Педагогикалық менеджмент
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2014 в 18:11, реферат
Краткое описание
Менеджмент құрылымы үш бөлімнен түрады:
• өндірістік менеджмент;
• қаржы менджменті;
• нарықтық (өткізу) менеджмент, немесе, маркетинг.
Өндірістік менеджмент белгілі көлемде, белгіленген сапада, келісімді мерзімде және шығындарды барынша төмен жүмсап, тауарлар өндірумен айналасатын басқарушы қосалқы жүйе болып табылады.
Қаржы менеджменті фирманың қаржы құралдарының қалыптасуын табыстардың барынша мол болуын жөне шығындардың барынша аз болуын қамтамасыз ететін қосалқы жүйе.
Содержание
• 1 Жоспарлау
• 2 Ұйымдастыру
• 3 Мотивациялау
• 4 Бақылау
• 5 Менеджмент құрылымы
• 6 Менеджменттің жалпы сапасы
• 7 Педагогикалық менеджмент
• 8 Mаман-аудиторлар
• 9 Дереккөздер
Прикрепленные файлы: 1 файл
Менеджмент[өңдеу]
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан
алынған мәлімет
Менеджмент (ағылшынша мanage – басқару, меңгеру, ұйымдастыру)
– ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін
адамдардың еңбегін басқара отырып, алға
қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу,
әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін
басқару принциптері, әдістері, құралдары
мен нысандарының жиынтығы.[1] “Менеджмент” ұғымының мәні
мен мазмұны “басқару” түсінігіне
ұқсас. Сонымен қатар менеджмент жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, бақылау,
ынталандыру сияқты қызметтерді атқарады.
Ғылыми менеджменттің негізін салушы
белгілі ағылшын ғалымы Фредрик Уинстоу
Тэйлор (1856 – 1915). Оның еңбекті ұйымдастыру және өндірісті
басқару жүйесі алғаш рет АҚШ-та 19 ғасыр мен 20 ғасыр тоғысында кең
пайдаланыла бастады. Қазіргі замандағы
менеджмент, негізінен, барлық экономикалық
мектептердің тәжірибелері мен бағыттарының
жетістіктерін қорытындылау арқылы дамуда.
Менеджмент мақсат қоюға, жоспарлауға
және саясатты қалыптастыруға міндетті.
Ол үшін болжам жасайды. Менеджмент бойынша
дәлелденген және жоспарланған операциялары
бар ұйымдық құрылым жасау, адамдар арасында
міндеттерді бөлу және жауапкершілік
деңгейді белгілеу, нұсқау шығару мақсатында
әр түрлі шешімдер қабылданады. Қазақстандаменеджмент қағидаттары, тәсілдері, амалдары
нарықтық экономиканың өркендеуіне сай
кеңінен таралған.[2][3]
Нарықтық
экономикада менеджмент фирманы басқарудың негізгі формасы
болады. Менеджмент шешімдер
қабылдап, оларды орындауға бағытталған
жүйе. Материалдық, еңбек жәнеқаржы ресурстарын пайдалану варианттарының мүмкіндігінше
ең жақсы оптималдығын жүзеге асыру кезделеді.
Менеджменттің пайда болуы
корпоративтік кәсіпкерліктің дамуымен
байланысты. Осы болмыста, фирманың мүліктерін
басқару қызметі меншік иесінің өкіліне
— менеджерлергекөшеді.
Менеджер деп акционерлердің пайда алуын мақсат ететін, ақы алып фирма
қызметкерін ұйымдастыратын жалдама жұмысшылар
аталады.
Өндірістің тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік тудырған еңбекті
рационалдау мен оньің қарқындылғын арттыру
шарттарын ашқан Тейлор болды. Бұның пікірі
бойынша, осы мақсатқа жету үшін басқару
саласында төрт қызмет орындалуы керек:
мақсатты таңдап белгілеу, мақсатқа жету
құралдарды тандау, құралдарды дайындау,
нәтижелерді бақылау. А.Файоль бойынша,менеджердің міндеті: болжау, ұйымдастыру, жарлық
ету (жүргізу), келістіру, бақылау.
Осы заманда менеджменттің төрт қызметі
аталады: жоспарлау,ұйымдастыру, мотивациялау,
бақылау:
Мазмұны
[жасыру]
6 Менеджменттің жалпы
сапасы
7 Педагогикалық менеджмент
Жоспарлау[өңдеу]
Жоспарлау фирманың іс-әрекеттерінің мақсаттарын,
оларға жетудің басты бағыттары мен құралдарын
анықтауды (белгілеуді) тілейді. Бизнес-жоспар — жоспарлаудың негізгі элементі. Есеп беру құжаты және инвестициялардың басты дәлелі болатын осы бизнес-жоспар,
фирма дамуының кешендік жоспарын жасаудың
мақсаты — басқарушыларға фирманың жағдайы
туралы толық мәлімдеме беру болады. Бизнес-жоспарды жан-жақты дәлелдеп жасау инвесторлар жағынан олардың инвестицияларының тұрақты
болатындығына және компанияның басқарушыларына
сенімділік тудыруды көздейді. Бизнес-жоспар 3—5 жылға жасалады. Ол мына бөлімдерден
тұрады:
нарыққа талдау жүргізу және маркетингтік стратегия;
фирманы басқару жүйесінің және меншіктің дамуы;
қаржылық (экономикалық) стратегия.
