Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 10:22, курсовая работа
XIX ғасырдың соңында құрылысы аяқталған трансконтиненталдық темір жол линиясы Американы әлемдегі ең ірі бірыңғай рынокқа айналдырды. Елде іс жүзінде бизнесті мемлекеттік тұрғыда реттеу деген болмады. Кәсіпкерлердің ішкі ісіне араласу деген болмағандықтан, өз бизнесін дамытудың бастапқы кезеңінде-ақ олар едәуір жетістікке жетіп, монополистер болды. Осындай және басқадай факторлар ірі салаларды, ірі кәсіпорындарды қалыптастырып, басқару тәсілдерін жетілдіруді қажет етті.
I. Кіріспе ...........................................................................................3
II. Негізгі бөлім ..................................................................................5
2.1. Менеджменттің бастапқы теориялары және менеджменттің
қазіргі мектебі ...................................................................................5
2.2. Ғылыми басқару (1856-1920) ..................................................8
2.3. Басқарудың классикалық немесе әкімшілік мектебі
(1920-1950) ..............................................................................14
2.4. Адамгершілік қарым – қатынас мектебі (1930-1950).............20
2.4. Бихевиористік мінез-құлық мектебі (1950 жылдан күні бүгінге дейін)................................................................................23
2.5. Басқару ғылымы немесе сандық ықпал
(1950 жылдан күні бүгінгедейін)....................................................24
III. Қорытынды ......................................................................................26
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі .......................................................27
Жәңгір хан
атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-
Экономика және бизнес факультеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Менеджмент эволюциясы»
Орал қаласы, 2013 жылы
ЖОСПАР:
қазіргі мектебі ..............................
(1920-1950) ..............................
2.4. Адамгершілік қарым – қатынас мектебі (1930-1950).............20
2.4. Бихевиористік мінез-құлық
мектебі (1950 жылдан күні
бүгінге дейін)........................
2.5. Басқару ғылымы немесе сандық ықпал
(1950 жылдан күні
бүгінгедейін).................
III.
Қорытынды ....................
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
..............................
Өндірісті басқарудың ғылыми негіздерін қалыптастыру өткен ғасырдың соңғы он жылдығында басталды. Бұл процесс тез арада әр жақты сипат ала тұрса да, оның ойдағыдай өркендеу ортасы өнеркәсіптік өндіріс болады. Ғылым мен техниканың дамуы өндірісті шоғырландыруға, ал соңғысы өз кезегінде жаратылыс – техникалық білімнің барлық саласында қарқынды іздестіру жұмыстарына ықпал етті. XIX ғасырдың соңғы он жылдығында өнеркәсіптік электротехникада энергетикалық базасы және су энергетикалық негізде құрылды.
80 - жылдардың орта шенінде Г. Даймлер мен К. Бенц автомобиль қатынасының энергетикалық негізі – іштен жанатын жеңіл бензин двигателін шығарды, ал 1896-1897 жылдары Р. Дизель сол елде энергетикалық негізі ауыр отыннан тұратын іштен жанатын двигательді ұсынды. Соңғысы стационарлық және кеме қондырғыларына жаппай қолданыла бастады. Орыс ғалымдары А. Н. Ладыгин мен П. Н. Яблочков және американдық ғалым Т. Эдисон жарық техникасының негізін қалаған электр лампаларының әр түрлі конструкциясын ұсынды. 1877 жылы АҚШ-та тұңғыш телефон станциясы салынды радиотехника негізі қалана бастады. Металлургия өнеркәсібі қайта жарақтандырылып, өндіріске химия жаппай енгізіле бастады. XIX ғасырдың аяғында физика саласында ғылыми революция болып, бүкіл жаратылыстану ғылымында айтарлықтай ықпал етті. Жарық теориясы электромагнитті тербелістің жалпы теориясының саласына айналды. Химия саласында 1869 жылы Д. М. Менделеев ашқан элементтердің периодтық жүйесі әйгілі жаңалық ретінде енгізілді. Физика ғылымының жетістігі химияның физикамен тығыз байланысты екендігін анықтап, физикалық химия пәнің туғызды.
Сонымен, XIX ғасырдың аяғындағы ғылым осының алдындағы дәуірде жинақталған орасан зор нақты материалдарды теориялық тұрғыда жинақтап, әзірлеуге арналды. Әрине, капиталистік өндірісті дамытуға қажетті ғылыми ілімді теорияландыруға талпыныс өндіріс пен басқаруды ұйымдастыру принциптерін тану секілді саланы да қамтиды.
