Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2013 в 21:40, контрольная работа
Қаржы рыногі – капитал несие берушілер мен қарыз алушылар арасында бағалы қағаздарды шығару және сатып алу-сату нысанында қайта бөлінетін несие капиталдары рыногінің бір бөлігі. Қаржы нарығын бастапқы және қайталама рыноктардың жиынтығы деп қарауға болады. Бастапқы рынок бағалы қағаздарды шығару сәтінде пайда болады, оған қаржы қорлары жұмылдырылады. Қайталама рынокта бұл қорлар бірнеше рет қайта бөлінеді. Қайталама рынок биржалық және биржадан тыс рыноктарға ажыратылады. Мамандандырылған қор биржалары болып табылатын биржалық рынокта жетекші компаниялардың акциялары, ал биржадан тыс рынокта түрлі себептермен биржада бағасы белгіленбеген бағалы қағаздар сатып алынады және сатылады.