Әлеуметтік саладағы қызмет көрсетудің импорты мен экспорты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2013 в 08:07, реферат

Краткое описание

Әлеуметтік қызмет көрсету қазіргі кезде мемлекеттік жүйенің ажырамас бөлігі, әлеуметтік саланың нағыз бір жетекші дамыған қозғалысының компаненті. Қазіргі әлеуметтік қызмет көрсетудің құрылған жүйесі – бұл қоғамның әлеуметтік маңызды саласы, бірнеше адамдардың көшпелі кезеңдегі қиындықтарын әртүрлі адамгершілік – әлеуметтік қызмет тәсілдерімен бейімдеуге бағытталған, әлеуметтік оңалту немесе жекешелеген адамдарды, отбасыларды кіріс жиынтықтары белгілі қиын, ауыр жағдайға топ болған адамдарға көмектесу.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Әлеуметтік саладағы қызмет көрсетудің импорты мен экспорты Айдана.docx

— 23.15 Кб (Скачать документ)

Әлеуметтік саладағы қызмет көрсетудің импорты мен экспорты

 

Әлеуметтік қызмет көрсету  қазіргі кезде мемлекеттік жүйенің  ажырамас бөлігі, әлеуметтік саланың  нағыз бір жетекші  дамыған қозғалысының компаненті. Қазіргі әлеуметтік қызмет көрсетудің құрылған жүйесі – бұл қоғамның әлеуметтік маңызды саласы,  бірнеше адамдардың көшпелі кезеңдегі қиындықтарын әртүрлі адамгершілік – әлеуметтік қызмет  тәсілдерімен  бейімдеуге бағытталған, әлеуметтік оңалту немесе жекешелеген адамдарды, отбасыларды кіріс жиынтықтары белгілі қиын, ауыр жағдайға топ болған адамдарға көмектесу.

ҚР Конституциясынды (1-бап) көрсетілгендей өзін-өзі  әлеуметтік дамытушы ретінде көрсету қажет. Ал егер әлеуметтік сипаты мемлекеттің әлеуметтік қызмет бағыттары арқылы көрінеді. Әлеуметтік қызмет мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі, жалпылай айтқанда, мемлекеттің әлеуметтік  сипаты екі бағытқа бөлінеді:

Бірінші бағыты -  адамдардың қоғамдағы еңбегіне қарамай мүгедектенрге, зейнеткерлерге, науқас адамдарға, көп балалы отбасыларға, студенттерге мемлекеттік көлемде жан-жақты көиек жасап, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту.

Екінші бағытта – адамдарға денсаулығын қорғауға, жақсартуға, мәдинетті дамытуға, халықтың жақсы демалуына қамқорлық жасап, мемлекеттік бюджеттен тиісті мөлшерде қаржы бөліп отыру.

Ең алдымен әлеуметтік мемлекет жекелеген топтарға, ұйымдарға, жүздерге емес, қоғам мен адамдарға  тұтастай қызмет етеді. Өйткені мемлекеттің  асыл қазынасы -  адам өмірі, олрадың құқықтары мен бостандықтығы. Сондықтан да мемлекет барлық адамдарға мүмкіндігінше бірдей мөлшерде игіліктер көрсетеді, қоғамдағы ауыртпалықшылығы да теңдей бөлу  әлеуметтік теңсіздікті жеңілдетуге талпынуы керек.

Баянды дамыту аса маңызды  құрамдас бөлігі – күшті әлеуметтік саясат жүргізу. Біздіңше олар мыналарды  көздеуі керек:

Халықтың экономикалық және әлеуметтік жағынан қауқарсыз жіктерге мемлекеттік тиімді әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету;

Еңбекке жарамды  халықтың  неғұрлым жрғары жұмыс деңгейін қамтамасыз ететін табыс табуына мүмкіндік беретін экономикалық жағдайды қамтамасыздандыру;

Медициналық қызмет көрсету  мен жалпы білім алудың оңайлығын  және халықтың берілетін игіліктер  мен көрсетілетін қызметтің түрлерін таңдап алуының мүмкіндіктерін, олардың  сапасын қамтамасыз ету.

