Менеджмент туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2015 в 17:47, реферат

Краткое описание

Менеджмент –бұл өндірісті басқару, меңгеру және ұйымдастыру, өндірістің тиімділігін көтеру және пайданы арттыру мақсатында әзірленіп қолданылатын басқарудың принциптерінің, әдістерінің, құралдарының және нысандарының және нысандарының жиынтығы.Менің ойымша, менеджмент –бұл өндірісті басқару принциптерінің, әдістерінің, құралдарының және нышандар жүйесі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

готово мен.docx

— 94.08 Кб (Скачать документ)

1 аралық бақылау


1.Менеджмент туралы түсінік.

 

 Менеджмент –бұл өндірісті басқару, меңгеру және ұйымдастыру, өндірістің тиімділігін көтеру және пайданы арттыру мақсатында әзірленіп қолданылатын басқарудың принциптерінің, әдістерінің, құралдарының және нысандарының және нысандарының жиынтығы.Менің ойымша, менеджмент –бұл өндірісті басқару принциптерінің, әдістерінің, құралдарының және нышандар жүйесі.

Менеджмент ғылым ретінде XIX-ғ. аяғы мен XX ғ. басында пайда болып, өзінің дамуында бірнеше кезеңді басынан кешірді. Экономикалық әдебиеттерде басқару ойының алғашқы қарқыны “тейлоризм” деген ағыммен байланысты екені айтылады. Алғаш рет ғылыми менеджмент мектебінің негізін қалаған америка инженері Фредерек Тейлор (1856-1915). Ол өндірісті ғылым тұрғысынан басқаруға болады деген пікір айтты.

Қазақстан экономикасы нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты біздің сөздік қорымызға «менеджер», «менеджмент» ұғымдары тез енді. Менеджмент сөзін дәл аударатын болсақ, онда «басқа біреу арқылы өз мақсатына жету» болып табылады.

«Менеджмент» ағылшын сөзі оның түп төркіні гректің «манус», яғни «қол күші» деген сөзінен шығып, алғашқы кезде мал бағу саласында, ат тізгінін ұстау шеберлігін білдірген. Кейін бұл атақ адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болды.

Менеджмент құрылымы жағынан төмендегідей түрлерге жіктеледі:    1.өндірістік менеджмент,

2. кадрлық менеджмент,

3. қаржы менеджменті,

4.стратегиялық менеджменті,

5.ақпарат менеджменті,

6.инновациялық менеджмент,

7. халыкаралық менеджменті,

8.маркетингтік менеджмент,

9.сапа менеджменті және т.б.

 

 

Менеджменттің ғылым ретіндегі құрылымы.

 



 




 





 


 










2.Басқару мен менеджмент арасындағы ерекшеліктер.

Басқарудың анықтамалары көп. Олардың кейбіреулері мынадай:

— Басқару дегеніміз — жүйенің жаңа, сол жүйеге арналғаң күйге көшуі.

— Басқару — не істеуте тура келетінін және бұны қайткенде,  мейлінше,  жақсы және арзан істеуіге  болатынын білу өнері.

Басқа да бірқатар анықтамалар бар. Жалпы қорытынды мынандай; басқарудың нақты тарижи және саяси сипатын барлық (басқару анықтамасының) авторлары атап көрсетеді Оның нысаналылығы атап айтылады.

Басқарудың екі жағы бар. Бірінші жағы, еқбек бөлісінің қажеттігіне байланысты, Екінші жағы — басқару қашанда билігі бар өкілеттілікпен (әлеуметтік-экономикалық аспект), белгілі бір мақсатты іске асырумен байланысты. Барлық қоғамдың жүйелер ішінен зерттеу үшін басқару ғылымы қоғамдың өндірісті басқаруды таңдап алады, Ол мынандай буындардан: жалпы адамның өңдірісті басқару,, материалдардың игіліктер өңдірудегі басқару буындарын  тудырады.  

Бұл арада олардың арасында көлбеу байланыстар бар екені әбден айтып көрінеді. Материалдың игіліктер өндіру басып болады, өйткені басқарудың басты объектісі сол. Ол материалдың негіз ретінде рухани игіліктер өндіру мен қызмет көрсетуді алдын ала анықтайды, ал сонымен қатар, олар материалдың игіліктер өндіруте ықпал жасайды.

