Менеджер функциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2012 в 11:54, реферат

Краткое описание

Басқарудың жапондық типінің түрлері. Н.С. Целишевтің пікірінше, басқарудың жапондық типінің базалық принциптерін төрт топқа бөлуге болады. Бірінші – корпарациямен жұмыскерлердің өз корпорациясына ерекше тәуелділігі фирмаға берілгендігі және оның мүддесі жолында жан аямайтындығы үшін едәуір қолайлы жағдай мен уәде беруі.
Екінші топтағы принциптерді дара басшылықтан гөрі ұжымдық басшылыққа көбірек көңіл бөлуі, корпорациядағы адамдарды фирма ішінде үнемі көтермелеу, істейтін қызметіне қарамастан жұмыскерлерді тең правода қарау деп тұжырымдауға болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Басқарудың жапондық типінің түрлері.doc

— 27.00 Кб (Скачать документ)

Басқарудың жапондық типінің түрлері. Н.С. Целишевтің пікірінше, басқарудың жапондық типінің базалық принциптерін төрт топқа бөлуге болады. Бірінші  – корпарациямен жұмыскерлердің өз корпорациясына ерекше тәуелділігі  фирмаға берілгендігі және оның мүддесі  жолында жан аямайтындығы үшін едәуір қолайлы жағдай мен уәде беруі.

Екінші топтағы  принциптерді дара басшылықтан гөрі ұжымдық басшылыққа көбірек көңіл  бөлуі, корпорациядағы адамдарды фирма  ішінде үнемі көтермелеу, істейтін қызметіне қарамастан жұмыскерлерді  тең правода қарау деп тұжырымдауға болады.

Үшінші топқа  – фирманың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін үш негізгі күшке – басқарушыға, басқа жұмыскерлерге және инвесторларға  ықпал ету мен көңіл бөлу балансын ұтымды ұстау жатады.

Төртінші топқа - әр түрлі фирмалармен – іскер әріптестермен, соның ішінде ең алдымен өнімді тапсырушылармен және сатып алушылармен алуан түрлі байланыс орнату әдісін қалыптастыру жатады.

Аталған принциптерді жүзеге асыру механизмінің маңызды  элементтеріне мыналар жатады:

·                    Еңбекті ұйымдастыру.

·                    Өндіріс процестерін басқару және бақылау.

·                    Топтық жұмыстарды және корпорацияны ынталандыру.

·                    Жалдау және еңбек жағдайы.

Қазіргі Жапониядағы  басқаруды Американдық менеджеризм мен жапондық традиционализмнің қоспасы деп түсіну қажет. Сондықтанда мұнда «менеджмент» терминнің толық сай келеді. Жапондықтардың өзі де, басқару туралы әңгіме болғанда осы терминді қолданады. Жапондықтар өздерін американдықтардың шәкірті ретінде есептей отырып, менеджменттің барлық белгілі концепцияларын мұхият зерттеді, әрі өзіне сай етіп құра білді.

Қазіргі кезде  басқару саласындағы жапондық тәжірибеге американдықтар көбірек көңіл бөле бастады, атап айтқанда, мұның өзі Массанчусетск техналогиялық институтында зерттелуде.

Жапония - өндірістік қатынасты, сонымен қоса басқару  сипатын анықтайтын монополистік капитализм мемлекеті. Франциямен және Голландиямен қоса, Жапония экономиканы программалайтын  капиталистік мемлекеттердің бірі. Талдаудың көрсеткендей қазіргі жапондық басқару жүйесі едәуір икемді, әрі тиімді механизм, оның өзі соғыстан кейінгі кезеңде, қазіргі ірі ауқымды өндірісті дамыту жағдайында қалыптасты.

Жапон экономикасының жетістігі басқарудағы әлеуметтік-кәсіптік саланың қызметіне негізделген. Мұны менеджерлер деп атайды. «Менеджер» ұғымы алуан саладағы басшылардың тілектес адамдар тобын құрайды.

Жапонияда менеджерлер  тобын жинақтау практикасы жағдайда ұлттық сипатының ерекшеліктеріне  негізделген, мұнда топтық психология басты рөл атқарады. Жапондықтар адамдар арасындағы салқын көзқарасқа қатты күйзеледі. Сол себептенде менеджерлер арасында «ГАКУБАУХ» деп аталатын кландар болады, яғни белгілі бір университетті бітірген кландар.


Информация о работе Менеджер функциясы