Әлеуметтік қызмет көрсету  саласы экономиканың ең перспективтік, жедел қарқынмен дамушы салаларының  бірі болып табылады. Ол қызметтің  кең ауқымын қамтиды: сауда және көліктен қаржыландыруға, сақтандыруға және әртүрлі тектегі делдалдыққа  дейін. Экономикалық жүйенің түпкілікті өзгеру процесі, командалық-әкімшілік  экономикадан нарықтық экономикаға  өту қызмет көрсету саласына, әлеуметтік салаға аса қатты әсерін тигізді. 
Дамыған елдер тәжірибесі көрсеткендей, өндірістің күрделенуі мен нарықтың тауарлармен толтырылуынан қызметке сұраныс та өсіп отыр. Қоғам қаншалықты экономикалық әлсіз болса, оның шаруашылық қызметі көп жағдайда тек заттай әл-ауқат өндірісімен ғана шектеліп қояды. Экономикалық деңгей қаншалықты жоғары болса, индустрия негізі қаншалықты дамыған, және еңбек өндірісі жоғары болса, қоғамның шаруашылық қызметі соншалықты күрделене түседі: қызмет көрсетуге бағытталған шаруашылық құрылымы өзгереді және еңбек қызметінің мәні артады.

Әлеуметтік қызмет әр  түрлі мекемелердің  ғылыми-әдістемелік қамтылуы бастапқы жағдайда болып отыр. Азаматтарға әлеуметтік тиімді, жетілдірілген қызмет көрсетудің критерийлерімен көрсеткіштері жеткілікті түрде белгіленбеген. Жұмысты мақсатқа сәйкес мына тұрғыдан қарастырған жөн. Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету жүйе түрінде мынадай құрылымдардың жиынтығы болып табылады. 
1. Әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің ұйымдастыру қызметінің түрлері. 
2. Жалпы міндеттер мен мақсаттар мен функцияларымен бірлестерімен региондық жиынтығы құрамын анықтаудың белгілі бір тәсілі. 
3. Әлеуметтік қызмет көрсету органдары мен мекемелердің өзара іс- әрекетін реттеп тәртіпке келтіру. 
4. Ведомствалық өзара байланыс, халықтың әртүрлі қатарларын қолдауға бағытталған іс- әркеттің өз кезегінде орындалуы жэне негізделуі. 
5. Мекемелер қызметін қаржылық- экономикалық, материалдық-техникалык ресурстармен қамтамасыз ету. 
6. Аймақтық әлеуметтік мекемелердің қызметін кадрлармен қамтамасыз ету. 
7. Нормативті, құқықтық базаның деңгейі. 
8. Әлеуметтік мекемелер қызметімен клиенттердің қанағаттану дәрежесі. 
9. Әлеуметтік қызмет көрсетудің тиімділігі.

Қазақстанда әлеуметтік қызмет көрсетуді іске асыру мүмкіншілігі территориялық әлеуметтік қызмет көрсету  органдарын ұйымдастыру, оларды одан әрі  дамыту нәтижесінде іске асырылады.Әлеуметтік жұмыс саласында кәсіби әлеуметтік қызметкерді және басқа мамандарды даярлау жеткілікті дәрежеде жүріп  жатыр деп айтуға болады. Әлеуметтік жұмыстың теоретиктері әлеуметтік қызмет көрсетуді әлеуметтік жұмыстың түрі деп тұжырымдайды. Іс жүзінде тәжірибеде — бұл жүйелер әлеуметтік адамгершілік, қайырымдылық қызметтің белгілі  бір түрлері болып саналады. Ол жеке бастың, отбасының кез-келген адамдар  жиынтығының қайта қалыптасып, түзетінілуін қамтамасыз етуге негізделген.

90 жылдары әлеуметтік саясаттың  ең бір маңызды үрдістерінің  бірі әлеуметтік қызмет көрсету  жүйесінің қалыптасуы болды. Халықпен жұмыс істеуде қазіргі технологиялар мен әдістемелер кеңінен қолдынала бастады. Әлеуметтік әдебиеттерде осы кезге дейін әлеуметтік қызмет көрсетудің бірдей қалыптасқан ұғымы жок деп айтуға толық негіз бар, әркім әртүрлі қарастырады. Халыққа әлеуметтік қызмет көрсетудің кейбір ғылымы еңбектерде әлеуметтік  жұмыстың баламасы ретінде қарастырылады. Ал басқа да еңбектерде оны жоғарғы дәрежедегі әлеуметтік жұмыстың техлогиясы деп санайды.

