия мүшелерiнiң көпшiлiгiнiң оң
пiкiрде болу немесе болмауына байланысты комиссия жетекшiсi сарапшылар
кеңесiмен бiрге Қазақстан Республикасының экология жəне биоресурстардың
территориялық
бөлiмшелерiнiң басқарушы
органдарына
баяндап, бұл
құрамдағы комиссия мүшелерi тарапынан мемлекеттiк экологиялық сараптама
қорытындысының қабылдана алмайтынын, сондықтан оны қайта өткiзу үшiн
комиссия
құрамына
қосымша
сараптамашы
енгiзе
отырып, сараптама
мерзiмiнiң ұзартылуын сұрайды. Қорытынды нəтижемен келiспеген сарапшыны
комиссия мүшелiгiнен шығару туралы əңгiме болмайды жəне ондай мəселе
қарастырылмайды.
Егер қосымша уақыттан соң да бұл жоба, жоба бойынша тағайындалған
жаңа сараптаушы комиссиясының көпшiлiк дауыспен оң қорытындысын ала
алмаса, онда бұл экологиялық сараптама нəтижесiз аяқталған деп бағаланады.
Онда
қайтадан
алғашқы
комиссияда
болмаған
сарапшылардан
жаңа
сарапшылар комиссиясы құрылады. Бұл комиссия жұмысы экологиялық
сараптаудың ерекше мемлекеттiк органы тарапынан қаржыландырылады.
Негізгі əдебиеттер 1[82-84], 3[72-74], 6[36-39]
Қосымша əдебиеттер 1[26-29], 3[24-27]
Бақылау сұрақтар:
1. Мемлекеттiк сараптама жүргiзу үшiн құжаттардың қарастырылу тəртiбi
қалай жүргізіледі жəне оның негiзгi қағидалары
2. Жобаның мемлекеттiк сараптамалау категориясы, оның жүргiзiлу
мерзiмi қалай анықталады, iстi жүргiзу үшiн қажеттi мамандар саны
жəне МЭС жүргiзудiң төлем ақысы
3. Мемлекеттiк сараптама комиссиясының жұмыс тəртібі
4. Ұйымдастыру жиналысының қорытындысы
5. Сараптаушы комиссияның жұмыс жиналыстары
6. Сараптаушылар комиссиясының жетекшiсi сараптау комиссиясының
қорытынды жұмысы туралы қай уақытта оң шешім қабылдайды?
7 -дəріс
тақырыбы: Мемлекеттік
экологиялық
сараптаманың
қорытындысы.
Қоғамдық
экологиялық
сараптама.
Қоғамдық
экологиялық сараптамаларға заңды, нормативті сұраныстар
МЭС қорытындысының мазмұны мен тұжырымдары. ҚОƏБӨ. Шешiм
қабылдаудың негiзгi критерийлерi
Қазақстан Республикасының экобиоресурстары министрлiгi басшылығы,
сараптау комиссиясының болымсыз ұсыныстары мен шешiмдерiне қарсы оң
шешiмдi қорытынды қабылдауы мүмкiн. Олар министрлер коллегиясында бұл

Page 40

40
мəселенi талқылап, мемлекеттiк экологиялық сарапшылар кеңесiмен бiрiгiп
жасайды.
Жауапты қызметкер тарапынан экологиялық сараптама жұмыстарына
штаттан тыс сарапшылармен келiсiм шарттар жасалады, сонымен қатар
мемлекеттiк экологиялық сараптама кеңесiнiң мүшелерiнiң жұмысын төлеу
ведомосы жасалып, мемлекеттiк экологиялық сараптама органдарының тиiстi
деңгейдегi басшысы жағынан бекiтiлiп қол қойылады. Бұл құжаттар соңында
облыстық
басқарма
немесе
министрлiктiң
бухгалтериясына
жiберiледi.
Сонымен қатар бұл арада сараптама комиссиясының төрағасының жəне
қорытынды
дайындаудағы
топ
басшыларының
жалақысының
көлемдерi
ескерiледi.
Мемлекеттiк экологиялық сараптама мүшелерi жалақыларының төленуi ҚР
мемлекеттiк экологиялық сараптаманы қаржыландыру тəртiбi бойынша Кеңес
мүшелерiнiң отырыстарға қатысу тiзiмiне қарай жасалады.
Қазақстан Республикасының штатында бар экологиялық Кеңес мүшелерiне
сараптама кеңестерiне қатысқандары үшiн жалақыларына қосымша ешқандай
төлем жасалмайды.
Мемлекеттiк экологиялық
сараптау
кеңесiнiң соңында
сараптаудың
жауапты қызметкерi қорытынды дайындайды, онда кеңестiң шешiмi ескерiледi.
Жобаның сипатына қарай қорытындының екi түрi дайындалады - қысқартылған
жəне кеңейтiлген.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысының (Қазақстан
Республикасының Мемлекттік экологиялық сараптама заңының (3-тарау , 27-
бап) мазмұны мен тұжырымдары төменде көрсетілген.
1. Жүргізілген мемлекеттік экологиялық сараптама нəтижелері бойынша
сараптама жасалады, онда экологиялық сараптама объектілерін іске асыру
жөнінде
шешімдер
қабылдауға
болатындығы
мен
мүмкіндігі
туралы
тұжырымдар болуы керек.
2. Мемлекеттік экология сараптама қорытындысының тұжырымдары мен
ұсыныстары
Қазақстан
Республикасының
қоршаған
ортаны
қорғау
саласындағы орталық атқарушы органы қабылдағаннан кейін барлық заңды
жəне жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылады.
3. Мемлекеттік экологиялық сараптама теріс қорытынды берген жағдайда
тапсырысшы сараптамалық қорытындының ұсыныстарына сəйкес оларды
жетілдіруді қамтамасыз етуге жəне белгіленген мерзімде қайта экологиялық
сараптама жүргізуге, барлық материалдарды табыс етуге немесе көздеп
отырған қызметінен бас тартуға міндетті.
4. Мемлекеттік экологиялық сараптама оң қорытынды бермейінше
жобаларды
мемлекеттік, коммерциялық банктердің, сондай-ақ кез-келген
меншік нысандарындағы өзге де қаржы мекемелерінің қаржыландыруына жəне
іске асыруына тыйым салынады
Табиғат
қорғау
бағытындағы, аймақтық
жобаларды
құжаттарға
(регионалды сызба-нұсқа, регионның өндiргiш күштерiн бағалау, қалалар мен
елдi мекендердiң инженерлiк – инфрақұрлымы, қорғаудағы территориялардың
даму жобалары) жəне өндiрiс орындарының жеке жобалары мен iрi күрделi

Page 41

41
объектiлердiң
шаруашылық
қызметтерi үшiн
кеңейтiлген
экологиялық
сараптама қорытындысы түрiнде дайындалады, ал объектiнiң егжей-тегжейлi
қарастырылған баяндама бөлiмi ескертулердi, тұжырымдарды жəне т.б.
қамтиды.
Мемлекеттiк
экологиялық
сараптаманың
(МЭС)
экологиялық
талаптарды есепке алуы шешiмдердi қабылдайтын басқару сатысында
қамтамасыз етiлетiн болса, қоршаған ортаға əсердi бағалау (ҚОƏБ) -
экологиялық талаптарды есепке алумен жобаны дайындау сатысында (идеяның
ертерек талқылануы кезiнде) қамтамасыз етiледi. Ал қоғамдық экологиялық
сараптама (ҚЭС) екеуiн де қамтып, жоспарланып отырған қызметке қатысы
бар барлық жақтардың келiсiмiн жəне мүдделерiн ескерiп, жұмыстың оң
аяқталуын қамтамасыз етедi.
Жоғарыда қарастырылған экологиялық сараптаманы ұйымдастыру мен
өткiзу шарттары мемлекеттiк сараптама үшiн де, қоғамдық сараптама үшiн
де қолданылады.
Қоршаған ортаға əсердi бағалауда (ҚОƏБ-да) əр түрлi топтардың
уəкiлдерi қатысып, олардың əр қайсысы өз ролiн атқарады.
Инициатор-инвестор қоршаған ортаға əсердi бағалау жұмыстарын жəне
зерттеулердi қаржыландырады. Инвестор-тапсырушы (заказшы) ҚОƏБ-ды
өткiзу жұмыстарын ұйымдастырады.
ҚОƏБ-ды
жетiлдiрiп–iстеушi (разработчик) экологиялық
шарттарды
қарастырып, экологиялық
сараптама
жүргiзу
үшiн
қажеттi құжаттарды
дайындайды. Бұл құжаттарды қоршаған ортаға əсердiң негiздемесi немесе
мəлiмдеме деп атайды.
Мəлiмдемеде немесе негiздеме
құжаттарда қарастырылып отырған
жобаның мақсаты, қызметi, мiндеттерi сол территориядағы экологиялық жағдай
күйiнiң түрлi сипаттамалары, жоспарланған қызметтiң қоршаған ортаға мүмкiн
болатын əсерi көрсетiледi.
Негiздеу құжаттары соңында мемлекеттiк сараптау жүргiзу үшiн экология
министрлiгiне немесе оның территорияларындағы органдарына жiберiледi:
қажет болған жағдайда ол құжаттар қоғамдық сараптамадан да өткiзiледi.
Қоғамдық
сараптама ғылыми ұжымдардың
немесе
қоғамдық
бiрлестiктердiң
өздерiнiң
бастамасымен
жүргiзiледi. Сапа
жағынан
бұл
сараптама мемлекеттiк сараптама сияқты, бiрақ құқықтық жағынан мемлекеттiк
сараптама дəрежесiне жету үшiн, оның нəтижелерi мемлекеттiк экологиялық
сараптама органдарының мақұлдауынан өтуi қажет.
ҚОƏБӨ - мемлекеттiк органдарда қарастырылуымен бiрге қоғамдық
талқылаудан да өткiзiлуi қажет. Бұл жұмыстарды қаржыландыратын тапсырыс
берушi, ол əрi жауапты, сондықтан ол халықты жобаның негiзiмен таныстыруы,
қашан жəне қай жерде қарастырылатынын алдын ала хабарлауы керек. Əрине,
ең жақсысы жобаны осы кезеңде халықпен жақсылап терең талқылау, олардың
тiлектерiне құлақ салу, олармен ортақ мəлiмеге келу.
Бұл мəселелердi талқылау кезiнде мемлекеттiк болсын, қоғамдық болсын
БАҚ органдары ҚОƏБӨ - нi талқылауды назардан тыс қалдырмауға, дер кезiнде
хабарландырулар жасап, халық пен ұйымдастырушыларды байланыстырып

Page 42

42
отырғаны жөн. Өйткенi талқылаулар нəтижесi жобаның материалдарына
тiркеледi, сөйтiп ол жоба iске асырылуы күтiлiп отырған аудан халқының
жергiлiктi жердегi басқарушы жəне сол халықтың денсаулығының мүдделi
қорғаушысы екенiнің көрсеткiшi болады.
Бiрлескен
өнеркəсiп
орындарының, шетелдiк технологиялар
мен
инвестицияларды пайдаланатын кəсiпорындардың жəне шетелдiк фирмалар
жобалары құжаттарының мемлекеттiк экологиялық сараптамасы.
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау заңдарына сəйкес
Қазақстан
территориясында
жүргiзiлуi жобаланып
отырған
кез
келген
қызметтер: бiрлескен
кəсiпорындар;
шетелдiк
технологиялар
мен
инвестицияларды қолданатын кəсiпорындар; барлық инвестициялық шетелдiк
фирмалар
жұмыстарын
мемлекеттiк
экологиялық
сараптама
жүргiзуден
бастаулары тиiс.
Шаруашылық қызметтiң мəлiмдеушiсi мемлекеттiк экологиялық сараптау
басқармасына “ниеттер декларациясын” толтырып, шаруашылық қызмет
жоспарланып
отырған
территориядағы
жергiлiктi органдармен
келiсiлуi
(Республикалық мағынадағы объектiлер үшiн Қазақстан Республикасының
Министрлер Кабинетiмен келiсiлуi) қажет.
Декларацияның берiлу сатысында қоршаған ортаның күйi туралы
қысқаша шолу жасалып, онда жоспарланып отырған қызметтiң экологиялық,
əлеуметтiк жəне экономикалық мүмкiн зардаптары көрсетiлуi қажет.
“Ниет Декларациясына” экологиялық сараптаманың қорытындысы оң
болса, шаруашылық қызметтiң инициаторы жоба құжаттарының келесi сатысы
– объектiнiң орналасатын орнын келiсу (жердi таңдау)
немесе оның
құрылысының
техникалық-экономикалық
негiздеме нұсқалары
келiсiледi.
Материалдар құрамына “Қоршаған ортаға жоспарланып отырған қызметтiң
əсер ете алатын əсердiң жуықтау бағалануы (ҚОƏБ-алды) (предОВОС)”, ол
уақытша нұсқауға сəйкес хатталуы тиiс (“Қазақстан Республикасындағы
жоспарланып отырған қызметтiң қоршаған ортаға əсерiн бағалаудың уақытша
нұсқауы”) РНД-03.02.01.
Бұл сатыда шаруашылық қызметтiң инициаторы ұсынылып отырған
жоспарланушы қызметтердiң нұсқауларының талдауын өткiзiп, тiптi ол
қызметтi өткiзуден бас тартуға дейiн əртүрлi нұсқалармен, “нольдiк вариант”
түрлi ақпарат жүйесiн таныстырады, сонымен қатар жергiлiктi жердегi
экологиялық комиссия органдарын жоспарланып отырған қызмет туралы
хабарландырады.
ҚОƏБ-алды сатысы мiндеттi түрде iстелуi қажет емес ол тек инвесторге
жоспарлап отырған шаруашылық қызметтiң iске асырылу жөнiнде оң шешiмi
алынбаған
жағдайда
қаржысының
үнемделуi үшiн
жасалады. Бiрақ
инвестордың қоршаған ортаға əсердi бағалау процедурасын түгел жасату
құқығы əрине сақталады.
Жоба
материалдары
құрылыс
орнын
анықтау сатысынан
бастап
“Басмемсараптауға” берiлгенге дейiн жазбаша түрде хатталып, ескертулер мен
ұсыныстар жасалуы үшiн территориялардың облыстық (Алматы қаласында

Page 43

43
қалалық) экология жəне биоресурстары басқармасына тапсырылады да,
министрлiкке əдейi хат жазылып хабарландырылады.
Содан
соң
барлық
құжаттар бұл
сатыда
министрлiкке
жiберiледi.
Мемлекеттiк
экологиялық
сараптама басқармасы
тарапынан
объектiнiң
қоршаған ортаға əсерiн бағалау (ҚОƏБ) толық көлемде жүргiзiлуi анықталады.
Бұл нұсқаудың (РНД-03.02.01.-93) арнайы процедурасы деген 5.1. бөлемiне
сəйкес жүргiзiледi.
Бұнда жоспарланып отырған объектiнiң маңыздылығына сəйкес қажет
болса
қосымша
жүргiзiлетiн
ғылыми
зерттеу жұмыстарының
көлемi
анықталып, экологиялық сараптама жүргiзудiң келесi кезеңi жоспарланады
(республикалық, халықаралық). Бұл сатыда экобиоресурстар министрлiгiнде оң
келiсiмге қол жеткiзiлсе, онда жергiлiктi жердегi əкiмшiлiк тарапынан
жоспарланып
отырған
шаруашылық
қызмет
орнында
жобалау-қазба
жұмыстарын бастауға уақытша келiсiм берiледi.
Жобаланушы құжаттардың келесi сатысы – таңдалып алынған объектi
орнында құрлыстық техникалық-экономикалық негiздемесiн (ТЭН) жасау
болады. Жобалау құжаттарының жасалуы жəне өңделу дəрежесi, ТЭН
сатысында негiзгi СН жəне ПА 2.2.-1-96 “Қазақстан Республикасының СССР
Госстрой құжаттары орнына өндiрiстiк құрылыс, үй жəне ғимараттар құрылысы
үшiн қабылданған жобалау құжаттарын дайындау, келiстiрiлу жəне бекiту
нұсқауына (инструкция) сəйкес жүргiзiледi”.
ҚОƏБ материалдары негiзiнде
шаруашылық жүргiзушiсi тарапынан
«Экологиялық зардаптар» туралы мəлiмдеме дайындалады. Онда шаруашылық
қызметтi жоспарлаушы
қоғам мүшелерiне
жəне
жалпы
территорияға
экологиялық ешқандай залал бермейтiнiне кепiлдiк берiледi, əрi онымен
байланысты ешбiр əлеуметтiк экономикалық жəне басқа зардаптық салдардың
болмайтыны көрсетiледi.
Экологиялық зардаптар туралы мəлiмдеменi шаруашылық қызмет иесi
мемлекеттiк органдарға, басқару жəне бақылау органдарына жəне қоғамдық
ұйымдарға бередi.
Бұл мəлiмдеменiң қоғамдық талқылау нəтижелерi жəне хаттамалары
хатталып, келешекте қоршаған ортаға əсердi бағалау құжаттарымен қосып,
мемлекеттiк экологиялық сараптауға ұсынылады.
ҚОƏБ жұмыстары аяқталған соң бұл құжаттар Басмемсараптауға берiледi
(Главгосэкспертиза). Оған қосымша бақылаушы екi органның келiсiмдерi жəне
ведомстваның сараптамасының қорытындысы мен облыстық экология жəне
биоресурстар басқармасының ескертулермен ұсыныстары берiледi.
Жобалау құжаттарының сараптама мерзiмi (ҚОƏБ-ды) барлығын бiрге
қосқанда жоспарланып отырған қызметтiң сипаты жəне оның қоршаған ортаға
əсерi, сол территорияның табиғи ерекшелiктерiмен регламенттенедi де, алты
календарлық айдан аспайды.
Бас мемлекеттiк экологиялық сараптама ТЭН жəне ҚОƏБ қарастырудың
нəтижесiнде мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын бередi. Егер
берiлген қорытынды нəтижесi оң болмаса, ТЭН жəне ҚОƏБ құжаттары
толықтыру үшiн жөндеуге қайтарылады.

Page 44

44
Құрылыс
жұмыстары
үшiн
бөлiнетiн учаскелердi
мемлекеттiк
экологиялық
сараптама
нұсқаудың (инструкцияның) 5,6 – бабындағы
талаптарға қарай жүргiзедi (Қазақстан Республикасының 20.06.96ж. № 760
қаулысынан I-шi жəне II-шi бөлiмдерiндегi).
Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзудiң жоғарыдағы мазмұндалған
тəртiбi, облыстық
(Алматы
қалалық) экология
жəне
биоресурстар
басқармаларында да жобалау құжаттарын қарастыру осы тəртiппен жүргiзiледi.
Шешiм қабылдаудың негiзгi белгiлерi (критерийлерi). Қарастырылатын
объектiлердiң жоспары мен жобалары құжаттарының толық, материалдардың
сапалы болуы, сараптаманың қорытындыларының хаттамасын дайындау
кезiнде негiзгi шарттарының төмендегi позицияларды қамтуымен анықталады:
- жоспарланып отырған қызметтiң сипаттамасы;
- жоспарланып отырған қызметке дейiнгi территориядағы қоршаған
ортаның күйi;
- жоспарланып отырған қызметтiң қоршаған ортаға əсерiнiң бағасы;
- жоспарланған қызмет iске асырылғаннан кейiнгi қоршаған ортаның
күйi;
- қоршаған
ортаға
əсерді
азайтудың,
жоюдың
немесе
технологиялық шешімдерді ескере отырып,- болдырмау шараларының
жеткіліктілігі;
- қоршаған
ортаны
қорғау жұмыстарының
техникалық
жағынан
орындалу мүмкіндігі;
- қоғамдық
ортаның
жоспарланып
отырған
жоба
туралы
хабарландырылғандығын растайтын құжаттардың болуы жəне олардың
тіркелгендігі.
Жоспарланып отырған қызметтің іске асырылуы алдындағы территорияның
қоршаған ортасының күйін анықтау үшін төмендегілер туралы толық ақпарат
қажет:
- территорияның табиғи ерекшеліктері;
- қоршаған орта компоненттерінің (ауа бассейні, жер асты жəне жер үсті
сулары, топырақ жəне оның қатты қабаты, жер қойнауы, өсімдіктер
дүниесі, жануарлар дүниесі, əлеуметтік орта) құрамы туралы;
- қоршаған ортаны ластағыш компоненттердің мөлшерлік көрсеткіштері;
- территорияны осы замандағы шаруашылыққа пайдалану мүмкіндігі;
- табиғат қорғау (ерекше қорғалатын табиғат объектілерінің болуы),
мəдени (тарихи жəне мəдени ескерткіштердің болуы) территорияда
рекреациялық орталығының болуы;
Жоспарланып отырған қызметке сипаттама беріп отырған материалдар
төмендегілерді қамтуы керек:
- Республикаға жəне жоспарланып отырған объектінің орналасатын
ауданына əлеуметтік-экономикалық қажеттілігінің негізділігі жəне
мақсаты;
- технологиялық процестердің сипаттамасы жəне шығарып тастау мен
ағызу көздері;
- шығарылатын өнімдер мен түзілетін қалдықтардың
экологиялық

Page 45

45
қауіптілік деңгейі, сонымен қатар
оларды қайта өңдеу арқылы
зиянсыз өнімдер алу мүмкіндігі;
- жоспарланып отырған өндірістің материал, энергия жəне көп еңбек
жұмсалу мүмкіндігі;
- қолданылатын
технологияның
отандық жəне
шетелдік
ұқсас
технологияға сəйкестік деңгейі;
- жоспарланып отырған қызметтің қалыпты режимде жұмыс істеуі жəне
технологиялық апат (авария) кезіндегі белгіленген
экологиялық
тəуекел дəрежесі.
ҚОƏБ
бөлімін
қарастыру
кезінде
бұл
материалдың
қоршаған ортаға əсерді бағалаудың уақытша нұсқауында (инструкциясында)
көрсетілген тəртіпке сəйкестігіне көңіл бөлу қажет.
Жоспарланып отырған қызмет іске асырылған соң қоршаған ортаның күйін
айқындаушы құжаттардан төмендегілер болуы қажет:
- қоршаған
орта
мен
халықтың
тіршілік
жағдайының
жеке
компоненттік (деградация, тұрақтану) өзгеруінің анализі;
- қоршаған ортаны
қалпына
келтіру
мен халықтың əл-ауқатын
жақсарту үшін істелетін кешенді істердің негіздемесі.
Жоспарланып
отырған
қызметтің
нəтижесіндегі антропогенді əсерді
мейлінше аз жəне жеткілікті əрі тиімді деңгейде ұстап тұру үшін қажетті
кешенді жұмыстар мыналарды қамтуы қажет:
- табиғат қорғау жұмыстарының сапалық жəне мөлшерлік сипаттамасы
(құрал-жабдықтар, əдіс-тəсілдер, қондырғылар), оларды
пайдалану
режимі;
- істелетін жұмыстардың тиімділігі мен қызметін бақылау əдіс-тəсілдері;
- осы шараларды орындау үшін жұмсалатын қаржылар;
- табиғат қорғау жұмыстары атқарылған соң қалған əсерді қосымша жою
мүмкіндіктері;
Жобалау материалдары мен табиғат қорғау істері техникалық жағынан
орындалуы бөлімінде қамтамасыз етілуі қажет. Сарапшы жоба иесінен
(заказшыдан) қоғам мүшелерінің жоспарланып отырған қызметтерінің əрбір
кезеңін хабарландыру үшін ақпаратпен қамтамасыз етілуін талап етуі қажет.
Негізгі əдебиеттер 1[82-84], 3[74-75], 6[40-46]
Қосымша əдебиеттер 31[29-33], 32[27-30]
Бақылау сұрақтар:
1. МЭС қорытынды тұжырымдары
2. Қоғамдық экологиялық сараптаманың мазмұны мен міндеттері
3. МЭС-ның қоршаған ортаға əсердi бағалаудан қандай айырмашылығы
бар?
4. ҚЭС –ның МЭС айырмашылығы қандай?
5. ҚЭС ұйымдастыру мен өткiзу шарттары қалай жүргізіледі?
6. ҚОƏБӨ қалай түсінесіз?
7. Шешiм қабылдаудың негiзгi белгiлерi қандай болу керек?

