Менеджмент жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2011 в 20:37, реферат

Краткое описание

«Менеджмент» ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің «манус», яғни «қол, күш» деген сөзінен шығып, алғашқы кезде мал бағу саласында, дәлірек айтқанда, ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберліген білдірген. Кейіннен бұл атақ адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

менеджмент курсовой.docx

— 126.75 Кб (Скачать документ)

          Сыртқы ресурстарды қолдану;

          Сыртқы кірістерді ішкіге құру;

          Көзделген мақсаттардың ауытқуын  бақылау;

          Ауытқуларды мақсатқа жетуді  қамтамасыз ету үшін түзету.

      3.Қортынды бақылау бейім болу  үшін кешірек жүзеге асырылады.2 маңызды функцияға ие:

      Жоспарлауға қажетті ақпарат  беру;

      Мотивацияға көмектесетін ақпарат  беру.  
 

           Бақылау процессінің кезеңдері

Бақылау процессі стандарттарды бекітуден, нақты  жеткен нәтижелерді өлшеуден және нәтижелер  бекітілген стандарттардан ерекшеленген кезде түзетулер енгізуден тұрады.Бақылау  өз дамуында өндірістік циклмен сәйкес үздіксіз процесс.Ол 3 негізгі кезеңнен тұрады: 1.Стандарттар жасау; 2 .Нәтижелерді  стандарттармен салыстыру; 3.Қажетті  шаралар қабылдау.

  1. кезең бақылаудың жоспарлауға жақындығы мен сипатталады.Стандарттар нақты мақсаттар,өлшеуге болатын процесс.Бұл мақсаттар жоспарлау процессінен шығады.Бақылау стандарттары ретінде қолданылатын мақсаттар екі маңызды қасиеттерді ажыратады:

    уақытша шеңберлер;

    жұмыстың орындау  дәрежесін бағалауға болатын  нақты белгілер.   

Нақты белгі  және белгілі бір уақыт кезеңін  нәтижелік көрсеткіштері деп  атайды. Олар мақсаттарға жету үшін не алу керектігін дәл анықтайды.Нәтижелік  көрсеткіштері жетекшіге нақты  жасалған жұмысты жоспарланған жұмыспен сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Пайда, сату көлемі және т.б. тәрізділердің  көлемі үшін нәтижелік көрсеткіштерін бекіту жеңіл.Бірақ мақсат ретінде  адамгершілік деңгейін жоғарылатуды сандармен  көрсету өте күрделі, кейде мүмкін емес, мұндай жағдайда жанама көрсеткіш  қолданылады, бірақ ол басқа да айнымалыларға  байланысты. Бақылау үшін көрсеткіштің болмауы белгісіздік бойынша  басқаруға әкеледі. Нәтижелік көрсеткіштерін НИОКР-ға бекіту өте күрделі.  

    Бақылау  процессінің 2 – кезеңі нақты  жетілген нәтижелерді бекітілген  стандарттармен бекіту. Менеджер  стандартпен нәтижелердің сәйкестігін  анықтауі тиіс:    

∙ ауытқулар  масштабін анықтау;

∙ нәтижелерді  өлшеу.

    Ақпаратты  беру және оның бағасы. Нәтижелелік  көрсеткіштері анық бағыт береді, бірақ әрқашан ауытқулары болуы  мүмкін, басқару жүйесінің жақсы  стандарты мақсаттар параметрлерінің  нақты жетістіктерінен тұрады. Жіберілуі  мүмкін ауытқулардің масштабы  үрей тудырмайтын нәтижелердің  стандарттан ауытқуы. 

    Нәтижелерді  өлшеу бекітілген стандарттарды  қаншалықты сақтауға болатынын  анықтауға мүмкіндік береді:

∙ өлшеу бірлігін таңдау;

∙ жылдамдық;

∙ жиілік;

∙ қызметпен  келісілген өлшеудің нақтылығы.