Бұл  әлеуметтік технологиялар  қазіргі күрделі әлеуметтік ситуациялар кезінде азаматтарға нәтижелі әлеуметтік қолдау көрсетуде мүмкіншілік жасайды. Осы ситуация әлеуметтік өрістің маңызды секторы болып саналады, адамдардың кез- келген әлеуметтік топтың шын мәніндегі өмірдегі қызметін бұзады.

Әлемнің барлық елдерінде де әлеуметтік қызмет көрсету бірдей түсініліп, нақтылы ұғымы қарастырылмаған. Сондықтан да бұл терминнің мазмұны әр түрлі болып келеді.

Финляндияның «әлеуметтік  қызмет көрсету заңында» әлеуметтік қызмет көрсетуді, әлеуметтік қолдаудың  өмір сүруге керекті қаражаттардың, әлеуметтік жәрдемақылардың жиынтығы деп түсініледі.

Әлеуметтік жұмыстың сөздігінде әлеуметтк қызмет көрсету адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру нақтылы қызмет түрлерін беру деп аталады.

Әлеуметтік қызмет көрсетудің Қазакстандағы жағдайы оның мәнінің, мазмұнының теориялық тұрғыдан дәлелденгенін көрсетеді және заңнамалық негіздері кұрастырылған.

Әлеуметтік кызмет көрсету жөнінде күні осы уакытка дейін бірде-бір президент жарлыктары немесе үкіметтін каулылары кабылданбаган. 
Отбасына, карт адамдарга, балаларға, мүгедектерге, халыктың т.б. категорияларына әлеуметтік кызмет көрсетудің бағыттары орындалмаған. Өкінішке орай казіргі отандык әдебиетте әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің кұрылымы мен функциялары жеткілікті тереңінен дәлелденбеген.

Сонымен қатар, әлеуметтік саладағы қызмет көрсетудің нақты бір саласы  – денсаулық сақтау қызметіне тоқталып кетсек:

Денсаулық сақтау қызметі  – арнайы заңдармен реттелетін ерекше құқықтық статусқа ие.

Денсаулық сақтаудағы нарықтық қатынастардың дамуымен қатар  бұл салада медициналық субъект  және медициналық қызметті өндіруші түсінігі пайда болады. Нарықтық қатынас  жағдайындағы медициналық қызмет көрсету-экономикалық қатысушылардың, яғни тұтынушы мен  өндірушінің мүдделерінің тоғысуы. Осы тұрғыда пациент өзінің қажеттілігін қанағаттандыруға мүдделі болса, дәрігер  өз алдына қызмет көрсетіп өз еңбегі үшін ақы алуға қызығушылық танытады.  Осы тұста, нарықтық қатынасқа сай ақылық, төлемдік негізінде алынған игіліктің теңдігі орын алады.

Қазіргі таңда елімізде қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық үрдістерді реттеу тәжірибесі, нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесіне сүйеніп отыр. Бірақта посткеңестік елдердің экономикалық дамуының ерекшеліктеріне  байланысты, дамыған елдердің денсаулық  сақтау моделдерін түп нұсқасына  дейін көшіріп алу біздің елдің  әлеуметтік- экономикалық ерекшеліктеріне  байланысты орынсыз болып отыр.

Медициналық қызмет көрсетуде кәсіпкерліктің дамуы, денсаулық  сақтауда нарықтық қатынастар дамуының маңызды аспектілерінің бірі. Жалпы  кәсіпкерлік түсінігі бойынша медициналық  қызмет көрсету – пайда табу мақсатындағы  экономикалық іс-әрекет.

Денсаулық сақтау жүйесіндегі  экономикалық қатынастардың ерекшелігі қоғамның әлеуметтік саясатымен тығыз  байланысты. Әлеуметтік қызмет көрсету  сферасындағы экономикалық қатынастар осы саладағы нарықтық іс-әрекеттердің ерекшелігін анықтайды.  Ол қоғамдағы әлеуметтік және құқықтық үрдістердің динамикасымен байланыста қарастырылады.