Өздерінің даму дәрежесіне байланысты,
әрбір жеке фирмалар жоспардың жекеленген бөлімдеріне бірдей
маңыз бермейді. Жұмысқа жаңадан кіріскен
фирмалар қаржылық стратегияға назарын
кебірек аударады.
Дамыған, қалыптасқан фирмалар көбінесе өнімдік және өндірістік стратегияның
қамын ойлайды. Көпшілік үшін бизнес-жоспар қысқаша рефератпен толықтырылады.
Ұйымдастыруга фирманың құрылымын құру
және көзделген мақсаттарға жету үшін
оның бөлімдерінің озара өсері мен үйлесімдігін
қамтамасыз ету жатады.
Ұйымдастыру[өңдеу]
Ұйымдастыруға фирманың құрылымын құру және көзделген мақсаттарға
жету үшін оның бөлімдерінің өзара өсері
мен үйлесімдігін қамтамасыз ету жатады.
Мотивациялау[өңдеу]
Мотивацияға жұмыскерлердің еңбекке деген ішкі ынтасын оятып жандандыру
жатады. Осы бөлімде экономикалық қана емес, психлогиялық аспект орын алады.
Бақылау[өңдеу]
Бақылауға жоспарланған нәтижелер мен нақты қол
жеткен нәтижелердің сәйкестігін анықтау
және фирма қызметеріне түзету енгізу жатады.
Менеджмент құрылымы[өңдеу]
Менеджмент құрылымы үш бөлімнен түрады:
нарықтық (өткізу) менеджмент, немесе,
маркетинг.
Өндірістік менеджмент белгілі көлемде,
белгіленген сапада, келісімді мерзімде
және шығындарды барынша төмен жүмсап,
тауарлар өндірумен айналасатын басқарушы
қосалқы жүйе болып табылады.
Қаржы менеджменті фирманың қаржы құралдарының
қалыптасуын табыстардың барынша мол
болуын жөне шығындардың барынша аз болуын
қамтамасыз ететін қосалқы жүйе.
Нарықтық менеджмент — маркетинг — бұл
нарыққа бағытталған фирманың коммерциялық
қызметтерін басқару болады. Маркетинг
(ағылшынша «market» — нарық) нарықтарды
тандау үшін, нарыққа кірудің уақытты
мен әдістері үшін, жаңа өнім жасалуы үшін,
тауардың нарықтағы жылжуы үшін, баға
саясаты үшін жауапты болады. [4]
Менеджменттің жалпы сапасы[өңдеу]
Менеджменттің жалпы сапасы - ұйымдардағы стратегияның, үрдістің және мәдениеттің өзгертілуі арқылы толассыз жетілуді
басқару техникасы.[5]
Педагогикалық менеджмент[өңдеу]
Педагогикалық менеджмент оқу-тәрбие,оқу-таным
үрдісінің және білім берудің бүкіл жүйесінің
тиімділігін арттыруға бағытталған, оларды
басқарудың принциптері, әдістері, ұйымдастыру нысандары мен технологиялық
тәсілдерінің кешені.
Mаман-аудиторлар[өңдеу]
Талдаумен маман-аудиторлар айналысады.
Кейде фирманың өз құрамында аудиторлар
болады, бірақ көбінесе олар сырттан шақырылады.
Олардың кызметі — фирманың нарықтық
позицияларының мықтылығы (сенімділігі,
тұрақтылығы) туралы ресми қорытынды жасау. [
Дереккөздер[өңдеу]
Жоғарыға көтеріліңіз↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6
Жоғарыға көтеріліңіз↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
Жоғарыға көтеріліңіз↑ Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР
Білім және ғылым министрлігінің Экономика
институты, "Зияткер" ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
↑ Мынаған өту:a b С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А Жанандаров
Экономикалық теория. Оку құралы. Жалпы
редакция С. Әкімбековтікі. — Астана: 2002. ISBN 9965-408-99-8
Жоғарыға көтеріліңіз↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану
және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын
басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар:
«ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б.ISBN 9965-808-89-9
Кәсіпорындағы еңбек өнімділігінің тиімділігінің көрсеткіштерін факторлық талдау туралы қазақша реферат
Кәсіпорындағы есурстарды қолданудың тиімділігін келесі
көрсеткіштер сипаттайды:
-еңбек өнімділігінің жоғарылауы;
-еңбек өнімділігінің жоғарылауы есебінен өндірілген өнімнің жоғарылауы;
-базистік кезеңнің шарттарымен салыстырғанда есептік кезеңдегі жүмысшылар еңбегін салыс-тырмалы
түрде үнемдеу;
- еңбекақы қорын салыстырмалы
түрде үнемдеу; :
- еңбек өнімділігі мен орташа
еңбек ақы қорының қатынасы.