    Бақылау  процессінің 3 – кезеңі. Менеджер  үш іс әрекет желісінің біреуін  жасау керек:

∙ ештеңе қабылдамау. Бақылаудың басты мақсаты ұйымның  қызметін жоспармен сәйкес жүзеге асыру.

∙ ауытқуларды  жою. Түзетудің қажеттілігі ауытқудің  себебін жою мен негізделеді. Өлшеу барысында масштабтың стандарттан  ауытқуының бекітілуі керек және ауытқу шешімін нақты көрсетілуі керек. Түзетудің мәні себепті нықтап, ұйымның дұрыс қозғалуына қайтуына жету. Мындай қозғалыстар жүйенің  ішкі айнымалыларының өзгерістері  болуы мүмкін.

∙ стандарттарды  қайта қарастыру. Барлық белгілі  ауытқуларды жоймау керек. Кейде  стандарттардың өзі нақты болмауы  мүмкін, өйткені олар жоспарларға  негізделеді, ал жоспарлар болашақтың болжамы.

    Адамдар  бақылаудың ажырамас бөлігі болып  табылады. Бақылау процедурасын  жасауда менеджер адамдардың  іс әрекетін назарда ұстауы  керек.

    Тиімді  бақылаудың сипаттамалары: 

∙ Бақылаудың стратегиялық бағыттылығы, яғни ұйымның жалпы  басылымдықтары сипаттау және оларды қолдау.

∙ Нәтижелерге  бейімделу. Бақылаудың соңғы мақсаты  ақпаратты жинау, стандарттар бекіту мен мәселелерді анықтау емес, ұйым алдындағы міндеттерді шешу.

∙ Іске сәйкестігі. Бақылау тиімді болу үшін қызметтің  бақыланатын түріне сәйкес болуы  керек. Ол маңыздыны бағалап, өлшеуі қажет.

∙ Бақылаудың өз уақытында болуы жоғарғы жылдамдықта  және оның іс әрекетінің жиілігін емес, бақыланатын құбылысты сәйкес өлшеуді  немесе бағалауды жүргізу арасындағы уақытша интервалға байланысты.

∙ Бақылаудың икемділігі. Бақылау жоспарлар тәрізді шеткілікті икемді және өзгерістер арқылы қалыптасатын болу керек.

∙ Бақылаудың қарапайымдылығы. Тағайындалған мақсаттар көзқарасы  бойынша қарапайым бақылау болады. Өте көп бақылау әдісі күнделікті тәртіпсіздікке, ретсіздікке әкеледі.

    Бақылаудың  үнемділігі. Кезкелген бақылау мақсаттарға  жетуге қарағанда артық тұрса,  оқиғаны, жағдайды бақылауды жақсартпайды, жұмысты алдамшы жалға бағыттайды, бұл бақылаудың бір синонимі  болып табылады.

∙ Бақылауға  барлық қызметкерлерді тарту керек, өйткені жақсы бақылау өзін өзі  бақылау болып саналады. Бақылаудың сенімділігін жоғалту үшін қызметші міндеттерінің шегін кеңейту  керек.

Бақылаудың  мүмкін болатын жайсыз салдары:

∙ Бақылауға  бейімделген іс әрекет, яғни мақсатқа жету емес, бақылау талаптарын қанағаттандыру;

∙ Бақылауды  қолдануға қажетсіз ақпаратты алу.

    Жайсыз  салдарларды кездестірмеу үшін  іс әрекет туралы ғылым тиімді  бақылауды жүргізу үшін төмендегі  нұсқауларды береді:

∙ Қызметшілермен қабылданатын мағыналы стандарттарды  бекіту;

∙ Екі жақты  қарым қатынасты бекіту;

∙ аса жоғарға  бақылауды болдырмау;

∙ Қатаң, бірақ  жетуге болатын стандарттарды бекіту;

∙ стандарттарға  жету үщін марапаттау, сияқы беру. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Business Intelligence (BI) саласындағы қызметтер

«Дұрыс  шешімдер қабылдау үшін керекті сәтте, керекті адамдарға, керекті ақпарат» ұраны жаңа емес. Сөйте тұра, көптеген BI-жобалар артық ақпарат және «барлық ақпарат, барлығы үшін, шынайы уақытта» деп сипаттауға болатын әдісті қолдану, сонымен қатар тиімді бизнес-шешімдерді қабылдау үшін шынымен не қажет екенін толық түсіне алмау салдарынан табысқа жетпейді немесе тиімсіз болып қалады.  