Page 46

46
8 -дəріс тақырыбы: Шаруашылық жəне өзге де қызметке қойылатын
экологиялық талаптар
Кəсіпорындарды, объектілер мен кешендерді, үйлер мен ғимараттарды
орналастыруға, салуға, қайта
жаңартуға, дамытуға, техникалық
жаңа
жарақтандыруда, радиоактивтік материалдарды қолдануға, т.б. қойылатын
экологиялық қауіпсіздік талаптары.
Меншік нысаны мен қай ведомстваға жататындығына қарамастан ҚР
экологиялық сараптама Заңының 6-бабына сəйкес, сараптама объектілеріне
міндетті түрде мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізілуі тиіс( 3-
тарау, 14-бап ).
Бұндай
заңның
болуы
төмендегі қызметтерді жүргізу
барысында
объектінің
жобалануы, орналастырылуы, салынуы, қайта
жөнделуі,
пайдалануға берілуі, қалыпты қызмет істеуі, басқа өндіріске ауыстырылуы,
сонымен қатар объектінің жойылуы жəне басқа қызметттердің тиісті дəрежеде
есепке алынып, бұларға экологиялық сараптама жəне қоршаған ортаға əсерін
бағалауды жүргізуде талдаудың дұрыс жүргізілгенін қадағалау қажет болады.
Бірақ, іс жүзінде бұл қызметтердің барлығы есепке алынады деу өкінішке орай,
əлі мүмкін болмай тұр, сондықтан да табиғат ресурстарын пайдаланудың жəне
дамытудың бұл тетігі əлі жақсы жетілмеген. Қоршаған ортаға əсерді бағалау
мен экологиялық сараптама жүргізілуде экологиялық нормативтерді есепке алу
мен қатар басқа да талаптарды ескеруге тура келеді. Мысалы, нормативті
құжаттарға қойылатын талаптар инвестициялық материалдарға, жобалау
құжаттары мен құрылыс құжаттарына, рұқсат қағаздарына (лицензияларға),
техникалық- экологиялық негіздемелерге, технология мен материалдарға,
келісім шарттарға жəне т. б. тиісті болады.
Қоршаған ортаға тікелей немесе жанама жарамсыз əсер ете алатын
объектілер, жобалар, құрылыс жəне қайта жөндеу жұмыстары, өндіріс
орындарын іске қосу жəне т.б. қойылатын жалпы экологиялық талаптар
Қазақстан Республикасының “Қоршаған ортаны қорғау“ заңының Х тарауының
46-62 баптарында бекітілген.
Кəсіпорындарды, объектілер мен кешендерді, үйлер мен ғимараттарды
орналастыруға, салуға, қайта
жаңартуға, дамытуға, техникалық
жаңа
жарақтандыруда, қайта бейімдеуде, ауыл шаруашылық саласында, энергетика
жəне көлік шаруашылығында, су, коммуналды шаруашылықтарда электр желісі
мен мұнай, газ құбырларын салу, каналдар жəне т.б. қоршаған ортаға тікелей
немесе жанама əсер ете алатын объектілер салынуы кезінде (48-50-баптар)
экологиялық
қауіпсіздік
талаптарымен
халықтың
денсаулығын
сақтау,
қоршаған ортаны қорғау жұмыстары, табиғат қорларын үнемді пайдалану,
қоршаған
ортаны
қалпына
келтіру
жұмыстары
ескерілуі қажет. Бұл
талаптардың
орындалмаған
немесе
бұзылған
жағдайда
жұмыс
ақаулық
түзетілгенше тоқтатылады немесе толық тоқтатылады (жобалану, орналастыру,
қайта жөндеу жəне т.б.), ал егер қоршаған ортаға зиянды объект ҚР
экологиялық заңдарына қайшы келетіндей бұзушылық жасаса, оған ҚР-ның
құқықты органдары қоршаған ортаны қорғау заңына (XVIII-тарау, 86-бап)
сəйкес белгіленген тəртіпте, зиянды жою үшін ақшалай айып салады немесе

Page 47

47
басқаша түрде жазалайды.
Кəсіпорындарды
орналастыруда
қоршаған
ортаны
қорғаудың мына
талаптарының орындалуы қажет: табиғи ресурстардың үнемді қолданылуы
жəне қалпына келтірілуі; экологиялық, экономикалық, демографиялық жəне
т.б. əсерлердің зардаптарының адам денсаулығына келтіретін зиянының
дəрежесі; сол территориядағы өсімдіктер жəне жануарлар дүниесіне əсердің
мейлінше аз болуы. Өнеркəсіп орындарының жəне басқа объектілердің
орналастырылуы ҚР қоршаған ортаны қорғау заңының Х тарауының 48-бабына
сəйкес, объектілерді орналастыру кезінде санитарлық-қорғау жəне аймақтық
қорғау орындары жасалады.
Жобаның техникалық, экономикалық негіздемесін жасауда құрылыс жəне
объектілерді жобалауды ғылыми- техникалық процестің қазіргі деңгейі жəне
қоршаған ортаға əсердің жүктеме мөлшері, əрі қоршаған ортаны ластаудан
қорғаудың сенімді жəне тиімді шаралары, ресурс үнемдеу, аз қалдықты жəне
қалдықсыз
технологиялар
ескеріліп, қоршаған
ортаны
сауықтырушы
жұмыстардың жобалануына көңіл бөлінеді.
Құрылыс
жəне
басқа
объектілер
жобаларының
техникалық
жəне
экономикалық негіздеуі ТЭН мемлекеттік экологиялық жəне қажет болса,
қоғамдық экологиялық сараптамадан өтуі керек. Экологиялық талаптарды
қанағаттандырмайтын жəне мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтпеген
жобалар бекітілмейді, ал ол жұмыстардың іске асырылуы тиісті банкілер
тарапынан қаржыландырылмайды.
Объектілерді қайта жаңарту мен құрылыс жəне басқа өнеркəсіп
объектілері алдын –ала экологиялық сараптаудан өтіп, оң қорытынды алып,
табиғат қорғау жəне санитарлық құрылыс нормаларына жауап беретін
бекітілген жобалар бойынша жасалуы керек (50-бап). Бекітілген жобаны немесе
жұмсалатын қаржы көлемін қаршаған ортаны қорғау жұмыстары есебінен
өзгертуге болмайды.
Құрылыс жұмыстары жүргізілуі кезінде топырақтың күйін, табиғи
қорларды сақтау, қорғау жəне тиімді қолдану, қоршаған ортаны жəне
территорияны көгалдандыру, сауықтыру жұмыстарының орындалу шаралары
алдын-ала белгіленеді.
Объектілерді
пайдалануға
беру
кезінде мемлекеттік
экологиялық
сараптама мен жобада жоспарланған экологиялық талаптардың толық көлемде
орындалуы
қадағаланып (58-бап), тазалау, залалсыздандыру, зиянды
қалдықтарды қайта өңдеу қатаң тексеріледі, ал қондырғылармен қамтамасыз
етілмеген өндіріс, өнеркəсіп немесе басқа объектілерді іске қосуға рұқсат
етілмейді.
Объектілерді пайдалануға беру кезіндегі экологиялық талаптарға (55-бап)
өндіріс, энергетика, көлік жəне байланыс, ауыл шаруашылық объектілері жəне
т.б. белгіленген экологиялық технологиялардың қолданылуы қоршаған ортаны
ластамайтын, қажетті
тазалағыш
қондырғылар
мен
санитарлық
қорғау
аймақтарының болуы қажет. Бұл объектілерді пайдалануға беру кезінде аз
қалдықты жəне қалдықсыз технологиялар, өндірістер, тиімді тазалағыштары
бар, зиянды қалдықтардың барлығын қайта өңдей алатын, зиянсыз жəне

Page 48

48
қауіпсіз отын қолданатын, табиғи ресурстарды рационалды пайдаланатын,
экологиялық қауіпсіздік
шаралары максимальды
дəрежеде
ескерілген
технологияларды қолдану керек.
Ауыл шаруашылығындағы экологиялық талаптарға да объектілерге
жобалау кезіндегі қойылатын талаптар мен объекті пайдалануға берілердегі
талаптар қойылады. Жобалаушылар да, пайдалануға алушылар да, топырақты,
су қоймаларын, орман жəне басқа өсімдіктер мен жануарлар дүниесін
табиғаттың сұрапыл апаттарынан қорғауды, күрделі ауыл шаруашылық
техникасын қолданудың жанама əсерінің салдарынан, химиялық əсерлерден,
мелиоративтік жұмыстар мен басқа адам денсаулығына жəне қоршаған ортаға
зиян келтіретін факторлардан қорғаудың кешенді шараларын жобалау жəне
орындауы қажет.
Мал
шаруашылық фермалары мен кешендері, ауыл шаруашылық
өнімдерін өңдеуші өнеркəсіп орындары, топырақ, жер үсті жəне жер асты
суларын, атмосфераны ластамайтын қажетті санитарлық қорғау аймақтары мен
тазалағыш қондырғылармен жабдықталған болуы керек. Бұл талаптардың
жобалау кезінде жəне жұмыс барысында орындалмауы қоршаған ортаға жəне
адам
денсаулығына
зиян
келтіруі
объектінің
тоқтатылуын
немесе
шаруашылықтың
экологиялық
зиянды
тізбегінің
жұмысын
мемлекеттік
экологиялық сараптаманың қорытындысына сəйкес жазба бұйрық (жарлық)
беруге құқықты органдар тарапынан тоқтатылуы мүмкін.
Мелиоративті жұмыстарды жобалау, жоспарлау жəне жұмыстарын
іске
асыру кезінде
су балансының
сақталуын, топырақты
рационалды
пайдалануды, суды үнемдеп пайдалануды, топырақты қорғауды, организмдер
мен басқа өсімдіктер дүниесін тозып кетуден, судың басып қалуынан жəне т.б.
қоршаған ортаның зиянды зардаптарынан қорғаудың барлық мүмкін жобалары
жазба бұйрықпен білдіріледі.
Бұл талаптар орындалмаса жобалау тоқтатылады немесе құрылыс жəне
пайдалануға берілген объектінің айқындалған кемшіліктері жойылғанша
тоқтатылады
немесе
мемлекеттік-экологиялық
сараптау
органдарының
жұмысты
тоқтату
туралы
қаулысы алынғанға
дейін
ол
жұмыстардың
қаржыландырылуы да банкілер тарапынан бір мезгілде тоқтатылады.
Қалаларды, басқа да елді мекендерді жобалау мен құрылыс, жаңарту
жұмыстарына қойылатын экологиялық талаптар: (заңның 56-бабы) бұл заң
бойынша тұрғындардың демалысына, еңбегіне, тіршілігіне кепілдік бере
алатын
экологиялық
жағдайдың
қамтамасыз
етілуі, өндіріс, көлік
шаруашылықтары, түрлі тасымалдаушы құбырлар жəне т.б. шаруашылық
объектілерінің зиянды факторлары тұрғындардың денсаулығы мен өміріне,
санитарлық тұрмыстық жағдайларына жағымсыз əсерлері болмайтындай етіп
орналастыру.
Қала жəне басқа елді мекендер құрылыстарын жоспарлау кезінде алдын-
ала санитарлық тазалау, залалсыздандыру, қайта өңдеу, қалдықтарды жиып
қауіпсіз жерге орналастыру, тұрмыстық жəне өнеркəсіп қалдықтарын қайта
өңдеу жұмыстары жасалуы тиіс.Үлкен қалаларда орман-тоғайлар, сая бақтар,
жасыл қорғағыш аймақтар құрылады.

Page 49

49
Радиоактивтік
материалдарды
қолдануға қойылатын
экологиялық
талаптар (57-бап). Өндіріс орындары, өнеркəсіп жəне басқа объектілер, жеке
адамдар радиоактивті заттарды өндіру, сақтау, тасымалдау, қолдану, жою жəне
қайта өңдеу мен көму ережелерін сақтап, радиацияның белгілі нормасынан
аспауын қадағалау, ал ол мөлшерден асып кеткен жағдайда радиациялық
қауіпсіздік органдарына хабарлап, радиация деңгейін төмендеу шараларын
жылдам жəне тез арада іске асыруы қажет.
Бұл ережелерді бұзған жағдайда ол өнеркəсіп орындары, мекемелер жəне
басқа объектілер, азаматтар мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы
негізінде, ҚР-дың
қоршаған
ортаны
қорғау
жəне
санитарлық-
эпидемиологиялық органдар тарапынан жобаның іске асырылуы құқығынан
айрылады
немесе
жіберілген
ақаулықты
жөндегенге
дейін
ондай
материалдармен жұмыс істеу қызметі шектеледі.
Нормалардың əрбір өндіріс түріне қарай ауыл шаруашылығында –
мелиорация, өнеркəсіпте – энергетика, радиоактивтілік қызметтер, халық
шаруашылығында қолданылатын химиялық жəне биологиялық заттар, зиянды
физикалық əсерлері бар объектілер, тұрмыстық жəне өнеркəсіп қалдықтарының
көздері, əскери жəне қорғаныс объектілері болып жіктеледі.
Экологиялық сараптама кезінде ескерілетін барлық экологиялық талаптар
нормативті-құқықтық құжаттар сарапталатын объектінің əрбір сатысына сəйкес
келетіндей топталады. Оларға нормативті құжатты зертеу-дайындау (жоба алды
жұмыстар объектінің орналасу орыны), жобалау құжаттарындағы негіздемелер,
техникаға, сертификатына негіздеме, технологиялар мен материалдарға, рұқсат
лицензияларына негіздемелер əртүрлі қызмет түрлеріне келісімдер жəне т.б.
жатады.
Экологиялық талаптардың негіздеме құжаттарын дайындауға қажетті
құжаттар шаруашылық жəне басқа қызметтердің экологиялық негіздемелері
нұсқауында (инструкциясында) келтірілген (ҚР-ғы жобаалды жəне жобалауда
мемлекеттік экологиялық сараптау жұмыстарын жүргізу нұсқауы, 21.02.1997,
Алматы).
Негізгі əдебиеттер 1[21-24], 3[19-21], 6[46-50]
Қосымша əдебиеттер 1[33-36], 3[31-34]
Бақылау сұрақтар:
1.Кəсіпорындарды, объектілер мен кешендерді, үйлер мен ғимараттарды
орналастыруға, салуға, қайта
жаңартуға, дамытуға, техникалық
жаңа
жарақтандыруда ж.т.б. . қоршаған ортаға тікелей немесе жанама əсер ете
алатын объектілер салынуы кезіндегі экологиялық қауіпсіздік талаптары.
2. Құрылыс жұмыстары жүргізілуі кезінде орындалатын шаралар.
3. Объектілерді пайдалануға беру кезіндегі экологиялық талаптар.
4. Ауыл шаруашылығындағы объектілерге жобалау кезіндегі қойылатын
талаптар мен объектіні пайдалануға берілердегі талаптар қандай?
5. Мал шаруашылық фермалары мен кешендері, ауыл шаруашылық
өнімдерін өңдеуші өнеркəсіп орындары қай кезде құқықты органдар
тарапынан тоқтатылуы мүмкін?
6. Мелиоративті жұмыстарды жобалау, жоспарлау жəне жұмыстарын іске

Page 50

50
асыру кезіндегі қорғау шаралары.
7. Радиоактивтік материалдарды қолдануға қандай экологиялық талаптар
қойылады?
9 дəріс тақырыбы: Химиялық заттарды қолдануға қойылатын
экологиялық талаптарға сараптама жұмыстарын жүргізу
Химиялық заттарды қолдануға қойылатын, Əскери жəне қорғаныс
объектілеріне, əскери қызметтерге қойылатын экологиялық талаптар, қоршаған
табиғи ортаны тұрмыстық жəне өндiрiстiк қалдықтардан қорғауға қойылатын
талаптар. Қоршаған ортаны зиянды физикалық, биологиялық əсерлерден
қорғау. Жердің озон қабаты мен климатын қорғауға қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасы территориясына сақтау немесе көму мақсатымен
радиоактивті қалдықтарды жəне материалдарды басқа мемлекеттерден алып
келуге тыйым салынған.
Халық
шаруашылығында
биологиялық
жəне потенциалды
қауіпті
химиялық заттарды қолдануға қойылатын экологиялық талаптар (58-бап).
Бұл талаптар əр түрлі химиялық заттар пайдаланатын өндіріс, өнеркəсіп
орындарын, мекемелер мен объектілерді жобалау кезінде қолданылады.
Бұл
жұмыстар (потенциалды
қауіпті
химиялық
жəне
биологиялық
заттарды өндіру жəне қолдану) қажетті токсико-гигиеналық жəне экологиялық
нормативтермен танысқан соң, ол заттарды Қазақстан Республикасы Үкіметі
белгілеген тəртіппен мемлекеттік тіркеуден өткізілуінен кейін жүргізілуі
мүмкін.
Химиялық жəне биологиялық заттарды өндіруде немесе жұмыс істеу
барысында, ауыл
шаруашылығында
қолданылатын
дəрі-дəрмек, өсу
жылдамдығын арттырушы препараттар, минералды тыңайтқыштар басқа да
халық шаруашылығында қолданылатын заттармен жұмыс жасау нормативтерін
орындау, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтірмеу шараларының
барлығы орындалуы керек.
ҚР министрліктері (экология жəне биоресурстар, денсаулық сақтау, тамақ
өнеркəсібі жəне ауыл шаруашылық министрліктері) тарапынан кезеңді түрде
ауыл шаруашылығында қолданылатын химиялық препараттардың тізімі, тамақ
жəне тағамдар құрамындағы химиялық заттардың шектік мөлшерлік нормалары
бекітіледі. Тамақ өнеркəсібінде қолданылатын жаңа химиялық заттардың, адам
денсаулығына тікелей немесе жанама əсеріне байланысты ғылыми зерттеулер
жүргізілген соң, денсаулық министрлігі тарапынан рұқсат беріледі.
Микроорганизмдер мен биологиялық заттардың өндірісі, тасымалдануы,
қолданылуы
жəне
оларды
жою
жұмыстары
технологиялық
апатты
қопарылыстарды болдырмаудың, қоршаған ортаға жəне адам денсаулығы мен
генетикалық қорына, биологиялық əсердің зардаптарын жою, экологиялық
залалсыз шарттарға сəйкес жүргізілуі тиіс.
Биологиялық əсердің қоршаған ортаға əсерінің деңгейін бақылау, есепке
алу (мемлекеттік сенім берілген ) өкілетті санитарлық-эпидемиологиялық
органдар тарапынан жүргізіледі. Белгіленген нормативтердің қоршаған ортаға
биологиялық
əсерінің
шектік
мөлшерлік
деңгейден
асып
кетуі

Page 51

51
микроорганизмдердің биологиялық түрлерінің жəне биологиялық заттарды
қолданылатын өндіріс бұл ластағыштардың көзі болып отырған өндіріс
орындары жəне басқа объектілердің жобалары немесе жұмыстары уақытша
тоқтатылады
немесе
Қазақстан
Республикасының
мемлекеттік
өкілетті
органдары (санитарлық-эпидемиологиялық
бақылау) тарапынан
толық
тоқтатылады.
Қоршаған
ортаны
зиянды
физикалық
əсерлерден
қорғау (59-бап).
Мекемелер жəне азаматтар шулардың, тербелiстердiң, магниттiк өрiстiң жəне
тербелiстiң басқа физикалық зиянды əсерлерiнiң өндiрiсте, қоғамдық жəне
тұрғын үйлерде, көшеде, қалада жəне басқа орындарда, демалыс аймақтарында,
жабайы аңдар мен құстардың жиналатын (топталатын) жерлерiнде, қорықтарда
бұларды болдырмау немесе олардан қорғау жəне жою шараларын ұйымдастыру
қажет.
Қоршаған орта мен адам денсаулығына өндiрiс жəне көлiк шуының
көлемiнiң, тербелiстерiнiң, магниттiк өрiстiң жəне басқа физикалық əсерлердiң
зиянды əсерлерiнiң шектiк деңгейiнiң нормативтерден асып кетуiне тыйым
салынады.
Бұл нормативтер өлшемiнiң (шамаларының) сақтау ерiктiлiгi қалаларда,
басқа да құрылыс объектiлерiн жобалауда, жаңартуда, технологиялық жəне
электр желiлерiн, су жəне ауа транспортын жобалау мен салуда ескерiлуi тиiс.
Қоршаған ортаға физикалық факторлардың əсер ету деңгейiн есепке алу
мен бақылау жұмыстары Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өкiлеттi
органдары (ҚР
денсаулық
министрлiгi, экология
жəне
биоресурстар
министрлiгi жəне
т.б.) тарапынан
жүргiзiледi. Бұл
нормативтердiң
орындалмауы
мемлекеттiк
тиiстi органдар
тарапынан
жобалау немесе
өндiрiстiң, цехтардың жəне басқа құрал –жабдықтар мен қондырғылардың
жұмыстарын көлiктер мен басқа да зиянды, шу, тербелiс, магнит өрiсi жəне
басқа
физикалық əсердiң
көздерi ретiнде
жабылады
немесе
уақытша
тоқтатылады.
Қоршаған табиғи ортаны тұрмыстық жəне өндiрiстiк қалдықтардан
қорғауға қойылатын талаптар (60-бап).
Қалдықтарды жинау, жою жəне көму орындары жергiлiктi коммуналды
жəне қосалқы органдармен келiсiлген, қоршаған ортаны қорғаушы функциясын
атқарушы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы жəне орындаушы
органдар тарапынан бекiтiлген.
Қоршаған ортаны ластайтын өндiрiс қалдықтарын тастау, ағызу т.б. iс
шараларды қоршаған ортаны қорғаудың атқарушы орталық органдарының
рұқсатынсыз жасауға тыйым салынған.
Қалдықтарды Қазақстан Республикасының территориясында қайта өңдеу,
сақтау жəне көму мақсатымен алып келу тек Қазақстан Республикасы
үкiметiнiң арнайы рұқсатымен жасалады.
Қолданылған соң қалдықтарын қайта өңдеу немесе жою технологиясы
жоқ өнiмдердi шеттен алып келуге (импорттауға) болмайды.
Тұрмыстық
жəне
өндірістік қалдықтарды
жинау жəне
қолдану
мемлекеттік есепке алу арқылы жүргізіледі.

Page 52

52
Токсикологиялық қалдықтарды, атомдық өндіріс қалдықтарын қала немесе
басқа
елді
мекендерде, орман
парктерінде, санаторийлерде, демалыс
орындарында, рекреациялық аймақтарда жəне адам денсаулығы мен қоршаған
ортаға қауіп төндіре алатын жерлерде орналастыруға тыйым салынған.
Бұл ережелердің сақталмауы ҚР қоршаған ортаны қорғау саласындағы
өкілетті мемлекеттік органдары тарапынан, санитарлық-эпидемиологиялық
органдар тарапынан объектінің қызмет атқаруға алған рұқсатының жобасында
немесе қызмет атқаруын шектеуге немесе уақытша əлде болмаса түгелдей
тоқтатуға құқықты.
Əскери жəне қорғаныс объектілеріне, əскери қызметтерге қойылатын
экологиялық талаптар (61-бап).
ҚР
заңында
бекітілген
экологиялық
талаптар
тек
Қазақстан
Республикасының заңына сəйкес төтенше жағдайлардан басқа уақытта əскери
жəне қорғаныс объектілеріне де, əскери қызметтеріне де толықтай қатысты.
Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес, басқа органдар сияқты, əскери
органдар да қоршаған орта мен адам денсаулығына зиян келтіретін əсерлерді
келтірмеуі тиіс, ал болған күнде оның зардаптарын жою, оны қалпына келтіруі
қажет.
Жердің озон қабаты мен климатын қорғауға қойылатын талаптар (62-
бап).
Бұл талаптар жобалау кезінде орындалуымен қатар шаруашылық қызметі
кезінде де орындалуы қажет. Олардың орындалуы төмендегілермен қамтамасыз
етіледі: климаттың күйінің өзгеруін есепке алу жəне бақылау, шаруашылық
қызмет пен басқа процестердің озон қабатының өзгерістеріне əсерін белгілеу;
зиянды
заттардың
қоршаған
ортаға
шығарылуы
мен
ағызылуының
нормативтерінің белгіленуі жəне орындалуының озон қабаты мен климатқа
əсері; өнеркəсіп пен тұрмыста озон қабатының жұқаруына əсер ететін
химиялық
заттардың
өндірісін реттеу, бұл
атап
өтілген
талаптарды
бұзушыларға қойылатын жауапкершіліктің арттырылуы.
Жердің озон қабаты мен климатты қорғау Қазақстан Республикасының
заңдарына жəне халықаралық келісім шарттарға сəйкес, əрі Қазақстан
Республикасы тарапынан бекітілген (ратификацияланған) құжаттарға сəйкес
орындалады.
Халықаралық келісім-шарттар бойынша министрліктер мен ведомствалар,
мекемелер озон қабатына зиянды əсер ететін химиялық заттардың өндірісі мен
қолданылуын азайтуды жоспарлап, ал содан соң түгелдей тоқтатуы қажет.
Жердің озон қабатына зиянды əсер ететін химиялық заттар мен өндіріс
қалдықтарының тізімі ҚР қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік
өкілетті органдары тарапынан жасалып бекітіліп, барлық министрліктерге
хабарландырылады. Озон қабатына зиянды əсер ететін химиялық заттарды
өндіру немесе қолдануда белгіленген тəртіппен шарттарды бұзу, ол өндіріс
орнының немесе объектінің мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізген соң
ҚР мемлекеттік өкілетті органдары тарапынан технологиялық тізбектердің,
цехтардың, агрегаттар мен қондырғылардың жобалануы немесе қызметінің
уақытша тоқтатылуы немесе түгелдей тоқтатылуы туралы шешім қабылданады.

