Корпорация түрлері және оның жіктелуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 20:30, доклад

Краткое описание

Фирма нарықтық экономиканың негізгі экономикалық агенті. Бір немесе бірнеше кәсіпорыннан тұратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымды фирма деп атайды. Фирмаларды жіктеу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады, олардың маңыздысына меншіктің формалары және фирманың көлемі жатады. Меншіктің формасына сәйкес фирмалардың немесе кәсіпкерліктің үш түрін атап кетуге болады:
• индивидуалдық немесе жеке кәсіпкерлік;
• серіктестік немесе партнерлік;
• корпорация (акционерлік қоғам).

Прикрепленные файлы: 1 файл

111.docx

— 31.59 Кб (Скачать документ)

Қосымша жауапкершілігі бар  қоғамдардың мүшелері жауапкершілікті  өздері қосқан салымдарының құнына сәйкес , барлығына ортақ есе көлемінде  жауапты болады. Егер бір мүше банкрот  болса, оның жауапкершілігі қалғандарына, солардың салымдарына пропорционалды бөлінеді.

Акционерлік қоғам - жарғылық қоры (капиталы) акциялардың белгілі  санына бөлінген қоғам. Акционерлердің жауапкерлігі тек өздерінің акциялары құнының шамасында болады.

Ашық акционерлік қоғам  шығарылатын акцияларға ашық жазылу жүргізіп, оны сатуға құқығы бар  болады.

Жабық акционерлік қоғамның акциялары тек осы қоғамның құрылтайшылары арасында бөлініп таратылады.

Балалық шаруашылық қоғамға  капиталының мөлшері барлық қоғамңың жарғылық капиталы мөлшерінің басым  көбін құрамайтын қоғам жатады. Сондықтан  бұндай қоғам, барлық қоғам шешімдеріне  шешуші ықпал ете алмайды. Балалық  қоғам негізгі қоғамның қарыздары  бойынша жауапты болмайды.

Тәуелді қоғам, әдетте, негізгі  қоғам дауыс беретін акциялардың 20% артық акцияға ие болған жағдайда орын алады.

Өндірістік кооператив өздерінің  бірлескен жеке еңбектеріне және қосылған төлемдеріне негізделген, бірлесіп өндірістік, немесе, басқа  да қызметтер атқару үшін қосылған адамдардың еркін бірлестігі.

Унитарлық кәсіпорын —  бұл меншік иесі оның қарауына берген мүліктерге меншік құқы жоқ, коммерциялық ұйымдар. Унитарлық форма тек  мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындарға тән болады.

Коммерциялық емес ұйымдар, тұтыну кооперативтері, қоғамдық, немесе, діни мекемелер, қайырымдылық және басқа  қорлар формасында құрылуы мүмкін.

Материалдық және басқа қажеттерді қанағаттыру мақсатпен, адамдардың жарна төлемі негізінде құрған еркін  бірлестігі, тұтыну кооперативі деп  аталады. Тұтыну кооперативтердің кәсіпкерлік  қызмептерден түскен табыстары солардың мүшелері арасында бөлінеді.

Қоғамдық және діни ұйымдарға  рухани және басқа материалдық емес қажеттерді қанағаттандыру мақсатпен  құрылған азаматтардың еркін бірлестіктері  жатады. Бұлар коммерциялық емес құрылымдар. Бірақ, бұлардың тек құрылғандағы мақсаттарға жету үшін (мысалы балауыз шам, крест, шіркеулердің тізбек бауларын жасау) кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқы болады. Осы ұйымдардың мүшелерінің сол ұйымның мүліктеріне құқығы болмайды.

Қор деп еркіндік негізде  жарналар арқасында құрылған коммерциялық емес ұйымдар аталады. Бұлардың әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, ағарту немесе басқа  мақсаттары болады. Қор өз алдына қойған қоғамдық пайдалы мақсаттарға жетуді қамтамасыз ету үшін, кәсіпкерлік  қызметтермен айналыса алады.

Коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар ассоциация және одақ болып бірлесуі мүмкін


Информация о работе Корпорация түрлері және оның жіктелуі