Әлеуметтік жұмыстың тарихы мен теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2013 в 14:32, лекция

Краткое описание

Әлеуметтік жұмыстың тарихы мен теориясы әлеуметтік жұмыскерлерді дайындаудың теориялық және тәжірибелік дайындаудың құрамдас бөлігі ретінде
Әлеуметтік жұмыстың Ресейде пайда болу кезеңдері. Амалдар мен шешімдердегі айырмашылықтар. Ресейдегі қоғамдық қайырымдылық ету жүйесін қалыптастыру және дамыту. Әлеуметтік көмек көрсетудегі шіркеулер мен монастырьлардың ролі. Төңкерістен кейінгі және кеңес дәуіріндегі әлеуметтік жұмыс. Қазіргі кезеңдегі тұрғын-халықты әлеуметтік қорғау мәселелері.

Прикрепленные файлы: 1 файл

социальная работа каз.doc

— 102.50 Кб (Скачать документ)

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

 

                                                                       

                                                                      

                                                                                                                           

 

                                                                                                        

 

 

 

 

 «6М090500 – ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС»  МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША МАГИСТРАТУРАҒА  ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН

ЕМТИХАН БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ  2012

 

 

 

Емтихандық  тақырыптардың тізімі

 

  «Әлеуметтік жұмыстың тарихы мен теориясы» пәні

  1. Әлеуметтік жұмыстың тарихы мен теориясы әлеуметтік жұмыскерлерді дайындаудың теориялық және тәжірибелік дайындаудың құрамдас бөлігі ретінде

Әлеуметтік жұмыстың Ресейде пайда  болу кезеңдері. Амалдар мен шешімдердегі айырмашылықтар. Ресейдегі қоғамдық қайырымдылық ету жүйесін қалыптастыру және дамыту. Әлеуметтік көмек көрсетудегі  шіркеулер мен монастырьлардың  ролі. Төңкерістен кейінгі және кеңес дәуіріндегі әлеуметтік жұмыс. Қазіргі кезеңдегі тұрғын-халықты әлеуметтік қорғау мәселелері.

 

  1. Әлеуметтік жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздері 

Әлеуметтік жұмыстың ғылым ретіндегі  ерекшелігі. Әлеуметтік жұмыстың ғылым ретінде қалыптасу процесі: жетістіктері мен мәселелері. Әлеуметтік жұмыстағы теория және эмпирикалық білім. Әлеуметтік жұмыстың заңдылықтары, принциптері мен әдістері.

 

  1. Әлеуметтік жұмысты дамытудың әлеуметтік-мәдени және әлеуметтік-саяси факторлары

Қоғамның рухани-адамгершіліктік және әлеуметтік-мәдени құндылықтары және олардың әлеуметтік жұмыспен байланысы. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты және әлеуметтік жұмыс. Әлеуметтік жұмыстың мемлекеттік-құқықтық негіздері. Әлеуметтік жұмыс жүйесіндегі қоғамдық және қайырымдылық ұйымдар. Тұрғын-халықты әлеуметтік қорғау: мәні, ұйымдастырушылық-құқықтық формалар.

 

  1. Әлеуметтік жұмыстың қоғамның әртүрлі салалары бойынша ерекшеліктері

Білім беру жүйесіндегі  әлеуметтік жұмыс. Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс. Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс. Пенитенциарлы мекемелердегі әлеуметтік жұмыс. Мәдени-бос уақыт іс-әрекет жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс. Қала және ауыл аймақтарындағы әлеуметтік жұмыс. Өндірістегі әлеуметтік жұмыс.

 

  1. Әлеуметтік жұмыс мамандық ретінде

Әлеуметтік жұмыстағы  кәсібилікті қалыптастыру мәселелері.  Әлеуметтік қызметкер мен клиенттің  арасындағы әлеуметтік өзара әрекет ету. Әлеуметтік қызметкердің рухани-адамгершіліктік  бейнесі.