Page 53

53
Сонымен, қоршаған ортаға елеулі əсер ететін жобаларды зерттеу жəне іске
асыруға қойылатын талаптар экологиялық сараптаманы жүргізуде жалпы жəне
маңызды экологиялық талаптар болып табылады.
Бұл талаптар бойынша қоршаған табиғи орта мен адам денсаулығына
қайтымсыз
зардаптар
шектіре
алатын, өсімдіктер
мен
жануарлардың
генетикалық қорын жоя алатын, жердің озон қабаты мен климатқа зиянды
өзгерістер келтіретін, табиғаттағы жоғары өнімді экологиялық жүйелердің
табиғи тепе-теңдігінің бұзылуына немесе қирауына жол беретін салаларды
зерттеуге немесе іске асыруға қатаң түрде тыйым салынады.
Жоғарыда
аталған
экологиялық талаптардың
барлығы
нормативтер
жүйесіне негізделіп, ҚР қоршаған ортаны қорғау заңының VIII тарауының 35-
42- баптарында қарастырылған жəне қоршаған ортаның сапасын өзгертетін
нормативтер шекті мөлшерлік концентрация (ШМК) (ПДК), шекті мөлшерлік
деңгей (ШМД) (ПДУ), зиянды
əсерлердің
шектік
нормативтері, шекті
мөлшерлік шығарылым ШМШ (ПДВ), шекті мөлшерлік тасталым ШМТ (ПДС),
табиғатқа мейлінше мүмкін болатын шекті жүктеме ММБШЖ (ПДН) жəне т.б.
шығарылымдар мен ағызылымдарды жəне басқа да қоршаған ортаға əсерлерді
жоспарлау мен іске асырылулар,
мемлекеттік экологиялық сараптама
жүргізілуі нəтижесіне қарай, шектелуі, азаюы немесе ҚР қоршаған ортаны
қорғау саласындағы өкілетті органдар жəне санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау органдары тарапынан тоқтатылуы да мүмкін.
Бұл нормаларға зиянды заттардың шекті мөлшерлік концентрациясы (37-
бап), шекті мөлшерлік деңгей )37-бап), физикалық əсерлер, шу, тербеліс,
магнит өрісі (39-бап), радиациялық əсер (40-бап), ауыл шаруашылығында
қолданылатын химиялық заттар (41-бап), азық-түлік құрамында болатын
химиялық заттардың артық мөлшері жəне т.б. жатады.
Нормалардың əрбір өндіріс түріне қарай ауыл шаруашылығында –
мелиорация, өнеркəсіпте – энергетика, радиоактивтілік қызметтер, халық
шаруашылығында қолданылатын химиялық жəне биологиялық заттар, зиянды
физикалық əсерлері бар объектілер, тұрмыстық жəне өнеркəсіп қалдықтарының
көздері, əскери жəне қорғаныс объектілері болып жіктеледі.
Экологиялық сараптама кезінде ескерілетін барлық экологиялық талаптар
нормативті-құқықтық құжаттар сарапталатын объектінің əрбір сатысына сəйкес
келетіндей топталады. Оларға нормативті құжатты зертеу-дайындау (жоба алды
жұмыстар объектінің орналасу орыны), жобалау құжаттарындағы негіздемелер,
техникаға, сертификатына негіздеме, технологиялар мен материалдарға, рұқсат
лицензияларына негіздемелер əртүрлі қызмет түрлеріне келісімдер жəне т.б.
жатады.
Экологиялық талаптардың негіздеме құжаттарын дайындауға қажетті
құжаттар шаруашылық жəне басқа қызметтердің экологиялық негіздемелері
нұсқауында (инструкциясында) келтірілген (ҚР-ғы жобаалды жəне жобалауда
мемлекеттік экологиялық сараптау жұмыстарын жүргізу нұсқауы, 21.02.1997,
Алматы).
Негізгі əдебиеттер 1[23-24], 3[22-24], 6[51-54]
Қосымша əдебиеттер 1[37-39], 3[34-36]

Page 54

54
Бақылау сұрақтар:
1. Халық шаруашылығында биологиялық жəне потенциалды қауіпті
химиялық заттарды қолдануға қойылатын экологиялық талаптар.
2. Қоршаған ортаны зиянды биологиялық əсерлерден қорғау шаралары.
3. Қоршаған ортаны зиянды физикалық əсерлерден қорғау.
4. Қоршаған табиғи ортаны тұрмыстық жəне өндiрiстiк қалдықтардан
қалай қорғауға болады?
5. Əскери жəне қорғаныс объектілеріне, əскери қызметтерге қандай
экологиялық талаптар қойылады?
6. Жердің озон қабаты мен климатын қорғауға қойылатын талаптар.
7. Осы экологиялық талаптардың барлығы қай кезде жəне не себепті
тоқтатылуы мүмкін?
10 -дəріс тақырыбы: Қазақстан Республикасы табиғат қорғау заңдарының
экологиялық сараптама саласында бұзылу түрлері туралы түсініктер.
Қоршаған ортаны қорғау стандарттары жəне жиынтық əсер
Стандарттау
талаптары, стандарттар жүйесi, түрлері, ШМК, ластаушы
заттардың шоғырлану дəрежесі. Технологиялық стандарттар. Өнімдердің
сапасының стандарттары
Қазақстан республикасы табиғат қорғау заңдарының экологиялық
сараптама
саласында бұзылу
түрлері 8 тараудың 39-40 баптарында
көрсетілген. Онда МЭС жүргiзудiң белгiленген мiндеттi тəртiбiн бұзу;
жүргiзiлген экологиялық сараптаманың нəтижелерiн бұрмалау; экологиялық
сараптама шешiмдерiнiң, тұжырымдарының жариялану тəртiбiн, соның iшiнде
түпкiлiктi қорытынды қабылданғанға дейiн бұзу; МЭС-ның оң қорытындысы
болмайынша, қоршаған ортаны қорғау саласында лицензиялар беру не
объектiлер салуды жəне өзге де қызметтi жүзеге асыру; сарапшылық
комиссияларын құру мен қызметiн ұйымдастыру тəртiбiн бұзу; лицензиялары
жоқ ұйымдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң жəне өзге де құрылымдардың
экологиялық сараптаманы жүзеге асыруы анық айтылған.
Сонымен бірге экологиялық сараптама жүргiзген кезде экологиялық
қауiпсiздiк, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиiмдi пайдалану мен
молықтыру талаптарын
бұзу; қоғамдық
бiрлестiктердiң
экологиялық
сараптаманы ұйымдастырып, жүргiзуiне кедергi жасау; сарапшылық органдар
мен құрылымдарға қажеттi материалдар, мəлiметтер мен деректер беруден
жалтару; сарапшыны негiзсiз экологиялық сараптама жүргiзуге не көрiнеу
бұрмаланған жəне объективтi емес қорытындылар дайындауға мəжбүрлеу;
заңда көзделген сарапшылық қызметтi немесе экологиялық сараптамалық
қызмет көрсетуге шартпен жүктелген мiндеттемелердi орындамау; мемлекеттік
жəне қоғамдық ЭС жүргiзудi тiркеуден негiзсiз бас тарту болып табылады;
Қазақстан
Республикасының заңдарында
экологиялық
сараптамалық
қызмет бөлiгiнде табиғат қорғау заңдары бұзылуының өзге де түрлерi
белгiленуi мүмкiн.

Page 55

55
ЭС саласындағы заңдарды жəне өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi
бұзғаны үшiн ҚР аумағындағы шаруашылық қызмет объектiлерi жалға жəне
басқаруға берiлген заңды жəне жеке тұлғалар, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ
адамдар ҚР-ның қолданылып жүрген заңдарына сəйкес жауап бередi.
Соңғы
жылдары атмосфераның
жер, су
көздерiнiң
ластануына
байланысты, қоршаған табиғи ортаға да белгiлi талаптар қойылып, оны
стандарттау жұмыстары жолға қойылуда. Бұл орайда, қоршаған ортаның
сапасы, ауа, жер, су көздерiнiң тазалығы, оларды бақылау мен қадағалау
тəсiлдерi жəне бiрыңғай терминология мəселелерi қарастырылады. Демек, кез
келген технологиялық өндiрiс орны мен өндiрiлетiн өнiм сапасы ғана
стандарттаудан өтiп қоймай, сонымен бiрге оның қоршаған ортаға тигiзетiн
əсерi, қарым-қатынасы да стандартталуы тиiс. Яғни, олар белгiлi бiр талаптарға,
нормативтi көрсеткiштерге сəйкес болуы керек. Бұл стандарттау, техника-
экономикалық тұрғыдағы талаптарды ғана емес, сонымен бiрге, экологиялық
мəселелердi шешудi де қамтиды.
Стандарттау дегенiмiз (ағылшынша standart норма (мөлшер) мағынасын
бередi) əдетте, дайын өнiмдерге, материалдар мен шикiзаттарға қойылатын
нақтылы нормалар мен бiрыңғай мемлекеттiк талаптарды қамтитын ұғым.
Өндiрiс бiрлестiктерi мен өнеркəсiп орындарын стандарттаудың ерекше
мəнi бар. Мысалы, Қоршаған ортаны қорғау басқармасында, негiзгi талаптар
мен жайлар стандарты - өндiрiс бiрлестiктерi мен өндiрiс салаларының
барлық
түрiнiң
экология-экономикалық
сипатын
бағалай
отырып
қарастырылады.
Келтiрiлген
стандартқа
сəйкес,
өнеркəсiп
пен
кəсiпорындардың, бiрлестiктердiң табиғи қорларды пайдалануы, ол қорлардың
қалпына келтiрiлуi, өнiм даярлау барысында түзiлетiн зиянды қалдықтарды,
ластаушы заттарды анықтауға жəне қоршаған ортаны қорғауға арналған
құралдар, қондырғылар – бəрi де қадағалау объектiлерi болып табылады.
Стандарттау талаптарының қатарына жер, су көздерiнiң, атмосфера
ластануының нормативтi деңгейiн бақылау жəне оны сол деңгейден асырмай,
мүмкiндiгiнше зиянсыздандыру жұмыстарын жүргiзу де жатады. Бұрынғы
Кеңес үкiметiнде табиғатты қорғау туралы № 17 арнаулы стандарттау жүйесi
болған. Бұл стандарттар жүйесi, атмосферадағы ауа сапасынан бастап,
гидросфера мен литосфераны бақылау жəне табиғатты қорғау технологиясын
қамтыған.
Қоршаған орта алаңындағы стандарттар жүйесi (ҚОАСЖ) төмендегi
топтардан тұрады: 0 - негiзгi қағида; 1 - гидросфера; 2 - атмосфера; 3 -топырақ;
4 - жер; 5 - флора; 6 - фауна; 7 - қазба байлықтар.
Экологиялық жүйедегi бағытына қарай мемлекеттiк стандарттар келесi
түрлерге
жiктеледi: 1- терминдер, классификациялар, анықтамалар; 2-
ластағыштардың мөлшерi мен шамаларын анықтау, табиғи ресурстарды
қолдану
интенсивтiлiгi; 3- табиғатты
қорғау
ережелерi жəне
табиғи
ресурстарды
рационалды
қолдану; 4- шаруашылық
қызмет
əсерiнiң
интенсивтiлiгi мен табиғи объектiлердiң күйiн анықтайтын параметрлердi
анықтау əдiстерi; 5,6- қоршаған ортаны бақылау жəне қорғау амалдарына
қойылатын талаптар; 7- т.б. стандарттар.

Page 56

56
Стандарттың толық аталуында (ГОСТ) индекс, жүйе нөмiрi (17), стандарт
нөмiрi мен шығарылған жылын қамтиды. Мысалы, трактор моторының
ластағыш газдар шамаларын анықтайтын əдiстерi мен нормаларын анықтау
қажеттiгi туғанда ГОСТ 17.2.2.05-86 қолдану қажет. Бұл мысалдағы “17”- жүйе
нөмiрiн, 2-топ нөмiрiн – атмосфера, 2-стандарт түрiн - өлшеу əдiсi мен
нормасын, 05 – стандарт нөмiрi жəне шығарылған жылын – 86 көрсетедi.
Техникалық терминдер сөздiгiнiң қысқартылған қазақ тiлiндегi бiрiңғай
жүйесi əлi пайдалануға енбеуiне байланысты, қазiрше көптеген салада ескi
мемлекеттiк стандарт таңбасы – ГОСТ қолданылып жүр.
Кейбiр
экологиялық
нормативтерге стандарттық
функция
қызметi
берiлген. Бұлардың қатарына шектiк мөлшерлiк концентрация (ШМК) (ПДК-
предельно допустимая концентрация) жатады да, оны қысқаша ШМК деп
беллгiлейдi. Ал кейбiр сөздiктердi ПДК-ны мүмкiндiгiнше шектi шоғырлану
деп аударған (МШШ). Қоршаған ортаға əр түрлi көлiк түрлерiнен шығатын улы
заттардың шектi мөлшерi стандартталған жəне заңды тұлғалар мен əрбiр қоғам
мүшесi оларды орындауға мiндеттi. Стандарттар талабын орындамау немесе
бұзушыларға заң тұрғысынан жауапкершiлiк жүктеледi.
Зиянды заттар ауа құрамында бiр мезгiлде болатындықтан, бұлардың
организмге
əсерiн
жеке-жеке
емес, бiрлесiп
тигiзетiн
əсерiн
топтап
қарастыруды керек етедi. Бұл жағдай зиянды заттардың жиынтық эффектiсi
(суммарный эффект) немесе жиынтық əсерi деп аталады. Кейбiр заттар
организмге зияндылығы жөнiнен өзара бiрдей əсер етедi. Мысалы, фенол жəне
ацетон, валериан, капрон, май қышқылдары. Ауа тазалығы үшiн мына қатынас
орындалуы тиiс:
С / ШМК < 1
мұндағы: С - қарастырылып отырған жағдайдағы (ауадағы) ластағыш
заттар концентрациясы; ШМК – сол заттың шектi мөлшерлiк концентрациясы.
Мысалы, ауада бiр мезгiлде фенол мен ацетонның булары бар болса, яғни
С
ацетон
= 0,345 мг/м
3
, С
фенол
= 0,009 мг/м
3
. Бұларға сəйкес ШМК мəндерi – 0,35
жəне 0,01 мг/м
3
болады. Жеке заттар үшiн:
С
ацетон
/ ШМК = 0,345 / 0,35 < 1; С
фенол
/ ШМК = 0,009 / 0,01 < 1
Алайда бұл заттардың жиынтық əсерi зиянды болады. Яғни
С = 0,345 + 0,009 = 0,354
өйткенi:
0,354 / 0,35 > 1 жəне 0,354 / 0,01 > 1
Демек, ауаның
ластану
дəрежесi ластанудың шектi мөлшерлiк
концентрациясынан жоғары, яғни тiршiлiкке қауiптi.
Егер, ауада жиынтық əсер қасиетiне ие бiрнеше зат бар болса, онда ауа
сапасын анықтау теңдеуiн төмендегiдей жазуға болады:
С
1
/ ШМК
1

2
/ ШМК
2
+…С
n
/ ШМК
n
< 1

Page 57

57
Мұндағы С
1
, С
2
, …, С
n
- жиынтық əсер қасиетiне ие ластағыш заттардың
шектi мөлшерлiк концентрациясы.
Сонымен, ластаушы заттардың атмосфераға жайылатынын ескере отырып,
өнеркəсiп, өндiрiс мекемелерiнiң аймағындағы ауа құрамында зиянды зат
концентрациясы жұмыс аймағы маңының 30%-нен артпауы тиiс. өндiрiс
аймағындағы
атмосферадағы
ауа
құрамында
ластаушы
заттардың
концентрациясынан жұмыс аймағындағыға қарағанда үш еседей аз болуы
мынаған байланысты. Атмосферадағы ауа өндiрiс мекемелерін, цех iшiн
желдету үшiн қажет жəне бұл ауа, цех iшiндегi ауаға қарағанда таза болуы тиiс.
Кəсiпорынды салғанда ауа кеңiстiгiн ластау жəне көршi аудандарды да
ластау жобаланса, онда сол жердегi ауа құрамының сапасы ескерiлуi тиiс.
Ауада, əлгi зиянды заттардың ұшырасуы – табиғи концентрация немесе
фондық концентрация (фоновая концентрация) деп аталады.
Егер, белгiлi бiр аймақта бірнеше ластаушы заттар көзi бар болса, онда ауа
сапасының тазалық нормативi “Санитарлық ережелер мен нормалар-СН-245-
71-ге” сəйкес есептелiп анықталады.
Сарапшы мамандар қазiргi жаңа талаптарға сай, өнеркəсiп ауласында жəне
оның
сыртындағы
атмосферадағы
ластағыш
заттар
концентрациясын
есептеудiң, түрлi мемлекеттiк
стандарттарға
сəйкес
ғылыми-техникалық
нормативтермен үйлесiмдi жүргiзу арқылы анықтау(СН-319-74, СН-245-71)
əдебиеттерiн, əдiс-тəсiлдерiн қолдануы қажет.
2-сызба
Ластаушы заттардың жол берілетін шығару нормасын белгілеу

Page 58

58
Əдетте ластаушы заттардың шоғырлану дəрежесі бақылау пункттерінде
өлшенеді. Егер көрсеткіш нормадан артық болса, ластаушыларға норма
азайтылып, шоғырлану
дəрежесі қайта
есептеледі. Керісінше, бақылау
көрсеткіші төмен болса, норматив жоғарылатылуы мүмкін.
Технологиялық
жəне
тағы
басқа
обьективті
себептермен
ластаушы
заттардың шығарылу нормасын жол берілетін нормаға бірден жеткізу мүмкін
болмағанда, аймақтың
экологиялық
жағдайы
көтеретін
болса, уақытша
келісілген норматив белгіленеді жəне оны жол берілетін шамаға жеткізу
шаралары белгіленеді.
Ластаушы заттар шығару нормативін белгілеу көп сатылы қайталанатын
процесс жəне аймақтағы барлық ластаушылардың табиғи ортаға жиынтық
əсері, аймақтың табиғи жағдайы ескеріледі. Бақылау нүктелерінде ластаушы
заттардың шоғырлануы жол берілетін шамаға жеткенінше процесс қайталана
береді.
Өнімдердің сапасының стандарттары – азық-түлікте, сауда, тұтыну
тауарларында зиянды заттардың, қоспалардың болмауын реттейді.
Технологиялық стандарттар - əрбір өндіріс процестеріне немесе тазалау
қондырғыларына белгіленеді. Стандарт бойынша табиғат қорғау технологиясы
үлгілік технологияға сай болуы керек.
Негізгі əдебиеттер 1[85-86], 3[77-78]
Қосымша əдебиеттер 1[182-186], 3[120-124]
Ластаушы заттарды
шығарудың жол
берілетін алғашқы
нормасы
Шоғырлануын,
таралуын есептеу
Территорияға
ластаушы заттардың
жиынтық əсері
Бақылау
нүктелерінде тексеру
(өлшеу)
Шоғырлануы
нормаға сəйкес
келеді
Таралуын есептеу
Алғашқы норма
ұлғайтылады
Алғашқы норма
азайтылады
Шоғырлануы жол
берілетін
шамадан кем
Шоғырлануы
жол берілетін
шамадан артық

Page 59

59
Бақылау сұрақтар:
1. МЭС жүргiзудiң белгiленген мiндеттi тəртiбiнің бұзылуы
2. Экологиялық сараптаманың нəтижелерiнің бұрмалануы
3. ЭС шешiмдерiнiң, тұжырымдарының жариялану тəртiбiнің бұзылуы
4. МЭС-ның оң қорытындысы болмайынша, ҚОҚ саласында лицензиялар
беру не объектiлер салуды жəне өзге де қызметтi жүзеге асыруға
неліктен болмайды?
5. Қоршаған ортаны стандарттау жұмыстарын қалай түсінесіз?
6. Қадағалау объектiлерi дегеніміз не?
7. Қоршаған орта алаңындағы стандарттар жүйесi неше топтан тұрады?
8. Ауа сапасының тазалығын анықтауға қандай стандарт белгіленген?
11 -дəріс тақырыбы: Экологиялық аудиттің теориялық негіздері
Экологиялық аудиттің мақсаты мен мазмұны. Экологиялық аудиттің
өркендеуі жəне тұрақтануы. Экологиялық аудиттің принциптері мен негізгі
функциялары. ЭА
объектілері. Аудиттің
статусы, стадиясы, базалық
құжаттарын
жүргізу. ЭА
жүргізу процедурасы. Аудит
жұмыстарын
ұйымдастыру. Олардың
міндеттері
жəне
жауапкершілігі. Экологиялық
аймақтарда аудитті жүргізу шарттары. Аудиторлық қорытынды.
Қазақстан Республикасындағы экономика салаларының кəсіпорындары
нарықгық экономика талабына сай күрделі де кұрылымдық өзгерістерге
ұшырай даму үстінде. Кез-келген компания немесе банкілер ірі көлемде
немесе көпжылдық инвестиция саларда, несие беруде, сондай-ақ басқа да
тəуекел операцияларын кеңейту, қайта жаңарту, жеке иелендіруге байланысты
өздері
немесе
бизнестегі өзіндей
кəсіпорындарды
экологиялық аудит
жүргізілуін талап етеді.
Экологиялық аудит - ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық жəне өзге
де қызметiн, олардың табиғи ресурстарды тиiмдi пайдалану мен молықтыру
жөнiндегi есеп беруiнiң дұрыс жасалуын қоса алғанда, қоршаған ортаны
қорғаудың нормалары мен ережелерiн, экологиялық талаптарды сақтауын
тəуелсiз тексеру (81-бап).
Кəсіпорын қызметінің қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды
ұтымды пайдалану, табиғи жəне техногенді төтенше жағдайлар туралы
заңдарға сəйкестігін бағалау керектігінен экологиялық аудит пайда болды.
Экологиялық аудит жұмысы дамыған елдерде өте кең түрде дамыған.
Америка Құрама Штаттарында экоаудит 70-жылдардың ортасынан бастап,
өндірістегі
апаттардың
санының
өсуімен
химия
кəсіпорындарындағы
экологиялық шығындардың көбеюінен бастап пайда болды. 80-жылдардың
басынан бастап экологиялық аудит Англия, Нидерландия, Швеция жəне басқа
Еуропаның дамыған елдеріндегі өндіріс орыңдарында енгізілді. Қоғамдық
саланың аталған елдердегі өсуі, осы мемлекеттерде арнайы Еуропа одағының
қаулысы- "Экоаудит туралы қаулы" (1993) қабылданған. Бұл құжат Еуропа
мемлекеттеріндегі орналасқан кəсіпорындар үшін заңдылық күшінде болды.

Page 60

60
1984 жылы АҚШ-тың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Ұлттық
агенствосы
федеральдық
ведомство
үшін
экологиялық
аудиттық
тұжырымдамасын дайындаған, оны басшылыққа алып, бұл агенство АҚШ-тың
энергетика министрлігінде, Аэронавтика жəне космос кеңістігі жөніндегі
ұлттық басқармасында экологиялық аудит жүргізген.
Қазіргі
кезде
халықаралық
даму
банктері
шет
елдердегі
қаржыландырылған компаниялардың табиғатты қорғау қызметін бағалау үшін
арнайы экологиялық аудит жүргізіп алады.
Экологиялық
аудиттің
негіздеріне
Қазақстан
Республикасының
«Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы заңын, 1995 жылғы
17 сəуірдегі «Лицензиялау туралы» заңын, қоршаған ортаны қорғау заңның
ХVII тарауындағы 81-83 баптарын атауға болады.
Аудиттің түрлері - міндетті аудит жəне бастамалы аудит. Міндетті
аудит
Қазақстан
Республикасының
заңдарында
белгіленген
жағдайларда
жүргізіледі. Бастамалық аудит аудиттелетін субъектінің бастамасы бойынша
аудиттелетін субъекті мен аудитордың, аудиторлық ұйымның арасындағы
аудит жүргізуге арналған шартта көзделген нақты міндеттер, аудит мерзімі мен
көлемі ескеріле отырып жүргізіледі.
Аудиторлық қызметтің негізгі принциптері:
а) тəуелсіздік; б) объективтік; в) кəсіби біліктілік; г) құпиялық болып
табылады.
Аталған принциптердің бəрі де заңмен белгіленген принциптерге жатады
жəне олар аудит қызметін атқарушылар үшін орындалуға жататын принциптер-
нормалар болып табылады.
Міндетті мемлекеттік экологиялық аудит жасалуға мына объектілер жатады:
Ø мүліктер (жер учаскілері, табиғат объектілері, ғимарат пен қондырғылар,
машиналар мен құрал-жабдықгар т.б.);
Ø кəсіпорынның ағымындағы операциялары (өндірістік, коммерциялық
т.б.);
Ø өнімдер; атмосфераға
шығарылатын
шығарындылар; ағынды
су;
қалдықтар;
Ø өнеркəсіптің экологиялық паспорты;
Ø кəсіпорынның төтенше жағдайдағы басқару жүйесі;
Ø қоршаған ортаны қорғау жəне адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
бағдарламасы.
Экоаудит жұмысы ерікті, бірақ Қазақстан территориясындағы кез-келген
кəсіпорынның қызметі қоршаған ортаға немесе тұрғын халыққа экологиялық
жəне экономикалық зиянын тигізсе, онда жергілікті атқарушы органдар
экологиялық аудит жүргізуге мəжбүр етуге құқығы бар.
Экологиялық аудиттің негізгі функциялары:
Ø кəсіпорынның немесе өндіріс орнының күнделікті қызметін экологиялық
заңдылық көзқарасы бойынша бағалау;
Ø əкімшілікті жоспарлау жəне басқаруға қажетті мəліметтермен қамтамасыз
ету;
Ø əкімшіліктің қоршаған ортаны қорғауға байланысты шешімдерін тексеру;

Page 61

61
Ø қоғамдық, акционерлер жəне үкімет тарапынан кəсіпорынға сенімділікті
арттыру.
Сонымен, мемлекеттік бақылау «өзін-өзі бақылауға» жол береді, яғни
экологиялық аудиттің кең түрде етек алуына жəрдемдеседі.
Экологиялық аудиторлық қызмет
Экологиялық аудиттi тапсырысшымен шарт негiзiнде тəуелсiз адамдар
(экологиялық аудиторлар) мен аудиторлық ұйымдар жүргiзедi. Заңдарда
белгiленген жағдайларда экологиялық аудит мiндеттi болып табылады.
Экологиялық аудиттi жүргiзуге шетелдiк аудиторлар мен аудиторлық
ұйымдар тартылуы мүмкiн.
Экологиялық аудитторлық қызмет мемлекеттiк лицензиялауға жатады, ал
бiлiктiлiк комиссиясы аттестациялаған жəне Қазақстан Республикасының
аумағында аудиторлық қызметпен айналысуға бiлiктiлiк куəлiгiн (құжат-куəлiк)
алған жеке немесе заңды тұлға экологиялық аудитор бола алады.
Экологиялық аудиттi жүзеге асыру тəртiбi
Экологиялық аудиторлық қызметтiң, аудиторларды аттестациялаудың,
экологиялық аудит жүргiзудiң тəртiбi мен ережелерi, экологиялық аудиторлар
мен аудиторлық ұйымдастырудың құқықтары мен мiндеттерi, жауапкершiлiгi
заңдармен белгiленедi.
Экологиялық аудит 4 этапты қамтиды:
Бірінші этап — экоаудит шараларын алдын-ала жүргізу: экологиялық
тиімділігін
бағалау негізінде
бірінші кезектегі объектілерді анықгау,
экологиялық аудитті
жүргізудің графигін
жасау; экологиялық
аудиттің
шараларының жоспарын жасау.
Екінші этап - өзіндік аудит жүргізу: қызметкерлер мен басшылармен əңгіме
өткізу, құжаттармен жұмыс жасау.
Үшінші этап — экоаудиттің есебін дайындау. Берілетін есепте объектінің
Қазақстан Республикасы заңдары, стандарттары, нормаларына сай экологиялық
сипаты жəне «өзін-өзі бақылау міндеттері бойынша нормаға дұрыстығы
келтіріледі.
Төртінші этап — экологиялық аудиттің нөтижелерін іс жүзінде асыру:
кəсіпорынның
басшыларына, қызметкерлеріне, акционерлерге, қоғамдық
мекемелерге, мемлекетгік
органдарға, бизнестегі партнерлерге
нəтиже
мəліметтерін жеткізу.
Халықаралық тəжірибедегі экологиялық аудитті жүргізудің негізінде
олардың келесі түрлері болады:
Ø трансұлттық;
Ø мемлекет ішінде;
Ø салалық;
Ø кəсіпорын ішінде.
Бұл жерде экологиялық аудитті экологиялық бағалаудан ажырата
білуіміз қажет. Экологиялық аудит қоршаған ортаның қазіргі кездегі əсерінің,
сондай-ақ болып кеткен кезеңдегі қызметтің экологиялық зардабын бағалайды.
Ал, экологиялық бағалау бағытталған болашаққа жобаланған жоба жүзеге
асқанда, оның қоршаған ортаға зиянды əсерін сипаттайды.