Бүгінгі күнде мемлекеттік  меншік формасындағы ұйымдарда медициналық  қызмет көрсетіп отырған ұйым  мемлекеттің өзі болып отыр.

Осы күндері әлемдік  денсаулық сақтау жүйесінде экономикалық дамыған мемлекеттердің денсаулық  сақтау жүйелері (дәлірек айтсақ үлкен  жетілікке кіретін елдер: АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция, Алмания, Италия, Жапония) өзіне баса назар аудартады. Осы елдердің денсаулық сақтау жүйелерінде  қызмет көрсетудің барлық формаларын кездестіруге болады. Олар: жеке медициналық  тәжірибе, мемлекеттік территориялдық және ведомстволық медицина, сақтандыру медицинасы, қоғамдық ұйымдардың медициналық  қызметі.

Егерде кейбір елдер  үшін (АҚШ) нарықтық бастама алғы шарт болса, Батыс Еуропа елдері үшін жоспарлы реттеу жұмысы негізге алынып отыр, ал  Жапония үшін ұлттық дәстүр медицинада кеңінен пайдалануда. Сонымен қатар, жаңа индустриалды елдердің денсаулық сақтау жүйелері де өз ерекшеліктерімен көңіл аудартуда. Жалпы халықтық медициналық қызмет көрсету деңгейі бойынша кейбір елдер көбіне артта қалып келгенімен, соңғы жылдары өткізіліп жатқан реформалар нәтижесінде елеулі жетістіктерге жетуде. Соның ішінде айтарлықтай жетістіктерге жеткен елдер: Азия-Тынық мұхит  бассейні мемлекеттері, Латын Америкасының Мексика, Бразилия, Аргентина елдері. Сонымен қатар, халықаралық деңгейде денсаулық сақтауда елеулі проблемалары бар мемлекеттер де жоқ емес. Олар Африка материгінің біраз мемлекеттері және Ауғаныстан елдері. Бұл елдерде денсаулық сақтау үрдісі материалды өндірістің өзге салалары сияқты төмен деңгейде.

Қазіргі таңда  денсаулық сақтау жүйелерін төрт модель тұрғысынан қарастыруға болады.

-  біріншісі ұлттық, мемлекет бұл саланың іс шараларын өз мойнына алып, медициналық қызмет көрсетуді басқару жұмысын жүзеге асырады. Медицина қызметкерлерінің жалақысы медицина қызметін тұтынушылардың санына тікелей байланысты болады.

- екіншісі сақтандырушылық, бұл жерде қаржыландыру жұмыс берушімен жұмысшының жарнасының белгілі бір пайызы арқылы жүзеге асады. Қаржы мемлекеттік емес қорларға түсіп  және осы қорлар қаржыны басқару органы болып табылады. Қорлар мен емдеу мекемелері арасында экономикалық қатынастар келісім шарт негізінде жүзеге асады.

-  үшіншісі төлемдік, яғни бұл жерде науқас пен медицина қызметкерлері арасында өзара келісім арқылы, ақылы түрде жүзеге асады.

-  төртіншісі мемлекеттік немесе орталықтандырылған денсаулық сақтау жүйесі. Бұл жүйенің негізгі қағидасы – жалпы халықтық ақысыз және қолжетімділік. Бұл жерде медициналық қызметкерлер көрсеткен қызмет мөлшеріне байланысты емес, тұрақты жалақы мөлшерінде еңбекақы алады.

Қазіргі таңдағы әр елдің  медициналық     қызмет көрсету жүйесі әр түрлі. Олар қаржыландыру әдісі, төлемі, ұйымының құрылымы, медициналық жәрдем беруді қадағалау әдістерімен ерекшеленеді.  Бірақта айтылған моделдің біреуі де идеалды емес. Шет елдердің медициналық қызмет көрсету жүйелерін реформалау тәжірибесі, медициналық жәрдем көрсетуге қажетті экономикалық ресурстарды тарту әдістері әр елде өзіндік ерекшеліктеріне  байланысты қалыптасқанын байқатады. Сонымен қатар, осы денсаулық сақтау саласының дамуы мен қалыптасуына ішкі экономикалық, саяси және өзге де күштер әсер ететіні сөзсіз. Мысалы бүгінгі күні Испания, Португалия елдері денсаулық сақтауды ұйымдастырудың сақтандыру жүйесінен ұлттық жүйеге ауыстыруды жөн көруде.