Басқару мәселесіне алғашқы көңіл бөлу 1911 жылы байқалды. Сол кезде Фредерик Тейлор өзінің «Ғылыми менеджмент принциптері» деген кітабын жариялады. Міне, осы кезден бастап басқару ғылыми зерттеудің жеке саласы ретінде танылды. Бұл концепция XIX ғасырдың орта тұсынан бастап XX ғасырдың 20-жылдарына дейінгі ұзақ кезеңде дамытылды. Басқару ісіне мүдделіліктің негізгі күші, жоғарыда атап көрсетілгендей, Англияда басталған өнеркәсіптік революция болды. Алайда, басқару ісінің өзі ұйымдастырудың дамуын және табыстылығына елеулі ықпал ететіндігі туралы идея тұңғыш рет Америкада пайда болды. Бұған себепші болған жайт, жиырмасыншы ғасырдың басында адамдардың шыққан тегіне, ұлтына қарамастан, өзінің білімі мен ақыл-ойын көрсете алатын бірден-бір мемлекет АҚШ болды. Миллиондаған еуропалықтар өз өмірін жақсарту мақсатында XIX ғасырда Америкаға қоныс ауыстырып, бизнестің, сонымен қоса басқарудың алуан түрлі ролін атқара алатын еңбекқор адамдардан жұмысшы күшінің аса көп тобын жасақтады.
XIX ғасырдың
соңында құрылысы аяқталған
Менеджменттің бастапқы теориялары
Менеджмент – дәстүрлер тарихы концепцияларды, институттарды, теория мен практиканы қамтитын бүкіл адам мәдениетінің элементі. Бұл талассыз дәлелденген қағида. Өйткені, тиімді басқару проблемасы адамдарды ұйымдастыру басталған мезетте пайда болды.
Басқару практикасы, ұйымдастыру секілді өте көне. Басқару ісін жетілдіруге мындаған жылдар бойы қажырлы еңбек, оны тиімді ұйымдастыру қажет болды, бұған өз уақытында ең озық ақыл-ой жетістіктері жұмсалды. Біздің заманымызға дейінгі үшінші мың жылдықта сазбалшықтан істелген табличкаларда көне жүйелердің коммерциялық келісімдері мен заңдары туралы деректер жазылған. Мұның өзі оларда басқару практикасының болғандығын дәлелдейді. Үлкен Клод пен кіші Джорджтың «Басқару ақыл-ойының тарихы» кітабында біздің заманымыздан 5000 жыл бұрын, шумерлер сына жазуды ойдан шығарған кезден бастап менеджменттің дами бастағандығы айтылады.
Көне египеттіктер бізге жазбаша ескерткіштер қалдырды. Онда әңгіме басқару туралы болады. Осыдан төрт мың жылдай бұрын жазылған кітабында қазіргі басқарушылар үшін әлі күнге мәнін жоғалтпаған мынадай ойлар айтылады. «Егер сен басшы болсаң байсалды бол. Өтініш айта келген адам саған ойындағысын айтып біткенше сөзін бөлме. Бақытсыздыққа тап болған адам, өз мәселесін дұрыс шешкеннен гөрі, ақтарыла сөйлеп, іштегі шерін тарқатқанды жөн санайды».
Еңбекті басқару проблемасына көне гректер де көңіл бөлді. Платон пікір айтты. Сократ басқаруды іс-әрекеттің (мемлекетті, еңбекті, сауданы, әскерлерді басқару) ерекше саласы ретінде қарастырып, ол да осындай пікірді – қажетті адамды өз орнына қоюды, сөйтіп оларға берілген тапсырманың орындалуын талап етуді жақтайды. Жұмыскерлер арасындағы бірлесіп әрекет етуге қол жеткізу, сөйлеу мәдениеті жөніндегі ғылыми қағидалар Марка Тулия Цициронның «Шешендік өнер жөніндегі үш трактатында» қамтылды. Көне римдіктерде мемлекеттік басқару жүйесіндегі қызмет сатысында төмен шенділерге бағыну тәртібі енгізілген. Жер қожасы өзінің басқарушысына бір жылдық жазбаша жұмыс жоспарын беріп, міндетті айқын қоюы, белгіленген жоспарды нәтижесімен үнемі салыстырып отыруы, талдауы және қорытынды жасауы тиіс. Әсіресе жедел түрде басқаруға ерекше көңіл бөлген. Басқарушыдан: «Жұмысшының біразы ауру, басқаларын қаладағы жұмысқа алып кетті, ауа-райы бөгет жасады...» деген секілді баяндаманы алғаннан кейін, қожайыны жағдайды айқындап, қажет болған жағдайда тиісті шешім қабылдайды: тапсырмаға түзету енгізеді, жұмыс істейтіндерді қайтадан бөледі, оларды жабық ғимаратқа ауыстырады т.б. Көне Үнді ғалымдары «Артхамастра» трактатында (IV-III ғасыр) шаруашылық және басқару туралы бірқатар қызғылықты ой-пікірлер айтады. Басқаруға қатысты дұрыс және дұрыс емес, заңды және заңсыз, пайда және зиян ұғымдары зерттеледі. Шығыс ғалымдары басқаруды күш қолданумен байланыстырады: санскритте (ежелгі және орта ғасырдағы үнділердің әдеби тілі) «басқару өнері» «данданити» деп аталады, мұны дәлме-дәл аударғанда «таяқпен төпелеп басқару» болады.
