Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 16:11, автореферат
Тұтыну мінез-құлығының маржиналистік теориясы экономикалық үрдістердің, жеке алғанда, игіліктерді тұтыну үрдістерінің талдауын адамдардың субъективті (жеке) ұнатуларын тауып, осының негізінде игіліктердің пайдалылығын табудағы қағидаларға негізделеді. Игіліктің пайдалылығы (utility) – оның қайсыбір қажеттілікті қанағаттандыру қабілеттілігі, яғни адамдардың нақты субъективті (жеке) қажеттіліктерін қанағаттандыратын қасиеттерінің бары. Ондай қабілеттілікке кез келген игіліктер ие, экономикалық немесе экономикалық емес болса да. Экономикалық емес игіліктерге жалпы пайдаланатын игіліктер жатады: ауа, су және т.б. Экономикалық игіліктерге белгіленген тұтыну қасиеттерін беру мақсатымен алдын ала технологиялық өңдеу өткізеді, сонан соң олар жарамды болып саналады. Игіліктердің құндылығын қалай өлшеуге болады деген сұрақты ең алғашқы болып экономика теориясының маржиналистік мектебінің өкілдері қойды.
Мазмұны
1.Пайдалылықты анықтаудың кардиналистік және ординалистік жолдары (тәсілдері)
2.Тұтынушының ұнатулары және талғаусыздық қисық сызықтары
3. Тұтынушының бюджеттік шектеуі
4. Тұтынушының тепе-теңдігі
1. Х және Y тауарлары – мүлде өзара ауыстырылатын: MRSXY = сonst, ал талғаусыздықтың қисық сызықтары тура сызықтарға айналады (28-а суреті);
2. Х және Y тауарлары – бір-бірін мүлде өзара толықтыратын: талғаусыздықтың қисық сызығы 2 өзара перпендикуляр кесінді болып келеді (28-б суреті);
3. 28-в суретінде тұтынушы неғұрлым көп тауарға ие болған сайын, соғұрлым көпке ие болғысы келетін ахуал көрсетілген – талғаусыздықтың қисық сызығы координаталардың басында ойыс, батыңқы.
Y
U
а) X б) X в) X
28 сурет. Талғаусыздық қисық сызықтарының түрлері
3. Тұтынушының бюджеттік шектеуі
Талғаусыздық қисық
Y
I/PY
29 сурет. Бюджеттік сызық
Бюджеттік сызықтағы кез келген нүкте бағалардың осы деңгейінде тұтынушы өз бюджетінің шеңберінде сатып алуға мүмкіндігі бар тауарлардың ең жоғары көлемін көрсетеді. Бюджеттік сызықтың теңдеуін шығару үшін
I – X және Y тауарларын
сатып алу үшін шығаратын
PX және PY – X және Y тауарлардың бағасы дейік.
Бюджеттік шектеудің түрі:
I = PX X + PY Y – тұтынушының табысы Х және Y тауарларын сатып алуға кететін шығындар сомасына тең.
Математикалық өзгерулер (өңдеулер) арқылы бюджеттік сызықтың теңдеуін табамыз (аламыз):
Y = (I/PY) – (PX /PY ∙ X);
X = (I/PX) – (PY /PX) ∙ Y
Егер тұтынушының барлық табысы Х тауарға кетсе, ол тауарды I/PX көлемінде (саны) сатып алуға мүмкіндігі бар, осыған сәйкес, егер барлық табыс Y тауарға жұмсалса, ол I/PY тауарды сатып алуға мүмкіндігі бар. Бюджеттік сызықтың енкіштік бұрышы Х тауар бірлігі бағасының Y тауар бірлігі бағасына деген қатынасымен анықталады.
Бюджеттік сызықтан жоғары және оңга қарай орналасқан тауарлар жиынтығына тұтынушының қолы жетпейді, өйткені олардың бағасы табысынан асып кетеді. Тұтынушы табысының өсуі графикте бюджеттік сызықтың оңга қарай жылжуымен білінеді. Сәйкесінше, бюджеттік сызықтың солға қарай жылжуы табыстардың азаюын, тұтыну деңгейінің түсуін (төмендеуін) білдіреді. Бұл мына себептерден пайда болады:
1. Бағалардың өзгермеу
жағдайында нақтылы, негізгі
2. Табыстың өзгермеу жағдайында
тауарлар бағаларының өсуі/
3. Табыс пен бағалардың өзгерістері.
4. Тұтынушының тепе-теңдігі
Егер бюджеттік шектеу сызығын талғаусыздық қисық сызықтар картасына көшірсек, тұтынушының тепе-теңдік моделін (үлгісін) аламыз (30 сурет). Алынған графиктегі Е нүктесі – бюджеттік сызық сәйкес талғаусыздық қисық сызығына тиіп тұрған нүкте. А және В нүктелері тепе-теңдік шартын қанағаттандырмайды, өйткені олар құрылымы бойынша оңтайлы емес жиынтықтарды ұсынады. Тұтынушы үшін оңтайлы, оның бюджетіне сәйкес, қолы жететін жиынтықта Х тауарлардың ХЕ бірлігі және Y тауардың YЕ бірлігі бар. Талғаусыздық қисық сызығының және бюджеттік сызықтың еңкіштік бұрыштары Е нүктесінде дәл келеді. Бюджеттік сызықтың еңкіштігі РХ /РY тең болғандықтан, ал талғаусыздық қисық сызығының еңкіштігі MRSXY тең, тұтынушының тепе-теңдік шарты келесі болады:
РХ /РY = MRSXY
Y U1 U2 U3
•A •B
Е
YE
XE X
30 сурет. Тұтынушының тепе-теңдік моделі (үлгісі)