Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2012 в 04:14, реферат
Кәсіпорынның барлық қызметтері бақылау нәтижесін пайдаланып отыруы керек. Сондықтан кәсіпорынға ақпарат жүйесі қажет.
Ақпарат күнделікті қажеттілік болып танылады. Бұл жерде сөз мақсаттар және оларға қол жеткізу тәсілдерін таңдау, жоспарлау, нарықтағы қимылдар, қызметті баылау туралы бола бермек .
Кіріспе
I. Мәлімет туралы түсінік, оның қозғалысы
1.1. Мәліметтерді жіктеу
II. Басқарудағы коммуникация процесі
2.1. Коммуникация түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Персоналаралық
қатынастар және бейресми
Бейресми коммуникациялар ұйымда «жүзім сабағы» деп аталатын коммуникация үрдісін құрады. Жұмысшылар қатынастарын ақпаратпен қамтамасыз етеді, ұйым ішінде шешім қабылдағанда немесе басқа да қызметтерде жұмысшыларға эмоцианалды жауап береді. Менеджерлер және ұйымның басқа да мүшелері ұйымның барлық қызметтерінде «жүзім сабағы» үлгісін кездестіреді.
Көпмәдениетті және көпұлтты коммуникациялар. Мәдениеттердің әртүрлілігі коммуникация процесінің дамуына әсер етеді. Мысалы, персоналдардың әртүрлі мәдениетке деген қатынастарының көптеген түрлері болады.
Ақпаратты алушы ақпаратты басқа бір мәдениет арқылы түсінсе, қате коммуникацияның орын алғандығы.
Вербалды және
вербалсыз стильдердің орынды
немесе орынсыз қолданылуы
Жетілген коммуникация – географиялық, кәсібилік, функционалдық, әлеуметтік әртүрліліктер арқылы адамдардың негізгі құндылықтардың, талпыныстар мен қалауларының кеңеюін талап етеді.
Коммуникацияның
дамуын жетілдірудің келесі
коммуникацияға көмектесетін климаттың құрылуы;
ұтымды коммуникациялық қатынастардың қолданылуы;
«тыңдай білу» белсенді техникасының қолданылуы;
Нарықтық экономика жағдайында коммуникация рөлі арта түседі. Басқару құрылымын, олар атқаратын қызметінің құрамы мен мазмұнын түбегейлі өзгерту коммуникацияның дұрыс жүзеге асуына, ақпараттың мұқият таратылуына себепші болады. Экономиканы басқарудың барлық деңгейінде жоспарлау-экономикалық міндеттердің номенклатурасы мен мазмұны елеулі өзгеріске ұшырап, оларды шешудің сапасы мен режиміне талап күшейеді. Осы проблемаларды игеру көп жағдайда қажетті ғылыми-техникалық, коммерциялық және демографиялық деректерді жинауды, сақтауды және өңдеуді жүзеге асыруға байланысты.
Әміршілдік-әкімшілдік жүйелерді қайта құру жағдайындағы өндірістік бірлестіктер мен кәсіпорындардың дербестік алуы, басқару шешімдерінің көпшілігін негізгі буын деңгейіне ауыстыруды талап етеді, демек, осыған орай мәліметерді қалыптастыру мен тарату жүйесінде де елеулі өзгерістер болады деген сөз.