Page 62

62
Қазіргі кезде экологиялық аудит Казақстан Республикасында онша кең
түрде
таралған
жоқ. Келіп
жатқан
шетел
компанияларын
біздің
кəсіпорындардағы негізгі қорларының жағдайы экологиялық көрсеткіштері
жағынан
сын
көтермейді, техника мен
технологияның
экологиялық
көрсеткіштері халықаралық стандарттар мен нормаларға сай келмейді. Оның
себебі, біздегі техника мен технология нарықгық экономика талабына жауап
бере алмай жатыр.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі «Қоршаған ортаны
қорғау туралы» заңында экологиялық аудит азаматтардың шаруашылық жəне
өзге де қызмет талаптарын тəуелсіз, кешенді жəне құжаттық бағалауларын
сақтайтын, оның ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормалы жəне
нормативті құжаттарды, халықаралық
стандарт
талаптарын
жəне
сол
қызметтерді жақсарту бойынша ұсыныстарды дайындауды көрсеткен (17 тарау,
81-83 бап).
Экологиялық аудиттің процедурасы тексерілетін объектіге белгіленген
критерийлерге
сəйкес
бағалануы
керек. Экологиялық
аудитті жүргізу
процедурасы басқару мен жүргізуге өте қарапайым жəне қолайлы болу қажет.
Аудит жүргізудің алдында білу керек:
Ø коммерциялық қызметте немесе өнеркəсіптік процесте қолданылатын
процестерді бөліп алу;
Ø аудиттің міндетін анықтау (оның масштабы мен құрылымын қоса
есептегенде);
Ø аудиттің жүргізу ретін белгілейтін процедураны жете зерттеу (дайындау);
Экологиялық аудиттің негізгі жүргізу этапы: алғашқы құжаттарды,
тіркеу журналдарын ж.т.б. табиғат қорғау қызметін тіркейтін көрсеткіштерді
тексеру.
Ø
Аудит
жүргізуге
ақпарат
жинау:
өзіндік
аудит
жүргізу,
қызметкерлермен, басшылармен əңгіме өткізу, құжаттармен жұмыс
жасау;
Ø
Объектіні көзбен шолып байқау, күй –жайын, техникалық құралдарды
пайдалануды тексеру;
Ø
Қоршаған ортаның параметрін жəне кері əсер факторларын аспапты
анализдеу;
Ø
Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жəне табиғатты қорғау қызметін
жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.
Өнеркəсіпке аудит жүргізілгенде бірқатар жетістіктерге қол жеткізіледі:
Ø өнеркəсіп қызметін экологизациялауға мүмкін жету жолдарын анықтау
жəне осы мақсатқа жетуге кедергі болып жүргендерді табу (себебін білу);
Ø келтірілген
залалдарға үлкен
компенсацияны
төлеуді, экологиялық
төлемдер мен айыптарды төмендету;
Ø өнеркəсіптің саясатын
жəне экологизациялау
қызметін
жоғарылату,
өнеркəсіп
қызметкерлерінің экологиялық
саналық
пен
экологиялық
жауапкершілігін арттыру;

Page 63

63
Ø өнеркəсіптік қызметке мемлекеттік органдар мен субъектілер белгілеген
қоршаған ортаның экологиялық нормалы сапасының дəреже сəйкестігін
анықтау;
Ø өнеркəсіптің экологиялық қызметінің жақсаруына жəне өндірілген өнімнің
құнын төмендетуге шаралар қолдану;
Ø экологиялық проблемаларды шешуде басқару əдістерін жақсарту;
Ø қоршаған табиғи ортаға кері əсерлерді төмендетуді қамтамасыз ететін
экономикалық ынталандыру проектілерін жасау;
Ø əкімшілік жəне қоғамдық құрылымдардың қарым-қатынасын жоғарылату;
Ø өнеркəсіптік немесе басқа да шаруашылық қызметтердің нəтижесінде
қоршаған ортаның
ластануына байланысты залалды жəне тəуекелді-
бағалау;
Ø экологиялық тəуекел деңгейін белгілейтін стандартқа сəйкестігі.
Экологиялық аудит процедурасы экологиялық аудитор қорытындысы
түрінде оның нəтижесін толтырумен қарастырылады. Аудиторлық қорытынды
эколог аудитордың немесе аудитор ұйымдардың қолы қойылып, мөрі
басылған, куəландырылған арнайы құжат. Мұнда қорытындының мазмұны
мемлекеттік
жəне
табиғатты
қорғау
органдарының
экологиялық
заңдылықтарына, экологиялық
нормативті
актілеріне, стандарттарға,
ережелерге, талаптарға, бұйрықтарына сəйкес жəне табылған кемшіліктерді
жою жөнінде ұсыныс көрсетіледі.
Аудиторлық қорытынды белгіленген форма бойынша жазылады, ол үш
бөлімнен: Кіріспе (алғашқы), аналитикалық жəне қорытынды бөлімнен тұрады.
1. Кіріспе бөлімінде:
Ø Аудитор ұйымына – оның заңды мекен-жайы (адресі), телефоны;
аудиторлық қызметке лицензия берген ұйымның аты-жөні жəне берілген
(ашылған) уақыты, реттік нөмірі, лицензияның жұмыс жасау мерзімі,
тіркеу куəлігінің нөмірі, есеп айыру нөмірі, тексеруге қатысқан барлық
аудиторлардың аты-жөні толығымен көрсетілуі керек.
Ø Жеке жұмыс жасайтын аудиторға – аты-жөні, мекен-жайы (адресі),
телефоны; аудитор ретінде жұмыс жасаған өтілі (стажы), аудиторлық
қызметке лицензия берген ұйымның аты-жөні жəне берілген (ашылған)
уақыты, реттік нөмірі, лицензияның жұмыс жасау мерзімі, тіркеу
куəлігінің нөмірі, есеп айыру нөмірі толығымен көрсетілуі керек.
2. Аналитикалық бөлімде мыналар қарастырылады:
Ø Экологиялық аудит жүргізілетін субъектінің аты-жөні жəне қызмет жасау
мерзімі;
Ø мемлекеттік жəне
табиғатты
қорғау
органдарының
экологиялық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша экологиялық заңдылықтарға,
экологиялық нормативті актілерге, стандарттарға, ережелерге, талаптарға
жəне бұйрықтарына сəйкес сараптама нəтижелері мен ішкі бақылау
жағдайы көрсетіледі.
Ø Аудиторлық тексеру барысында өнеркəсіптің экологиялық заңдылықтарды
жəне
статистикалық
пен
нормалы құжаттарының
құрастырылу
ережелерінен шамалы бұзылу фактілерінің табылғаны, сонымен бірге

Page 64

64
экологиялық заңдылықтардың бұзылуы мемлекетке жəне тұрғылықты
халыққа келтірілген немесе келтіретін залалы сипатталады.
3. Соңғы бөлімде аудитордың қорытынды есебінде мемлекеттік жəне
табиғатты қорғау органдарының экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуі
бойынша
қазіргі экологиялық
заңдылықтарға, экологиялық
нормативті
актілерге, стандарттарға, ережелерге, талаптарға жəне бұйрықтарына сəйкес
растатылған (дəлелденген) қолжазба жазылады. Егер де субъект – тапсырыс
берушінің
тексеру
барысындағы
табиғат
қорғау
заңдылықтарын
бұзу
кемшіліктері жөнделмесе, онда аудитордың қорытынды есебінде мемлекеттік
жəне табиғатты қорғау органдарының экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз
етуі бойынша қазіргі экологиялық заңдылықтарға, экологиялық нормативті
актілерге, стандарттарға, ережелерге, талаптарға жəне бұйрықтарына сəйкес
еместігі жайында растатылған қолжазба жазылады.
Аудитор қорытындысының əрбір бетіне тексеру жүргізген аудитордың
қолы қойылып, жеке мөрімен куəландырылады. Егер де тексеруді аудиторлық
фирма жүргізетін
болса, онда
аудиторлық
қорытындыны
аудиторлық
фирманың жетекшісі немесе ол кісіні уақытша атқарушы (орынбасары) кісінің
қолы қойылып, аудиторлық фирманың мөрімен куəландырылады.
Эколог-аудитор
немесе
аудиторлық
ұйымның
шарт
жағдайының
орындалуы аудиторлық
қорытындының тапсыру-қабылдау актысымен
толтырылады. Эколог-аудитор немесе аудиторлық ұйым мен тапсырыс
берушінің
арасында
материалды
сипаттағы
таластар
жəне
əртүрлі
түсініспеушіліктердің туындалуы белгіленген тəртіппен рұқсат етіледі.
Негізгі əдебиеттер 1[34-35], 3[30-31], 7[190-194]
Қосымша əдебиеттер 1[187-192], 3[125-132]
Бақылау сұрақтар:
1. Экологиялық аудиттің мақсаты мен міндеттері жəне түрлері.
2. Аудиторлық қызметтің негізгі принциптері
3. Экологиялық аудиттің объектілері.
4. Экологиялық аудиттi кімдер жүргiзедi жəне қанша этаптан тұрады?
5. Экологиялық аудитті жүргізудің қандай түрлері болады?
6. Экологиялық аудиттің ЭС қандай айырмашылығы бар?
7. Экологиялық аудитті жүргізу процедурасы
8. Экологиялық аудиттің негізгі жүргізу этапы
9. Өнеркəсіпке аудит жүргізудегі жетістіктер
10. Экологиялық аудит процедурасының қорытындысы жəне ол қанша
бөлімнен тұрады?
12-дəріс тақырыбы: Экологиялық сараптамаларға қаржы бөлу.
Экологиялық сараптама қорытындысының орындалу талаптарына
мемлекеттік экологиялық бақылау жүргізу
Экологиялық сараптаманы қаржыландыру. Қоршаған ортаны қopғay
саласындағы бакылаудың міндеттері мен түрлері. Мониторинг түрлері, тұрақты
жəне жылжымалы бақылаулар. Тыйым салу.

Page 65

65
Бесінші тарауда экологиялық сараптаманы қаржыландыру жайында
айтылған.
Мемлекеттік
экологиялық
сараптаманы
қаржыландыру
республикалық
жəне
жергiлiктi бюджеттердiң
қаражаты
сараптама
жұмыстарын жүргiзгенi үшiн төленетiн төлемдер есебiнен жүзеге асырылатыны
көрсетілген.
Мемлекеттік экологиялық сараптама органдары жүргiзетiн сараптама
жұмыстарына ақыны
Қазақстан
Республикасының
үкiметi белгiлейтiн
тəртiппен шаруашылық қызметтiң бастамашысы (тапсырысшы) төлейдi.
Мемлекеттiк экологиялық сараптама мүшелерiне жалақыларының төленуi
ҚР мемлекеттiк экологиялық сараптаманы қаржыландыру тəртiбi бойынша
Кеңес мүшелерiнiң отырыстарға қатысу тiзiмiне қарай жасалады.
Мемлекеттiк экологиялық сараптамашылардың штаттық сарапшысының
бюджеттiк
емес
объектiлердi сараптау
жұмыс
ақысының
төленуi “ҚР
мемлекеттiк сараптама жүргiзу мен қаржыландыру жəне төленетiн төлемдер”
құжаты негiзiнде жүргiзiледi.
Қоғамдық
экологиялық
сараптаманы
қаржыландыру
қоғамдық
экологиялық бiрлестiктер мен қорлардың өз қаражаты есебiнен немесе
қоғамдық жүйеде жүзеге асырылады.
Қоршаған ортаны қopғay саласындағы бакылаудың міндеттері мен
түрлері:
Қоршаған ортаны қopғay саласындағы бақылау қоршаған ортаның жай-
күйін шаруашылык жəне өзге де кызметтің ыкпалымен оның өзгерістерін
байқап отыруды, қоршаған ортаны қорғау мен сауыктыру, табиғи ресурстарды
молыктыру мен ұтымды пайдалану жөніндегі жоспарлар мен шаралардың
орындалуын, коршаған
ортаны
корғау
туралы
зандардың, оның
сапа
нормативтерімен экологиялык талаптардың сақталуын тексеруді өзіне міндет
етіп кояды (ҚР ЭС заңы VІ тарау 76-бап).
Қазакстан
Республикасында
қоршаған
ортаны қорғау
саласында
мемлекеттік, өндірістік жəне қоғамдык бақылау жүзеге асырылады (77-79
баптар).
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды қоршаған
ортаны қорғау саласындағы орталык атқарушы орган мен жергілікті атқарушы
органдар жүзеге асырады.
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталык атқарушы органның
лауазымды адамдарының: меншік нысаны мен бағыныштылығына қарамастан,
ұйымдарға жəне баска да объекттерге (сонын, ішінде белгіленген тəртіппен
əскери жəне корғаныс объектілеріне) кедергісіз (қызмет куəліктерін көрсету
аркылы) кipiп, көруге, мемлекеттік бакылауды жүзеге асыруға кажетті
кұжаттаманы, талдамалардың нəтижелері мен өзге де материалдарды сұратуға
жəне танысу үшін тегін алуға; қоршаған ортаны қорғау мен сауыктыру, табиғи
ресурстарды молыктыру мен пайдалану жөніндегі жоспарлар мен шаралардың
орындалуын, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар талаптарының, оның сапа
нормативтері мен экологиялық талаптардың орындалуын, тазарту құрылыстары

Page 66

66
мен баска да залалсыздандыратын кұрылғылардың жұмысын, оларды бақылау
құралдарын тексеруге;
табиғи ресурстарды пайдалану лицензияларында белгіленген ережелердің
сақталуын жəне қоршаған ортаны қорғау саласындағы жекелеген кызмет
түpлepiнің жүзеге асырылуын, табиғат пайдалану шарттарының (келісім-
шарттарының) жəне табиғат пайдалануға берілген рұксаттың орындалуын
тексеруге, белгіленген тəртіппен олардың күшін жоюға, олардың күшін жою
жөнінде нұскамалар беруге немесе ұсыныс енгізуге; экологиялык аудит
мемлекеттік экологиялык сараптама жүргізу туралы ұсыныс енгізуге жəне
олардың корытындыларының орындалуын тексеруге; экологиялык жағынан
қayiптi жүктерді (бұйымдарды), калдыктар мен шикізат ресурстарын коршаған
ортаның сапа нормативтері мен экологиялык талаптарды бұза отырып жүзеге
асыру аркылы Қазакстан Республикасының аумағына əкелуге, (əкетуге) сондай-
ак одан алып өтуге (одан əpi тасымалдауға) тыйым салу туралы нұсқама
шығаруға; заңды жəне жеке тұлғаларға талаптар коюға, қоршаған ортаны
қорғау саласындағы
жолсыздыкты жою жөнінде
нұсқамалар шығаруға;
экологиялык талаптар мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарды бұза
отырып жүзеге асырылатын шаруашылык жəне өзге де кызметті шектеу жəне
тоқтата тұру туралы сот органдарына арыз беруге; қоршаған ортаны корғау
саласындағы əкімшілік кұкык бұзушылык туралы істерді заңдарда белгіленген
тəртіппен қарауға, кінəлілерді əкімшілік немесе қылмыстык жауапқа тарту
туралы материалдарды тиісті органдарға жіберуге; қоршаған ортаны қорғау
туралы зандарды бұзу салдарынан келтірілген залал мөлшерін анықтауға
(аныктауға катысуға) жəне соның негізінде кінəлі адамдардан осы залалды
epiктi түрде өтеу туралы талап етуге немесе сотқа талап қоюға; тиіcтi каржы-
несие ұйымдарына экологиялык талаптарды бұза отырып немесе экологиялык
сараптаманың
оң
корытындысынсыз жүзеге
асырылатын
объектілердің
кұрылысы
мен
пайдаланылуын, шаруашылык
жəне
өзге
де
кызметті
каржыландыруды тоқтату туралы нұскама енгізуге; өндіpicтiк экологиялык
бакылаудың жəне мониторингтің нормалары мен ережелерінің сакталуын
тексеруге; қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарды бұзушылардың
əрекеттерін
болғызбay немесе
олардың
жолын
кесу
үшін
ішкі icтep,
прокуратура жəне ұлттык қayiпciздік органдарынан көмек cұpayғa жəне оны
алуға.
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталык атқарушы органның
лауазымды адамдарының өз өкiлeттiгi шегінде қабылдаған шешімдерін барлық
заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтар орындауға мідетті,
бағыныстылык ретімен немесе сотқа шағым жасалуы мүмкін.
Шағын кəсіпкерлік субъектісінің экологиялык талаптарды бұза отырып
жүзеге асырылатын шаруашылык жəне өзге де кызметіне тыйым салу немесе
оны токтата тұру сот шешімi негізінде жүргізіледі.
Шағын кəсіпкерлік субъектісінің кызметіне тыйым салу немесе оны
тоқтата тұру туралы талап арызды қоршаған ортаны қорғау саласындағы
орталық
атқарушы
органның
лауазымды
адамдары
Казахстан
Республикасының заң актілерінде белгіленген тəртіппен жəне негіздерде сотка

Page 67

67
жібереді. Шағын кəсіпкерлік субъектісінің қызметіне сот шешімінсіз тыйым
салуға немесе оны тоқтата тұруға жиырма төрт сағаттың ішінде пpoкypopғa
міндегті түрде жазбаша хабарлай отырып, ерекше жағдайларда талап арызды 3
күннен аспайтын мерзімде сотқа табыс ету мідеттеліп, аталған мерзімге рұксат
етіледі. Бұл орайда қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт
сот шешімі шыкканға дейін колданылады.
77 - баптың екінші жəне үшінші тармақтарында көзделген хабарламаларды
алған соң, прокурор жасалған ic-əрекеттің заңдылығын тексереді жəне олар
заңсыз болған жағдайда тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралардың күшін
өз қаулысымен жояды немесе оларды алып тастайды.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы өндіpicтiк бакылау коршаған
ортаны корғау саласындағы арнайы уəкілетті мемлекеттік органдардың кeлiciмi
бойынша орталык аткарушы органдар немесе ұйымдар бекітетін ережелер
негізінде жүзеге асырылады.
Қоғамдык бақылауды қоғамдық бірлестіктер өз бастамасы, табиғат
пайдаланушылармен жəне қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталык;
атқарушы органның шарттары бойынша жүзеге асырады.
Қоғамдык
бақылауды
жүргізу тəртібі қоғамдык
біpлecтіктеp өз
жарғыларына сəйкес белгілейді.
Табиғат қорғау шараларын дұрыс ұйымдастыру үшін оның жай-күйі,
өзгерістері туралы тұрақты мəліметтер керек болады. Табиғат қорғауды
басқаруға қажетті мəліметтер
табиғи ортаның мониторингінен алынады.
Мониторинг – бақылау жүйесі табиғат
кешендерінің
барлық
түрлері,
экоқұрылымдар, аймақтар, табиғи зерзаттар бойынша жүргізіледі. Сондықтан
жергілікті, аймақтық, ұлттық, бүкілəлемдік мониторинг жүйелері құрылады.
Сондай-ақ мониторинг табиғат кешендерін, олардың құрамды бөліктерін
қамтиды. Мониторинг
табиғат кешендерінің жай-күйі, ондағы тұрақты
өзгерістер туралы мəліметтер береді. Осындай мəліметтерге сүйеніп, табиғат
сыйымдылығына, ондағы өзгерістерге ғылыми болжамдар жасалады. Олар
табиғат қорғау жəне пайдалану, қоршаған ортаны қорғау болжамдары мен
бағдарламаларының
негізі болады. Мəліметтердің
толықтығын, дəлдігін
арттыру үшін тұрақты жəне жылжымалы бақылаулар, ұшақтармен жəне
ғарыштан
бақылаулар
жүргізіліп, нəтижелері
электронды
есептеу
машиналарымен өңделеді, ғылыми талдау, жүйелеу, индукция жəне дедукция
əдістері қолданылады.
Атмосфера ауасының шекарасы болмайтындықтан ол бүкiл жер шары
халықтары мен онда тiршiлiк ететiн жануарлар, құстар жəне барлық тiрi
организмдер мен өсiмдiктер дүниесi үшiн ортақ байлық болғандықтан, оны
ластамау, сапасын тiршiлiкке зиян келтiрмейтiн деңгейде ұстау, адамзат үшiн
ешнəрсеге теңгерiлмейтiн биосфераның құрамдас бөлiгi болып табылады.
3-сызба. Қоршаған ортаның антропогендi ластануы
Қоршаған ортаны антропогендi ластаудың жiктелуi
Химиялық улы заттар
Физикалық

Page 68

68
(CO, NO жəне т.б.)
(Ауыр металдар
иондары Cd, Hg, Pb)
Адам iс-əрекетiнiң нəтижесiнде ондағы түрлi газдар жəне басқа қалдықтар
бөлiнiп шығарылуда. Ол ластағыш заттар атмосфера ауасының тазалық
сапасын төмендетуде. Атмосфераның адам үшiн атқаратын қызметi орасан зор.
Атмосфера бүкiл əлемдi таза ауамен қамтамасыз ете отырып, тiршiлiкке
қажеттi газдармен, басқа химиялық элементтермен (O
2
, N
2
, CO
2
жəне т.б.)
байытады. Жер планетасын күн мен ғарыштан келетiн түрлi
зиянды
сəулелерден, метеориттерден қорғайды, климатты, ауа райын, зат алмасу,
энергия алмасу жəне т.б. iс-əрекеттердi, жалпы жер шарындағы тұрақтылықты
жоғары дəрежеде үйлестiрiп отырады.
Адамзатқа орасан зор пайдалы ауа бассейнi соңғы жылдары күрделi
өзгерiстерге ұшырап отыр. Ең басты себебi ауаның ластануы болып отыр.
Атмосфера
ауасының
сапалық
күйiнiң
көрсеткiштерi
оның
ластану
дəрежесiмен анықталады. Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың шектi
мөлшерлi концентрациясы (ШМК) қалыпты құрамнан өсiп кетiп сай келмесе,
онда ондай ауаны ластанған деп санайды.
Атмосфераның ластануының басты белгiсi – ластағыш заттардың шектi
мөлшерлiк концентрациясы (ШМК) (ПДК) болып табылады. Ауадағы ластағыш
заттардың өлшенген немесе есептелiнген концентрациясы ШМК (ПДК)-мен
салыстырылады, сөйтiп атмосфераның ластануы ШМК шамасымен өлшенедi.
Атмосфералық ауаның санитарлық сапасын анықтау үшiн, ондағы ластағыш
заттардың
мөлшерiн
көлемi 1м
3
ауадағы
мг-мен
алынған
салмағымен
бағалайды.
Концентрацияны бұл жолмен анықтауды ластағыш заттың кез келген
агрегаттық күйiн анықтауға қолдануға болады. Шет елдерде, мысалы АҚШ-та
басқа концентрация қолданылады:
Млн
-1
= ластану көлемi/ластанған ауаның 10
6
көлемi = 10
-4
%
(көлемдiк)
Мг/м
3
= млн
-1
* М / 22,4
мұнда: М - ластағыштың молекулалық массасы;

Page 69

69
22,4 – 1 моль газдың 25
0
С жəне 760 мм сн.бағ.қысымдағы литрмен алынған
көлемi.
Қоршаған ортаға өндiрiс орындарының əсерiн бағалау негiзi болып,
атмосфераға қоспалар таралғаннан кейiнгi iс жүзiндегi концентрацияның шектi
мөлшерлiк
концентрациямен (ШМК) салыстырғандағы
шамасы
болып
табылады. Атмосфералық ауада ШМК (ПДК)-ның сəйкес мəндерi белгiленген.
Өндiрiс
ғимараттарының
ауасындағы
зиянды
заттардың
концентрациясының ШМК
ж.з
(ПДК
р.з
) мөлшерi, ауаландырылатын цехтардың
ауасындағы шамасы 0,3 ШМК
ж.з
(ПДК
р.з
), елдi мекендердегi атмосфера
ауасында ШМК
м.б
(ПДК
м.р.
максимально разовые), демалыс жəне курортты
жерлерде –0,8 ШМК
м.б
(ПДК
м.р
) болуы қажет.
ШМК нормалары жаңа құрал-жабдықтар, машиналар, жаңа технологиялық
жəне өндiрiстiк механизмдер жобалау, оларды сараптау үшiн, сонымен бiрге
ауа тазаландырғыштар, газ, шаң-тозаң ұстағыштармен, ылғалдандырғыштар,
суытқыштар жүйелерi, есептеушi – бақылаушы аспаптар жəне хабарландырғыш
жүйелер жасауда бастама негiзi болып саналады.
Өндiрiс орындары мен фабрикалардың жəне басқа да объектiлердiң
атмосфера ауасына ластағыш заттарды (л.з) шығарып тастауын санитарлық-
эпидемиялық станциялар (СЭС), қоршаған ортаны қорғау комитеттерi мен
олардың жергiлiктi жерлердегi қалалық, аудандық бөлiмшелерi бақылау
жасайды.
Атмосфера ауасын ластаудың алдын алу үшiн ластағыштардың барлық
көздерi тiзiмге алынып, қатаң қадағалау үшiн олардың əрқайсысына (шахта,
мұржа, автокөлiк жəне т.б) нормалар бекiтiлген. Əрбiр өндiрiс орны мен
жекеленген объектiлер үшiн əрбiр аудан, əрбiр шаршы метрге дейiн ШМК-ның
ғылыми-техникалық нормативi əрбiр конкреттi ластағыш түрiне, белгiлi уақыт
аралығында (г/с) сол аудандағы
барлық
ластағыштардың
мөлшерiнiң
жиынтығы адам денсаулығына əсер етпейтiн шамадан (ШМК) аспауы қатаң
түрде қадағаланып отыруы тиiс.
Ластағыштардың
атмосфераға
нормативтi
шығарылу
мөлшерi
ластағыштың əрбiр көзi үшiн (г/с) белгiленедi жəне бүкiл өндiрiс орнына жалпы
мөлшер (т/жыл) болып бекiтiледi. ШМК белгiленгенде, ластағыштардың
фондық концентрациясын ескеру шарт.
Мысалы, Ресей гидрометеорология жəне қоршаған орта мониторингi
қызметi жариялаған негiзгi улы заттардың фондық концентрацияларының
нормалары төмендегiдей болып бекiтiлген: SO
2
– 0,1 мг/м
3
, NO
2
- 0,003 мг/м
3
,
СО - 1,5 мг/м
3
, шаң - тозаң - 0,2 мг/м
3
.
ШМК есептеу əдiсi ластағыштың жекелеген қасиеттерiн ескеретiн моделдi
қолдануға негiзделген (ШМК
м.б
): фондық концентрация С
ф
; ластағыш көзiнiң
геометриялық өлшемдерi (һ -биiктiгi, м; Д - аузының диаметрi, м), көзден
шығатын газ ағынның шарттары (Т - қоршаған ауа температурасы мен
шығарылатын қоспа температурасының айырмасы, V - қоспаның шығатын
бөлiмдегi орташа жылдамдығы, м/с);
W, f – атмосферадағы ластағыштың тiке жəне көлбей таралу шарттары;
А
i
– салыстырмалы агрессивтiлiк көрсеткiшi;