 

  1. Әлеуметтік жұмысты басқару

Әлеуметтік басқару  және әлеуметтік жұмыстағы басқару. Әлеуметтік жұмысты басқару теориясындағы негізгі ғылыми мәселелер. Әлеуметтік жұмысты басқарудағы мотивация және оның мәні. Әлеуметтік жұмысты басқарудағы жалпылық және ерекшелік.

 

  1. Қазіргі кезеңдегі әлеуметтік жұмыс мәселелерінің өзектілігі

Әлеуметтік жұмысты дамытудың  қазіргі тенденциялары. Әлеуметтік жұмыс саласындағы кәсіби мамандарды дайындауда мамандықты тереңдетудің және кеңейтудің қажеттілігі.

 

«Әлеуметтік жұмыстың медициналық-әлеуметтік негіздері» пәні

 

  1.  Денсаулық -  әлеуметтік  байлық

Денсаулық туралы ілімнің  қалыптасу кезеңдері. Адам - биологиялық  және әлеуметтік  тұлға, сондықтан  олардың өзара қарым-қатынасы денсаулықтың негізі. Денсаулық туралы жалпы түсінік, анықтамасы, оның негізін құрастыратын бөліктері. Денсаулыққа медициналық, әлеуметтік, экономикалық  табиғи, биологиялық, психологиялық  т. б. факторлардың әсерлері. Денсаулықтың топтары, көрсеткіштері, оларды бағалау әдістері. Осы салада еңбек еткен белгілі  ғалымдардың зерттеулері.

 

  1. Әлеуметтік медицинаның пайда болу тарихы

Әлеуметтік медицинаның  негізгі ұғымдарының пайда болуы  және қалыптасуының кезеңдері.  Эхнатон фараон уақытындағы Египет. Гиппократ әлеуметтік дәрігер ретінде. Қоғамдық денсаулық мәселесін Спарталық шешу тәжірибесі. Ибн Сина (Авиценна) әлеуметтік дәрігер ретінде. Әлеуметтік медицинаның жеке  қоғамдық-ғылыми институт (20 ғасырдың басы) ретінде пайда болуының алғышарттары мен негіздері: Карл Ясперс, Альфред Гротьян, Н.А. Семашко, П.Б. Ганнушкин, Дж. Райл, А.В. Снежневский. Посткеңестік кеңістіктегі қазіргі әлеуметтік-медициналық көзқарастардың қалыптасуының алғышарттары мен негіздері.

 

  1. Әлеуметтік гигиена - қоғамдық денсаулық туралы ғылым

Әлеуметтік гигиенаның оқыту пәні. Әлеуметтік гигиенаны  зерттеудің әдістері. Санитарлы статистиканың міндеттері және статистикалық зерттеулердің кезеңдері. Тұрғын-халықтың денсаулығын бағалау үшін салыстырмалы және орта мәндер. Тұрғын-халықтың қоғамдық денсаулығының көрсеткіштері.

 

  1. Өмір салты және салауаттылық

"Өмір салты" және "Салауатты өмір салты" ұғымдарына түсініктеме, олардың анықтамасы. Салауатты өмір салтының негізгі мақсаты -  туғаннан қартайғанға   дейін денсаулықты сақтап, нығайтып, ауырмайтын жол іздеу әдістерін   ғылыми түрде құрастырып, насихаттау. Салауатты өмір салтының негізгі құрылымдары, қағидалары, олардың организмге әсері. Мықты  денсаулықтың негізі  -  салауатты өмір салты.

 

  1.  Психикалық денсаулық

«Психика» туралы түсінік. Психикалық денсаулықтың валеологиялық  аспектісі. Психика құрылымы. Жігерлілік. Психикалық стресс, оның кезеңдері. Психикалық стресстің психикалық және физиологиялық механизмдері. Эмоциялар. Психикалық бейімделістің бір түрі – невроз. Психикалық стрессті алдын алу және оның салдарын түзету. Психокоррекция. Психикалық сауықтыру. Психогигиена. Тіршілік кеңістіктің психоэкологиясы.