АҚШ, Корея, Кипр, Израил, Нидерланд  секілді елдер ерікті сақтандырудан  жалпы ұлттық міндетті медициналық  сақтандыруға көшуде. Мәселен АҚШ-та жалпы халықтық сақтандыру бағдарламасы жоқ. Сондықтан да ол елдің денсаулық  сақтау моделі жеке меншік медициналық  сақтандыру жүйесімен ерекшеленеді. Жеке меншік сақтандыру тек мүмкіндігі мол ірі компаниялардың қызметкерлерін қамтиды.  Ал мүмкіндігі шектеулі, қаражаты аз азаматтарды (қарттар, мүгедектер) сақтандыру мемлекеттің мойнына жүктеліп отыр.

Бүгінгі күні Шығыс Еуропа және ТМД елдерінде саяси және экономикалық дағдарыстың салдарынан денсаулық сақтау саласында мемлекеттік  шығындар елеулі түрде қысқартылды. Мұндай әрекеттер осы елдерде  тұрғындардың денсаулығының нашарлауына  әкеліп соқтырды. Соның әсерінен ұмыт болған дерттер мен жаңа пайда  болған жұқпалы дерттердің ушығуы өрши түсті. Осының бәрі бұл елдерде денсаулық  сақтау саласында жаңа стратегиялар мен реформалар жасауды және оны  жүзеге асыруды талап етіп отыр.

Шығыс Еуропа елдері денсаулық сақтау жүйесін негізінен мемлекеттік қорлардан қаржыландыруды сақтай отырып, үлкен көлемді жеке меншік қаржыландыруды да қолдағанымен, бұл әрекеттің елеулі нәтижесі болған жоқ. Олар Батыс Еуропа елдерінің жолын таңдады. Бұл үлгіге сәйкес қаржыландырудың үштен бір бөлігі мемлекет есебінен жүргізулуде. Осыған орай бұл елдер осы мәселені жетілдіруде бірнеше механизмдерді ұсынды. Соның ішінде төрт негізгі бағытты атап өтсе болады. Олар: медициналық қызмет көрсету саласында мемлекеттің рөлінің өзгеруі; жеке меншік секторды осы салаға тарту; пациенттердің таңдау мүмкіндігін арттыру; қоғамдық денсаулықты қорғау жүйесін өзгерту болып табылады. Мысалы Польшада осындай түбегейлі реформаларды жүзеге асырудың нәтижесінде орталықтандырылған моделден бір жолата бас тартты. Соның нәтижесінде провинциялардың билік өкілдері денсаулық сақтау шаруашылығын жүргізуде кеңейтілген құқыққа ие болды.

Ұлыбритания, Алмания,Франция Белгия  және Солтүстік Еуропа елдері өздерінің қалыптасқан денсаулық сақтау жүйелерін сақтай отырып, белгілі бір өзгерістерді енгізуде. Мысалы, Швеция моделі бойынша денсаулық сақтау жұмысы мемлекеттік қаржыландыру нышандары негізінде жүзеге асырылады. Бұл моделге сәйкес  қаржыландыру жүйесі тікелей жергілікті медициналық жәрдем көрсету жүйесімен байланысты. Осылайша басқару жүйесінің тетіктері жергілікті әкімшілік құзыретінде болғанымен, жергілікті тұрғындар билік органдарының денсаулық сақтауға қатысты саясатын бақылау мүмкіндігіне ие. Бұл елдің денсаулық сақтау министірлігі көбіне осы жүйенің дамуының стратегиясын қарастырып, шығындар болжамы мен ұзақ мерзімді жоспарларды, кадр дайындау менен ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастырумен шектеледі.

Информация о работе Әлеуметтік саладағы қызмет көрсетудің импорты мен экспорты