Бизнестің тиімділігін не басқаратынын түсіну үшін ең алдымен келесі қырларға назар аудару қажет:  

 

барлық  мүмкін ақпаратты емес, тек қана дұрыс ақпаратты ұсыну;

бұл ақпаратты дұрыс адамдарға, яғни бизнес үшін маңызды шешімдерді қабылдайтын адамдарға, ұсыну;

ақпаратты дұрыс сәтте (және қажетті сапада) ұсыну, мұндайда бұл сәт шынайы уақыттан айырмашылығы бар болуы мүмкін;

шешім қабылдауға жауапты тұлғалар қажетті  нәтижелер қандай екенін түсініп, тез арада дұрыс шешім қабылдай алатындай етіп ақпаратты ұсыну.  

Біз Business Intelligence жобаларында қолданатын әдісімізде техникалық инфрақұрылымға да, ұйымдастырушылық инфрақұрылымға да көп көңіл бөлеміз, әрі келесі алты негізгі деңгейді ерекше атап көрсетеміз:  

 

Бизнес-стратегияның сәйкестігі Бизнестің тиімділігін  арттырудан барынша мүмкін табыс  алуға мүмкіндік беретін ақпарат қалай қолданылады, және барынша төмен шығынмен қажетті ақпаратты қалыптастыруды қолдау қалай жүзеге асырылатын болады?

Ұйымдық басқару Бизнестің қажеттіліктері мен ақпараттың арасындағы сәйкестіктің үздіксіздігі мен бүтінділігін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпараттық жүйе, процестер мен принциптер қандай?

Бизнес  тиімділігін басқару мен есеп беру Қаржылық жоспарлау процестерін  қалай жақсартуға болады, бизнестің тиімділігін қалай арттыруға болады, бизнестің есеп беруге деген қажеттілігі қандай, қаржылық консолидацияны жүзеге асырудың ең үздік жолы қандай?

Ақпаратты ұштастыра басқару Қандай ақпараттық мазмұн мен мәліметтерді ұсыну тәсілі қолданушылардың есеп беруге деген талаптарын қолдауға қажет, КПЭ стандарттау мен негізгі мәліметтер анықтамалығын жасау кезінде құн жасау үшін қандай мүмкіндіктер бар?

Business Intelligence тұғырнамасы Қазіргі таңда бар  программалық өнімдерінің қайсысы  қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету үшін, қаржылық консолидациялауды жүзеге асыру үшін, бизнестің тиімділігін арттыру мен жоспарлау үшін бизнеске ең лайықты? Нәтижесінде алынған шешім бизнестің құнын шынайы арттыратындай етіп қалай енгізуді іске асыруға болады? Функционалдылықты іске асыру үшін Business Intelligence программалық қамсыздаудың қай жеткізушісін таңдау керек (SAP, Oracle, Cognos и другие)?

Инфрақұрылым  Жоғарыда аталғандардың барлығы  техникалық іске асыруға қалай әсер етеді, қауіпсіздік, кіруді шектеу мен қолданылатын техникалық шешімдердің тиімділігі қалайша қамтамасыз етіледі?  

  

Құнның  жоғарылауына әсер ететін негізгі факторларды  түсіну, және оған сәйкес басқарушылық процестердің саналылығын көтеру BI-жобаларға  жұмсалатын шығындардың орнын басып, менеджментке көп көңіл бөлуді талап ететін мәселелерге назар аударуға мүмкіндік беріп, нәтижесінде тәуекелдерді азайтады және бизнестің тиімділігін арттырады.

Информация о работе Менеджмент жүйесі