Page 70

70
F - ауада шөгiп қалу жылдамдығын ескеретiн коэффициент;
n – жердiң рельефiн ескеретiн коэффициент.
Атмосфераның ластану дəрежесi қауiпсiздiк класын ескере отырып ШМК-
мен салыстырғанда қандай жиiлiкте қайталанатыны мен еселiгi жəне ластағыш
заттардың (л.з.) биологиялық жиынтық əсерi арқылы анықталады.
Ауаның əр түрлi класс ластағыштарымен ластану дəрежесiн кейде олардың
концентрацияларын
ШМК-ға “келтiрiп” есептелiнген
мөлшерiн 3-класс
қауiпсiздiгiне сəйкестендiрiп анықтауда қолданады.
Ауадағы ластағыштардың адам денсаулығына ықтимал керi əсерiн
бағалауды 4-класқа бөледi:
Ø 1-шi класс – төтенше қауiптi;
Ø 2-шi класс - өте (жоғары) қауiптi;
Ø 3-шi класс – орта қауiптi;
Ø 4-шi класс – бəсең қауiптi.
Ауаны ластағыштықтың жалпы жəне ақпаратты көрсеткiшi ретiнде –
АЛОКИ- атмосфераның ластануының орташа жылдық кешендi (комплекстi)
индексi (КИЗА – комплексный индекс среднегодового загрязнения атмосферы)
қолданылады. Олар атмосфераның күйiне байланысты ластану дəрежесiне
қарай төмендегiдей кластарға жіктеледi.
1. “Норма” класы - ҚР қалаларының ауасының орташа ластығы
дəрежесiнен төменге сəйкес деңгей.
2. “Қауiп” класы – орта дəрежедегi деңгей шамасында.
3. “Кризис” класы – орта шамадан жоғары деңгей.
4. “Апат” класы – орта деңгейден əлдеқайда жоғары.
АЛОКИ – көбiнесе қала немесе өнеркəсiп территориясының жекеленген
аумағындағы атмосфераның ластану дəрежелерiн салыстыру үшiн немесе
атмосфераның
ластану
тенденциясындағы
уақытша
өзгерiске
ұшырауын
бақылау үшiн қолданылады.
1-кесте. Атмосфераның ластану дəрежесiн кешендi индекс (АЛОКИ)
критерийлерi бойынша бағалау
Атмосфераның экологиялық күйiнiң класы
Атмосфера күйiнiң
көрсеткiшi
Норма(н)
Қауiп(Қ
)
Кризис(К)
Апат(А)
Ауаның ластану
деңгейi
5-тен төмен
5-8
8-15
15-тен
жоғары
Тыйым салу. Егер белгілі бір өндіріс, ресурстар, технология табиғи ортаға
зиянды əсер ететін болса жəне оның зиянды əсерін жою шаралары тиімсіз
болса, оларға тыйым салу шарасы қолданылады. Мысалы, 1952 жылдан ДДТ
қолдануға тыйым салынған. 1996 жылдан озон қабатын ыдырататын хлор-
фторкөміртектерді (фреон) өндіруге жəне қолдануға тыйым салынды.
Егер табиғатқа əсер шамасын, табиғат ресурстарын пайдалану шамасын
(балық аулау, аң, құс ату, ағаш кесу, орманда мал жаю. т.б.) шектеу қажет
болатын болса, онда шектеулер (лимит, квота) белгіленеді. Олар бірнеше түрде:
1 га жерге жайылатын мал санын, орманға келіп демалушылар санын,

Page 71

71
топыраққа егілетін егін шамасын, өнімдерді өндіру, пайдалану шамасын белгілі
уақыт мерзімінде, кеңістік бойынша шектеу түрінде толық тыйым салумен
жалғасады.
Каспий теңізі бассейні мемлекеттерінің көмірсутегі ресурстарын кеңінен
игеруі теңіз жəне жағалау маңы экожүйелеріне теріс əсер ауқымын ұлғайтады.
Теңіз мəртебесінің айқындалмаған жағдайында трансшекаралық сипаттағы
сыртқы экологиялық қатерлер елеулі мəнге ие болады.
Теңіздің Қазақстандық секторында көмірсутегі шикізатын алдағы кезде
баса игеру елдің экологиялық қауіпсіздігіне ықтимал қатер төндіреді.
Каспий теңізінің қоршаған теңіз ортасын қорғау жөніндегі үлгілік
конвенциясы жəне басымдық іс-қимылдардың өңірлік стратегиясы Каспий
теңізінің коммерциялық ресурстарын пайдалану жəне Каспий маңы елдерінің
Каспийдің экожүйесін қорғау жөніндегі алдағы іс-шараларға қатысты өзара
ортақ іс-қимылы бойынша негізгі бағыттарын айқындайды.
Каспий
теңізінің
қазақстандық
секторын
игерудің
мемлекеттік
бағдарламасында 2005 жылдың аяғына дейін теңіз жəне жағалау маңы
экожүйелеріне залал келтірместен көмірсутегі өндірудің мүмкін болатын шекті
деңгейін айқындау жөніндегі арнаулы зерттеулерді жүргізу, геодинамикалық
мониторингті іске асыру, иесіз мұнай ұңғымаларын жəне басқа да байырғы
ластануларды жою, ілеспе газды аларда жағуды жəне мұнай құбырлары мен
радиоактивті ластанған жабдықтарды рұқсат алмай көмуді тоқтату жөнінде
шаралар қабылдау көзделеді.
Зерттеулер нəтижесі Каспий қорық аймағын аймақтарға бөлуді қоса
алғанда, теңіздегі экологиялық қауіпсіз шаруашылық қызметін қамтамасыз
ететін нақты нормативтік экологиялық талаптар əзірленуі.
Трансшекаралық экологиялық проблемалар су бөлу, трансшекаралық су
объектілерін, атмосфералық
ауа
мен
топырақты
ластау, қауіпті
технологияларды, заттар мен қалдықтарды өткізу, пайдалы қазбалардың шектес
жатқан кен орындарын игеру, бірегей табиғи кешендерді сақтау мəселелері
жатады.
Трансшекаралық
экологиялық
проблемалар
елдің
экологиялық
қауіпсіздігіне əсер ететін сыртқы қатер болып табылады, оларды шешу
халықаралық шарттар шеңберінде көршілес мемлекеттердің бірлескен
іс-
қимылдарымен қамтамасыз етіледі.
2003 жылдың басында Қазақстан қауіпті қалдықтарды трансшекаралық
тасымалдау
мен
оларды
аулаққа
шығаруды
бақылау
туралы
Базель
конвенциясына қосылды, бұл қауіпті қалдықтарды декларациялау жөніндегі
жаңа кеден ережелерін белгілеуге жəне кейіннен олардың шикізат пен өнім
түрінде республика аумағына түсуін болдырмауға мүмкіндік береді.
Қазақстан трансшекаралық өзендерді ұтымды пайдалану жəне қорғау
проблемасын шешуге бірыңғай құқықтық тəсілдерді қалыптастыруға мүмкіндік
беретін Трансшекаралық ағын сулар мен халықаралық өзендерді қорғау мен
пайдалану жөніндегі Хельсинки конвенциясына қосылды. Алайда, Орталық
Азия
елдерінің
қалған
елдері бұл
конвенцияға
қосылмағандықтан,
трансшекаралық ағын сулар ағыны дұрыс та əділ пайдалануды қамтамасыз ету,

Page 72

72
қауіпті заттардың құйылуынан ықтимал трансшекаралық əсердің алдын алу,
«ластаушы төлейді» қағиданы орындау жөнінде шаралар қолданған жөн.
Трансшекаралық сипаттағы экологиялық қатерлердің алдын алу жəне жою
үшін:
2005-2007 жылдары Қазақстан мен іргелес мемлекеттердің шекаралас
аудандарын экологиялық бақылау жөніндегі бірлескен зерттеулер жүргізу;
Орталық
Азия
мемлекеттерін
Хельсинки
конвенциясына
қосылуы
жөніндегі Қазақстанның бастамасын өткізу арқылы трансшекаралық су
проблемаларын шешу;
Бірегей
табиғи
кешендерді
сақтау
мақсатында 2005-2006 жылдар
барысында Батыс Тянь-Шань мен Алтай-Саян өңірінде трансшекаралық
биосфералық аумақтар құру қажет.
Қабылданған
шаралардың
нəтижелері
ықтимал
трансшекаралық,
экологиялық қатерлерді анықтауға, азайтуға жəне жоюға жəрдемдесетін
болады.
Негізгі əдебиеттер 1[83], 3[28, 29, 75]
Қосымша əдебиеттер 1[196-197], 3[136], 4[196-199]
Бақылау сұрақтар:
1. МЭС мүшелерiне жалақы төлеу тəртiбі, ҚЭС қаржыландыру тəртiбі
қандай?
2. Табиғат қорғау шараларын қалай
ұйымдастырады? Мониторинг
дегеніміз не?
3. Қай кезде тыйым салу шарасы қолданылады?
4. Каспий теңізі бассейні неліктен трансшекаралық сипаттағы сыртқы
экологиялық қатерлерге душар болуда?
5. Қазақстан қай жылы Базель конвенциясына қосылды?
6. Хельсинки конвенциясының мəні не?
7. Трансшекаралық сипаттағы экологиялық қатерлердің алдын алу жəне
жою үшін қандай мəселелерді шешу керек?
13 -дəріс тақырыбы: Экологиялық сертификациялау
Экологиялық талаптар бойынша сертификациялау жүйесінің мақсаты,
міндеттері жəне принциптері. Экологиялық сертификация объектілері. Рұқсат-
лицензиялар. Шектi мөлшерлiк экологиялық жүктеме (ШМЭЖ), мөлшерлiк
ағызылым (ШМА), шектiк мөлшерлiк тастау (ШМТ)
Қазақстан Республикасында экологиялық сертификациялау жүйесінің
пайда болуы. Экологиялық талаптар бойынша сертификациялау жүйесін
құрудың
принциптері,
міндеттері
жəне
мақсаты.
Экологиялық
сертификациялау
жүйесінің
ұйымдастыру
құрылымы.
Экологиялық
сертификациялау бойынша жұмысты жүргізудің жалпы реті. ҚО басқару
жүйесінің сертификациясы.
Шектер, нормалар белгіленгеннен кейін əрбір табиғат пайдаланушыға
сертификаттар беріледі. Оларды алғандар белгілі бір мерзімде табиғат
ресурстарын: жерді, суды, орманды, қазба байлықты, биологиялық ресурстарды

Page 73

73
уақытша немесе түпкілікті пайдалану, ластаушы заттарды шығару құқығына ие
болады.
Табиғи ортаның тазалығы мына бағыттар бойынша бағаланады: ауаның,
судың, топырақтың, тағамдық өнімдердің тазалығы. Табиғи ортаның тазалық
нормативтері зиянды заттардың адамға жəне басқа организмдерге əсері
бойынша белгіленеді. Олар ұзақ уақыт əсер еткенде, зиян келтірмейтін
шамадан артпауы керек.
Экологиялық сертификаттаудың негізгі мақсаты - қоршаған ортаны
төмен дəрежеде ластайтын, өнімнің тұтынушының өміріне, денсаулығына жəне
қоректену ортасына залалсыздығына кепілдік бере алатын, өнімдер мен
тауарлардың
технологиялық
процестерін
енгізуді
қамтамасыз
ететін
өндірушілерді ынталандыру үшін көрсетілген қызмет.
Бүгінгі таңда Қазақстанда экологиялық сертификаттау нөлдік жағдайда
қалып отыр.
Қазіргі жіктеу бойынша, осы салаға жататын объектілер үш топқа бөлінеді:
а) өнім, процестер, жұмыстар мен қызметтер, олар туралы экологиялық
талаптар мемлекеттік стандарттарға енгізілген жəне ҚР «Сертификаттау»
заңына сəйкес міндетті түрде сертификаттаудан өтеді; б) ҚР мемлекеттік
сертификаттау жүйесінің ережесі бойынша, экологиялық спецификациясына
байланысты сертификаттауға жатпайтын объектілер; в) Сертификациялық жəне
нормативтік талаптары əлі жасалынбаған қоршаған табиғи орта (биосфера,
атмосфера, гидросфера, литосфера (топырақ)).
Қоршаған табиғи орта жағдайын бағалаудағы түсінбеушілік салдарынан,
алғашқы екі объектіні сертификаттаудың дамуы тежелуде. Оның себебі
мынада: Республикадағы қоршаған орта сапасын анықтауға əр түрлі ұйымдар,
яғни табиғат қорғау органдары, бақылау органдары, жергілікті өзін-өзі басқару
органдары, табиғат пайдаланушылар, академиялық жəне ғылыми-зерттеу
институттары, ғылыми орталықтар қатысады.
Əр түрлі мекеменің бағалау мəліметтері түрліше болғандықтан, оларды
салыстыру қиындық туғызады. Мəліметтердің дəлдігіне, олардың кəсіптік,
техникалық жəне əдістемелік жағынан қамтамасыз етілуі де əсерін тигізеді.
Сондықтан, қателердің
бағасы
өте
жоғары
болмас
үшін, экологиялық
сертификаттау объектілерінің анық топталуы қажет.
Төмендегі көрсетілген өрнектегі (4-сызба) объектілер төрт түрге бөлінеді:
Ø қоршаған табиғи орта объектілері;
Ø қоршаған ортаны ластау көздері;
Ø табиғатты қорғауға арналған өнімдер;
Ø экологиялық ақпарат ресурстары, өнімдер жəне технологиялар.
Экологиялық
сертификаттаудың
өзекті мəселесі – қалдықтар. Бұл
жағдайдағы сертификаттау қалдықтардың қоршаған ортаға тигізетін зиянды
əсерлерін болдырмау жəне оларды мүмкіндігінше қосымша шикізат ретінде
пайдалануға
бағытталған. Қазақстанда
қалдықтардың
түрлері
мен
категориялары үшін халықаралық стандарттарды тікелей қолдану жүйесін
дамытудың маңызы зор, себебі ол сапа жүйесі мен өндірісті сертификаттаумен
тікелей байланысты.

Page 74

74
Экологиялық жаңа өнім түрлері мен процестерін сараптау мəселелеріне көп
көңіл бөлінген жоқ, олар үшін нормативтік құжаттарға сəйкес талаптар енгізу
қажет.
4-сызба
Экологиялық сертификаттауға халықаралық ұйымдардың назары ауып
отырғанын айта кеткен жөн. Экологиялық таңбалау жəне тіркеу мəселелерімен
халықаралық ИСО (стандарттау бойынша халықаралық) ұйым айналысады.
Табиғат
ресурстарын
пайдалануға, табиғи
ортаға
ластаушы
заттар
шығаруға кəсіпорындарға, фирмаларға стандарттар, шектер, нормалар негізінде
рұқсат- лицензиялар беріледі. Лицензиялар өндіріс көлеміне сəйкес белгілі
мерзімге беріледі. Өндіріс ұлғайтылғанда немесе лицензия мерзімі аяқталғанда
жаңа лицензия алу керек. Лицензия табиғат пайдалануды басқарудың басқа
механизмдерімен: төлемдер, стандарттармен, шектеулермен үйлесімдіріледі.
Рұқсат-лицензия беру үшін нормалар, шектер белгілеу үшін табиғи ортаға
келтірілген
əсерлер
бағаланады. Табиғат
пайдалану саласында
барлық
бағдарламалар, жобалар, шаруашылық іс-əрекеттері қолданылатын технология,
шығарылатын өнімдер, пайдаланатын шикізат бағалауға жатады.
Қоршаған ортаға əсердi толығырақ бағалау үшiн кейiнгi кездерi басқа
критерий қолданыла бастады. Шектi мөлшерлiк экологиялық жүктеме (ПДЭН –
предельно допустимая экологическая нагрузка); су үшiн шектiк мөлшерлiк
ағызылым ШМА (ПДС-предельно допустимый сброс) г/с; ауа үшiн шектiк
мөлшерлiк тастау ШМТ (ПДВ- предельно допустимый выброс), г/с. Бұл
шамалар уақыт бiрлiгi iшiнде өндiрiс орындарының қоршаған ортаға əсерiн

Page 75

75
сипаттайды, сонымен
қатар
бұл
мəлiметтер
өнеркəсiптiң
экологиялық
паспортына немесе сол күшке ие басқа құжаттарға енгiзiлуi шарт.
Негізгі əдебиеттер 1[20-21], 3[19],
Қосымша əдебиеттер 1[198-200], 3[153-158], 4[198-199], 5[287-288]
Бақылау сұрақтар:
1. Сертификат дегеніміз не, оны кімдерге береді?
2. Экологиялық талаптар бойынша сертификациялау жүйесін құрудың
принциптері, міндеттері жəне мақсаты.
3. Экологиялық сертификациялау жүйесінің ұйымдастыру құрылымы.
4. Экологиялық сертификациялау бойынша жұмысты жүргізудің жалпы
реті. ҚО басқару жүйесінің сертификациясы.
5. Рұқсат- лицензиялар қай уақытта жəне кімге беріледі?
14 -дəріс тақырыбы: Территорияны экологиялық бағалау
Атмосфераға
əсердi бағалау. Жер
үстi суларына
əсердi бағалау.
Антропогенді жүктемеге анализ. Қоршаған орта күйін экологиялық бағалау
əдістері. Жер бетi сулары ресурстарын бағалау критерийлерi
Бiз тыныс алатын ауада, көптеген зиянды заттар бар. Олар - қатты
бөлшектер, мысалы күл бөлшектерi, асбест, көмiрсутектердiң суда ерiген ұсақ
тамшылары жəне əр түрлi газдар. Бұл ластағыштардың барлығы адам
организмiне биологиялық əсер етiп, тыныс алуын қиындатады, жүрек-қантамыр
жүйесiнiң жұмысын тежеп ауруға шалдықтырады. Адам əрекетi нəтижесiнде
климат өзгередi, атмосфераның химиялық құрамы өзгерiске ұшырады. Бұл
өзгерiстердiң атмосфераға онша қатысы болмағанмен, ортаның биотикалық
бөлiмi оның құрам бөлiгi болған адамға əсер етушi негiзi фактор болып
саналады.
Атмосфера (ауа ортасы) екi аспектiде бағаланады:
1. Климат жəне оның табиғи əсерлердiң нəтижесiнде өзгеруi мен
антропогендi əсерлердiң (макроклимат) нəтижесiндегi өзгерiсi жəне ұсынылып
отырған жобаның нəтижесiндегi өзгеруi (микроклимат). Бұл бағалар iске
асырылайын деп отырған жобаның антропогендiк қызметiне климаттың
ықтимал əсерiн болжауды да көздейдi.
2. Атмосфераның ластануы алдымен оның ықтимал ластануы кешендi
көрсеткiштердiң бiреуiнiң
көмегiмен бағаланады: атмосфераның ластану
потенциалы (АЛП), атмосфераның сейiлту (шашыратқыш) қабiлетi (АҚШ)
жəне басқа.
Содан соң, сол аудандағы атмосфераның ластану деңгейiн бағалау
жүргiзiледi. Климаттық - метеорологиялық ерекшелiктер мен атмосфераның
өзгерiстерi туралы мəлiметтердi сол ауданның гидромет қызметi орталығынан
алады. Нақты түрде алынған ластағыш көздерi мен бағалар негiзiнде
жобаланып отырған объектiнiң атмосфераны ықтимал ластағыш бағалары
арнайы компьютерлiк бағдарламаларда (“Эколог”, “Гарант” жəне басқа)
есептелiп, ол тек атмосфераның ластануын ғана есептеп қоймай, сонымен бiрге
ластағыш концентрацияның карта сызба-нұсқалары мен сол алаңға түсе алатын
ластағыш заттар туралы деректердi де бередi.

Page 76

76
Атмосфераға əсердi негiздеп бағалау үшiн мемлекеттiк экологиялық
сараптау жүргiзу үшiн мыналарды қарастыруды ұсынады:
1. Атмосфералық
ауадағы
зиянды
заттардың
таралуын
анықтайтын
əдiстердiң сипаттамасы мен коэффициенттерi.
2. Ластағыш заттардың параметрлерi, қондырғылар толық iстеп тұрған
кездегi ластағыш заттардың сапалық жəне мөлшерлiк көрсеткiштерi.
3. Ластағыштар мөлшерiнiң азайтылуы туралы iстелiнетiн жұмыстардың
негiздемелерi (технологиялық процестi жетiлдiру, газ сорғыш, сiңiргiштердiң
сапасын жақсарту жəне т.б.).
4. Бiр кезектегi үлкен мөлшердегi шығарылу сипаты.
5. Жиынтық (суммалық) зиянды əсер ететiн заттар жəне заттар тобының
тiзiмi.
6. Шектi мөлшердегi шығарылу нормативiн енгiзу туралы ұсыныс.
7. Озық ғылыми-техникалық дəрежедегi технологияларды қолдану арқылы
атмосфераға
шығарылатын
ластағыштар
мөлшерiн
азайтудың
қосымша
жолдарын iздестiру.
8. Атмосфералық ауаны ластағыштар мен жобаланып отырған объектiнiң
ықтимал ластағыштарына сипаттама (тиiстi есептеулерi мен болжауларына
талдау жасау).
9. Қабылданған санитарлық нормалардың негiздемелерi.
10. Технологиялық
режимдi сақтамаудың
немесе
табиғи
апаттар
нəтижесiндегi ықтимал қауiптiң нəтижелерiн болжау тiзiмi.
11. Болуы мүмкiн аппаттардың көлемi жəне оның салдарын жоюдың
шаралары.
12. Аномальды ыңғайсыз метеорологиялық жағдайлардағы атмосфераға
шығарылатын ластағыштардың мөлшерiнiң шектен тыс тарамауын реттейтiн,
қадағалайтын iстер.
13. Атмосфералық ауаның ластанбауын қадағалау жұмыстары.
Жер үстi суларына əсердi бағалау
Экологиялық проблемалардың iшiндегi ең жедел шешiмдi күтiп отырған
мəселе, ол жер үстi суларының (өзендер мен көлдердiң) күйi. Жер бетi сулары
проблемаларының екi аспектiсi бар: сапалық жəне мөлшерлiк. Екеуi де
тiршiлiктi, соның iшiнде адам тiршiлiгiн қамтамасыз етуде маңызды орын
алады. Теңiз жер бетi суларынан өзгеше болғанымен, адамның антропогендi
əрекетiнiң нəтижесiнде оларға жасалған əсер мен оның салдары жер бетi
проблемаларымен ұқсас.
Жер бетi суларының сапасы, ластану дəрежесi, нормативтi құжаттарды,
гидрохимиялық жəне гидрологиялық əдiстердi жəне бағалаудың белгiлерiн
терең
таңдап
қолдануды
қажет
етедi. Су ресурстарының
ластануының
мөлшерлiк бағалау аспектiсiнiң екi мақсаты бар. Бiрiншiсi, жоспарланып
отырған қызметтiң су ресурстарымен қамтамасыз етiлу мүмкiндiгi, екiншiден,
қалған ресурстардың ластануы мен оның басқа өндiрiске жəне тұрғындардың
тiршiлiгiнде пайдалану мүмкiндiгi.
Бұл
бағалауды
жүргiзу
үшiн
пайдаланылатын
су объектiлерiнiң
гидрологиялық ерекшелiктерi мен заңдылықтарын, сонымен бiрге жоспарланып

Page 77

77
отырған жобаның iске асырылуы үшiн қажеттi су ресурстарының көлемiн
зерттеп үйрену қажет. Соңғы су пайдаланудың технологиялық сызба-нұсқасы
(қайтарымсыз, қайтарымды, маусымды т.б.) жəне бұл жоспарланып отырған
қызметтiң су ресурстары мөлшерiнiң тiкелей əсер етуiнiң бағалануы болып
табылады.
Су объектiлерiнiң гидрологиялық сипатына жанама əсерлердiң де үлкен
мəнi бар. Жанама əсерлерге өзендердiң арнасының өзгертiлуi (топырақтың
айдалуы (жыртылуы), ормандардың кесiлуi), судың басып қалуы, деңгейiнiң
өзгеруi жəне т.б. Су ресурстарын бағалау үшiн əртүрлi мүмкiн əсерлердi
анықтап, оларды талдау қажет.
Жер бетi сулары ресурстарын бағалау критериiне екi үлкен көрсеткiш
ұсынылады: объектiнiң (өзеннiң) беттiк мөлшерi жəне бiр мезгiл алынатын су
көлемi. Бұл критерийлер əр кластың градациялық күйiне қарай, нормативтi
құжаттарда келтiрiледi. Төменде мысал ретiнде 2-кесте көрсетiлген.
2-кесте
Жер бетi сулары күйiнiң кластары
Бағалау көрсеткiштерi
I норма(Н)
II Қауiп(Қ)
III Кризис(К) IV Апат(А)
өзеннен ағатын су
мөлшерiнiң өзгерiсi
(алғашқымен салыстыр-
ғанда %) Бiр мезгiлде
алынған су мөлшерi
(куб м/с)
15-тен кем
5-тен кем
15-20
1-5
50-70
1-ден кем
75-тен
жоғары
жоқ
Əрбiр су объектiсi өзiне тəн гидрохимиялық сапаға ие, ол оның қалыпты
жағдайына сəйкес келедi жəне ол су қоймасында, бөгетте сыртқы ортаның оны
ластау қарқындылығының əсерiнен, сонымен бiрге гидрологиялық жəне
гидрохимиялық процестердiң əсерiмен қалыптасады. Бұл процестердiң бiрiгiп
əсер етуiнiң нəтижесiнде су қоймасына түсетiн антропогендi ластағыштар
бейтараптануы да мүмкiн (өздiгiнен тазалану), немесе ол су ресурсының
сапасын төмендетiп ластануы да мүмкiн.
Əрбiр су объектiсiнiң өздiгiнен тазалануы, яғни түсетiн ластағыш
мөлшерiнiң “өңделiп” бөгет, қоймалар
тарапынан
бейтараптануы, түрлi
факторларға байланысты болады да белгiлi заңдылықтарға бағынады (түсетiн су
мөлшерi, ластанған сарқынды сулардың сұйылуы, олардың температурасы, бұл
көрсеткiштердiң маусымдық өзгерiсi, ингридиенттердiң сапалық құрамы жəне
т.б.).
Су қоймаларының табиғи қасиеттерiнен басқа ластануының дəрежесiн
анықтаушы
факторлардың негiзгiлерiнiң
бiрi - антропогендi қызмет
нəтижесiнде пайда болатын қоймалардың алғашқы гидрохимиялық күйi. Су
қоймаларының ластануы туралы болжамға бағалау жасалғанда сол күнгi
ластану дəрежесiне жобаланып отырған объектiнiң шығаратын ластағыш
заттарының мүмкiн мөлшерiн қоса есептеу қажет. Онда тiкелей түсетiн
ластағыштар мен (қоймаға тiкелей құйылатын сарқынды сулар) жанама (беттiк
ағындар, топырақ iшi ағындары, агрогендi ластағыштар жəне т.б.) ластағыштар
көзi де ескерiлуi керек.