Дегенмен, шығыс ойшылдары бағыныштыларды көтермелеуге де зор көңіл бөледі. Ресейде елді және өндірісті басқарудың бірқатар маңызды идеясы I Петр заманына байланысты. Ол мемлекеттік биліктің және терең экономикалық өзгерістің бірқатар реформасын жүзеге асырды. I Петр самодержавиялық басқарудың бас идеясын ұсынды. «Государь өз ісі туралы жарық дүниеде ешкімге жауап беруге тиіс емес». Төрешілдікті қалыптастыруда Габелидің рангтар туралы пікір ерекше орын алады. Бірақ сол кездің өзінде де күштеп, әміршіл – өктем әдіс қана қолданылып қойған жоқ. Сол кездің өндірісті басқару туралы «Сібір мен Уралдың бас заводтарының жазбасы» атты кітабында қызғылықты материал келтірілген. Онда былай деп жазылған: «Басқарушы мейірімді, қамқоршы, еңбекқор, салауатты болуы, істі тапсыруы, әрі оның айтылған сағатта орындалуын қадағалауы тиіс». Аталған кітапта осы уақытқа сәйкес келетін ой-пікірлер де бар: «Басшы нақты істен гөрі бұйрықтан алынғандығы және орындалғандығы, жауабы мен түсініктемесі туралы бірыңғай рапорт қабылдаумен шұғылданса - бұдан келер ешқандай пайда жоқ... Мұның барлығы қағаз жүзінде қалады». Өндірісті басқаруды дамытуға XVIII ғасырдағы ірі кәсіпорынға ауысқан өнеркәсіптік революция күшті қозғау салды. Қолөнершінің, бармағынан бал тамған шеберлердің орнына, көбінесе жөнді мамандығы жоқ жалдамалы жұмысшылар келді.
Саяси экономиканың басты өкілдерінің бірі – А. Смит пен Д. Рикардо бастаған ағылшын саяси экономикасы – жаңа жағдайда басқару мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Капиталистік фабрикада адамдар еңбегін басқаруға социалис-утопистер, мәселен, Роберт Оуэн ерекше көңіл бөлді. Ол әсіресе қазіргі кезде біз айтып жүрген «адам факторына» ерекше көңіл бөлді. Оуэн таза теориямен шектеліп қоймады. XIX ғасырдың басында ол өз тоқыма фабрикасында батыл эксперимент жасады, кәсіпорында жұмысшылардың тамақтануы ұйымдастырылып, ал завод поселкасында жаңа мектеп салынды, территориясы жөнге келтіріліп, көгалдандырылды. Демек, біздің қазіргі күшті әлеуметтік саясатқа ұмтылуымыздың көне тарихи, лайықты ізашарлары болған.
Оуэн еңбек өнімділігін арттыру үшін моральдық ықпалды да пайдаланған, адамдарды басқалардан кем түскісі келмейтінін білетін ол, өндірісте жарыс ұйымдастырды: таңдаулы жұмысшылардың станоктарында қызыл лента, орташасында – көк, нашарында – сары лента пайда болды.
Менеджменттің қазіргі мектебі
М. Х. Мескон, М. Альберт, Х. Хедоури «Менеджмент негіздері: басқарудағы ой-пікірдің дамуы» кітабында мектептің төрт түрін белгіледі: ғылыми басқару мектебі, әкімшілік мектебі, психология және адамдар қарым-қатынасының мектебі және басқару ғылымының мектебі. Мектептің төртке бөлуіне байланысты төрт түрлі тәсілге бөлінеді. Мұнда басқару төрт түрлі көзқараста қарастырылады.