 

  1.  Репродуктивтік денсаулық. Әйелдер мен балалардың денсаулығын қорғау.

«Репродуктивтік денсаулық» туралы түсінік. Адамның репродуктивтік шамасы.  Жыныстық мәдениет. Жыныстық тәрбиелеудің принциптері. Қыздардың  денсаулығы – қоғамның демографиялық потенциалының ерекше әлеуметтік құндылық ретінде. Контрацепция мәселесі. Әйелдерге акушерлік-гинекологиялық  және әлеуметтік көмекті ұйымдастыру.

 

  1. Денсаулықты қоғамдық өмірдің мәртебесі ретінде қалыптастыру.

Тамақтану және денсаулық  сақтау. Спорт – денсаулықты қалыптастырудың басты аспектісі. Еңбек және демалысты рационалды ұйымдастыру.   Экология және денсаулық сақтау.

 

  1. Денсаулықтың бұзылу мәселелері және оның себептері

Денсаулықты бұзудың  әлеуметтік-гигиеналық мәселелері. Денсаулық  пен ауру қарама-қарсы екі диалектикалық катеория ретінде. Басты әлеуметтік аурулар мен оларды алдын алудың негізгі шаралары.

 

  1. Денсаулық бұзылуларының  әлеуметтік - гигиеналық  мәселелері.

Кең тараған қолайлы, немесе қолайсыз әлеуметтік - гигиеналық  факторлардың денсаулыққа әсерлері. Денсаулықты нығайтатын  немесе кері әсер ететін экономикалық, биолгиялық, әлеуметтік  факторлар. Жағымсыз факторларды заласыздандыру әдістері. Денсаулықты сақтау, нығайту шараларын ұйымдастыру,   нәтижелі қолдану  бағыттары.

 

  1. Денсаулық эпидемиологиясы

Наркотизм медициналық-әлеуметтік мәселе ретінде. Бейімделудің медициналық-әлеуметтік мәселесі. Адам ағзасын сауықтырудың дәстүрлі емес әдістері.

 

«Әлеуметтік жұмыстың әдістері мен технологиялары»  пәні

 

  1. Әлеуметтік технологиялар: мәні, классификациясы

«Әлеуметтік технологиялар» ұғымы. Әлеуметтік технология қоғамдық құбылыс ретінде. Әлеуметтік технология: типі, түрі. Әлеуметтік жұмыс әлеуметтік технология түрі ретінде. Әлеуметтік технологиялардың  мақсаты мен міндеттері. Әлеуметтік технологияның көп қырлығы; оның көп қырлығының анықтамасы, факторлары. Әлеуметтік технологияны классификациялау. Әлеуметтік технологияларды қалыптастыру. Әлеуметтік технологиялардың құрамы мен ерекшеліктері. Әлеуметтік технологиялар және тәуекел.

 

  1. Әлеуметтік жұмыс практика үлгісінің технологиялық спецификасы

Технологиялық процесс әлеуметтік жұмыс ретінде. “Әлеуметтік жұмыс  технологизация” түсінігі. Әлеуметтік жұмыс технологизациясының  функциясы. Қазіргі кезеңдегі әлеуметтік жұмысты  ұйымдастыру ерекшеліктері; әлеуметтік мәселелердің ерекшеліктері. Әлеуметтік жұмыс технологиясының негізгі мақсаттары: мәні, принципі, функциясы, мазмұны, кезеңдері. Әлеуметтік жұмыста әдістерді қолданудың ерекшеліктері.

 

  1. Әлеуметтік жұмыстың әдістері мен технологияларының өзара байланыстары

Әлеуметтік жұмыстағы әдіс және технология ұғымы. “Технология” және “әдіс” түсінігі бір тұтасты құраушы  ретінде. Әдіс іс-әрекеттің танымдық тәсілі ретінде. Классификация  деңгейі, технология, әдістің орны мен рөлі (субъективті деңгей, функционалдық деңгей, пәндік деңгей). Әдістері, құрылымы, тәсілі. Әлеуметтік жұмыс практикасындағы әдіс пен технологияның өзіндік байланысы.