Page 78

78
Жоғарыда айтылғандай, судың ластануының негiзгi бағалау белгiсiнiң бiрi
- ол ШМК (ПДК), оны санитарлық-гигиеналық (адам денсаулығына əсерiнiң
нормасы) жəне балық шаруашылығы үшiн гидробионттарды қорғау үшiн
(субъектiлердегi тiрi организмдер) деп екiге ажыратылады. Соңғысы əлдеқайда
дəлiрек, өйткенi қоймалардағы
биообъектiлер
əдетте
адамға қарағанда
өзгерiстерге сезiмтал келедi.
Су
қоймаларының экологиялық
күйiн
бағалау
белгiлерiнiң iшiнде
бағалауыштық
индикациялық əдiс
үлкен
орын
алады. Соңғы
кездерде
биоиндикация əдiсi химиялық жəне физика-химиялық əдiстермен қатар жер бетi
суларының сапасын бағалауда кең қолданылып келедi. Анықталатын объектiлер
күйiне
қарай, тест
объектiлердiң
функциялық
қызметiне
байланысты
(дафниялар, балдырлар-хлорелла, балықтар-гуппи) суды кластарға бөлуге
мүмкiндiк бередi.
Бұл iс жүзiнде алынған су сапасының интегралды бағалары бойынша
(норма, қатер, кризис, апат) судың пайдалану салаларын анықтауға жəне
биотамен байланысты мақсатына қарай жiктеуге мүмкiндiк бередi.
Биотестiлеу əдiсiн қолданудың шектеушi факторы оның анализiнiң ұзақ
уақыт алынуы (3-4 тəулiк) жəне судың химиялық құрамы жөнiнде ақпараттың
алынбауы. Төмендегi 3-кестеде су сапасын анықтауда биотестi қолдану жəне
бағалау жүйесi көрсетiлген.
Кестедегi сандардың мəндерiне талдау:
1. Дафниялар үшiн - тестелетiн судағы 96 сағат iшiнде экспозициялауда
өлгендердiң % шамасы.
2. Хлорелла үшiн - бақылауға алынған сумен салыстырғанда тестелетiн
судағы клеткалардың пайыздық мөлшерiнiң % азайған саны.
3. Гуппилер үшiн – 96 сағат iшiнде тестелетiн судағы өлгендердiң пайызы
% кестедегi келтiрiлген жер бетi су сапасының кластарының (ранжирленген)
мəндерi.
3-кесте. Жер бетi сулары мен сарқынды сулардың сапасын биотестiлеу
негiзiнде бағалау критерийлерi
Жер бетi сулары күйлерiнiң класстары

Бағалау көрсеткiштерi
Норма
(Н)
Қауiп
(Қ)
Кризис
(К)
Апат
(Б)
1 Шаян тəрiздiлер (дафнилер)
10-нан аз
20
40
60-тан
көп
2
Балдырлар (хлорелла)
10-нан аз
20
40
60-тан
көп
3
Балықтар (гуппи)
10-нан аз
20
40
60-тан
көп
Ø Н- ластанудың шектi дəрежесi
Ø Қ- ластану шегiнен аз ғана жоғары
Ø К-ластану шегiнен орта дəрежеде жоғары
Ø Б- ластану дəрежесi өте жоғары, яғни апаттық дəреже.

Page 79

79
Осы көрсетiлген белгiлердi жер бетi суларының ластануына əсердi бағалау
кезiнде ескере отырып, жасалған негiздемеге сүйенiп мемлекеттiк экологиялық
сараптама жасау шарттары белгiленедi:
1. Территорияның гидрографиялық сипаттамасы.
2. Сумен қамттамасыз ететiн көздердiң жəне олардың шаруашылықта
қолданылу сипаттамасы.
3. Жер бетi су қоймасынан табиғи жағдайда өндiрiстiк қажетке су алу
мүмкiндiгiн бағалау.
4. Су алынатын жердiң орналасуына сипаттама.
5. Су алынатын жердегi құбыр бастамасына сипаттама (гидрологиялық,
гидрохимиялық, термиялық, арналық эффект жəне т.б.).
6. Су қоймасының санитарлық - қорғау зонасын ұйымдастыру.
7. Объектiнiң
салынуы кезiндегi суды пайдалануы, өндiрiстiң
су
шаруашылық балансы, су қолданудың үнемдiлiгiн бағалау.
8. Сарқынды сулардың сипаттамасы – температурасы, ластағыштардың
құрамы мен концентрациясы.
9. Объект салыну кезiндегi сарқынды суларды тазартудың техникалық
шешiмдерi, тазалаушы қондырғылар мен технологиялық процестердiң сызба
нұсқасы, типi, өнiмдiлiгi мен тазалаудың күтiлетiн тиiмдiлiгi.
10. Суды қайтара пайдалану, сумен айналымды қамтамасыз ету.
11. Су тазалағыштардың қалдықтарын жою əдiстерi.
12. Сарқынды сулардың шығарылатын, төгiлетiн, төгудiң конструкциялық
ерекшелiктерi, сарқынды суларды шығару жиiлiгi (периодтылығы).
13.Тазаланған сарқынды сулардың шектi мөлшерлiк шығарылуын ШМШ
(ПДС - предельно допустимый сброс) есептеу.
14. Тазаланғаннан кейiнгi қалдықтық ластану сипаттамасы (ШМШ-ға
сəйкес).
15. Территорияны қайта жайластыру жəне өсiмдiк өсетiн топырақ бетiн
(қабатын) алу кезiндегi өзгерiстердiң территорияның су режимiне əсерiнiң
сипаттамасы.
16. Объектiнiң салынуы кезiнде жəне эксплуатациясында су қоймасынан
су алудың экологиялық жүйеге əсерi мен оның салдарын ескере отырып, жер
бетi суларына əсерiн бағалау.
17. Жол, көпiр, қоймалар салу кезiндегi арнаның өзгеру процестерiнiң
гидробионттарды да есепке ала отырып керi əсерлерiн бағалау.
18. Жоспарланып отырған объектiнiң суды алу, су режимiнiң өзгеруi,
сарқынды сулардың шығарылуы жəне т.б. су флорасы мен фаунасына, су
объектiлерiнiң
шаруашылық
жəне
рекреациялық
қолданылуы
мен
адам
тiршiлiгiне əсерлерiнiң болжамы.
19. Су объектiлерiнiң жай-күйiн бақылауды ұйымдастыру.
20. Су қорғау жұмыстарының жалпы көлемi мен оған жұмсалатын
қаржының, ол жұмыстардың iстелу кезектiлiгiн, тиiмдiлiгiн жəне апат қаупiн
iстелетiн жұмыстардың алдын алуды ескерiп есептегендегi көлемi.
Негізгі əдебиеттер 6[93-96, 99-103, 106-115]

Page 80

80
Қосымша əдебиеттер 2[ 82-86, 90-95, 102-110]
Бақылау сұрақтар:
1. Атмосфераның ластану деңгейiн қалай бағалайды?
2. Жер бетi суларының сапасы мен ластану дəрежесiн қалай анықтайды,
қандай əдістер қолданылады?
3. Жер бетi сулары ресурстарын бағалау критерийлерi
4. Су қоймаларының ластануының дəрежесiн анықтаушы факторлар
5. Су қоймаларының экологиялық күйiн бағалау белгiлерi қандай?
6. Жер бетi суларының ластануына əсердi бағалау кезiнде мемлекеттiк
экологиялық сараптама жасау үшін қандай шарттар белгiленедi?
15 -дəріс тақырыбы: Литосфераны ластаушы əсердi бағалау
Литосфераның күйiн бағалаудың геохимиялық критерийлерi. Жер асты
суларының сапасы жəне ластану ауданының мөлшерi. Литосфера күйiн
бағалаудың геодинамикалық белгiлерi. Геологиялық ортаның өзгергiштiгiн
интегралды бағалау. Жердiң топырақ қабатындағы əсерiн бағалау. Топырақтың
ластану критерийлерi.
Қоршаған ортада бағалау кезiнде литосферамен адамдардың негiзгi
қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерiн анықтау, талдау мен бағалауды талап ететiн
факторлар кешендi қамтуды қажет етедi, өйткенi олар экологиялық табиғи жəне
техногендi орта жағдайларының қалыптасуына елеулi үлес қосады.
Алдымен жер сiлкiну мүмкiндiгi мен оның күшiн, вулкандардың атқылауы
жəне басқа да табиғи апаттар процестерiн бағалауы қажет. Жасалған
объектiлердiң қауiпi, апараттардың зардаптарындай қоршаған ортаға əсер етуi
мүмкiн (мысалы, мұнай немесе газ құбырларының жарылуы, атом электр
станциясының қирауы), бұлардың əрине сипаты антропогендiк болғанымен,
адам көзiне бiрден көрiне қоймайтын, бiрақ жанама белгiлерiнен бiлiнетiн, жер
қыртысындағы
тектоникалық
жылжулар
түрлi объектiлердiң
сырт
көрiнiстерiнде орын алуы мүмкiн.
Бағалаудың маңызды факторларының бiрi мол өңiрдiң жер бетiнiң
кендерiнiң морфологиясы (олардың барлық қасиеттерi мен физикалық əсерге,
сумен қатынасына, химиялық құрамына жəне т.б.) болып саналады. Кендердiң
бастапқы (алғашқы) қасиеттерi əртүрлi əсерлерден
соң олардың
күйiн
анықтауға болжам болады.
Сумен қамтамасыз етудiң негiзгi көзi болатын жер асты суларына əсерлi
бағалаудың ерекше маңызы бар. Жер асты суларының ластанудан қорғану
дəрежесiн бағалауға сол территорияның геологиялық құрылымының анализi
жəне бiрiн-бiрi жабатын қабаттардың бiр тұтастығының бұзылмағандығы негiз
бола алады.
Литосфераға əсердi бағалаудың қорытынды бөлiмi жобаланушы объектiнiң
территориясының геоморфологиялық құрылымын, рельеф түзiлу динамикасын,
бұл тенденциялардың объектi iске қосылуы нəтижесiнде жел эрозиясын,

Page 81

81
территорияның су астында қалуы, бұларды бағалауда басқа тiкелей жəне
жанама əсер ететiн факторларды ескере отырып, литосфераға əсер ететiн басқа
факторларды да анықтап, содан соң бағалау керек.
Н - қалыпты ластану дəрежесi
Қ - ластану нормасынан шамалы жоғары дəрежеде
К - ластану нормасынан орта дəрежеде жоғары
А - ластану дəрежесi апаттық дəрежеден жоғары
Литосфераның геосфера қабаты ретiндегi басқа бiр ерекшелiгi оның көп
компоненттiгi, яғни литосфераның беттiк қабаты (геологиялық ортаның өзi),
оның рельефi жəне территориядағы дамыған антропогендi геологиялық
процестер. Сондықтан, бағалау үшiн көптеген белгiлердiң əртүрлi белгiлердiң
жиынтығының интеграциясы қажет. Бұл жөнiндегi əр түрлi нормативтi жəне
техникалық-құқықтық құжаттар анықтамаларда келтiрiлген.
Бағалаудың тiкелей белгiлерi. Көп тараған геохимиялық белгiлер. Бұларды
қолдану литосфера мен оның компоненттерiнiң (жер асты суларымен бiрге)
ластағыш заттардың улылығын ескере отырып, табиғи концентрациямен
(фонмен) немесе
ШМК-мен (ПДК) бастапқы
ластануды
салыстыруға
негiзделген. Сулар мен атмосферадағы сияқты класс бойынша бағалау 4-
кестеде келтiрiлген.
Жер асты суларының жер асты гидросфералық сапасын бағалау да белгiлi
ШМК-ға қарай регламентпен белгiленген.
Жер асты суларының ластану көлемiн сипаттау үшiн ластану ауданын (F)
анықтаудың маңызы зор. Сонымен бiрге, табиғи жағдайдағы белгiлi бiр
нүктелердегi су сапасы (С
т
) жəне iшуге (ауыз суы) қолданылатын сулардағы
ластағыш заттардың шектi мөлшерлiк концентрациясы.
4-кесте. Литосфераның күйiн бағалаудың геохимиялық критерийлерi
Жер бетi суларының күйлерiнiң кластары
Бағалау
көрсеткiш
терi
I-Норма (Н)
II-Қауiп (Қ)
III-Кризис (К)
IV-Апат (А)
Фон
немесе
ШМК-дан
аз мөлшер
1-5 ШМК
(2-шi жəне
3-шi класс)
5-10 ШМК
(2-шi жəне 3-
шi қауiп-
сiздiк класы)
10 ШМК-көп
(2-шi жəне 3-
шi қауiпсiз-
дiк класы
Анықталатын
барлық
элементтер
мен қосылыс-
тар концен-
трациясы
1 ШМК
(қауiпсiз-
дiктiң 1-шi
класы)
1-5 ШМК
(қауiпсiздiк-
тiң 1-шi
класы)
5 ШМК-дан
көп (1-шi
класс қауiп-
сiздiгi)
Сөйтiп
жер
асты
суларының
күйiн
бағалау үшiн
екi көрсеткiш
қолданылады: жер асты суларының сапасы (С) жəне ластану ауданының (F)
мөлшерi.

Page 82

82
Осы негiзде жер асты суларының төрт деңгейiне немесе солардың
күйлерiнiң аналогиялық кластарына бөлiнедi:
1. Норма класы (жарамдылығы) əжептəуiр жер асты суларының сапасы С
шамасымен шамалас, сəл ғана жоғарырақ болу мүмкiн, бiрақ ШМК-дан артық
болуы мүмкiн емес. Яғни: С
т
< С / ШМК, бұл жағдайда ластану алаңы өте аз
немесе мүлде жоқ (F < 0,5 км
2
).
2. Қауiп класы (керi өзгерiстердiң тенденциясының үнемi байқалуы). Жер
асты суларының сапасы үнемi нашарлайды, ШМК-ға жетедi немесе одан да
жоғары болуы мүмкiн, бiрақ кейбiр алаңдарда 3 - 5 ШМК-дан жоғары емес (F =
0,5 - 5км
2
).
3. Дағдарыс класы. Жер асты суларының сапасы ШМК-дан 10 есе жоғары,
яғни ШМК < С / ШМК, сонымен қатар ластану ауданы 5-тен 20 км
2
-қа дейiн
өзгерiп отыруы мүмкiн.
4. Апат класы (катастрофалық күй) ластану зонасындағы судың сапасы 10
ШМК-дан жоғары жəне ластану алаңы 10км
2
-ден артық, əрi қарай өсуi де
ықтимал.
Бiрiншi зонада ешқандай табиғат қорғау шараларын жүргiзу қажет емес, тек
тиiстi заңдардың талаптарының орындалуын жəне жер асты суларының күйiн
жоспарлы бақылауды жүргiзу керек.
Екiншi зонада шектеушi табиғи қорғау шаралары алдын-ала жоспарлануы
қажет.
Үшiншi, əсiресе төртiншi зоналарда кезек күттiрмейтiн арнайы табиғат
қорғау шаралары жүргiзiлуi қажет.
Жер
асты суларының
ресурстық
белгiлерi. Жер
асты
суларының
ресурстарын бағалау белгiлерiне мына көрсеткiштер қажет: пайдалану қор
(запас) модулi ((1км
2
территориядағы л/с) жəне сулы горизонттардың араласу
шамалары. Бұл көрсеткiштердi жоба алдындағы жұмыстарды жүргiзген кезде
қолданған жөн.
Литосфераны бағалау белгiлерiнiң геодинамикалық тобы – табиғи жəне
техногендi белсендi геологиялық процестердiң дамуын жəне рельефтiң күйiн
бағалау үшiн қолданылады. Рельеф жəне жер асты үшiн екi көрсеткiш қажет:
техногендi өңдеудiң тереңдiгi жəне ауданы (құрылыстардың салынуы, игерiлуi,
бұзылуы) төмендегi 5-кестеде көрсетiлген:
5-кесте. Литосфера күйiн бағалаудың геодинамикалық белгiлерi
Территориялар күйiнiң экологиялық кластары

Рельеф өзге-рiсiнiң
бағалау
көрсеткiштерi
Норма( Н)
Қауiп (Қ)
Кризис (К)
Апат (А)
1
Техногендi
ауданның учаске
ауданына
10%-тен
аз
10-25%
25-50%
50%-тен
жоғары

Page 83

83
2
Рельефтiң
техногендi
ауытқуы (М)
10-дан аз
10-20%
20-50
-
3
Игерiлiп iске
дайындалған
территориялар
10 %-тен
көп
10-20%
20-40%
50%-тен
жоғары
Кестедегi жер бетi сулары мен территория күйлерi кластарының шартты
белгiлерiнiң мазмұнға сəйкестiгi.
Н - территориялық күйi мардымды (əжептəуiр)
Қ - территория күйiнiң мардымдылығы шектеулi
К - территория күйi (жарамсыз) мардымсыз
А - территория күйi апаттық (катастрофалық) жағдайда.
Литосфера
күйiн
бағалаудың
ұсынылып
отырған
градациясының
геодинамикалық
белгiлерi үшiн
ғылыми
негiзделген
шамалары
əзiрше
белгiленбеген, сондықтан олардың шамаларын жуықтау деп қарастырған жөн.
Бұлар рельеф өзгерiсi алдын-ала бағалаудың жоба алды жұмыстарында
қарастырылады. Жобалаудың
соңғы
сатыларында
бағалау
белгiлерi
градациялаудың сандық мəндерiне трансформаттанып, территорияның нақты
шарттары мен жоспарланып отырған техногендi əсердi қамтуға бағытталады.
Геологиялық ортаның өзгергiштiгiн интегралды бағалау. Геологиялық
ортаның өзгергiштiгiн бағалау əдiсiнiң бiрнеше əдiс-тəсiлдерi бар, соның iшiнде
екеуiн қарастырайық:
Бiрiншi əдiс - өзгергiштiктiң компоненттiк дəрежесiне қарай градациялау.
Бұл екi қатарлы матрица, тiк шкалаға геологиялық ортадағы анализденетiн
компоненттiң
өзгергiштiгi,
көлбей
шкалаға
бағалау
критерийлерi
орналастырылады. Бұлардың барлығы тiке жəне көлбеу сызықтардың бiрiн-
бiрiмен қиылысуына индекстеледi де геоортаның əрбiр
компонентiнiң
өзгергiштiгiн бағалау критерийiне қарай бағасы анықталады.
Екiншi əдiс - өзгергiштiк пен бүлiнгiштiктiң салыстырмалы градациясы
бойынша территорияның өзгергiштiк дəрежесiнiң жиынтық (суммалық) бағалау
мəнiн алу үшiн алқаптардың салыстырмалы өзгергiштiгi мен бүлiнгiштiк
коэффициенттерiн
барлық
қарастырылып
отырған
компоненттерi мен
критерийлерiн тiркеп қосу арқылы жасалу.
Əрбiр əсердiң түрiне өзгергiштiк дəрежесiнiң градациясына қарай бүлiну
алаңы (Gi) анықталады. Содан соң бүлiнген ауданның бағаланатын ауданға
қатынасы (К
рi
) анықталады, сөйтiп өзгергiштiк дəрежесiн ескере отырып,
(бүлiну қарқындылығын) мына теңдеу бойынша əрбiр əсердiң түрi табылады:
G
i

pi
*n
i
n
i
- бүлiну интенсивтiлiгi

Page 84

84
Барлық G
i
қосылады да табылған шама өзгергiштiктiң типологиялық
геолого-инженерлiк, геологиялық ортаның құрылысының типiн, техногендi
əсердiң тереңдiгiн көрсететiнi қабылданған. Бұндай бағалау салыстырмалы
болғанымен, физикалық мəнде территорияның кейбiр учаскелерiнiң əртүрлi
антропогендi əсерлердiң нəтижесiнде бүлiнгенiн белгiлi мөлшердi сипаттайды.
Экологиялық сараптама жүргiзу үшiн жəне қоршаған ортаға əсердi бағалауды
жүргiзу, оның тəртiбi мен түрлi талаптары бұл əдiстердiң ерекшелiктерi түрлi
əдебиеттерде (оқу құралы соңында келтiрiлген) қарастырылған.
Литосфераға (геологиялық ортаға жер асты сулармен қоса) əсер етудi
бағалау мен негiздеу үшiн, мемлекеттiк экологиялық сараптама жасау үшiн
төмендегiлердi қарастыру қажет:
1. Территорияның геологиялық жəне гидрогеологиялық ерекшелiктерi.
2. Техногендi əсер кезiндегi топырақтың берiктiгi мен белсендiлiгiн
бағалау.
3. Геодинамикалық жағдайлардың өзгеруiн болжау (массивтегi кендердiң
тығыздалу өзгерiстерi, деформациялану мүмкiндiгi жəне т.б.).
4. Топыраққа жылудың əсерiнiң салдарын болжау, термодинакмиалық
жағдайлардың өзгеруi (маусымдық тоңның еру дəрежесi, криогендi жəне басқа
геологиялық процестердiң активтелуi).
5. Гидрогеологиялық процестердiң қауiптi жағдайлар туғызуы жəне
қолайсыз əсерлердi болжау.
6. Гидрогеологиялық жағдайлардың өзгерулерiн (су алмасудың күшеюi
немесе əлсiреуi, жаңа сулы қабаттардың түзiлуi, су арнасының өзгеруi, жер
асты сулары деңгейiнiң өзгеруi, қысымы мен ағу жылдамдығы, температурасы
мен химиялық құрамы) болжау.
7. Техногендi əсер нəтижесiнде жер асты суларының ластану мүмкiндiгi
мен азаюын болжау.
8. Кен, шикiзат ресурстарын өндiрудiң қоршаған орта компоненттерiне
əсерiн болжау.
9. Жер асты суларын ластану мен азаюдан қорғау шаралары.
10. Жер қойнауын рационалды пайдалану жұмыстары.
11. Жоспарланып отырған құрылыс пен жұмыс кезiнде тау жыныстарын,
жер асты суларын бақылау жəне зерттеу жұмыстары.
12. Геологиялық ортаны бұза алатын жұмыстардың салдарын жою
шараларын жүргiзу.
13. Жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды мейлiнше толық шығару
жөнiндегi ұсыныстар (жер асты суларын зиян келтiрмей).
14. Өндiрiс қалдықтарын жəне зиянды заттарды жерге көму үшiн негiздеме.

Page 85

85
15. Қоршаған ортаны қорғау жəне геологиялық ортаны түрлi апаттардан
қорғауды қаржыландыру көлемi.
Жердiң топырақ қабатындағы əсерiн бағалау
Топырақ дегенiмiз – тау жыныстарынан бөлек жəне олардың үстiнде
қалыптасатын өте ерекше табиғи дене.
Құнарлылық оның негiзгi айырмашылығы болып табылады. Сондықтан,
топырақ қабатын өндiргiш күштердiң экономикалық категориясына жатқызуға
болады, өйткенi ол жылу мен ылғалды үйлестiру нəтижесiнде өндiргiш күш
ретiнде өзiн толық мағынада көрсете алады. Əсiресе топырақ ерекше
бағаланатын ауыл шаруашылығы дамыған аймақтарда оны ластанудан қорғау
жоспарланып отырған шаруашылық қызметттiң алдындағы топырақ қабатына
əсердi бағалау негiзгi пробелмалардың тiреуi болып саналады.
Топырақ құнарлығының төмендеуi əртүрлi əсерлерден болуы мүмкiн.
Оларды механикалық жəне химиялық деп екi типке бөлуге болады.
Механикалық əсерге тiкелей немесе жанама антропогендi əсер етудiң
нəтижесiнде (құрылыс жұмыстары, құрылыс жұмыстары кезiндегi ауыр
техниканың iс-қимылы, дұрыс айдалмау нəтижесiнде жел жəне су эрозиясының
шиеленiсiп кетуi) топырақтың құнарлы қабатының (гумустық қабатының)
бұзылуы.
Экологиялық бағалау мен болжаудың негiзгi мiндетi, жоспарланып отырған
қызметтi егжей-тегжейлi талдаудың (анализдеудiң) нəтижесiнде осы жоба үшiн
таңдалатын жер учаскесiне, тұрақты жəне өтпелi пайдаланылатын бөлiмдерге,
құрылыс əдiсiн жəне құрылыс соңындағы (рекултивациялау) қайта қопсыту
жəне т. басқаларға ғылыми көзқараста қорытынды шешiм беру.
Бұл бағалау тек ауыл шаруашылығында қолданылатын топырақтарға ғана емес,
сонымен қатар табиғи фитоценоздар алып жатқан алқаптар мен барлық географиялық
зоналарды қамтиды, өйткенi топырақтың өсiмдiк жабындысының бұзылуы, бiр-бiрiмен
тiзбектеп орналасқан экологиялық керi əсерлердiң себебі болуы мүмкiн (өсiмдiк алқаптарын
су басып кетуi, жануарлар ареалының азаюы ж.т.б.). Топырақтың күйiн бағалаудың
ресурстық белгiлерiн өлшеу параметрлерiн қамту (механикалық жəне т.б.), экожүйенiң күйiн
түгелдей бағалаудың негiзi болып табылады, өйткенi топырақ қасиетiнiң нашарлауы
экологиялық қауiптi зоналардың пайда болу факторларының iшiндегi ең негiзгiлерiнiң бiрi.
Топырақ
ластануының
интегралды
көрсеткiштерiнiң
бiреуi,
оның
фитотоксикологиялығы (топырақтың жоғарғы сатыдағы өсiмдiктердiң өсiп дамуын басып
тастауы) жəне гепотоксикологиялығы (топырақ биотасының құрылымдық-функционалдық
қабiлетiне əсер етуi) болып табылады. Топыраққа химиялық əсер əр түрлi əдiстермен, əртүрлi
ластаушы көздер арқылы тiкелей немесе жанама жолдармен ластануы мүмкiн. Тiкелей
ластау ластаушы заттардың топырақ бетiне тiкелей түсуi (қатты тұрмыстық қалдықтардың
тасталуы, мұнайдың ағуы, түрлi улы сұйықтықтар, тыңайтқыштар, əртүрлi улы химикаттар
жəне т.б.).
Жанама жолмен ластану-ластағыш заттардың аэрогендi жолмен жəне жер асты
суларымен топыраққа түсуi. Бұл ластану түрлерiнiң əрқайсысы немесе бiрнешеуi бiрден
жоспарланып отырған антропогендiк қызметпен байланыста болуы мүмкiн. Əдебиеттердi

Page 86

86
талдаудың нəтижесiнде топырақтың техногендi ластануын бағалаудың толық деп саналатын,
əр түрлi кластарға бөлiнiп қарастырылған түрi 6-кестеде көрсетiлген.
Белгiлi бiр топырақтың биогеохимиялық қасиеттерiнiң негiзiнде топырақтың ластану
мен оның салдарының мүмкiндiгiн бағалаудың мiндетi – топырақтағы жəне онымен
бiрлескен
ландшафттың
компоненттерiндегi
ластағыштардың
миграциясының
заңдылықтарын, трансформациясы мен аккумуляциясын жəне олардың керi əсерi болуының
алдын алу үшiн
зиянды əсерлердi азайту
болып
табылады. Топырақтың ластану
критерийлерiне ластағыштардың шектi мөлшерлi концентрациясы немесе шектi мөлшерлiк
деңгейi - ШМД (ПДУ-предельно-допустимый уровень) ұғымдары да жатады. Өкiнiшке орай
əзiрше олар ластағыштардың аздаған тобына ғана анықталған.
Топыраққа антропогендiк қызмет нəтижесiнде жасалатын əсердi бағалау, атмосфераға
əсердi бағалау жұмысынан əлдеқайда күрделi, өйткенi, топырақтың əр түрлi типтерiндегi
техногендi ағындар
жеткiлiктi дəрежеде
зерттелмеген. Мемлекеттiк
экологиялық
сараптама жүргiзуге қажеттi топыраққа жасалатын əсердi бағалау үшiн төмендегi
сипаттамалар мен жұмыстарды ескеру қажет.
6-кесте. Топырақ қабатының техногендi ластануын бағалаудың кластарға бөлiнуi
Топырақтың геоэкологиялық күйiнiң кластары

Бағалау
көрсеткiштерi
I-Норма
(Н)
II-
Қауiп
(Қ)
III-Кризис
(К)
IV-Апат
(А)
1
Оңай еритiн тұз-
дардың мөлшерi
(% салмақ)
0,6-дан аз
0,6-1
1,0-3,0
3,0-тен
жоғары
2
Улы тұздардың
мөлшерi (%)-
салмақтық
0,3-тен аз
0,3-0,4
0,4-0,6
0,6-дан
жоғары
1
2
3
4
5
6
3
Улы химикаттар
мен пестицидтер
(ШМК-мен)
0,1-ден аз
1,0-2,0
2,0-5,0
5-тен
жоғары
4
Мұнай жəне мұнай
өнiмдерi (%)
салмақтық
0,1-ден аз
1,0-5,0
5,0-10,0
10-нан
жоғары
5
Поллютанттар
мөлшерi
(ШМК-мен)
0,1-ден аз
1,0-3,0
3,0-10,0
10-нан
жоғары
1. Объектi əсер ететiн зонадағы топыраққа сипаттама (физика-химиялық
қасиеттерi, құнарлылығы), топырақ қабаты күйiнiң бағалануы.
2. Объектiнiң əсер ететiн зонасындағы топырақты қолдануға, оның сапасын
төмендетуге шектеулер қою.

