«Астана Медицина университеті»Ақ
«Құқық
негіздері мен сот медицина» кафедрасы
Тақырыбы:
«Мемлекеттік
басқару»
Орындаған:Саясатова
Қ ,Тюлегенова А, Хегай Ф
Қабылдаған: Сейдалиев
Б.К
Жоспар:
Кіріспе:
Мемлекеттік
басқарудың мәні және оның экономикалық
процестерді әрі қарай дамудағы рөлі.
Негізгі
бөлім:
Мемлекеттік
басқарудағы орталық атқарушы органдардың
құрылымының
қалыптасуы және дамуы
Қорытынды
Кіріспе
Елу жылда – ел жаңа деуші еді бабаларымыз.
Еліміз тәуелсідік алғаннан кейнгі қысқа
мерзімнің ішінде қоғамның өмір тіршілігін
өзгертіп, жаңа саяси жүйе қалыптастыруда
экономика мен әлеуметтік салаларды реформалауда
іргелі табыстарға қол жеткізді. Ұтымды
әрі кезең – кезеңімен жүйелі түрде жүргізіліп
жатқан қомақты іс – шаралардың оң нәтижелері
еліміз таңдаған жолға деген халықтың
сенімін нығайтуда. Дегенмен өтпелі кезеңнің
күрделі экономикалық және әлеуметтік
проблемаларын шешкен сайын, қоғамның
даму деңгейіне сәйкес халықтың өмір тіршілігін
тиімді ұйымдастырудың жаңа және аса күрделі
мәселелері күн тәртібіне қойылып отыратыны
бәрімізге түсінікті. Еліміз іргесінің
бұзылмай, тыныштығы мен тәуелсіздігін
сақтап, экономикасы мен мәдениетін ілгері
тұрған елдермен теңестіру үшін бүгінгі
күннің шындық болмысына жауап беретін
мемлекеттік басқарудың жетілген жүйесі
қажет.
Қорытынды:
- Еліміз егемендік алған алғашқы күннен бастап мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтің қазіргі заманғы тиімді жүйесін қалыптастыруға баса назар аудартады. Осы орайда елбасы тануда Үкімет алдына міндет етіп қойған әкімшілік реформасы респубилкамыздағы бүгінге дейін өніктілігімен танылып келе жатқан келелі өзгерістердің заңды жалғасы деуге болады.
- . Ол ұзақ мерзімді «Қазақстан 2030» стратегиясында көрсетілген кәсіби мемлекет құру жөніндегі жетінші басымдық негізінде іске асырылмақ. Реформаға сәйкес, мемлекеттік органдар құрылымдарын жетілдіру, шенеуніктердің жұмыс сапасына баға беру негізінде олардың жалақыларын ұлғайту, мемлекеттік қызмет көрсетудің оң сапасына қол жеткізу, сыбайлас жемқорлықтың тынысын тарылту және басқа да маңызды шаралар Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіруіндегі басты өлшемдердің бірі болып қалмақ. Сондықтан саяси сипаты бойынша да, әлеуметтік – экономикалық жағынан алып қарағанда да мұның мәні маңызы аса зор.
- Мемлекеттiк басқаруды реформалаудың негізгі мақсаты 2015 жылға қарай корпоративтік басқару, нәтижелiлiк, ашықтық және қоғам алдында есеп беру қағидаттары негізінде мемлекеттiк басқарудың жаңа сапалы моделін құру арқылы азаматтардың құқықтары мен бостандығын барынша іске асыру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету болып табылады.
- Бұл ретте, 2020 – Стратегиялық жоспарында көзделген мемлекеттiк секторды реформалаудың негізгі бес бағыты шеңберiнде көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді дәйекті шешу көзделеді:
1) нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлауды енгізу бойынша реформаларды тереңдету;
2) мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту;
3) лицензиялық – рұқсат беру жүйесін және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметін жетілдіру;
4) мемлекеттік активтерді басқару тиімділін арттыру және квазимемлекеттік секторды оңтайландыру;
5) мемлекеттік қызметті кәсібилендіру;
6) мемлекеттік аппараттың тиімді құрылымын қалыптастыру және әкiмшiлiк реформаларды басқаруды жақсарту.
- Қазақстан Республикасының “Жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңында (23.1.2001) және басқа да заң актілерінде белгіленген құзірет шегінде жергілікті өкілді және атқарушы органдардың тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту мақсатын жүзеге асыратын және сол аймақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылатын қызметі. Жергілікті атқарушы органның құрамына (әкімият) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзіреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган кіреді. Жергілікті өкілді органға (мәслихат) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғындары сайлайтын, халық еркін білдіретін және ҚР заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және олардың жүзеге асуын бақылайтын сайланбалы орган жатады. [1]
«Жергілікті мемлекеттік
басқаруды тиісті аумақтағы істің
жай-күйіне жергілікті өкілді және атқарушы
органдар жүзеге асырады.»
Конституция 85-бап
Қазақстан
Республикасының 2009.02.09. N 126-IV Заңымен
- Осы Заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құзыретiн, қызметiнiң ұйымдастырылуын, тәртiбiн, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын белгiлейдi.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- «Егемен Қазақстан »газеті 2013 ж
5-басылым
- ҚР Конституциясы
- «ҚР энциклопедиясы» 3-том
- Баққұлов 2004 жыл
90-бет