 

  1. Әлеуметтік жұмыстың әдістері, олардың классификациясы

Әлеуметтік жұмыс теориясының  әдістерінің ерекшелігі пәнаралық  ғылым ретінде. Әлеуметтік жұмыстағы әдістердің маңызды сипаттамасы. Әлеуметтік жұмыстың ғылыми-зерттеу әдістері, олардың сипаттамасы. Тәжірибелік іс-әрекеттің әдістері. Әлеуметтік жұмыстың бағыттары мен формалары бойынша әдістерді жіктеу (ұйымдастырушылық, топтық, қауымдық); әлеуметтік жұмыстың субъектісі бойынша (жеке мамандармен қолданылатын, әлеуметтік жұмыстың басқару органдары).

 

  1. Әлеуметтік жұмыстың ұйымдастырушылық әдістері

Басқару әлеуметтік құбылыс ретінде. Әлеуметтік жұмысты басқарудағы  қатынас. Басқару мәдениеті. Басқару жүйесі. Басқару әдісіндегі топтастыру әдісі (ұйымдастыру-бөлу, ұйымдастыру-координациялау, ұйымдастыру-техналогиясы т.б.). Ұйымдастыру-бөлу әдісі; оның классификациясы. Басқару функциясындағы классификациясы. Әлеуметтік жұмыстағы ұйымдастыру ұғымы.

 

  1. Әлеуметтік жұмыстың әлеуметтанулық әдістері

Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік білімнің ролі. Әлеуметтік жұмыстағы  социологиялық зерттеу. Әлеуметтанулық әдістерге сипаттама. Социологиялық  сұрақ жүргізу әдістері мен принциптері. Әлеуметтік-мониторинг технология ерекшеліктері. Әлеуметтік жұмыстағы жеке адам социологиясы.

 

  1. Әлеуметтік жұмыстың психологиялық әдістері

Әлеуметтік жұмыстағы психология білімінің ролі мен мәні. Әлеуметтік жұмыс технологиясындағы психологиялық  қолдану әдісі. Психодиагностика әдістері, психологиялық кеңес беру, психологиялық бейімделу және олардың әлеуметтік жұмыстағы олардың қолданылуы.

 

  1. Әлеуметтік жұмыстың педагогикалық әдістері

Әлеуметтік жұмыстағы педагогикалық  принциптер (дидактикалық және тәрбиелік). Өзін-өзі тәрбиелеу. Мінез-құлықты түзету және адамдарды қайта тәрбиелеу. Индивидуалды және топтық сананы қалыптастыру әдістері. 

 

  1. Әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік-экономикалық әдістері

Экономика әлеуметтік міндеттерді  шешетін анықтаушы материалды негіз  ретінде. Тұрғын-халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі принциптері. Әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік-экономикалық әдістерінің сипаттамасы. Минималды әлеуметтік-экономикалық кепілдемелер жүйесі. Кіріс индексациясы. Шығын компенсациясы. Статистикалық, математикалық әдістер, және олардың әлеуметтік жұмыста пайдалануы.  

 

  1. Кәсіби әлеуметтік жұмыстың әдістері және олардың классификациясы

Топ; топтардың негізгі типі. Топтармен  әлеуметтік жұмыс әдістерді реттеу, теориясы (әлеуметтік жүйе теориясы, әлеуметтік ауыстыру теориясы). Топтар әдісіне сипаттама (анкета жүргізу, социометрия, референтометрия, топтық дискуссиясы, іс-ойыны, әлеуметтік-психологиялық тренинг т.б.). Әлеуметтік топ жұмыстарына қажеттілік туғызатын және қиындық туғызатын факторлар. Әлеуметтік қауымдық; әлеуметтік жұмыс қауымдастығының әдістері (микроәлеуметтік орта).

Информация о работе Әлеуметтік жұмыстың тарихы мен теориясы