Page 87

87
3. Топырақ қабатын территорияның өндiрiс қалдықтары жəне басқа
ластағыштармен ластануын ескерiп, əсерiне сипаттама (қауiптiлiк класы,
түрi, улылығы, қалдық көлемi, қалдықтар жиналған алаң ауданы жəне т.б.).
4. Топырақтың объектi құрылысы кезiнде сыдырылып алынатын құнарлы
қабатын тасымалдау жəне сақтау жөнiндегi шешiмдердiң үйлесiмдiлiгi.
5. Топырақ қасиеттерiнiң төмендегiлердiң əсерiнен өзгеруiнiң болжамы.
Ø жаңа рельефтер жасау үшiн территоияны қайтадан түзету;
Ø табиғи процестер активтiлiгiнiң өзгеруi;
Ø территорияның
құрылыс
қалдықтарымен
жəне
уақытша
өндiрiс
қалдықтарымен ластануы.
6. Апат бола қалған күнде топырақ қасиетiнiң өзгеруiн болжау.
7. Жобаның шешiмдерiн iске асыру кезiндегi топырақтағы мүмкiн болатын
өзгерiстер.
8. Əсер етiлген территорияны қалпына келтiру жұмыстары.
9. Қалдықтарды залалсыздандыру жəне жою жұмыстары.
10. Территорияны су басып кетуден инженерлiк қорғау жұмыстары.
11. Бұзылған топырақтарды қалпына келтiру жұмыстары (ағын қалдық
сулардың жиналуы, техникалық жəне биологиялық өңдеу), қайта қалпына
келтiру мерзiмдерi.
12. Негiзгi топырақ пайдаланғышқа жобаны iске асыруда табылатын
пайдасын қосып есептегендегi келтiрiлген шығынның көлемi.
13. Табиғат
қорғау
жұмыстарының
көлемi жəне
компенсациялық
жұмыстардың
қайта
қалпына
келтiру
жəне
апат
болған
жағдайдағы
жұмыстарды ескерiп құнын бағалау.
Негізгі əдебиеттер 6[93-96, 99-103, 106-115]
Қосымша əдебиеттер 2[ 82-86, 90-95, 102-110]
Бақылау сұрақтар:
1. Литосфераның күйiн бағалаудың қандай геохимиялық критерийлерi бар?
2. Жер асты суларының күйiн бағалайтын көрсеткiштер
3. Литосфера күйiн бағалаудың геодинамикалық белгiлерi
4. Топырақ қабатына қандай əсерлер болуы мүмкiн?
5. Топырақ қабатының техногендi ластануын бағалаудың кластарға бөлiнуi
6. Топыраққа антропогендiк қызмет нəтижесiнде жасалатын əсердi бағалау,
атмосфераға əсердi бағалау жұмысына қарағанда зерттелуі қандай
дəрежеде?
2.3 Семинар сабақтарының жоспары
1. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексімен танысу (23.01.
2007 ж.)

Page 88

88
Тапсырма:
Экологиялық
сараптаманың
түрлерiн,
объектiлерiн,
субъектiлерiн түсіндіріңіз.
Əдістемелік ұсыныстар
1. Экологиялық сараптаманың негізгі принциптерін сипаттаңыз.
2. Экологиялық сараптама заңының негізгі мақсаттарын түсіндіріңіз.
3. Қазақстан
республикасының
экологиялық
сараптама
мəселелерін
заңдылықтармен жəне басқа да нормативтік құжаттармен реттелетін
сұрақтарды сипаттаңыз.
Ұсынылатын əдебиеттер: Негізгі 1[71-73], 3[64-66]
Бақылау сұрақтар
1. Қазақстан Республикасының экологиялық сараптама заңының мəні не?
2. Нормативтi -техникалық құжаттарды кімдер дайындап бекiтедi?
3. Экологиялық сараптаманың объектiлерi, субъектiлерiне не жатады?
2. «Атмосфераны қорғау заңының жобасына сараптама жүргізгенде
қойылатын сұрақтарды зерттеу»
Тапсырма: Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру үшін негіздер;
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу тəртібi
Əдістемелік ұсыныстар:
1. Ауа сапасының критерийлерін сипаттаңыз.
2. Атмосфералық ауаға мониторинг жүргізу экологиялық сараптама
заңдылықтарымен реттелетін сұрақтарды түсіндіріңіз.
Ұсынылатын əдебиеттер: Негізгі 4 [5-8], 5 [16-23], Қосымша 18 [89-124].
Бақылау сұрақтар
1. Ауа сапасының тазалығын анықтауға қандай стандарт белгіленген?
2. Атмосфераның ластану деңгейiн қалай бағалайды?
3. ЭС мен қоршаған ортаға əсердi бағалауды ұйымдастыру
3. «Атмосфераны
қорғау
заңының əдістемелік – нұсқауларының
шешімдерін сараптамалармен келісіп талқылау жəне жобаларын, құжаттарын
өңдеу»
Тапсырма: Экологиялық талаптардың негіздеме құжаттарын дайындауға
қажетті құжаттар
шаруашылық
жəне
басқа
қызметтердің
экологиялық
негіздемелерге сəйкестігі туралы түсіндіріңіз.
Əдістемелік ұсыныстар:
1. Жоспарланып отырған қызметтiң сипаттамасы;
2. Жоспарланып отырған қызметке дейiнгi территориядағы қоршаған
ортаның күйi;
3. Жоспарланып отырған қызметтiң қоршаған ортаға əсерiнiң бағасы;
4. Жоспарланған қызмет iске асырылғаннан кейiнгi қоршаған ортаның
күйi;
Ұсынылатын əдебиеттер: Негізгі 4 [35-41], 6[64-78], Қосымша 18 [6-19].
Бақылау сұрақтар
1. Жобаның мемлекеттiк сараптамалау категориясы;
2. Оның жүргiзiлу мерзiмi қалай анықталады?

Page 89

89
3. Істi жүргiзу үшiн қажеттi мамандар саны жəне МЭС жүргiзудiң төлем ақысы
4. «Су объектілерін
қорғау шараларының
əдістемелік
шешімдерін
сараптамалармен келісіп талқылау»
Тапсырма: Су объектілерін пайдалану кезіндегi экологиялық талаптар. Жер
бетi суларының сапасы мен ластану дəрежесiн анықтау
Əдістемелік ұсыныстар:
1. Су объектілерін қорғау шараларының талаптарын түсіндіріңіз.
2. Жер бетіндегі су ресурстары сапасының мониторингі.
3. Су ресурстарын ластау көздеріне мониторинг жүргізу қажеттігін
түсіндіріңіз.
Ұсынылатын əдебиеттер: Негізгі 5 [35-44], 6 [93-99], Қосымша 18 [126-164].
Бақылау сұрақтар
1. Жер бетi суларының сапасы мен ластану дəрежесiн қалай анықтайды,
қандай əдістер қолданылады?
2. Су қоймаларының ластануының дəрежесiн анықтаушы факторлар
3. Су қоймаларының экологиялық күйiн бағалау белгiлерi қандай?
5. «Жер ресурстарын ұтымды пайдалану жəне өндіріс қалдықтарын өңдеу
шараларын талқылау»
Тапсырма: Жерді жəне Жер қойнауын пайдалану кезіндегі экологиялық
талаптар. Қалдықтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу нəтижелері туралы
ақпарат
Əдістемелік ұсыныстар:
1. Жер ресурстарын ұтымды пайдалануды түсіндіріңіз.
2. Өндіріс қалдықтарын өңдеу шараларын сипаттаңыз.
3. Қоршаған табиғи ортаны тұрмыстық жəне өндiрiстiк қалдықтардан
қорғауға қойылатын талаптардың орындалуын бағалау.
Ұсынылатын əдебиеттер: Негізгі 5 [45-53], 6[103-128], Қосымша 18 [165-
175].
Бақылау сұрақтар
1. Литосфераның күйiн бағалаудың қандай геохимиялық критерийлерi бар?
2. Литосфера күйiн бағалаудың геодинамикалық белгiлерi
3. Топырақ қабатына қандай əсерлер болуы мүмкiн?
6. «Экологиялық аудитті уақытша өткізу құжаттарының инструкциясын
талқылау»
Тапсырма: Экологиялық аудит түрлері жəне оны жүргізу үшін негіздер,
Экологиялық аудиторлық есептерге қойылатын талаптар
Əдістемелік ұсыныстар:
1. Аудиттің міндетін анықтау.
2. Экологиялық аудиттің негізгі жүргізу этапын белгілеу.
3. Аудиторлық қорытындының нəтижесі.
Ұсынылатын əдебиеттер: Негізгі 4 [5-8], 7 [16-23], Қосымша 18 [178-240].
Бақылау сұрақтар

Page 90

90
1. Экологиялық аудиттің объектілері.
2. Экологиялық аудитті жүргізудің қандай түрлері болады?
3. Экологиялық аудиттің ЭС қандай айырмашылығы бар?
7. «Өнеркəсіп территориясындағы зиянды заттардың концентрациясын
есептеу»
Тапсырма: Зиянды заттарды көмудің жəне сарқынды суларды жер
қойнауына ағызудың мемлекеттік кадастры
Əдістемелік ұсыныстар:
1. Зиянды заттардың түрлерін анықтау.
2. Зиянды заттардың қасиеттерін білу.
3. Зиянды заттардың фондық
жəне сол уақыттағы концентрациясын
анықтау.
Ұсынылатын əдебиеттер: Негізгі 4 [5-8], 7 [16-23], Қосымша 18 [178-240].
Бақылау сұрақтар:
1. Өнеркəсіптің шығаратын заттары қандай?
2. Елді мекеннің өнеркəсіп территориясынан арақашықтығын есептеу
2.4 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік
жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (СОӨЖ)
1. Тапсырма: Экологиялық сараптаманың көрсеткіштері.
Əдістемелік ұсыныс:
1. ЭС ғылыми негiздiлiгі
2. ЭС мiндеттiлiк принципінің мəні
3. ЭС тəуелсiздiгі, кешендiлiгі
4. ЭС ақпараттың толықтығы, жауаптылығы мен шыншылдығы
5. ЭС жариялылығының, экологиялық қауiпсiздiлігінің артықшылық
мəндері
СОӨЖ өткізу түрлері: сөз сайысы
Ұсынылатын əдебиеттер: Негізгі 1, 2, 6; Қосымша 15, 32
2. Тапсырма: Өнеркəсіптің экологиялық паспорты
Əдістемелік ұсыныс:
1. Өнеркəсіп туралы жалпы мағлұмат, қолданылатын технологиялар
2. Қолданылатын ресурстардың сапасы мен мөлшерлік сипаттамасы
3. Шығарылатын өнімнің сапасы, су тұтынуы
4. Шығарылатын ластағыштардың, қалдықтардың мөлшері
СОӨЖ өткізу түрлері: индивидуалдық немесе топтық жоба жасау;
Ұсынылатын əдебиеттер: Негізгі 12; Қосымша 34
3. Тапсырма: Атмосфераның
бір ластаушы
көзінен
шығатын
шығарындыларын есептеу.
Əдістемелік ұсыныс:
1. Ауаға шығып жатқан ластаушы заттардың түрлері
2. Ластаушы заттардың мөлшері
СОӨЖ өткізу түрлері: есептер шығару
Ұсынылатын əдебиеттер: Негізгі 11, 12; Қосымша 33

Page 91

91
4. Тапсырма: Атмосфераның сызықты ластаушы көзінен шығатын
шығарындыларын есептеу.
Əдістемелік ұсыныс:
1. Қоршаған ортаны қорғау стандарттарын, нормаларын ескеру
2. Ластаушы заттардың ауаға шыққан мөлшерін білу
СОӨЖ өткізу түрлері: есептер шығару
Ұсынылатын əдебиеттер: Қосымша 28
5. Тапсырма: Атмосфераның бір уақытта бірнеше ластаушы заттардың
əсерінен болатын шығарындыларын есептеу.
Əдістемелік ұсыныс:
1. Ластағыштардың құрамын анықтау
2. Ластағыштардың шығарындыларын орта тəуліктік мөлшермен
салыстыру
СОӨЖ өткізу түрлері: есептер жəне жаттығулар шығару
Ұсынылатын əдебиеттер: Негізгі 9, 12; Қосымша 28
6. Тапсырма: Шығарынды көзінің минимальды жоғарылығын анықтау.
Əдістемелік ұсыныс:
1. Ластағыштардың
ауада
таралуына
кəсіпорын
қондырғысының
жоғарылығының əсері
2. Елді мекен ауасына жəне жұмыс зонасына қойылатын талаптар
СОӨЖ өткізу түрлері: есептер жəне жаттығулар шығару
Ұсынылатын əдебиеттер: Негізгі 9, 12; Қосымша 23
7. Тапсырма: ШМШ есептеу.
Əдістемелік ұсыныс:
1. Зиянды заттардың фондық концентрациясын білу
2. Зиянды заттардың ауаға шыққан мөлшерін анықтау
СОӨЖ өткізу түрлері: есептер жəне жаттығулар шығару
Ұсынылатын əдебиеттер: Негізгі 10, 12; Қосымша 23
8. Тапсырма: Санитарлы сақтау белдемін есептеу
Əдістемелік ұсыныс:
1. Зиянды заттардың қауіптілігін анықтау
2. Кəсіпорын жерінің шекарасын анықтау
СОӨЖ өткізу түрлері: есептер жəне жаттығулар шығару
Ұсынылатын əдебиеттер: Негізгі 11, 12; Қосымша 22, 32
9. Тапсырма: Сыртқы ортаның əсерінен болатын зиянды қосылыстардың
өзгерісін есептеу
Əдістемелік ұсыныс:
1. Сыртқы ортаның əсерін анықтау
2. Зиянды қосылыстар сыртқы ортаның əсерінен қоршаған ортаға
қалай əсер етеді?
СОӨЖ өткізу түрлері: индивидуалдық немесе топтық жоба жасау;
Ұсынылатын əдебиеттер: Негізгі 11, 12; Қосымша 32
10. Тапсырма: Өнеркəсіп
территориясындағы
зиянды
заттардың
концентрациясын бақылау ерекшеліктері
Əдістемелік ұсыныс:

Page 92

92
1. Өнеркəсіп территориясына мониторинг жүргізу
2. Ластаушы заттардың концентрациясын төмендететін шаралар
СОӨЖ өткізу түрлері: индивидуалдық жоба жасау;
Ұсынылатын əдебиеттер: Негізгі 9, 10; Қосымша 31
11. Тапсырма: Ірі шаң тозаң бөлшектерінің түсуін есептеу (бақылау)
Əдістемелік ұсыныс:
1. Өнеркəсіптің түрі, шаң тозаң бөлшектерінің дисперстілігі
2. Шаң тозаң бөлшектерін ұстайтын құралдардың түрлері.
СОӨЖ өткізу түрлері: есептер жəне жаттығулар шығару
Ұсынылатын əдебиеттер: Негізгі 12; Қосымша 23
12. Тапсырма: Су қоймаларына түсетін шекті мөлшерлі тастандыларды
есептеу
Əдістемелік ұсыныс:
1. Судың құрамы, қасиеті
2. Суды пайдаланатын объект, оның шығаратын (тастайтын ластағыш)
заттары
СОӨЖ өткізу түрлері: есептер шығару
Ұсынылатын əдебиеттер: Негізгі 11, 12; Қосымша 23
13. Тапсырма: Автотранспорт
шығарындыларының
улылығын
интегралды бағалау
Əдістемелік ұсыныс:
1. Автотранспорттың жүру жиілігін бақылау
2. Автотранспорттың техникалық ақаулығын бақылау
СОӨЖ өткізу түрлері: есептер жəне жаттығулар шығару
Ұсынылатын əдебиеттер: Негізгі 11, 12; Қосымша 23
14. Тапсырма: Автотранспорттан шыққан газдардың улылығын бағалау
Əдістемелік ұсыныс:
1. Автотранспорттың түрлерін бақылау
2. Автотранспорттың пайдаланатын отын түрлерін бақылау жəне
бағалау
СОӨЖ өткізу түрлері: индивидуалдық немесе топтық жоба жасау;
Ұсынылатын əдебиеттер: Негізгі 10, 12; Қосымша 29
15 Тапсырма: Экологиялық тəуекел факторының жіктелуі
Əдістемелік ұсыныс:
1. Қауіпсіздік декларациясының құрылымы.
2. Экология лық қауіпсіздік жəне сақтандыру.
3. Қауіпсіздіктіжəне тəуекелдінормалыреттеу.
СОӨЖ өткізу түрлері: пікір алмасу
Ұсынылатын əдебиеттер: Негізгі 8; Қосымша 32, 33
2.5 Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ жоспары (СӨЖ)
1. Тапсырма: Экологиялық сараптаманың негіздері, мақсаты, міндеттері,
принциптері
Əдістемелік ұсыныс:
1. Экологиялық сараптама пəнінің мəні

Page 93

93
2. Экологиялық сараптаманың міндеттілігі
Ұсынылатын əдебиеттер: Негізгі 1[64-66], 2[3-5], 6[27-32], Қосымша
1[5-8], 3[3-7]
2. Тапсырма: Экологиялық сараптама жəне қоршаған ортаға əсердi
бағалауды жүргiзудi ұйымдастыру.
Əдістемелік ұсыныс:
1. Экологиялық сараптама шарттары
2. ҚОƏБ аспектілері
Ұсынылатын əдебиеттер: Негізгі 2[66-68, 76], 6[6-12], Қосымша 3[12-16].
3. Тапсырма: Құрылыстың жобаалды жəне жобалау материалдарына ЭС
жүргізу реті, құрамы жəне негізгі стадиясы.
Əдістемелік ұсыныс:
1. Экологиялық сараптаманың жүргізу ретін, құрамын заңды түрде
белгілеу
Ұсынылатын əдебиеттер: Негізгі 5[5-8], 6 [16-23], Қосымша 21 [6-19].
4. Тапсырма: Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының
экологиялық сараптамалаудағы қызмет аясы
Əдістемелік ұсыныс:
1. Экологиялық
сараптама
жүргізуде
мемлекеттiк
органдардың
құқықтары
Ұсынылатын əдебиеттер: Негізгі 1[71-73], 3[66-68], 6[8-9], Қосымша1[18-
20], 3[16-18].
5. Тапсырма: МЭС-ға берілетін құжаттамаға қойылатын талаптар
Əдістемелік ұсыныс:
1. МЭС-ға берілетін құжаттамаға қойылатын талаптардың орындалуы
Ұсынылатын əдебиеттер: Негізгі 1[81-82],3[70-71],6[33-35], Қосымша1[24-
26],3[21-23].
6. Тапсырма: Жобалау алдындағы жəне жобалау құжаттарын дайындау
кезінде қондырғылар мен технологиялық процестердің қауіпсіздігіне ЭС жасау
Əдістемелік ұсыныс:
1. Өнеркəсіптік паспорт бойынша қондырғылардың жұмыс істеу мерзімін
анықтау
2. Технологиялық процестердің қауіпсіздігі сақталынатындығын тексеру
Ұсынылатын əдебиеттер: Негізгі 8 [62-78], 10 [16-23], Қосымша 29 [6-
19].
7. Тапсырма: Экологиялық
сараптама
қорытындысының орындалу
талаптарына мемлекеттік экологиялық бақылау жүргізу
Əдістемелік ұсыныс:
1. Экологиялық сараптама жүргізілгенде шынайы жүргізілуі
Ұсынылатын əдебиеттер: Негізгі 1[82-84], 3[74-75],6[40-46],Қосымша 1[29-
33], 3[27-30]
8. Тапсырма: Европалық
Одақ
елдерінде
ҚОƏБ
процедурасының
орындалуы
Əдістемелік ұсыныс:
1. Европалық Одақ елдерінде ҚОƏБ ерекшеліктері

Page 94

94
Ұсынылатын əдебиеттер: Негізгі 8 [25-32], 9[16-23], Қосымша 14[21-23],
31[18-21].
9. Тапсырма: Жобаларды экологиялық бағалауда АҚШ тəжірибесі
Əдістемелік ұсыныс:
1. АҚШ экологиялық сараптама жүргізудегі артықшылықтары
Ұсынылатын əдебиеттер: Негізгі 11 [95-118], 7 [16-23], Қосымша 31 [6-
19].
10. Тапсырма: Елді
мекенді жерлердегі
рұқсат етілмеген
қоқыс
төгінділерінің қауіптілігін бағалау
Əдістемелік ұсыныс:
1.Қоқыс төгінділерін сорттау
2.Қоқыс төгінділерін екінші қайтара пайдалану
3.Тірі организм үшін қауіптілігін бағалау
Ұсынылатын əдебиеттер: Негізгі 1[21-24], 3[19-21],6[46-50],Қосымша1[33-
36], 3[31-34]
11. Тапсырма: Трансшекаралық аспектіде ҚОƏБ туралы Конвенцияның
негізгі түсініктері
Əдістемелік ұсыныс:
1.ҚОƏБ туралы түсінік
2.Конвенцияның маңыздылығы жəне қажеттілігі
Ұсынылатын
əдебиеттер: Негізгі1[83],3[28,29,75],Қосымша1[196-197],
3[136],4[196-199]
12. Тапсырма: Қалдықтарды орналастырудағы геоақпараттық жүйе
Əдістемелік ұсыныс:
1. Қалдықтардың зияндылығын анықтау
2. Өндiрiс қалдықтарын жəне зиянды заттарды жерге көму үшiн
негiздеме.
Ұсынылатын əдебиеттер: Негізгі 1[23-24], 3[22-24], 6[51-54],Қосымша 1[37-
39], 3[34-36]
13. Тапсырма: ҚОƏБ дамуына жəне реконструкциялануына Еуропалық
банктың талабы
Əдістемелік ұсыныс:
1. ҚОƏБ дамуына Еуропалық банк талабының орындалуы
Ұсынылатын əдебиеттер: Негізгі 9[93-96,], Қосымша 32[226-232], 33 [116-
129].
14. Тапсырма: Жер бетi сулары ресурстарын бағалау критерийлерi
Əдістемелік ұсыныс:
1. Қоймаларының ластану дəрежесiн анықтаушы факторлар
2. Су қоймаларының экологиялық күйiн бағалау белгiлерi
Ұсынылатын əдебиеттер:Негізгі 1[23-24], 3[22-24],6[51-54]], Қосымша 1[37-
39],3[34-36].
15. Тапсырма: Экологиялық аудиттің теориялық негіздері
Əдістемелік ұсыныс:
1. Экологиялық аудитті жүргізудің мазмұны, қағидалары
2. Аудиттің түрлері, жүргізу процедурасы