Басқару әдістері дегеніміз бұл басқарудың мақсатқа жетудегі іс-әрекеттік жолдары. Басқару субъектісінің басқару объектісіне ықпал жасау әдістері басқару әдістері деп түсіндіріледі. Басқару әдістері ұжымдар қызметінің жоғары тиімділігін, олардың ынтымақты жұмысын қамтамасыз етуге тиіс. Мұның өзі басқару әдістерін өндірістік-шаруашылық міндеттерді шешу  процесінде қолданылатын басқа да техникалық және технологиялық әдістерден ерекшеленеді. Басқару әдістері басқару процесін мүлтіксіз ұйымдастыру, осы замаңғы техниканы пайдалану, еңбек пен өндірісті прогресті жолмен ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды, олардың барынша тиімді болуын қамтамасыз етеді. Сонымен, әдістер-басқару қызметінің мәні және негізгі мазмұны болып табылады, өйткені басқару міндеттері солар арқылы іске асырылады.

Басқару ілімінде бірнеше әдістер бар:

1.Әкімшілік әдістері

2.Экономикалық

3.Әлеуметтік-психологиялық

Әкімшілік әдістерінің негізі — жекеменшік кәсіпорынның мақсатқа жетудегі ұйымдастырудың (әрекеттері) ықпалы, әсері. Әрқашанда басқару аппаратындағы жұмыстарды бөлуді қажет етеді. Бұл өндіріс органдарының басқару құрамын жасаудан басталады қанша бөлім қажет, олар бір-бірімен қандай қатынастарда болуы керек.

Экономикалық әдістер орындаушыларға олардың экономикалық мүдделері арқылы жанама ықпал етудің пайдаланылуын көздейді. Басқарудың экономикалық әдістерінің негізгі мақсаты-кәсіпорынның коллективті, жекелеген қызметкерлерді барынша белсенділік көрсетуге  ұмтылатындай экономикалық жағдайларды қамтамасыз ету. Бұның негізінде материалдық қызықтыру мен ынталандыру, ақшамен мадақтау және жазалау жатыр.

Әлеуметтік-экономикалық жүйеде басқарудың әлеуметтік-

психологиялық әдістерінің атқаратын роліне баға жеткісіз. Бұл жүйелерде негізгі элемент-адам. Еңбек ұжымын басқаруда басшының жақсы маман екендігі әлеуметтік-психологиялық факторларды пайдалана білуімен анықталады. Еңбек коллективінде әлеуметтік-психологиялық процестер мен құрылымдардың жүйесі қалыптасады, олар еңбек өнімділігін арттырудың, шаруашылық есеп принциптерін  нығайтудың, ұжымның қоғамдық өмірін демократиялаудың  орасан резерві бар.

Басқару ерекшкліктері:

  • кәсіпорын жұмысын жоспарлау және болжау. Басқару стратегиясын, бағдарлама іс-әрекетін жасау, қаржыландыру көздерін іздестіру және белгіленген шешімдер мен бағдарламаның орындалу мерзімін анықтау;
  • ранг дәрежесіне байланыссыз барлық жұмыскерлердің орындауға, жүзеге асыруға тиісті жұмыстарын ұйымдастыру, яғни жұмыстың орындалу құрылымын ұйымдастыра білу қажет; сөйтіп барлық қызметкерлердің күш-жігерін өнімді жұмысқа мақсатпен бөлу және оны жоғарғы тиімділікке мақсатты бағыттау
  • басшы мен оның қарамағындағылардың істерін үйлестіру. Өзінің және басқалардың қызмет атқаруын тұрақты қарау, сөйтіп оны өзінің және сол ұйымның қойған мақсатына жету үшін бағыттау;
  • алдағы мақсаттарды қамтамасыз ету үшін ұйымның жұмысын бақылау.

Менеджменттің ерекшеліктері:

  • тұтынушының мұқтаждықтарын ескеріп, тауарлар мен қызметтерді өндіруді ұйымдастыру;
  • нарықта кәсіпорынның тұрақты жағдайын қамтамасыз ету;
  • персоналдың жұмысын ынталандыру;
  • жаңа нарықтарды тұрақты түрде іздеу және игеру;
  • кәсіпорынның дамуының стратегиясын құрастыру;
  • оларды қамтамасыз етудің қажетті ресурстары мен көздерін анықтау;
  • кадрлардың квалификациясын жоғарылату;
  • шығармашылық белсенділіктің атмосферасын тудыру.