Осы көрсеткіштердің негізінде еңбек тиімділігін бағалау үшін кәсіпорындардың мәліметтерін қолдана отырып талдау
жасайық.
Жеке жұмыс күшін қолданудың нәтижесі-бұл жұмысшының нақты еңбегі, ол өндірілген нақты өніммен есептеледі,
сондай-ақ жұмысшының қол жеткізген еңбек тиімділігімен
анықталады.
Еңбек өнімділігінің жоғарылауы есебінен өндірілген өнім көлемінің өсімшесін өткен кезеңдегі еңбек өнімділігіне бөлетін болсақ еңбек күшін салыстырмалы үнемдеу мөлшерін алуға болады:
Еңбек өнімділігінің 6766,87 сомаға жоғарылауы есебінен өндіріс көлемінің артуының өсімшесі жұмыс күшін 368 адамға үнемдеуге мүмкіндік берді. Бұл есептік кезеңдегі еңбек өнімділігі жағдайында кәсіпорын базистік өнім көлемін 368 адамға аз жұмысшылар санымен қол жеткізе алатындығын дәлелдейді.
Еңбекақы шығындарының тиімділігін талдау еңбекақы қорын салыстырмалы үнемдеу, жұмысшылар санының әсерін, орташа еңбекақы мөлшерін, еңбекақы қорына еңбек өнімділігі мен өндірілген өнім көлемінің факторлық талдауын, сондай-ақ орташа еңбекақы мен еңбек өнімділігі өсімшесі қарқынының қатынасын анықтаумен сипатталады.
Еңбекақы қорының жұмысшылар саны мен
орташа еңбекақы мөлшеріне тәуелділігін келесі
түрде көрсетуге болады:
V = К*Ү
мұндағы, У-еңбекақы қоры;
К-жұмысшылар саны;
Ү-бір жүмысшының орташа еңбекақысы.
Абсолюттік айырмашылықтар әдісі тәжірибеде басқару шешімдері мен қорытындылар жасау үшін қолданылады, бірақ оның нәтижелері әрқашанда нақты емес.
Еңбекақы бойынша шығындардың абсолютті үнемделуі есептік және базистік кезеңдердегі еңбекақы қоры мөлшерлерінің айырмашылығы ретінде анықталады. Бұл көрсеткіш шығындардың абсолютті өзгерістерін сипаттайды,
бірақ олардың өзгерістерінің нәтижелілігін көрсетпейді, сондықтан да еңбекақының салыстырмалы үнемделуін анықтау керек.
Еңбек тиімділігінің әдістемелік мәселелерінің арасында оны анықтаудың принциптері туралы
сұрақтар аса маңызды орынға ие. Тиімділік жөніндегі көзқарастарда персонал
еңбегінің нәтижесі техникалық, технологиялық, ұйымдастырушылык, әлеуметтік, экономикалық және т.б. көрсеткіштермен сипатталады.
Тиімділік элементінің қатынасы (нәтиже және шығындар), оны жоғарылатудың келесі мүмкіндіктерімен түсіндіріледі: шығындарды өзгертпей нәтижені жоғарылату, нәтижені өзгертпей шығындарды төмендету, шығындардың жоғарылауына қарағанда салыстырмалы
түрде нәтижені тез қарқынмен үлғайту. Жұмысшылар еңбегінің ерекше сипаты мен
оның өндіріс нәтижесіне әсерін ескере отырып,
тиімділікті кешенді түрде бағалау керек. Жұмысшылар еңбегінің тиімділігін жоғарылату қоғамдағы нарықтық қатынастардың дамуы жағдайындағы көсіпорындағы оның негізгі мәселелерін дұрыс бағалап, оңтайлы шешімдер қабылдаумен түсіндіріледі.
Тиімділіктің жоғарылауын кәсіпорынның интенсивті даму факторларына
жатқызады. Интенсификациялау
процесін сипаттау үшін тірі және заттанған еңбекке жүмсалған шығындарды ескеру қажет. Бірақ, соңғы кезекте еңбек тиімділігі — өндіріс тиімділігін
жоғарылату мен интенсификациялаудың жалпылама көрсеткіші болып табылады.
Еңбек туралы ғылым кешенді түрде еңбектің экономикалық тиімділігін жоғарылату, адамдық капиталдың шығармашылық потенциалын үтымды түрде қолдану, еңбек мотивациясы мен ұйымдастырылу әдістерін түрақты түрде жетілдіру, адамның еңбектік іс-әрекеттерінің шарттарын жақсарту мен оның әлеуметтік жағынан қорғалуын қамтамасыз етуді қарастырады.
Әлемдік тәжірибеде, ең басты ендіргіш күш адам болып саналады. Әрбір жұмысшы, жеке топтар
мен толықтай қоғам еңбектік қызметгі жүзеге асыру мүмкіншіліктері мен қабілеттеріне ие және оның тиімділігін іске
асырады.
Еңбек процесінің тиімділігін жоғарылату еңбектің техникалық базасын жетілдіру
және оны үтымды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін барлық элементтерін қарастыруды талап етеді.
.
Информация о работе Педагогикалық менеджмент