Page 95

95
Ұсынылатын əдебиеттер: Нег. 1[34-35], 3[30-31], 7[190-194], Қосым. 1[187-
192], 3[125-132]
2.6 Өз бетімен бақылау үшін тест тапсырмалары:
1
Табиғи объектiлердiң барлық антропогендiк əсерлерден өзгерiстерiнiң
қоршаған ортамен халықтың денсаулығы үшiн қолайсыз болу ықтималдығы:
A) сақтандыру жағдайы
B) экологиялық шарт
C) экологиялық дағдарыс
D) экологиялық тəуекел
E) экологиялық жағдай
2 Мемлекеттiк экологиялық сараптауды iске асыру нəтижесi болып:
A) қоршаған ортаға əсердi бағалау
B) қоғамдық сұрақ
C) анкета жүргiзу
D) кəсiпорын жобасының мониторингi
E) сараптау қорытындысы
3
Жұмыс iстеп
тұрған
объектiлерге
мемлекеттiк
сараптау
қандай
материалдарға негiзделiп iске асырылады?
A) экологиялық сақтандыру
B) қоғамдық сараптама
C) жобадан кейiнгi сараптама
D) қоршаған ортаға əсердi бағалаумен сай орындалған экологиялық аудит
E) қоршаған ортаға əсердi бағалау алдындағы iстер
4 Жобаларды жоспарлау жұмыстарында жəне жəне объектiлердi сараптауда
қаржыландыруды iске асыруда тапсырыс берушi заңды жəне жеке тұлғалар.
Бұлар:
A) мердiгер
B) инженер
C) тапсырыс берушi
D) өңдеушi
E) сарапшы
5 Мемлекеттiк экологиялық сараптама арнайы органдар арқылы жүзеге
асырылады, олар:
A) кен байлық қорғау жəне геология министрлiгi;
B) мемлекеттiк жерге орналастыру қызметi;
C) су шаруашылығы басқармасы;
D) биоқорлар мен экология министрлiгi;
E) су қорлар министрлiгi;
6
Шаруашылық iс-əрекеттердi жобалау шешiмдерiнде қоғам үшiн кейiн
болатын зардаптың əсер шамасын шығару зерттеу, бағалау, есепке алу былай
аталады:
A) мемлекеттiк сараптау
B) қоршаған ортаға əсердi бағалау
C) экологиялық аудит

Page 96

96
D) экологиялық сақтандыру
E) қоршаған орта мониторингi
7
Экологиялық iстердi жүргiзгенде барлық процедурасын қаржымен кiм
қамтамасыз етедi?
A) мердiгер
B) сарапшы
C) инвестор
D) тапсырыс берушi
E) жобалаушы
8 Жобалардың барлық кезеңiн экологиялық негiздеуде өзара байланысты
жүйелiлiктi қамтамасыз ететiн процедура:
A) экологиялық сүйемелдеу
B) экологиялық тəуекел
C) экологиялық аудит
D) экологиялық салдар
E) экологиялық сақтандыру
9 Объектiлерге экологиялық сараптау жүргiушi маман- бұл:
A) тапсырыс берушi
B) өңдеушi
C) сарапшы
D) инвестор
E) мердiгер
10
Мемлекеттiк экологиялық сараптауға жатпайтын материалдар мен
құжаттар:
A) жобалар мен жоспар алдындағы жоспарланған құжаттардың барлық түрi;
B) табиғи қорларды пайдалану жəне қорғаудың кешендi жобаларының
схемасы;
C) аумақтың бөлiктерiне кешендi экологиялық зерттеу материалдары;
D) жобалардың техникалық-экономикалық негiздеу құжаттары;
E) жергiлiктi өзiн-өзi басқару туралы құжаттар;
11
Экологиялық процедураларды орындауда заң талаптарын сақтауды
бақылайтын орын:
A) қоғамдық мекеме;
B) мемлекеттiк жерге орналастыру комитетi;
C) денсаулық сақтау министрлiгi;
D) iшкi iстер министрлiгi;
E) биоқорлар мен экология министрлiгi;
12 Қоршаған ортаға əсердi бағалау процедураларын iске асырушы жеке жəне
заңды тұлғалар:
A) өңдеушi
B) тапсырыс берушi
C) сарапшы
D) жобалаушы
E) мердiгер

Page 97

97
13
Жоба
алдындағы
кезеңде
ҚОƏБ-лау
жүргiзуде
объектiнiң
өңдеу
жұмыстарының принципi:
A) превентиптiгi
B) дұрыстығы
C) алғашқылығы
D) бiрлестiгi
E) құрылымы (интеграция)
14 Экологиялық сараптаудың субъектiсi болып:
A) ҚР орталық атқарушы органы, министрлiк, ҚР мемлекттiк комитетi;
B) жобалау, жоспарлау алдындағы жəне жобалау құжаттары;
C) қоршаған ортаға жəне халық денсаулығына əсер етудiң нормативтiк-
құқықтық актiлерi;
D) қоршаған ортаға əсердi бағалау нəтижесi;
E) экологиялық аудит
15 Өндiрiс жетекшiлерiнiң шешiмiмен жүргiзiлетiн аудит, бұл:
A) ынталы
B) iшкi
C) сыртқы
D) мiндеттi
E) өндiрiстiк
16 Экологиялық сараптауды жүргiзу үшiн тартылған заңды жəне жеке
тұлғалар:
A) тапсырыс берушi
B) ынталы бастаушы
C) өңдеушi
D) сарапшы
E) аудит жүргiзушi
17 Салынып жатқан жəне жұмыс iстеп тұрған кəсiпорындар үшiн мемлекеттiк
экологиялық сараптау қорытындысының өз күшiне ену мерзiмi:
A) 2 жылдан кейiн
B) 2 жылға дейiн
C) 5 жылға дейiн
D) 5 жылдан кейiн
E) 1 жыл
18 Қоршаған ортаға əсердi бағалау жайында Конвенция қай жылы өттi?
A) 1992
B) 1991
C) 1989
D) 1979
E) 1987
19 Экологиялық сараптау субъектiсi болып есептелiнбейдi:
A) министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер жəне басқа атқарушы органдар
B) экологиялық сараптауды өткiзуге қатыстырылған жеке тұлға
C) жергiлiктi органдар жəне республикада қоршаған ортаны қорғау аясындағы
орталық атқарушы орган

Page 98

98
D) ғылыми мекемелер, қоғамдық экологиялық бiрлестiктер
E) қауiпсiздiк қызмет органы
20 Қоршаған ортаға жасалынатын бағдарламаларға жəне қауiптi əсерлердi
бағалау жұмыстарына материалдарды кiм ұсынады?
A) сарапшы
B) ынталы топ
C) басқарма бастығы
D) аудит жүргiзушi
E) жобалаушы
21 Экологиялық сараптауға жататын құжаттардан тапсырыс берушiлерге қайсы
құжатты мiндеттейдi?
A) заңды актiлер талабына сəйкес экологиялық сараптама құжаттарын
дайындауға мiндеттi;
B) мемлекеттiк экологиялық комиссияны өткiзудi төлемеуге;
C) сараптауға қажеттi материалдарды арнайы құқықтық органдарға беруге;
D) белгiленген қызметтердi заңды құжаттарға сəйкес жүргiзу;
E) объектiлердi қаржыландыру үшiн мемлекеттiк экологиялық комиссия
қорытындысын жəне мəлiметтерiн банк ұйымдарына берiп отыру;
22 Қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық мiндеттердi iске асыру
негiзiнде жүргiзiлетiн экологиялық аудит:
A) ынталы
B) мiндеттi
C) Iшкi
D) сыртқы
E) негiзгi
23 Күрделi объектiлерде жүргiзiлетiн мемлекеттiк экологиялық сараптау
мерзiмi:
A) 120 күнге дейiн
B) 30 күнге дейiн
C) 60 күнге дейiн
D) 10 күн
E) 90 күнге дейiн
24 Экологиялық сараптау туралы ҚР заңы қай жылы қабылданды?
A) 1997
B) 1998
C) 2001
D) 1999
E) 1996
25 Қоршаған ортаға терiс əсерлердiң болуын ескерту мақсатында белгiленген
шаруашылық жəне басқа iстердiң экологиялық талаптарға сəйкес қойылуы:
A) экологиялық тəуекел
B) экологиялық аудит
C) экологиялық паспорттау
D) экологиялық сараптау
E) қоршаған орта мониторингi

Page 99

99
26 Қоршаған ортаға əсердi бағалауды жүргiзудiң екiншi этапы, бұл:
A) ҚОƏБ-ды жүргiзуге техникалық тапсырмаларды құрастырғаны жəне алдын
ала бағалау жасағанын хабарлау;
B) ҚОƏБ туралы соңғы варианттың мəлiметтерiн дайындау;
C) ҚОƏБ бойынша зерттеу жүргiзуге алдын-ала материал дайындау;
D) ҚОƏБ жүргiзуге техникалық тапсырмаларды дайындау;
E) қоғамдық жəне мемлекеттiк сараптауға материалдар дайындау;
27 Аудит жүргiзушi топты таңдау жəне экологиялық аудит параметрлерiн
анықтау бұл экологиялық аудит жүргiзудiң қайсы бөлiмiне жатады?
A) бiрiншi
B) екiншi
C) бесiншi
D) үшiншi
E) он үшiншi
28 ҚОЭБ жүргiзу қорытындысының дұрыстығы, толықтығы жəне сапалылығы
жөнiнде тапсырыс берушiнiң алдында кiм жауап бередi?
A) мердiгер
B) сарапшы
C) инвестор
D) тапсырыс берушi
E) жобалаушы
29 Мемлекеттiк экологиялық сараптауды жүргiзуге нағыз құқығы бар:
A) биоресурстар министрлiгi
B) ҚР құрылыс министрлiгi
C) мемлекеттiк жер комитетi
D) экономика министрлiгi
E) ҚР өкiметi
30 Экологиялық сараптау объектiсi болып:
A) экологиялық сараптау жүргiзуге тартылған жеке тұлғалар;
B) жобалау, жоспарлау алдындағы жобалау құжаттар, нормативтiк актiлер;
C) ғылыми мекемелер, қоғамдық экологиялық бiрлестiктер;
D) биоресурстар жəне экология министрлiгi;
E) ҚР мемлекеттiк комитетi;
Тест сұрақтарының дұрыс жауаптары:
Сұрақ реті
1
2 3 4
5
6 7 8
9
10
11
Дұрыс жауабы D E D С
D
В D A
C
E
Е
Сұрақ реті
12 13 14 15 16 17 18 19 20
21
22
Дұрыс жауабы А
А
А
А
D
С В
Е
В
В
В
Сұрақ реті
23 24 25 26 27 28 29 30
Дұрыс жауабы А
А D C
B
C A B
2.7 Курс бойынша емтихан сұрақтары
2. Экологиялық сараптама пəні, мақсаты мен мазмұны

Page 100

100
3. Экологиялық сараптаманың принциптерi
4. ҚР қоршаған табиғи ортаны қорғау заңы қай кезде қабылданды?
5. Қазақстан Республикасының экологиялық сараптама заңының мəні.
6. Экологиялық сараптама неге сүйенеді?
7. Нормативтi -техникалық құжаттарды кімдер дайындап бекiтедi?
8. Қоршаған ортаға əсердi бағалау қажеттілігі.
9. ҚОƏБ мерзiмiне жəне объектiлердiң көлемiне, масштабына қарай қандай
түрлерге бөлiнедi?
10.Экологиялық сараптаманың объектiлерi
11.Экологиялық сараптама субъектiлерi
12.ҚР Үкiметiнiң экологиялық сараптама саласындағы құзыретi.
13.Министрлiктердің, мемлекеттiк комитеттердің жəне ведомстволардың
экологиялық сараптама саласындағы қызмет аясы.
14.ҚР-ң қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы
органының құзыретi.
15.Жергiлiктi өкiлдi жəне атқарушы органдардардың экологиялық сараптама
саласындағы қызмет аясы.
16.Экологиялық сараптама қандай түрлерге бөлінеді жəне олардың мəні не?
17.ҚОƏБ қай уақытта жүргізіледі?
18.Бiлiктi мамандармен бiрге аралас саладағы мамандар тобын құру
қаншалықты қажет?
19.ҚОƏБ нұсқалардың тиiмдiсiн таңдап алудың пайдасы бар ма?
20.Дельфи əдiсiнің тиімділігі;
21.ҚОƏБӨ қалай жүзеге асады?
22.Мемлекеттiк экологиялық сараптамаға берiлетiн құжаттарға қандай
талаптар қойылады?
23.ЭС мен қоршаған ортаға əсердi бағалауды ұйымдастыру
24.Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүргiзуге қажеттi оқиғаны
анықтау белгiлерi
25.МЭС қандай шарттарға сəйкес болғанда ғана жүргiзiледi?
26.Шарттар жəне басқа да нормативтi-əдiстемелiк құжаттардағы
аспектiлердi ескеру
27.Мемлекеттiк сараптама жүргiзу үшiн құжаттардың қарастырылу тəртiбi
қалай жүргізіледі жəне оның негiзгi қағидалары
28.Жобаның мемлекеттiк сараптамалау категориясы, оның жүргiзiлу мерзiмi
қалай анықталады, iстi жүргiзу үшiн қажеттi мамандар саны жəне МЭС
жүргiзудiң төлем ақысы
29.Мемлекеттiк сараптама комиссиясының жұмыс тəртібі
30.Ұйымдастыру жиналысының қорытындысы
31.Сараптаушы комиссияның жұмыс жиналыстары
32.Сараптаушылар комиссиясының жетекшiсi сараптау комиссиясының
қорытынды жұмысы туралы қай уақытта оң шешім қабылдайды?
33.МЭС қорытынды тұжырымдары
34.Қоғамдық экологиялық сараптаманың мазмұны мен міндеттері

Page 101

101
35.МЭС-ның қоршаған ортаға əсердi бағалаудан қандай айырмашылығы
бар?
36.ҚЭС –ның МЭС айырмашылығы қандай?
37.ҚЭС ұйымдастыру мен өткiзу шарттары қалай жүргізіледі?
38.ҚОƏБӨ қалай түсінесіз?
39.Шешiм қабылдаудың негiзгi белгiлерi қандай болу керек?
40.Кəсіпорындарды, объектілер мен кешендерді, үйлер мен ғимараттарды
орналастыруға, салуға, қайта жаңартуға, дамытуға, техникалық жаңа
жарақтандыруда ж.т.б. . қоршаған ортаға тікелей немесе жанама əсер ете
алатын объектілер салынуы кезіндегі экологиялық қауіпсіздік талаптары.
41.Құрылыс жұмыстары жүргізілуі кезінде орындалатын шаралар.
42.Объектілерді пайдалануға беру кезіндегі экологиялық талаптар.
43.Ауыл шаруашылығындағы объектілерге жобалау кезіндегі қойылатын
талаптар мен объектіні пайдалануға берілердегі талаптар қандай?
44.Мал
шаруашылық фермалары мен кешендері, ауыл шаруашылық
өнімдерін өңдеуші өнеркəсіп орындары қай кезде құқықты органдар
тарапынан тоқтатылуы мүмкін?
45.Мелиоративті жұмыстарды жобалау, жоспарлау жəне жұмыстарын іске
асыру кезіндегі қорғау шаралары.
46.Радиоактивтік материалдарды қолдануға қандай экологиялық талаптар
қойылады?
47.Халық шаруашылығында биологиялық жəне потенциалды қауіпті
химиялық заттарды қолдануға қойылатын экологиялық талаптар.
48.Қоршаған ортаны зиянды биологиялық əсерлерден қорғау шаралары.
49.Қоршаған ортаны зиянды физикалық əсерлерден қорғау.
50.Қоршаған табиғи ортаны тұрмыстық жəне өндiрiстiк қалдықтардан қалай
қорғауға болады?
51.Əскери жəне қорғаныс объектілеріне,
əскери қызметтерге қандай
экологиялық талаптар қойылады?
52.Жердің озон қабаты мен климатын қорғауға қойылатын талаптар.
53.Осы экологиялық талаптардың барлығы қай кезде жəне не себепті
тоқтатылуы мүмкін?
54.МЭС жүргiзудiң белгiленген мiндеттi тəртiбiнің бұзылуы
55.Экологиялық сараптаманың нəтижелерiнің бұрмалануы
56.ЭС шешiмдерiнiң, тұжырымдарының жариялану тəртiбiнің бұзылуы
57.МЭС-ның оң қорытындысы болмайынша, ҚОҚ саласында лицензиялар
беру не объектiлер салуды жəне өзге де қызметтi жүзеге асыруға неліктен
болмайды?
58.Қоршаған ортаны стандарттау жұмыстары
59.Қадағалау объектiлерi дегеніміз не?
60.Қоршаған орта алаңындағы стандарттар жүйесiнің топтары
61.Ауа сапасының тазалығын анықтауға қандай стандарт белгіленген?
62.Экологиялық аудиттің мақсаты, міндеттері жəне түрлері.
63.Аудиторлық қызметтің негізгі принциптері
64.Экологиялық аудиттің объектілері.

Page 102

102
65.Экологиялық аудиттi жүргiзетiндер жəне этаптары
66.Экологиялық аудитті жүргізудің түрлері
67.Экологиялық аудиттің ЭС қандай айырмашылығы бар?
68.Экологиялық аудиттің негізгі жүргізу этапы
69.Өнеркəсіпке аудит жүргізудегі жетістіктер
70.Экологиялық аудит процедурасының қорытындысы жəне ол қанша
бөлімнен тұрады?
71.МЭС мүшелерiне жалақы төлеу тəртiбі, ҚЭС қаржыландыру тəртiбі
қандай?
72.Табиғат
қорғау
шараларын
қалай
ұйымдастырады? Мониторинг
дегеніміз не?
73.Қай кезде тыйым салу шарасы қолданылады?
74.Каспий теңізі бассейні неліктен трансшекаралық сипаттағы сыртқы
экологиялық қатерлерге душар болуда?
75.Қазақстан қай жылы Базель конвенциясына қосылды?
76.Хельсинки конвенциясының мəні не?
77.Трансшекаралық сипаттағы экологиялық қатерлердің алдын алу жəне
жою үшін қандай мəселелерді шешу керек?
78.Сертификат дегеніміз не, оны кімдерге береді?
79.Экологиялық талаптар бойынша сертификациялау жүйесін құрудың
принциптері, міндеттері жəне мақсаты.
80.Экологиялық сертификациялау жүйесінің ұйымдастыру құрылымы.
81.Экологиялық сертификациялау бойынша жұмысты жүргізудің жалпы
реті. ҚО басқару жүйесінің сертификациясы.
82.Рұқсат- лицензиялар қай уақытта жəне кімге беріледі?
83.Атмосфераның ластану деңгейiн қалай бағалайды?
84.Жер бетi суларының сапасы мен ластану дəрежесiн қалай анықтайды,
қандай əдістер қолданылады?
85.Жер бетi сулары ресурстарын бағалау критерийлерi
86.Су қоймаларының ластану дəрежесiн анықтаушы факторлар
87.Су қоймаларының экологиялық күйiн бағалау белгiлерi қандай?
88.Жер бетi суларының ластануына əсердi бағалау кезiнде мемлекеттiк
экологиялық сараптама жасау үшін қандай шарттар белгiленедi?
89.Литосфераның күйiн бағалаудың қандай геохимиялық критерийлерi бар?
90.Жер асты суларының күйiн бағалайтын көрсеткiштер
91.Литосфера күйiн бағалаудың геодинамикалық белгiлерi
92.Топырақ қабатына қандай əсерлер болуы мүмкiн?
93.Топырақ қабатының техногендi ластануын бағалаудың кластарға бөлiнуi
94.Топыраққа антропогендiк қызмет нəтижесiнде жасалатын əсердi бағалау,
атмосфераға əсердi бағалау жұмысына қарағанда зерттелуі қандай
дəрежеде?

Page 103

103
Глоссарий
Негізгі терминдер мен анықтамалар
лицензия - контракт аумағы шегінде белгіленген мерзімге жер қойнауын
пайдалану
жөніндегі
операцияларды
жүргізу
құқығын
пайдалануға
лицензиялық орган беретін рұқсат;
қоршаған ортаны қорғау объектілері – қоршаған ортаның заңдарымен
қорғалатын құрамдас бөліктері;
қоршаған ортаны ластау – қоршаған ортаға ықтимал қауіпті химиялық
жəне биологиялық заттардың, радиоактивті материалдардың, өндіріс пен
тұтыну қалдықтарының түсуі, сондай-ақ қоршаған ортаға шудың, тербелестің,
магнитті өрістердің жəне өзге де зиянды физикалық ықпалдардың əсері;
қоршаған ортаның мониторингі – адамды қоршаған табиғи ортаның
жай-күйін
бақылау жəне
адамдардың денсаулығы
мен өзге
де
тірі
организмдерге зиянды немесе қауіп туғызатын қатерлі ахуалдар туралы
ескерту;
қоршаған
ортаның
сапасы – қоршаған
ортаның
құрамы
мен
қасиеттерінің сипаттамасы;
қоршаған ортаның сапасын нормалау – адамның өмір сүруі үшін
қоршаған ортаның жарамдылығын айқындайтын жəне биологиялық алуан
түрліліктің
сақталуымен
экологиялық
жүйелердің
тұрақты
пайдалануын
қамтамасыз ететін қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін белгілеу;
құзіретті орган контрактылар жасаумен жəне орындаумен тікелей
байланысты құқықтар берілетін атқарушы орган;
сараптаманың бастамашысы — жобаның тапсырысшысын қоса алғанда,
мемлекеттік немесе қоғамдық экологиялық сараптама жүргізудің қажеттігі
туралы мəселе қойған заңды немесе жеке тұлға;
экологиялық бақылау қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік
бақылауды іске асыру;
экологиялық жүйе – организмдердің жəне олар мекендейтін жансыз
ортаның өзара байланысты біртұтас функционалдық жиынтығы;
экологиялық қауіпсіздік – жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды
мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік жəне табиғи ықпал
ету нəтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының жай күйі;
экологиялық нормалау - қоршаған ортаға ықпал етудің экологиялық
қауіпсіздікке жəне халықтың денсаулығын сактауға кепілдік беретін, қоршаған
ортаның ластануын болдырмауды, табиғи ресурстарды молықтыруды жəне
ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін, ғылыми негізделіп жол берілетін
шекті нормаларын белгілеу мақсатын көздейді;
экологиялық сакгандыру - қоршаған ортаға, басқа адамдардың өміріне,
денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтіру салдарынан шарттан туындайтын
міндеттемелер бойынша жауапкершілік тəуекелі туындаған кездегі жеке жəне
заңды
тұлғаның
мүліктік
құқықтарын (сақтандырылғандарын) қорғауға
байланысты қатынастар кешені болып табылады;

Page 104

104
экологиялық сараптама – шаруашылық жəне өзге де қызметтің қоршаған
орта сапасының нормативтері мен экологиялық талптарға сəйкес келуінің, осы
қызметтің қоршаған ортаға жасалуы мүмкін теріс əсерлерінің жəне соларға
байланысты зардаптардың алдын алу мақсатында сараптама объектісін іске
асыруға жол берілуінің анықтамасы;
мемлекеттік экологиялық сараптаманы – арнайы уəкілетті мемлекеттік
органдар жүргізеді;
қоғамдық экологиялық сараптаманы - қоғамдық бірлестіктер немесе
халықтың өзге де топтары жүргізе алады;
экологиялық
сараптама
жасалуга
жататын
құжаттаманың
тапсырысшысы— жоспарланып отырған қызметті жобалауға тапсырма берген
жəне сараптама объектісін қаржыландыруды жүзеге асыратын заңды немесе
жеке тұлға;
экологиялық талаптар – Қазақстан Республикасының заңдық, өзге де
заңға қосымша нормативтік құқықтық жəне нормативтік – техникалық
актілерінде қамтылған қоршаған ортаға теріс əсер ететін шаруашылық жəне
өзге де қызметте орындауға міндетті шектеулер мен ондай қызметке тыйым
салу;
экологиялық тəуекел — табиғат объектілері мен факторларының кез
келген
антропогенді өзгерістерінің
қоршаған
ортаға
жəне
халықтың
денсаулығына (қасақана немесе кездейсоқ жасалған, біртіндеп болатын жəне
апатты) қолайсыз зардапттар тигізу ықтималдылығы;
ШМШ (ПДВ)-қоршаған ортаға ластайтын заттардың жол беруге болатын
шекті мөлшерде шығарылу нормативтері;
ШМТ (ПДС)-қоршаған ортаға ластайтын заттардың жол беруге болатын
шекті мөлшерде тасталу нормативтері;
ШМД (ПДУ) - радиациялық əсердің жол беруге болатын шекті мүмкін
деңгейінің нормативтері.

Page 105

105
М А З М Ұ Н Ы
1 ПƏННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ …………………………….....
1.2 Пəн туралы мəліметтер ……………………………………........
1.5 Пəннің қысқаша мазмұны …………………………………….....
1.6 Тапсырмалардың тізімі мен түрлері жəне оларды
орындау кестесі.....................................................................................
1.7 Əдебиеттер тізімі……………………………………………….....
1.8 Білімді бақылау жəне бағалау ……………………………….......
Студенттердің білімдерін бағалау ………………………………......
Модуль жəне аралық аттестация бойынша бақылау жүргізуге
арналған сұрақтар .........................................................................................
2 НЕГІЗГІ ТАРАТЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР МАЗМҰНЫ
2.1 Курстың тақырыптық жоспары ……………………………........
2.2 Дəріс сабақтарының конспектілері …..………………………....
2.3 Семинар сабақтарының жоспары ...............................................
2.4 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің
өзіндік
жұмыстары
бойынша
өткізілетін
сабақтардың
жоспары
(СОӨЖ)...........................................................................................................
2.5 Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ жоспары
(СӨЖ)... .........................................................................................................
2.6 Өз бетімен бақылау үшін тест тапсырмалары ……………….....
2.7 Курс бойынша емтихан сұрақтары ...............................................
Глоссарий ......................................................................................................
М А З М Ұ Н Ы
.................................................................................................
3
3
3
4
5
7
8
8
12
12
13
87
90
92
94
99
103
105

Page 106

106
Қанаева Зылиха Қожамқұлқызы
«5В060800 –экология» мамандығына арналған
«ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА
ЖƏНЕ АУДИТ
»
пəні бойынша Оқу-əдістемелік кешені
Редакторы
Техн. редакторы
«Қолданбалы экология» кафедра
мəжілісінің хаттамасы
№ 5
« 28 » 01 2011 г.
Жоғары технология жəне тұрақты
даму институтының Ғылыми-əдістемелік
кеңесінің хаттамасы
№ 3 « 14 » 02 2011 г.
Басуға қол қойылған
«____»___________ 2011 ж.
Таралымы ..... дана. Пішімі 60х84 1/16. 1 баспаханалық қағаз.
Көлемі .......б.т. Тапсырыс
№ …
. Бағасы келісімді.
Қ.И. Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің
басылымы.
ҚазҰТУ-дың Баспа орталығы. Алматы, Ладыгин көшесі, 32

Информация о работе Разработка программы продвижения продукта (товара, услуги, организации)