 

3. Басқарудың мәні мен қағидалары.

 

Басқарудың мәні әр-түрлі тізбектерінде және басқарудың әр-түрлі деңгейлерінде материалдық құндылықтарды өндіру саласында басқарушылық қатынастар болып табылады. Басқару – мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда, қоғамдық құрылыстың барлық саласында қолданады, аз шығындармен барынша тиімділікке қол жеткізуді көздейтін болғандықтан да басқару теориясы мен тәжірибесі барлық деңгейлерге тән. Басқару – процесс  ретінде  жалпылама ортаға ие болып, табиғаттың барлық құбылыстарында, яғни табиғатта (өндірістік құралдар мен заттарын арттыруда) тірі табиғатта (биологиялық жүйелерде) және қоғамдағы әлеуметтік жүйені басқару процестерінде орындалады.

 

Басқарудың қағидалары :

- зерттеу объектісін бақылау;

- объект туралы ақпаратты жинақтау, өңдеу және зерттеу;

-  талдау мен синтез құралдары бойынша зерттеулер;

- индукция және дедукция;

- кешендік және жүйелік келіс;

- гипотезаларды құрастыру және оларды тексеру;

- эксперименттерді жүргізу;

- логикалық және математикалық формаларды үлгілеу.

4. Басқару субъектісіне кімдер және нелер жатады.

Басқару  мен  менеджментте  бірдей  категориялар  пайдаланылады,  бұларға   жататын  ұғымдар  мынадай – «басқарудың  объектісі  мен  субъектісің, «олардың  арасындағы  тура  және  кері  байланысң, «басқару  жүйесің, «қоршаған  ортаң.

Басқару  субъектісі – бұл  басқарушылардың  барлығы,  яғни  саланың, кәсіпорынның, бөлімшелердің  басқару  аппараты. Сонымен қатар, Басқарау субъектісі – ұйымдардың әрекет етуінің белгілі бір салаларында шешімдерді қабылдау саласында өкілеттіліктерге ие әр-түрлі деңгейлі басшылар менеджерлер.

5.Басқару объектісі.

Басқару  объектісі – бұл  бақарылатындардың  барлығы, яғни  сала, кәсіпорын, бөлімшелер  және  т.б.  Менеджментте  басқару  объектісі  ретінде  әр  уақытта  белгілі  бір  мақсатқа  жету  үшін  өздерінің  іс-қызметтерін  үйлестіретін    және  бағытталатын  адамдар  тобы  қарастырылады. Басқару объектісі  – кез-келген белгіленуге ие өзара байланысқан құрылымдық бөлімшелердің барлық құрамы Мысалы: цехтар, учаскелер, ғимараттар, бөлімдер, секторлар, зертханалар

6.Кәсіпкерлік пен бизнес арасындағы ерекшіліктер.

 Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры – Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенің істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж) былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».  Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі. Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды.

Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал кәсіпкерлік (предпринимательство) – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол - өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.

Кәсіпкерліктің ерекшеліктер:

  • Дербестік және тәуелсіздік;
  • Экономикалық және жеке жаңашылдық;
  • жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделеді;

-    толық, барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі;

  • жауапкершілігі шектелген, салынған салым құны шеңберінің

     жауапкершілігі  жүктеледі;

  • коммандитті, аралас жауапкершілік (біреудің толық мүлкімен және біреудің салынған салымымен);
  • қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын мүлікпен қосымша жауапкершілік мойнына алынады;
  • өндіріс және тұтыну кооперативтері;
  • консорциумдар;

Бизнестің ерекшеліктері:

  • кәсіпкерлердің ұжымдары мен кәсіпкерлік ассоциялар;
  • өндірген өнімді тұтынатын жеке адамдар мен ұжымдар, сондай-ақ, тұтынушылардың одағы мен ассоциациялар;
  • келісімшарт немесе басқа негізде жалдагып еңбек ететін жұмыскерлер, сондай-ақ олардың кәсіподақтары:
  • мемлекеттік құрылымдар.

Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адмның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Менеджмент туралы түсінік