Процестік тәсілде басқару өзара байланысты басқару қызметінің үздіксіз сериясы ретінде қарастырылады.
Жүйелік тәсілде атап көрсетілетіні: басшылар ұйымдастыруды адамдар, құрылым, міндеттер мен технология секілді өзара байланысты элементтердің жиынтығы ретінде қарастыруы, сөйтіп өзгермелі сыртқы орта жағдайында алуан түрлі мақсатқа жетуді көздеуі тиіс.
Ситуациялық (жағдай) тәсілінде басқарудың әр түрлі әдістерінің жарамдылығы нақты жағдайға қарай анықталады. Ұйымдастырудың өзінде де, қоршаған ортада да сан алуан факторлар болатындықтан өндірісті басқарудың бірыңғай, «таңдаулы» әдісі болмайды.
Ғылыми менеджменттің пайда болуы Фредерик Уинслоу Тейлордың (1856-1915) есімімен байланысты. Оның басты еңбектері «Фабриканы басқару» (1903), «Ғылыми менеджмент принциптері»(1911), «Конгрестің арнайы комиссиясы алдында көрсету» (1912). Филодельфиядағы оның зиратының басына «ғылыми менеджмент атасы» деп жазылған.
1880 жылдары өздігінен инженерлік білім алған американдық Фредерик Тейлор еңбек процесін зерттей бастайды. Тейлор еңбек процесін өздігінен жүзеге асатын іс ретінде қарастырмай, оған терең ден қойып, зеттей бастаған тұңғыш адам болды. 1856 жылы филодельфиялық адвокаттың отбасында дүниеге келген Фредерик Тейлор жасынан талапкер, ізденгіш болып өсті. Әуелі көзі уақытша нашар көргендіктен, Гарвард университетінде оқуды тоқтатып, Тейлор Филадельфиядағы шағын шеберханаға қарапайым жұмысшы болып орналасты. Төрт жылдың ішінде ол модельші және механик мамандықтарын меңгерді. Кейіннен Тейлор Филодельфиядағы «Миндвейл Стил Воркста» жұмыс істеп, түнге қарай инженер-механик мамандығын оқып үйренді. Тейлор «Миндвейльдің» басқарушысы болғанда өнеркәсіп практикасында берекесіздікке қайран қалды. Ол басқарушы мен жұмысшы арасындағы ешқандай ынтымақтастықты көре алмады. Берекесіздік пен ысырапшылдық етек алған еді. Жұмысшылардың өнім өндіруінің шектелуі кең етек алған. Мұны Тейлор ұдайы әскери қызмет деп атады. Нашар жабдықталған, әрі жеткілікті үйретілмеген жұмысшыларға ешбір талғамсыз кез-келген жұмыс тапсырылды. Осыдан бастап Тейлор ғылыми менеджменттің атасы «таңдаулы жол іздестіруге» құлшына кірісті.
Ф. Тейлордың ғылыми менеджменті ұдайы бақылау, эксперименттеу және логикалық топшылау арқылы анықталған нормативтер көмегімен бизнесті жандандыратын менеджмент түрі болып саналады. «Миндоейлде», кейіннен «Бетлехем Стилде» жұмыс істеген кезде Ф. Тейлор ғылыми менеджментті төрт салада дамытты: нормалар, уақыт пен міндетті зерттеу, ұдайы сұрыптау және баулу, ақшалай ынталандыру. Тейлордың пікірінше, еңбек өнімділігінің артуы қожайынға, жұмысшыға да молшылық әкеледі. Ол үшін қожайынның да, жұмысшының да психологиясын түбегейлі өзгерту қажет. Екі жағы да қосымша өнімді өзара бөлуге назар аудармай, бар күш-жігерін оны молайтуға жұмсауы тиіс. Ф. Тейлор теориясын тұжырымдай отырып, мынадай тоқтамға келді: «дәстүрлі әдістің орнына ғылым; қарым – қатынастың орнына үйлесімдік; дербес жұмыстың орнына ынтамақтастық; еңбек өнімділігін шектеудің орнына еңбек өнімділігін барынша арттыру; әрбір жұмысшының еңбек өнімділігін барынша арттыру; әрбір жұмысшының еңбек өнімділігін барынша арттыру, оларға барынша қолайлы жағдай жасау.